HTML тілі элементтері мен веб-сайт құру әдістері


  1. HTML тілі элементтері. Веб-сайт құру жолдары.

Web-беттің негізгі қызметі - қажетті ақпаратты іздеу, жинастыру және оны экранға шығаруды ұйымдастыру. Web-беттер түрінде дайындалып сақталған электрондық құжаттарға - мәліметтер, графиктер, фотосуреттер жатады. Электрондық құжаттың қарапайым құжаттан айырмашылығы - оның жазылу форматында. Интернетте электрондық құжат құру үшін HTML арнайы тілі пайдаланылады және олар HTML форматында сақталады.

HTML (HyperText Markup Language-гипермәтіндік белгілеу тілі) - қатаң ережелері бар компьютерлік тіл. HTML тілінде құжаттың авторы өз мәтінін тегтер деп аталатын символдар көмегімен арнайы файлға - Web-бетке айналдырады. Web-беттің мазмұны әртүрлі болуы мүмкін, бірақ барлығы да арнаулы HTML тілінде жазылғандықтан бұл құжаттардың кеңейтілмесі . htm немесе . html болып келеді.

HTML тіліндегі құжат - құжаттың негізгі мәтінінен және тегтерден тұрады. Бұл файлды құру үшін қарапайым мәтіндік редактор Блокнотты қолдансақ та болады.

Барлық тегтер «кіші» (<) символынан басталады да «үлкен» (>) символымен аяқталады . Бұл символдар жұбын бұрыштық жақшалар деп те атайды. Ашылған бұрыштық символдан кейін тегті анықтайтын өзекті сөздер орналасады. HTML тілінің тегтері құжаттың арнаулы бөлігіне ғана, мысалы, абзацқа ғана әсер етеді. Сондықтан да ашылатын және жабылатын - жұп тегтер қолданылады. Ашылатын тег құжаттың бөлігіне қандай да бір әсер береді , ал жабылатын тег осы әсерді доғарады . Жабылатын тегтер - «/» - символымен басталады.

HTML құжатының құрылымы :

1) барлық құжат <HTML> тегімен басталады да, </HTML> сәйкес тегімен аяқталады. Бұл тегтер жұбы - броузерге HTML құжаты екендігін хабарлайды;

2) HTML құжаты тақырыптар бөлімінен және құжаттың денесінен тұрады. Тақырыптар бөлімі <HEAD> және </HEAD> - тегтерінен тұрады, мұнда құжат туралы мәлімет көрстеіледі;

3 ) <TITLE> және </TITLE> тегтері тақырыптар бөлімінің ішінде орналасады және мұнда құжаттың арнайы тақырыбы орналасады;

4) Негізгі мәтін құжаттың денесінде көрсетіледі және ол <BODY> , </BODY> тегтерінің аралығында орналасады.

Осы төрт тег - HTML құжатының негізгі құрылымын білдіреді және бұл тегтер HTML тіліндегі барлық құжатта міндетті түрде көрсетіледі.

Мысалы:

1) Блокнот программасын жүктеңіз;

2) Шыққан сұхбаттық терезеде мына қатарларды теріңіз (1-сурет) :

<HTML>

<HEAD>

<TITLE> Моя первая Web - страница </TITLE>

<HEAD>

<BODY>

Это - моя первая Web-страница

</BODY>

</HTML>

1-сурет. Блокнот программасының терезесі.

3) құрылған құжатты сақтаңыз (файл аты көрсетілетін қатарда 1. htm деп жазамыз) (2-сурет) ;

2-сурет. Құжатты сақтау терезесі.

4) сақталған файлды Internet Explorer броузерінің көмегімен ашатын болсақ 3-суреттегідей сұхбаттық терезе ашылады.

3-сурет. Internet Explorer броузерінің көмегімен ашылған Web-құжат .

