Батырлар жыры



Батырлар жыры. Ауыз әдебиетінің бағы заманнан ескірмей ұрпақтан–ұрпаққа ауысып отырған күрделі де мол бір саласы — батырлар жыры. Бұл жырларды жыршы–жыраулар ғасырлар бойы қобызға немесе домбырыға қосып, белгілі бір әнмен айтып, ауыздан-ауызға таратып келген. Қазақ батырлар жырындағы басты қаһарман елін сүйген батыр, ал оның басты мақсат-мұраты — халқын, Отанын басқыншы жаудан қорғау. Батырлар жырының көпшілігінде халықтың түбегейлі мұң-мүдесі көкселеді. Батырдың халыққа қамқоршы болу арманы, сол жолдағы іс-әрекеті жырлануы арқылы оның өз-үй ішіне, өз руына деген сүйіспеншілігі, де айқындалады. Батырлар жырларынан ерте замандағы баласы жоқ қарттың, бастаушысы жоқ елдің басқадан жәбір-жапа көретіні де танылады. Басқыншылардан қорғайтын батыр жайлы жырлар ел қиялында осындай зарығу, торығу тұсында туады. Мұндай батырды халық қартайған ата-ананың амандығы үшін қажет деп біліп, оның көршілес рулармен де күш біріктіруін көздейді. “Алпамыс батыр”, “Қобыланды батыр”, “Ер Тарғын”, “Қамбар батыр” сықылды қазақ батырлар жырларында қалмақ, моңғол басқыншыларының шабуылы баяндалып, қазақ батырларының сол күрестегі ерлігі жырланады. Олардың отаншылдығы мен адалдығы, уәдеге беріктігі зұлымдық пен қиянатқа қарсы қойылады. Әрине батырлар жырындағы оқиғалардың тарихпен жанасымы өзінше болады. Бір жыр бірнеше ғасырды аралап, жүздеген жыршы-жыраулардың аузынан өтетіндіктен, онда әр ғасырдағы тарихи фактілер араласа жүреді. Сөйтіп, батырлар жырында “әр дәуірден құралған кезеңнен” алынған батырдың жиынтық бейнесі тұлғанады. Батырлар жырының бай идеялық мазмұнына сай сюжеті мен композициясы да

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Батырлар жыры
Батырлар жыры. Ауыз әдебиетінің бағы заманнан ескірмей
ұрпақтан–ұрпаққа ауысып отырған күрделі де мол бір саласы — батырлар жыры.
Бұл жырларды жыршы–жыраулар ғасырлар бойы қобызға немесе домбырыға қосып,
белгілі бір әнмен айтып, ауыздан-ауызға таратып келген. Қазақ батырлар
жырындағы басты қаһарман елін сүйген батыр, ал оның басты мақсат-мұраты —
халқын, Отанын басқыншы жаудан қорғау. Батырлар жырының көпшілігінде
халықтың түбегейлі мұң-мүдесі көкселеді. Батырдың халыққа қамқоршы болу
арманы, сол жолдағы іс-әрекеті жырлануы арқылы оның өз-үй ішіне, өз руына
деген сүйіспеншілігі, де айқындалады. Батырлар жырларынан ерте замандағы
баласы жоқ қарттың, бастаушысы жоқ елдің басқадан жәбір-жапа көретіні де
танылады. Басқыншылардан қорғайтын батыр жайлы жырлар ел қиялында осындай
зарығу, торығу тұсында туады. Мұндай батырды халық қартайған ата-ананың
амандығы үшін қажет деп біліп, оның көршілес рулармен де күш біріктіруін
көздейді. “Алпамыс батыр”, “Қобыланды батыр”, “Ер Тарғын”, “Қамбар батыр”
сықылды қазақ батырлар жырларында қалмақ, моңғол басқыншыларының шабуылы
баяндалып, қазақ батырларының сол күрестегі ерлігі жырланады. Олардың
отаншылдығы мен адалдығы, уәдеге беріктігі зұлымдық пен қиянатқа қарсы
қойылады. Әрине батырлар жырындағы оқиғалардың тарихпен жанасымы өзінше
болады. Бір жыр бірнеше ғасырды аралап, жүздеген жыршы-жыраулардың аузынан
өтетіндіктен, онда әр ғасырдағы тарихи фактілер араласа жүреді. Сөйтіп,
батырлар жырында “әр дәуірден құралған кезеңнен” алынған батырдың жиынтық
бейнесі тұлғанады. Батырлар жырының бай идеялық мазмұнына сай сюжеті мен
композициясы да өзгеше келеді. Бір оқиғадан екіншісі туып, кейіпкерлердің
іс-әрекеті, қимылы жүйелі дамып отырады. Батырлар жырының өлеңдік құрылысы
көбіне жеті, кейде сегіз және он буынды болып келеді. Жыр тармақтарындағы
өлең өлшеміне қарай араласып, ауысып та келе береді.
Қазақ батырлар жыры жайында алғаш пікір айтып, зерттеу жүргізген
ғалымдар — В.В.Радлов, И.Е.Березин, Г.Н.Потанин, Ш.Ш.Уәлиханов,
Н.И.Ильминский, А.Е.Алекторов, Ә.А.Диваев. Олардың әрқайсысы әр кезеңде
болса да, қазақ ауыз әдебиетінің соның ішінде батырлар жырының молдығын,
өзіндік ерекшелігін атап көрсетті, көркемдік және мазмұндығы сапаларына
шолу жасады. Сонымен бірге олар ел ауызынан эпос үйгілерін жинап хатқа
түсіруде, жыр нұсқаларын бір-бірімен салыстырып баспаға даярлауда, орысшаға
аудартып, түсініктер жазуда көп еңбек етті. Қазақ эпостарының халықтық
үлкен мәдени мұра екені хақында айтқан Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев,
бертініректе Сұлтанмахмұт Торайғыров пікірлерінің ғылыми бағасы зор.
Қазақ эпосын жан-жақты зерттеу, оны жариялау ісі совет дәуірінде
кеңінен өріс алды. Эпикалық жырлар жөнінде арнайы мақалалар, ғылыми
еңбектер жазылады, батырлар жырының таңдауылы үлгілері жеке кітап болып
басылды. “Алпамыс батыр”, “Қамбар батыр”, “Қобыланды батыр”, сияқты
эпостық жырлар-дың белгілі бір жүйеге түсірілген ғылыми басылымдылары
жарық көрді. Орта мектептерге және жоғары оқу орындарына арналған
оқулықтарда, жекелеген ғылыми еңбектерде, “Қазақ әдебиеті тарихының” 6
кітаптық басылымын да батырлық жырлар жеке талдауға алынып зерттелді. 1953
жылы Алматыда болған дискуссияда, 1956 жылы Ташкентте өткен республика
аралық конференцияда эпос мәселесі кеңінен сөз болды. Қазақ ғалымдары
С.Сейфуллин, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев,
М.Ғабдуллин тағы басқалары зерттеулерінде, сондай-ақ А.С.Орлов,
В.М.Жирмунский, Н.С.Смирнова, Х.Т.Зарифов сияқты оқымыстылар еңбектерінде
де қазақ эпосы жайында айтылған бағалы пайымдаулар аз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ батырлар жырлары
Қоңқаева Салтанат Қазақ эпосының көркемдік шеберлігі
Лиро- эпостық және батырлар жырындағы салт- дәстүрлерді оқыту
Батырлар жырын оқыту
Қобыланды батыр жыры туралы
Қобыланды батыр жайлы
НОҒАЙЛЫ ДӘУІРІНДЕГІ ЖЫРЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Тарихи жырлардың субъективтілігі
«МУЛАН» ЖЫРЫ - ХАЛЫҚ МҰРАСЫ
Тарихи өлеңдердің зерттелуі
Пәндер