Картоптың (ісік) рак ауруы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Кіріспе.
  2. Негізгі бөлім. Картоптың (ісік) рак ауруы. Ауруды қорғау шаралар жүйесі.
  3. Қорытынды.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

I. Кіріспе

Картоп түйнегінде 25%-ға таяу құрғақ зат болады, оның ішінде 14-22% крахмал, 1, 4-3% белок, 1%-ға таяу клетчатка, 0, 2-0, 3% май, 0, 8-1% күл болады. Картоп белогі өзінің құндылығы жағынан дәнді дақылдар белогінен анағұрлым жоғары бағаланады, өйткені оның құрамында адам және жануарлар ағзасында (организмінде) синтезделмейтін амин қышқылдары - ванилин, лизин, триптофан, лейцин ж. б. бар,

Картоп түйнегі адам ағзасының қалыпты қызметіне өте қажетті көптеген бағалы дәрумендер - аскорбин қышқылы (С дәрумені), В, А, РР, К дәрумендер тобы мен минералды тұздардың (Менделеевтің периодтық жүйесінің 22 элементі - темір, кальций, магний, натрий, фосфор, йод ж. б. ) маңызды көзі.

Егер тауық жұмыртқасының биологиялық құндылығын 100% деп есептесек, онда бидай белогінің құндылығы 63-65%, ал картопта - 84-85%. Біздің елімізде тағам, тігін, қағаз және басқа өнеркәсіп салаларына қажетті крахмал өндірісінің негізгі шикізаты болып табылады. Одан спирт, глюкоза, декстрин, көмір қышқылын ж. б. өндіреді. Құрамында 17% крахмалы бар бір тонна түйнектен орта есеппен 112 л спирт, 55 кг сұйық көмір-қышқылын, 39, 0 кг сивуш майын немесе 170 кг крахмал мен 100, 0 кг картоп ұнын немесе 80 кг глюкоза мен 65 кг гидрол өндіруге болады.

Картоп, әсіресе сауын малы, шошқа және құстар үшін малазықтық дақыл ретінде де жоғары бағаланады. Мал азығына түйнектер, сабақ-жапырағы және өнеркәсіптік өңдеудің қосымша өнімдері (барда, мезге) пайдаланылады. 100 кг картоп түйнегінде 31 азықтық өлшем және 1, 6 кг қорытылған протеин бар. Картоптың сабақ-жапырағы тамыржемістер, қырыққабат жапырақтары және жүгерімен қоспалары мал тәбетпен жейтін тамаша сүрлем береді. Картоптың әр гектардан 150 ц түйнек пен 80 ц сабаңжапырақ өнімінің малазықтық құндылығы шамамен 5500 азықтық өлшемге (а. ө. ) тең.

Картоптың агротехникалық және агро-экономикалық маңызы да зор. Отамалы дақыл ретінде ол көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарына жақсы алғы дақыл, мелиорация мен тыңайтқышқа қайтарымы мол. Жоғары агротехника жағдайында бір орынға қайта отырғызуға, тіпті дара дақыл ретінде өсіруге болады. Сонымен қатар, картоп бір өлшем жерде жоғары өнім құрайтын потенциалды мүмкіндігі бар өнімді танаптық дақылдардың бірі. «Танаптарда картоп өсіру, - деп жазған кезінде Ресей ғалымы академик Д. Н. Прянишников, - бұрын бір масақ өскен жерде енді үш масақ алуға болады деген сөз».

Картоптың шыққан тегі - Оңтүстік Америка, ол біздің жыл санауымыздан, 1-2 мың жыл бұрын өсіріле бастаған. Европаға (Испания) картоп 16-ғасырда әкелінген. Бұл дақылдың Ресейде таралуын дәнді дақылдардың егін өнімінің жиі түрде төмен болғандығымен және 18-ғасырдың екінші жартысымен түсіндіріледі. Картоп көршілес Ресей елінде таралуы әрі қызық, әрі қайғылы жағдайда өрбіді және халық толқуларымен қабаттасып жүрді.

Қазіргі кезеңде картоп барлық континенттерде өсіріледі, жалпы егіс аумағы шамамен 23, 0 млн гектарға тең. ТМД елдеріндегі жалпы картоп түсімі бүкіл дүниежүзілік өндірістің үштен бірін қамтиды (негізгі өндірушілері Ресей Федерациясы, Украина, Беларусь, Балтық бойы елдері, Қазақстан ж. б. ) .

1-сурет. Картоп. 1 - өсімдігі; 2 - тұқым өскіні; 3 - гүл шоғыры; 4 - гүлдері; 5 - жапырақтары; 6 - жемістері; 7 - тұқымы

2. 1 Картоп ісігі (рак)

Республикада карантинді ауру.

Картоптың түйнегі, тамыр сабағы (столон), кейде сабағы мен жапырағы залалданады. Ауруға шалдыққан органдарда бұлтықтар (ісіктер) пайда болады. Олардың түсі алғаш ақ, кейін сарғайып, қоңырланады. Залалданған столондарда түйіндер түзілмейді. Сабақ залалданғанда бұлтықтар тамыр мойнында, ал жапырақтағы ісіктер оның қолтығында түзіледі.

Бұлтықтар қоздырғышпен залалданған клетка көлемінің ұлғаюынан түзіліп, құрамында крахмал қоры көбейеді. Ісіктің беті бұдырланып, сыртқы пішіні түсті қырыққабаттың гүл шоғырына ұқсас келеді. Бұлтықтардың үлкендігі бұршақ көлемінен картоп түйініне дейін, кейде одан да ірі болады. Бұлтықтар топырақтағы түрлі микроорганизмдер мен ылғал әсерінен тез ыдырайды (2-сурет) .

Ауру қоздырғышы - Synchytrium endobioticum Pers. саңырауқұлағы. Қоздырғыш хитридиомицеттер (Chytridiomycetes) класы хитридиялылар (Chytridiales) қатарына жатады. Қоздырғыш картоптан басқа да алқа тұқымдасына жататын өсімдіктерді залалдайды. Күзге қарай бұлтық ұлпаларында тынышталған жынысты споралар - цисталар түзіледі.

S. endobioticum саңырауқұлағының қыстық зооспорангийлері дөңгелек пішінді 30-дан 80 мкм. Олардың бір жағы ойыс болады.

Түйіршікті протопластың дамуына қолайсыз қыс жағдайларынан жақсы өтуіне көп қабатты қабықпен қоршалуы мүмкіндік береді.

Олар қоңыр, қалың қабатты, топырақта 20 жылға дейін тіршілігін сақтайды. Қоздырғыштың дамуына 16-17 о С температура, жоғары ылғалдылық, топырақ қышқылдығы (рН - 3, 9-8, 5) қолайлы жағдай болып табылады.

Цисталар 70 күндік тыныштық кезеңінен кейін, қолайлы жағдайда өне бастайды. Қыстап шыққан спорадан бір талшықты зооспоралар түзіледі де, талшығы арқылы жылжып, картоп ұлпасына еніп, талшығын жойып, вегетативті дене - просорус түзеді. Просорустар өсе келе сорус түзіп, оған өткен цитоплазма мен ядро бірнеше рет бөлініп, сорустарда жаңа қабық пайда болып, көп ядролы 4-9 бөліктерге - зооспорангийлерге бөлінеді, әр зооспорангийде 200-300 зооспора түзіледі. Зооспоралар ылғал жеткілікті жағдайда ие-өсімдікті залалдайды.

Ауруға шалдыққан мүшенің клеткалары шектен тыс бөлініп, ісіктер мен бұлтықтар түзеді. Саңырауқұлақтың даму циклы - 10-12 күн. Вегетациялық кезеңде саңырауқұлақ бірнеше ұрпақ беруі мүмкін. Инфекция қоры циста түрінде топырақта, түйнекте және өсімдік қалдығында сақталады.

Кесел картоп өнімінің 40-60% төмендетеді.

2-сурет. Катоп (ісігі) рагі

2. 2 Картопты аурудан қорғау шаралар

Картоп ісігіне қарсы кешенді күрес шаралар жүйесі қолданылады. Оның мақсаты аурудың залалданбаған ауданға өтуінен сақтау, аурудың таралуын тексеру және ошақтарын жоюға бағытталған.

S. endobioticum ауруымен күресуде картоптың төзімді сорттарын жеке ісік аурумен залалданбайтын өсімдіктерді өндірудің маңызы үлкен.

Топырақтағы картоп рагынан тазарту үшін карбомид (100 г/м) препаратын ісікке төзімді сорт өндірілетін жерге немесе сұйық аммиак (сусыз) - 1 т/г (100 г/м) немесе нитрификация ингибиторы (2% сұйық аммиак массасынан) аралас аммиак 0, 5 т/га қолдану ұсынылады.

Картоп дақылын түрлі кеселдерден қорғау жүйесі ұйымдастыру және аурудан сау тұқымдық материалдар өсіруге негізделген:

Белгілі экологиялық аймақтарда кездесетін ауру түрлеріне байланысты картоптың төзімді сорттарын сұрыптау.

Картоп түйнегін іріктеу арқылы сау тұқымдық материал дайындап, оны микроэлементтердің - 0, 05% бор қышқылы, 0, 02% мыс купорасы, 0, 14 күкірт қышқыл маргенецтің қоспа ерітіндісінде өңдеу. Жұмыс ерітіндісінің мөлшері- 20 л/т. 70% фенорам, с. ұ. - 2 кг/т; 50% фундазол, с. ұ. - 1 кг/т; 40% ТМТД, с. с. к. - 2, 5-3 л/т.

Ауыспалы егістікті сақтап, танапқа картопты 3-4 жылдан кейін қайта егу. Картоптың жақсы алғы дақылдары - астық, дәнді-бұршақ, көп жылдық шөптер, қызылша, қырыққабат сонымен қатар сүрі жер. Жоғарыда аталғандар инфекция қорын төмендетіп, картопты қажетті қоректі заттармен қамтамасыз етеді.

Тұқымдық және азықтық картопты отырғызуда танаптардың ара қашықтығын сақтап, алқа тұқымдас көкөністерден (қызынық, бұрыш, баклажан) кемінде 500 м алшақ огрналастыру.

Жақсы өңделген температурасы - 7 о С жоғары ауыр топырақта түйінді 6-8 см, ал жеңілде - 12-15 см тереңдікте мерзімінде отырғызып, өсімдіктің жиілігін сақтау.

Нақтылы аймақтарда белгіленген жоғары агротехниканы сақтау. Органикалық және минералдық тыңайтқыштарды ( калий мен фосфор тыңайтқыштарын үм\стеме, ал азотты - мөлшерімен) топыраққа мерзімінде енгізу. Өскінді тамырлап, өсімдікті түптеу және уақтылы суару. Сілтілі топырақта кәдімгі таз-қотыр ауруының алдын алу үшін, егістікке физиологиялық қышқыл тыңайтқыштар (суперфосфат, күкірт қышқылы аммоний) енгізу, шіріп үлгермеген органикалық тыңайтқыштарды қолдануға тиым салу.

Өсімдіктің өсіп-өну кезінде тұқымдық картопты вирусты және бактериялы аурулардан 3 қайтара: біріншісі- өсімдік 10-15 см биіктікке өскенде; екіншісі- жаппай гүлдену кезінде; үшіншісі- гүлденуден үш апта кейін фитотазарту жүргізіп, ауру өмімдіктерді түінідерімен бірге егістіктен шығарып жою.

Вирус инфекциясын тасымалдаушы насекомдарға қарсы жүйелі инсектицидтерді қолдану.

Картоп егістігі мен оның айналасындағы инфекция қоры сақталатын арам шөптермен күресу.

Картоптың рак ауруынан сақтандыратын карантинді шараларды қолдану.

Картоп өнімін мерзімінде, құрғақ ауа райында жинап, механикалық жарақаттан сақтап, кептіру. Қоймада сақталатын түйінднрді мұқият іріктеу.

Тұқымық картопты шашыраңқы жарықта (7-8 күн) шынықтыру (түзілген столонин, түйнектерді шіріктерден сақтайды) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саңырауқұлақ денесі плазмодий
Бактериялар және актиномициттер туғызатын ауыл шаруашылық дақылдарының ауруы
Өсімдік иммунитетінің маңызы мен мақсаты
Табиғатта және адамның іс-әрекетінде өсімдік ауру қоздырғыштарының маңызы
Микроорганизмдер және қоршаған орта
Көкөністерден ұзақ сақталатын өнім өндіру технологиясын өңдеу
Дән микроорганизмдері
Өсімдік ауруларының белгілері
Гендік инженерия туралы жалпы түсініктеме
Онкология
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz