Азық – түлікті дақылдармен пен жеміс – жидекті дақылдардың биологисы



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Азық . түлікті дақылдармен пен жеміс . жидекті дақылдардың биологисы
2.2. Дәнді дақылдардың карантинді аурулары және олармен күресу жолдары
2.3. Жеміс . жидек дақылдарының карантинді аурулары және олармен күресу жолдары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Өсімдік карантині, мемлекет аумағын немесе оның жеке бір бөлігін карантинді аурулар мен зиянкестер және арамшөптердің таралуынан сақтау үшін ұйымдастырылады. Осыған байланысты ол сыртқы және ішкі карантин болып екіге бөлінеді. Сыртқы карантиннің негізгі мақсаты – еліміздің аумағын карантиндік маңызы бар нысандардан қорғау. Осы мақсат үшін шет елдермен шекаралардағы арнайы бекеттерде елімізге әкелініп жатқан өсімдік өнімдерінің (дән, жеміс-жидек, орман және жеміс ағаштары, сәндік дақылдардың көшеттері мен тұқымдары, т.б.) барлығы карантиндік тексеруден өтеді. Оларды басқа елге тасымалдау үшін арнайы карантиндіксертификат болуы қажет. Карантиндік нысандардың бірі байқалған жағдайда барлық жүк зарарсыздандырылады немесе жойылып жіберіледі, жіберілген елге кері қайтарылады. Әр мемлекет үшін карантиндік нысандардың тізімдері жасалынып, бекітіледі. Қазақстанда оларға бунақ денелілерден колорадо және капр қоңыздары,комсток құрты, қан-қызыл біте, американың ақ көбелегі; аурулардан – үнді қаракүйесі, күріштің бактериоздары, жүгерінің гельминтоспориоздары, арпаның сарғыш қуыршақтануы, қашқаргүлдің бұйралануы; ал арамшөптерден – сары шырмауық, кекіре, жабайы күнбағыс, т.б. жатады.
1) https://kk.wikipedia.org/wiki
2) Х.К. Торыбаев, Н.Ж. Ашықбаев /Өсімдік карантині/ - Алматы, 2007 ж.
3) Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011ж

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Азық - түлікті дақылдармен пен жеміс - жидекті дақылдардың биологисы
2.2. Дәнді дақылдардың карантинді аурулары және олармен күресу жолдары
2.3. Жеміс - жидек дақылдарының карантинді аурулары және олармен күресу жолдары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

I. Кіріспе
Өсімдік карантині, мемлекет аумағын немесе оның жеке бір бөлігін карантинді аурулар мен зиянкестер және арамшөптердің таралуынан сақтау үшін ұйымдастырылады. Осыған байланысты ол сыртқы және ішкі карантин болып екіге бөлінеді. Сыртқы карантиннің негізгі мақсаты - еліміздің аумағын карантиндік маңызы бар нысандардан қорғау. Осы мақсат үшін шет елдермен шекаралардағы арнайы бекеттерде елімізге әкелініп жатқан өсімдік өнімдерінің (дән, жеміс-жидек, орман және жеміс ағаштары, сәндік дақылдардың көшеттері мен тұқымдары, т.б.) барлығы карантиндік тексеруден өтеді. Оларды басқа елге тасымалдау үшін арнайы карантиндіксертификат болуы қажет. Карантиндік нысандардың бірі байқалған жағдайда барлық жүк зарарсыздандырылады немесе жойылып жіберіледі, жіберілген елге кері қайтарылады. Әр мемлекет үшін карантиндік нысандардың тізімдері жасалынып, бекітіледі. Қазақстанда оларға бунақ денелілерден колорадо және капр қоңыздары,комсток құрты, қан-қызыл біте, американың ақ көбелегі; аурулардан - үнді қаракүйесі, күріштің бактериоздары, жүгерінің гельминтоспориоздары, арпаның сарғыш қуыршақтануы, қашқаргүлдің бұйралануы; ал арамшөптерден - сары шырмауық, кекіре, жабайы күнбағыс, т.б. жатады. Ішкі карантиннің негізгі мақсаты - республика аумағында кездесетін, бірақ та әлі аса кең тарала қоймаған зиянды нысандарды жою және әрі қарай таралуын шектеу. Карантин шараларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің өсімдіктерді қорғау және карантин департаменті "Өсімдіктер карантині туралы" заңды басшылыққа ала отырып жүргізеді.

II. Негізігі бөлім
2.1. Азық - түлікті дақылдармен пен жеміс - жидекті дақылдардың биологисы
Астық тұқымдас масақты дәнді дақылдар - бидай, қарабидай, күріш, қарақұмық, тары, сұлы, арпа, жүгері. Дәнді дақылдар өздерінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктеріне қарай екі түрге бөлінеді, бірінші топтағы және екінші топтағы дәнді дақылдар.
Дәнді дақылдар - дәні үшін өсірілетін аса маңызды өсімдіктер тобы. Дәнді дақылдар - адам үшін негізгі азық, малға жем. Дәнді дақылдарда ақуыз пен көмірсулар көп, сондай - ақ ферменттер, В тобындағы дәрумендері, А провитамині бар. Ұн тартатын,жарма, құрама жем өнеркәсіптері үшін шикізат болып табылады. Өңделген өнім нан пісіруде, макарон, кондитер өнімдерін, тағамдық концентраттар, консервілер әзірлеуге, сыра қайнатуға, спирт, крахмал алуға пайдаланылады. Астық дақылдары дәндерінің құрамында су, ақуыз, май, крахмал, жасұнық және күл болады. Олар дәндерінің химиялық құрамы жағынан бір-бірінен ерекшеленеді. Мысалы, дәндегі ақуыз мөлшері қатты бидайда 13,8-20,0% болса, ал күріш дәнінде 6,7-7,6% ғана болады. Астық дақылдарының дәндерінде майдың мөлшері 1,5-3,0%, ал көмірсутегі 67,8 - 80,9% шамасында болады.
Дәннің химиялық құрамы аймақтың топырақ - климат жағдайына, қолданылатын агротехникалық шараларға тікелей байланысты. Қазақстанның қуаң далалық аймағында өсірілетін жаздық бидай дәніндегі ақуыздың мөлшері басқа өңірлермен салыстырғанда біршама көбірек болады, сондықтан олар жақсы бағаланады.
Астықты дәнді-дақылдарды тағамға, мал азығына және тамақ өнеркәсібіне шикізат қоры ретінде пайдаланады. Бидай, қарабидай, күріш, қарақұмық, тары, сұлы, арпа, жүгері азық-түлікке пайдаланылып, олардан түрлі тағамдар жасалса, сонымен қатар олардың кейбіреуі құнарлы мал азығы. Бірқатар дәнді дақылдар - тамақ өнеркәсібіүшін шикізат қоры. Арпа - сыра, жүгері спирт өндірісінде пайдаланылады.
Жеміс дақылдары -- жемісі, жидегі, жаңғағы үшін қолдан өсірілетін өсімдіктер тобы. 32 ботаникалық тұқымдастан 200-ге жуық жеміс дақылдар белгілі. Олар биологиялық (ботаникалық тегі) формалары жағынан мынадай топтарға бөлінеді: ағаштар (грек жаңғағы, алмұрт, қызыл шие, алманың кейбір сорттары), бұталар (қарақат, тұшала т.б.), жартылай бұталар (таңқурай, т.б.), лиандар (актинидия, жүзім, т.б.). Жемісінің құрылысына және биологиялық ерекшеліктеріне қарай шекілдеуікті (алма, алмұрт, беке, т.б.), сүйекті (шие, алхоры, өрік, шабдалы, т.б.), жидекті (қара және қызыл қарақат, таңқурай, бүлдірген, т.б.), жаңғақты (грек жаңғағы, орман жаңғағы, т.б.), шырын жемісті (апельсин, лимон, мандарин, т.б.), субтропиктік (анар, інжір, құрма, т.б.), тропиктік (банан, ананас, т.б.) болып бөлінеді. Жеміс дақылдары әр түрлі ботаникалық тұқымдасқа жатады. Қазақстанда жеміс дақылдарының 95%-ін раушан гүлділер тұқымдасы құрайды. Еліміздің оңтүстік мен оңтүстік-шығысында жеміс дақылдарынаналма, алмұрт, жүзім, шие, алхоры, өрік, шабдалы, т.б. өсіріледі. Ал солтүстік, орталық, шығыс аймақтарда қарақат, тұшала, долана, т.б. өседі.
Жидек дақылдары -- шырынды жидегі бар көп жылдық бұталар, жартылай бұталар және шөптесін өсімдіктер тобы. Жидек дақылдарына бүлдірген, қарақат, таңқурай, тұшала, мүкжидек, көкжидек, шырғанақ, қожақат (қара бүлдірген), т.б. жатады. Жабайы өсетін Жидек дақылдарынан қызылжидек, мүкжидек, қаражидектердің де маңызы зор. Жидекдақылдарының жемісінде органикалық қышқылдар, минералды тұздар, витаминдер, хош иісті заттар болады. Кейбір жидек дақылдарының жемісінің (қаражидек, таңқурай, қара жемісті шетен) дәрілік қасиеттері бар. Жидек дақылдары ерте және жыл сайын жеміс береді (бүлдірген екінші, таңқурай үшінші, қарақат пен тұшала үшінші-төртінші жылдары).Жидек дақылдары әр түрлі топырақ-климат жағдайларына жеңіл бейімделеді.

2.2. Дәнді дақылдардың карантинді аурулары және олармен күресу жолдары
Бидайдың үнді қара күйесі. Ауру қоздырғышы Neovossia indica Mund. саңырауқұлағы. Ауру қоздырғыш базидиомицеттер (Basidiomycetes) класының устилагиналылар (Ustilaginales) қатарының тиллеция (Tilletiaceae) тұқымдасына жатады.
Кеселдің ерекшелігі - масақ түгел залалданбай, көбінесе масақшаның жырашығы немесе ұрық бөлігі залалданып, қара күйе телиоспора массасына айналады. Ауру өте қатты залалдағанда масақшаның қабықшалары ажырап, кара күйелі жағымсыз шіріген балық иісті дәндер масақтан топыраққатүседі.
Кеселдің залалдауы нәтижесінде масақтың ұзындығы қысқарып, дән саны азаяды. Казіргі кезде Үндіде кара күйеден бидай өнімі 0,2-0,5%, ал Мексикада - 1% дейін азаяды (Савотиков т.б., 1996).
N.indica телиоспоралары сопақша немесе шар тәрізді, диаметрі 18-40 мкм., кабығы қара-қошқыл, қоңырлау, торлы, өскіні түссіз. Споралар тыныштық кезеңінен кейін 15-25 температурада жуан базидияға өніп, онда 32-128 мкм. ұзынша, сәл иілген базидиоспоралар түзіледі (1-сурет). Кейде телиоспорадан ұзындығы 10-200 мкм промицелий өніп, оның басында көптеген бір, екі клеткалы споридиялар түзіледі. Өсімдікті гүлдеу кезеңінде базидиоспоралар және споридияларзалалдайды. Саңыраукұлақ жіпшумағы өсімдікте диффузды дамымайды. Инфекция қоры -- залалданған тұқым және топырақ.

Сурет - 1. Үнді қара күйесі(қоздырғышы. Ncovossia indica Mundkur): 1 -- зақымданған масақ; 2 -- телиоспорлар

Бидайдың ергежейлі сорттары ауруға төзімсіз келеді. Үнді қара күйесімен залалданған тұқымның тауарлық сапасы мен өнгіштігі төмендеп, өнім 10-20% жойылады.
Ауру Азияда (Ауғанстан, Үнді, Ирак, Пәкістан), Солтүстік Америкада (Мексика) таралған. Қазақстанда сыртқы карантиндік нысанға жатады.
Карантиндік шаралар және күресу жолдары
1. Залалданған тұқымды себуге тиым салынады.
2.Ауру тіркелген шет елдерден тасымалданған тұқым лабораториялық экспертизадан өткізіліп, кейін карантиндік питомникке арнаулы бөлінген мемлекеттік сортоучаскеде себіледі.
3.Залалданған деген күмәнді тұқым табылса, онда ол карантиндік лабораторияға міндетті түрде экспертизаға жіберіледі.
4. Егер үлгідегі дәннің залалданғандығы анықталса, онда ауру ошағын жоюға
шаралар қарастырылады.
5. Шет елдерде тұқымдық инфекцияны жою үшін тұқымды дәрілеуге төмендегі препараттар ұсьнылған: агаллол (3 кгт)немесе витавакс75% ы.Ұ- (2,5 кгг), тирам 80% ы.ұ. (3 кгт),бенлат 50% ы.ұ. (2 кгт) т.б.
6. Бидайдың масақтану кезеңінде манкоцебтің 0,2%epiтiндiciн, 0,1% витавакс ерітіндісін, байқордың 0,2%ерітіндісін бүрку керек.
7. Ауыспалы eгic тәртібін дұрыс сақтау.
8. Eгicтi арамшөптен тазарту, ыңғайлы мөлшерде суару және тыңайтқыш беру.
9. Ауруға төзімді сорттарды қолдану. Үндіде РWZ-5023, WZ-1562, HD-1907 т.б.сорттар жақсы егістік төзімділік көрсеткен.

2.3. Жеміс - жидек дақылдарының карантинді аурулары және олармен күресу жолдары
Алхорының американдық салалы өрнегі. Ауру қоздырғышы - American plum line pattern virus, вирустардың (viruses) Ilarvirus group (probable) тобына жатады.
Алхорының салалы өрнегі Канада, Мексика және АҚШ -- та таралған.
Сыртқы карантиндік нысанға жатады.
Седиментация коэффиценттеріне қарайквазиизометриялық түйіршіктері, 4 түрлі көлемді (26,28,31 және 33 нм) болады.
Аурудың белгілері көктемде(Ғultоп, 1984) температура күнделікті 15°С төмен болған топырақтарда жақсы сақталады (2-сурет). Көктемде және жаздың бас кезінде шабдалының көптеген сорттарында жапырақ беттерінің негізгі жүйке жағынан жіңішке, пішінсіз, солғын-жасыл, толқынды жолақтар пайда болады. Олар симметриялы, немесе төңкерілген әртүрлі пішінді өрнектер түзеді. Кейбір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдік шаруашылығы
Сүттің бактерицидтік қасиеті
Сүт қышқылды өнімдердің ассортименті, пайдалылығы
Жидекті дақылдар
Жемістерді тоңазытқыштарда сақтау
Азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу
Экономикадағы интеграциялық процестер
Кәдімгі боз топырақтың химиялық құрамы
Аймақтағы ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік реттеудің теориялық жақтарын ғылыми негіздеу
Жеміс - жидектердің химиялық құрамы
Пәндер