Қойма астық дақылдарында кездесетін карантиндік зиянкестер


Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлімҚойма астық дақылдарында кездесетін карантиндік зиянкестерҚойма астық дақылдарында кездесетін карантиндік ауруларКарантиндік шаралар және күресу жолдары
- Қорытынды
- Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Астық дақылдарына қысқаша сипаттама - Астық тұқымдас дәнді дақылдар - бидай, қарабидай, күріш, қарақұмық, тары, сұлы, арпа, жүгері. Дәнді дақылдар өздерінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктеріне қарай екі түрге бөлінеді, бірінші топтағы және екінші топтағы дәнді дақылдар.
Бірінші топтағы дәнді дақылдар-Бірінші топқа бидай, қарабидай, арпа және сұлы жатады. Олардың негізгі ерекшеліктері - дәндерінің бауыр жағында тілігі болады, дән тамыршалары 3-8 дана, масақшаның төменгі гүлдері жақсы дамыған. Өсіп-дамуы үшін жылуды аз мөлшерде, ал ылғалды көбірек талап етеді, сабақтарының іші қуыс болып келеді. Олар ұзақ күннің өсімдіктері, сондықтан вегетациясының алғашқы кезеңінде тезірек дамып, арамшөптермен шамалы ластанады.
Екінші топтағы дәнді дақылдар - Екінші топтағы дәнді дақылдарға тары, жүгері, күріш, қонақ жүгері жатады. Оларды дәндерінің бауыр жағында тілігі жоқ, масақшаның жоғарғы гүлдері жақсы дамыған. Бұлар бірінші топтың дақылдарына қарағанда жылуды көп, ал ылғалды, күріштен басқасы, аз талап етеді. Жүгері мен қонақ жүгерінің сабақтары өзекшемен толтырылған. Екінші топ дақылдары - қысқа күннің өсімдіктері және олардың күздік түрлері болмайды.
Астық дақылдары дәндерінің құрамы - Астық дақылдары дәндерінің құрамында су, ақуыз, май, крахмал, жасұнық және күл болады. Олар дәндерінің химиялық құрамы жағынан бір-бірінен ерекшеленеді. Мысалы, дәндегі ақуыз мөлшері қатты бидайда 13, 8-20, 0% болса, ал күріш дәнінде 6, 7-7, 6% ғана болады. Астық дақылдарының дәндерінде майдың мөлшері 1, 5-3, 0%, ал көмірсутегі 67, 8-80, 9% шамасында болады. Дәннің химиялық құрамы аймақтың топырақ-климат жағдайына, қолданылатын агротехникалық шараларға тікелей байланысты. Қазақстанның қуаң далалық аймағында өсірілетін жаздық бидай дәніндегі ақуыздың мөлшері басқа өңірлермен салыстырғанда біршама көбірек болады, сондықтан олар жақсы бағаланады.
Дәнді дақылдардың өсіп-дамуы - Тұқымнан өніп, көктеп шыққанна дәннің пісіп детілуіне дейінгі мерзімді өсімдіктердің вегетациялық кезеңі деп атайды. Дәнді масақты дақылдар өсімдіктері вегетациялық кезеңде бірнеше фенологиялық өсу және даму сатыларынан өтеді.
- Олар: тұқымның бөртуі және өнуі
- көктеу
- түптену
- түтік шығару
- масақтану(шашақ бас шығару)
- гүлдену
- пісу(сүттеніп, қамырланып және толық пісуі)
- Өсу және даму фенологиялық сатыларда өсімдіктерде сыртқы морфологиялық өзгерістер байқалады.
Астықты дәнді дақылдардың шаруашылықтағы маңызы. Астықты дәнді-дақылдарды тағамға, мал азығына және тамақ өнеркәсібіне шикізат қоры ретінде пайдаланады. Бидай, қарабидай, күріш, қарақұмық, тары, сұлы, арпа, жүгері азық-түлікке пайдаланылып, олардан түрлі тағамдар жасалса, сонымен қатар олардың кейбіреуі құнарлы мал азығы. Бірқатар дәнді дақылдар - тамақ өнеркәсібі үшін шикізат қоры. Арпа - сыра, жүгері спирт өндірісінде пайдаланылады. Осындай жан-жақты пайдаланылатын болғандықтан, оларды Қазақстанның барлық аймақтарында өсіреді.
