Карантиндік зиянды организмдер


Жоспары
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Карантиндік зиянды организмдер
2. 2 Карантиндік аурулар
2. 2 Агротехникалық шаралардың маңызы
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Карантин - ауру ошағын толық оңашалау және ондағы ауруды толық жоюды қарастыратын шаралар жүйесі. Карантин (итал. quarantena, quaranta gіornі - қырық күн), уақытша тыйым салу - жұқпалы ауруларға шалдыққан немесе сол індеттер бойынша күдікті адамдар мен жануарларды жұқпалы аурулардан сақтауға, сол аурулардың жан-жаққа таралмауы үшін алдын ала жүргізілетін әкімшілік, медициналық-санитариялық, ветеринариялық-санитариялық кешенді шаралар жүйесі. Карантиндік шаралар. Көптеген жұқпалы аурулардың қоздырғыштары мен жасырын кезеңі (инкубациялық кезеңі) әлі толық анықталмаған жағдайда кез келген жұқпалы аурулар бойынша 40 күнге шектеу қойылады. Карантиндік шаралар халықаралық медициналық-санитариялық ережелерге сай ДДҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) мүшесі ретіндеҚазақстан Республикасында да жүргізіледі. Әсіресе, елдің өз территориясында немесе шекаралас елдерде аса қатерлі індеттер (оба, тырысқақ, т. б. ) пайда болғанда карантин жүргізудің маңызы арта түседі. Мұндай жағдайда әкімшілік шара ретінде мемлекет шекараны жабуға тура келеді. Карантин жарияланған елдермен байланыс жасауға тыйым салынады.
Ветеринария саласы. Карантиндік шаралар ветеринария саласында да қолданылады. Карантиндегі малдың ыстығы күніне екі рет өлшеніп отырады. Оларға арналған қора-жай сау мал тұратын қоралардан кемінде жарты шақырым қашықтықта болуға тиіс. Шаруашылыққа сырттан әкелінген әрбір мал басы туралы куәлікте келіп түскен малдың жұқпалы аурудан сау екендігі көрсетіледі. Ветеринарлық жарғыға сәйкес ондай малдар 30 күн бойы бақылауда болуы керек. Мал күтіміндегі адамдар жұмысқа керекті киім-кешекпен (таза халат, кебіс, алжапқыш, қолғап, т. б. ) қамтамасыз етіледі. Бұл жабдықтар жұмыс аяқталған соң изоляторда қалдырылады. Карантиндегі малдың қиын өртеп жібереді немесе белгілі тәртіппен мал қорымына апарып көміп тастайды. Өлексені ит-құсқа тастауға болмайды. Ауру мал жатқан жер, қоралар карантин мерзімі аяқталысымен мұқият зарарсыздандырылады.
Ауыл шаруашылығында. Карантиндік шаралар ауыл шаруашылығындағы дақылдары бойынша да жүргізіледі. Кейбір аймақтарда өсетін карантиндік өсімдіктер (мысалы, жусан жапырақты ойраншөп, кекіре, арамсояу, т. б. ) болады, сондай-ақ, басқа жерден немесе басқа елден астық, түрлі дақылдар тұқымы арқылы өсімдіктерде ауру қоздыратын немесе оларды зақымдайтын әр түрлі микробтар, жәндіктер, зиянды құрттар, саңырауқұлақтар таралуы мүмкін. Сондықтан көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда да карантиндік өсімдіктер туралы арнайы Заң қабылданған. Басқа елден әкелінген астық, тұқым мұқият тексеруден өткізілуі тиісті.
Өсімдік карантині мемлекет аумағын немесе оның жеке бір бөлігін карантинді аурулар мен зиянкестер және арамшөптердің таралуынан сақтау үшін ұйымдастырылады. Осыған байланысты ол сыртқы және ішкі карантин болып екіге бөлінеді. Сыртқы карантиннің негізгі мақсаты - еліміздің аумағын карантиндік маңызы бар нысандардан қорғау. Осы мақсат үшін шет елдермен шекаралардағы арнайы бекеттерде елімізге әкелініп жатқан өсімдік өнімдерінің (дән, жеміс-жидек, орман жәнежеміс ағаштары, сәндік дақылдардың көшеттері мен тұқымдары, т. б. ) барлығы карантиндік тексеруден өтеді. Оларды басқа елге тасымалдау үшін арнайы карантиндіксертификат болуы қажет. Карантиндік нысандардың бірі байқалған жағдайда барлық жүк зарарсыздандырылады немесе жойылып жіберіледі, жіберілген елге кері қайтарылады. Әр мемлекет үшін карантиндік нысандардың тізімдері жасалынып, бекітіледі. Қазақстанда оларға бунақ денелілерден колорадо және капр қоңыздары, комсток құрты, қан-қызыл біте, американың ақ көбелегі; аурулардан - үнді қаракүйесі, күріштің бактериоздары, жүгерінің гельминтоспориоздары, арпаның сарғыш қуыршақтануы, қашқаргүлдің бұйралануы; ал арамшөптерден - сары шырмауық, кекіре, жабайы күнбағыс, т. б. жатады. Ішкі карантиннің негізгі мақсаты - республика аумағында кездесетін, бірақ та әлі аса кең тарала қоймаған зиянды нысандарды жою және әрі қарай таралуын шектеу. Карантин шараларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің өсімдіктерді қорғау және карантин департаменті “Өсімдіктер карантині туралы” заңды басшылыққа ала отырып жүргізеді.
Карантиндік зиянды организмдер. Колорадо (ағылш. Colorado kɒlərædoʊ) - штат, Америка Құрама Штаттарының батысындағы орталық жағында орналасқан таулы штаттарының бірі. Колорадо солтүстігінде Вайоминг және Небраска, шығысында Канзас, Оклахома, оңтүстігінде Нью-Мексико және Аризона, батысында Юта штаттарымен шекараласады.
Колорадо - жер көлемі бойынша АҚШ-та сегізінші штат, ауданы 269 837 кмм 2 . Халық саны - 5 116 769 адам (АҚШ бойынша 22-орын) . Астанасы және ірі қаласы - Денвер. Басқа ірі қалалры - Колорадо-Спрингс, Форт-Коллинз, Арвада, Пуэбло, Уестминстер, Боулдер, Энглвуд, Сентенниал.
Колорадо - АҚШ-тың 38-штаты, 1876 жылы 1 тамызда, мемлекет жүз жылдығын белгілеген уақытта құрылған. Соған байланысты Колорадоның ресми лақап аты - «тәуелсіздік күніне Жүзжылдық Штаты» болды (ағылш. Centennial State ) .
Тарихы. 1860 жылы Колорадоның болашақ территориясы Небраска, Юта, Нью-Мексико және құрамында болды. XVI ғасырдың басында штаттың бұрынғы аумағын испандар зерттеді. 1706 жылыКолорадо аумағы Испания колониясы болғанын жариялады. Өз атауын Колорадо өзенінен алған, өзен атауы өзен суындағы қызыл-қызыл қоңыр балшыққа байланысты қойылған. Кейін провинция Францияның қарауына көшті. 1803жылыЛуизиана сатылымы нәтижесінде Колорадоның шығыс жағын АҚШ алды . Колорадоның орталық жағын 1845 жылы, ал батыс жағын - 1848 жылы Мексикамен соғысы нәтижесінде тартып алды. 1850 жылы Денверден алыс емес жерден алтын табылды және мұнда қоныс аударған халық ағылды. Азаматтық соғыс уақытында алтын іздеушілер Одақ жағында болды. Олар өздерінің алтын кен орындарын Техас басқыншыларынан құтқарып алды. 1875 жылдың 3 наурызында АҚШ Конгресі Колорадо аумағына штат мәртебесін беру туралы заң қабылдады. Артынан, 1876 жылы 1 сәуірде, 28 күннен кейін АҚШ тәуелсіздік күніне жүз жылдық мерекесінде, АҚШ президенті АҚШ-тың 38-штаты болуына рұқсат етіп жарлыққа қол қойды. 1930 жылығы халық санағында штаттың халық саны миллион адамнан асты. Колорадо Ұлы дағдарыста қатты күйзелді, әйтсе де өз жағдайын Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалпына келтірі. Штаттың экономикасының басты-басты салалары тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және туризм.
Географиясы. Ұлы континентальдық бөлуі. Колорадо - үш штаттың бірі (Вайомингмен және Ютамен бірге), барлық шекарасы параллелдер және меридиандар мен сәйкес келеді, қос ендік және қос бойлық аралығындағы «турабұрыш» (дәл, жер беті секторы) құрайды. Колорадо аумағының ауданы - 269 837 км². Колорадо аумағының 37 %-і ұлттық саябақтариеленеді.
Жер бедері. Колорадо рельефі әрқилы. Штат аумағының орталық жағында солтүстіктен оңтүстікке қарай Сеңгір таулары жоталары қиып өтеді (биік нүктесі - Элберт тауы, 4399 м) . Олар Ұлы континентальды бөлуі деп аталады: бұл таудың батысынан бастау алып ағатын өзендер Тынық мұхит алабына құяды, ал батысында орналасқан өзендер Атлант мұхиты алабына құяды. Сеңгір тауларының көп бөлігін Қылқан-жапырақты ормандар алып жатыр - көп емес тау бастарын жыл бойы қар басып жатады. Штат халқының көп бөлігі Сеңгір тауларының шығыс жағында тұрады, бұл жерлерде Тынық мұхитынан келетін дауылды желден қорғайды.
Америкалық ақ көбелек. Америкалық ақ көбелек - Arctiidae тұқымдасына жататын көбелек. Сипаттамасы. Денесі мен қанаты ақшыл, кейбіреуінің кейбіреуінің бауырында ұсақ қара дақтар бар; ұрғашысының мұрты - жіп тәрізді; еркегінікі - қауырсын тәрізді. Қанаттары жайылғанда 25-36 мм-ге жетеді. Жұлдыз құртының үстіңгі жағы күңгірт, ұзын түктері бар, бүйір жағының сарғыш өңірлері айқын байқалады; басы мен аяқтары қара. Бұл - обыр, жергілікті жағдайға бейімделгіш, өте қауіпті зиянкес. Жұлдыз құрттары өсімдіктің 200 түрін, әсіресе тұт, үйеңкі, алма, алмұрт, шие, өрік ағаштарының жапырағын жейді, кейде түгелдей құртып жібереді. Бұл зиянкеске қарсы күресу үшін, оның жүкпен және транспортпен бірге келуіне мүмкіндік бермеу үшін сақтандыру шараларын қолдану, ДДТ ерітіндісін бүрку қажет.
Таралуы . Бұл көбелектің отаны - Солтүстік Америка: Канададан Мексикаға дейін. Сол жерден басқа аймақтарға таралған. 1990-шы жылдары Орта Азияға да келген. Осы көбелектің түрі Қазақстанның Қарқаралы, Зайсан аймақтарында кездеседі .
Жұлдызқұрттың түктерінен жасалған бос сұр пілләсінде қуыршағы қыстайды, ағаштың қабығының жапырақтарында, құрғақ жапырақта, жер бетіндегі өсімдіктер қоқысында, ғимарат жарығында, қақпада, топырақта. Қуыршақтың басым бөлігі топырақта 3-5см тереңдігінде болады, және дарағы терендігі 15см анықталады. Жұлдызқұрттардың кейбір жазғы ұрпақтары жапырақтын бөрікбасында қуыршақтанады. Қуыршақтың жарты бөлігі (10-15%) диапаузаға кетеді, яғни көбелектің шығуы бір жылдан кейін орындалады. Қуыршақтың белгілі бөлігі күзгі-қысқы кезеңдерінде өледі, оған себебі ішкі жағдайдың әсер етуі олар тоғышар, аурулар, жыртқыштар.
Көбелектердің негізгі ұшуы таңғы уақытың 5-7 сағат аралығында жатыр. Белсенді ұшуы 30-40 мин. Ауа-райы 13 0 С-қа төмендеген жағдайда ұшуы тоқтатылады. Ұшу кезеңі 20-30 күнге созылады, жаппай ұшуы 11-14 күнге созылады. Ұрғашы көбелектің өмірі көктемде 2-11тәулік, жазда 6-тәулік. Еркегі 1-ден 4-тәулікке дейін өмір сүреді. Көбелегі тамақтанбайды. Жыныстық серігін іздеу және жұмыртқа салу орнынан 250 метр қашықтықта ұшады. Ұрғашы қуыршақтан шыққан күні шағылысады немесе келесі күні. Қыстап шыққан ұрпағының ұшуы мамыр айына дейін жалғасады, жазғы ұрпағы шілде айының соңынан - тамыз айының басына дейін. Ұрғашысы шағылысқаннан кейін екі сағаттан соң жапырақтың төменгі қабатына жұмыртқа салуға кіріседі, бір қабат жалпағынан сопақтау қылып, қарама-қарсы тығыздап салады. Салынған жұмыртқаның жоғарғы жағы бос қалың емес, ақ талшықпен жабылған. Көбінесе аналықтары жұмыртқаны түнде салады. Аналығы 200-2000 жұмыртқа салады, орташа есепен 300-600. Жұмыртқаның өсіп өнуіне тұрақты ауа-райы 23-24 0 С және ауа ылғалдылығы 75% болуы қажет. Ауа ылғалдылығы 30-50% ға төмендесе жұмыртқадағы эмбрион жаңа туған жұлдызқұрттар өледі. Ауа температурасы 12 0 С-дан төмен болса жұлдызқұрты жұмыртқадан шығуын тоқтатады. Жұлдызқұрттың шығуы таңертен және кешкі уақытта болады. Жұлдызқұрт жұмыртқадан кейін 1-2 сағат ішінде тамақтанады, және ұя салады.
І-ІІ жастағы жұлдызқұрттардың ұясы тор тәрізді салынған, бірнеше жапырақты құрайды. V-жастан асқан жұлдызқұрттың ұясы 1-1, 5м ге жетуі мүмкін. Осы жаста жұлдызқұрт ұясын тастап талдарға өрмелей бастайды. Жасының саны өмір сүру ортасына байланысты және 6-мен 8 аралығында ауытқиды. Кейбір ақпараттарда 11-жасқа дейін болуы мүмкін. 19, 5 0 С температурасында жұлдызқұрттардың кезеңі 38 күнге созылады, ал 23 0 С -градуста 28 күнде. Жұлдызқұрттар қуыршақтанар алдында белсене қозғалып пана іздейді. Онтүстік - Шығыс Қазақстанда зиянкес екі ұрпақ береді. Екінші ұрпақтың көбелегі шілдеде ұшады.
Зиянкес қабыршаққанаттылар (Lepidoptera) отрады Arctiidae түқымдасына жатады. Көбелектің қанаттарының өрісі 20-36 мм, денесінің ұзындығы 9-15 мм. Канатгары әппақ немесе ақкүңгірт қоңыр дақгары болады.
Аталықтарының мұртшалары екі қатарлы тарақты, аналықтарынікі - екі қатарлы ара тісті болады.
Бір жастағы жұлдызкүрттары ашшқ-сары түсті, одардың ұзындығы 1-1, 5 мм, ересек жұддызҚүрттарының ұзындыщ 30-40 мм. Стадиясының денесін тығыз түк басқан және арқа жағында eкі қатар қьшлшықты сүйелдері және бүйір бөлігіңде 3 қатар ашық-сары сүйелдері болады.
Қуыршағы ұзыншақ жұмыртқа пішінді, ұзындығы 10-15 мм. Құрсағының сегменттерінің жіктері осы түрге тән ірі нүкте тәрізді шұңкырлармен шектелген. Кремастері екі айырылған және 15-ке жуық шоқ өсінділері басады.
Жұмыртқасы шар тәрізді табаны тегіс, көлемі 0, 5-0, 6 мм.
Қуыршақ күйінде піллә ішінде ағаш қабығьшың астындағы сызаттарда, қүрғақ жапырақгарда, топырақ бетіндегі өсімдік қалдықтарында, қаша сызаттарында, ғимараттардың саңлауларында қыстайды. Қуыршақгардың көпшілігі топырақ ішінде 3-5 см терендікге, кейбіреулері 15 см терендікте кездеседі. Жазғы ұрпақ жүлдызқұрттары сонда, кейбіреулері бөрік бастагы жапырақгарда куыршақтанады.
Қуыршақтардың кейбір бөлігі (10-15%) диапаузаға кетеді, яғни олардан бір жылдан кейін көбелек шығады.
Американдық ақ көбелектің жүлдызқұрттарының закымдауы нәтижесінде ағаш жапырақтарынан жалаңаштанады, оның әсерінен ағаш әлсірейді және бірнеше peт қайтара зақымдаудың нәтижесінде кейбір өсімдіктер өледі. Зиянкестің жұлдызқүрттары көп қоректі, 230 ағаш пен бүта, шөптесін өсімдіктер түрлерін зақымдайды.
Американдық ақкөбелек ауа райына, жер ерекшеліктеріне байланысты жылына 1-2 ұрпақ береді.
Америкаңдық ақ көбелек Еуропаның көптеген елдерінде, оның ішінде Ресей мен Украинада, Азияда (Қытай, Өзбекстан) таралған.
Қазақстанда американдық ақ көбелек сыртқы карантиңцік нысанға жатады.
Карантиндік шаралар және күресу жолдары
1. Зиянкес таралған елдерден тасымалданатын импортгық жүктер және көліктер тексерілуі тиіс.
Зиянкес табылған жағдайда көліктер мен жүктер зарарсыздандырылады. Американдық ақ көбелек таралған елдерден жеміс сыртқы карантиндік ереже бойынша аткарылады.
2. Шаруашылықга жемістер мен отырғызылатын материалдардың тасымалдануы америкаңдық ақ көбелектің таралуын тежейтін және ошақтарын табу нұскауларына сәйкес атқарылады.
3. Американдық ақ көбелектің ошақгарын жою және оның сан мөлшерін төмендету үшін агротехникалық және құрту шаралары атқарылады. Бірінші жағдайда зинкестің ұялары кесіледі, оларды ұстағыш белбеулер арқылы ұстайды.
4. Өсімдік қоқыстары жиналып өртеледі.
5. Ағаштар өлі қабықгарынан тазартылып, әкпен ақгалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz