Шыны бұйымдарын формалаудың теориялық негіздері



1 Шыны массасын формалауға дайындау
2 Бұйымдарды механикалық өңдеуге шыны массасын дайындау
3 Пресстеу
Формалау – бұл шыны массасының әртүрлі шыны бұйымдарына айналу процесі.
Формалау кезінде жылуөткізгіштік, сәулелік жылуалмасу және тұтқырлығы кең шамада өзгеретін шыны массасының ағуы тығыз байланысады. Шынының физико-химиялық қасиеттерінің кешені және кең шамада тұтқырлықтың өзгеру мүмкіндігі шыны бұйымдарын формалаудың әртүрлі әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта шыны бұйымдарын формалаудың кеңінен қолданылатын әдістері пресстеу, үрлеу, ортадан тепкіш формалау, керу, жаймалау, балқытылған металдан жасалған подложкада формалау, моллирлеу, құю, экструдирлеу.
Шыны массасын формалауға дайындау – шыны өндірісінің маңызды және күрделі процестерінің бірі. Шыны массасын формалауға дайындау кезінде шыны массасының қажетті тұтқырлығы, оның химиялық және термиялық біртектілігі қамтамасыз етілуі керек.
Формалауға дайындалған шыны массасынан шыны массасын қолмен таңдау және щыны формалау машиналарының қоректенуін жүзеге асырады
1. В.М. Будов, П.Д. Сарнисов «Производство строительного стела и стеклоизделий»
2. Л.М. Сулименко «Общая технология силикатов» Москва ИНФРА-М 2004
3. Интернет материалдары

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Шыны бұйымдарын формалаудың теориялық негіздері.
Шыны бұйымдарын формалау әдістері.
← Формалау – бұл шыны массасының әртүрлі шыны
бұйымдарына айналу процесі.
Формалау кезінде жылуөткізгіштік, сәулелік жылуалмасу және тұтқырлығы
кең шамада өзгеретін шыны массасының ағуы тығыз байланысады. Шынының физико-
химиялық қасиеттерінің кешені және кең шамада тұтқырлықтың өзгеру
мүмкіндігі шыны бұйымдарын формалаудың әртүрлі әдістерін қолдануға
мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта шыны бұйымдарын формалаудың кеңінен
қолданылатын әдістері пресстеу, үрлеу, ортадан тепкіш формалау, керу,
жаймалау, балқытылған металдан жасалған подложкада формалау, моллирлеу,
құю, экструдирлеу.

Шыны массасын формалауға дайындау
Шыны массасын формалауға дайындау – шыны өндірісінің маңызды және
күрделі процестерінің бірі. Шыны массасын формалауға дайындау кезінде шыны
массасының қажетті тұтқырлығы, оның химиялық және термиялық біртектілігі
қамтамасыз етілуі керек.
Формалауға дайындалған шыны массасынан шыны массасын қолмен таңдау
және щыны формалау машиналарының қоректенуін жүзеге асырады.
1-сурет. Шыны формалау машиналарын қоректендірудің қолмен таңдау
(а), вакуумды (б), тамшылы (в), ағынды-порционды (г) схемасы.
Шыны массасын қолмен бұйым жасауға дайындау4Шыны бұйымдарын қолмен
өңдеу кезінде шыны массасы салқындатылғаннан кейін химиялық және термиялық
гомогенді болу керек. Шыны массасын жоғары сапалы бұйым жасауға дайындау
үшін қорғаныс керамикалық сақиналары, кранцалар, кемелер (2-сурет, а,б),
шыны массасын араластыруға арналған қондырғы (2-сурет, в,г).
2-сурет. Жоғары сапалы бұйымды қолмен өңдеу үшін шыны массасын
дайындауға арналған қондырғы.
Бұйымдарды механикалық өңдеуге шыны массасын дайындау
Шыны формалау машиналарының қоректендіргіштерін қоректендіруге
арналған қондырғылардың бірнеше түрлері бар.
Тамшыны қоректендіргіште формалау процесі 3-суретте көрсетілген.
Қоректендіргіш шыны формалау машинасының формасына белгілі бір
параметрлері: температура, тұтқырлық, масса, көлем және формасы бар тамшы
түріндегі шыны масса порциясын беруі керек.
3-сурет. Плунжер қозғалысы кезінде қоректендіргіште тамшыны
формалау процесі, жоғарыға (а), тоқтағанда (б), төменге бағытталғанда(в),
төменге жылдамдатылған (г), жоғарыға жылдамдатылған (д).
Пресстеу
Пресстеу – қысым әсерімен шыны массасының деформациясы. Бұл дана шыны
бұйымдарын толығымен формалаушы құралмен формалаудың қарапайым бірсатылы
әдісі. Пресстеу арқылы формалау бір қабылдауда бір формадағы аяқталған
бұйымды береді.
Пресстеудің 2 түрі бар:
• Тура;
• Жанама (құйылған).
Пресстеу машиналары келесі түрде жұмыс жасайды. Көтеру түбі 1 бар
формаға 3 шыны массасының порциясын (позиция І) енгізеді. Формалы сақинасы
5 бар пуансон 4 шетте жоғарыда орналасқан. Пресстеу басында (позиция ІІ)
пуансон түсіріледі, формалық сақина форма және пуансонның ішкі қабырғасы
арасындағы сақиналы аралыққа кіреді. Өз жолында тұтқыр шыны массасын
кездестіріп пуансон оған қысым көрсетіп, оны жоғарға сығылуға, сонымен
қатар форма, пуансон және сақинаның жұмыстық беттері арасындағы кеңістікте
таралуға мәжбүр етеді (позиция ІІІ). Бұл кеңістік дайын бұйымның
сипаттамасына сәйкес болады. Сосын бұйым жоғарыға итеріліп (позиция ІV),
формадан қолмен немесе автоматты түрде шығарылады.
4-сурет. Қолмен (а), және механизациялы (б) пресстеудің
операцияларының реті
Жанама пресстеу
Жанама престеумен ішкі қуысы жоқ (мысалы, шыны тығындары т.б.) қуыссыз
және массивті шыны бұйымдарын жасайды. Формаларда пресстеудің 1 және
формалаудың 2 бөлек камералары бар. Бұл жағдайда керн формалау құралы емес,
формаланатын шыны массасына қысым беруге қызмет етеді. Қысымда шыны массасы
пресстеу камерасынан формалау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шыныны формалау
Шынының химиялық технологиясы пәнінің оқу бағдарламасы
«Глинозем мен силикат материалдардың химиялық технологиясы»
«Шынының химиялық технологиясы» химиялық технология пәнінен зертханалық жұмыстар
Керамика
Өнімдер өндірісі
Шыны материалдарын өңдеудегі технологиялық процестер
Макарон қамырын дайындау
Шикі макарондар сапасы
Информатика және оның негіздері
Пәндер