Дәнді дақылдар, бұршақ, көкөніс, жеміс-жидектерге сипаттама
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Дәнді дақылдар, бұршақ, көкөніс, жеміс.жидектерге сипаттама.
2.2 Карантиндік аурулары.
2.2 Карантиндік аурулардан қорғау шаралары.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Карантин — ауру ошағын толық оңашалау және ондағы ауруды толық жоюды қарастыратын шаралар жүйесі. Карантин (итал. quarantena, quaranta gіornі – қырық күн), уақытша тыйым салу – жұқпалы ауруларға шалдыққан немесе сол індеттер бойынша күдікті адамдар мен жануарларды жұқпалы аурулардан сақтауға, сол аурулардың жан-жаққа таралмауы үшін алдын ала жүргізілетін әкімшілік, медициналық-санитариялық, ветеринариялық-санитариялық кешенді шаралар жүйесі. Карантиндік шаралар. Көптеген жұқпалы аурулардың қоздырғыштары мен жасырын кезеңі (инкубациялық кезеңі) әлі толық анықталмаған жағдайда кез келген жұқпалы аурулар бойынша 40 күнге шектеу қойылады. Карантиндік шаралар халықаралық медициналық-санитариялық ережелерге сай ДДҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) мүшесі ретіндеҚазақстан Республикасында да жүргізіледі. Әсіресе, елдің өз территориясында немесе шекаралас елдерде аса қатерлі індеттер (оба, тырысқақ, т.б.) пайда болғанда карантин жүргізудің маңызы арта түседі. Мұндай жағдайда әкімшілік шара ретінде мемлекет шекараны жабуға тура келеді. Карантин жарияланған елдермен байланыс жасауға тыйым салынады.
Ауыл шаруашылығында. Карантиндік шаралар ауыл шаруашылығындағы дақылдары бойынша да жүргізіледі. Кейбір аймақтарда өсетін карантиндік өсімдіктер (мысалы, жусан жапырақты ойраншөп, кекіре, арамсояу, т.б.) болады, сондай-ақ, басқа жерден немесе басқа елден астық, түрлі дақылдар тұқымы арқылы өсімдіктерде ауру қоздыратын немесе оларды зақымдайтын әр түрлі микробтар, жәндіктер, зиянды құрттар, саңырауқұлақтар таралуы мүмкін. Сондықтан көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда да карантиндік өсімдіктер туралы арнайы Заң қабылданған. Басқа елден әкелінген астық, тұқым мұқият тексеруден өткізілуі тиісті.

1. Х.Торыбаев, Н.Ашықбаев Өсімдік карантині Алматы 2007жыл.
2. Микологиялық және фитопатологиялық анықтамалық сөздік. Павлодар 2013ж.
3. Wikipedia сайты
4. «Фитоппатология» Р.Д. Карбозова, К.Н. Туленгутова Алматы- 2014ж
5. «Фитопатология» А.О. Сағитов, М.Х. Назарбекова, Р.Д. Карбоза Алматы-1992ж
6. Акбасова А.Ж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университеті, Астана, Қазақстан. E-mail: a.j.alua@mail.ru, Ғылыми жетекші – б.ғ.к.,Омаров Р.Т.

Жоспары
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Дәнді дақылдар, бұршақ, көкөніс, жеміс-жидектерге сипаттама.
2.2 Карантиндік аурулары.
2.2 Карантиндік аурулардан қорғау шаралары.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Карантин -- ауру ошағын толық оңашалау және ондағы ауруды толық жоюды қарастыратын шаралар жүйесі. Карантин (итал. quarantena, quaranta gіornі - қырық күн), уақытша тыйым салу - жұқпалы ауруларға шалдыққан немесе сол індеттер бойынша күдікті адамдар мен жануарларды жұқпалы аурулардан сақтауға, сол аурулардың жан-жаққа таралмауы үшін алдын ала жүргізілетін әкімшілік, медициналық-санитариялық, ветеринариялық-санитариялық кешенді шаралар жүйесі. Карантиндік шаралар. Көптеген жұқпалы аурулардың қоздырғыштары мен жасырын кезеңі (инкубациялық кезеңі) әлі толық анықталмаған жағдайда кез келген жұқпалы аурулар бойынша 40 күнге шектеу қойылады. Карантиндік шаралар халықаралық медициналық-санитариялық ережелерге сай ДДҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) мүшесі ретіндеҚазақстан Республикасында да жүргізіледі. Әсіресе, елдің өз территориясында немесе шекаралас елдерде аса қатерлі індеттер (оба, тырысқақ, т.б.) пайда болғанда карантин жүргізудің маңызы арта түседі. Мұндай жағдайда әкімшілік шара ретінде мемлекет шекараны жабуға тура келеді. Карантин жарияланған елдермен байланыс жасауға тыйым салынады.
Ауыл шаруашылығында. Карантиндік шаралар ауыл шаруашылығындағы дақылдары бойынша да жүргізіледі. Кейбір аймақтарда өсетін карантиндік өсімдіктер (мысалы, жусан жапырақты ойраншөп, кекіре, арамсояу, т.б.) болады, сондай-ақ, басқа жерден немесе басқа елден астық, түрлі дақылдар тұқымы арқылы өсімдіктерде ауру қоздыратын немесе оларды зақымдайтын әр түрлі микробтар, жәндіктер, зиянды құрттар, саңырауқұлақтар таралуы мүмкін. Сондықтан көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда да карантиндік өсімдіктер туралы арнайы Заң қабылданған. Басқа елден әкелінген астық, тұқым мұқият тексеруден өткізілуі тиісті.
Өсімдік карантині мемлекет аумағын немесе оның жеке бір бөлігін карантинді аурулар мен зиянкестер және арамшөптердің таралуынан сақтау үшін ұйымдастырылады. Осыған байланысты ол сыртқы және ішкі карантин болып екіге бөлінеді. Сыртқы карантиннің негізгі мақсаты - еліміздің аумағын карантиндік маңызы бар нысандардан қорғау. Осы мақсат үшін шет елдермен шекаралардағы арнайы бекеттерде елімізге әкелініп жатқан өсімдік өнімдерінің (дән, жеміс-жидек, орман жәнежеміс ағаштары, сәндік дақылдардың көшеттері мен тұқымдары, т.б.) барлығы карантиндік тексеруден өтеді. Оларды басқа елге тасымалдау үшін арнайы карантиндіксертификат болуы қажет. Карантиндік нысандардың бірі байқалған жағдайда барлық жүк зарарсыздандырылады немесе жойылып жіберіледі, жіберілген елге кері қайтарылады. Әр мемлекет үшін карантиндік нысандардың тізімдері жасалынып, бекітіледі. Қазақстанда оларға бунақ денелілерден колорадо және капр қоңыздары,комсток құрты, қан-қызыл біте, американың ақ көбелегі; аурулардан - үнді қаракүйесі, күріштің бактериоздары, жүгерінің гельминтоспориоздары, арпаның сарғыш қуыршақтануы, қашқаргүлдің бұйралануы; ал арамшөптерден - сары шырмауық, кекіре, жабайы күнбағыс, т.б. жатады. Ішкі карантиннің негізгі мақсаты - республика аумағында кездесетін, бірақ та әлі аса кең тарала қоймаған зиянды нысандарды жою және әрі қарай таралуын шектеу. Карантин шараларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің өсімдіктерді қорғау және карантин департаменті "Өсімдіктер карантині туралы" заңды басшылыққа ала отырып жүргізеді.
Дәнді дақылдар, бұршақ, көкөніс, жеміс-жидектерге сипаттама. Дәнді дақылдар - дәні үшін өсірілетін аса маңызды өсімдіктер тобы. Дәнді дақылдар - адам үшін негізгі азық, малға жем. Дәнді дақылдарда ақуыз пен көмірсулар көп, сондай-ақ ферменттер, В тобындағы дәрумендері, А провитамині бар. Ұн тартатын,жарма, құрама жем өнеркәсіптері үшін шикізат болып табылады. Өңделген өнім нан пісіруде, макарон, кондитер өнімдерін, тағамдық концентраттар, консервілер әзірлеуге, сыра қайнатуға, спирт, крахмал алуға пайдаланылады.
Бұршақ тұқымдасы (лат. Fabceae, немес лат. Fabaceae s.l., немесе лат. Leguminsae, немесе лат. Papilionaceae) - қос жарнақтылар класына жататын бұта, шала бұта, шырмауық, кейде ағаш, көп жылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктертұқымдасы. Жер шарында кең тараған: 730 туысы, 19,400 түрі белгілі. Қазақстанда 42 туысы мен 650-дей түрі бар. Ботаникалық сипаттамасы. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің бір тобының сабағы мықты емес, жер бауырлап өседі. Ал екінші бір тобының сабағы мықты, тік өседі. Енді бірінің сабағы мұртшаға айналып, өрмелеп өсуге бейімделген. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің жапырағы бірнеше кішкене жапырақтардан құралатын қауырсын тәрізді, күрделі жапырақ; қатар салалы, үшқұлақты, саусақ салалы болып келеді. Гүлі дұрыс құрылмаған - зигоморфты, гүл қоршауы, күлтежапырақшасының мөлшері, пішіні де бірдей емес. Гүлсерігі қосарланған, біріккен тостағанша жапырақтардан - 5 тостағанша, күлтежапырақшадан - 5 күлте түзіледі. Күлтежапырақшалардың пішініне қарай аттары бар. Ең ірі жоғарғы күлтежапырақша - желкен, бүйіріндегісі - ескек, төменгі біріккен екі күлте жапырақша - қайықша деп аталады. Қайықша күлтесінің ішінде 10 аталық, бір аналық болады. Аналықтың бір ғана ұялы түйіні және бірнеше тұқым бүрлері болады. Андроцейіндегі аталық құрылысы туыстарында әртүрлі болады. Ақмия (софора), тентекмия (термопсис) туыстарында андроцейдегі 10 аталығы да бірікпеген бос болады, ал бөрібұршақ (люпин), бекіш (дрок) туыстарында андроцейдегі 10 аталықтары да аталық жіпшелері арқылы бірігіп кетеді. Бұршақ, жоңышқа, сиыржоңышқа (вика), әйкен (чина) туыстарының түрлерінде 10 аталықтың 9 бірігіп, 1 бос болады. Күлтенің түсі әр түрлі: ақ түстен қызыл және күлгін түске дейін өзгереді. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің гүл шоғырлары шашақ гүл, шатыршагүл және жұмыргүл т.б. болады. Жемісі - бұршаққап. Бұршақтың дәні екі қабыршақ болып ашылады және ішінде бірнеше ұрық болады. Ұрықтарының түсі, пішіні және мөлшері әр түрлі болып келеді. Дәнінің негізгі ерекшелігі - оларда ақуыздың көп болуында. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамыр жүйесі кіндік тамырлы болады. Топыраққа терең бойлап жататын негізгі тамырдан жіңішке тамырлар тарайды, бұл жіңішке тамырлардың көпшілігі топырақ бетінен 20-25 см тереңдікте жатқан қабатқа таралады. Барлық бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырынан жуандаған жерін, яғни тамыр түйнектерін көруге болады, бұл жерлерге ауадағы бос азотты бойына сіңіретін бактериялар жиналады. Оны түйнек бактериялары деп атайды. Түйнек бактерияларымен бұлар селбесіп (симбиоздық) тіршілік етеді. Түйнек бактериялары ауадағы бос азотты сіңіріп, оны ақуыз заттарына айналдырады. өсімдік тамыры қурағаннан кейін осы ақуызды заттардың есебінен топырақ азотты қосылыстарға байиды. Гүлдері шашақ гүл шоғырына жиналған, симметриясы зигоморфты. Гүлсерігі қосарланған: біріккен 5 тостағаншасы, пішіні әр түрлі жоғарыда сипатталғандай 5 күлтесі болады, күлтесінің түсі көк. Андроцейі 10 аталықтан тұрады. Аналығы біреу, үстіңгі жатын, бір ұялы, бірнеше тұқым бүрлері болады. Гүл формуласы: Са(5) Со 1+2+(2)А(81+1)G1. Жемісі - спираль тәрізді бұратылған бұршақ қап. Бұршақтар тұқымдасының түйінді тамырында ауадан азот жинайтын бактериялар орналасады. Олар ауадағы бос азотты сіңіріп, топырақты азотпен тыңайтып, құнарландырады. Бұлар бағалы мал азығы (беде, жоңышқа,бұршақ, таспа, т.б.) болып табылады. Ал бұршақ, кестежапырақ сияқты түрлері жасыл тыңайтқыш ретінде өсіріледі. Бұршақ тұқымдасының тех. дақыл ретінде де маңызы зор (мыс., арахис, соя, т.б. майы). Ағаштарының сүрегі құрылыста және жиһаздар жасауға пайдаланылады. Кейбір түрлерінің қабығынанбальзам, шайыр, сапонин, түрлі түсті бояуыш заттар алынады. Олардың ішінде мыс., мия, әйбәтмия,түйежоңышқа, жыланбұршақ сияқты түрлері - дәрілік өсімдіктер. Бұршақ тұқымдасының кейбір түрлері улы, олардың құрамында алкалоидтар, сапониндер, гликозидтер бар (ақмия, бойдана, таспа, кекіре, т.б.).Бұршақ тұқымдасының 120 мыңдай түрі бар (490 туысы бар, олардың көпшілігі өзгергіш полиморфты).
Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің шаруашылық мәні зор. Бағалы азық-түлік және жемшөптік дақыл ретінде өсіріледі. Қазақстанда егістік және көкөністік мәдени бұршақ тұқымдас өсімдіктерден асбұршақ, үрмебұршақ, соя, жамбас бұршақ өсіріледі. Кейбір бұршақ тұқымдас өсімдіктер әсемдік үшін өсіріледі. Кейбір бұршақ тұқымдас өсімдіктер әсемдік үшін өсіріледі. Оларға сары қараған, ақ қараған және жұпар бұршақтарды атауға болады.
Көкөніс дақылдары - көкөніс (шырынды өнімдер, жапырақты өсімдіктер, тамыр-жемісті өсімдіктер, баданалар) алу үшін өсірілетін өсімдіктер. Олардың 80 тұқымдасының 600-ден астам түрі бар. Жемісұрықтылар (қызанақ, қияр, бұрыш), жапырақтылар (капуста, салат), бадана (пияз және сарымсақ), тамыр-жемісті өсімдіктер (сәбіз, қызылша, ақжелкен) Қазақстанның суармалы егіншілікпен айналысатын аудандарында өсіріледі.
Көкөніс шаруашылығы - көкөніс алу мақсатында оларды өсірумен айналысатын өсімдік шаруашылығының бір саласы. Көкөніс шаруашылығының басқа өсімдік шаруашылығынан ерекшелігі - мұнда көкөніс дақылдары ашық және қорғалған жерлерде өсіріледі. Көкөніс шаруашылығы өсіру тәсілдері бойынша: танаптық көкөніс шаруашылығы, ашық танаптағы көкөніс шаруашылығы және қорғалған жердегі көкөніс шаруашылығы болып бөлінеді. Қорғалған жердегі көкөніс шаруашылығының ең жетілген түрінде (мысалы, осы заманғы жылыжайларда) өсімдіктің өсіп-дамуына қажетті барлық жағдайлар жасалады және жылдың кез келген мезгілінде (қыста, ерте көктемде және қара күзде) көкөніс алуға мүмкіндік береді. Ашық танаптағы көкөніс шаруашылығы - көкөністі танаптық жағдайларда өсіреді. Көкөніс шаруашылығында өсімдікті ерте көктету, өсіріп жетілдіру (мысалы, түсті капусталар), көшеттерді тығыз (мысалы, кеш пісетін капусталар аралықтарына ерте пісетін капусталар отырғызылады) және қайта егу (мысалы, ерте алынатын шалғам орнына аскөк отырғызылады) мен отырғызу әдісі кеңінен қолданылады. Деректерге сүйенсек, біздің заманымыздан бұрынғы 3 мыңыншы жылдары-ақ көкөніс өсірумен Ежелгі Қытайда, Мысырда, Ежелгі Грекияда және Ежелгі Римде айналысқан.
Көкөніс шаруашылығы - көкөніс дақылдарының биологиясын, көкөніс өнімділігін жоғарылату мен сапасын жақсартудың озық технологиясын, еңбек шығыны мен өзіндік құнын төмендетуге бағытталған прогрессивті тәсілдерді зерттейтін ғылым. Көкөніс өсіруші ғалымдар көкөніс дақылдарының жаңа, жетілген сорттарын шығарумен де шұғылданады.
Жидек дақылдары -- шырынды жидегі бар көп жылдық бұталар, жартылай бұталар және шөптесін өсімдіктер тобы. Жидек дақылдарына бүлдірген, қарақат, таңқурай, тұшала, мүкжидек, көкжидек, шырғанақ, қожақат (қара бүлдірген), т.б. жатады. Жабайы өсетін Жидек дақылдарынан қызылжидек, мүкжидек, қаражидектердің де маңызы зор. Жидек дақылдарының жемісінде органикалық қышқылдар, минералды тұздар, витаминдер, хош иісті заттар болады. КейбірЖидек дақылдарының жемісінің (қаражидек, таңқурай, қара жемісті шетен) дәрілік қасиеттері бар. Жидек дақылдары ерте және жыл сайын жеміс береді (бүлдірген екінші, таңқурай үшінші, қарақат пен тұшала үшінші-төртінші жылдары).Жидек дақылдары әр түрлі топырақ-климат жағдайларына жеңіл бейімделеді. Оларды вегетативтік жолмен көбейтеді.Қазақстанда Жидек дақылдарының көпшілігі қолдан өсіріледі.
Карантиндік аурулары. Карантин - аудан, облыс, аумақ, мемлекетке қауіпті, карантинді аурулардың қоздырғыштарының,зиянкестерінің, сорлы өсімдіктердің түспеуі мақсатында жүргізілетін шаралар жүйесі. Карантиннің екі түрін ажыратады: 1) ішкі: міндеті - аурулардың мемлекет ішінде таралмауын жүзеге асыру; 2) сыртқы: елге карантинді объектілердің өтуіне тыйым салатын қорғаныштық қызмет атқарады. Объектілердің басқа мемлекеттерден әкелінуіне рұқсат тек қана оның карантинді жағдайын көрсететін сертифткаттың болуымен етіледі.
Карантинді аурулар - берілген территорияда кездеспейтін, алайда кездейсоқ немесе арнайы әкелінуі, аурудың қоздырғышының немесе зиянкестерінің түсуі, тез таралуы, көбеюі және эпифитотиялар мен эпизотиялардың пайда болуы мүмкіндігі салдарынан үлкен қауіп келтіретін аурулар. Карантинді шаралар қолданылады.
Дәнді дақылдардың ақ ұнтағы. Кесел Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында кең таралған. Бұл ауруға өсімдіктің сабағы, жапырағы, жапырақ қынабы, кейде масағы шалдығады. Жас өсімдіктердің мүшелерінде ақ түсті өңез түзіледі. Кесел жапырақтардан сабақты бойлап жоғарғы бөліктерге тарайды. Өңез үстінде саңырауқұлақтың конидия тасушысы мен конидиялары түзіледі. Конидиялары бірнеше ұрпақ беріп, ауруды тара-тады. Өңез бірте-бірте киіздей тығыздалып, бетінде жеміс дене-клейстотецийлер түзіледі. Ауру қарқынды дамығанда өңез масағына да тарайды.
1-сурет. Дәнді дақылдардың ақ ұнтағы.
Ауру қоздырғышы - Erysiphe graminis DC. саңырауқұлағы. Қоздырғыш күздік пен жаздық бидай, арпа, қара бидай, сұлы және т.б. көптеген дәнді-дақылдарды залалдайды. Оның жіпшумағы жақсы дамыған, көп клеткалы, субстрат үстіне орналасып, оған аппрессорийлар мен гаусторийлар арқылы тіркеледі. Гаусторийлар клетка (жасуша) ішіне еніп, саңырауқұлақ-ты қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Вегетация кезеңінде саңырауқұлақ конидиялармен тарайды. Кони-диялары түссіз, бір клеткалы, цилиндр немесе бөшке тәрізді, көлемі 16-30 х 8-14мкм, тізбектеліп түзіледі.
Клейстотецийлер шар тәрізді, диаметрі 135-280мкм, топтасып жіпшумаққа батып орналасады. Қосымшалары көп, қысқа, ашық-қоңыр түсті, қарапайым, кейде сәл бұтақталған. Жеміс дене ішінде жұмыртқа немесе эллипс тәрізді 8-10, кейде 30 дейін қалталары болады, оның ішінде 4-8 қалтаспоралар орналасады. Аскоспоралары (қалтаспора) эллипс тәрізді, көлемі 20-23 х 10-13мкм. Клейстотецийлер өсімдік қалдықтарында қыстап, көктемде аскоспоралар жетіліп, өсімдікті алғаш залал-дайды да жаңа жіпшумақ түзіліп, бетінде конидиялар мен конидия тасушылар пайда болады. Кейбір аудандарда аскоспоралар күзде жетіліп, күздік бидайды залалдап, көктемде жаздық бидайға көшеді. Залалдану 3-300С температура аралығында, 50-100% ылғалдылықта жүреді. Инкубациялық кезең 3-11 күн. Қоздырғыштың 30-дан астам биологиялық формалары жеке дақылдарға (бидай, қара бидай, арпа, сұлы) арнайы бейімделген. Әрбір форманың бірнеше физиологиялық расалары бар. Залалданған жапырақтар мерзімінен бұрын қурап, өсімдік кеш масақтанып, мезгілсіз пісіп, масақта дән түзілмейді, ал түзілсе, ол семіп, сапасы төменденіп, өнім шығымы 10-35% кемиді.
Бидайдың қоңыр таты. Ауру республикада кең таралған. Бидайдың жапырағында, оның қынабында шашыраңқы орналасқан қоңыр бөртпелер пайда болып, кейін урединийлердің орнында жылтыр, қара телий бөртпелер түзіледі. Ауру қоздырғышы - Puccinia triticina Eriks саңырауқұлағы. Қоздырғыштың дамуы толық циклды, эций кезеңі аралық өсімдік - маралотында дамып, онда спермагонийлер мен эцийлер түзіледі. Спермагоний жапырақтың үстіңгі бетінде, ал түссіз сүйел тәрізді эцийлер топтанып алдыңғы бетінде түзіледі де жаздың бас кезеңінде дамып, эциоспоралары негізгі дақылды залалдайды. Өсімдіктің ауруға шалдыққан мүшелерінде урединийлер түзіледі. Вегетациялық кезеңде урединиоспоралар бірнеше (5-6), ал Қазақстанның солтүстігінде 10 ұрпаққа дейін береді. Саңырауқұлақтың урединиоспоралары домалақ немесе эллипс тәрізді, көлемі 18-29 х 17-22 мкм, қабығы ашық-қоңыр, сәл тікенекті, 8-10 өнгіш саңылаулары бар. Урединиоспоралар қолайлы жағдайда, су тамшысы және 18-200С температурада өнеді. Вегетацияның соңында урединийлердің орнында телий бөртпелер түзіледі. Телиоспоралары ұзынша шоқпар тәрізді, төбесі тегіс, көлемі 30-42, х 14-17 мкм, төменгі клеткасы жоғарғысына қарағанда ұзындау және жіңішкелеу, сабағы мен пердесінің түсі қоңырлау, өнгіш саңылауы білінбейді.
2-сурет. Бидайдың қоңыр таты
Саңырауқұлақ жіпшелері залалданған күздік бидай жапырақтарында және жабайы өсімдіктерде қыстайды немесе споралары ауа ағыны арқылы өсімдікті залалдайды. Саңырауқұлақ жартылай циклмен дамып, эций кезеңі болмауы да мүмкін. Қоңыр тат кеселімен бидай, арпа, қара бидай және астық тұқымдас жабайы өсімдіктер залалданады. Ауруға шалдыққан өсімдік жапырағының ассимиляциялық көлемі кішірейіп, су алмасу процесі бұзылып, жапырақ ерте қурап, суыққа төзімділігі төмендеп, өнім шығымы кемиді.
Гельминтоспориоз ауруының қоздырғыштары - Bipolaris және Drechslera туысының саңырауқұлақтары. Арпа гельминтоспориоздың бірнеше түрлерімен зақымданады - торлы, жолақты, қара-қоңыр дақтармен. Қазақстанда гельминтоспориозды саңырауқұлақтардың түрі: Bipolaris sorokiniana Sacc, Drechslera graminea Ito (Helminthosporium gramineum Rabh), Drechslera teres Shoem. Ақмола облысында Bipolaris sorokiniana Sacc. (синоним Helminthosporium sativum P.K.et.B.) кең таралған (қара қоңыр дақ). Ауру қоздырғыштары негізінен өсімдік қалдықтарында сақталады. Саңырауқұлақтың мицелий мен конидиялары тұқым мен топырақта қыстайды. Арпаның қара-қоңыр дақтары жапырақта маусымның екінші он күндігінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz