Күздік бидайдан мол өнім алу үшін оның өсіру технологиясын сақтап, олардың қауіпті зиянды организмдеріне қарсы күресу


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
:
МАЗМҰНЫ:
: Б.
:
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ
: 7
: 1
МАЗМҰНЫ: Таңдаған тақырып бойынша әдебиеттерге шолу
: 9
: 2
МАЗМҰНЫ: Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданының табиғи-климат жағдайы
: 12
: 3
МАЗМҰНЫ: ЗЕРТТЕУ НЫСАНДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
: 17
: 3. 1
МАЗМҰНЫ: Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы жағдайында күздік бидайды өсіру технологиясы
: 17
: 3. 2
МАЗМҰНЫ: Күздік бидай зиянкестерінің сан мөлшерін есепке алу әдістері
: 19
: 4
МАЗМҰНЫ: ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
: 25
: 4. 1
МАЗМҰНЫ: Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы жағдайында күздік бидай егісіндегі негізгі зиянкестердің биологиялық ерекшеліктері, саны және оларға фитосанитарлық мониторинг жүргізу
: 25
: 4. 2
МАЗМҰНЫ: Күздік бидай егісін қорғаудағы негізгі бағыт - кешенді күресу шаралары
: 47
: 4. 3
МАЗМҰНЫ: Күздік бидайдың қауіпті зиянкестеріне қарсы қолданған инсектицидтердің биологиялық және шаруашылық тиімділіктері
: 50
: 4. 4
МАЗМҰНЫ: Тәжірибе қорытындыларын экономикалық негіздеу
: 54
: 5
МАЗМҰНЫ: Еңбекті қорғау
: 58
:
МАЗМҰНЫ: ҚОРЫТЫНДЫ
: 62
:
МАЗМҰНЫ: ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕРТІЗІМІ
: 63

КІРІСПЕ

Ауыл шаруашылығы өндірісінің алдында тұрған басты міндеттер болып халықты жеткілікті мөлшерде сапалы азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізат қорымен қамтамасыз ету, мал шаруашылығына қажетті жем-шөп қорын жасау болып табылады.

Бүгінгі күн талабына сай алда тұрған басты міндеттердің бірі - әр аймақтың табиғи-климат ерекшеліктерін ескере отырып, өндіріске ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің интенсивті технологиясын және басқа да агротехникалық шараларды енгізіп пайдалану арқылы егіннің шығымдылығын молайту, арттыру болып табылады.

Осы аталған жағдайларға байланысты күздік бидайдан мол өнім алу үшін оның өсіру технологиясын және қауіпті зиянкестер мен ауруларын, арамшөптерін білу қажет.

Өсімдіктерді зиянды организмдерден қорғаудың бірнеше элементтері бар. Ауылшаруашылық өндірісті технологиясының бір қажетті элементі - бұл өсімдіктерді зиянды организмдерден қорғау. Көптеген түрлі ақпараттарды пайдаланып, шаруашылықтарда, аймақтарда және мемлекетте өсімдік қорғау шараларды жоспарлап ұйымдастыру [1] . Ақпараттарды жинау үшін зиянды организмдердің түр құрамын, олардың таралуын, дамуын, егістердің дамуын біліп, сонымен қатар экологиялық жағдайын, зиянды және пайдалы организмдердің мәдени өсімдіктермен байланысын, қолданатын профилактикалық және қорғау шаралары мен олардың тиімділігін білу [2] .

Өткен ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап зиянды организмдерге қарсы кеңінен пестицидтерді қолданады. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттер сияқты, өсімдік қорғау шаралары жоспарланып, ұйымдастырылады. Ол үшін ғылыми жолдарға қойылған әр түрлі ақпараттарды жинап, оны өңдеп анализ беріледі. Бұл ақпараттарды фитосанитарлық ақпараттар деп атайды.

1957 жылдан бастап Қазақстан Республикасында жыл сайын ауыл шаруашылық дақылдарда кездесетін негізгі зиянкестер мен аурулардың таралуына болжау беріледі. Осы болжауларға қарап әрбір облыстарда өсімдік қорғау шаралары ұйымдастырылады және оны шаруашылыққа дейін жеткізеді. Осы кепілдемеде зиянды организмдердің таралу деңгейі мен қолданылатын шаралар көрсетіледі.

Өсімдік қорғауда қолданылатын шаралардың жоспарлары мен ұйымдастырылуы уақытысында берілген фитосанитарлық ақпараттарға түгелімен байланысты. Бұл ақпараттарда алдына қойылған мақсаттар мен өсімдік қорғау шаралардың технологиясы көрсетіледі.

Зиянды организмдердің таралуын жақсы біліп, профилактикалық өсімдік қорғау шараларын тиімді ұйымдастыруғаболады. Бұл ақпараттарды көп жылдық, ұзақ және қысқа мерзімді болжаулар көрсетеді. Осыған қарап агротехникалық және профилактикалық өсімдік қорғау шаралар жүргізіледі.

Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданының табиғи - климат жағдайы негізінен ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге өте қолайлы.

Ауданда күздік бидай жаздық бидайға қарағанда ерте масақтанып, бұрын піседі және егісінде арамшөп аз болады.

Т. Рысқұлов ауданында негізінен күздік бидай егісінде зиянды бақашық қандаласы, бидай трипсі, астықтың барылдақ қоңызы, кәдімгі сүлікше қоңыз, италиялық шегіртке, көпқоректі топырақ мекендейтін зиянкестер кездесті. Күздік бидай егісінде зиянкестердің ішіндегі ең қауіптілері - зиянды бақашық қандаласы мен италиялық шегіртке болды.

Осыған байланысты біздің дипломдық жұмыстың алдына қойған мақсаты: Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы жағдайында күздік бидай зиянкестерінің фитосанитарлық жағдайына баға беріп, олардың қауіпті түрлеріне қарсы кешенді күресу шараларын ұйымдастыру.

1 Таңдаған тақырып бойынша әдебиеттергешолу

Соңғы жылдары біздің республикада астық дақылдарды интегралды қорғау жүйесі (немесе олардың негізгі элементтері) жетілдірілуде. Біздің елдің солтүстігі мен батысында орналасқан шаруашылықтарда зиянды организмдерге қарсы интегралды жүйені қолданудың әсерінен қосымша 1, 5-3, 0ц астық өнімі алынды, ал пестицидтердің пайдалануы 20-25% төмендеді [3, 4] . Дүние жүзінде бүгінгі таңда зиянды организмдерге қарсы олардың экономикалық зиянды шегін қарап, төзімді сорттарды, пайдалы бунақденелілер мен микроорганизмдерді пайдаланып, өсімдік қорғауда интегралды жүйені қолданады. Бұл қорғау жүйесі сыртқы орта мен экологияны қорғау принциптерін сақтайды [5, 6, 7] .

Астық дақылдарды зиянкестерден, ауру қоздырғыш пен арам шөптерден қорғау - Қазақстанда да басқа аграрлық мемлекеттерде сияқты күрделі міндеттердің бірі. Бүгінгі таңда зиянды организмдердің әсерінен жыл сайын 28-35% өнімді жоғалтамыз. Сонымен қатар 10-12% ауыл шаруашылық өнімді сақтаған мерзімде зиянкестер мен аурулар сапасын төмендетіп, шығын келтіреді [8] . Қазақстан Республикасының шығыс пен оңтүстік - шығыста астық дақылдарда кездесетін мынадай зиянкестердің: бидай трипсі, астық цикадалар, астық қоңыздары және сүлікше қоңыздарының дамуы және келтіретін зияндылықтары туралы кейбір мәліметтер бірінде келтірілген [ 9, 10, 11] .

Солтүстік Қазақстан аймағында астық дақылдарды зиянды организмдерден қорғау жүйесі туралы нұсқаулар өткен ғасырдың 80-ші жылдарында дайындалған. Оның негізгі мақсаты - химиялық әдісті дұрыс пайдалану [3, 12] . Бірақ қазіргі таңға дейін бидайдың жаңа сорттары мен пестицидтерді пайдаланғанда зиянкестердің қалыптасуы және дамуы туралы мәліметтер жоқ.

Біздің республикада жаппай дамитын зиянкесті бидай трипсіне 1970 жылдардан бастап А. А. Корчагин [13], Н. Н. Горбунов [14], және басқалар зерттеді. Осы ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша астық дақылдарды бұл зиянкестен қорғау керек. Астық дәнін бидай трипсінің ересектері мен дернәсілдері залалдайды. Ересек бунақденелілер бидайдың сабақтану және масақтану фазаларында өсімдіктің жапырағы мен масағынан шырышты сорып зиян келтіреді. Негізгі зияндылықты дернәсілдер әкеледі. Жаңадан шыққан дернәсілдердің көпшілігі алғашқы мерзімде бидай өсімдігінің гүлін және масағын сорып, артынан дақылдың бұл мүшелері қатайған сайын олар дәндерге көшеді. Алдымен олар дәннің әр жерін сорып, артынан дәннің сызықшасына сақталады. Сөйтіп, дернәсілдер дәннің толық дамып пісуіне дейін зиян келтіреді [13] . Бидай трипсінің әсерінен астық дақылдарында шығын 1, 5-2 ц/га жетуі мүмкін [13, 14] .

Бидай трипсінің арнайы энтомофагтары жоқ. Масақтың ішінде малашек қоңызы (Melyridae) бидай трипсінің дернәсілдерін жояды. Бір қоңыз бір күн ішінде 27 бидай трипсінің дернәсілдерін жояды, ал бір маусымда - 1000-ға жуық. Басқа энтомофагтар да бидай трипсінің дернәсілдері мен жұмыртқаларын жейді.

Бидай трипсіне ең күрделі мерзім қыстау мерзімі болып саналады.

Ауыспалы егіс дұрыс сақталғанда астық дақылдары зиянкестермен шамалы ғана залалданады, ал керісінше ауыспалы егістер дұрыс сақталмаған жағдайда және бір жерде тек астық дақылдарды еге бергенде бунақденелердің саны жаппай өседі [9, 11] .

Астық дақылдарда зиянкестерден шығын 1, 0-1, 5 ц/га болған жағдайда күресу шараларды жоспарлау дұрыс [15] . Мұндай шығын бидай трипсінің бір масаққа 50 дернәсілдері келгенде байқалады. Тұқымдық егістіктерде экономикалық шек негізгі егістіктерге қарағанда 2-3 есе төмен болады ( 1 масаққа 20-25 дернәсілдер ) .

Ылғал аз, құрғақ, ыстық жылдары бидай трипсінің дамуы белсенді жүреді, ал керісінше салқын жылы олардың экономикалық зияндылық шегі көтеріледі [16] .

Бидай трипсі астық дәнін зақымдап, сонымен қатар оның өнуіне әсерін тигізеді. Ю. Г. Красиновец [ 17] әр түрлі сорттарда жүргізген көрсеткіштер бойынша, бидай трипсімен зақымдалған дәндерден артынан әлсіз өскінділер өніп шығады, сонымен бірге олардың тамырлар жүйесі нашарланады. Зақымдалған тұқымнан өнген өскінділердің су қабылдайтын қабілеті 10-20%, өну энергиясы 15-43% төмендейді. Соған байланысты зақымдалған тұқымнан тамыр және сабақ саны аз, қысқа нашарланған өскінділер өсіп шығады.

Г. Жармухамедова [18] айтуы бойынша, біздің республикада жаздық және күздік бидайларда тағы да бір қауіпті зиянкес - гессен шыбыны. Ол шыбынға қарсы ең тиімді шаралардың бірі - бұл төзімді сорттарды пайдалану.

Гессен шыбыны жылына екі генерация беріп, олардың дернәсілдері қыстап шығады [17, 18] . Бұл шыбынның санын паразиттер мен жыртқыштар реттеп отырады. Кейбір жылдары гессен шыбынының 40% популяциясының паразиттермен залалданғаны байқалады [19] .

Д. П. Бедин [20] сүлікше қоңыздардың биоэкологиясы мен сан динамикасын кеңінен зерттеді. Бұл қоңыз дернәсіл фазасында негізгі зияндығын келтіреді және олардың саны бір сабақта 0, 2-ден 8, 2 данаға дейін келеді. Қоңыздардың санын кемітуде агротехникалық тәсілдер үлкен орын алады [21] . Мұндай қорытынды басқа авторларда дәлелденген [4, 12, 13] .

Астық дақылдары гүлденгеннен кейін сол жерде агробиоценоздық негіз қалыптасады. Соған байланысты зиянкестерге қарсы химиялық шараларды бунақденелілер қалыптасқанға дейін өткізуі тиіс [12] .

Сонымен қатар, астық дақылдар егісіне аталған арнайы зиянкестерден басқа қауіпті зиянкестің бірі - италиялық шегіртке зиян келтіреді. Соған байланысты оған да қысқаша тоқталып кетуге болады.

Италиялық шегіртке ауыл шаруашылық дақылдары мен жайылымдықтардың негізгі зиянкестерінің бірі. Қазақстан Республикасында осы шегірткеге қарсы соңғы 35 жыл арасында ең көп көлемде химиялық күресу шаралары жүргізілген. А. О. Сагитов және басқ. [22], С. С. Хасенов [3], В. К. Ажбенов [24] көрсеткіштері бойынша, соңғы жылдары ауыл шаруашылығына жарамды жерлер мен табиғи шөптерді қорғау үшін 1-4 млн. га химиялық тәсілмен күресу шаралар жүргізілді. Мысалы, 1982 жылы 1, 7 млн. га, ал 1988 - 2000 жылдары зиянды шегірткелер көбейгені байқалды, сонда италиялық шегіртке ерекше орын алды. Мысалы, 2000 жылы зиянды шегірткелерге қарсы пестицидтер 8, 1 млн. га қолданды, ал оның 6, 0 млн. га-ын италиялық шегірткелерге қарсы [24] .

Е. П. Цыпленковтың [25] айтуы бойынша бір күннің ішінде шегірткелердің мінез - құлқына ауның температурасы, ылғалдылығы және күннің радияциясы әсер етеді.

З. Ш. Сүлейменова және басқ. [26], В. К. Ажбенов және басқ. [24] айтулары бойынша, зиянды шегірткелерге қарсы - адонис, 4% к. э., фьюри, 10% с. э., димилин, ОФ - 6, 6% м. с. қолданғанда жоғары биологиялық тиімділік байқалады. Бірақ та бұл инсектицидтердің кемшіліктері бар. Мысалы, адонис шегірткелердің табиғи жауларын да ( энтомофагтарды ) жойып жібереді, бал аралардың, құстар мен судағы балықтар санын азайтып, экологиялық жағдайларды нашарландыруы айқындалады.

Ж. Б. Ниязбеков [27] Қазақстанның оңтүстігінде марокко және италиялық шегірткелерге қарсы биопрепарат - Metarhizium anisopliae қолданған, бірақ бұл биопрепараттың биологиялық тиімділігі 14-ші - 24-ші күні - 39, 6 - 46, 1% ғана болды, бұл өте төмен көрсеткіш.

2 Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданыныңтабиғи-климат жағдайы

Жамбыл облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс 1938 жылы Луговой ауданы болып құрылған. 1999 жылдан бастап Т. Рысқұлов ауданы атымен аталады. Аудан Жамбыл облысының Оңтүстік бөлігінде Қырғыз тауының бөктерінде орналасқан. Жер аумағы 9, 1 мың км². Тұрғыны 64054 адам. Аудан орталығы - Құлан ауылы . Облыс орталығынан 120 км қашықтықта орналасқан.

Аудан орталығы - Құлан ауылы. Ауданда 14 ауыл аймағы, 1 кент, 33 елді мекен, 7 бөлімше бар. Басқару құрылымы - аудандық әкімшілік пен Мәслихат депутаттарының жиналысы. Халқының саны 63878. Ауыл шаруашылыққа қолданылатын жерінің көлемі 854154 га, оның ішінде жайылым 685693 га, шабындық 19867 га, егістік 148978 га, бақша отырғызылған жер көлемі 193 га құрайды.

Луговой теміржол станциясына және негізгі Батыс Қытай - Батыс Еуропа авто жол торабына жақын орналасқан. Шығысында Меркі ауданымен, батысында Байзақ ауданымен, солтүстікте Мойынқұммен шектесіп жатыр.

Аудан аумағының басым бөлігі жазық, тек оңтүстігі ғана таулы. Мұнда Қырғыз Алатауының Ашамайлы, Қорғантас, Қарақыр, Көкқия, Көгершін, Шөңгір, Құттыжан, Ойранды, Шал, Қайыңды, Сөгеті, Мамай, Қарауылшоқы және Көкдөнен таулары орналасқан. Ауданның солтүстік Мойынқұм шөліне ұласып кетеді. Жер қойнауынан құрылыс материалдары барланған. Климаты континенттік, қысы біршама жұмсақ, жазы ыстық, солтүстік қуаң. Аудан жерінен бастауын Қырғыз Алатауынан алатын Қорағаты, Қарасу, Шалсуы, Жарлысу, Талды, Қарақыстақ, Әулиебұлақ, Қорғантас, Қарақат, Шөңгір, Көкдөнен, Қайыңды және Сарыбұлақ өзендері ағып өтеді. Аудан аумағында аумағы шағын келген (5км²-ден аспайтын) Белогорка, Байтелі, Шілік, Ақкүшік, Мақбел, Әбілқайыр, Қосапан, Сұңқайты, Сандықкөл, Мөңке, Қарамақау, Көккөл және Қалғанкөл көлдері бар. Тау бөктері қара, қызғылт қоңыр, күлгін, қоңыр топырақты (тәлімі жердің 80%-ы осында), орталығында сұр, сортаңды сұр, солтүстігінде құмды, құмайтты топырақ қалыптасқан. Климаты континенталды, жауын -шашынның мөлшері әр жерде әртүрлі, ауаның құрғақ болуынан ылғал тез буланып кетеді.

Ауданның негізгі шаруашылық бағыты мал, өсімдік шаруашылығы, оның ішінде негізгісі астық өсіру. Ауыл шаруашылық дақылдарын суару үшін су көзі болып Қарақыстақ, Қарақат, Шөңгер, Сарыбұлақ, Көкдөнен, Шалсу, Талдысу, Қайыңды өзендері болып табылады.

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданының табиғаты температураның құбылмалылығы, жауын-шашынның әр жылы, әр территорияға, әр түрлі түсетіндігі, ауаның құрғақтығы, қатты буланғыштығы, күн шуағының молдығымен сипатталады.

Облыстың оңтүстік таулы аймағының ауа райы жұмсақтау келеді, қысы онша қатты емес, ылғал да біршама жақсы түседі.

Аудандағы ауаның жылдық орташа температурасы 6, 5 - 10, 5º С арасында ауытқып отырады. Ал солтүстік және таулы аудандарда 6, 5 - 8º С, орталық аудандарда 9 - 10º С шамасында болады.

Т. Рысқұлов ауданында ең суық ай - каңтардағы ауаның орташа температурасы оңтүстік аудандарда -5 - 9 ºС (кесте 1) . Солтүстік аудандарда -12 -14 ºС. Ал жылдың суық кезеңіндегі ауаның орташа температурасы -3 -4 ºС және -7 -8 ºС суықтық аралығында. Кей жылдары аяз -42 -47 ºС-қа дейін жетеді. Ең ыстық айдағы ауаның орташа температурасы тау және тау бөктерлерінде +21 +22 ºС, жылдың жылы кезеңіндегі орташа ауа температурасы +18 +19 ºС. Аса ыстық жылдары күндізгі ауа температурасы +45 +46 ºС болады.

Көктемнің алғашқы белгілері наурыз айының екінші жартысында, ал таулы аудандарда наурыздың аяғы мен сәуірдің басында байқалады.

Көктемнің ұзақтығы ауданның жазық аудандарында 40 -55 күн, тау бөктерлерінде 50 -60 күн, ал таулы аудандарда 70 күнге дейін созылады [ 28] .

Жылына күн 2700 сағат шамасында шуағын төгеді, соның 2000 сағаты ( 74% ) жылдың жылы кезеңіне сәйкес келеді.

Жылы кезеңдегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы шөл және шөлейт аудандарда 40 -45%, ал оның ең төмен болатындығы 30 % маусым - тамыз арасы(cурет 1) . Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы таулы аудандарға қарай жоғарылап 50%-ға дейін жетеді.

Жауын -шашын мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай өсе береді. Ауданның шөл аймақтарында жауын-шашын жылына 100-150 мм, жазықтықта 150-200 мм, тау бөктерлерінде 300-400 мм, тау бастарында 450-500 мм-ге дейін түседі. Жауын -шашын жылдың суық кезеңіне қарағанда жылы кезеңінде неғұрлым мол түседі, оның 30-40%-ы көктемде жауады.

Қар қабаты жұқа, біркелкі болады. Ол ең қалыңдағанда ауданның солтүстігінде 10-нан 20-35 см-ге дейін, оңтүстігінде 15-30 см, тау бөктерлерінде 20-40 см, тау бастарында 20-40 см-ден 70 см-ге дейін жатады.

Топырақтың тоңазу қабаты қыста солтүстік аудандарда 80-100 см, оңтүстікте 40-60 см. Ауданның барлық дерлік аумақтарында шығыстан және солтүстік шығыстан аңызық соғып, тек қиыр оңтүстік пен оңтүстік шығыс бағытта аңызық жиі қайталанады.

Табиғи-экономикалық шарттарға байланысты ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жердің бөлінуі облыс бойынша біркелкі емес. Ең құнарлы ауыл шаруашалығына пайдаланылатын жерлер дала және таулы аймақтарда орналасқан. Егістіктердің 98%-ы осы аумақтарда, тек 2%-ы ғана шөл және шөлейт жерлерде орналасқан [29] .

Кесте1. Ауаның орташа температурасы ºС мен жауын -шашын мөлшері, мм.

(Құлан метеостанциясы мәліметтері бойынша)

Айлар
Жыл-дық

Суық кезең

(IX-III)

Жылы кезең (IV-X)
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
: 1
: Ауаның орташа темпера- турасы, ºС
Айлар: -8, 8
Жыл-дық: -6, 4
Суық кезең(IX-III): 2, 5
Жылы кезең (IV-X): 10, 6
16, 3
21, 2
24, 1
22, 3
16, 0
8, 5
-0, 1
-5, 2
8, 6
-4, 2
16, 7
: 2
: Орташа жауын- шашын мөлшері, мм
Айлар: 19
Жыл-дық: 21
Суық кезең(IX-III): 44
Жылы кезең (IV-X): 45
40
33
12
10
12
28
32
22
315
138
177

Сурет 1. Ауаның орташа температурасы ºС мен жауын -шашын

мөлшері, мм.

Ауданның агроқұрылымының өндірістік бағытының қалыптасуына олардың табиғи және экономикалық жағдайлары шешуші әсер етеді. Оған кейбір уақыттарда экономикалық жағдайлардың мәні негізгі болса, кейде табиғи да, экономикалық та жағдайлар әсерін тигізеді.

Топырағы - боз қызыл - қоңыр және сұр түсті. Боз қызыл - қоңыр топырақты белдеу жыл бойында және әр маусымда жауын-шашынның біркелкі түспейтіндігі, жазда ауасының құрғақ болуы және ылғалдың тез буланып ұшып кетуге бейімділігімен сипатталады [30] .

Оның айдалатын қабатында 3% қара шірік, 0, 1-0, 15% азот, 0, 15-0, 23% фосфор болады. Механикалық құрамы орташа және ауыр саздақты. Айдалатын топырақтағы ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін арттырудың бірден-бір жолы ылғал жинау және оны сақтау, сондай-ақ органикалық және минералдық тыңайтқыштар қолдану болып табылады.

Кәдімгі сұр топырақ үнемі суарғанда және органикалық, минералдық тыңайтқыштарды қолданған жағдайда жақсы өнім береді. Суарылмаса топырақ қатты құрғайды, бұл уақытта оны жайылым үшін пайдалануға болады [31] .

Бозғылт сұр топырақ органикалық заттарға тапшы, қара шірік 0, 9-1, 2%, карбонат 1, 2%-дан 5-12%-ға дейін. Топырақ ерітіндісінің реакциясы сілтілі. Топырықтың өзі сорланбаған, механикалық құрамы жағынан жеңіл саздақ және құмдақ, үстіңгі бетін жел үріп, су шайған.

Топырақтың сіңіру қабатында кальций 70%, магний 20%, натрий 5% болады. Топырақ тереңдеген және карбонаты көбейген сайын кальций 45%-ға дейін төмендеп, магний 50%-ға дейін артады, бұл топырақтың физикалық қасиеті мен ауыл шаруашылық дақылдарын өркендету жағдайын нашарлатады [32] . Топырақ игеруді климаттың құрғақтығы да одан сайын қиындата түсуде. Оны неғұрлым интенсивті пайдалану үшін суландыру және бірқатар шаралар комплексін жүзеге асыру қажет.

Э. С. Зарембо классификациясы бойынша облыс территориясы мынадай агроклиматтық аудандарға бөлінеді; өте құрғақ, ыстықтау (I а), өте құрғақ, ыстық (I б), құрғақ, ыстық (II), өте қуаң тау бөктері (III), қуаңдау және ыстықтау таулы аудан (IV) .

Өте құрғақ ыстықтау агроклиматтық ауданға Бетпақдаланың шығыс бөлігі (Сарысу ауданының солтүстік-шығыс, Мойынқұм ауданыңың солтүстік бөлігі) жатады. Ауаның 10 ° Стан жоғары тәуліктік орташа температурасының жиынтығы (тиімді температура) 3100-3400° С. Селянинов бойынша гидротермикалық коэффициент (ГТК) 0, 2-0, 3.

Жылдық жауын-шашын мөлшері 100-150 миллиметр. Жылдың жылы мезгіліндегі ауаның орташа ылғалдылығы 45 ℅, ал оның ең төмен (30℅тен де төмен) болатын кезі жылына 160 күн. Қыс ызғыры сәуірдің екінші онкүндігі мен мамырдың бірінші онкүндігі арасында қайтады. Күзгі суық қыркүйектің үшінші онкүндігі мен қазанның басында түседі. Аясыз кезең 130-165 күнге созылады. Тұрақты қар қабаты желтоқсанның онкүндігінде қалыптасады да, 85-100 күн жатады. Қардың орташа қалыңдығы 10-20 сантиметр.

Шөл және шөлейт аймақтардың көп бөлігі негізінен көктемгі және күзгі жайылым ретінде пайдаланылады. Өте құрғақ, ыстық агроклиматтық аудан - Бетпақдаланың қалған шөлді бөлігі, Мойынқұм құмының солтүстік бөлігі мен соған жақын құммен іргелес аудандарды қамтиды. Бұған Сарысу және Талас аудандары (оңтүстік тау бөктерінен басқа), Свердлов, Луговой, Мерке аудандарының солтүстік бөлігі мен Мойынқұм ауданы кіреді. Тиімді температураның жиынтық мөлшері 3400-3900°С, ал гидротермикалық коэффициент 0, 2-0, 3. Жылдық жауын-шашын мөлшері 140-230 миллиметр, оның мөлшері батыстан шығысқа қарай көбейеді. Тиімді темперетура тұсындағы жауын-шашын мөлшері солтүстік аудандарда 45 миллиметр, оңтүстік-шығыс аудандарда 145 миллиметр. Бұл аймақта атмосфераның құрғақтығы айқын байқалады. Жыл бойына ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 30℅тен кем болатын уақыт 160-170 күн, әр түрлі дәрежеде аңызық соғатын уақыт 120-140 күн. Ең ыстық айдағы (маусым) ауаның орташа температурасы 24-27° С.

Құрғақ ыстық агроклиматтық аудан. Оған Сарысу мен Талас аудандарының оңтүстік бөлігі (тау мен тау бөктерін қоспағанда), Жамбыл ауданы тегіс дерлік, Мойынқұм ауданыңың оңтүстік - шығыс, Красногор ауданыңың солтүстік (таулы өңірлері енбейді) бөлігі жатады. Тиімді температура жиынтығы 3500-3700°С аралығында гидротермикалақ коэффициент 0, 3-0, 5. Жылдық жауын-шашын жиынтығы 200-300 миллиметр. Оның жылы кезеңдегі мөлшері (160-180 миллиметр) суық кездегіден біршама көп.

3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаздық жұмсақ бидай
ОҚО, Аксукент ауылы жағдайында күздік бидай дақылынан жоғарғы өнім алудың технолгиясын жасау
КҮЗДІК АСТЫҚТАР ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Қазақстанда арпа селекциясының қалыптасуы
Облыста дәнді дақылдардан негізінен көп егілетіні күздік бидай
Жаздық бидай
Батыс Қазақстан облысы жағдайында кеміргіштерге жасалған фитосанитарлық мониторингтар, саны, зияндылығы және олармен күресу шаралары
Астық дақылдарына зиян келтіретін кеміргіш бунақденелердің таралуы, биологиясы, зияндылығы және оларға қарсы қолданатын кешенді қорғау шаралар жүйесі
Сұлы дақылының аурулары
Күздік бидайдың биологиялық және морфологиялық ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz