Еңбек нарығы қызметінің теориялық негіздері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе . . .

І бөлім. Еңбек нарығы қызметінің теориялық негіздері

1. 1 Еңбек нарығы туралы түсінік, оның қызметінің механизмі мен құрылымы . . .

1. 2 Еңбек сұраным мен ұсыным . . .

1. 3 Еңбек нарығының сигменті . . .

1. 4. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу

ІІ бөлім. Жамбыл облысындағы еңбек нарығы және тұрғындарды жұмыспен қамту мәселелері

2. 1 Еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамтудың қазіргі жағдайы . . .

2. 2 Еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамтудың жетілдіру жолдары . . .

ІІІ бөлім. Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамтамасыз ету саясаты.

3. 1 Еңбек биржасы және оның қызыметтері . . . 14

3. 2 Жұмыспен қамту саясаты . . . 17

3. 3 Қазақстанның жұмыспен қамтамасыз ету шаралары . . . 20

Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу

Қортынды . . . 24

Қолданылған әдебиеттер . . . 26

Кіріспе

Менің жазып отырған жұмысымның тақырыбы «Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы және халықтың жұмысбастылығы».

Осы жұмысым арқылы менің көздеген негізгі мақсатым - қазіргі қоғамдағы кезден алынған өзекті мәселенің бірі-жұмыссыздық. Жұмысымның мәні, түрлері және халықтың, аймақтың саясаты, себептері, шаралары және пайда болуын толық қамтиды.

Сонымен, біздің қарқынды саяси әлеуметтік және экономикалық өміріміз күн өткен сайын жаңа, тіпті, кей жағдайда күтпеген оқиғаларға тап болып отырмыз. Ал, экономика адамзат өмірінің және қоғамның барлық жақтарын анықтайтын болғандықтан, соңғы 5-10 жылдардың ішінде түбегейлі өзгерістер жасалуда.

Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат - ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшылар санына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс. Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі олардың қайта оқып үйренуі мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру бағытында құрылуы керек. Бүгінгі күнде елімізде еңбек нарығы экономикалық жүйенің ерекше инфрақұрылымына айналып отыр. Бұл нарықта, басқа нарықтағыдай, біріншіден, сұраныс және ұсыныс заңдары, жұмыс күшін сату - сатып алу жетілген бәсеке нарығы жағдайында жүріп отыратын болса, екіншіден, жетілмеген бәсеке нарығының ерекше ықпалы да байқалып отырады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясында өнімдерді экспортқа шығаруға бағдарланған өндірістерді, оның ішінде кластерлік өндірісті дамыту керек екендігі айтылған болатын.

Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру отандық өнімдірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды талап етеді. Өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жоғары білікті және кәсіпқой мамандарға сұраныс арта түсуде. Сондықтан білікті ұлттық кадрларды кәсіби жағынан даярлау және қайта даярлау бүгінгі күннің талабы.

Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесін үйренуде жүйелік және нақты тарихи көзқарас халық шаруашылығындағы еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-инфрақұрылымдық қызмет ету тетіктерін жетілдіру, облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғаудың белсенді формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау, қоғамдық бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр, ғылыми тұрғыдан зерттеуді талап етеді.

Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осыны құратын элементтерге жұмысшы күшін иемденетін адамдар жатады. Бұларға психофизиологиялық, әлеуметтік, мәдени, діни, саяси және т. б. адамдық қасиеттер тән болады. Осы ерекшеліктер адамдардың мүдделеріне, мотивацияларына, еңбекке белсенділік дәрежесіне елеулі әсер етеді және еңбек нарығына, оның болмысына ықпал етеді. Өндірістік ресурстардың басқа барлық түрлерінен еңбектің басты айырмашылығы-еңбек адамның тіршілік әрекеттерінің формасы, оның өмірлік мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы. Еңбектің бағасы- ресурс бағасының жабайы бір түрі ғана емес, ол тіршілік дәрежесінің, әлеуметтік мәртебенің, жұмыскердің және оның отбасының аман-есендігінің бағасы, құны болып табылады. Сондықтан, еңбек нарығы категориясын зерттеп талдағанда «адамгершілік» элементтер барын, олардың көленкесінде жанды, жаны бар адамдар бар екенің естен шығармау қажет.

Қазіргі жағдайда еңбекті еліміздің тұрмысы төмен бөлігін қорғауға үлкен назар аударып отыр. Мен осы жұмысым арқылы қазіргі жұмысымның деңгейіне толық сипаттама беремін деген ойдамын.

І Еңбек нарығы қызметінің теориялық негіздері

  1. Еңбек нарығы туралы түсінік

Еңбек нарығы нарықтық экономиканың бөлінбес бөлігі болып табылады. Ол жұмыс істейтін басқару күшімен кадр бөлімі, оқу және зерттеу орталықтары, сонымен қатар әлеуметтік қызмет корпорациялары, мемлекеттік мекемелер, коммерциялық емес ұйымдар және т. с. с.

Нарықтық экономикаға өту өзіне қажет еңбек нарығы мен жұмыс күшін еріксіз тартады.

Еңбек нарығы-бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы, олардың тепе-теңдік бағасы мен саны, сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне әсер етуімен анықталады. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарық агенттері, олар еңбек нарығында өзара қатынаста болады. Сондықтан

еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс тетіктері арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта болып табылады.

Еңбек нарығы деп қызмет атқарып жүрген жұмыс күші нарығын айтамыз. Қазақстанда еңбек нарығы әлі де болса өркениетті елдердегідей қалыптаса қоймаған.

Бұл елдердің өзінде еңбек нарығы тетіктерінің бір - бірімен үйлесуінде айтарлықтай айырмашылықтар бар, яғни, еңбек нарығының көп түрлері мен модельдері болады.

Еңбек нарығының қызмет ету ауқымына байланысты оның екі түрін ажыратуға болады:

- сыртқы еңбек нарығы (салааралық, макроэкономикалық ұғымдар) ;

- ішкі еңбек нарығы (сала ішіндегі, микроэкономикалық ұғымдар) .

Сыртқы еңбек нарығы дегеніміз жұмыс күшінің облыстық, салааралық деңгейде жылжуға бейімделген процесстерін, яғни, жұмыс орындарын еңбеккерлермен фирма

арасында ауыстыру жолымен толтырады. Ішкі еңбек нарығы еңбеккерлердің фирма

ішінде жылжуына бейімделген.

Еңбек нарығы басты үш қызмет атқарады :

1) әлеуметтік қызметте адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс жағдайының әдеттегідей дәрежесі мен жұмыскерлердің өндірістік қабілетін тиісті дәрежеде ұдайы өндіруді қамтамасыз ету;

2) экономикалық қызметте еңбекке тиімді түрде тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану;

3) ынталандыру қызметі бәсекеге қабілеттің күшеюіне, тиімділігі жоғары еңбекке ынтаның өсуіне, біліктіліктің жоғарылауына, мамандықты ауыстыруға мүмкіндік тудырады.

Еңбек нарығы - бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы, бұлардың тепе - теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстын бір - біріне әсер етуімен белгіленеді. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарықтың агенттері, - еңбек нарығында өзара қатынаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс механизімі арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын ( қалыптасатын) экономикалық орта немесе болмыс болып табылады.

Еңбек нарығының қызыметтері қоғам өміріндегі еңбектің рөлімен белгіленеді, еңбек табыстың және жақсы хал - жағдайдың өте маңызды көзі. Экономикалық бағыттан еңбек дегеніміз өте маңызды өндірістік ресурс ( фактор ) болып табылады. Осыған сәйкес еңбек нарығы екі қызымет атқарады.

Әлеуметтік функцияға адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс халының әдеттегідей дәрежесінің қамтамасыз етілуі және жұмыскерлерідің өндірістік қабілетінің тиісті дәрежеде ұдайы өндіруінің қамтамасыз етілуі жатады. Еңбек нарығының экономикалық функциясына еңбекке рационалды тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану жатады.

Еңбек нарығы бір сыпыра ынталандыру функцияларын атқарады, олар бәсекелестік қабілеттін күшеюне, тиімділігі жоғары еңбекке ынтаның өсуіне, квалификацияның жоғарлуына, мамандықты ауыстыруға тағы басқа мүмкіндік тудырады.

Бәсекелік еңбек нарығының классикалық үлгісінің негізін мынадай принциптер құрайды : фирмалардың ынталарын бенелейтін және еңбекке сұраныс жасайтын жұмыс берушілернің көп болуы; жұмысшы күшіне иелік ететін және оның ұсынысын жасайтын жұмыскерлердің көп болуы. Еңбек нарығындағы субъектілердің тәртібі рационалды болады, олардың мүдделеріні жетуді және пайда табуды көздегенмен белгіленеді. Олар үшін еңбек нарығында еркін әрекет жасауына елеулі кедергілер болмайды. Жұмыс берушілер ұсыныстын жұмыс орындары және жұмыскерлер ұсыныстын жұмысшы күші біркелкі болады. Жұмыспен қамтудың саны мен көлемі жұмыскерлер санымен өлшенеді.

Икемді нарықтын механизімі баға арқылы жүзеге асырылатын еңбек нарығы, жетілген бәсекелік нарығы болып сипатталады. Осындай нарықта жекелеген жұмыс берушілер, жекелеген жұмыскерлер жалпы нарықтық ситуацияға әсер ете алмайды: жалақының тепе - теңдік ставкалары жекелеген фирмалардың немесе жұмыскерлер топтарының әрекеттеріне тәуелді болмайды, олар жалпы конъюнктурамен, яғни нарықтық прцестің барлық мүшелерінің жалпы өзара әсерлермен белгіленеді.

Еңбек нарығы ресурстары түсінігінің жиынтығы

Еңбек нарығы-бұл бәсекелік нарық. Оның құрылымдық функционалдық ұйымдастырылуының өте күрделі болғандығынан, қашан болмасын, жұмыс орындары мен еңбек ресурстарының арасында белгілі сәйкес келмеушілік болады. Өзін алмастыруға жоғары квалификасия талап ететін, жұмыс орындарының бір бөлшегі бос болып қала береді, ал қажетті арнаулы дайындығы жоқ адамдардың бір бөлшегі жұмыс таба алмайды. Осындай жағдайда, жұмыстың қандайын болмасын табу үшін жұмыссыздар арасында бәсекелестік пайда болады. Осымен бірге, өз еңбегімен жоғары табыс табуды көздеп ұнамды орналасу үшін, жоғары квалификатсиялы жұмыскерлер мен мамандар да бір- бірімен бәсекелік сайыста болады.

Кәсіпкерлер арасында фирмаға бай тәжірибелі және жоғары квалификациялы мамандарды тарту үшін бәсекелік күрес жүріп отырады.

Еңбек нарығында еңбек ақы, баға миханизмі арқылы белгілі сегмент шеңберінде жұмысшы күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын, экономикалық агенттердің қимылдарын үйлестіруге қызмет ететін бәсекелік орын алады.

Еңбек нарығы-бұл өте икемді құрылымдық-функционалдық құрамы бар динамикалық нарық.

Сондықтан еңбек нарығында белгілі ағымдар қалыптасады: жұмысшыкүші құрамынан шығушылар, жұмысшы күші құрамына кірушілер; жұмыс іздеуден бас тартқандар; жұмыс іздеуді бітіргендер; жұмыс тапқандаржәне т. б. Осы адамдардың бейімділігі қоғамдағы жұмысшы күшінің нарықтық динамикасын сипаттайды.

Еңбек нарығы нарық экономикасының құрамды бөлігі ретінде жұмыс беруші мен жалданған жалға алынған жұмысшылар мүдделерін үйлестіру механизмі.

Еңбек нарығының басты құрамды бөліктері: елдің экономикалық белсенді санынан барлық жұмыс күшін қамтитын жиынтық ұсыныс және жалданған (жалпы алынған) жұмыс күшіне экономиканың жалпы қажеттілігі ретіндегі жиынтық сұраныс.

Жиынтық ұсыныс елдің еңбекке жарамды, жалданып жұмыс істегісі келген барлық категорияларын, сонымен қатар, жалданбай, кәсіпкерлік немесе өзін-өзі жұмыспен қамтушылық құқығында еңбектенгісі келген тұлғаларды қамтиды. Еңбектің жиынтық нарығында жұмыс күшіне деген сұраныс экономикада бар болып, толықтыруды қажет ететін жұмыс орындарының саны мен құрылымымен анықталады. Жұмыс күшіне деген сұраныс қоғамдық еңбектің түгел аясын қамтиды, оған қызметкерлермен жинақталған, сондай-ақ бос жұмыс орындар кіреді. Еңбек нарығындағы көптеген жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың қиылысуы қанағаттанған сұранысқа сәйкес келеді, ал олардың қиылыспайтын бөліктері ағымдағы еңбек нарығына сәйкес.

Ағымдағы еңбек нарығындағы жұмыс күші ұсынысының 3 негізгі құраушысы бар: жұмысы жоқ (еңбекпен қамтылмаған) жұмыс іздеген тұлғалар; жұмыс орнын ауыстырып келген тұлғалар; жұмыстан не оқудан бос уақытында жұмыс істегісі келген тұлғалар.

Ағымдағы нарықта жұмыс күшіне сұраныс - негізгі қызмет немесе қос қызметтілік жағдайында бос жұмыс орындарына қызметкерлердің қажеттілігімен білінеді, сонымен қатар, біржолғы қызметтерді орындау үшін.

Ағымдағы нарықтың құраушы элементтері: ашық және жасырын еңбек нарығы.

Ашық еңбек нарығы - ол жұмыс іздеп және кәсіптік бағдарда, дайындық және қайта даярлауда мұқтажы бар экономикалық белсенді халық.

Сонымен қатар экономиканың барлық бөліктеріндегі бос жұмыс орындар. Ашық еңбек нарығының құраушы элементтері - олардың ресми және бейресми бөліктері.

Ашық еңбек нарығының ресми бөлігіне - бос жұмыс күші және жұмыспен қамту мекемелерінде тіркелген бос орындар кіреді.

Ашық еңбек нарығының бейресми бөлігіне - жұмыспен қамту органдарында тіркелмеген жұмыс күшінің бөлігі және бос орындар бөлігі кіреді. Онда жұмысқа орналастыру жұмыс беруші мен жұмыс іздеушілер арасындағы тікелей байланыстар негізінде қанағаттандырылады.

Жасырын нарық (жасырын жұмыссыздық) ресми халық шаруашылығында істейтін, бірақ өндіріс көлемін қысқартумен байланысты басталуы мүмкін тұлғаларды қамтиды.

Жасырын еңбек нарығын ресми және бейресмиге бөлуге болады. Жасырын нарықтың ресми бөлігі статистикамен әкімшілік демалыстардағы және толық емес жұмыс уақытымен еңбектенетін тұлғалармен тіркеледі.

Жасырын еңбек нарығының бейресми бөлігі - статистика органдарымен қамтылмайды.

Бастапқы еңбек нарығы - жұмысы келесі түрде сипатталатын нарық: қызметкердің тұрақты жұмыспен қамтылуы мен жағдайының беріктігі, тұрақтылығы, жалақысының жоғары деңгейі; кәсіби өсуге анық белгіленген мүмкіндіктері бар, лауазым сатылардың бары, қызметкерлердің жоғары біліктілігін талап ететін технологияларды пайдалану күшті және нәтижелі кәсіподақтардың бары.

Екіншілік нарық - нашар жұмыстары бар нарық. Оның белгілері келесі: кадрлардың тұрақтамаушылығы, жұмыспен қамтылудың тұрақсыздығы, жалақының төмен деңгейі, лауазым сатысынан жылжудың ақырындығы, өндіріс технологиясының жоғары еңбек көлемділігі, күшті және нәтижелі кәсіподақтардың жоғы.

  1. Еңбек сұраным мен ұсыным

Бәсекелік еңбек нарығында еңбекке сұраныстың қисық сызығының еңкеюі теріс брышты болады: жалақының жалпы дәрежесі өскен сайын еңбекке сұраныс төмендей түседі. Көлденең білік - еңбектің саны (Q), тік білік (P) -жалақының ставкасы (1. 1 сурет)

Еңбек ұсынысы қисық сызығының оң еңкею бұрышы болады, жалақының жалпы дәрежесінің өсуімен бірге еңбек ұсынысы өсіп отырады ( 1. 2 сурет ) . Жұмысшы күшіне сұраныс, жиынтық сұраныспен есептесе отырып, тауарлар мен қызыметтер өндіру үшін, тиісті квалификациясы бар жұмыскерлердің белгілі санымен, жұмыс берушілердің жалдауға қажеттіліктермен белгіленеді. Жұмысшы күшінің ұсынысы еңбекке қабілетті жастағы адамдардың өздерінің қабілеттерін әдеттегідей ұдайы өндіру керек қажеттіктермен белгіленеді. Сұраныс та, ұсыныс та әр түрлі факторлардың әсерімен қалыптасқан баға дәрежесімен, шығындармен, жалақымен, еңбек өнімділігімен, адамдардың санымен, жұмыскерлердің квалмфикациялық - мамандық құрылымымен, несие - қаржы, салық, заң жүйесімен, кәсіподақтардың, мәдени, діни және басқа ұйымдардың қызыметтерімен қалыптасады. Сұраныс (DD) пен ұсыныстың (SS) қисық сызықтарының қиылысуы жалақының тепе - теңдік дәрежесін (PE) көрсетеді де жалақының осы дәрежесінде экономикада толық жұмыспен қамту байқалады: Qe - еңбекке сұраныс еңбек ұсынысына тең ( 1. 3 сурет) .

Жетілген бәсеке жағдайында жалақының тепе - теңдік дәрежеден ұзақ мерзім бойы ауытқуы мүмкін емес. Жалақының шамамен тепе - теңдік дәрежеден артық өсуі фирма жағынан еңбекке сұранысты төмендетеді. Сонымен бірге жұмыскерлер жағынан еңбек ұсынысын өсіреді. Мұның салдарынан еңбек ұсынысының артықшылығы пайда болады. Осы арқылы пайда болатын жұмыссыздық жалақы мен оның тепе - теңдік дәрежесінің жылжуына ықпал етеді. Жалақы осы дәрежеден төмендеп кеткен болса, керсінше процесс жүреді. Түбінде еңбектің бәсекелік нарығы еңбекке сұраныс пен еңбек ұсынысының жалпы тепе - теңдігімен және жалақының тепе - теңдік дәрежесімен сипатталады.

Еңбек нарығы монопсониямен ( олигопсониямен ) сипатталуы мүмкін. Бұл жағдайда ұсыныс жағында тек жалғыз ( немесе бірнеше ) фирма жұмыс беруші болады. Бұнда жалақы ставкалары осы фирма - моносонистің шешіміне өте елеулі дәрежеде тәуелді болады. Кәсіподақтардың маңызды рөліне байланысты, еңбек нарығының юнионизациялану дәрежесі жоғары болуы мүмкін Осы жағдайда кәсіподақтар болып ұйымдасқан жұмыскерлердің жекелеген топтары жалақының нақты көлемін оның тепе - теңдік дәрежесінен арттыра алады. Бұл көп емес жағдайда еңбек нарығында негативтік өзгерістер тудырады. Бұған жатпайтын - монопсониялық нарық. Бұл нарықта кәсіподақтар жалпы көлемінің өсуімен бірге жұмыспен қамту дәрежесін де өсіре алады.

Дамыған елдердің көбінде заң жүзінде жалақының миниумы белгіленген. Бұның мақсаты - кедейліктің дәрежесін төмендету және төмен квалификациялы жұмыскерлердің хал - жағдайын қолдау.

Номиналдық және нақты жалақы болатынан айыра білу керек. Номиналдық жалақыға жұмыскерге төленген ақша сомасы жатады, ал нақты жалақы - бұл тауарлардың болып тұрған баға дәрежесінде төленген жалақының ақшалай сомасына жұмыскерлердің сатып алатын тауарлардың саны. Жұмыскерге теңге түрінде төленген номиналдық жалақыны баға дәрежесіне бөлсек, нақты жалақы шығады.

Нақты өмірде фирмалар мен жұмыскерлердің барлығы қатысатын біртұтас абстракті еңбек нарығы болмайды. Еңбек нарығы өзінің интегралдық бірлігінде көптеген локальдіқ еңбек нарықтарынан, сегменттерден, секторлардан тұрады. Бұлар аймақтық, салалық ерекшеліктермен, маманданған топтардың рөлімен, квалификациялық топтармен, жыныс - жастық, ұлттық және тағы басқа айырмашылықтармен сипатталады. Сұраныс пен ұсыныстың ауытқуы әсері арқасында пайда болатын еңбек ақысының дәрежесінің өзгерістері локалдық нарықтарда ( сегменттерде ) орын алады және олардын динамикасы ерекше болады.

Еңбек нарығында жұмысшы күші жаппай жылжып, оның сандық және сапалық құрлымы ылғи өзгеріп отырады. Осымен бірге жұмысшы күшіне сұраныс өзгертіп тұрады, өйткені өндірістің кеңеюі, оның модернизациясы, құрылымдық өзгерістері жұмыскерлердің ерекше жоғары дәрежеде дайындалуын талап етеді, олардың жаңа, осы замандық мамандықты жете игеруін тілейді. Әрбір белгіленген мерзімде сұраныс пен квалификациясы жоғары жұмысшы күшінің арасында сәйкестік болмайды.

  1. Еңбек нарығының икемділі және сигменті

Еңбекті ұйымдастырудың негізгі элементі болып еңбек бөлінісі табылады, яғни еңбек қызметінің жұмысшылар, бригадалар және кәсіпорындағы басқа да бөлімшелермен ерекшеленуі. Бұл еңбекті ұйымдастыруда әрбір жұмысшы және әрбір бөлімшенің артында өздерінің міндеттері, қызметтері, жұмыс түрлері, технологиялық операциялары болады.

Жалпылама түрде еңбек нарығының негізгі екі сигменті болады: тәуелсіз бен бағынышты жұмыс орындарының біріншілік нарығы және екіншілік жұмыс орындарының нарығы.

Біріншілік жұмыс орындарының бірінші сигментінде жоғары дәрежелі және арнаулы орта білім бар жұмыскерлер, әкімшілік - басқару персоналды, жоғары квалификациясы бар жұмыскерлер, әкімшілдік - көмекші персонал, инженерлік - техникалық жұмыскерлер еңбек етеді. Осы топтын жалақысы салыстырмалы түрде жоғары болады және оларға жұмыспен қамтудың белгілі кепілдігі беріледі. Екіншілік жұмыс орындарынан тұратын екінші сигмент арнаулы дайындықты және жоғары квалификацияны тілемейді. Бұған квалификациясы жоқ жұмысшылар, кызымет көрсететін жұмыскерлер, қызыметшілердің төменгі категориясы жатады.

Жекелеген аймақтардағы жұмысшы күшінің құрамымен есептесетін еңбек нарығыныңрегионалдық сигментациясы болады. Осы ерекшеліктердің негізінде халықтың әлеуметтік - демографиялық құрлымы, жұмысшы күшінің профессионалдық - квалификациялық құрлымы, ұлттық құрам жатады.

Жұмысшы күшінің құрлымы болмағанда бес сигменттен тұрады. Біріншіден, сонша көп болмаса да жоғары маманданған басқарушы жұмыскерлердің (менеджерлер) тұрақты тобы. Екіншіден, қадрлық жоғары квалификациясы бар жұмысшылар мен қызметшілер. Үшіншіден, құрылымдық қайта құруға және қысқартылуға жататын, өндіріс өнеркәсіп салаларының жұмысшылары. Төртіншіден, қызметтер сферасын қосып есептегенде, еңбек сіңіргіш салалардың жұмыскерлері. Бесіншіден, еңбекшілердің әсіресе осал (әлсіз) категориясы-жастар, қарт адамдар, дене және ой-сана кемшіліктері бар адамдар, жұмыс табудан күдер үзгендер және т. б.

Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу

Нарықтық экономикада еңбек ресурстары нарығы қалай жұмыс істейді?

Еңбек ресурастарына ұсыныстың жиынтығы нарыққа келіп түседі және халықтың өнім циклінен кейін еңбекке ақы алады. Зейнетақы және мемлекеттен жәрдемақыны қосқаннан кейінгі аланған ақшаларды халық тауар мен қызметтерді сатып алуға, мемлекетке құн салығын төлеу үшін қолданылады және осының негізінде тауар және қызмет нарығына тұтытушылық сұраныс қалыптасады.

Еңбек нарығы өндірістік және зияткерлік еңбекке сұранысты құрайтын кәсіпорын және ұйымдарды жұмыс күшімен қамтамасыз етеді. Мемлекеттік басқару органдары кәсіпорынның өніміне және ұйымның қызметіне мемлекеттік тапсырысты анықтайды, өндірістің нормативті реттейді (заңнар, нұсқаулар, талаптар) және өндіріс саласынан салықтар мен төлемдер (қосылған құн салығы) алады.

Кәсіпорындар мен ұйымдар жиынтық ұсынысты қалыптастырып (тұтынушылық құнды) тауар және қызмет нарығымен қызмет етеді және алмасу арқылы тауар мен қызметті өткізуден табыс алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫН РЕТТЕУ МЕХАНИЗМДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
Халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары (Қызылорда облысы материалдары бойынша)
Еңбек нарығы және еңбекақыны талдау, олардың есебін жоғарғы сатыға көтеру жолдары
Өндіріс. Өндіріс ресурстары мен факторлары
Экономика саласынан дәрістер курсы
ҚР - да нарықтық экономиканың қалыптасуы
Экономикалық жүйе және, оның экономикалық заңдылықтары
Нарықтық экономиканың теориялық негіздері
ҚР -ғы нарықтық экономиканың қалыптасуының теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz