Карантинді арамшөптер



Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1.Арамшөптер
2.2. Карантинді арамшөптер
2.3. Карантинді шаралар және күресу шаралары
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер
Карантин — ауру ошағын толық оңашалау және ондағы ауруды толық жоюды қарастыратын шаралар жүйесі.
Карантин (итал. quarantena, quaranta gіornі – қырық күн), уақытша тыйым салу – жұқпалы ауруларға шалдыққан немесе сол індеттер бойынша күдікті адамдар мен жануарларды жұқпалы аурулардан сақтауға, сол аурулардың жан-жаққа таралмауы үшін алдын ала жүргізілетін әкімшілік, медициналық-санитариялық, ветеринариялық-санитариялық кешенді шаралар жүйесі.
Карантиндік шаралар ауыл шаруашылығындағы дақылдары бойынша да жүргізіледі. Кейбір аймақтарда өсетін карантиндік өсімдіктер (мысалы, жусан жапырақтыойраншөп, кекіре, арамсояу, т.б.) болады, сондай-ақ, басқа жерден немесе басқа елден астық, түрлі дақылдар тұқымы арқылы өсімдіктерде ауру қоздыратын немесе оларды зақымдайтын әр түрлі микробтар, жәндіктер, зиянды құрттар, саңырауқұлақтар таралуы мүмкін. Сондықтан көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда да карантиндік өсімдіктер туралы арнайы Заң қабылданған. Басқа елден әкелінген астық, тұқым мұқият тексеруден өткізілуі тиісті.
Өсімдік карантині, мемлекет аумағын немесе оның жеке бір бөлігін карантинді аурулар мен зиянкестер және арамшөптердің таралуынан сақтау үшін ұйымдастырылады. Осыған байланысты ол сыртқы және ішкі карантин болып екіге бөлінеді. Сыртқы карантиннің негізгі мақсаты – еліміздің аумағын карантиндік маңызы бар нысандардан қорғау. Осы мақсат үшін шет елдермен шекаралардағы арнайы бекеттерде елімізге әкелініп жатқан өсімдік өнімдерінің (дән, жеміс-жидек, орман жәнежеміс ағаштары, сәндік дақылдардың көшеттері мен тұқымдары, т.б.) барлығы карантиндік тексеруден өтеді. Оларды басқа елге тасымалдау үшін арнайы карантиндіксертификат болуы қажет.
1.Сборник руководящих материалов по карантину растений. М., 1972 г.
2.Справочник по карантинным и другим опасным вредителям, болезням и сорным растениям. М., 1970 г.
3.Закон Республики Казахстан. Защита и Карантин растений в Казахстане. 2003г.
4.http://bilimsite.kz/okushi/3576-menin-sayabagymnyn-alma-agashtary.html

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1.Арамшөптер
2.2. Карантинді арамшөптер
2.3. Карантинді шаралар және күресу шаралары
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Карантин -- ауру ошағын толық оңашалау және ондағы ауруды толық жоюды қарастыратын шаралар жүйесі.
Карантин (итал. quarantena, quaranta gіornі - қырық күн), уақытша тыйым салу - жұқпалы ауруларға шалдыққан немесе сол індеттер бойынша күдікті адамдар мен жануарларды жұқпалы аурулардан сақтауға, сол аурулардың жан-жаққа таралмауы үшін алдын ала жүргізілетін әкімшілік, медициналық-санитариялық, ветеринариялық-санитариялық кешенді шаралар жүйесі.
Карантиндік шаралар ауыл шаруашылығындағы дақылдары бойынша да жүргізіледі. Кейбір аймақтарда өсетін карантиндік өсімдіктер (мысалы, жусан жапырақтыойраншөп, кекіре, арамсояу, т.б.) болады, сондай-ақ, басқа жерден немесе басқа елден астық, түрлі дақылдар тұқымы арқылы өсімдіктерде ауру қоздыратын немесе оларды зақымдайтын әр түрлі микробтар, жәндіктер, зиянды құрттар, саңырауқұлақтар таралуы мүмкін. Сондықтан көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда да карантиндік өсімдіктер туралы арнайы Заң қабылданған. Басқа елден әкелінген астық, тұқым мұқият тексеруден өткізілуі тиісті.
Өсімдік карантині, мемлекет аумағын немесе оның жеке бір бөлігін карантинді аурулар мен зиянкестер және арамшөптердің таралуынан сақтау үшін ұйымдастырылады. Осыған байланысты ол сыртқы және ішкі карантин болып екіге бөлінеді. Сыртқы карантиннің негізгі мақсаты - еліміздің аумағын карантиндік маңызы бар нысандардан қорғау. Осы мақсат үшін шет елдермен шекаралардағы арнайы бекеттерде елімізге әкелініп жатқан өсімдік өнімдерінің (дән, жеміс-жидек, орман жәнежеміс ағаштары, сәндік дақылдардың көшеттері мен тұқымдары, т.б.) барлығы карантиндік тексеруден өтеді. Оларды басқа елге тасымалдау үшін арнайы карантиндіксертификат болуы қажет. Карантиндік нысандардың бірі байқалған жағдайда барлық жүк зарарсыздандырылады немесе жойылып жіберіледі, жіберілген елге кері қайтарылады. Әр мемлекет үшін карантиндік нысандардың тізімдері жасалынып, бекітіледі. Қазақстанда оларға бунақ денелілерден колорадо және капр қоңыздары,комсток құрты, қан-қызыл біте, американың ақ көбелегі; аурулардан - үнді қаракүйесі, күріштің бактериоздары, жүгерінің гельминтоспориоздары, арпаның сарғыш қуыршақтануы, қашқаргүлдің бұйралануы; ал арамшөптерден - сары шырмауық, кекіре, жабайы күнбағыс, т.б. жатады. Ішкі карантиннің негізгі мақсаты - республика аумағында кездесетін, бірақ та әлі аса кең тарала қоймаған зиянды нысандарды жою және әрі қарай таралуын шектеу. Карантин шараларын ҚазақстанРеспубликасыАуылшаруашылығ ы министірінің өсімдіктерді қорғаужәне карантин департаменті "Өсімдіктеркарантинітуралы" заңдыбасшылыққа ала отырыпжүргізеді.
Арамшөптер - адамдардың қатысуынсыз мәдени дақылдармен бірге өсуге бейімделген ерекше өсімдіктер тобы. Мәдени дақылдарды өсіру үшін адамдар қолданған агротехника жүйесі арамшөптер үшін де қолайлы болды. Арамшөптер топырақтан керекті коректік заттар мен ылғалды бойына сіңіреді, арамшөптер жер өңдеу, егін жинауды ауырлатады, дақылдың өнімі мен сапасын төмендетеді. Олардың ішінде өте зияндылары карантинді шөптер тобы болып саналады.
Өсімдік қорғау және карантин департамен - тінің мәліметі бойынша, карантинді арам - шөптер арамсояудың 19 түрі 180 мың гектар жерге таралған. Сондықтан күрес уақытында барлық жерлерде жүргізіліп, агротехникалық, биологиялық және химиялық әдістерді қолдану арқылы ғана жоспарланған, сапасы жоғары өнім алуға болады

2.1.Арамшөптер
Егістік жердерде өніп-өсіп, ауылшаруашылығына зиян келтіретін өсімдіктерді арамшөптер деп атайды. Олар тек егіс алқабында ғана емес, сонымен қатар жайылымдықтар мен шабындықтарда, орман алқаптарында да кездеседі.
Егер негізгі ауылшаруашылығы дақылдары егісінде басқа мәдени өсімдіктер кездессе, оларды арамшөп қоспасы дейді. Мысалы, бидай егісінде арпа, сұлы, не болмаса басқа мәдени өсімдіктер өссе олар арамшөп қоспасы болып есептеледі.
Кейбір арамшөптердің мәдени дақылдарға бейімділігі соншалық олардың даму кезеңдері, тұқымдарының көлемдері (ені, ұзындығы) бірдей болып келеді. Сондықтан, ауылшаруашылығы дақылдарының тұқымдарын осындай арамшөптерден тазалау қиынға түседі. Мысалға сұлы егісіндегі қарасұлы, тары егісіндегі итқонақ арамшөп тұқымдарын келтіруге болады. Мұндай арамшөптерді маманданған, немесе айырылмас серіктес арамшөптер деп атайды.
Арамшөптер топырақтың коректік заттарын ғана емес, сонымен бірге танапқа берілген минералдық тыңайтқыштардың 25-30пайызын пайдаланады.
Арамшөптер ауылшаруашылық дақылдарының зиянды организмдерін тарататын мекені болып табылады.Мысалы, қант қызылшасының қауіпті зиянкесі қант қызылшасы бізтұмсығының мекені алабота болса, ал егістік шырмауықта шалғындық көбелек дамып, ол кейіннен мәдени өсімдіктерге зиян келтіреді.
Кейбір арамшөптердің жемістері, тұқымдары улы болып, адамдарды және малдарды уландырады (қырықбуын, сарғалдақ, қара меңдуана, үйбидайық, кәдімгі қарамықша), ал жекелеген арамшөптердің жағымсыз иісі малдардан алынатын өнімдерді бүлдіреді. Мысалы, ермен, жуа сүтке ащы, кермек дәм береді. Жусан жапырақтары ойран шөп тозаңдары адамдарда пішен қыздырмасын қоздырады.
Арамшөптер тамырынан бөлініп шығатын улы заттар мәдени дақылдардың дамуына кедергі жасайды. Мысалы, итқонақ арамшөбінің тамырынан бөлініп шығатын улы зат жүгерінің биіктігін кемітесе, ал татар ақсүттігені тамырынан бөлінетін зат жазғы бидай тұқымының өнгіштігін кемітеді. Ошаған, қарасұлы сияқты арамшөптер тікенектер, қылқандары, ілгіштері арқылы малдарға зақым келтіріп, олардан алынатын өнімдердің, әсіресе жүннің сапасын төмендетеді.
Арамшөптер басым болған алқапты бірнеше рет өңдеуге тура келеді, ол топырақтан үгітілуіне және ылғалдың жоғалуына әкеліп соғады. Жел эрозиясы қауіпі бар және жауын-шашын мөлшері аз Қазақстан Республикасы үшін бұл өте зиян.
Арамшөптер ауылшаруашылық дақылдарының өнімін күрт төмендетеді. Орыс агрономиясының классигі А.П.Костычевтың айтуынша арамшөптер алынатын өнімнің тең жартысын, қала берсе 30 пайызын төмендетеді екен.Арамшөптергеқарсықаншамакүресш араларынқолдансақта,олардытолықжояа лмаймыз, оның себебі кейбірарамшөптердің биологиялықерекшеліктеріндеекен. Арамшөптердің басты биологиялық ерекшелігі - зор тұқым өнімділігі.
Арамшөптердің өте бір ерекшелігі - олардың тұқымдарының бір мезгілде және біркелкі көктеп шықпауы. Сол себепті егін себу алында, тіпті парды өңдеу кезінде де арамшөптер толығымен жойылмайды. Арамшөп тұқымдарының біркелкі өнбеуін көптеген себептермен түсіндіруге болады: тұқым қабағының құрылысының ерекшелігі мен алуан түрлілігі (алабота),итқонақ (күн сәулесіне реакциясы). А.Г.Дояренконың мәліметі бойынша алабота тұқымы жарықта, ал итқонақ тек қараңғыда ғана көктейді.
Арамшөп тұқымдарының бір мезгілде тегіс көктеп шықпауы олардың тыныштық кезеңіне байланысты. Кейбір арамшөп тұқымдарының тыныстық кезеңі тым ұзақ болады.
Арамшөптердің тұқымдары топырақта өздерінің өнгіштік қабілетін ұзақ мерзімге дейін сақтайды. Кейбір арамшөптердің тұқымдары топырақта өз тіршілігін ондаған жылдар бойы сақтайтындығы тәжірибе жүзінде дәлелденген. Мысалы, егістік қышаның тұқымы топырақта өнгіштік қабілетін 7 жыл, ал бақажапырақ 9 жыл бойы сақтайды.
Арамшөптер қоршаған сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына (құрғақшылық, төменгі және жоғарғы температуралар тағы басқа)өте төзімді келеді.
Арамшөптердің биологиялық ерекшелігінің бірі - олардың тұқымдары топырақтың 0-5 см тереңдігінен жақсы көктеп шығатындығы.Оны А.Н.Киселев пен Г.А.Чесалиннің зерттеулері анық дәлелдеді. Олардың зерттеулері бойынша егістік шырмауықтың тұқымы 1,5 см, ал қарасұлыныкі 5 см тереңдіктен өніп шығады.
Көпжылдық арамшөптер әр түрлі вегетативтік мүшелері арқылы көбейеді. Бұл жолмен көбеюдің потенциалдық мүмкіндігі өте зор, өйткені бір өсімдікте бірнеше жүздеген, тіпті мыңдаған бүршіктер болады. А.И. Мальцевтің деректері бойынша атпатамырлы егістік қалуен арамшөбінің бір түбі 1609 дана бүршік беріп, оның ұзындығы 76 метрге, салмағы 1003 грамға жетеді екен, ал тамырсабақты жатаған бидайықтың осыған сәйкес көрсеткіштері 5997 дана, 170 метр және 690 грамға тең.
Осы келтірілген арамшөптердің биологиялық ерекшеліктерінен олардың егістік жерлерде өніп-өсуге жақсы икемделгенін көрсетеді.
Арамшөптер ауылшаруашылғына зор зиян келтіретіндіктен оларға қарсы тұрақты күрес жүргізіледі. Ол тиімді болу үшін, арамшөптердің биологиялық ерекшеліктерін терең білу қажет. Мысалы, азжылдық арамшөптердің көгін бір қабат отау, оларды жоюға әкеп соғады, ал атпатамырлы арамшөптерді бір қабат отау керісінше олардың көбейуін күшейтеді.
Арамшөптер мекендейтін орны бойынша егістік немесе аңыздық, тұрғын үй, қора-қопсы маңында өсетін сыпырынды және шабындықтар мен жайылымдықтарда өсетін арамшөптер болып үш топқа бөлінеді. Алайда, мекендейтін орны бойынша арамшөп өсімдіктерінің осы үш тобының арасында айқын шекара жоқ. Мысалы, түйетікен құлан далада, жайлауда және тіпті аңыздарда да өсе береді. Алабота, гүлтәжі-тұрған үй маңында және ауылшаруашылық дақылдарының егісінде де кездеседі.
Арамшөптер өсімдіктерінің биіктігіне қарай жоғарғы қабаттың (қалуендер, ащы жусан тағы басқалар), мәдени өсімдіктермен бір биікте орналасқан орта қабаттың арамшөптері (шомыр, қарасұлы) және төменгі қабаттың (кәдімгі казтабан, егістік қанатжеміс, кәдімгі жұмыршақ) болып үш топқа бөлінеді.
Төменгі қабаттың арамшөптері көлеңкеге төзімді. Кейде даму жағынан қалыс қалған орта қабаттың арамшөптері төменгі қабатта өседі (итқонақ, кәдімгі гүлтәжі). Олар көлеңкелікке (қараңғылыққа) нашар төзеді және тұқымдық өнімділігін күрт төмендетіп, күшті әлсіреген жағдайда болады.Арамшөптерді агробиологиялық топтар бойынша жіктеудің өндірістік мәні бар,сондықтан ол ең көп таралған.
Қоректену тәсілі бойынша барлық арамшөптер паразитті, жартылай паразитті және паразитті емес немесе жасыл арамшөптер болып үш топқа бөлінеді.
Паразитті деп өсімдік иесі арқылы коректеніп өмір сүретін арамшөптерді атайды. Бұлар фотосинтез процесін жүргізуге бейімділігін жоғалтқан, себебі олардың жапырақтары жетілмеген, сондықтанда ограникалық заттар мен суды басқа өсімдік иелерінен сору арқылы алады. Өсімдік иесінің қай мүшесінен коректік заттарды алуы бойынша парзитті арамшөптер екіге бөлінеді. Егер,қоректік заттарды өсімдік иесінің сабағынан алатын болса, онда оларды сабақ арқылы коректенетін паразитті арамшөптер дейді. Бұған жөргемшөптің барлық түрлері жатады.Ал егер арамшөптер қоректік заттарды өсімдік иесінің тамырынан алатын болса, оларды тамыр арқылы қоректенетін паразитті арамшөптер дейді.


2.2. Карантинді арамшөптер
Арамсояу (Cuscuta S.P.) - бір жылдық паразит шөп, Қазақстанның барлық жерінде таралған. Дүниежүзілік флорада арамсояудың 274 түрі кездеседі. Қазақстанда тіркелген арамсояудың 19 түрі бар. Қазақстанның барлық облыс - тарында көп тараған түрі - далалық арамсояу. Бұл шөп 200-ден астам ауылшаруашылық дақылдарына зиянын тигізеді. Мысалы, далалық арамсояу басқан қант қызылшасы өнімінің 80%-ы, пияз-сәбіздің - 85%, жоңышқа өнімдерінің 95%-ы жойылады. Арамсояудың тұқымын жоңышқа тұқымынан ажырату қиын, осы себепті тауар өндірушілердің көп өнімдері сатуға жарамсыз болып жатады.
Арамсояу мәдени дақылдардағы зат алмасу - ды бұзады. Арамсояу түтікше тамырлары арқылы мәдени дақылға жабысып, ондағы органикалық, органикалық емес заттарды сорып алып, дақылды әлсіретеді, дақыл біртіндеп өсуін тоқтатып, қурайды. Арамсояу тұқымнан өседі, тарайды. Бір тұқымнан өскенде тұқымдағы қоректік заттарды пайдаланып 10-13 см. биік - тікке көтерілгеннен кейін, тұқымдағы қоректік зат бітеді. Арамсояу топырақпен байланысын жояды, осы кезде оның сабақтары шыркөбелек айналып, қасында басқа шөптер болса, соған жабысып бүршік тамыршықтары арқылы қоректі заттарды сорып алып, өсіп-дами береді. Арамсояудың улылығы гүлдеген, тұқым пайда болған кезде күшейеді. Осы кезде арамсояуда алколоид-кускутин және глюкозид, конвольву - лин көптеп жинақталады. Арамсояу араласқан мал азығы шіри бастайды, өзінің бағалы нәрлілігін жоғалтады. Сонымен қатар, жануарларды ауруға шалдықтырады.
Егістікті арамсояудан арылту үшін агротех - никалық шаралардың жиынтығын қолдану керек, яғни ауыспалы егісті дұрыс қолдану (дақыл алмасу), жерді уақытында, сапалы өңдеу, тұқым себу мерзімі, дақылды күтіп-баптау, тиімді гербицид беру қажет. Зерттеу көрсет - кендей, арамшөптің көбі зябьке жыртылған жерлерде жазғытұрым жерді тырмалағаннан кейін өседі.
Қаскелең тәжірибе шаруашылығындағы қызылша егістігінде арамсояу және басқа арашөптермен күресу үшін гербицидтер қол - данылады. Арамсояу жаңа өсе бастаған ке - зең - дерінде жас сабақтар гербицидтер әсерімен тезірек жойылады, кейін арамсояу гүлдері сарғая бастағанда, гербицидтер әсері аз болады.

Жатаған кекіре(Acroptilon repends D.C.) - күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық атпа тамырлы карантиндік аса қауіпті арамшөп. Тамыр жүйесі қуатты, 10 м тереңдікке дейін жетеді. Жатаған кекіренің ерекшеліктері: ол қордағы қоректік зат - инулинді тамырдың топырақтағы төменгі қабатына жинақтап, қоректік заттарын топырақ баптаушы техникамен егіндікті өңдегенде жатаған тамырының кесілген жеріне жылдам жеткізу арқылы өсіп жер бетіне шығуы әрі фотосинтез құбылысы арқылы тамырлануы. Сол себепті көптеген агротехникалық әдістерге төзімді келіп, қайтадан тез өсіп жетіледі.
Кекіренің егістікті басуы салдарынан Қазақстан жыл сайын 3 млрд.теңге зиян шегіп отыр. Сонымен қатар, егістік өнімінің төмендеуінен басқа, оның сапасы да төмендейді, ұнның дәмі ащы болады, малға арналған сүрлемді жануарлар жемейді, жылқы жануары өте тез уланады, өлген жағдайлар да жиі кездеседі. Сүрі жерлерді, отамалы дақылдарды күтіп-баптау кезінде де кететін шығындарды есептесек, жалпы шығын 3 млрд. теңгеден асады.
Соңғы екі жылдық бақылау нәтижесі бойынша, күзде жыртылған жерді қыршуышпен өңдеу және өсіп шыққан кекіренің көгін гербицидтердің глифосат туындысымен бүрку кезінде препарат ќоректік заттармен бірге кекіре тамырына жайылып, өсу үдерісін бұзу арқылы кекірені құртады. Қазіргі кезде кекірені жою және оны карантиннен шығару үшін мынадай шараларды іске асыру керек:
1. Кекіремен күресу үшін аймаќтық интеграциялық жүйе жасау және ұсыныстар беру.
2. Ізденіс жўмыстарын кеңейту, жәндіктерді, фитофагтарды, фитопатогенді бактериялар мен саңырауқұлаќтарды - биологиялыќ әдістер ретінде кекіремен күресудің негізі болу керек. Осы бағытта жұмыс жүргізетін мекемелердің жұмыстарын үйлестіру қажет.
3. Қостанайдың механизация және электрификация институтына топыраќты үш түрлі терендікте өндейтін ќұралдарды жасауға тапсырыс беру.
4.Ауыл шаруашылығы министрлігінде кекіре мәселесіне байланысты ғылыми-техникалыќ кеңес ќұру. Кеңестің міндеті - кекіреге қарсы кең көлемде жоспар, зерттеу әдістемесі және күресу жүйесін ғылым мен өндіріс тәжірибесіне сүйеніп қайта қарау.
5. Өсімдік қорғау және карантин департаментінде механикаландырылған отряд құрып, оларды оқыған, білімді мамандармен қамтамасыз етіп, ғылымның жетістіктерін кең түрде өндіріске енгізу.

Ермен жапырақты ойран шөп - бір жылдық шөп, күрделі гүлділер туысына жатады . Өсімдіктін сабағы тік, көп тармақты, жапырағы тарамдалған, жапырағының үстіңгі жағы қою жасыл, астыңғы жағы сұрлау. Өсімдіктін биіктігі 2 метрге, тамыры 4 метр терендікке дейін жетеді. Құрғақшылық жылдары зияндылығы өте зор. Өсімдік тұқым арқылы таралады, жылу сүйгіш, 8-10 С0 жылылықта 5 см тереңдіктен сәуірдің аяғы, мамырдың басында жер бетіне шыға бастайды. Шөп шілде-тамыз айларында гүлдейді, тұқымы қыркүйек-қазан айларында толық піседі. Бір өсімдік өсуге қолайлы жағдайда 30 мыңнан 55 мыңға дейін тұқым береді. Тұқымдары топырақта өміршеңдік қасиеттерін 7-10 жылға дейін сақтайды.Өсімдікті орып алғаннан кейін де шөп өсе береді, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін 40-60 %-ға дейін төмендетеді.Отаны Солтүстік Америка. Осы жерден Азияға, Европаға, бұрынғы Кеңес одағының көптеген республикаларында, дүние жүзі бойынша 29 мемлекеткетаралған. Қазақстанда Алматы облысында, Алматы қаласында және басқа аудандарда 6100 гектар жерде өседі.Ермен жапырақты ойран шөп барлық ауыл шаруашылығы дақылдарында, әсіресе техникалық, бұршақ, көкөніс дақылдарында және басқа да егуге жарамсыз жерлерде, жол бойында, арық жағалауларында жиі кездеседі. Көбінесе екпе дақылдар, су, техника және мал азықтарымен тұқымдары көптеген жерге тарайды. Өсімдік гүлдеген кезде олардың миллиардтаған шаң тәрізді ұсақ тұқымдары ауа, жел арқылы барлық жерге тарайды, адамдардың денсаулығына зор зиян келтіретін аллергия ауруы - полинозға ұшыратады. Шөптің көп тараған жерлерінде күздік шөп безгегі ауруына халықтын 90-95 пайызы ұшырайды.Сондықтан егістікті ермен жапырақты ойран шөптен тазарту үшін бірлескен агротехникалық шаралармен ( ауыспалы егістік, уақытында сапалы жер өңдеу, дер кезінде уақытын ескеріп егін егу, егінді баптап күту ) гербицидтер беру керек.Бидай егістігінде бидайдың түптену кезінде диален, 40% э.қ.. 2,5 лга, ковбой, 40% э.қ.. 190 млга; жүгері егістігінде 3-5 жапырақ болғанда диален, 40% қ.с қанықпа суспензиясы 2,5 лга, бюктрил Д, 45 % э.қ эмулсия қанықпасы . 2,5 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арамшөптер және өсімдіктерді қорғау мәселелері
Ауыл шаруашылығында кездесетін арамшөптерді жіктеу
Арамшөптер
Систематикасы мен таралуы
Укекіренің биологиялық ерекшеліктері мен күресу шаралары
Арамшөптермен алдын ала күресу шаралары
Арам шөптер және олармен күрес
Өсімдікті интегралды қорғау жүйесінде шаруашылықты ұйымдастыру
Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құзыреті
Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік реттеу
Пәндер