II. Негізгі бөлім
2. 1. Қойма астық дақылдарында кездесетін карантиндік зиянкестер
Капр қоңызы - Trogoderma granarium everts. - Қатты қанаттылар отрядының (Coleoptera) тері жегірлер (Dermestidae) тұқымдасына жатады.
1-сурет. Капр қоңызы. Сәйкесінше 1-қоңыз, 2-дернәсіл, 3-еркегі мен ұрғашысының мұртшалары.
Капр қоңызы Еуропа, Азия, Африка және Оңтүстік америкада таралған. Қазақстанда тіркеліп, оның табылған ошағы жойылған.
Қазақстанда сыртқы карантиндік нысанға жатқызылады.
Қоңыздың ұзындығы 1, 8-3 мм, еркектері ұрғашыларына қарағанда кішілеу. Сарғыш-құба немесе ашық-қоңыр түсті қоңыз. Қанат үсті бір түсті, кейде жайылған ашық дақты болады. Алдыңғы жотасы қара, жылтыр. Денесін қоңырнемесе сүр түк қаптаған. Мұртшасы еркегінде 5 бунақты түйреуіштәрізді, ұрғашысында -4 бунақты болады. Жарғақ қанаттары қысқа, қоңыз ұшпайды. Тек (пыр ) еткен дыбыс шығады. Қоңыздың ауыз мүшесі дұрыс жетілген, бірақ қоректенбейді. Зиянкестің пішіні ұзынша сопақ.
Жұмыртқасы ақ, ашық сары түсті, ұзындығы 0, 7 мм, ені 0, 25мм. Бір ұшы дөңгеленген, екінші ұшы үшкірлеу, бірнеше ілгек тәрізді өсінділі.
Дернәсілінің ұзындығы 3-4 мм, ашық-сарғыш, қоңыр түсті, 3 жұп көкірек аяқтары болады. Денесін тікенекті түктер басқан, бүйір жағында шоқтанаған талшықтары бар және соңында ұзын шоқ қалдықтары жақсы байқалады. Қуыршағының ұзындығы 3, 5-5 мм, ашық-сары түсті, денесінің үстіңгі жағында ортаңғы жолағына қарайбағытталған сарғыш түктер болады.
Капр қоңызы барлық даму фазаларына дән, астық өнімдерімен, жеміспен, ыдыстар немесе көлікпен таралады.
Капр қоңызы дернәсіл күйінде қамбаның қабырға жарықтарында, жіңішке саңылауларында қыстайды. Қуыршақтануы дернәсілдің жарылған түлеу қабығында өтеді. Оның дамуы 2-23күнге созылады.
Ұрғашы қоңыз жұмыртқаларын бір-бірлеп, кейде бірнешеден салады. Өсімталдығы 126 жұмыртқа.
Эмбриондық дамуы 5-15 күнге созылады. Дернәсілдің дамуы 26 күнге созылады. Жылына 5 ұрпаққа дейін береді.
Капр қоңызының дернәсілі зияндық келтіреді. Олар қамбадағы бидай, арпа, сұлы, жүгері, күріш, мақта тұқымын және ұн, макаронды, кейде қағазды, қатты зақымдайды. Алғашқы даму фазасында дернәсілдер үгітілген дәнмен кейін бүтін дәнді де зақымдайды. Өте зиянды қоңыз. Үлкен шығын келтіреді.
Күріштің енді бізтұмсығы - Caulophilus oryzae GYLL. - қатты қанаттылар (Cleoptera) отрядының бізтұмсықтылар (Curculionidae) тұқымдасына жатады(2-сурет) .
2-сурет. Күріштің енді бізтұмсығы. Ретімен 1-қоңыз, 2-дернәсіл, 3-қуыршақ, 4-қоңыздың бас тұмсығы.
Күріштің енді бізтұмсығы Еуропа, Америка да таралған. Ресейдің біраз аймақтарында кездеседі.
Қазақстанда сыртқы карантиндік нысанға жатады.
Қоңыз қызғылт-қоңыр, қара түсті, аздап жылтырауық; денесінің ұзындығы 2, 5-3 мм. Тұмсығы қысқа енді ұш жағы күрек тәрізді жалпимаған, алдыңғы жотасынан бір шама қысқа.
Көздері томпиған. Мұртшалары 7 бунақты, ұшы түйреуіш басты болады. Қанат үсті салалы терең нүктелі; алдыңғы жотасы айтарлықтай бір келкі нүктелі. Басқа бізтұмсықтыларға қарағанда (қамба, күріш, жүгер) тұмсығы қысқа, енді. Алдыңғы жотасы және қанат үстімен салыстырмалы ұзындығы 1:1:2, ал басқа бізтұмсықтылардікі 1:1:1. Мұнымен қатар күріштің енді бізтұмсығының сандары ортаңғы енінің ұшына қарай жуандаған; алдыңғы сирақтарының ішкі жағында ойығы болады.
Жұмыртқасы мөлдір ақ түсті, сопақ ұзындығы 0, 4-0, 5 мм.
Дернәсілінің ұзындығы 2, 5-3 мм, сарғыш ақ түсті, аздап иілген, өқатпарлы, аяқсыз, басы күңгірт-сары реңді.
Қуыршағының ұзындығы 2, 5-3 мм, ені 1, 3 мм жуық, алғашында ақ, кейін аздап сарғаяды.
Зиянкес қоймада қыстайды. Ұрғашы бізтұмсық дән немесе басқа субстраттарда шұңқыр жасап жұмыртқасын салып бетін бөлінген қатып қалатын затпен жабады. Өсімталдығы 200-300 жұмыртқа.
Эмбриондық дамуы 4-14 күнге, қуыршағы - 5, дернәсілі - 21 күнде дамып жетіледі. Оңтайлы жағдайда зиянкестің даму циклі 30 күнде аяқталады. Қоңыз қолайсыз жағдайға төзімді. ол 55 күндей қорексіз тіршілік ете алады.
Күріштің енді бізтұмсығы көп қоректі. Зиянкес бидай, жүгері, арпа дәнін, шошқа жаңғақты, батат түйнгеін әртүрлі жемістерді зақымдайды.
Қытайлық дән қоңыз- Callosobruchus Chinensis L. - қатты қанаттылар отрядының дән қоңыздары тұқымдасына жатады.
Қытай дән қоңызы Азия, Африка, Еуропа, Австралияда таралған. Қазақстанда сыртқы карантиндік нысанға жатқызылады.
Қоңыздың ұзындығы 2, 3-3 мм. Алдыңғы жотасының ортаңғы бөлігінің түбі қосарланған төмпешікті. Ұзындығы 2, 5-3 мм, ені 1, 6 мм. Еркектерінің ұзындығы 2, 3-3 мм, ені 1, 6 мм. Еркектерінің ұзын, тарақ тәрізді, ұрғашыларынікі - аратісті болады.
Жұмыртқасы сопақ, көлемі 0, 4*0, 6 мм, мөлдір түсті болады(3-сурет) . Дернәсілі ақ түсті, ұзындығы 4мм дейін. Қуыршағы сарғыш түсті, ұзындығы 4 мм дейін.
3-сурет . Қытай дән қоңызы. Сәйкесінше 1-еркек қоңыз. 2-дернәсіл.
Қанат үсті ұзыншақ төртбұрышты ашық қоңыр түсті, ашық түкті жолақтары болады. Алдыңғы қанаттарының түсі, дақтары және түктері құбылмалы келеді. Артқы аяқтарының сандары жуандаған, ұзына бойлық ойығы ұрығын салуаға бейімделен. Пигидийі тік, тығыз түкті, ашық реңді жатаған қылшықты келеді. Құрсағының бүйірінде 2-4 стерниттерінде ашық түсті жатаған қылшықтары болады.
Қытайлық дән қоңыз егісте және қоймада да зиян келтіреді. залалданған тұқыммен барлық даму фазасында таралады.
Ұрғашы дән қоңыз жұмыртқаларын әр дән бетіне бірнешеден салады. Жұмыртқаларын бөлінген желімді затпен қатты бекітеді. Одан жұмыртқаны ажырату қиын. Дернәсіл шығысымен жұмыртқа астындағы дәнге енеді. Бір дәнде бірнеше дернәсіл жетіле алады. Бір жастағы дернәсіл дәнде тесігі дөңгелек тік жол салады, іші үгіндіге толтырылады және кіретін тесіктің қасына түлейді. Одан кейін жол тізе тәрізді майысады және бетіне горизонтальды немесе үстіне қарай бағытталады. Сол жерде дернәсіл қуыршаққа айналады. Қоймада жас қоңыздар ары қарай дами береді. Ұрғашы қоңызы 50-70 жұмыртқа салады. Ересек қоңыздың тіршілігі 12 күнге созылады. қоймада қыс кезінде тіршілік циклы 3-4 айға жетеді.
Төрт дақты дән қоңызы- Callosobruchus maculatus F. - Қаттықанаттылар (Coleoptera) отрядының дән қоңыздар (Bruchidae) тұқымдасына жатады. Қытай дән коңызына ұқсас, бірақ оған қарағанда әдемі және кішкене. Қоңыздың ұзындығы 3 мм, ені 1, 5-1, 7 мм. Еркегі мен ұрғашысының мұртшалары ара тісті болады. Алдыңғы қанаты және алдыңғы жотасын аздап түк басқан (4-сурет) .
Қоңыздың түсі өзгермелі. Қанатүсті қызғылт-қоңыр ұшының түп жағына қарай және ортаңғы бөлігіне қара дақтары болады. Алдыңғы қанаттарының ашық жерін сарғыш-сұр түк басқан "X" әрпі сияқты көрінеді.
4-сурет. Төртдақты дән қоңызы. Ретімен, 1- ұрғашы қоңыз. 2- дернәсіл. 3- қуыршақ.
Жұмыртқасы сопақ, ұзындығы 0, 7 мм, ені 0, 4 мм жартылай мөлдір түсті. Дернәсілі ақ, иілген, түксіз баяу қозғалады. Ұзындығы 1-4 мм-ге дейін. Қуыршағы қылшықсыз. Денесі сопақ, құрсағының ұшына қарай жіңішкерген.
Ұрғашы қоңыз жұмыртқаларын бұршаққапқа, тұқымға онымен қатар орағыш заттектерге салуы мүмкін.
Эмбрионалдық дамуы 5-6 күнге созылады. Жұмыртқадан шыкқан дернәсіл дәнге енеді, одан кейін сонда дамып жетіледі. Қуыршақтың дамуы 4-25 күнге созылады. Бір ұрпақтың дамуы 40 күннен 178 күнге созылады. Жаңадан шыкқан қоңыздар бір тәуліктен кейін шағылысып, жұмыртқа салуға кіріседі. Бір дәнге 15 жұмыртқаға дейін салады. Бұл кезең 20 күнге созылады. Ұрғашы қоңыздың өсімталдығы 100 жұмыртқа. Жылына 9 ұрпаққа дейін береді. Төртдақты дән қоңызы қоймада және егістікте тіршілк етеді. Көбінесе қоймада зияндылық келтіреді. Әр дәнде 10 дернәсілге дейін дами алады.
Зиянкес зақымдалған өніммен таралады.
Төртдақты дән қоңызы Еуропа, Азия, Африка, Америка елдерінде кең таралған. Зиянкес Қазақстанда сыртқы карантиндік нысанға жатады.
- Қойма астық дақылдарында кездесетін карантиндік аурулар
Бидайдың үнді қара күйесі - ауру қоздырғышы Neovossia indica Mund. саңырауқұлағы. Ауру қоздырғыш базидиомицеттер класының устилагилалылар қатарының тиллеция тұқымдасына жатады.
Кеселдің ерекшелігі - масақ түгел залалданбай, көбініесе масақшаның жырашығы немесе ұрық бөлігі залалданып, қара күйе телиоспора массасына айналады. Ауру өте қатты залалданғанда масақшаның қабықшалары ажырап, қара күйелі жағымсыз шіріген балық иісті дәндер масақтан топыраққа түседі.
Кеселдің залалдануы нәтижесінде масақтың ұзындығы қысқарып, дән саны азаяды. Қазіргі кезде Үндіде қара күйеден бидай өнімі 0, 2-0, 5%, ал Мексикада - 1 % дейін азаяды.
5-сурет. Бидайдың үнділік қара күйесі. Сәйкесінше 1- бидайдың залалданған масақтары. 2-бидайдың залалданған дәндері.
N. Indica телиоспоралары сопақша немесе шар тәрізді, диаметрі 18-40 мкм, қабығы қара-қошқыл, қоңырлау, торлы, өскіні түссіз. Споралар тыныштық кезеңінен кейін 15-25 ᵒС температурада жуан базидияға өніп, онда 32-128 мкм. Ұзынша, сәл иілген базидиоспоралар түзіледі. Кейде телиоспорадан ұзындығы 10-200 мкм промицелий өніп, оның басында көптеген бір, екі клеткалы споридиялар түзіледі. Өсімдікті гүлдеу кезеңінде базидиоспоралар және споридиялар залалдайды. Саңырауқұлақ жіпшумағы өсімдікте диффузды дамымайды. Инфекция қоры- залалданған тұқым және топырақ.
Бидайдың ергежейлі сорттары ауруға төзімсіз келеді. Үнді қара күйемен залалданған тұқымның тауарлық сапасы мен өнгіштігі төмендеп, өнім 10-20 % жойлады.
Ауру Азияда (Ауғанстан, Үнді, Ирак, Пәкістан), Солтүстік Америкада (Мексика) таралған. Қазақстанда сыртқы карантиндік нысанға жатады.
- Карантиндік шаралар және күресу жолдары
Капр қоңызы
- Капр қоңызы таралған елдерден астық өнімдері Қазақстан Республиклық мемлекеттік өсімдік карантиннің рұқсаты және импорттаушы елдің жүктің фитосанитариялық жағдайы зиянкестің барлық фазасының жоқтығына кепілдік беретін сертификатсыз тасымалдануға тиым салынады.
- Көлікте капр қоңызы табылған жағдайда, ол жүкпен бірге фумигациялық тәсілмен зарарсыздандырылады.
- Қоймалар мен мекемелерде залалдану байқалса, онда барлық залалданған жүкке және нысанға карантин салынады.
- Әрбір қойма өнімдері және құрал жабдықтармен бірге газ өтпейтін жабынның астында фумигациялау тәсілімен бромды метил, фостоксин немесе олардың қосылысымен өңделеді.
- Капр қоңызының барлық фазасы толықтай қырылған соң, астық өнімдері тасымалдауға, ал қойма карантиндік бақылауда қалады және басқа тағамдық өнімдерді, зиянкеске қорек болатын тұқымдар мен өсімдіктекті жүктерді сақтауға тиым салады.
- Барлық залалданған нысандар 3 жыл бойыы визуалды және еліктіргіш, жетімді ұстағыш ферономдық әдіспен жүйелі түрде бақыланады.
- Жыл сайын қойманың іші және сырты, қойма айналасы 10 м аумақта арнаулы препараттармен бүркіледі.
- Соңғы рет тірі дара табылғаннан 3 жылдан кейін карантин ереже бойынша тоқтатылады.
Күріштің енді біз тұмсығы
- Күріштің енді біз тұмсығы зақымдайтын тұқымдар және басқа өнімдер тасымалданғанда тыңғылықты карантиндік экспертизадан өткізіледі.
- Импорттық астық өнімдері сақталған және олар өңделген қоймалар жылына 2-3 рет визуалды жолмен тексеріледі.
- Күріштің енді бізтұмысығы таралған елдерден зиянкес зақымдайтын барлық өнімдерге Қазақстан Республикасының өсімдік карантинінің рұқсаты және импорттаушы елдің жүктің фитосанитариялық жағдайы -зиянкестің жоқтығына кепілдік беретін сертификатсыз карантин жарияланады.
- Қоймаларда және мекемелерде зиянкес байқалса, онда барлық залалданған жүкке және нысанға карантин салынады.
- Қойма арнаулы нұсқау ьойынша бромды метил т. б. препараттармен өңделеді.
- Жыл бойынша жүйелі түрде бақлау визуалды әдіспен атқарылады.
- Ең соңғы рет зиянкес табылған мерзімнен бір жыл өткен соң карантин ереже бойынша тоқтатылады.
Қытайлық дән қоңыз және төртдақты дән қоңызы
- Импорттық тұқым және тағамдық өнімдер тек Қазақстан Республикасының мемлекеттік карантинінің келісімі бойынша тасымалданады.
- Барлық дәнді бұршақ тұқымдары мемлекеттік өсімдік карантинінің мамандарының тыңғылықты тексеруінен және экспертизиядан өткізіліуі тиіс.
- Жыл сайын астық қоймалары, өнімді өңдеуші мекемелер және тұқым шаруашылықтары дәнді бұршақ дақылдарының зақымдалуын анықтау үшін тексеріліп тұрады.
- Тексеру жаз кезінде ай сайын, күз-қыс айларында квартал сайын жүргізіліп тұру тиіс.
- Зиянкес табылған жағдада қоймаларда фумигациялау жұмыстары атқарылады.
Бидайдың үнді қара күйесі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz