Ауру қоздырғыштардың физиологиялық рассалары және олардың төзімділікті арттырудағы селекцияны қолдану



Кіріспе
Ауру қоздырғыштардың физиологиялық рассалары және олардың төзімділікті арттырудағы селекцияны қолдану ... ... ... ..4.5
II. Негізгі бөлім 2.1. Ауру қоздырғыштарының арнайы бейімділігі және өзгергіштігі ... ... ... ... ... .6.7
2.2.Физиологиялық расалардың түзілуі ... ... ...7.9 2.3.Зиянды организмдерге төзімді сорттарды шығару әдістері
IV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер
Өсімдік иммунитеті XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басында ғылым ретінде дами бастады. Осы кезде иммунитет теориясының ғылыми негізін қалаушы орыстың ұлы ғалымы И.И. Мечниковтың «жануарлар иммунитеті және оның негізгі принциптеры» туралы көптеген еңбектері жарық көрді. Оның бірі 1908жылы жарық көрген иммунитеттің целлюларлық теориясы. Осы теория үшін оған Нобель сыйлығы берілді. Бұл теория бойынша барлық тірі организм (амебадан адамға дейін) өз денесінде микроорганизмдерді қармап, оны қорытады. Амеба және қарапайым организмдерде осылай кәдімгі қоректену үрдісі өтеді. Жануарлар эволюциясында, яғни клетка мен тканьдердің қалыптасуында микробтарды жейтін арнайы клеткалар пайда болған. Мечников ол клеткаларды фагоцидтер деп атады.Кейіннен бұл теория ғылыми жетістіктермен толықтырылды. XIX ғасырдың 80 жылдары Австрия ғалымы Коббтың «механикалық теориясы» жарық көрді. Бұл теория бойынша өсімдік өзін зиянды организмдерден қорғау үшін оның механикалық қорғанысы болуы қажет деген. Автор өсімдіктегі кейбір ерекшеліктер - кутикуланың қалыңдауы, зақымданған бөлікте кысқа мерзімде перидерманың түзілуі, өсімдіктің жеке органдарының ерекше құрылысы және т.б. патогеннің тканьге өтуіне механикалық кедергі келтіреді. Мысалы, бидай эпидермисінің қалың болуы қоңыр тат ауруына төзімді болуына себебін тигізеді деген. Кейіннен өсімдіктің өзін-өзі паразиттерден осындай әдіспен қорғануын пассивті иммунитет деп атады.
1. Попкова К.В. Учение об иммунитете растений. - М., Колос, 1979.3-9 лист [1]
2. Шкаликов И.А., Дьяков Ю.Т. и др. Иммунитет растений. М.,Колос, 2005.28-34 лист [2]
3. www.google.kz. Интернет желісі.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

I. Кіріспе
Ауру қоздырғыштардың физиологиялық рассалары және олардың төзімділікті арттырудағы селекцияны қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4-5
II. Негізгі бөлім 2.1. Ауру қоздырғыштарының арнайы бейімділігі және өзгергіштігі ... ... ... ... ... .6- 7
2.2.Физиологиялық расалардың түзілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7-9 2.3.Зиянды организмдерге төзімді сорттарды шығару әдістері
IV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер

I. Кіріспе
Өсімдік иммунитеті XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басында ғылым ретінде дами бастады. Осы кезде иммунитет теориясының ғылыми негізін қалаушы орыстың ұлы ғалымы И.И. Мечниковтың жануарлар иммунитеті және оның негізгі принциптеры туралы көптеген еңбектері жарық көрді. Оның бірі 1908жылы жарық көрген иммунитеттің целлюларлық теориясы. Осы теория үшін оған Нобель сыйлығы берілді. Бұл теория бойынша барлық тірі организм (амебадан адамға дейін) өз денесінде микроорганизмдерді қармап, оны қорытады. Амеба және қарапайым организмдерде осылай кәдімгі қоректену үрдісі өтеді. Жануарлар эволюциясында, яғни клетка мен тканьдердің қалыптасуында микробтарды жейтін арнайы клеткалар пайда болған. Мечников ол клеткаларды фагоцидтер деп атады.Кейіннен бұл теория ғылыми жетістіктермен толықтырылды. XIX ғасырдың 80 жылдары Австрия ғалымы Коббтың механикалық теориясы жарық көрді. Бұл теория бойынша өсімдік өзін зиянды организмдерден қорғау үшін оның механикалық қорғанысы болуы қажет деген. Автор өсімдіктегі кейбір ерекшеліктер - кутикуланың қалыңдауы, зақымданған бөлікте кысқа мерзімде перидерманың түзілуі, өсімдіктің жеке органдарының ерекше құрылысы және т.б. патогеннің тканьге өтуіне механикалық кедергі келтіреді. Мысалы, бидай эпидермисінің қалың болуы қоңыр тат ауруына төзімді болуына себебін тигізеді деген. Кейіннен өсімдіктің өзін-өзі паразиттерден осындай әдіспен қорғануын пассивті иммунитет деп атады. Бірақ механикалық теория иммунитет құбылыстарына толық жауап бере алмады. Мысалы, қарақаттың (барбарис) қабыгы қалың және жұқа түрлері тат ауруына әртүрлітөзімді екендігі дәлелденді. Иммунитет теориясы туралы көптеген гипотезалар болды. Италия ғалымы Комес (1900ж) өсімдік иммунитеті өсімдік шырыны құрамындағы қышкылдарға байланысты деген. Ол теория бойынша өсімдікте қант пен крахмал көбірек шоғырланған бөлігі ауруды қабылдағыш келеді де, ал өсімдікті аурудан қорғаушы - бос қышқылдар деген. Иммунитет латынның immunitas деген сөзінен шыққан, оның мағынасы - арылу. Иммунитет деп организмнің ауру қоздырғышын және оның өмір сүру процесінде бөліп шығаратын заттарын (токсин, фермент т.б.) қабылдамауын айтады. Орыстың ұлы ғалымы И.И.Мечников (1845-1916) Организмнің инфекциялық ауруды қабылдамау қасиеті - жалпы жүйелі құбылыс, соған байланысты организм ауру тудырғыш микроорганизмдердің шабуылына қарсы тұра алады деген. Бұл ғалым жануарлар иммунитетін зерттеп өзінің целлюларлық теориясын ашқан. Ол теория бойыншаЖануарлардың патогенді микроорганизмдерді қармап, қорытатын арнайы клеткалары - фагоцидтері болады деген. Өсімдікте ондай арнайы клеткалар болмайды, бірақ эндотропты микоризада өсімдік тамыры арқылы енетін саңырауқұлақтардың қорытылатынын Бернар байқаған. Өсімдік иммунитетінің ғылыми негізін қалаған ғалым Н.И.Вавилов(1887-1943ж.). Ғалым Өсімдіктің инфекциялық ауруларға иммунитеті -деген еңбегінде екі теорияға тоқталады. 1. Өсімдік иммунитеті, өсімдіктің генотипіне байланысты, яғни ие-өсімдік пен паразит арасындағы тығыз байланыста қалыптасып, ол өсімдік иммунды немесе иммунды емес болады. 2. Өсімдік иммунитеті өсімдіктің алғаш қалыптасқан экологиялық -географиялық центріне байланысты. Геоцентрінен өсімдік алшақтаған сайын оның иммунитеті төмендейді. Мысалы, астық, бұршақ дақылдарының қалыптасқан геоцентрі Жерорта теңізі, ал осы өсімдіктердің иммунитеті европалық бөлікте төзімді болса, Орта Азияда ол орта төзімді немесе қабылдағыш келеді.
Өсімдіктің ауруға қарсы тұру қабілеті бірнеше топқа бөлінеді:
1.Иммундылық
2.Беріктік (резистенттілік)
3.Төзімділік (толеранттылық)
4.Қабылдағыштық.
Иммундылық - өсімдіктің ауруды мүлдем қабылдамайтын абсолюттік, сапалық, тұрақты қасиеті. Беріктік - өсімдік иммунитетінің өзгермелі, сандық күйі. Төзімділік - ауруға шалдыққан өсімдік жоспарланған өнімділігін айтарлықтай төмендетпеуі. Қабылдағыштық - өсімдіктің ауру қоздырғышына қарсы тұраалмау қабілетін айтады. Ол ие-өсімдікке, инфекциялық ортаға, паразиттің агрессивтілігіне байланыстыболады. Таксономиялық қатарға (клас, қатар, тұқымдас, туыс, түр) байланысты өсімдіктің патогенді микроорганизмдергеиммунитеті әртүрлі болады. [1]

II. Негізгі бөлім 2.1. Ауру қоздырғыштарының арнайы бейімділігі және өзгергіштігі
Арнайы бейімділік деп патогеннің бір немесе бірнеше ие-өсімдіктерді залалдау қабілетін айтады. Патоген өсімдікке орнығу үшін, ол өсімдікте оған қажетті қоректік заттар ғана болып және оған қарсы әсер жасайтын токсиндер болмауы керек. Өсімдіктер құрамы бірдей болмағандықтан, әрбір патоген белгілі ие-өсімдіктерін ғана залалдайды. Паразитті қоректендіруші ие-өсімдік шеңбері патогеннің әртүрлі азықтық затты пайдалану қабілетіне байланысты. Патогеннің ие-өсімдікті залалдауы бойынша бөлінуін филогенетикалық бейімделу деп атайды. Тканьдердің, органдардың ерекшеліктеріне байланысты патогеннің өсімдік бөліктеріне бейімделуін гистотропты (ткань) және органотропты бейімделу дейді.Өсімдіктің даму фазасына байланысты оған патоген енгенде қарсы реакциялардың өзгеруі мүмкін. Патогеннің өсімдікті белгілі бір даму кезеңінде залалдауын онтогенетикалық немесе физиологиялық бейімделу деп атайды. Бір патогенде бейімделу тобының төртеуі немесе кейбіреуі болуы мүмкін. Өсімдік иммунитетінде филогенетикалық арнайы бейімділіктің маңызы зор, себебі ол патогендер белгілі туыстарды, түрлерді және сорттарды залалдауға бейімделген. Ауру қоздырғыштарына бір немесе бірнеше ие-өсімдік түрлерін залалдауына байланысты тар (узко) және кең шеңберлі топтарға (группа) бөледі. Мысалы, Botrytis cinerea, Xanthomonas sollanacearum (картоп қоңыр шірігі) қоздырғыштарының залалдайтын ие-өсімдік шеңбері үлкен. Бұл паразиттер ферменттерімен органдарды залалдап, ондағы әртүрлі заттармен қоректенеді. Бейімділігі кең, паразиттерді- полифагтар дейді. Олар бір тұқымдастың ішіндегі әртүрлі туыстарға немесе бірнеше тұқымдастарға жататын ие-өсімдіктерді залалдайды. Мысалы, 1) склеротиниоз, вертициллоз (вилт) қоздырғыштары 2) Бейімделу шеңбері кең паразит қастауыш қоздырғышы қоңырбас (мятликовые) тұқымдасы ішіндегі астық өсімдіктерін залалдайды. Бейімділігі тар шеңберлі патогендерді монофагтар дейді . Олар біртуыстағы немесе біртүрдегі өсімдіктерді залалдайды. Мысалы, бидайдың қатты қара күйе қоздырғышы (Tilletiatritici) Triticum туысындағы, олжүгерінің көпіршік қара күйе және қызылшаның церкоспороз қоздырғыштары түр - ішіндегі өсімдіктерді залалдайды.
Кейбір патогендер жеке ткандерді (гистотропты) залалдауға бейімделген. Тат саңырауқұлақтары көбінесе жас негізгі тканьді; қара күйе саңырауқұлақтары - жас өскіндердің меристемасын, түйіннің гүл жатыны және бүршіктерін (почек); ақ ұнтақ саңырақұлақтары - эпидермис клеткаларын залалдауға бейімделген. Кейбір жағдайда патогеннің түрі ішінде арнайы бейімделген формалары болады. Ол формалардың әрқайсысы белгілі өсімдікке бейімделіп, оны залалдайды. Формалардың бір-бірінен морфологиялық айырмасы болмайды, бірақ биологиялық айырмашылықтарына байланысты олар белгілі туыстағы өсімдіктерге арнайы бейімделген. Белгілі ие-өсімдік сортында патогенділік қабілетіне қарай бөлінетін арнайы формаларды - физиологиялық раса деп атайды. Патогенді организмдер көптеген формалардан түрады. Әрбір форма белгілі ие-өсімдік сортына патогенді. Бірінші физиологиялық расаны 1894 жылы Эриксон сабақ таты саңырауқүлағынан тапқан. Жалпы Puccinia graminis tritici 300 аса физиологиялық расалары бар. Бұл формалардың әрқайсысы бидай, арпа, қара бидай т.б. залалдауға арнайы бейімделген.Физиологиялық расалар бір-бірінен ие-өсімдікте туғызатын реакциялар-мен анықталады. Физиологиялық расаны анықтауда қолданылатын өсімдікті - дифференциялау - өсімдігі дейді.[1]

2.2.Физиологиялық расалардың түзілуі
Ауру қоздырғыштарының барлық жаңа патогенді формалары микроорганизмдердің өзгергіштігі негізінде түзіледі. Тірі организмде жаңа қасиеттердің пайда болуын немесе бүрынғы қасиеттерінің жойылуын көрсететін генетикалық категорияны - өзгергіштік дейді. Өзгергіштік ішкі жэне сыртқы факторлардың әсеріне байланысты. Ішкі факторларға - негізінен организмнің түқым қуалайтын құрылымы (структура), оның генетикалық жүйесі, ал сыртқы факторға - экологиялық жағдайлар жатады. Фитопатогенді организмдердің қоректік субстраты өсімдік болғандықтан, негізгі фактор - ие-өсімдік. Патогендердің генетикалық өзгергіштігі нәтижесінде саңырауқүлақтар-дың, бактериялардың жаңа вирулентті формалары түзіледі. Оларды биотиптер деп атап, әріппен белгілейді. Саңырауқұлақтардың өзгергіштік механизмі. Фитопатогенді саңырау-құлақтардың генетикалық құрылымындағы (структурасындағы) өзгергіштігі әртүрлі үдерістердің: яғни жыныстық гибридизация (будандасу), мутация, гетерокариоз, парасексуальды рекомбинация (жаңару) әсерінен пайда болады.
I. Жыныстық гибридтену (будандасу).
Патогенді саңырауқүлақтардың жаңа физиологиялық расллары көбінесе жыныстық будандасудан пайда болады. Олар екі түрлі болады.
Тек жынысты көбейетін саңырауқұлақтардың аталық формаларының кейбір қасиеттері ыдырау процессінде жойылып, кейінгі үрпақтарында қайта қүрылу (перекомбинация) нэтижесінде жаңа генотип пайдаболады. Оны жыныстық будандасудейді.
Әртүрлі генетикалық расалар арасындағы гибридтенуден жаңа формалар түзіледі.
Мутация. Барлық тірі организмде химиялық, физикалық факторлардың эсерінен гендік мутация процессі үнемі болып тұрады. Мутацияның нәтижесінде патоген жіпшумагының морфологиясы, температурага сезімтал-дыгы, фунгицидтер мен антибиотиктерге төзімділігі, вируленттілігі өзгеруі мүмкін. Патогенділігінің өзгеруі - жаңа физиологиялық расаның (мутанттың) пайда болуына әсерін тигізеді.
Гетерокариоз. Генетикалық айырмашылыгы бар бірнеше ядролы саңырауқұлақты гетерокарион дейді. Ол екі жолмен пайда болады:
Екі әртүрлі жіпшумақ арасында түтік (анастомоз) түзіліп бірінің ядро л ары екіншісіне ауысуы нэтижесінде пай да болады.
Клетка ядросының біреуінде мутация процессінің болуынан пайдаболды.
Гетерокариоз процессі жаңа патогенді расаның түзілуінің бір жолы және ол парасексуальды үдерістің алғашқы (бастапқы) кезеңі болып табылады.
Парасексуальді үдеріс (қоссексуальді). Кейбір саңырауқүлақтарда жыныстық көбею болмайды, бірақ оларда генетикалық қүрылу жолдан (рекомбинация) жыныстық процестегідей өтіп, қоссексуальды процеспен немесе циклмен алмастырылган.
Қоссексуальді циклда - плазмогамия, кариогамия және хромосомның
гаплоидтануы арнайы органдарда отпейді. Бүл кез-келген вегетативті
жіпшумақта өте алады. Мысалы, бидайдың сары тат қоздыргышында
(Fusariumбұршақтың солуы, Ascochytaбеде,Verticilium)саңырауқұ лақтарының жыныстық процессіболмайды.
Қоссексуальды процесте саңырауқұлақ өзгергіштігі нәтижесінде жаңа расаларды түзеді.
Бактериялардың өзгергіштігі. Фитопатогенді бактериялардың өзгергіштігі мутация, трансформация, трансдукция жолдарымен пайда болады. Бактериялардамутациялық өзгерістер физикалық, химиялық, мутагендер және ие-өсімдік әсерінен болуы мүмкін.
Мутация нәтижесінде қоздырғышы паразиттің патогенділігі, тканьде таралуы, көбею интенсивтілігі, токсин түзуі т.б. факторлары өзгерді.
Трансформация (тасымалдау). Трансформация құбылысы деп, бактерияның бір түрінің қасиеті екіншісіне клетка еіріндісімен (экстрактымен) немесемикроорганизмдердің таза сүзіндісі (культуральных фильтратов) арқылы берілуін айтады. Осы әдіспеп авирулентті бактериялар вирулентті формаларға айналуы мүмкін.
Бұл жағдайда вирулентті штаммның ДНҚ-сы тасымалдау факторы ретінде пайдаланылады.
Трансдукция. Трансдукция деп бактерия хромосомының жеке бөлігінің екінші бактерия клеткасына бактериофаг арқылы өтуін айтады.
Бактериофагтар - вирустар.
Бұл құбылыс физикалық, химиялық факторлардың әсерінен болады. Мысалы, ультра күлгін сәулесімен өңдеу.
Вирустардың өзгергіштігі.
Вирустардың өзгергіштігі кесел белгілермен анықталады. Ол вирустың инфекциялылығы және оның сақталу мерзімі, ие-өсімдікте ауру белгілерінің білінуі (симптомы); залалданатынөсімдік шеңбері.
Қоздырғыш популяциясындағы расаның құрамы
Ауру қоздырғыштарының жаңа вирулентті расаларының түзілуі активті түрде жүргенімен, раса құрамы егістік популяциясында өте аз. Ол неге байланысты? Жаңа физиологиялық расалардың түзілуі және олардың егістік популяциясындажиналуы (накопление),сақталуы үшін табиғатта қолайлы жағдайдың болуы керек:
Раса дами алатын ие-өсімдіктің болуы;
Организмдердің дамуына қолайлы ауа райы.

2.3.Зиянды организмдерге төзімді сорттарды шығару әдістері
Төзімді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктің төзімділігін арттыруда селекцияның рөлі
Өсімдік клеткаларының in vitro жағдайында өзгергіштігі және оны селекцияда қолдану
Ауытқушылықтар мен аурулар, иммунитет генетикасы
Жасушалық инженерия жайлы ақпарат
Дәнді дақылдардың аурулары
Ашытқы жасушаларының құрылымы
Ауыл шаруашылық дақылдардың аурулары
Өсімдіктерді бактериоздардан қорғау
Өсімдік жасушаларын өсірудің қысқаша тарихы
Сұлы дақылының аурулары
Пәндер