Өсімдік селекциясы және селекцияға түсінік


Жоспары
Кіріспе
I. Негізгі бөлім
- Өсімдік селекциясы және селекцияға түсінік
- Ауруларға және зиянкестерге төзімділік селекциясы
- Қорғану типі бойынша ауруға және зиянкестер әсеріне төзімді сорттарды шығару
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
1. 1. Өсімдік селекциясы және селекцияға түсінік
Өсімдік селекциясы (лат. selectіo - таңдау, сұрыптау) - ауыл шаруашылықтың өсімдіктерінің жаңа сорттарын, гибридтерін шығаратын және бұларды шығару әдістерін зерттейтін ғылым, өсімдік сорттары мен гибридтерін шығару әдістері туралы ғылым. Өсімдік селекциясы ғылым ретінде агрономия ғылымы саласына жатады, бірақ егіншілікке, агрохимия, өсімдік өсіруге қарағанда селекция ғылымы өсімдіктің өз табиғатына әсер ету жолдарын іздеп, тұқым қуу қасиетін қажет бағытқа өзгертуді көздейді. Сондықтан өсімдік селекциясының теориялық негізі - генетика. Өсімдік селекциясы ботаника, цитология, өсімдік физиологиясы, өсімдік өсіру, экология т. б. ғылымдар мен тығыз байланысты. Өсімдік селекциясы жұмыстары нәтижесінде шығарылған жаңа сорттарды өндіріске енгізу - алғашқы шыққан өндірісі өнімін арттырудың ең бір тиімді әдісі.
Өсімдік селекциясы тарихи адамның егіншілікпен айналасуынан басталады. Селекцияның қарапайым түрі ерте заманда-ақ ірі дәнді келесі жылы себуге қалдырып отырудан басталады. Бұндай халық селекциясы шығарған бірқатар сорттардың маңызы әлі күнге дейін орасан зор. Өсімдік селекциясы дамуына Батыс Еуропа елдері селекционер-практиктері 1774 жылы Париж маңында құралған Вильмонер селекция фирмасы жұмыстарының қорытындысы, Ч. Дарвинның «Түрлердің пайда болуы» деген еңбегі, К. А. Тимирязевтің тұқым қуу және өзгергіштік туралы ілімі, И. В. Мичуриннің сұрыптау нәтижесінде жемістердің жаңа сорттарын шығару жұмыстары үлкен әсер етті. КСРО-да өсімдік селекциясы алым ретінде 19 ғ. аяғы мен 20 ғ-дың басында қалыптаса бастады. Ең алғашқы ғылыми мекеме 1885 жылы Полтавада құрылды. 1903 жылғы Мәскеу құрамында селекциялық арнаулық тәжірибе станциясы құрылып, дәнді дақылдар мен зығырдың алғашқы жаңа сорттары шығарылған. 1909жылы Харьковте т. б. қалаларда тәжірибе станциялар құрылды. 1921 жылы В. И. Ленин қол қойған «Тұқым туралы» декрет шықты, бұл селекция, тұқым мәселелерімен айналысатын мекемелер жұмысының негізіне алынды. 1924 жылы Бүкілодақтық ботаника және жаңа екпе дақылдар интернаты құрылып, ол 1930 жылы Бүкілодақтық өсімдік өсіру интернатына айналды. Бұл интернатты ұзақ уақыт Н. И. Вавилов басқарып, өсімдік селекциясының теориялық негізін құрды және елімізде тәжірибе-селекция жұмысын ұйымдастыруға көп еңбек сіңірді. П. П. Лукьяненконың басшылығымен Краснодар ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институтында күздік бидайдың жоғары өнімді «Безостая-1», «Аврора»
1. 2 . Ауруларға және зиянкестерге төзімділік селекциясы
Төзімді сорттарды шығару арқылы көптеген ауруларға қарсы күрес мәселесін шешуге болады. Өсімдік иммунитетінің алдына қойған негізгі мақсаты да осы. Жаңа расалардың үнемі пайда болып тұруына байланысты өсімдіктің төзімділігі жойылып отырады. Ал оны қалпына келтіру үшін төзімді сорттарды шығару жұмысын үздіксіз жүргізу қажет.
Төзімді сорттарды шығаруда сұрыптау, будандастыру және мутагенез әдістері қолданылады.
Сұрыптау әдісі - өзімді сорттар шығаруда қолданылатын ең бірінші әдіс. Өсімдік, патоген мен зиянкестерге төзімділік қасиеттеріне байланысты сұрыпталады. Бір түрге, сортқа жататын өсімдік популяциясының төзімділігі біркелкі емес. Сұрыптау әдісін қолдана отырып бір сорттан, бір немесе бірнеше өсімдікте төзімділік қасиетін анықтауға болады. Осы өсімдіктер жаңа төзімді сорттың келешектегі негізгі болуы мүмкін. Бірнеше рет сұрыптауды қайталау нәтижесінде жоғары төзімділік қасиеті қалыптасқан сорт алуға болады. Сұрыптау әдісі 2-ге бөлінеді: 1) тікелей, 2) жанама сұрыпута.
Тікелей сұрыптау әдісімен ауруға шалдыққан өсімдіктер ішінен залалданбағанын немесе аз залалданғанын іріктеп, оны көбейту арқылы жаңа төзімді сорт алынады. Мысалы, бұл әдіс күнбағыстың сұңғылаға, мақтаның вилт (солу) ауруларына төзімді сорттарын шығаруда қолданылды.
Жанама сұрыптау әдісінде өсімдіктің ауруға төзімділігін арттыратын бір қасиеті негізге алынады. Мысалы, бидай сортының қатты қара күйеге төзімділігі оның тұқымының өну энергиясы жоғары болуына байланысты.
Төзімді сорт шығарудың негізгі генетикалық әдістерінің бірі - будандастыру. Ол 3 негізгі тәсілден тұрады: 1) түр ішіндегі әртүрлі сорттарды; 2) түр аралық; 3) туыс аралық будандастыру.
Будандастыру кезінде сорттардың ұрпағында жоғары төзімділік пен қатар басқа да бағалы қасиеттерінің сақталуы ескертіледі.
Төзімділік гендері мәдени өсімдіктерге қарағанда олардың жабайы туыстарында жиі кедеседі. Сондықтан, патогендер мен зиянкестерге төзімді мәдени өсімдік сорттарын шығаруда көбінесе олардың жабайы формалары қолданылады.
Будандастыруда өсімдіктердің төзімділік қасиетін іздестіру (анықтау) генетикалық және экологиялық - географиялық принциптерінің заңдылықтары бойынша жүргізіледі.
1. 3. Қорғану типі бойынша ауруға және зиянкестер әсеріне төзімді сорттарды шығару
Төзімділік қоры ретінде өсімдіктің жабайы түрлерін қолданғанда төзімділік қасиеттерімен бірге жабайылық қасиеттері де ұрпаққа берілуі мүмкін (сапасы мен өнімділігі төмен) .
Бұл жағдайда алынған сорттың төзімділігінен басқа да қасиеттерін шығаруда қайта будандастыру әдісі қолданылады. Ол үшін буданның бірінші ұрпағын қайта мәдени сортпен будандастырып, төзімді формаларын іріктеп, оларды қайта мәдени сортпен будандастырады. Бірнеше қайта будандастыру, сұрыптау нәтижесінде өсімдіктің жаңа формасы шығарылады. Үнемі қайталанатын будандасуды жақсарту әдісі дейді.
Қорғану типі бойынша ауруға және зиянкестер әсеріне төзімді сорттарды үш категорияға бөледі:
1. Паразиттерге төзімділік (қоздырғыштар мен зиянкестерге) . Бұл төзімді сорттың паразиттердің дамуын тежеу. Зиянкестердің даму циклының кешеуілдеуі немесе созылып өтуі . Соның салдарынан эпифитотий және эпизоотий тежеледі.
2. Зиянкестерге төзімділік. Төзімді өсімдік сорттарында патоген
немесе насекомдар ие-өсімдіктегідей дами алады, бірақ сорт қанағаттандырарлық өнім береді.
3. Паразит әсерінен кету (уход ) . Бұл қорғау типі бірнеше факторлармен анықталады.
а) Өсімдіктің зақымдану немесе залалдану фазасы паразиттің зияндылық фазасымен сәйкес келмеуі. Мысалы, кейбір тез дамып, пісетін сорттардың даму циклі қоздырғыш пен зиянкестер зиян келтіретін деңгейге жеткенше аяқталып қалады.
ә) Ауруға немесе зиянкестерге төзімділік өсімдіктің физиологиялық немесе цитоплазмалық ерекшеліктеріне байланысты.
Селекцияда патогенге, зиянкеске төзімді сорттарды шығару жұмысы екі бағытта жүргізіледі:
- Паразиттердің дамуына қолайлы орта бола алмайтын төзімді сорттар, шығару.
- Паразиттердің көбеюін толық тежейтін төзімді сорттар шығару. Бұл жағдайда фитопатолог, энтомолог, селекционер бірлесіп жұмыс жасайды.
Төзімді сорттарды шығаруда еске алынатын жағдайлар:
1. Патоген, зиянкес туралы толық деректерді (этиология, таралуы,
экологиялық ерекшеліктері, ие-өсімдік шеңбері, физиологиялық расалары)
білу қажет.
- Туыс, түр ішіндегі төзімділік қорын зерттеу (өсімдік) .
- Төзімділік байқалған жағдайда сұрыптау және селекциялық әдістерді дұрыс қолдану негізінде жұмысты жоспарлау.
Паразиттерге төзімді сорттарды шығаруда негізінен генетикалық заңдарға сүйенеді. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің төзімділігін бір немесе бірнеше қос гендер (пара) басқарып отырады.
Көбінесе төзімділік гендерінің саны паразиттердің физиологиялық расасының санына сәйкес келеді. Сондықтан төзімділік гендерінің көпшілігі облигатты паразиттерге тән (ақ ұнтақ, тат ), яғни физиологиялық расасы көп.
Селекциялық жұмыста - конвергентті, көплиниялы (многолинейные) және полигенді төзімді сорттарды шығаруды жоспарлау керек.
Конфергентті сорт бірнеше төзімділік гендері бар. Әрбір ген белгілі физиологиялық расаға төзімді (өте сезімталдық реакциясы тән) . Бұл төзімділік типін моногенді немесе вертикалды төзімділік дейді. Ал моногенді, вертикалды бірнеше төзімді генді сорттарды - конвергентті сорт дейді.
Көплиниялы (многолинейные) сорттар сорттар агрономиялық қасиеттері бірдей жеке линиялардан тұратын популяциялар. Олар бір-бірінен төзімді гендердің айырмашылығымен бөлінетін сорттар.
Полигенді (көпгенді) төзімділік патогеннің барлық расаларына қарсы тұрып, оның таралуын тежейді. Оны полигенді горизонталді немесе егістік төзімділік деп атайды. Полигенді сорттардың төзімділік дәрежесі моногендіге (вертикалды) қарағанда төмендірек болады. Ол сыртқы ортаның әсеріне байланысты (температура, ылғалдылық т. б. ) . Бірақ полигенді төзімділік жаңа раса пайда болғанда жойылып кетпейді (моногенді сияқты) . Осы қасиеті горизонталды төзімділігі бар өсімдіктің өмір сүруіне әсерін тигізеді. Бұл типтегі негізгі төзімділік механизмі: енуге, таралуға және инкубациялық төзімділіктерде білінеді.
Енуге төзімділік:
а) балауыз қабатта инфекциялық тамшының ұсталмауы;
б) жапырақтың түктенуінен патогеннің эпидермиске ене алмауы;
в) кутикуланың қалыңдығы, құрылысы және табиғи жолдар саны;
г) өсімдіктегі ингибиторлардың және патогеннің өсуіне әсер ететін
заттардың мөлшері.
Патогеннің таралуына төзімділік факторлары:
а) механикалық тежеулердің болуы (склеренхима, колленхима т. б. ) ;
б) өсімдік клеткасында паразитке кері әсері бар ұлы заттың болуы;
в) өсімдікте паразит қорегінің болмауы.
Сонымен, полигенді (горизонталды) төзімділік механизмі өсімдіктің патогеннің енуіне және дамуына қарсылығымен анықталады.
Әртүрлі әдістерді қолданып алынған жаңа сорттар мен формалардың зиянды организмдерге төзімділігі табиғи және жасанды инфекциялық орталарда бағаланады.
Өсімдіктің зиянкестерге төзімділігі 2 категорияға бөлінеді:
- өсімдік сорттары мен түрлерінің зақымданбауы немесе аз зақымдануы;
- шыдамдылық, яғни зақымдануға төзімділік (зақымдалған өсімдік организмнің немесе бөлігінің өнім беруге қабілеті) .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz