Астық дақылдарының карантинді зиянкестері


Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлімАстық дақылдарының карантинді зиянкестеріАстық дақылдарының карантинді аурулары
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Астық тұқымдас масақты дәнді дақылдар - бидай, қарабидай, күріш, қарақұмық, тары, сұлы, арпа, жүгері. Дәнді дақылдар өздерінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктеріне қарай екі түрге бөлінеді, бірінші топтағы және екінші топтағы дәнді дақылдар.
Бірінші топқа бидай, қарабидай, арпа және сұлы жатады. Олардың негізгі ерекшеліктері - дәндерінің бауыр жағында тілігі болады, дән тамыршалары 3-8 дана, масақшаның төменгі гүлдері жақсы дамыған. Өсіп-дамуы үшін жылуды аз мөлшерде, ал ылғалды көбірек талап етеді, сабақтарының іші қуыс болып келеді. Олар ұзақ күннің өсімдіктері, сондықтан вегетациясының алғашқы кезеңінде тезірек дамып, арамшөптермен шамалы ластанады.
Екінші топтағы дәнді дақылдарға тары, жүгері, күріш, қонақ жүгері жатады. Оларды дәндерінің бауыр жағында тілігі жоқ, масақшаның жоғарғы гүлдері жақсы дамыған. Бұлар бірінші топтың дақылдарына қарағанда жылуды көп, ал ылғалды, күріштен басқасы, аз талап етеді. Жүгері мен қонақ жүгерінің сабақтары өзекшемен толтырылған. Екінші топ дақылдары - қысқа күннің өсімдіктері және олардың күздік түрлері болмайды.
Астық дақылдары дәндерінің құрамында су, ақуыз, май, крахмал, жасұнық және күл болады. Олар дәндерінің химиялық құрамы жағынан бір-бірінен ерекшеленеді. Мысалы, дәндегі ақуыз мөлшері қатты бидайда 13, 8-20, 0% болса, ал күріш дәнінде 6, 7-7, 6% ғана болады.
Астық дақылдарының дәндерінде майдың мөлшері 1, 5-3, 0%, ал көмірсутегі 67, 8-80, 9% шамасында болады.
Дәннің химиялық құрамы аймақтың топырақ-климат жағдайына, қолданылатын агротехникалық шараларға тікелей байланысты. Қазақстанның қуаң далалық аймағында өсірілетін жаздық бидай дәніндегі ақуыздың мөлшері басқа өңірлермен салыстырғанда біршама көбірек болады, сондықтан олар жақсы бағаланады.
2. 1. Астық дақылдарының карантинді зиянкестері
Капр қоңызы - Trogoderma Granarium Everts. Қаттықанаттылар(Coleoptera) отрядының тері жегілер (Dermestidae) тұқымдасына жатады.
1-сурет. Капр қоңызы
Капр қоңызы Еуропа, Азия, Африка және Оңтүстік Америкада таралған. Қазақстанда тіркеліп, оның табылған ошағы жойылған.
Қазақстанда сыртқы карантиндік нысанға жатады.
Қоңыздың ұзындығы 1, 8-3 мм. Еркектері ұрғашыларына қарағанда кішілеу. Сарғыш-құба немесе ашық-қоңыр түсті қоңыз. Қанат үсті бір түсті, кейде жайылған ашық дақты болады. Алдыңғы жотасы қара, жылтыр. Денесін қоңыр немесе сұр түк қаптаған. Мұртшасы еркегінде 5 бунақты түйреуіш тәрізді, ұрғашысында - 4 бунақты болады. Жарғақ қанаттары қысқа, қоңыз ұшпайды. Қоңыздың ауыз мүшесі дұрыс жетілген, бірақ қоректенбейді. Зиянкестің пішіні ұзынша сопақ.
Жұмыртқасы ақ, ашық сары түсті. Ұзындығы 0, 7 мм, ені 0, 25 мм. Бір ұшы дөңгеленген, екінші ұшы үшкірлеу, бірнеше ілгек тәрізді өсінділі.
Дернәсілінің ұзындығы 3-4 мм, ашық-сарғыш, қоңыр түсті, 3 жұп көкірек аяқтары болады. Денесін тікенекті түктер басқан, бүйір жағында шоқтанған талшықтары және соңында ұзын шоқ қалдықтары жақсы байқалады. Қуыршағының ұзындығы 3, 5-5 мм, ашық-сары түсті, дененсінің ұстіңгі жағында ортаңғы жолағына қарай бағытталған сарғыш түктер болады.
Капр қоңызы барлық даму фазаларында дін, астық өнімдерімен, ыдыстар немесе көлікпен таралады.
Капр қоңызы дернәсіл күйінде қамбаның қабырға жарықтарында, жіңішке саңылауларда қыстайды. Қуыршақтануы дернәсілдің жарылған тілеу қабығында өтеді. Оның дамуы 2-23 күнге созылады.
Қоңыз әдетте 10 күндей тіршілік етеді, ал төменгі темературада одан ұзаққа созылады.
Ұрғашы қоңыз жұмыртқаларын бір-бірлеп, кейде бірнешеден салады, өсімталдығы 126 жұмыртқа.
Эмбриондық дамуы 5-15 күнге созылады. Дернәсілдің дамуы 23 күнге созылады. Жылына 5 ұрпаққа дейін береді.
Капр қоңызының дернәсілі зияндық келтіреді. Олар қаңбадағы бидай, арпа, сұлы, жүгері, күріш, мақта тұқымына және ұн, макаронды, кейде қағазды қатты зақымдайды.
Алғашқы даму фазасында дернәсілдер үгітілген кейін бүтін дәнді де зақымдайды. Өте зиянды қоңыз. Үлкен шығын келтіреді.
Карантиндік шаралар және күресу жолдары
- Капр қоңызы таралған елдерден астық өнімдері Қазақстан
Республикалық мемлекеттік өсімдік карантиннің рұқсаты және импорттаушы елдің жүктің фитосанитарлық жағдайы зиянкестің барлық фазасының жоқтығына кепілдік беретін сертификатсыз тасымалдануға тиым салынады.
- Көлікте капр қоңызы табылған жағдайда, ол жүкпен бірге
фумигациялық тәсілмен зарарсыздандырылады.
- Қоймалар мен мекемелерде залалдану байқалса, онда барлық
залалданған жүкке және нысанға карантин салынады.
- Әрбір қойма өнімдері және құрал жабдықтарымен бірге газ өтпейтін
жабынның астындафумигациялау тәсілімен бромды метил, фостоксин немесе олардың қосылысымен өңделеді.
- Капр қоңызының барлық фазасы толықиай қырылған соң, астық
өнімдері тасымалдауға, ал қойма карантиндік бақылауда қалады және басқа тағамдық өнімдерді, зиянкеске қорек болатын тұқымдар мен өсімдіктекті жүктерді сақтауға тиым салынады.
- Барлық залалданған нысандар 3 жыл бойы визуалды және еліктіргіш
желімді ұстағыш феромондық әдіспен жүйелі түрде бақыланады.
- Жыл сайын қойманың іші және сырты, қойма айналасы 10 метр
аумақта арнаулы препараттармен бүркіледі.
- Соңғы рет тірі дара табылғаннан 3 жылдан кейін карантин ереже
бойынша тоқтатылады.
Күріштің енді бізтұмсықтысы - Caulophilus Orizae Gyll. Қатты қанаттылар (Coleoptera) отрядының бізтұмсықтылар(Curculionidae) тұқымдасына жатады.
2-сурет. Күріштің енді бізтұмсықтысы
Күріштің кең бізтұмсықтысы Еуропа, Америкада таралған. Ресейдің біраз аймақтарында кездеседі.
Қазақстанда сыртқы карантиндік нысанға жатады.
Қоңыз қызғылт-қоңыр түсті, аздап жылтырауық. Денесінің ұзындығы - 2, 5-3 мм. Тұмсығы қысқа енді ұш жағы күрек тәрізді жалпиған, алдыңғы жотасынан бір шама қысқа.
Көздері томпиған. Мұртшалары 7 бунақты, ұшы түйреуіш басты болады. Қанат үсті салалы терең нүктелі, алдыңғы жотасы айтарлықтай біркелкі нүктелі. Басқа бізтұмсықтарға қарағанда (қамба, күріш, жүгері) тұмсығы қысқа, енді. Алдыңғы жотасы және қанат үстімен салыстырмалы ұзындығы 1:1:2, ал басқа бізтұмсықтылардыкі 1:1:1. Мұнымен қатар күріштің енді бізтұмсықтысының сандарыортаңғы енінің ұшына қарай жуандалған, алдыңғы сирақтарының ішкі жағында ойығы болады.
Жұмыртқасы мөлдір, ақ түсті, сопақ. Ұзындығы 0, 4-0, 5 мм.
Дернәсілінің ұзындығы 2, 5-3 мм, сарғыш ақ түсті, аздап иілген, қатпарлы, аяқсыз, басы күңгірт-сары реңді.
Қуыршағының ұзындығы 2, 5-3 мм, ені 1, 3 мм жуық. Алғашында ақ түсті, кейін аздап сарғаяды.
Зиянкес қоймада қыстайды. Ұрғашы бізтұмсық дән немесе басқа субстратта шұқыр жасап жұмыртқасын салып бетін бөлінген қатып қалатын затпен жабады. Өсімталдығы 200-300 жұмыртқа.
Эмбриондық дамуы 4-14 күнге, қуыршағы - 5, дернәсілі - 21 күнде дамып жетіледі. Оңтайлы жағдайда зиянкестің даму циклі 30 күнде аяқталады. Қоңыз қолайсыз жағдайға төзімді, ол 55 күндей қорексіз тіршілік ете алады.
Күріштің енді бізтұмсықтысы көп қоректі. Зиянкес бидай, жүгері, арпа дәнін, шошқа жаңғақты, батат түйнегін әр түрлі жемістерді зақымдайды.
Карантиндік шаралар және күресу жолдары
- Күріштің енді бізтұмсықтысы зақымдайтын тұқымдар және басқа
өнімдер тасымалданғанда тыңғылықты карантиндік экспертизадан өткізіледі.
- Импорттық астық өнімдері сақталған және олар өңделген қоймалар
жылына 2-3 рет визуалды жолмен тексеріледі.
- Күріштің енді бізтұмсықтысы таралған елдерден зиянкес
зақымдайтын барлық өнімдерге Қазақстан Республикасының өсімдік карантинінің рұқсаты және импорттаушы елдің жүктің фитосанитарлық жағдайы - зиянкестің жоқтығына кепілдік беретін сертификатсыз карантин жарияланады.
- Қоймаларда және мекемелерде зиянкес байқалса, онда барлық
залалданған жүкке және нысанға карантин салынады.
- Қойма арнаулы нұсқау бойынша бромды метил т. б., препараттармен
өңделеді.
- Жыл бойына жүйелі түрде бақылау визуалды әдіспен атқарылады.
- Ең соңғы рет зиянкес табылған мерзімнен бір жыл өткен соң
карантин ереже бойынша тоқтатылады.
Қытайлық дән қоңыз - Callosobruchus chinensis. Қатты қанаттылар (Coleoptera) отрядының дән қоңыздары (Bruchidae) тұқымдасына жатады.
3-сурет. Қытайлық дән қоңыз
Қытай дән қоңызы Еуропа, Азия, Африка, Австралияда таралған.
Қазақстанда сыртқы карантиндік нысанға жатады.
Қоңыздың ұзындығы 2, 3-3 мм. Алдыңғы жотасының ортаңғы бөлігінің түбі қосарланған төмпешікті; ұзындығы 2, 5-3 мм, ені 1, 6 мм. Еркектерінің ұзындығы тарақ тәрізді, ұрғашыларынікі - аратісті болады.
Дернәсілі ақ түсті, ұзындығы 4 мм дейін.
Қуыршағы сарғыш ақ, ұзындығы 2, 5 мм, ашық.
Қанат үсті ұзыншақ төртбұрышты ашық қоңыр түсті, ашық түкті жолақтары болады. Алдыңғы қанаттарының түсі, дақтары және түктері құбылмалы келеді. Артқы аяқтарының сандары жуандаған, ұзына бойлық ойығы ұрығын салуға бейімделген. Пигидийі тік, тығыз түкті, ашық реңді жатаған қылшықты келеді. Құрсағының бүйірінде, 2-4 стерниттерінде ашық түсті жатаған қылшықтары болады.
Қытайлық дән қоңыз егісте және қоймада да зиян келтіреді. Залалданған тұқыммен барлық даму фазасында таралады.
Ұрғашы дән қоңызы жұмыртқаларын әр дән бетіне бірнешеден салады. Жұмыртқаларын бөлінген желімді затпен қатты бекітеді. Одан жұмыртқаны ажырату қиын. Дернәсіл шығысымен жұмыртқа астындағы дәнге енеді. Бір дәнде бірнеше дернәсіл жетіле алады. Бір жастағы дернәсіл дәнде тесігі дөңгелек тік жол салады, іші үгіндіге толтырылады және кіретін тесіктің қасында түлейді. Одан кейін жол тізе тәрізді майысады және бетіне горизонтальды немесе үстіне қарай бағытталады. Сол жерде дернәсіл қуыршаққа айналады. Қоймада жас қоңыздар ары қарай дами береді. Ұрғашы қоңызы 50-70 жұмыртқа салады. Ересек қоңыздың тіршілігі 12 күнге созылады. қоймада қыс кезінде тіршілік циклы 3-4 айға жетеді.
Карантиндік шаралар және күресу жолдары
- Импорттық тұқым және тағамдық өнімдер тек Қазақстан
Республикасының мемлекеттік карантинінің келісімі бойынша тасымалданады.
- Барлық дәнді бұршақ тұқымдары мемлекеттік өсімдік карантинінің
мамандарының тыңғылықты тексеруінен және экспертизадан өткізілуі тиіс.
- Жыл сайын астық қоймалары, өнімді өңдеуші мекемелер және
тұқым шаруашылықтары дәнді бұршақ дақылдарының зақымдалуын анықтау үшін тексеріліп тұрады.
- Тексеру жаз кезінде ай сайын, күз қыс кездерінде квартал сайын
жүргізіліп тұрады.
- Зиянкес табылған жағдайда қоймаларда фумигациялау жұмыстары
атқарылады.
Төрт дақты дән қоңызы- Callosobruchus maculatus F. -Қаттықанаттылар (Coleoptera) отрядының дән қоңыздар (Bruchidae) тұқымдасына жатады. Қытай дән коңызына ұқсас, бірақ оған қарағанда әдемі және кішкене. Қоңыздың ұзындығы 3 мм, ені 1, 5-1, 7 мм. Еркегі мен ұрғашысының мұртшалары ара тісті болады. Алдыңғы қанаты және алдыңғы жотасын аздап түк басқан.
4-сурет. Төрт дақты дән қоңызы
Қоңыздың түсі өзгермелі. Қанатүсті қызғылт-қоңыр ұшының түп жағына қарай және ортаңғы бөлігіне қара дақтары болады. Алдыңғы қанаттарының ашық жерін сарғыш-сұр түк басқан "X" әрпі сияқты көрінеді.
Жұмыртқасы сопақ, ұзындығы 0, 7 мм, ені 0, 4 мм жартылай мөлдір түсті. Дернәсілі ақ, иілген, түксіз баяу қозғалады. Ұзындығы 1-4 мм-ге дейін. Қуыршағы қылшықсыз. Денесі сопақ, құрсағының ұшына қарай жіңішкерген.
Ұрғашы қоңыз жұмыртқаларын бұршаққапқа, тұқымға онымен қатар орағыш заттектерге салуы мүмкін.
Эмбрионалдық дамуы 5-6 күнге созылады. Жұмыртқадан шыкқан дернәсіл дәнге енеді, одан кейін сонда дамып жетіледі. Қуыршақтың дамуы 4-25 күнге созылады. Бір ұрпақтың дамуы 40 күннен 178 күнге созылады. Жаңадан шыкқан қоңыздар бір тәуліктен кейін шағылысып, жұмыртқа салуға кіріседі. Бір дәнге 15 жұмыртқаға дейін салады. Бұл кезең 20 күнге созылады. Ұрғашы қоңыздың өсімталдығы 100 жұмыртқа. Жылына 9 ұрпаққа дейін береді. Төртдақты дән қоңызы қоймада және егістікте тіршілк етеді. Көбінесе қоймада зияндылық келтіреді. Әр дәнде 10 дернәсілге дейін дами алады.
Зиянкес зақымдалған өніммен таралады.
Төртдақты дән қоңызы Еуропа, Азия, Африка, Америка елдерінде кең таралған. Зиянкес Қазақстанда сыртқы карантиндік нысанға жатады.
Карантиндік шаралар және күресу жолдары
- Импорттық тұқым және тағамдық өнімдер тек Қазақстан
Республикасының мемлекеттік карантинінің келісімі бойынша тасымалданады.
- Барлық дәнді бұршақ тұқымдары мемлекеттік өсімдік карантинінің
мамандарының тыңғылықты тексеруінен және экспертизадан өткізілуі тиіс.
- Жыл сайын астық қоймалары, өнімді өңдеуші мекемелер және
тұқым шаруашылықтары дәнді бұршақ дақылдарының зақымдалуын анықтау үшін тексеріліп тұрады.
2. 2. Астық дақылдарының карантинді аурулары
Дәнді дақылдардың үнді қара күйесі - Neovossia indica Mund. саңырауқұлағы. ауру қоздырғыш базидиомицеттер (Basidiomicetes) класының устилагилалылар (Ustilaginales) қатарының тилеция (Tilletaceae) тұқымдасына жатады.
5-сурет. Дәнді дақылдардың үнді қара күйесі
Кеселдің ерекшелігі - масақ түгел залалданбай, көбінесе масақшаның жырашығы немесе ұрық бөлігі залалданып, қара күйе телиоспора массасына айналады. Ауру өте қатты залалданғанда масақшаның қабықшалары ажырап, қара күйелі жағымсыз шіріген балық иісті дәндер масақтан топыраққа түседі.
Кеселдің залалдануы нәтижесінде масақтың ұзындығы қысқарып, дән саны азаяды. Қазіргі кезде Үндіде қара күйеден бидай өнімі 0, 2-0, 5%, ал Мексикада - 1% дейін азаяды.
N. indica телиоспоралары сопақша немесе шар тәрізді, диаметрі 18-40 мкм., қабығы қара-қошқыл, қоңырлау, торлы, өскіні түссіз. Споралар тыныштық кезеңінен кейін 15-25°С температурада жуан базидияға өніп, онда 32-128 мкм ұзынша, сәл иілген базидиоспоралар түзіледі. Кейде телиоспорадан ұзындығы 10-200 мкм промицелий өніп, оның басында көптеген бір, екі клеткалы споридиялар түзіледі. Өсімдікті гүлдеу кезңінде базидиоспоралар және споридиялар залалдайды. Саңырауқұлақ жіпшумағы өсімдікте диффузды дамымайды. Инфекция қоры - залалданған тұқым және топырақ.
Бидайдың ергежейлі сорттары ауруға төзімсіз келеді. Үнді қара күйесімен залалданған тұқымның тауарлық сапасы мен өнгіштігі төмендеп, өнім 10-20% жойылады.
Ауру Азияда (Ауғанстан, Үнді, Ирак, Пәкістан), Солтүстік Америкада (Мексика) таралған. Қазақстанда сыртқы карантиндік нысанға жатады.
Карантиндік шаралар және күресу жолдары:
- Залалданған тұқымды себуге тиым салынады
- Ауру тіркелген шет елдерден тасымалданған тұқым лабораториялық
экспертизадан өткізіліп, кейін карантиндік питомникке арнаулы бөлінген мемлекеттік сортоучаскеде себіледі.
- Залалданған деген күмәнді тұқым табылса, онда ол карантиндік
лабораторияға міндетті түрде экспертизаға жіберіледі.
- Егер үлгідегі дәннің залалданғандығы анықталса, онда ауру ошағын
жоюға шаралар қарастырылады.
- Шет елдерде тұқымдық инфекцияны жою үшін, тұқымды дәрілеуге
төмендегі препараттар ұсынылған: агаллол (3кг/т) немесе витавакс 75% ы. ұ. (2, 5 кг/т), тирам 80% ы. ұ. (3 кг/т), бенлат 50% ы. ұ. (2 кг/т) т. б.
- Бидайдың масақтану кезеңінде манкоцебтің 0, 2% ерітіндісін, 0, 1%
витавакс ерітіндісін, байкордың 0, 2% ерітіндісін бүрку керек.
- Ауыспалы егіс тәртібін дұрыс сақтау
- Егісті арамшөптен тазарту, оңтайлы мөлшерде суару және
тыңайтқыш беру.
- Ауруға төзімді сорттарды қолдану. Үндіде PWZ-5023, WZ-1562,
HD-1907 т. б. сорттары жақсы егістік төзімділік көрсеткен.
Дәнді дақылдардың ақ ұнтағы
Кесел Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында кең таралған.
Бұл ауруға өсімдіктің сабағы, жапырағы, жапырақ қынабы, кейде масағы шалдығады. Жас өсімдіктердің мүшелерінде ақ түсті өңез түзіледі. Кесел жапырақтардан сабақты бойлап жоғарғы бөліктерге тарайды. Өңез үстінде саңырауқұлақтың конидия тасушысы мен конидиялары түзіледі. Конидиялары бірнеше ұрпақ беріп, ауруды тара-тады. Өңез бірте-бірте киіздей тығыздалып, бетінде жеміс дене-клейстотецийлер түзіледі. Ауру қарқынды дамығанда өңез масағына да тарайды.
6-сурет. Дәнді дақылдардың ақ ұнтағы
Ауру қоздырғышы - Erysiphe graminis DC. саңырауқұлағы. Қоздырғыш күздік пен жаздық бидай, арпа, қара бидай, сұлы және т. б. көптеген дәнді-дақылдарды залалдайды. Оның жіпшумағы жақсы дамыған, көп клеткалы, субстрат үстіне орналасып, оған аппрессорийлар мен гаусторийлар арқылы тіркеледі. Гаусторийлар клетка (жасуша) ішіне еніп, саңырауқұлақ-ты қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Вегетация кезеңінде саңырауқұлақ конидиялармен тарайды. Кони-диялары түссіз, бір клеткалы, цилиндр немесе бөшке тәрізді, көлемі 16-30 х 8-14мкм, тізбектеліп түзіледі.
Клейстотецийлер шар тәрізді, диаметрі 135-280мкм, топтасып жіпшумаққа батып орналасады. Қосымшалары көп, қысқа, ашық-қоңыр түсті, қарапайым, кейде сәл бұтақталған. Жеміс дене ішінде жұмыртқа немесе эллипс тәрізді 8-10, кейде 30 дейін қалталары болады, оның ішінде 4-8 қалтаспоралар орналасады. Аскоспоралары (қалтаспора) эллипс тәрізді, көлемі 20-23 х 10-13мкм.
Клейстотецийлер өсімдік қалдықтарында қыстап, көктемде аскоспоралар жетіліп, өсімдікті алғаш залал-дайды да жаңа жіпшумақ түзіліп, бетінде конидиялар мен конидия тасушылар пайда болады. Кейбір аудандарда аскоспоралар күзде жетіліп, күздік бидайды залалдап, көктемде жаздық бидайға көшеді. Залалдану 3-300С температура аралығында, 50-100% ылғалдылықта жүреді. Инкубациялық кезең 3-11 күн.
Қоздырғыштың 30-дан астам биологиялық формалары жеке дақылдарға (бидай, қара бидай, арпа, сұлы) арнайы бейімделген. Әрбір форманың бірнеше физиологиялық расалары бар.
Залалданған жапырақтар мерзімінен бұрын қурап, өсімдік кеш масақтанып, мезгілсіз пісіп, масақта дән түзілмейді, ал түзілсе, ол семіп, сапасы төменденіп, өнім шығымы 10-35% кемиді.
Қастауыш (спорынья)
Кесел республиканың барлық аймақтарында кездеседі.
Аурудың белгісі астықтың пісіп жетілген кезеңінде білінеді. Залалданған өсімдіктердің гүл шоғырында дән орнына ірі, қара қарамықтар (склероцийлер) пайда болады. Олар алғаш сия-күлгін, кейін қара түске айналып, масақшадан (4см) шығып тұрады.
7-сурет. Қастауыш (спорынья)
Ауру қоздырғышы - Claviceps purpurea Tul. саңырауқұлағы. Қоздырғыш дәнді дақылдарға жататын көптеген өсімдіктерді залалдайды. Саңырауқұлақтың даму циклі конидиялы, қалталы кезеңдерден және склероцийлардан тұрады.
Егісті жинағанда склероцийлар топыраққа түсіп қыстайды немесе тұқым арасында сақталады. Көктемде 10-140С температура шамасында склероцийлар өніп, көптеген қызыл строма түзеді. Строманың домалақ басында саңылауы сыртқа қарай шыққан құмыра тәрізді перитецийлер орналасады. Әр домалақ стромада 200-400 перитецийлер болады. Олардың көлемі 275-300х82-110мкм. Әр перитеций ішінде 32 қалта, әр қалтада 8 цилиндр, шоқпар немесе жіпше тәрізді, түссіз, бір клеткалы қалтаспоралар түзіледі.
Бидай гүлдеген кезде аскоспоралар пісіп жетіліп, қалталардан босап шығып, желмен таралады. Гүл аузына түскен аскоспора өніп жіпшумақ түзіп, аналық арқылы жатынға еніп, қарқынды дамиды. Жіпшумақтың конидия тасушаларында конидиялар түзіліп, тәтті иісті шырын тамшысы пайда болады. Конидиялар эллипс тәрізді бір клеткалы, көлемі 4-6х2-3мкм. Тәтті шырын насекомдарды өзіне тартып, олар конидияларды басқа өсімдік гүліне таратып залалдайды да, гүлдегі қайта дамыған жіпшумақ барлық ұлпаларды бұзып, склероций түзеді. Гүлдеу кезеңіндегі жаңбыр тамшысы аурудың таралуына себебін тигізеді.
Қоздырғыш көптеген мәдени және жабайы астық тұқымдас өсімдіктерді, соның ішінде қара бидайды жиі залалдайды.
Кесел астық өнімінің сапасы мен санын кемітеді. Қарамық құрамы улы алколоидтарға бай, сондықтан қарамық араласқан дәннен алынған ұннан улануға болады. Қарамықтан жүрек, қан тамырлары және жүйке ауруларын емдейтін дәрілер алынады.
Гельминтоспориоз (Қара-қоңыр дақ)
Ауру ылғал жеткіліксіз және жаңбыр аз жауатын аудандарда кездеседі.
Саңырауқұлақ өсімдіктің барлық мүшелерін вегетация бойы залалдайды. Колеоптильдің жас ұлпаларында сары, ашық-қоңыр түсті сызықшалар немесе дақтар пайда болады. Залалданған өскінде үш тамырдың орнына біреу ғана түзіледі. Сабақ айнала залалданып, ұлпалары шіріп, қисаяды. Бірінші пайда болған тамырлармен қатар екіншілері және жер асты буынаралықтары да залалданады. Екінші тамырларда ауру белгісі тамыр ұшынан басталып, кейде тамыр бұталанған бөліктен немесе тамыр негізінен білінеді. Өсімдік түптене бастағанда жер асты буынаралығы залалданып, оны бойлаған қоңыр жолақтар байқалады.
Кеселдің зиянды формасы - сабақ негізінің залалдануы, яғни өсімдіктің түптенуінен дәннің пісіп жетілу кезеңдеріндегі дамуы. Залалданған тамыр мойны мен сабақтың төменгі бөлігінде қара-қоңыр дақтар пайда болып, кейін олар сабақты орайды. Сабақтың төменгі буындары кейде шіріп, қара-сұр өңезбен жабылып, өсімдік жапырылады.
8-сурет. Гельминтоспориоз (Қара-қоңыр дақ)
Жапырақ бетінде алғаш қоңыр, кейін қоңыр-сұр немесе ашық-қоңыр дақтар түзіледі, олардың ортасы ақшыл, қоңыр жиекті, сәл созылыңқы болып келеді. Дақ үстінде зәйтүн-қоңыр немесе қара-сұр өңез түзіледі. Масақ залалданғанда тұқым қауызы ашық-қоңыр түске боялып, оның бетінде қоңыр жиекті сопақша дақ пайда болады. Залалданған бөліктер кейін мол қара мақпал өңезбен жабылады. Пісіп жетілген дәннің ұрығы қараяды (қара ұрық) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz