Шыныны формалау


Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Шыныны формалау

Жоспар:

  1. Шыны бұйымдарын формалаудың теориялық негіздері
  2. Шыны бұйымдарын формалау әдістері

1) Шыны бұйымдарын формалаудың теориялық негіздері

Шынымен жұмыс жасайтын мамандар және суретшілер шыны өңдеудің үш технологиясын бөледі:

«Ыстық» шыны - 1100 0 С-тан жоғары температурадағы пештерде өңдеу үшін қолданылады.

«Жылы» шыны - 600 0 С-900 0 С аралығындағы температурада пештерде өңдеу үшін қолданылады.

«Салқын» шыны - бөлме температурасында өңдеуге қолданылады.

Шыны бұйымдары өндірісі шикізатты өңдеу, шихтаны құру, шыны массаны пісіру, бұйымды күйдіру және қалыптау, оларды біріншілік және декоративті өңдеу сатыларынан тұрады.

Шыны қалыптаудың әр түрлі әсеріне түседі. Шыныны балқыған шойын сияқты құюға; жез сияқты қалыптауға; пластмасса сияқты престеуге; одан жіп керуге; әр түрлі керамикалық және металдық материалдармен пісіруге болады.

Шыны бұйымдарын қалыптауға шынының технологиялық қасиеті және ең бірінші оның тұтқырлығы және беттік кернеуі әсер етеді.

Қалыптау процесіне тұтқырлықтың әсері. Қалыптау процесі екі сатыдан тұрады: қалып түзу және оны бекіту. Осы екі сатының біріншісі шыныға қажетті иілгіштік беретін белгілі температуралы-тұтқырлықты шартта жүреді. Екінші саты шыны массаның иілгіштігін жоғалтып қатты дене қасиетіне ие болуымен сипатталады. Қалыптаудың әрбір әдісі тұтқырлықтың белгілі жұмысшы интервал аралығында жүзеге асырылады. Сондықтан шыны массаның тұтқырлық қасиеті шыны бұйымдарын қалыптауда маңызды. Шынының тұтқырлығы оның температурасының функциясы болып табылады: температура қаншалықты үлкен болса, тұтқырлығы соншалықты төмен және керісінше.

Шынының тұтқырлығына химиялық құрамы әсер етеді, шынының әрбір түрінің өзіне тән қалыптау ерекшеліктері бар.

Қалыптау процесіне беттік кернеудің әсері. Шыны массаның беттік кернеуі балқымалы металдардың беттік кернеуімен бірдей, суға қарағанда 3-4 есе жоғары.

Беттік кернеу арнайы қалыпты инструмент қолданылмаған жағдайда шыныны бос қалыптауда ерекше маңызға ие. Мысалы, іші қуыс бұйымдарды үруде беттік кернеу шыны үрлеу құбырының соңында шыны масса үлесін шарға керіп арнайы қалыпсыз қажетті өлшемді «баноска» алуға мүмкіндік береді.

Табақ шыныларды дайындауда беттік кернеу әсерінен шыны масса берілген көлемде аз бетке ие болатын форманы қалыптауға тырысады. Беттік кернеу оттық жылтыратуда маңызды. Шыны бұйымды қалыптауға шынының басқа да физико-химиялық қасеттері де әсер етеді: жылусыйымдылық және жылуөткізгіштік, қату жылдамдығы, термиялық кеңею коэффициенті.

Пеште шыны қалыптаудың бірнеше технологиясы бар:

•Пешті құю - пештің ішінде қалыпқа шыныны балқыту.

•Пеш ішінде шынымассаны қыздыру арқылы қалыптау

•Шынылы құю - балқытылған шыныны қалыпқа құю.

Күйдіру процесімен салыстырғанда бұл күрделі технологиялар.

2) Шыны бұйымдарын формалау әдістері

Тұтқыр шынымассадан бұйымды қалыптау әр түрлі әдістермен жүзеге асырылады. Бұл температураның төмендеуімен шыны тұтқырлығының артуымен және шынының жоғары беттік кернеуімен сипатталады, ол тегіс, иілгіш беттік бұйымды алуды қамтамасыз етеді. Қалыптау әдісі көбіне бұйымның конфигурациясын, қабырғаның қалыңдығын, бояудың тәсілдерін анықтайды, сондықтан негізгі баға беру факторы болып табылады. Тұрмыстық бұйымдарды қолдық және бос үрумен, механизирленген үрумен, престеумен, престі үрумен, көп сатылы әдіспен, ортадан тепкіш қалыптаумен дайындайды.

Қолдық үру- ағаш және металдық қалыптарды қолданып шыны үрлеуші құбыр көмегімен үрлеу, дайындаманың айналуы кезінде қалыптау аяқталады. Бұл әдіспен әр түрлі конфигурациядағы және тегіс және жылтыр бетті қабырғалы бұйымдар алады. Түссіз, массада боялған және қапталған (екі және көп қабатты) бұйымдар алады.

Үрлеу процесінде ыдысты әр түрлі әдістермен безендіруге болады. Бос үрлеу шыны үрлеу түтікшесінің қатысымен жүзеге асырылады, бірақ бұйымды қалыптайды және негізінен ауада бөледі. Бұйым формасының күрделілігімен, бөлшектердің бірқалыпты өтуімен, қалыңдатылған қабырғасымен сипатталады. Оларды түсті сызықтармен, ленталармен, көпіршіктермен және т. б. безендіреді.

Престеу өзекше қысымында металдық формадағы автоматты престерде жүзеге асырылады. Бұйым түссіз немесе түсті жоғары бөлігінде кеңейетін цилиндрлік, конусты, жазық формасы бар. Қабырғасының қалыңдығы 3 мм-ден жоғары.

Престі үрлеумен Г-28, ПМВ, ЛАМ-2 автоматтарында күрделі формалы стакандар ыдыстар - графиндер, флакондар және т. б. дайындайды.

Автоматта механизирленген үрлеумен (ВС-24, Р-24, ВМ-16, Р-28, ВР-24 және т. б. ) қарапайым кескінді түссіз бұйымдарды, негізінен стакандарды дайындайды.

Шыныны қалыптау әдістерінің сипаттамасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шынының химиялық технологиясы пәнінің оқу бағдарламасы
«Глинозем мен силикат материалдардың химиялық технологиясы»
Шыны балқыту
Шыны бұйымдарын формалаудың теориялық негіздері
Шыны тәрізді күй
Шыны пісірудің негізгі сатылары
Жасанды және синтетикалық материалдар
Полимерлерді өңдеу технологиясы
«Шынының химиялық технологиясы» химиялық технология пәнінен зертханалық жұмыстар
Жылуоқшаулағыш материалдар өндірісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz