Өсімдіктің қорғану механизмі



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Селекция ғылымының дамуы
2.2 Өсімдіктің қорғану механизмі
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Иммунитет (латынша іm-munіtas – босап шығу, арылу, құтылу) немесе Төтемелілік — организмнің антигендік қасиеттері бар жұқпалы және жұқпалы емес бөгде заттарды, жұқпалы аурулар қоздырғышын немесе олар бөліп шығаратын кейбір улы заттарды қабылдамаушылық қасиеті және оларға қарсы тұру қабілеті. Иммунитет – көрінісі мен механизмі бойынша әрқилы болып келетін жалпы жоғары сатыдағы организмдерге (адамдар, жануарлар, өсімдіктер) ортақ биологиялық қасиет. Организмнің бұл қасиеті оның жеке басының тіршілік ортасына бейімделу ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Иммунитет кезінде организмде аса күрделі биологиялық процестер жүріп, организмнің қорғаныштық қасиеті арта түседі. Соның нәтижесінде түрлі зиянды микроорганизмдерді, олардың уларын, т.б. бөгде заттарды ыдыратып, бейтараптап жойып жіберетін қабілеті күшейеді. Иммунитет – өсімдіктер арасында да ауруға қарсы төзімділік туғызатын биологиялық қасиет. Өсімдіктер иммунитеті туралы ғылымның негізін салған Н.И. Вавилов. Ол өсімдіктер иммунитетнің екі формасы: сұрыпты иммунитет және түрлік иммунитет бар екенін анықтады. Өсімдіктер иммунитеті олардың морфол., физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктерімен байланысты, олардың біреулері шешуші, ал екіншілері қосымша рөл атқарады. Иммунитет заңдылықтарына сүйене отырып, адам мен жануарлар арасында кездесетін әртүрлі жұқпалы ауруларға диагноз қою, емдеу және оларға қарсы егу әдістерін енгізуде, ауруға тұрақты өсімдік сұрыптарын шығару бағытында Қазақстан ғалымдары айтарлықтай зерттеулер жүргізді. Өсімдіктердің патогенді микроорганизмдерге төзімділігі ұлпалардағы қосыңдылардың — белоктардың, ферменттердің мөлшеріне, арақатынастарына, ырықтығынша, т.б. тығыз байланысты. Көптеген зертгеушілер патогендерге төзімсіз өсімдіктерде індеттенген соң негізінен тат саңырауқұлақтарының әсерінен азотты қосындылардың мөлшері көбейетіндігін байқады. Сондай-ақ нуклеин қышқылдарының арақатынастарында да өзгерістер болатыңдығы анықталды: төзімсіз ұлпаларда іңдетгенуден кейін РНҚ мөлшері көбейіп, ДНҚ мөлшері өзгермейді.
1. Микологиялық және фитопатологиялық анықтамалық сөздік. Павлодар 2013ж.
2. Wikipedia сайты
3. «Фитоппатология» Р.Д. Карбозова, К.Н. Туленгутова Алматы- 2014ж
4. «Фитопатология» А.О. Сағитов, М.Х. Назарбекова, Р.Д. Карбоза Алматы-1992ж
5. Акбасова А.Ж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университеті, Астана, Қазақстан. E-mail: a.j.alua@mail.ru, Ғылыми жетекші – б.ғ.к.,Омаров Р.Т.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Селекция ғылымының дамуы
2.2 Өсімдіктің қорғану механизмі
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Иммунитет (латынша іm-munіtas - босап шығу, арылу, құтылу) немесе Төтемелілік -- организмнің антигендік қасиеттері бар жұқпалы және жұқпалы емес бөгде заттарды, жұқпалы аурулар қоздырғышын немесе олар бөліп шығаратын кейбір улы заттарды қабылдамаушылық қасиеті және оларға қарсы тұру қабілеті. Иммунитет - көрінісі мен механизмі бойынша әрқилы болып келетін жалпы жоғары сатыдағы организмдерге (адамдар, жануарлар, өсімдіктер) ортақ биологиялық қасиет. Организмнің бұл қасиеті оның жеке басының тіршілік ортасына бейімделу ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Иммунитет кезінде организмде аса күрделі биологиялық процестер жүріп, организмнің қорғаныштық қасиеті арта түседі. Соның нәтижесінде түрлі зиянды микроорганизмдерді, олардың уларын, т.б. бөгде заттарды ыдыратып, бейтараптап жойып жіберетін қабілеті күшейеді. Иммунитет - өсімдіктер арасында да ауруға қарсы төзімділік туғызатын биологиялық қасиет. Өсімдіктер иммунитеті туралы ғылымның негізін салған Н.И. Вавилов. Ол өсімдіктер иммунитетнің екі формасы: сұрыпты иммунитет және түрлік иммунитет бар екенін анықтады. Өсімдіктер иммунитеті олардың морфол., физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктерімен байланысты, олардың біреулері шешуші, ал екіншілері қосымша рөл атқарады. Иммунитет заңдылықтарына сүйене отырып, адам мен жануарлар арасында кездесетін әртүрлі жұқпалы ауруларға диагноз қою, емдеу және оларға қарсы егу әдістерін енгізуде, ауруға тұрақты өсімдік сұрыптарын шығару бағытында Қазақстан ғалымдары айтарлықтай зерттеулер жүргізді. Өсімдіктердің патогенді микроорганизмдерге төзімділігі ұлпалардағы қосыңдылардың -- белоктардың, ферменттердің мөлшеріне, арақатынастарына, ырықтығынша, т.б. тығыз байланысты. Көптеген зертгеушілер патогендерге төзімсіз өсімдіктерде індеттенген соң негізінен тат саңырауқұлақтарының әсерінен азотты қосындылардың мөлшері көбейетіндігін байқады. Сондай-ақ нуклеин қышқылдарының арақатынастарында да өзгерістер болатыңдығы анықталды: төзімсіз ұлпаларда іңдетгенуден кейін РНҚ мөлшері көбейіп, ДНҚ мөлшері өзгермейді.

-3-
Селекция ғылымының дамуы. Ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыруда селекция және тұқым шаруашылығының маңызы өте зор. Жергілікті жағдайда бейімделген жоғары өнімді сорттар мен будандарды өсірудің нәтижесінде өндіретін дақылдардың өнімділігі 40-50 және одан да жоғары пайызға көтеруге болады. Селекция(латын тілінен аударғанда selection- сұрыптау немесе іріктеу) - жаңа сорттар мен будандарды шығарумен айналысатын ғылым. Алғашқы кезде жаңа сорттар шығаруда тек сұрыптау әдісі қолданылған. Қазіргі кезде селекцияда сұрыптаумен қатар, будандастыру, полиплодия, мутагенез, биотехнология сияқты басқада әдістер кеңінен қолданылуда. Селекционерлердің жоғары мамандануын қажет ететін генді инженерия, гаплоидты селекция сияқты әдістерді пайдалану қазіргі күні басты бағытқа айналуда. Сондықтан селекционерлер жасушаның ішкі құрлысын, тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті, өсімдікте болатын ішкі құбылыстарды, аурулар мен зиянкестерді, өнімді сақта, өңдеу технологиясын жақсы білумен қатар, математиканы, химияны, өндіріс экономикасы мен ұйымдастыру негіздерін білулері қажет. Селекция жұмысының ғылыми - теориялық негізгі тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым генетика болғанымен, селекция өз алдына дербес ғылым. Ол жаңа ағзалар шығаруға негіз болатын ерекше әдістерге сүйенеді.
Ғылыми селекция. Селекцияның ғылым ретіндегі дамуына XVIII- XIX ғасыр аралығындағы ғалымдар: Найт, Бербанк, Мендель,Римпау және бәрінен бұрын Дарвин еңбектерінің маңызы зор болды. Ч.Дарвиннің ілімі ғылыми селекцияның дамуында шешуші рөл атқарды, ол ұсынған органикалықдүниенің эволюциясы туралы ілім селекцияның ғылыми базасы және оның алғашқы негізі болып қаланды. Селекция туралы ғылым эволюциялық ілімге негізделген. Н. И. Вавилов еңбектерінде көрсетілгендей, селекция дегеніміз - өсімдіктер мен жануарлардың қалыптастыруға адамның араласуы болып табылады. Селекциялық материалдарды бағалау тәсілдері. Селекциялық материал деп - барлық селекциялық жұмыс процесінде алынған белгілер мен сорттарды айтады. Әрбір алынған және өндіріске ендірілген жаңа сорттар жыл сайын жоғары өнім беріп, сапасы жақсы болу үшін, селекциялық материалдарды мынадай негізгі көрсеткіштері бойынша бағалайды: 1.өнімділігі; 2.қолайсыз климат жағдайына төзімділігі; 3.ауруға төзімділігі; 4.егу,күту, жинау жұмыстарында техниканы пайдалануға бейімділігі; 5.сапасы; Селекциялық материалдарды сынаған кезде жан - жақты, дәлдік және бағаны тез уақыттың ішінде беру негізгі талап болып табылады. Оларды әр түрлі белгілері және қолайсыз жағдайларға төзімділік дәрежесі бойынша бағалағанда, әдетте бес баллдық көрсеткішті қолданады. Соңғы кездері селекционерлер тоғыз баллдық жүйені де пайдалануда. Бұл жүйе халықаралық жүйе болып табылады. Өнімділігін бағалау. Өнімділік - бұл бір өсімдіктен алынған орташа өнім. Белгілі бір көлемдегі егістіктің өнімі екі түрлі көрсеткішке байланысты анықталады. Олар: өнімділігі және өсімдіктің орташа саны. Қысқа төзімділігін бағалау. Күздік дақылдардың қысқа төзімділігі көп жағдайда сорттың агротехникалық және тұқым қуалаушылық ерекшеліктеріне байланысты болады. Қысқа төзімділігін бағалаудың егістік тәсілі. Селекциялық жұмыста қысқа төзімділікті бағалауда әр түрлі егістік тәсілдер қолданылады. Қыстап шығуды көз жобасымен анықтау. Ол үшін көктемде, яғни өсімдіктер өсіп жетілгенде, әр қайсысын қарастыру арқылы бес баллдық жағдайда бағалайды. Күздік бидайдың қысқа төзімділігін 9 баллмен бағалайды. Құрғақшылыққа төзімділігін бағалау. Құрғақшылық біздің елімізде жиі болатын құбылыс. Кейбір жылдары олар үлкен жер көлемін алып, барлық ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін төмендетеді. Құрғақшылықпен күресудің бірден - бір жолы - бұған төзімді сорттар егу болып табылады. Өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігі дегеніміз - олардың жоғары температурада, ауаның төменгі ылғалдылығында топырақта ылғалдылықтың жетіспеу кезінде өз бойындағы суды дұрыс пайдалану арқылы сапасы жақсы, жоғары өнім беру мүмкіндігі.
Ауруға төзімділігін бағалау. Ауруға қарсы күресте агротехникалық және химялық жолдармен қатар, төзімді сорттар шығарудың маңызы өте зор. Селекциялық материалдардың ауруға төзімділігін зерттегенде, көбіне оларға қолдан ауру егу тәсілі қолданылады. Тат ауруына төзімділігін бағалау. Белгілі бір климаттық жағдайда тат ауруы жиі өте қатты байқалса, сорттың төзімділігін оның шалдығу дәрәжесі бойынша егі алқабында анықтауға болады. Зиянкес жәндіктерге төзімділігін бағалау. Өсімдіктің зиянкестерге төзімділігі дегеніміз - оның жәндіктермен зақымданған мүшелері мен тканьдерін қалыпқа келтіру мүмкіндігі немесе зақымданбау қасиеті. Ауыл шаруашылық дақылдарының әр түрлі сорттарының зақымдану ерекшеліктері мынадай себептерге байланысты: 1. Анатомиялық - морфологиялық ерекшеліктері. 2. Өсіп-жетілу ерекшелігі. 3. Сорттардың зақымдалған мүшелері мен тканьдерін қалыпқа келтіру мүмкідігі. 4. Өсімдіктердің тканьдері мен мүшелерінің биохимиялық құрамы жөніндегі ерекшелігі. Жатып қалуға төзімділігін бағалау. Дәнді дақылдың жатып қалуы оны механикалық жолмен жинауды қиындатумен қатар, көптеген шығынға ұшыратады. Интенсивті сорттар үшін бұл көрсеткіш міндетті талап болып табылыды. Дәнді - дақылдардың жатып қалуын екіге бөледі: 1. Дақылдардың сабақтан жатып қалуы; 2. Тамыр түбінен жатып қалуы. Селекциялық процестің техникасы және оны ұйымдастыру.
Жаңа сорттар шығару процесі ерекше селекциялық әдістерді қолданумен және өнімді ету, күту,бақылау, жинау кезінде бір сыпыра техникалық тәсілдерді пайдаланумен байланысты мәселелердің үлкен жиынтығын қамтиды. Бұған сондай-ақ учаскені таңдау және оны селекциялық жұмыстарға дайындау, сорттар мен селекциялық нөмірлерді сынау және оларды көбейту, алынған мәлметтерді жөнлеу т.б. жұмыстарды белгіленген схема бойынша ұйымдастыру мен іске асыру мәселелері кіреді. Селекциялық процесс сорт шығарумен аяқталады. Сорттар мен селекциялық материалдарды сынау кезінде олар үшін барлық агротехникалық жағдайлар бірдей болуы тиіс. Мөлдектердің көлемі мен мүсіні туралы көп айтылып та, жазылып та жүр. Бірақ мөлдектің көлемі кішігірім болып қайталымы көп болған дұрыс. Себебі топырақтың шұбарлық әсері де аз болады. Егер мөлдек ұзартылған және ені тарлау болса солғұрлым салыстыру қажеттері азайып, нақтылығы артады.
Өсімдік селекциясы (лат. selectіo - таңдау, сұрыптау) -- ауыл шаруашылықтың өсімдіктерінің жаңа сорттарын, гибридтерін шығаратын және бұларды шығару әдістерін зерттейтін ғылым, өсімдік сорттары мен гибридтерін шығару әдістері туралы ғылым. Өсімдік селекциясы ғылым ретінде агрономия ғылымы саласына жатады, бірақ егіншілікке, агрохимия, өсімдік өсіруге қарағанда селекция ғылымы өсімдіктің өз табиғатына әсер ету жолдарын іздеп, тұқым қуу қасиетін қажет бағытқа өзгертуді көздейді. Сондықтан өсімдік селекциясының теориялық негізі - генетика. Өсімдік селекциясы ботаника, цитология, өсімдік физиологиясы, өсімдік өсіру, экология т.б. ғылымдар мен тығыз байланысты. Өсімдік селекциясы жұмыстары нәтижесінде шығарылған жаңа сорттарды өндіріске енгізу - алғашқы шыққан өндірісі өнімін арттырудың ең бір тиімді әдісі. Өсімдік селекциясы тарихи адамның егіншілікпен айналасуынан басталады. Селекцияның қарапайым түрі ерте заманда-ақ ірі дәнді келесі жылы себуге қалдырып отырудан басталады. Бұндай халық селекциясы шығарған бірқатар сорттардың маңызы әлі күнге дейін орасан зор. Өсімдік селекциясы дамуына Батыс Еуропа елдері селекционер-практиктері 1774 жылы Париж маңында құралған Вильмонер селекция фирмасы жұмыстарының қорытындысы ,Ч.Дарвинның Түрлердің пайда болуы деген еңбегі, К.А.Тимирязевтің тұқым қуу және өзгергіштік туралы ілімі, И.В.Мичуриннің сұрыптау нәтижесінде жемістердің жаңа сорттарын шығару жұмыстары үлкен әсер етті. КСРО-да өсімдік селекциясы алым ретінде 19 ғ. аяғы мен 20 ғ-дың басында қалыптаса бастады. Ең алғашқы ғылыми мекеме 1885 жылы Полтавада құрылды.1903 жылғы Мәскеу құрамында селекциялық арнаулық тәжірибе станциясы құрылып, дәнді дақылдар мен зығырдың алғашқы жаңа сорттары шығарылған.1909жылы Харьковте т.б. қалаларда тәжірибе станциялар құрылды. 1921 жылы В.И.Ленин қол қойған Тұқым туралы декрет шықты, бұл селекция, тұқым мәселелерімен айналысатын мекемелер жұмысының негізіне алынды. 1924 жылы Бүкілодақтық ботаника және жаңа екпе дақылдар интернаты құрылып, ол 1930 жылы Бүкілодақтық өсімдік өсіру интернатына айналды. Бұл интернатты ұзақ уақыт Н.И.Вавилов басқарып, өсімдік селекциясының теориялық негізін құрды және елімізде тәжірибе-селекция жұмысын ұйымдастыруға көп еңбек сіңірді. П.П.Лукьяненконың басшылығымен Краснодар ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институтында күздік бидайдың жоғары өнімді Безостая-1, Аврора және Кавказ деген сорттары шығарылады. Бұлар бұрынғы аудандастырылған (12-18 ц өнім беретін) сорттарға қарағанда гектарынан 60-70 ц өнім береді.
Қазақстанда өсімдіктер селекциясы' саласындағы жүйелі зерттеулер 20 ғ-дың 30-жылдары басталды, қазіргі уақытта Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты, Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ мал азығын өндіру және жайылым ғылыми-зерттеу институты, Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, т.б. бірқатар ауыл шаруашылығы институттары, облыс ауыл шаруашылығы және селекциялық тәжірибе станциялары шұғылданады. Өсімдік сорттары мен гибридтерін шығарудағы негізгі мақсат - өсімдіктің өнімділігін, аязға, қуаңшылыққа төзімділігін арттырып, аурулар мен зиянкестерге қарсы тұру қабілетін күшейту, т.б. Қазіргі кезде жеміс-жидектің, дәнді дақылдардың, картоптың, көкөніс-бақша дақылдарының, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдік иммунитетінің маңызы мен мақсаты
Өсімдіктің зиянкестермен зақымданбауы
Өсімдіктердің індетті (патогенді) ауруларға иммунитеті
Өсімдіктің жасанды иммунитеті
Патологеннің арнайы бейімделігі
Активті немесе табиғи иммунитет
Фагоцитоз құбылысы
Өсімдіктің иммунитетінің ерекшелігі
Өсімдік селекциясы және селекцияға түсінік
Өсімдіктердің зиянкестерге төзімділігі
Пәндер