Өсімдіктің зиянкестермен зақымданбауы


Жоспары
Кіріспе
I. Негізгі бөлім
- Өсімдіктердің зиянкестерге төзімділігі
- Өсімдіктің зиянкестермен зақымданбауы
- Өсімдіктің қорғану типі бойынша зиянкестерге төзімді сорттарды шығару
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Иммунитет - организмнің ауру тудыратын агенттерді олардың тіршілік ету өнімдерін, сондай-ақ генетикалық табиғаты басқа заттарды қабылдамаушылығы. Иммунитеттің қалыптасуына тұтас жүйе ретінде бүкіл организм қатысады, өйткені оның қорғану механизмі бір-біріне байланысты, әрі нейрогуморалды реттеу жағдайында әрекет етеді.
Өсімдіктер иммунитеті туралы ғылымның негізін салған Н. И. Вавилов. Ол өсімдіктер иммунитетнің екі формасы: сұрыпты иммунитет және түрлік иммунитет бар екенін анықтады. Өсімдіктер иммунитеті олардың морфологиялық, физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктерімен байланысты, олардың біреулері шешуші, ал екіншілері қосымша рөл атқарады. Иммунитет заңдылықтарына сүйене отырып, адам мен жануарлар арасында кездесетін әртүрлі жұқпалы ауруларға диагноз қою, емдеу және оларға қарсы егу әдістерін енгізуде, ауруға тұрақты өсімдік сұрыптарын шығару бағытында Қазақстан ғалымдары айтарлықтай зерттеулер жүргізді.
Иммунитет - көрінісі мен механизмі бойынша әрқилы болып келетін жалпы жоғары сатыдағы организмдерге (адамдар, жануарлар, өсімдіктер) ортақ биологиялық қасиет. Организмнің бұл қасиеті оның жеке басының тіршілік ортасына бейімделу ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Иммунитет кезінде организмде аса күрделі биологиялық процестер жүріп, организмнің қорғаныштық қасиеті арта түседі. Соның нәтижесінде түрлі зиянды микроорганизмдерді, олардың уларын, т. б. бөгде заттарды ыдыратып, бейтараптап жойып жіберетін қабілеті күшейеді.
- Өсімдіктердің зиянкестерге төзімділігі
Өсімдіктің зиянкестерге (насекомдарға) төзімділігі, оның ауруларға төзімділігіне қараганда аз зерттелген. Әйтсе де, қазіргі кезде 60-тан астам ауылшаруашылық дақылдарының көптеген зиянкестеріне, кеміргіш және сорғыш түрлеріне төзімді формалармен сортар табылды.
Мысалы: 1. Швед шыбынына, кара күйе мен гельминтоспариоз ауруларына төзімді бидай сорттары шығарылды.
2. Қазіргі кезде Колифорнияда егілетін бидай сортының 98% - ыгессен шыбынынатөзімді.
АҚШ пен Канадада мақта, астык дақылдарының ішінде, жаздық бидайдың төзімді сорттары егіледі.
Төзімді сортты практикада кең колданып, химиялық күресті қысқартып, ауаны ластанудан сақтайды.
В. Шапиро айтуы бойынша төзімді өсімдіктер табиғатта зиянды организмнің санын реттеуші негізгі фактор болып табылады. Алайда адамдар азыктық сапасы жоғары мәдени сорттар шығара отырып, оларға зиянды насекомды таратады. Өсімдіктің жабайы түрлері құрамында адамдардан басқа да, зиянды организмдер пайдалана алмайтын антинетабалиттер (токсин, алколоидтар, глюкозиттер. т. б) . Өсімдіктің зиянкестерге иммунитеттің физиологиялық механизмі осы қасиеттеріне байланысты.
Азықтық сапасы мен өнімділігі жоғары мәдени өсімдіктерді шығару процесінде олардың имммунитеті жойылып көптеген насекомдардың зиянкес болып қалыптасуына себебін тигізеді.
Өсімдіктің зиянкестерге төзімділігі 2 категорияға бөлінеді:
- өсімдік сорттары мен түрлерінің зақымданбауы немесе аз зақымдануы;
- шыдамдылық, яғни зақымдануға төзімділік (зақымдалған өсімдік организмнің немесе бөлігінің өнім беруге қабілеті) .
Анотомиялық - морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты кейбір өсімдіктер, зиянкестер зардабына шалдықпайды. Аса түкті бидай сортында Гессен шыбыны жұмыртқасын аз уақыт ішінде салып бітіреді. Оның себебі түктілік, механикалық тітіркендіргіш ретінде әсер етеді. Ал, түксіз жылтыр өсімдікте аналық шыбын қолайлы орын (борозда) іздеп тапқанша процес ұзаққа созылып, кейбіреулері толық жұмыртақалап үлгермей өліп қалады. Жаздық бидай зиянкестің аналық шыбыны жұмыртқасын жапырақ қынабы, сабағын көбірек орайтын сортына салады.
Кейбір насекомдардың өсімдік сорттары мен түрлерінің биохимиялык ерекшеліктерін ажырататын қасиеттері бар. Соған байланысты олардың шабуылы бір сортқа күшейіп, ал екіншісіне, керісінше, болмайды. Мысалы: картоптың мәдени түрінде (сортында) Колорадо қоңызы жақсы қоректенеді де, ал жабайы түрлеріне жоламайды. Бұл талғампаздық (талғам қоректену) картоптың жабайы түрінде глюкозидтің ерекше формасы демиссиннің болуына байланысты.
Крест гүлдердің көптеген зиянкестері құрамында қыша майы көп өсімдіктерді зақымдауға бейімделген.
Насекомдар иіске өте сезімтал келеді. Өсімдіктің өткір иісті сорттарыоның иіссіз сорттарынақарағанда көбірек зақымдалады. Ондай заттарға көптеген өсімдік құрамында болатын қастамық майы жатады.
Өсімдіктің өсуі және даму фазаларының ерекшеліктері эволюциялык даму процесінде зиянкестердің жұмыртқа салу кезеңі ие өсімдіктің белгілі бір даму кезеңдеріне бейімделген.
Өсімдіктің даму кезеңін өзгерте отырып, оның зақымданбауын қамтамасыз етуге болады.
Мысалы: 1) астықтың тез пісетін сорттарын шығарып Швед шыбынынан сақтауға болады.
2) жаздық бидайдың төзімді сорттарының масактану кезеңі астық сұр көбелегінің ұшу және жұмыртқалау кезеңіне сәйкес келмеуі, оларды осы зиянкестерденсақтайды.
- Өсімдіктің зиянкестермен зақымданбауы
Кейбір өсімдік түрлері мен сорттары зиянкестер шоғырланып, топтанып оның тканімен қоректенуіне қарамастан өсімдіктің дамуы, өмір сүруі тоқталмайды.
Зиянкестің өсімдік тканімен қоректенуіне кедергі болатындай өсімдік сортының бір қатар ерекшеліктері бар:
- Зиянкестің енуіне қарсы өсімдіктің арнайы активті реакциясы.
- Өсімдіктің биохимиялық қасиетінің зиянкес талабына сай келмеуі.
- Өсімдік сортының анотомиялык ерекшелігі.
- Кейбір өсімдік сортының өсу және даму зиянкес зардабынан кетуі немесе шалдықпауы.
Өсімдік төзімділігінің активті реакциясы тесіп сорушы зиянкестеріне (біте, цикада, трипс, қандала, кене) тән. Бұл топтағы насекомдардың ас қорытуы ішек сыртында өтеді, яғни олардың ас корытыу ферменттері өсімдікке енгізіледі де закымдалған ткань жансызданып (өліп), ыдырап, қортылып дайын күйде зиянкес организміне өтеді.
Сондай-ақ насекомдар өсімдікте зат алмасу процесін бұзатын заттар бөліп шығарады. Соған байланысты өсімдік барлық қорғану күшін насеком ферменттерін бейтараптауға жұмсайды. Ал, ферменттер әрекетін жеңіп шығуы өсімдіктің төзімділік дәрежесіне байланысты.
Зиянкестерге карсы бидайдың кейбір төзімді сорттарында антиферменттер түзілуіне байланысты паразит ферменттері дән клейковинасын сұйылта алмайды, яғни насеком (бақашық қандала) бұл өсімдіктен коректік зат таба алмайды.
Өсімдіктің биохимиялық кұрамының және басқа касиеттерінің зиянкес талабына сай келмеуі.
Өсімдіктің түрлері немесе сорттарында зиянкестер қоректік зат таба алмауына байланысты оларды зақымдамайды, яғни ол өсімдік зиянкес талабына сәйкес келмейді. Ал насекомдардың дамуы қоректік заттың кұрамына, көбеюіне, ұрпақ қалдыруына тікелей әсерін тигізеді. Соған байланысты өсімдік насеком ферменттерін инактивациялауға барлық қорғану күшін жұмсайды.
Өсімдіктің кейбір анатомиялық - морфологиялық ерекшеліктері оның тканьіне насекомдардың енуіне кедергі болады. Мысалы: күнбағыс көбелегінің жұлдызқұрты қатты қабықты күнбағыс сортын закымдамайды. Қатты қабықты сорттардың сыртқы кабығы қара түске боялған, сондықтан жұлдызкұрты зақымданбайды.
Швед шыбынына төзімділік өсімдіктің комплексті қасиеттеріне (морфологиялық- физиологиялық) байланысты.
Бұл қасиеттерге осмостық қысым ерте қысқа мерзімде түптенуі, шамадан тыс түптенуі дамуының алғашқы кезеңінде сабақ қабығының каттылығы бір мезгілде масақтануы, негізі және сабақтар қосылып масағының пісуі. Егер комплексті қасиеттерінің бірі төмендесе, онда жалпы төзімділік те төмендейді.
Жүзімнің филоксераға төзімділігі де комплексті қасиеттерімен анықталады:
- тоз қабаттың интенцивті түрде түзілуі;
- клетка шырынының қышкылдылығы;
- иілік заттар мөлшері;
- насеком ферменттеріне өсімдіктің қарсы реакциясы. Өсімдіктің қорғану типі бойынша зиянкестерге төзімді сорттарды шығару
Төзімділік қоры ретінде өсімдіктің жабайы түрлерін қолданғанда төзімділік қасиеттерімен бірге жабайылық қасиеттері де ұрпаққа берілуі мүмкін (сапасы мен өнімділігі төмен) .
Бұл жағдайда алынған сорттың төзімділігінен басқа да қасиеттерін шығаруда қайта будандастыру әдісі қолданылады. Ол үшін буданның бірінші ұрпағын қайта мәдени сортпен будандастырып, төзімді формаларын іріктеп, оларды қайта мәдени сортпен будандастырады. Бірнеше қайта будандастыру, сұрыптау нәтижесінде өсімдіктің жаңа формасы шығарылады. Үнемі қайталанатын будандасуды жақсарту әдісі дейді.
Қорғану типі бойынша зиянкестер әсеріне төзімді сорттарды үш категорияға бөледі:
1. Паразиттерге төзімділік (қоздырғыштар мен зиянкестерге) . Бұл төзімді сорттың паразиттердің дамуын тежеу. Зиянкестердің даму циклының кешеуілдеуі немесе жәй, созылып өтуі . Соның салдарынан эпифитотий және эпизоотий тежеледі.
2. Зиянкестерге төзімділік. Төзімді өсімдік сорттарында патоген
немесе насекомдар ие-өсімдіктегідей дами алады, бірақ сорт қанағаттандырарлық өнім береді.
3. Паразит әсерінен кету (уход ) . Бұл қорғау типі бірнеше факторлармен анықталады.
а) Өсімдіктің зақымдану немесе залалдану фазасы паразиттің зияндылық фазасымен сәйкес келмеуі. Мысалы, кейбір тез дамып, пісетін сорттардың даму циклі зиянкестер зиян келтіретін деңгейге жеткенше аяқталып қалады.
ә) Зиянкестерге төзімділік өсімдіктің физиологиялық немесе цитоплазмалық ерекшеліктеріне байланысты.
Селекцияда зиянкеске төзімді сорттарды шығару жұмысы екі бағытта жүргізіледі:
- Паразиттердің дамуына қолайлы орта бола алмайтын төзімді сорттар, шығару.
- Паразиттердің көбеюін толық тежейтін төзімді сорттар шығару. Бұл жағдайда фитопатолог, энтомолог, селекционер бірлесіп жұмыс жасайды.
Төзімді сорттарды шығаруда еске алынатын жағдайлар:
1. Зиянкес туралы толық деректерді (этиология, таралуы,
экологиялық ерекшеліктері, ие-өсімдік шеңбері, физиологиялық расалары)
білу қажет.
- Туыс, түр ішіндегі төзімділік қорын зерттеу (өсімдік) .
- Төзімділік байқалған жағдайда сұрыптау және селекциялық әдістерді дұрыс қолдану негізінде жұмысты жоспарлау.
Паразиттерге төзімді сорттарды шығаруда негізінен генетикалық заңдарға сүйенеді. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің төзімділігін бір немесе бірнеше қос гендер (пара) басқарып отырады.
Селекциялық жұмыста - конвергентті, көплиниялы (многолинейные) және полигенді төзімді сорттарды шығаруды жоспарлау керек.
Конфергентті сорт бірнеше төзімділік гендері бар. Әрбір ген белгілі физиологиялық расаға төзімді (өте сезімталдық реакциясы тән) . Бұл төзімділік типін моногенді немесе вертикалды төзімділік дейді. Ал моногенді, вертикалды бірнеше төзімді генді сорттарды - конвергентті сорт дейді.
Көплиниялы (многолинейные) сорттар сорттар агрономиялық қасиеттері бірдей жеке линиялардан тұратын популяциялар. Олар бір-бірінен төзімді гендердің айырмашылығымен бөлінетін сорттар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz