Болжау түрлері мен белгіленуі, олардың құру принциптері


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

2. 1. Болжау түрлері мен белгіленуі, олардың құру принциптері

2. 2. Карантинді нысандарға ұзақ мерзімді болжауларды құрудың негізгі факторлары

2. 3. Карантинді нысандарға қысқа мерзімді болжауларды құрудың негізгі факторлары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Өсімдік карантині , мемлекет аумағын немесе оның жеке бір бөлігін карантинді аурулар мен зиянкестер және арамшөптердің таралуынан сақтау үшін ұйымдастырылады. Осыған байланысты ол сыртқы және ішкі карантин болып екіге бөлінеді. Сыртқы карантиннің негізгі мақсаты - еліміздің аумағын карантиндік маңызы бар нысандардан қорғау. Осы мақсат үшін шет елдермен шекаралардағы арнайы бекеттерде елімізге әкелініп жатқан өсімдік өнімдерінің (дән, жеміс-жидек, орман жәнежеміс ағаштары, сәндік дақылдардың көшеттері мен тұқымдары, т. б. ) барлығы карантиндік тексеруден өтеді. Оларды басқа елге тасымалдау үшін арнайы карантиндіксертификат болуы қажет. Карантиндік нысандардың бірі байқалған жағдайда барлық жүк зарарсыздандырылады немесе жойылып жіберіледі, жіберілген елге кері қайтарылады. Әр мемлекет үшін карантиндік нысандардың тізімдері жасалынып, бекітіледі. Қазақстанда оларға бунақ денелілерден колорадо және капр қоңыздары, комсток құрты, қан-қызыл біте, американың ақ көбелегі; аурулардан - үнді қаракүйесі, күріштің бактериоздары, жүгерінің гельминтоспориоздары, арпаның сарғыш қуыршақтануы, қашқаргүлдің бұйралануы; ал арамшөптерден - сары шырмауық, кекіре, жабайы күнбағыс, т. б. жатады. Ішкі карантиннің негізгі мақсаты - республика аумағында кездесетін, бірақ та әлі аса кең тарала қоймаған зиянды нысандарды жою және әрі қарай таралуын шектеу. Карантин шараларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің өсімдіктерді қорғау және карантин департаменті “Өсімдіктер карантині туралы” заңды басшылыққа ала отырып жүргізеді.

Негізгі бөлім

2. 1. Болжау түрлері мен белгіленуі, олардың құру принциптері

Болжау түрлері: көпжылдық ұзақ мерзімді (жылдық пен маусымдық ) қысқа мерзімді. Көп жылдық болжау: көп жылдық болжауды құрудың маңызы, критериі. Қысқа мерзімді болжаудың негізгі мақсаты. Агроценозда қорғау шараларын жүргізудің қолайлы мерзімдерінің ескертулері. Ескерту әдістері: қорғалатын дақылдың жағдайы бойынша; зиянкестің фенологиясын тікелей бақылау, сан-мөлшерінің динамикасын стациалды бөлінуін; зиянкестерді белгілі даму фазасын айқындау үшін арнайы бөліктерінде бақылау; фенологиялық күнтізбе мен фенологиялық ескертуді пайдалану; тиімді температураның жиынтығы бойынша және температуралық-фенологиялық номограмманың көмегімен мерзімдерді анықтау; феромондық, түрлі-түсті аулағыштарды және басқа әдістерді қолдану.

http://cdn14.img22.ria.ru/images/64876/26/648762655.jpg

Ауру қоздырғыштардың көп жылдық болжауы және оның маңызы. Мәдени өсімдік ауруларына көпжылдық болжау үшін негізгі қажетті мәліметтер. Өсімдік ауруларының ұзақ мерзімді болжауы және оның белгіленуі. Ұзақ мерзімді маусымдық болжамдар үшін, қажетті негізгі ақпараттар мен мәліметтер. Өсімдік ауруларының дамуы туралы көпжылдық мәліметтерді жинау, өңдеу және сыртқы ортаның түрлі факторларымен корреляциялық байланыс. Көпжылық болжау құруда ауру қоздырғыштардың биоэкологиялық ерекшеліктеріне және патолоияық үрдістің ерекшеліктеріне байланысты метерологиялық жағдайдың әсерін есептеу. Қысқа мерзімді болжау және оның міндеті. Қысқа мерзімді болжауды құруда жұмыстың және бақылаудың негізгі этаптары. Қысқа мерзімді болжау құруда қажетті ауа-райының факторлары. Өсімдік ауруларының қоздырғыштары үшін төменгі және жоғарғы температура шектері. Тиімді температура. Инкубациялық кезеңнің ұзақтығын есептеу әдістері.

2. 2. Карантинді нысандарға ұзақ мерзімді болжауларды құрудың негізгі факторлары

1. Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі ереже

Осы Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі ережое (бұдан әрі - Ереже) «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына және 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының өсімдіктер карантині туралы келісіміне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау тәртібін айқындайды. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: алып қою актісі - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда залалданған карантинге жатқызылған өнімді алуға өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор беретін құжат; карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру - карантинге жатқызылған өнімді пестицидтермен, оның ішінде фумиганттармен өңдеу (газды дезинсекция), карантиндік және басқа зиянды организмдерді жою мақсатында рефрижерациялау (жемістерді салқындату), сондай-ақ жүктерді және көлік құралдарын арамшөптерден босату үшін оларды тазалаудың механикалық тәсілдерін қолдану;

http://img2.ntv.ru/home/news/20130713/ka.jpg
Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау - әкелу, әкету, мемлекетішілік тасымалдау және карантинге жатқызылған өнімді өткізу тәртібі мен шарттарын қамтамасыз етуге, сондай-ақ өсімдіктер карантині жөніндегі шараларды өткізуге бағытталған фитосанитариялық шаралар кешені; карантинге жатқызылған өнімді фитосанитариялық сараптау - карантиндік объектілерді, бөтен текті түрлерді және басқа зиянды организмдерді анықтау және олардың түрлік құрамын айқындау мақсатында карантинге жатқызылған өнім легінен іріктеп алынған үлгілерді зерттеу; карантинге жатқызылған өнім легі - бір көлік құралымен бір жеткізілетін пунктке бір алушыға жіберуге арналған карантинге жатқызылған өнімнің саны; карантиндік зертхана - мемлекеттік мекеменің карантинге жатқызылған импорттық және отандық өнімдегі карантиндік объектілерді анықтау мәніне олардың үлгілеріне сараптама жүргізілетін және объектілердің карантиндік және бөтен текті түрлерге тиесілілігі белгіленетін, аспаптармен және карантиндік объектілер жөніндегі әдебиетпен жабдықталған стационарлық зертханасы; карантиндік тексеру - карантинге жатқызылған өнімнің кез келген бөлігін зерттеуге, сондай-ақ карантинге жатқызылған өнімнің әртүрлі бөліктерінен үлгілерді іріктеп алуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тауарлардың орамасын немесе көлік құралының жүк орнын не ыдыстарды, контейнерлерді және карантинге жатқызылған өнім орналасқан немесе орналасуы мүмкін өзге де орындарды ашумен байланысты карантинге жатқызылған өнімді көру арқылы тексеру;

2. Карантинге жатқызылған өнімді әкелу кезіндегі қорғау тәртібі
(өсімдіктердің сыртқы карантині)

Жеке және заңды тұлғалар карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына жеткізуге шарттар жасасу кезінде уәкілетті органнан карантиндік объектілердің әкелінуінің алдын алу жөніндегі карантиндік шаралар туралы қажетті ақпарат алады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген әкелу шарттарының орындалуын қамтамасыз етеді.

Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасына әкелу фитосанитариялық бақылау бекеттері арқылы ғана әкелінетін карантинге жатқызылған өнімге қойылатын фитосанитариялық талаптарға сәйкес және экспорттаушы елдердің ұлттық карантиндік қызметтерінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген карантинге жатқызылған өнім тізбесінесәйкес карантинге жатқызылған өнімнің әрбір легіне берілген фитосанитариялық сертификаттары болғанда жүзеге асырылады

3. Карантинге жатқызылған өнімді мемлекетішілік тасымалдау
кезіндегі қорғау тәртібі (өсімдіктердің ішкі карантині)

Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды уәкілетті органның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады.

Карантинге жатқызылған өнімді облысаралық тасымалдау уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы беретін осы Ереженің 9-қосымшасына сәйкес карантиндік сертификаттар болғанда жүзеге асырылады.

http://mk.tula.ru/upload/iblock/535/karantin_chuma-sviney2.jpg Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының карантиндік аймақтарынан әкетуге карантиндік сертификаттар беруді уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүргізеді.

4. Карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыруды жүргізу
тәртібі және көлік құралдарын тазарту

Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде карантинге жатқызылған өнімде карантиндік объектілер анықталған кезде залалсыздандыру жөніндегі жұмыстар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде фумигациялық камераларда, штабельдерде, кемелер мен баржалардың трюмдерінде, вагондарда, контейнерлерде және көліктің баска түрлерінде жүргізіледі.

Цитрус дақылдарының жемістерін рефрижерациялауды тоңазытқыш камераларда өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың бақылауымен карантинге жатқызылған өнім иелері жүргізеді.
Көлік құралдарының барлық түрлері карантинге жатқызылған импорттық өнімді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының карантиндік аймақтарынан алынған өнімді тасымалдағаннан кейін қалдықтарды жоя отырып, міндетті түрде тазартуға, ал қажет болған жағдайда өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор айқындаған орындарда фумигациялауға жатады. Залалсыздандыру мен тазарту, карантиндік объектілермен залалданған карантинге жатқызылған өнімді қайтару немесе қайта өңдеу, жүктерді, багажды, сәлемдемелерді ашу мен буып-түю, оларды залалсыздандыру орындарына және кері жеткізу карантинге жатқызылған өнім иелерінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

5. Жеке және заңды тұлғалардың
карантиндік шараларды жүргізу тәртібі

Қызметі карантинге жатқызылған өнімді өндірумен, әзірлеумен, қайта өңдеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және өткізумен байланысты жеке және заңды тұлғалар:

1) егістерді, аумақтарды, карантинге жатқызылған өнім сақталатын қоймаларды жүйелі түрде зерттеуді қамтамасыз етеді;

2) карантиндік объектілер табылған жағдайда бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органды хабардар етеді;

3) карантиндік арамшөптермен ластанған тұқымды себу үшін пайдаланбайды;

4) карантиндік объектілер тараған аймақта әзірленген карантинге жатқызылған өнімді бөлек сақтайды және тазалайды;

5) импорттық карантинге жатқызылған өнім сақталатын қоймалық жайларды жылына кемінде бір рет профилактикалық залалсыздандыру жүргізеді;

6) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының және уәкілетті органның өсімдіктер карантині жөніндегі тиісті іс-шараларды жүргізу туралы ұйғарымдарының талаптарын сақтайды және орындайды. http://tulasmi.ru/content/uploads/2013/09/20130912-karantin1.jpg

6. Жергілікті атқарушы органдардың карантиндік шараларды жүргізу тәртібі

Облыстардың (республикалық маңыздағы қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары карантиндік объектілердің таралуының есебін жүргізеді және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат береді.
Аудандар мен ауылдық округтарда карантиндік объектілердің таралуының есебін жүргізу үшін облыстың (республикалық маңыздағы қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының бұйрығымен маман тіркейді.
Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың ұйғарымы бойынша теміржол станцияларында, теңіз және өзен порттарында (айлақтарында), әуежайларда, автовокзалдарда (автостанцияларда), ішкі сауда объектілерінде, почта байланысы ұйымдарында және өзге де объектілерде карантиндік аймақтарда жеке және заңды тұлғалардың - осы объектілердің иелерінің, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуін ұйымдастырады.
Өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның ұсынысы бойынша күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде тиісті аумақтарда карантиндік режим енгізе отырып карантиндік аймақты белгілеу немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

7. Карантин белгілеу мен оны алып тастау тәртібі

Карантиндік объектілер анықталғанда таралу шекарасын көрсете отырып, карантиндік объектінің түрі бойынша карантиндік аймақтар белгіленеді.
Уәкілетті орган облыстың (республикалық маңыздағы қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органымен бірлесе отырып:

1) фитосанитариялық бақылау бекеттерін айқындайды;

2) карантиндік шектеулер мен өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар тізбесін әзірлейді;
3) карантиндік шектеулер мен өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар тізбесін бір жұмыс күні ішінде жеке, заңды тұлғалардың және карантиндік аймақ халқының назарына жеткізеді.
Карантиндік аймақтарда карантиндік объектілер залалдаған карантинге жатқызылған өнімді әкетуге тыйым салынады немесе шектеу енгізіледі.
Карантинге жатқызылған өнімдерді карантиндік аймақтардан облыстардың (республикалық маңыздағы қаланың, астананың) тыс жерлерге әкету уақытша ұйымдастырылған фитосанитариялық бақылау бекеттері арқылы және карантиндік сертификаттар болған жағдайда рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден - фитосанитариялық сертификаттар болған жағдайда.
Карантиндік аймақты әкетілген карантинге жатқызылған залалданған өнім қайтарылуға, тазартуға, залалсыздандырылуға немесе өңдеуші ұйымдарға берілуге тиіс.
Карантинге жатқызылған залалданған өнімді залалсыздандыру немесе өңдеу мүмкін болмаған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алынуға және жойылуға тиіс.

Карантиндік аймақтан алып тастау жүйелік зерттеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
Егер карантиндік аймақты белгілеу сәтінен бастап үш жыл бойы карантиндік объектілер анықталмаса, уәкілетті органның ұсынысы бойынша осы аумақтан карантиндік аймақ алынып тасталады.

2. 3. Карантинді нысандарға қысқа мерзімді болжауларды құрудың негізгі факторлары

Қазақстан Республикасының аумағында 14 карантиндік нысан, 11 аса қауіпті зиянды организмдер таралған.

Фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында карантиндік, аса қауіпті және зиянды организмердің дамуы мен таралуына уақытында мониторинг жүргізу, заманауи жабдықтарды қолдана отырып олардың таралуына болжам жасау, олардың ошақтарын оқшаулап және жою және зиянды және аса қауіпті организмдермен күрес бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін координаталарын анықтау.

Осылайша, бүгінгі күні 2013 жылға болжанып отырған карантиндік организмдердің таралу аумағы 164, 1 мың га құрайды, оның ішіндекарантиндік зиянкестер - 24, 1 мың га, карантиндік арамшөптер мен аурулар - 140, 0 мың га.

Болжанып отырған аса қауіпті карантиндік организмдердің таралу аумағы 6037, 598 мың га құрайды, оның ішінде зиянкестер мен кеміргіштер - 3891, 398 мың га, аурулар - 2182, 2 мың га.

Қолданыстағы фитосанитарлық қауіпсіздік құрылымы:

Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» және «Өсімдікті қорғау туралы» заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының карантин және қорғауды қамтамасыз етуші мемлекеттік жүйесіне кіретіндер:

  1. Қазақстан Республикасының Үкіметі;
  2. Өсімдіктерді қорғау және карантин саласындағы уәкілетті орган;
  3. Өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелер:
  • Республикалық, аймақтық бақылау бекеттеріндегі зертханалар;
  • Интродукциондық-карантиндік жерсіндіру көшеттіктері;
  • Республикалық әдістемелік және фитосанитарлық диагностика және болжау орталығы;
  1. Фитосанитарлық зертханалары және фумигациялық отрядтары бар өсімдіктер карантинін қамтамасыз етуші республикалық мемлекеттік кәсіпорны. ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті меноның аумақтық бөлімшелері (ары қарай ҚР АШМ АӨК МИК) - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің фитосанитарлық қауіпсіздік саласында бақылау және қадағалау қызметін атқаратын ведомоство болып табылады. ҚР АШМ АӨК МИК облыстық және аудандық аумақтық бөлімшелері, сонымен қатар Кедендік одақтың сыртқы шекарасында және темір жол мен әуе жолы көлігіндегі фитосанитарлық бақылау бекеттері бар. Бұдан басқа, ҚР АШМ АӨК МИК мемлекеттік мекемелері бар:Республикалық, аймақтық карантиндік зертханалар және фитосанитарлық бақылау бекеттеріндегі зертханалар(ары қарай РКЗ) зертханалық сараптамаға келіп түскен нұсқалардағы карантиндік нысандар мен бөтен тектес түрлердің түрлік құрамдарын анықтайды. РКЗ Астана қаласында орталық зертханасы бар, 4 аймақтық филиалы (Алматы, Семей, Тараз, Ақтөбе) және фитосанитарлық бақылау бекеттерінде (Достық, Қоғас, Қалжат, Ақтау, Сары-Ағаш) 5 зертханасы бар. 2 интродукциондық-карантиндік жерсіндіру көшеттіктері (ары қарай ИКК) бар:1) «Жеміс-жидек дақылдарының интродукциондық карантиндік жерсіндіру көшеттіктері» ММ; 2) «Астық дақылдарының интродукциондық карантиндік жерсіндіру көшеттіктері» ММ; Жеміс-жидек дақылдарының ИКК Алматы облысының Талғар ауданында орналасқан, Астық дақылдарының ИКК - Ақмола облысының Шортанды ауданында, филиалы Алматы облысының Қарасай ауданында орналасқан. Интродукциондық-карантиндік зертханалардың (ары қарай ИКЗ) қызметіне импорттық көшеттік және тұқымдық материалдардың карантиндік нысандармен және басқа аса қауіпті зиянды организмендермен жасырын зақымдануын анықтау жатады. Республикалық әдістемелік және фитосанитарлық диагностика және болжау орталығыаса қауіпті организмдердің, зиянды организмдердің және карантиндік нысандардың таралу ошақтарын табады және олардың таралу шекараларын анықтайды, бұл ұйымның филиалдары республиканың 14 облысында және 160 ауданында орналасқан. «Фитосанитария» республикалық мемлекеттік таралу ошақтарын оқшаулау және жоюды, сонымен қатар карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыруды, оның ішінде фумигациялауды жүзеге асырады, мұнда бұл қызмет түрлері мемлекеттік монополия саласына жатады. Фитосанитарлық қауіпсіздік жүйесі дамуының өзекті мәселелері:1. Ескірген тәсілдер және карантиндік нысандардың түрлік құрамын анықтау бойынша мониторингтік іс-шаралар мен зертханалық сараптамаларды жүргізу жоғары деңгейде болмауы. Фитосанитарлық қауіпсіздік саласында қызмет ететін мемлекеттік мекемелер жеткілікті түрде жабдықталмаған, өсімдіктердің ауруларына зерттеу жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи жабдықтардың жоқтығы, зерттеу жүргізушілерге автокөлік құралдарының жетіспеушілігі. Мониторингтік іс-шаралар жүргізу кезінде осы мақсатқа арналған бағдарламалық қамсыздандыруды пайдаланудың орнына зерттеушілер жұмыс уақытын алатын бақылау күнделіктерін толтырады. Мемлекеттік мекемелердің ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетімен итергацияланған ақпараттық жүйесі жоқ. 2. Фитосанитарлық тәуекелдің (ФТТ) жүйелендірілген талдамасы жоқ. ФТТ -зиянды организмдердің таралу мүмкіндігі, бейімделуі және зиян келтіру қаупін, оларға қарсы қолданылатын фитосанитарлық шаралардың деңгейін анықтау мақсатында биологиялық және басқа ғылыми және экономикалық мәліметтерді бағалау процессі. Алайда, бүгінгі таңда бұл жұмыс қажетті деңгейде жүргізілмейді. Осылайша, Қазақстан Республикасында карантиндік зиянды организмдерге халықаралық стандарттармен сәйкестендірілген ФТТ жоқ, зиянды организмдерден таза, саны аз, және қауіп төніп тұрған аймақтар анықталмаған. Аймақтардың бұлай бөлінуі тексеру жүргізу уақытын қысқартуға мүмкіндік берер еді, осылай қандай да бір карантиндік зиянды организмнің таралу аймақтарын анықтау жыл сайынғы мониторингтік зерттеулерді талап етпейді, фитосанитарлық шараларды қабылдау үшін оның таралу аймақтарының шекараларын белгілеу бойынша бақылау тексерулерін жүргізуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, фитосанитарлық құжаттарды (карантиндік және фитосанитарлық сертификаттар) рәсімдеу уақытын қысқартады, себебі карантиндік нысандардан таза аймақтарда өсірілген карантинге жатқызылған өнімдерді зертханалық сараптамадан өткізуді талап етпейді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық инспекциясында заңды тұлғада салық төлемдерін қабылдау ақпараттық жүйесі
Салық комитетінің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Қазақстан Республикасының салық және салық жүйесінің сипаттамасы
Салық инспекциясының ақпараттық жүйесі
Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу
Кәсіпорын қызметінің тоқтауы (банкрот)
Салық комитетінің төлемдерін бақылау ақпараттық жүйесі
Болжамдау мен жоспарлауды ақпаратпен қамтамасыз ету
Модельдер құру технологиясы
Салық комитетінің төлемдерін бақылаудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және автоматтандыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz