Оксидтердің шыны қасиеттеріне әсері



1. Негізгі шикізат материалдары.
2. Қосымша шикізат материалдары
Шыны шихтасына негізгі шикізат материалдарымен бірге негізгі шыны түзуші оксидтер енгізіледі.
Кремний оксиді – барлық силикатты шынылардың негізгі құраушысы. Қарапайым шынылардағы оның концентрациясы 70%-тан асады. Кремний оксиді шынының тұтқырлығын арттырады, машиналық тарту жылдамдығын өсіреді, механикалық және химиялық қасиеттерін жақсартады. Кремний оксидінің мөлщері артқан сайын шыны қиын балқиды,гомогенизация қиындайды, сыну көрсеткіші төмендейді, термиялық тұрақтылығы жоғарылайды, тығыздығы кемиді, кристалдануға бейімділігі өседі. Шихта құрамына кремний оксидін негізінен кварц құмымен, кварциттермен енгізеді. Негізгі талап – кремний оксидінің максималь мөлшері және бояушы қоспалардың аз мөлшері.
Сілтілік металдардың оксидтері балқытқыш ролін атқарады. Қарапйым шынылардағы оның концентрациясы 14-15%-тен аспайды. Олар шыны массасының тұтқырлығын және балқу температурасын төмендетеді, кристалдануға бейімділігін азайтады. Формалау температурасында тұтқырлықтың төмендеуі машинамен өңдеу жылдамдығын түсіреді. Беттік керілудің төмендеуі шыны массасының гомогенизациясын жеңілдетеді. Шихтаға натрий оксидін кальциленген содамен және натрий сульфатымен; калий оксидін поташ көмегімен енгізеді.
Кальций оксидін қарапайым шынылар құрамына 9-10 % көлемінде енгізеді. Кальйий оксиді балқу температурасын және тұтқырлықты төмендетеді, механикалық және химиялық қасиеттерін жақсартады. Кристалдануға бейімділігін өсіреді, сыну көрсеткіштерін жоғарылатады, тығыздығын және жылулық ұлғаюын арттырады. Кальций оксидін шихтаға известняк және бор түрінде енгізеді.Оларда СaO 53 %-тен кем емес, темір оксидтері 0,2%-тен көп болмауы қадет.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Оксидтердің шыны қасиеттеріне әсері

Мақсаты: шыны түзуші оксидтердің шыны бұйымдардың қасиеттеріне әсерін
студенттерге жеткізу.

Жоспары:1. Негізгі шикізат материалдары.
2. Қосымша шикізат материалдары.

1. Шыны шихтасына негізгі шикізат материалдарымен бірге негізгі шыны
түзуші оксидтер енгізіледі.
Кремний оксиді – барлық силикатты шынылардың негізгі құраушысы.
Қарапайым шынылардағы оның концентрациясы 70%-тан асады. Кремний оксиді
шынының тұтқырлығын арттырады, машиналық тарту жылдамдығын өсіреді,
механикалық және химиялық қасиеттерін жақсартады. Кремний оксидінің мөлщері
артқан сайын шыны қиын балқиды,гомогенизация қиындайды, сыну көрсеткіші
төмендейді, термиялық тұрақтылығы жоғарылайды, тығыздығы кемиді,
кристалдануға бейімділігі өседі. Шихта құрамына кремний оксидін негізінен
кварц құмымен, кварциттермен енгізеді. Негізгі талап – кремний оксидінің
максималь мөлшері және бояушы қоспалардың аз мөлшері.
Сілтілік металдардың оксидтері балқытқыш ролін атқарады. Қарапйым
шынылардағы оның концентрациясы 14-15%-тен аспайды. Олар шыны массасының
тұтқырлығын және балқу температурасын төмендетеді, кристалдануға
бейімділігін азайтады. Формалау температурасында тұтқырлықтың төмендеуі
машинамен өңдеу жылдамдығын түсіреді. Беттік керілудің төмендеуі шыны
массасының гомогенизациясын жеңілдетеді. Шихтаға натрий оксидін
кальциленген содамен және натрий сульфатымен; калий оксидін поташ көмегімен
енгізеді.
Кальций оксидін қарапайым шынылар құрамына 9-10 % көлемінде енгізеді.
Кальйий оксиді балқу температурасын және тұтқырлықты төмендетеді,
механикалық және химиялық қасиеттерін жақсартады. Кристалдануға
бейімділігін өсіреді, сыну көрсеткіштерін жоғарылатады, тығыздығын және
жылулық ұлғаюын арттырады. Кальций оксидін шихтаға известняк және бор
түрінде енгізеді.Оларда СaO 53 %-тен кем емес, темір оксидтері 0,2%-тен көп
болмауы қадет.
Магний оксидін шихтаның құрамын 5%-ке дейін қосады.Ол балқу
температурасын төмендетеді жәнекристалдануға бейімділігін арттырады, беттік
керілуді жоғарылатады. Жарықтану уақыты өседі. Магний оксидін шихтаға
доломит түрінде қосады.
Алюминий оксиді ыдыстық,терезе, химиялық-лабораториялық және басақа
шынылар өндірісінде қолданады. Ол шынының химиялық тұрақтылығын арттырады,
механикалық қасиеттерін жақсартады, эжылуөткізгіштігін арттырады, жылулық
ұлғаюды төмендетеді. Глинозем шыны тәрізді күйдің тұрақтануына жағдай
жасайды. Алюминий оксидін дала шпаты, пегматиттер, каолин, нефелин
концентраттары түрінде енгізеді.
Бор оксиді химиялық және термиялық тұрақты шынылар өндірісінде
қолданылады (2-13%). Бор оксиді балқу температурасын және тұтқырлықты
төмендетеді, химиялық және термиялық тұрақтылықты арттырады, механикалық
қасиеттерін жақсартады. Бор ангидриді химиялық, электрлік, термиялық
сипаттамаларды жақсартатын шыны компоненті болып табылады. Бор ангидридін
шихтаға жасанды (бор қышқылы және бор) және табиғи қосылыстар (ашарит,
датолит) көмегімен енгізеді.
Барий оксиді қарапайым шынылар құрамына 2-10% көлемінде енгізеді. Ол
балқу температурасы мен тұтқырлықты азайтады, тығыздығын және сыну
көрсеткішін жоғарылатады. Механикалық және химиялық қасиеттерін
нашарлатады, бірақ балқыманың агрессивтілігі өседі.
Мырыш оксидін химиялық-лабораториялық және оптикалық шынылар
өндірісінде қолданады. Әртүрлі типтегі шынылардағы мырыш оксидінің
концентрациясы 2-12% аралағында болады. Балқу температурасын және
тұтқырлықты төмендетеді, бірақ кристалдануаға бейімділігін және балқыманың
агрессивтілін арттырады.
Қорғасын оксиді оптикалық шынылар, хрусталь, оңай балқитын глазурьлер
және эмальдар өндірісінде қолданады. Қорғасын оксиді балқу температурасын
және тұтқырлығын төмендетеді, сыну көрсеткшін жоғарылатады, химиялық
жәнемеханикалық қасиеттерін нашарлатады, кристалдануға бейімділігін
төмендетеді.
Цирконий оксидін химиялық-лабораториялық, сілтіге тұрақты шынылар
өндірісінде қолданады.Ол балқу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шыны өндірісінің шикізаттары
Шыны пісірудің негізгі сатылары
Шынының химиялық технологиясы пәнінің оқу бағдарламасы
Қышқылдардың химиялық қасиеттері
R-Me-Bі-O жүйесінің пайда болуы
Химиялық үдерістер туралы ілім. Термохимия негіздері
8 – сынып оқушыларын химия пәнінің оқу-әдістемелік кешен арқылы оқыту
Қалайы диоксидінің бетіндегі белсенді орталықтардың түрлері
Шлактың химиялық қасиеттері
Байланыстырғыш заттар туралы негізгі ақпараттар
Пәндер