5) HTML тілінде құжаттың ішкі тақырыбын алты түрлі тәсілмен беруге болады және олар <H1>, </H1>, <H6>, </H6> тегтерінің көмегімен жазылады;

6 ) <P>, </P> тегтері абзацтың басы және соңы екендігін білдіреді;

7 ) <HR> - тегі көлденең сызық сызады және ол парсыз тег болып табылады;

8) <BR /> - қатардың аяқталуы. Келесі қатар жаңа азат жолдан басталады;

9) <I>, </I> - мәтін курсивпен жазылады;

10) <STRONG>, </STRONG> немесе <B>, </B> - жартылай қалыңдатыла жазылған шрифт;

11) <SUB>, </SUB> - төменгі индекс;

12) <SUP>, </SUP> - жоғарғы индекс;

13) егер абзацсыз жаңа қатарға өту қажет болса <BR> тегі қолданылады;

14) <A HREF= “ . . . ”>, </A> тегтері гиперсілтеме орнату үшін қажет. Гиперсілтеме орнату барысында сілтеме жасалатын URL адрес көрсетіледі. Егер сілтеме көрсетілген құжат басқа Web-бетте болса, атрибуттағы тырнақша ішінде міндетті түрде құжаттың URL адресі толық көрсетілуі керек. Мұндай сілтеме сыртқы сілтеме деп аталады.

Егер сілтеме осы құжаттың басқа бетінде болса, бұл кезде сілтеме ішкі сілтеме құрылады;

15) Гипермәтіндік сілтемелер бет ішінде арнаулы орынды да көрсетеді. Ол үшін алдын-ала якорь енгізу керек. Бұл кезде <A NAME= « . . . » ID= “…”>, </A> тегтері қолданылады. Берілген якорға сілтеме жасау үшін URL адрестің соңында якордың атын құжат атынан «#» символы арқылы ажырата отырып көрсету керек.

Мысалы: Блокнот терезесінде сілтемелерді қолданып мына қатарларды терейік (4-сурет) :

4-сурет. Сілтемені қолдану терезесі.

Ал осы терезені электрондық құжат ретінде ашайық (5-сурет) :

5-сурет. Internet Explorer броузерінің көмегімен файлды ашу.

16 ) <DL>, </DL> - көпсатылы тізім құратын дескриптор;

17) <LI>, </LI> - тізім элементі. Бұл дескриптор <ol> және <ul> дескрипторларының аралығында жүреді;

18) <dt>, </dt> - бірінші деңгейлік тізім элементі және бұл <dl> дескрипторының аралығында жүреді;

19) <dd>, </dd> - екінші деңгейлік тізім элементі және бұл <dl> дескрипторының аралығында жүреді;

20) <ol>, </ol> - нөмірленген (ретке келтірілген) тізім;

21) <ul>, </ul> - маркіленген тізім:

Мысалы:

6-сурет. Тізім құру қатары.

7-сурет. Тізім құрылған файлды Internet Explorer

броузерінің көмегімен ашу.

22) HTML де кесте құру <table>, </table> - дескрипторларының көмегімен орындалады. Кесте ішіндегі мәлімет арнаулы тегтер көмегімен белгіленеді (тақырыбы, қатар және ұяшықтар саны) . Осы тегтер арасында бір рет қана <CAPTION>, </CAPTION> - кестенің тақырыбын білдіретін тегтер кездесуі мүмкін;

23 ) <td>, </td> - қатардағы ұяшық мәндерін анықтайтын дескриптор;

24 ) <th>, </th> - кестедегі баған мен қатар тақырыптарын анықтайтын дескриптор;

25 ) <tr>, </tr> - кестенің қатар санын анықтайтын дескриптор ( <td> -бірнеше ұяшықты) , (<th> -кестенің тақырыбын білдіреді) .

Мысалы: Үш қатар және екі бағаннан тұратын HTML кестесін тұрғызу кодын қарастырайық (8-сурет) :

8-сурет. Үш қатар және екі бағаннан тұратын HTML кестесі.

26) HTML-кестесінің стилін өзгертетін атрибуттар тізімі:

Атрибуттар
Үнсіздік бойынша
Қолданылуы
Мағынасы
Атрибуттар: align
Үнсіздік бойынша: left
Қолданылуы: Кестенің барлық дескрипторларына қолданылады
Мағынасы: Ұяшық ішіндегі мәліметті көлденең туралау. Мүмкін мәндері: Left, right, center және char (арнаулы символ бойынша туралау)
Атрибуттар: bdcolor
Үнсіздік бойынша:
Қолданылуы: Кестенің барлық дескрипторларына қолданылады
Мағынасы: Кесте фонының түсін білдіреді
Атрибуттар: border
Үнсіздік бойынша: 0
Қолданылуы: <table>
Мағынасы: Пиксел бойынша кесте шекарасы
Атрибуттар: cellpadding
Үнсіздік бойынша: 0
Қолданылуы: <td>, <th>
Мағынасы: Ұяшықтағы мән мен шекара арасындағы ара қашықтық
Атрибуттар: Cellspace
Үнсіздік бойынша: 0
Қолданылуы: <td>, <th>
Мағынасы: Пиксел бойынша ұяшықтар ара қашықтығы
Атрибуттар: colspan
Үнсіздік бойынша: 1
Қолданылуы: <td>, <th>
Мағынасы: Бір бағанға біріктірілетін бағандар саны
Атрибуттар: rowspan
Үнсіздік бойынша: 1
Қолданылуы: <td>, <th>
Мағынасы: Бір қатарға біріктірілетін қатарлар саны
Атрибуттар: rules
Үнсіздік бойынша: none
Қолданылуы: <table>
Мағынасы: Кесте ұяшықтары арасындағы сызықтар. Мүмкін мәндері: rows, cols және all
Атрибуттар: valign
Үнсіздік бойынша: center
Қолданылуы: <tr>, <td>, <th>
Мағынасы: Ұяшық ішіндегі мәнді тік бағытта туралау. Мүмкін мәндері: top, bottom және baseline
Атрибуттар: width
Үнсіздік бойынша: Бет ені бойынша
Қолданылуы: Кестенің барлық дескрипторларына қолданылады
Мағынасы: Анықталған ұяшықтар немесе кесте ені (бет еніне байланысты пикселмен немесе пайызбен беріледі)

Осы атрибуттарды қолдана отырып 8-суреттегі кестені өзгертетін болсақ төмендегі 9-суреттегідей өзгерістер орындалады::

9-сурет. Атрибуттары өзгертілген кесте.

Егер кесте құру барысында қатарларды немесе бағаналарды біріктіретін болсақ, онда rowspan және colspan атрибуттарын қолданамыз. Осы екі атрибутты қолдана отырып 10-суреттегідей кесте алуымызға болады:

10-сурет. Rowspan және Colspan атрибуттарын

қолданғаннан кейінгі күрделі кесте.

Қорытынды

HTML тілін қолдана отырып төмендегі іс-әрекеттерді орындауға болады:

1) тақырып көрінісін әр түрлі деңгейлерде көрсету және экранда тақырыптарды өз қалауымызша орналастыруға;

2) мәтінді абзацтарға бөлуге;

3) мәтінде басқа Web-құжатқа немесе осы құжаттың басқа бөлімдеріне гиперсілтеме құруға;

4) мәтінге суреттер, алтернативті суреттер кірістіруге;

5) шрифтің түрін, түсін және гарнитурасын өзгертуге;

6) берілген мәтінде қажетті белгілеулер орнатуға;

7) әр түрлі деңгейдегі тізімдер құруға;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
HTML және веб-құжаттарды құру әдістері мен веб-сайт әзірлеу негіздері
Веб-сайт құру әдістері, кезеңдері және негізгі қағидалары: HTML редакторлары, домен мен хостинг негіздері
Сүт өнімдеріне арналған веб-сайт құру
HTML, CSS және JavaScript негізінде Мұхтар Шаханов тақырыбы бойынша веб-сайт құру (курстық жұмыс)
Блокнот пен арнайы редакторларда веб-сайт құру: HTML негіздері, пішімдеу және практикалық нұсқау
HTML тілі және оның негізгі тегтері: веб-сайт құрылымы, форматтау, тізімдер, кестелер және гиперсілтемелер
Астана - менің сүйікті қалам: веб-технологиялар негізіндегі веб-сайт құру курстық жұмысы
Веб-сайт жасаудың негіздері: файлдық құрылым, HTML/CSS синтаксисі, семантика және стильдер
Блакнот бағдарламасында веб-сайттар құру: HTML және CSS негіздері
Веб-парағын құру негіздері: WWW, HTML және веб-редакторлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz