Ибн Синаның философиялық мұрасы
МАЗМҰНЫ
І. КІРІСПЕ 3
1. Ілімге іңкәрлік 3
ІІ. Негізгі бөлім 4
2.1 Ибн Синаның философиялық мұрасы 9
2.2 Дәрігерлер атасы 14
Қорытынды 17
Пайдаланылған әдебиеттер: 18
І. КІРІСПЕ 3
1. Ілімге іңкәрлік 3
ІІ. Негізгі бөлім 4
2.1 Ибн Синаның философиялық мұрасы 9
2.2 Дәрігерлер атасы 14
Қорытынды 17
Пайдаланылған әдебиеттер: 18
І. КІРІСПЕ
1. Ілімге іңкәрлік
Адамзат мәдениетінде тарихи тұрғыдан алып қарағанда үзілмес байланыс, сабақтастық бар. Мәдениеттің бір бөлігі есептелетін ғылымның даму жолы мұның айқын айғағы болса керек. Ғылымның, білімнің зәулім сарайы салынып салтанат құру ісіне көп халықтың озық ойлы, ұшқыр қиялды ардагер азаматтары ат салысқан: бірі іргетасын қаласа, екіншісі қабырғасын тұрғызды, үшіншісі: басқа кем-кетігін толтырды. Ол ғалым, өнерпаздардың ерте заманда өткен көпшілігінің тарихта аты қалмады, бірақ олардың еңбегі, ашқан жаңалығы адамзат игілігі үшін қалаған асыл мұра ретінде ұрпақтан ұрпаққа, халықтан халыққа ауысып келеді, барған сайын молайып, кемелденіп жарқырай түсуде, мәңгі солай бола бермек.
Ғылымды дамытуда орасан зор қызмет етіп, мол үлес қосқан ғұламлардың үлкен бір шоғыры орта ғасыр заманында Таяу және Орта Шығысты мекендеген елдерден шыққан.
Орта ғасырларда дамып, гүлденген араб және түркі тілдес философия туралы әдебиеттер баршылық, дегенмен де ол әлі толық зерттелмеген. Бүгінгі таңда Шығыс мәдениеті мен философиясы, өркениетті әлемдік деңгейде рухани мәдениеттің бар саласына белсенді әсер етіп үлкен үміт арттырып отыр.
Осы орта ғасырда пайда болып, жаңа заманға дейін философия тарихында көрнекті орын алған, еңбектерін араб тілінде жазған, негізінен мұсылман елдерінен шыққан ойшылдар тобының ілімін ғылымда “фалсафа” деп атау дәстүрі бар.
Фалсафа философия дегеннің арабшаланған түрі. Демек, араб тілі орта ғасырда философиялық мәдениеттің тіліне айналған. Философияның бір тілдік негізде өрбігені тарихта белгілі, айталық антикалық философия грек тілі негізінде болса, Шығыс Азия мен Қытайда тибет тілінде, Орта Азия мен Еуразиялық кеңістікте түркі тілінде, Батыс Еуропада орта ғасырлардан жаңа дәуірге дейін латын тілінде, қазіргі заманда мұндай міндетті ағылшын тілі игеріп кетуі ықтимал.
Фалсафаның араб тілінде өрбуіне мәдени-тарихи, саяси-әлеуметтік жағдайлар болған. Бұл жерде еріксіз мойындайтын мәдени - әлеуметтік жағдай ислам діні оны таратушы басты саяси күш Араб халифаты. Халифат мемлекеттік құрылым ретінде Аравияда VІІ ғасырдың жиырмасыншы жылдары пайғамбарымыз Мұхаммедтің діни реформасы нәтижесінде өмірге келген. Пайғамбарымыз дүние салғаннан кейін Халифат мүлдем ұлан-асыр империяға айналды. Әдетте, мұндай империялардың ғұмыры ұзақ болмаушы еді, халифат болса жеті ғасырдай уақыт өмір сүрді. Бұл империялар тарихында болмаған мерзім. Араб халифатының қол өнері, шаруашылығы, атап айтқанда суармалы жерді пайдалану мәдениеті мен техникасы, саудасы мен өндірісі Еуропаға қарағанда анағұрлым жоғары дәрежеде еді. Осы себептердің бәрі жиналып келіп, орта ғасырлық ғылым мен философияның күрт дамып өркен жаюына игі ықпал жасады.
Алайда араб мәдениеті араб халифаты сияқты көп ұлтты болды. Оның көркеюіне, дамуына арабтармен бірге түріктер де, берберлер де (мавр), парсылармен египеттіктер де атсалысты. Екінші жағынан араб тілінің негізінде ежелгі Шығыс мәдениеті мен антикалық мәдениет ұштастырыла дамытылды, өзіндік жалғасын тапты.
Осыған орай Бағдат қаласы үлкен мәдени, рухани орталыққа айналды. Мұнда Платонның, Аристотельдің, Гиппрокат пен Галеннің, Эвклид, Архимед және Птоломейдің шығармалары араб тіліне аударылып, басылып, мұсылман әлеміне кеңінен танымал болды. Аристотелизм ағымының ықпалы философия саласында өте күшті болды. Сөйтіп мұсылман перипатизмінің негізі қаланды. Ол негізінен екі бағытқа бөлінген еді. Біріншісі, Әл – Кинди, Әл – Фараби және Ибн Синаның (Авиценна) атымен байланысты шығыстық аристотелизм. Екіншісі Ибн – Туфейль және Ибн Рушдтың (Аверроэс) атымен байланысты, испан аристотелизмі. Алғашқы кезде арабтар Аристотель философиясының неоплатониктер бұрмалаған нұсқасымен танысқанды. Кейінен, Аристотельдің түпнұсқа еңбектері араб тіліне тікелей аударылып, зерттеу объектісіне айналған кезде ғана ол бұрмалаушылықтардың ықпалы жойылды. Сөйтіп, араб мұсылман әлемі Платон және Аристотель еңбектерімен тікелей танысуға мүмкіндік алды.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ауданбек Көбесов «Сөнбес жұлдыздар» 1973 ж. Алматы 158 бет.
2. Ғ. Есім «Фалсафа тарихы» 2000 ж. Алматы 278 бет.
3. Болат-Канал. «Әбу Әли ибн Сина» «Ақиқат» журналы №6 1996 ж. 61 бет.
4. Ж. Алтай, А. Қасабеков, Қ. Мұхамбет-әли
«Философия тарихы» 1999 ж. Алматы «Жеті жарғы» 287 бет.
1. Ауданбек Көбесов «Сөнбес жұлдыздар» 1973 ж. Алматы 158 бет.
2. Ғ. Есім «Фалсафа тарихы» 2000 ж. Алматы 278 бет.
3. Болат-Канал. «Әбу Әли ибн Сина» «Ақиқат» журналы №6 1996 ж. 61 бет.
4. Ж. Алтай, А. Қасабеков, Қ. Мұхамбет-әли
«Философия тарихы» 1999 ж. Алматы «Жеті жарғы» 287 бет.
МАЗМҰНЫ
І. КІРІСПЕ 3
1. Ілімге іңкәрлік 3
ІІ. Негізгі бөлім 4
2.1 Ибн Синаның философиялық мұрасы 9
2.2 Дәрігерлер атасы 14
Қорытынды 17
Пайдаланылған әдебиеттер: 18
І. КІРІСПЕ
1. Ілімге іңкәрлік
Адамзат мәдениетінде тарихи тұрғыдан алып қарағанда үзілмес байланыс, сабақтастық бар. Мәдениеттің бір бөлігі есептелетін ғылымның даму жолы мұның айқын айғағы болса керек. Ғылымның, білімнің зәулім сарайы салынып салтанат құру ісіне көп халықтың озық ойлы, ұшқыр қиялды ардагер азаматтары ат салысқан: бірі іргетасын қаласа, екіншісі қабырғасын тұрғызды, үшіншісі: басқа кем-кетігін толтырды. Ол ғалым, өнерпаздардың ерте заманда өткен көпшілігінің тарихта аты қалмады, бірақ олардың еңбегі, ашқан жаңалығы адамзат игілігі үшін қалаған асыл мұра ретінде ұрпақтан ұрпаққа, халықтан халыққа ауысып келеді, барған сайын молайып, кемелденіп жарқырай түсуде, мәңгі солай бола бермек.
Ғылымды дамытуда орасан зор қызмет етіп, мол үлес қосқан ғұламлардың үлкен бір шоғыры орта ғасыр заманында Таяу және Орта Шығысты мекендеген елдерден шыққан.
Орта ғасырларда дамып, гүлденген араб және түркі тілдес философия туралы әдебиеттер баршылық, дегенмен де ол әлі толық зерттелмеген. Бүгінгі таңда Шығыс мәдениеті мен философиясы, өркениетті әлемдік деңгейде рухани мәдениеттің бар саласына белсенді әсер етіп үлкен үміт арттырып отыр.
Осы орта ғасырда пайда болып, жаңа заманға дейін философия тарихында көрнекті орын алған, еңбектерін араб тілінде жазған, негізінен мұсылман елдерінен шыққан ойшылдар тобының ілімін ғылымда "фалсафа" деп атау дәстүрі бар.
Фалсафа философия дегеннің арабшаланған түрі. Демек, араб тілі орта ғасырда философиялық мәдениеттің тіліне айналған. Философияның бір тілдік негізде өрбігені тарихта белгілі, айталық антикалық философия грек тілі негізінде болса, Шығыс Азия мен Қытайда тибет тілінде, Орта Азия мен Еуразиялық кеңістікте түркі тілінде, Батыс Еуропада орта ғасырлардан жаңа дәуірге дейін латын тілінде, қазіргі заманда мұндай міндетті ағылшын тілі игеріп кетуі ықтимал.
Фалсафаның араб тілінде өрбуіне мәдени-тарихи, саяси-әлеуметтік жағдайлар болған. Бұл жерде еріксіз мойындайтын мәдени - әлеуметтік жағдай ислам діні оны таратушы басты саяси күш Араб халифаты. Халифат мемлекеттік құрылым ретінде Аравияда VІІ ғасырдың жиырмасыншы жылдары пайғамбарымыз Мұхаммедтің діни реформасы нәтижесінде өмірге келген. Пайғамбарымыз дүние салғаннан кейін Халифат мүлдем ұлан-асыр империяға айналды. Әдетте, мұндай империялардың ғұмыры ұзақ болмаушы еді, халифат болса жеті ғасырдай уақыт өмір сүрді. Бұл империялар тарихында болмаған мерзім. Араб халифатының қол өнері, шаруашылығы, атап айтқанда суармалы жерді пайдалану мәдениеті мен техникасы, саудасы мен өндірісі Еуропаға қарағанда анағұрлым жоғары дәрежеде еді. Осы себептердің бәрі жиналып келіп, орта ғасырлық ғылым мен философияның күрт дамып өркен жаюына игі ықпал жасады.
Алайда араб мәдениеті араб халифаты сияқты көп ұлтты болды. Оның көркеюіне, дамуына арабтармен бірге түріктер де, берберлер де (мавр), парсылармен египеттіктер де атсалысты. Екінші жағынан араб тілінің негізінде ежелгі Шығыс мәдениеті мен антикалық мәдениет ұштастырыла дамытылды, өзіндік жалғасын тапты.
Осыған орай Бағдат қаласы үлкен мәдени, рухани орталыққа айналды. Мұнда Платонның, Аристотельдің, Гиппрокат пен Галеннің, Эвклид, Архимед және Птоломейдің шығармалары араб тіліне аударылып, басылып, мұсылман әлеміне кеңінен танымал болды. Аристотелизм ағымының ықпалы философия саласында өте күшті болды. Сөйтіп мұсылман перипатизмінің негізі қаланды. Ол негізінен екі бағытқа бөлінген еді. Біріншісі, Әл - Кинди, Әл - Фараби және Ибн Синаның (Авиценна) атымен байланысты шығыстық аристотелизм. Екіншісі Ибн - Туфейль және Ибн Рушдтың (Аверроэс) атымен байланысты, испан аристотелизмі. Алғашқы кезде арабтар Аристотель философиясының неоплатониктер бұрмалаған нұсқасымен танысқанды. Кейінен, Аристотельдің түпнұсқа еңбектері араб тіліне тікелей аударылып, зерттеу объектісіне айналған кезде ғана ол бұрмалаушылықтардың ықпалы жойылды. Сөйтіп, араб мұсылман әлемі Платон және Аристотель еңбектерімен тікелей танысуға мүмкіндік алды.
ІІ. Негізгі бөлім
Италияның ұлы ақыны Алигьери Дантенің "Тәңірінің тәлкегі" атты әйгілі поэмасында ұлы ғалымдарға бағышталған мынадай жолдары бар:
Геометр Евклид, Птолемей,
Гиппократ, Гален мен Авиценна
Аверроэс талдаушы бүгінгідей.
Толық айтып шыға алмаған бәрін бірдей,
Есімдерін қысқаша шолып өттім,
Сондықтан да көрінер сөзім кедей.
Мұндағы ақынның Авицена деп отырғаны - есімі әлемге әйгілі Шығыс ғұламаларының бірі Әбу Әли ибн Сина.
Ол туралы өте ертеден келе жатқан көп аңыз - әңгіме бар. Солардың ХІІ - XІІІ ғысырларда шығарылған көне біреуінде ғалымның жас кезінде өз елінің оқуын тауысып, білім алу үшн жиһан кезіп кетіп, көптеген қиыншылықтарға төтеп бергені суреттеледі.
Халықтың ұлы ғұламаға деген үлкен сүйіспеншілігінен туған көптеген аңыздарда жалпы білім алуға деген құштарлық дәріптелген, әрі мұның өзі жас талапкерлерге үлгі - өнеге ретінде ұсынылған.
Әбу Әли ибн Сина (Авиценна) - Орта Азия атырабынан шыққан ғылым мен мәдениеттің дамуына үлкен ықпал еткен тұлғалардың бірі.
Ол өзінің көзінің тірісінде-ақ ғалымдар арасында "Шайх - ар - Райс" - ғалымдар ғұламалары ағасы атанған. Әбу Әлиді кейде "Үшінші ұстаз" деп те атайды. Шығыс ғалымдары "Бірінші ұстаз" және "Екінші ұстаз" деген лақап атты Аристотель мен Фарабиға берген болатын. Бұл ғылым алыптарының ғылыми - философиялық мұралары арасында белгілі бір жалғастық, сабақтастық бар. Фараби Аристотель мұраларының мирасқоры болса, Әбу Әли Сина Фараби еңбектерінен тәлім алған.
Әбу Әлидің толық аты-жөні Әбу Әли Хусайн ибн Абдаллах ибн Сина. Ол шамамен 980 жылы Бұқара қаласының маңындағы Афшана қыстағында тәжіктің семьясында дүниеге келген.
Жалпы шығыс ғұламалары ішінен өмір жолы туралы мағлұматтар да, деректер де, шығармалары да неғұрлым толығырақ сақталған адам ибн Сина деп айтуға болады, өйткені ол жас шағы туралы өзі жазып қалдырған, ал ересек кезі мен өмірінің соңғы жылдары жөнінде шәкірті Журжани көп мәлімет келтіреді.
Ибн Синаның балалық және жастық шағы Бұқарада өтті. Бұл уақытта Бұқара Орта Азиядағы аса ірі мәдени орталықтардың бірі болатын. Бұқараның жоғарғы сатыдағы мәдени өмірі Ибн Синаның көзқарасының қалыптасуына игілікті әсерін тигізді. Ол қаланың у-шу базарын аралап, көше қыдырып халық ортасында жүргенді ұнатқан. Әсіресе ибн Сина базардағы кітап қатарларын аралап, араб, түркі, дари, сирия тағы басқа тілдерде жазылған кітап - қолжазбаларға көп көңіл бөліп, оларды сатып алып отырған.
Әкесі Әбу Әлиді бес жасында Бұқарадағы мектепке оқуға береді. Зерек бала он жасында-ақ Құранды түгел жатқа айтатын болды, грамматика, стилистика, поэтика сияқты пәндерді меңгереді. Осыдан кейін бүкіл Бұқараға белгілі философ Натилиден логика, философия, математика, заң ғылымдары бойынша дәріс алады. Геометрияны Евклид бойынша, ал астрономияны Птоломей бойынша өздігінен оқып үйренуге кіріседі. Айтылған ғылымдардың негізін үйренгендерді кейін Әбу Әлиге жаратылыстану ғылымдарын меңгеру қиын болмай қалады.
Ол, әсіресе медицинамен қатты әуестенеді. Ежелгі гректің ұлы дәрігерлері Гиппократ, Гален, Шығыс медицина білгірлерінің еңбектерін оқуға үлкен зейін қояды. Сонымен Әбу Әли 18 жасқа жетпей-ақ білгір, зерделі оқымысты атанады. Оның бізге жеткен өмірбаянында шәкірттік кездерін, ғылым негіздерін меңгеру жолындағы мехнаттарын баяндайтын қызғылықты мағлұматтар бар. Ибн Синаның басынан кешкен жәйттәр сол замандағы ғылым шыңына құлаш ұрған үлкен ғұламалардың барлығының дерлік басып өткен жолдары өткелдері болатын.
"Мен он жасымда Құранды және әдебиет ғылымын үйрендім. Бұл ғылымдарды тез игергеніме жұрт таң қалды. Менің әкем мысырлықтардың көзқарасын жақтайтын, өзін исмаилиттер қауымындамын деп есептейтін (исмаилиттер - сара мұсылмандар жолына қарсы топ, А.К.). Кейде ол маған және ініме жан туралы, ақыл туралы әңгімелейтін. Мен тыңдап, ой талқысына сала келіп, әкемнің айтқандарын қабыл алмадым. Ол мені қалай үгіттесе де өз дініне түсіре алмай, ыза болушы еді. Кейде әкем философия, геометрия және үнді есебі (арифметика) туралы айтатын, соларды білетін кісілерге жұмсайтын. Ол мені бірде үнді цифрларын меңгерген ұстазға жұмсады, мен оны тез арада үйреніп алдым. Осы кезде Бұқараға философияның білгір маманы Абу Абдаллах Натали деген кісі келді. Әкем маған философия үйретсін деп оны үйге ұстады. Осыдан сәл бұрынырақ Исмаил Захид сопыға барып, заң ғылымын үйренген едім. Ол маған айтыс, ой қорыту, біреудің сөзінің өтірігін шығару, заң мәселелерін түсіну өнері туралы көп мағлұмат берді.
Натилидің басшылығымен логика туралы "Исагоги" кітабын оқуға кірістім. Ұғымның тегі жөнінде біраз пікір айтып едім, мұғалімім оны тіпті есітпеген болып шықты. Логикалық талдауларыма риза болғандығы сонша, ол менен ажырап қалудан қорқып, "балаңның оқуын тыюшы болма" деп әкемді үгіттеумен болды.
Ұстазым қандай мәселе көтерсе де, мен оның түп мәніне ұстазымнан көрі тереңірек бойлаушы едім. Өйткені ол мәселенің нәзік жерлерін өзі де біліңкіремеуші еді, осылай ол боп, өзім боп логика негіздерін меңгердім. Сонан соң логика жайлы кітаптарды өз бетіммен, оқуға, талдауға кірістім, бұл кезде едәуір тәжірибе жинақтап шеберленіп қалған едім. Ұстазыммен бірге Евклидтің бес-алты теоремасын өттім, қалғандарын өз бетіммен оқып түсініп, қиындықтарын жеңдім. Сонан кейін біз астрономия жөнінде жазылған Птолемейдің "Алмагестіне" көштік. Кіріспе бөлімін тамадап, геометриялық формулаларды бастағанда-ақ, Натили одан ары қарай өзінің де білмейтінін мойындап: "Өзің оқы, теоремасын дәлелде, содан соң барып маған нәтижесін көрсет, мен дұрысы мен терісін түсіндіріп берейін", - деді. Мен кітаптарды оқуға кірістім, кездескен қиын мәселелерді ұстазыма баяндап тұрдым, бұдан ол көп пайда табатын еді, өйткені бұрын білмеген нәрселерін ұғынып алатын. Оның мен арқылы үйреніп білгендері көп болды.
Көп ұзамай Натили Үргенішке кетті. Мен кітаптарды жинай бердім, толассыз оқып-тоқи бердім. "Фисусты" және физика мен метафизика салалары жазылған басқа трактаттар қолға түсті, осылай білім есігі менің алдыма бірінен соң бірі ашыла берді. Енді мен тәуіптік (медицина) ғылымына ден қойдым, бұл жөніндегі кітаптарды оқумен шұғылдандым. Қысқа мерзім ішінде бұл өнерді меңгергенім сонша, өте әйгілі дәрігерлер менімен санасып, кеңес сұраушы еді. Емдеу пратикасымен (тәжірибесімен) де айналыстым, бұл жөніндегі құпиялардың дарбазасы күн санап ашыла бастады. Мен сонымен қатар заң ғылымын үйренуді қатар жүргіздім; бұл кезде менің жасым он алтыға толып еді.
Тағы бір жарым жылдай үлкен іждағатпен логика және басқа ғылымдарды тереңдетіп қайта қарап шықтым. Бұл кездерде мен бірде-бір түн толық ұйықтаған емеспін. Тіпті күндіз де ғылымнан басқа еш нәрсемен айналыспайтынмын. Егер жазатайым ұйықтап кетсем, түсімде сол ғылыми мәселелермен шұғылданатын едім. Кейде қиын сауалдарға түсімде жауап тапқан кездерім болды. Ғылымның негіздерін жетік меңгеріп, оның құпия сырларын кемел ұғынғанша мен осылай тынбай жұмыс істей бердім.
Логика, математика, табиғаттану ғылымдары жөнінде жетіккенім сонша, қазір есейген кезімде де тап сол кездегіден көп білемін деп айта алмаймын. Содан соң дін ғылымына ниетім ауды. "Метафизика" кітабын оқыдым, бірақ еш нәрсе түсінбедім, автордың ойы жұмбақ болып қалды. Қайта-қайта оқыдым, тіпті жаттап алдым, бірақ сонда да бұрынғы күйімде қалдым. Мен күдер үзіп, "түсініксіз кітап" деп қолымды бір-ақ сілтедім.
Сөйтіп жүргенде бір күні базарға барып едім, кітап сатушы саудагер бір кітапты жер-көкке сыйғызбай мақтап тұр екен. Мен тағы да түсініксіз бірдеме шығар деп алғым келмеп еді, сатушы қолқалап жанымды қоймады. Үш теңге беріп алып қарасам қолымдағы қолжазбалар Әбунасыр Фарабидің "Метафизика тезистері" деп аталатын кітабы және оған қосымша Аристотель философиясына жазған түсініктемесі болып шықты. Үйге жүгіріп келіп жалма-жан оқи бастадым. Түсінбей жүрген ғылымымның есігі ашылып, қиындық тұманы ыдырай бастады. Қуанышым қойны-қоншыма сыймады, ертеңіне жоқ-жұпыныларға мол етіп садақа бердім.
Осы кезде әмір Нух ибн Мансур қатты науқастанып, тәуіптердің емі қонбай ауруы асқынып кетті. Менің дәрігерлік өнерді жетік меңгергенімді есітіп, әмір мені шақыртып алды. Мен басқа дәрігерлермен қосылып, әмірді емдеп жаздық. Осыдан былай ол мені жақсы көретін болды.
Мен бірде әмірден сарай кітапханасына барып кітап оқып тұруға рұқсат сұрадым. Ол менің тілегімді орындады. Көп бөлмелі үйге кірсем, әр бөлмеде тізілген, бірінің үстіне бірі қойылған қойылған кітапқа лық толы сандықтар тұр... Мен кітаптар тізімімен танысып өзіме қажеттерін алдырдым. Мен мұнда көп адамдар атын да естімеген қолжазбалар көрдім. Мұндай бай кітапхананы бұрын-соңды кездестірген емеспін. Бұл кітаптарды құмарта оқып көп нерсе үйрендім, ғылымдар білгірі деген дәрежеге жеттім. Жасым он сегізге келгенде, мен бүкіл ілімді тауыстым, содан кейін маған бар ғылымда бейтаныс нәрсе көп кездеспеді. Айырмасы сол ғана, егер, мен жас кезімде бірден, лезде жеңіл қабылдайтын болсам, қазір ғылым мәселелеріне байыппен, салмақтылықпен қараймын, білімім бұрынғымен салыстырғанда орнықтырақ және анығырақ.
Хорезмнің саяси жағдайы, Хорезмді жаулап алушы Махмұд Ғазнауидің озбырлықтары Әбу Әлиді Хорезмнен кетуге мәжбүр етеді. Әбу Әли оған қызмет істеуден үзілді-кесілді бас тартқан болатын. Осыдан кейін ибн Сина Хорасан мен Табаристанның қалаларын - Нисаны, Нишапурды, Тусты т.б. аралап шығады. Ол ғылми-педагогикалық жұмыс жүргізуге жағдайлы болатын жер іздейді. Махмұд Ғазнаудің "ұзын құрығынан" сескеніп, ғалым Орта Азия мен Иранның басқа шаһарларының да дәмін татады. Бір өлеңінде өзінің жағдайын мысқылдап, ол: "Менің сорайып өсіп кеткенім сонша, ешбір шаһарға сыймадым", - дейді. Надан әкімдердің жаласынан абақтыға да отырып шыққан кездері болады.
Алайда ибн Сина ғылым мен дәрігерлік практикасын бір сәт тоқтатпауға тырысқан. Мәселен, Хамадан түрмесінде өткізген төрт айы ішінде "Шипа кітабының" логика тарауларының тезистерін түзеп, оны үнемі ұстартумен шұғылданған. Ол Аристотельдің ғылыми-философиялық еңбектерін игеруде жерлесі әм ұстазы Әбунасыр Фарабидің кітаптарының шешуші ықпал еткенін жасырмай мойындайды. Кейінгі зерттеулер Орта Азия топырағынан шыққан бұл екі ғұламаның ғылыми жақындығы мен туыстығының соны қырларын ашып отыр.
Ибн Сина қандай жағдайда жүрмесін, қандай қызметте болмасын, ғылыми және ұстаздық жұмысын тоқтатпаған. Ол таң сәріден тұрып кітап жазуға немесе бұрын жазылған дүниені қайта қарап редакциялауға отырады екен де, сонан соң шәкірттеріне де осы қасиетті мүлтіксіз орындауды талап еткен. Бір шәкірті ғұламаның уақытқа сараңдығы жөнінде мынадай эпизод келтіреді: "Біз, шәкірттер, мейрам қарсаңында бір түн таң атқанша көңіл көтеріп, қатар-құрбымен ойнап-күліп думандатып өткіздік. Сонан соң сол бетімізбен асығып-үсігіп жуынып медресеге жиналдық. Шайх ар-Райс өтілетін тақырыпты баяндауға кірісті. Алайда ол қағидаларды қалай түсіндіргенімен, біз қалғып-мүлгіп жөнді ести алмадық, ұғына да алмадық. Бір кезде ұстаз бұрылып маған былай деді: "Өткен түнде ырду-дырду, еріккендікке елігіп асыл өмірлеріңнің алтын сәтін, қымбат уақыттарыңды бекерге шашқандарыңды байқап отырмын". Мен болған нәрсені мойындадым. Шайх ар-Райс қатты қайғырып көзіне жас алып, ауыр күрсінді де: "Ғылым саласынан еш нәрсе алмай алтын уақытты босқа жібергендерің мен үшін қандай аянышты. Надан масқарапаздар өз өнерлерімен мыңдаған ақылды адамдарды таңдандыратын еді. Ал сендер заң ғылымының кейбір оп-оңай қағидаларын білмей, біздің заманымыздағы барша надандарды таң қалдырып отырсыңдар", - деді.
Жаратылыстану ғылымдарының қай саласында болса да, Әбу Әли Сина бұрынғылар деңгейінде қалып қоймай, өз тарапынан соны болжамдар жасады. Мәселен, астрономияны баяндауда ежелгі грек астрономы Птолемейге қосымша жаңа бақылаулар жүргізді, астрономиялық жаңа құралдар жасайды. Ол физикалық қозғалыстар, музыкалық теория жайында да жаңа тұжырымдар айтады. Ибн Сина табиғаттың өз алдына адамнан тыс объективті түрде өмір сүретінін, мойындайды, негізге алады. Сондықтан да ол жартылыстану саласындағы еңбектерінде фактіге, тәжірбие жасауға, экспериментке мықтап сүйенеді, осының арқасында өз кезімен салыстырғанда анағұрлым озық тұрған идеялар айтып, ғылыми табыстарға жеткен. Ол әсіресе қазіргі химия, геология, физиология, психология т.б. ғылымдарға жол салушы көрнекті ғалымдар қатарына қосылады.
"Шипа кітабының" геологиялық тарауы орта ғасыр заманында латын тіліне аударылып, Европа ғалымдары арасында кең тараған. Алайда бұл трактатты аударушылар Аристотельге теліп, Шығыс ғалымына қиянат жасау фактісі болған. Тек біздің ғасырымызда ғана зерттеушілер салыстыра тексеру жолымен ибн Синаның авторлығын толық дәлелдеп шықты.
Ғалымның табиғаттану жөнінде материалистік тұрғыда болғанын ыспаттау үшін, оның тау және тау жыныстарының пайда болу жөніндегі теориясын келтіру жеткілікті. Оның көзқарасы бойынша тау жынысының түп негізі балшық деп біледі, "ең әуелі балшық тас пен балшық аралық затқа, яғни жұмсақ тасқа айналады, сонан соң қатайып тас түріне көшеді". Мұның ақиқаттығын растау үшін өз бақылауларына сүйенеді. "... біздің бала кезімізде, - дейді ғұлама - Жейхун (Әмудария) жағасында бас жуатын балшықтар көруші едік, кейін шамамен жиырма үш жыл аралатып барғанымызда, ол балшық жұмсақ тасқа айнала бастағанының куәсі болдық".
Геологиялық процестердің өте баяу жүретіні жайлы ескі грек кемеңгерлерінің қорытыныдыларын жаңғыртып, дамытып, Әбу Әли: "Шынында қәзір тіршілік орын алып отырған жерлерде бұрын тіршілік болмай теңіздің түбі болды деу жөн, өйткені көп тастарды сындырған кезде теңіз ұлуы тәріздес су мекенді жәндіктердің қалдығы шығады" - дейді. Бұл дүние Алланың әмірімен алты күнде пайда болыпты-мыс дейтін діншілердің негізі қағидасына бүтіндей қайшы келеді.
Тағы бір мысал. Ибн Сина психология мәселелеріне көп назар аударып, адам психолгиясының (жанының) денеге әсерін бақылауға әрекет жасайды. Әрине, бұл жөнінде ғалым орта ғасырлық қате түсініктен, мистицизмнен де құр алақан емес. Алайда Ибн Сина зерттеулерінің құнды жағы оның тәжірибе мен бақылауға иек артуында жатыр. Ол мынадай тәжірбие жасаған: салмағы бірдей екі қозыны екі жерге байлап жем-шөпті бірдей беріп баққан. Бірақ біреуінің маңына ұлытып, ырылдатып қасқыр байлап қойған. Нәтижесінде қасқырмен көршілес қозы семіру орнына күн сайын арықтап, қатып-семіп құрып бітуге айналады. Міне, осылай ибн Сина психикалық жағдай мен физиологиялық процестер арасындағы байланысты ашуға тырысады. Ибн Синадан қалған көптеген рубаяттар бар.
Әбу Әли рубаяттарында адамдарды білімді болуға үндейді, білімді адам ғана өз күшін өзі сезе алатынын айтады. Бірақ надандар алдында білгеніңді көрсетіп, қасиетті сырыңды ашып, кекшілдігін қоздырып алма деп кеңес береді. Адамның адамына қарай қатынас жасауға үйретеді. Ол шәкірттеріне: "Құпияңды кез келгенге айта берме, абай бол, естелік бір басқа, сақтық бір басқа. Егер сақтай білсең сенің сырың - өзіңнің пендең, ал әшкере етіп алсаң - сен оның пендесісің", - деп орынды сақтандырады.
Ибн Сина өмірінде көп қуғын көргенін есіне алады.
"Менің кейбір жақсы қасиеттерімді қызғанатын адамдардың қылығына таң қаламын,- дейді ибн Сина. - Олар мен жоқта мұқату үшін менің артықшылығымды сөгеді, даналығымды іске алғысыз етеді. Өздерінің кемшілігін елемей, менің артықшылығыма өшігіп, олар тағылыққа дейін барады. Шынында мен тау шыңымын, олар тауды менсінбей жоқ қылмақшы болып босқа әуеиленген таутекелер".
2.1 Ибн Синаның философиялық мұрасы
2 Әл-Кинди мен Әл-Фарабидің ілімдерін одан әрі дамытушы, әрі жалғастырушы ибн Сина болды.
Ибн Сина (Авиценна) дүниетанымының қалыптасуына философ әрі жаратылыстану ғылымдарының озық үлгілі білгірі ретінде араб мұсылман әлемінде танымал болуына Әл-Кинди мен Әл-Фараби философиясының тікелей ықпал тигізгені белгілі.
Кейбір толық емес деректерге қарағанда, Әбу Әли ірілі-ұсақты 274 еңбек жазған. Бұлардың басым көпшілігі (182) философия мен теологияға, 50 еңбек медицинаға, 24 еңбек жаратылыстану, математика ғылымдарына, 4 еңбек поэзияға т.с.
Әбу Әли ибн Синаның өз қолымен жазылған мағлұматтар оның үлкен ғылыми тверчестволық жұмысқа жастай дайындалып, қол артқанын көрсетеді, бұл жолда аса зор шыдамдылық, үлкен дарын мен қабілет, есепсіз еңбексүйгіштік қажет болғаны байқалады. Мәселен, кемеңгер Аристотельдің данышпандық мұраларын игеру орта ғасыр заманында оңайлыққа түспейтін міндет еді, өйткені, біріншіден, Аристотельдің жазу стилі өте қиын болса, екіншіден, аудармашылар мен түсіндірушілер кейде әдейі, кейде білмегендіктен Аристотель еңбектерінің мазмұнын бұзып жіберетін. Бізге тек үзінділер күйінде жеткен "Шығыс философиясы" атты атақты еңбегінде ибн Сина өзінің Аристотель философиясына қатысып тұжырымдаған. "Аристотель, - деп жазады ибн Сина, - шым-шытырық қиын мәселерді шешуді, дұрыс пен терісті ажыратуды қолға бірінші болып алып, адам баласы мүмкіндігінен асып түсетін іс тындырды, ал кейін келгендер оның қатесін түзетулері ләзім еді. Алайда Аристотельдің жолын қуушылар оның күшті ықпалынан шыға алмай, ұлы ғұламаның дұрысын да, терісін де қызғыштай қорғаумен өмірлерін сарп етті".
Шығыста Фараби, ибн Сина бастаған философтар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz