Республиканың оңтүстік-шығыс аймағында күздік бидайдың ақ ұнтақ ауруының таралуын және зияндылығын анықтау


МАЗМҰНЫ
Қосымша
ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕР
СИММИТ - Халықаралық жүгері мен бидайды жақсарту орталығы.
Yr-ген - сары татқа (Yеllow rust) қарсы тұруға қабілетті белсенділігі жоғары тұқым қуалайтын бірлік.
ҚазЕӨШҒЗИ - Қазақ Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты.
ИКАРДА (ICARDA) - құрғақ аймақтардағы ауылшаруашылық зерттеулері халықаралық орталығы.
КІРІСПЕ
Бидай - әлемде 148 елдің негізгі азық-түлігі болып табылады. Бүкіл дәнді дақылдар өнімінің 60 пайыз мөлшері бидайдан алынады.
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында күздік бидай негізгі астық дақылы болып саналады және егістік аймақтарының 800-850 мың гектартарына өсіріледі. 2001-2007 жылдары ауыл шаруашылық дақылы күздік бидайдың өндірістегі жалпы егін түсімі 800 мың тоннаны құрады [1] .
Қазақстан жыл сайын 15-17 млн. тонна астық өндіреде, оның негізін бидай құрайды. Жалпы Азия континенті оның ішінде Орталық Азия үшін күздік бидай - аса маңызды астық дақылдарының бірі болып есептелінеді, соңғысында оның егіс көлемі 4-5 млн. га жетіп отыр. Қазақстанның оңтүсттігі мен оңтүстік-шығысындағы суғармалы аймақтарда күздік бидай негізгі дәнді дақыл болып табылады. Жыл сайын оның егіс көлемі ТМД елдерінде 18 млн. га болса, ал Қазақстанда 500-600 мың. га дейін жетеді.
Қазақстанда күздік бидай негізінен таулы және тау-етегі аймағында 1000-1200 мың га ауданында суармалы, сонымен қатар, тәлімі жерлерде егіледі. Күздік бидайдың қарабидай және жаздық дәнді дақылдарға қарағанда жоғары өнімділгі жоғары. Агротехникалық шаралар сапалы және дер кезінде орындалса, жоғары сапалы тұқым, минералды және органикалық тыңайтқыштар, сонымен қатар, өсімдік қорғау шаралары қолданғанда, көптеген сорттар 50-60 ц/га дейін өнім береді. Күздік бидай Қырғыз және Тәжік республикаларында да негізгі дәнді дақыл болып табылады, онда оның егіс көлемі біріншісінде 480 мың, ал екіншісінде 840 мың га, өнімділігі 2, 5 және 1, 3 т/га құрайды [2]
Қазақстан Республикасы дәнді дақылдардың ең үлкен өндірушілерінің бірі болып саналады. Елімізде ауа райына және егістік жердің құнарлылығына байланысты 80-ге жуық күздік бидай сұрыптары егіледі. Кейбір жылдары ауруға шалдығып, пісіп жетілу уақытының созылуына байланысты өнімнің сапасын төмендетіп, үлкен шығынға ұшыратады. Осыған байланысты қазіргі уақытта бидай егістерді және басқа дәнді дақылдарды әртүрлі аурулардан қорғау және мониторинг жүргізу қазіргі күннің ең негізгі мәселесі болып табылады. Алматы облысындағы күздік бидайдың ақ ұнтақ ауруымен залалдауын зерттеу жұмысының нәтижелері жоғары сапалы және тұрақты астық өнімділігін алуға өз үлесін қосатыны анық [3] .
Өнімі мол және сапасы жоғары күздік бидай сорттарын өндіріске ендіру астық шаруашылығының негізгі мәселелерінің бірі. Бидайдан мол өнім алу себілетін тұқымның сапасына, сорттарда өсіру агротехникасына, жергілікті жердің экологиялық жағдайына, сонымен қатар сорттардың ауруға төзімділігіне тығыз байланысты [4] .
Ақ ұнтақ ауруы Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында егілетін дәнді дақылдарда таралған зиянды аурулар. 2000-2002жж. Ақ ұнтақ ауруы өндірістегі жұмсақ бидай сорттарының өнімділігін 50-60% дейін төмендеткен. Сондықтан, жұмсақ бидайдың өнімділігі жоғары, тат ауруларына төзімді сорттарын шығару өзекті мәселенің бірі болып табылады.
Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында күздік бидай егісіне ақ ұнтақ (Erysiphe graminis) және жапырақтардың сары дақ аурулары ( Drechslera tritici repentis ) айтарлықтай зиян тигізуде. Соңғы ауры Орталық Азияда кеңінен таралған, ал біздің еліміздің егіс алқаптары үшін жаңа ауру болып табылады, небәрі 15-20 жыл ішінде кеңінен таралып, кей жылдары эпифитотий дәрежесіне дейін дамыды. Ақ ұнтақ ауруының қарқынды дамуына негізінен дақылды бір жерге қайталап егу мен топырақ бетінде өсімдік қалдықтарының қалуы әсер етеді [5] .
Орталық Азия мен ТМД-ның көптеген елдерінде күздік бидайдың ақ ұнтақ ауруы кеңінен таралып, айтарлықтай зиян келтіретінін ескере отырып, оның терең зерттелмеуі осы бағытта арнайы жұмыстар жүргізуге себепші болды.
Зерттеу мақсаты: Республиканың оңтүстік-шығыс аймағында күздік бидайдың ақ ұнтақ ауруының таралуын және зияндылығын анықтап және оның дамуын тежейтін кешенді шаралар жүйесін жетілдіру.
Осы мақсатты іске асыру үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
Негізгі міндеттері
► Алматы облысы, Жамбыл ауданы жағдайында күздік бидай егісінің фитосанитарлық жағдайы;
► Алматы облысы Жамбыл ауданы жағдайында күздік бидай егісінде ақ ұнтақ ауруын таралуы мен даму динамикасын анықтау;
► Ауру қоздырғыштың биологиялық- морфологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
►Күздік бидайдың ақ ұнтақ ауруына қарсы қолданылған фунгицидтердің әсерін бағалау.
1 Әдебиетке шолу
Қазақстанның ауыл шаруашылығының дамуында астық дақылдарын өсіру әлеуетті бағыты болып табылады. Ал бидайды өсіру тек стратегиялық дақыл болып қана қоймай, сондай-ақ, халық шаруашылығында маңызы зор, ұлттық байлық болып саналады.
Қазақстан Республикасы дүние жүзі бойынша жыл сайын 9-10 млн. тоннаға дейін жоғары сапалы бидай өндіруші мемлекет. Дәнді дақылдар мемлекетіміздің социалды, экономикалық және стратегиялық маңызды объектілер болып есептелінеді. Республика бойынша бидай өсірілетін алқап 12 млн. га құрайды. Мемлекетіміздің басты мақсаты бұрынғыдай - адамның тамақ өнімдеріне қатысты қажеттілігін қанағаттандыруға қол жеткізу, егін шаруашылығын тұрақтандыру, елдің азық-түліктік қауіпсіздігі мен оның тәуелсіздігін қамтамасыз ету, әлемдік нарықтағы экспорттаушылар клубында лайықты орынды иелену болып табылады. Дәнді дақылдар мемлекетіміздің социалды, экономикалық және стратегиялық маңызды объектілер болып есептелінеді. Республика бойынша бидай өсірілетін алқап 12 млн. га құрайды[3] .
Қазіргі уақытта Қазақстанның солтүстігінде дəнді дақылдар 12 млн. гектарға егіледі. 2002 жылы Ақмола облысынан - 950, 6 мың тонна, Қостанай облысынан - 1438, 6 мың тонна, Павлодар облысынан -31, 7 мың тонна, Солтүстік Қазақстан облысынан - 1483, 6 мың тонна астық сыртқа сатылды. Ол республиканың барлық астық экспортының 92%-ын құрайды. Бүгінгі таңда Қазақстан бидай экспорттаушыларының 6 көсшбасшылары арасында АҚШ, ЕуроОдақ, Аргентина, Австралия және Канададан кейінгі орында. Қазақстан бидайды ТМД және шет мемлекеттердің 40-тан астам елдеріне экспорттайды. Бидай дақылынан жоғары өнім алды шектеуші факторлардың бірі саңырауқұлақ ауруларымен залалдануы. Қазақстанда бидай дақылында 1 вирус, 2 бактериалды және 18 саңырауқұлақтар қоздыратын аурулар кездеседі, соның ішінде қатты, қортық, тозаңды және сабақ қаракүйелері, сары, қоңыр және сабақ таттары, ақ ұнтақ, гельминтоспориоз, фузариоз және т. б. [6] .
Ақ ұнтақ әлемде бидай өндірлетін елдерде кеңінен таралған ауру. М. Қ. Қойшыбаевтың пікірінше, ауру қоздырғышы әр түрлі климаттық зоналарда, әсіресе ауа райы салқын, ылғалды елдерде, таулы және тау беткейлі аймақтарда жиі кездеседі. Бұл ауру әлемдегі бидай өсірілетін аймақтардың бәрінен табылған, Қытайда, Еуропада, Австралияда және басқа да елдердің астықты аймақтарында тіркелінген [7] .
Erysiphe graminis DС., син: Brumeria graminis Speer. - бидай ақ ұнтақ аса қауіпті, егістік алқаптарда көп таралған саңырауқұлақ ауруына жатады. Бидай ақ ұнтақ аса қауіпті аурулардың бірі, себебі инфекцияны қоздырғыш саңырауқұлақтүрлі климаттық жағдайларға бейімделген өте кең таралған және сорттардан сапасы жоғары, мол өнім алуды шектеуші арулардың бірі болып табылады.
Әлемде барлық егістік алқаптарында ақ ұнтақ ауруы, әсіресе астық дақылдары өнімділігін тежейтін биологиялық фактор болып табылады, бұл патогеннің популяция құрамының мутацияға бейімділігімен және ауа ағымы арқылы бірнеше жүздеген километр қашықтықтарға тез таралуға қабілеттілігімен түсіндіріледі. Бұл ауру ТМД елдерінің астық өсірілетін барлық аймақтарында, атап айтқанда, Украинаның орталық және батыс аудандарында, Краснодар өлкесінің солтүстік-батыс бөлігінде, Ставрополь өлкесінде, Батыс Сібірде және Прибалтика мен Беларусь республикаларында таралған. Қазақстанда ол жаздық пен күздік бидай егілетін Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Ақтөбе облыстарының ылғалды аймақтарымен қатар Орал, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қарағанды облыстарының құрғақ аудандарында да кездеседі [8] .
Ақ ұнтақ ауруы Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірде өте кең таралған Қазақстанның жаздық жəне күздік бидайды өндіретін барлық территориясында, дəлірек айтсақ шөлді облыстарда - Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды жəне Семейде кездеседі. Бірақ ақ ұнтақтың көп жылдық динамикасының анализі негізгі ареал əрбір 2-3 жыл сайын оның шамалы немесе күшті дəрежеде көрінуі байқалатын, республикамыздың солтүстік, батыс жəне шығыс аймақтарында болатынын көрсетті. Оның дамуы үшін ауа райының ең қолайлы жағдайы гидротермиялық коэффициенті маусым-тамызда 1, 0-1, 2 жəне одан жоғары болатын жылдарда туады. Күздік жəне жаздық бидай өндіретін Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан жəне Шығыс Қазақстан облыстарындағы орман далалы жəне қалыпты шөл далалардың зоноларында осындай қолайлы жағдай байқалады. Оңтүстік жəне оңтүстік-батыс аймақтардағы күздік бидайларда ақ ұнтақ айтарлықтай дамымаған, кейбір жылдары ошақтары аз жəне шамалы ғана дəрежеде көрінеді [9] .
Бидай ақ ұнтақтыңтаралуы және дамуы сыртқы қоршаған ортаның абиотикалық және биотикалық факторларына тікелей байланысты. Қоршаған орта өсімдікке оның ауру қоздырғышты қабылдағыштығына бейімділігін және төзімділігін өзгерте отырып әсер етсе, ақ ұнтаққа да оның өсімдікті вируленттілігімен табиғаттағы таралуын өзгерте отырып әсер етеді. Патогеннің әрбір кезеңінің қалыптасуы және қалыпты қызмет атқаруы үшін қоршаған орта факторларының белгілі бір шамалары қажет болады [7] .
Ақ ұнтақ саңырауқұлағының дамуына әсер ететін абиотикалық факторлардың ішінде климаттық факторларға ерекше тоқталып өту керек. Температура, ылғалдылық және күн жарығы шектеуші факторлардың қатарына жатады. Қоршаған орта өсімдікке оның ауру қоздырғышына бейімділігін және төзімділігін өзгерте отырып әсер етсе, Бидай ақ ұнтаққа да оның өсімдікті залалдау деңгейі (вируленттілігі) мен табиғаттағы таралуын өзгерте отырып әсер етеді. Осы факторлардың біреуінің өзгеруі саңырауқұлақтың да, иелік өсімдіктің де тиісті реакциясын туғызады. Патогеннің әрбір кезеңінің қалыптасуы және қалыпты қызмет атқаруы үшін қоршаған орта факторларының белгілі бір шамалары қажет болады[10] .
Ақ ұнтақ саңырауқұлағының өсуі мен дамуы көп дәрежеде қоршаған орта температурасына тәуелді. Қоршаған ортаның маңыздылық дәрежесі жағынан температурамен тең келетін ешбір фактор жоқ деп есептейді. Ортаның ылғалдылығы мен жарығының әсері инокуляция кездерімен шектелсе, температура патогенге онтогенезінің барлық кезеңдерінде де әсер етіп отырады. Ақ ұнтақтың даму дәрежесін белгілейтін фактор температура, тамшылап ылғалдандырудың әсері болғанда селдір ақ үлпек ретінде байқалады өсіп шығу шектері 15-20°С оптимуммен 2 және 32°С аралығын құрайды. Қолайлы жағдайларды тудыратын температура, ылғал болғанда орын алған жағдайда ақұнтақтың қоздырғышы бидайдың түсімін 45% дейін төмендетіп, ал ауру масақтану фазасынын бастапқы кекзінде 80-100% дамыған жағдайда астыққа келтірілген нұқсан 50-60% құрауы мүмкін [11] . Ылғалдылық жеткілікті болған кезде инфекциялық үдерістің жылдамдығы температураға көп дәрежеде, ал ортаның жарығына аз дәрежеде тәуелді. Ең қолайлы температура 15-25 0 С шық пен 5 0 С температурада өсімдік 7 сағатта залалдалады. Ал 15-20 0 С кезінде 4 сағаттан аз уақытта жұқтырылады.
Инфекциялық материалдың жинақталуына қыркүйек-қазан айларында жылы және ылғалды ауа райы, салыстырмалы жылы қыс, көктемде көп ылғалдың түсуі және өсімдік вегатациясының масақтану фазасының бірінші жартысында көп ылғалдың болуы әсер етеді. Сібірде саңырауқұлақ өсімдік қалдықтарында қыстап шығады.
Астық дақылдарын залалдайтын ақ ұнтақ ауруын жеңудің негізгі жолы иммунитет селекциясы. Астық дақылдарының егін түсімін жоғарлатудың негізгі факторы патогеннің залалдануын төмендететін, залалданудан болатын зиянды әсерлерді кемітетін және стресстік жағдайлараға төзімділігін жоғарлататын өсімдік белгілерін зерттеу, әлемдегі сорттардың құрамын зерттеу арқылы төзімді сорттар қорын жасау[12] .
Қазақстан Республикасы дəнді дақылдардың ең үлкен өндірушілерінің бірі болып саналады. Республиканың негізгі астықты аймағы Солтүстік жəне Орталық Қазақстан. Қазіргі уақытта Қазақстанның солтүстігінде дəнді дақылдар 12 млн. гектарға егіледі. 2002 жылы Ақмола облысынан - 950, 6 мың тонна, Қостанай облысынан - 1438, 6 мың тонна, Павлодар облысынан -31, 7 мың тонна, Солтүстік Қазақстан облысынан - 1483, 6 мың тонна астық сыртқа шығарылды. Ол республиканың барлық астық экспортының 92%-ын құрайды. Ақмола облысы жағдайында микроскопиялық саңырауқұлақтар туғызатын дəнді дақылдардың қауіпті инфекциялық аурулары көптеп кездеседі. 60 жылдардың ортасында Қазақстанның солтүстік жəне орталық облыстарында өнімділікті 40%-ке дейін төмендеткен ақ ұнтақ жəне сабақ татының эпифитотиясы жиі болып тұрды [13] .
1992-1994 жылдары Қостанай жəне Ақмола облыстарында бидайдың өнімділігін 20-30%-ға төмендеткен ақ ұнтақ жəне септориоздың эпифитотиялары болды, ал 1999-2001 жылдары мұндай аурулар өнімділікті 10- 25%-ға төмендетті. Еліміздің ауыл шаруашылық министрлігінің мәліметтері бойынша 2007-2009 жылдарда республикамызда бидай ақ ұнтақтың таралуы мен дамуы барлық астық дақылдарын егетін аймақтарда кездесті . Патоген өсімдіктің вегетативті және генеративті мүшелерін залалдай отырып, транспирацияны, жапырақтың кеуіп кетуін күшейтеді, ассимиляция процесін әлсіретіп, ферменттердің белсенділігін төмендетеді, масақтағы дәннің толысуын және оның массасын кемітеді. Өсімдік 20% залалданса, өнімділік 8, 5%-ға, 1000 дәннің массасы 7, 3%-ға төмендеді. Патоген 46-48 күн тіршілік етсе бидай жапырақтары 30-21 күннен кейін қурайды. Орал облысында бидай ақ ұнтақпен залалданған Лютесценс 230 және Мироновская 808 сорттарының 1000 дәнінің массасы суарылмайтын мөлтектерде 22-25%-ға, ал суармалы жерлердегі 1000 дәннің массасы 14-18%-ға кеміді. Сондықтан өсімдіктің залалдануы үшін қысқа мерзімді жаңбыр немесе шықтың болуы жеткілікті. Вегетативті мүшелерінің залалдануынан дән салуы кемиді, дәні майда болады, дән сапасы төмендейді, жапырақ тақтасында хлорофилл дәні азаяды, өсімдіктің транспирациясы күшейеді, ассимиляция процесі бұзылады, нәтижесінде су балансы кеміп, жапырақ уақытынан бұрын солып қалады. Ауру салдарынан өсімдік бойы, сабағының жуандығы және масақ ұзындығы қысқарады, масақтағы масақша саны, дән саны, дән масассы кемиді. Күздік бидайдың түптену кезінде пайда болған ауру өнімді 80 пайызға дейін, ал масақтану кезінде 20-30 пайызға дейін төмендетуі мүмкін . Жыл сайын аурумен залалдану салдарынан 15-25% өнім түсімі төмендейді. Бидайдың сабақтану-масақтану кезеңдерінде ауру қатты дамып өнім түсімінің кемуі 30-40%-ға жетеді, ал дән құйылу және сүттеніп пісу кезеңдерінде ауру орташа байқалынып, өнім түсімі 7-10%-ға дейін азаяды[14] .
Ақ ұнтақ ауруымен залалдану өсу кезеңіндегі ауа райы жағдайына байланысты болады. Ауа райының ылғалды, әрі жылы болуынан фитопатогеннің дамуына қолайлы жағдай туындайды. Ауру қоздырғыштың таралып жаппай дамуы қоршаған ортаның қолайлы жағдайына ғана емес, сонымен қатар патогеннің вируленттілігіне және сорттардың ауруға төзімділігіне тікелей байланысты. Әлемде ақ ұнтақтан келетін шығын жыл сайынғы шамамен 2 миллиард АҚШ долл. бағаланады. FAO деректері бойынша бидайдың ақ ұнтақтан болған астықтың шығыны сорттың ауруға шалдыққыштығына, инфекцияның даму мерзімі мен аурудың даму деңгейіне байланысты 10% және 60% аралығы шамасында ауытқиды [15-16] .
Ақ ұнтақ ерте көктемде жаздық астық дақылдары егістіктерінде жылдам тарайды, күз және қыс айларының жылы, көктем айларының ылғалды болуы, сонымен қатар патогенге сезімтал төзімсіз сорттардың болуы қоңыр таттың дамуына, кеңінен таралуына мүмкіншілік береді. Әсіресе төзісміз сорттардың болуы егін түсімінің күрт төмендеуіне әкеледі. Аурудың жаппай дамуына мүмкіншілік туындағанда төзімсіз сорттарда егін түсімінің шығыны 5-6 ц/га құрайды. Аурудың зияндығы бидай сорттарының ассимиляциялы беттің кішірейтуінде, транспираця ұлғайып су баланысы толық бұзылады бұл жапырақтардың уақытынан бұрын солуына әкеледі [16] .
Ақ ұнтақпен залалданған қысқы бидай өсімдіктері суыққа төзімділігі кеміп құрғаққа төзімділігі төмендейді өсімдік қатты залалданғанда масақтарда аз өте майда, сапасы, салмағы төмен бидай түзіледі, сондықтан өнім жетіспеушілігін тудырады. Сонымен қатар өсімдіктің қысқа, құрғақшылыққа төзімділігін төмендетеді. Кейбір ғалымдар зерттеулерінде ақ ұнтақ ауруы эпифитотий дәрежесіне дейін дамыған жылдары бидай сорттарын түтіктену кезеңінде залалдаса 60%-ға, масақтану кезеңінде залалдаса 30-40%-ға, ал гүлдену кезеңінде залалдағанда 25%-ға төмендетеді және дән сапасын нашарлататынын анықтаған [55] .
Өсімдік 20% залалданса, өнімділік 8, 5%-ға, 1000 дәннің массасы 7, 3%-ға төмендеді. Безенчукская 98 түрінің сау бидайтары 46-48күн тіршілік етсе, аурулары 30-21 күннен кейін қурайды. Орал облысында ақ ұнтақпен залалданған Лютесценс 230 және Мироновская . Ауру бидай, қара бидай және көптеген жабайы өсімдіктерді залалдайды және Қазақстанның барлық аймағында кездеседі. Ақ ұнтақ жалпы бидайға өте зиянды әсер етеді, өсімдік жапырағын залалдай отырып ассимилацияны төмендетеді, оның жойылуын жеделтеді. Өсімдіктер анағұрлым ерте бастан залалданып және ауру қарқынды дамыған жағдайда өнімнің шығыны 25-30% және одан асып отыруы мүмкін, ал кешірек және қалыпты дамыған жағдайда - 7-10%-дан аспайды. Өнім түсімі тұрақты, дәнінің сапасы және экологиялық бейімділігі жоғары бидайдың көптеген Қазақстандық сорттары инфекциялық фон ауруларға қатты шалдыққыш келеді. Бұл жағдай эпифитотия пайда бола қалған жағдайда аграрлық сектордағы үлкен шығындарға әкеп соқтыруы мүмкін [17] .
Қазақстан жағдайында патоген негізінен толыспай дамиды. Ақ ұнтаққа төзімді, тиімділігі жоғары сорттарды шығару, өндіріске қолданысқа енгізу селекцияның негізгі мәселереніңі бірі. Ақ ұнтаққа төзімді сорттарды шығару және өндіріске ендіру өнімнің шығын болуын төмендетудің ең перспективті және экологиялық таза тәсілі болып табылады. Ауруға қарсы бірнеше төзімділік гені бар (полигенді) сорттарды, сонымен қатар бір ғана төзімділік гені бойынша ерекшеленетін изогенді линияларды шығарудың тиімділігі жоғары. Көп жағдайда мұндай сорттарды патогеннің жеңуі қиын болғандықтан төзімділігі ұзақ уақытқа сақталынады [21] . Сондықтан да төзімділік генетикасын зерттеу және иммунитетке донор көздерін анықтау ауру қоздырғышпен күресуде селекция үшін тиімді әдіс. Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы астықтың шығымдылығын шектеп отырған бидайдың ақ ұнтағына төзімді донорларды, қоршаған ортаға бейімделгіш селекциялық материал мен перспективалық қатарларды өсіріп шығару мәселесі айрықша маңызды мәселе болып табылады.
Бидай ақ ұнтақтан қорғау мақсатында осы аурудың жан-жақты зерттеліп отыруына қарамастан, бұрынғыдай өзекті мәселе болып қалуда, әсіресе Солтүстік Кавказ, Поволжье, ОЧҚ аудандарында, жыл сайын дамып отырады [18] .
Бидай ақ ұнтақ қоздырғышы өсімдіктердің вегетация кезеңі бойы - өскіндердің шығуынан бастап пісіп жетілуіне дейін қауіпті болып табылады. Әлемде ақ ұнтақтан келетін шығын жыл сайынғы шамамен 2 миллиард АҚШ долл. бағаланады. Ақ ұнтақ ауруларының дамуына қолайлы жылдары, ауру тез өршіп, патоген 7-10 күннің ішінде эпифитотия дәрежесіне дейін (75-100%) жетуі мүмкін. Ақ ұнтақтың даму дәрежесін белгілейтін факторларға температура және кем дегенде 4-6 сағат тамшылап ылғалдандырудың әсері болып жатады. Қолайлы жағдайлар орын алған жағдайда Ақ ұнтақтың қоздырғышы бидайдың түсімін 45% [19-20] дейін төмендетіп, ал ауру бас масақтану фазасында 80-100% дамыған жағдайда астыққа келтірілген нұқсан 50% құрауы мүмкін.
Аурудың дамыған жылдары ауру бидайдың түтіктену кезеңінде 60%-ға, ал масақтану кезеңінде залалдаса 30-40%-ға, гүлдену кезеңінде 25%-ға төмендейді және өнім спасы нашарлайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz