Тары дақылының өсіру


Мазмұны
1. Кіріспе . . . 2-31. Қызылорда облысының климат жағдайы . . . 4-5
2. Тары дақылының өсіру технологиясы . . . 6-8
2. Негізгі . . . 9
2. 1 Тары дақылында кездесетін зиянкестер . . . 9-13
2. 2 Зиянкестермен куресу шаралары . . . 13-16
3. Қорытынды . . . 17
4. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 18
1. Кіріспе
Тары- өте ертеден өсіріліп келе жатқан дақылдардың бірі. Алғашқы қалыптасу орталығы мен шыққан тегі Шығыс Азияның таулы аудандары болып табылады.
Жер шарында жыл сайын 25, 0 млн. га жерге өсіреді. Қазақстанда негізгі тары өсірілетін облыстарға Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан т. б. жатады. Орта есеппен 10 жылда (1996-2006ж. ж. ) жыл сайын елімізде 98, 6 мың га жерге тары өсірілді, оның 48, 4 мың га Павлодар, 22, 6 мың га Батыс Қазақстан, 12, 5 мың га Ақтөбе облысында болды. Келешекте Республикамызда тары егістігінің аумағы өсуге тиіс, бұрындары оны 800 мың га дейін егістікте өсіргенбіз.
Тары - өте маңызды жармалық дақыл. Ақталған тары жақсы піскіштігімен және қоректілігімен сипатталады. Оның құрамында 12-13% ақуыз, 81% крахмал, 3, 5-4% май т. б. бар. Тарының белок кешенінде глиадин, глютенин, глобулин, альбуминдер басым болып келеді. Крахмал амилаза мен амилопектиннен құралады. Айырбасқа жатпайтын амин қышқылдары- лизин, метионин, триптофан- айтарлықтай көп мөлшерде кездеседі. Оның құрамындағы ферменттердің (мальтоза, амилаза, липаза т. б. ) белсенділігі өте жоғары, күлінде K, Na, Mg, P мен бірге Cu, B, I микроэлементтері де жеткілікті, жармасында тиамин дәрумені 1, 8-1, 9 мг бір грамм дәнге, онда B 1 , B 2 басқа астық дақылдарына қарағанда екі есе көп.
Тары астығынан, жармадан басқа, ұн дайындалады, оны таза күйінде және бидай, қара бидай ұндарымен араластырып тағамға пайдаланады.
Тарының мал азықтық құндылығы да жоғары. Тары астығы мен мекені де құстар үшін теңдесі жоқ азық. Олармен құстарды азықтандырғанда жұмыртқа өнімі мен оның қабығының беріктігі жақсарады. Астыққа өсіргенде тарының сабаны мен мекенінің өнімі астығынан 1, 5-2, 0 есе артық болады. 1 кг тары сабанында 0, 41 кг азық өнімі мен 24 г. протеин, басқаша айтқанда аталған көрсеткіштер, бидайға қарағанда екі есе, сұлы сабанына қарағанда 1 / 3 есе артық.
Тары тұқымының себу мөлшері аз болғандықтан оны кейде жасыл балауса мен пішен өсіруге пайдаланады, ол сапасы жағынан сұлы, шәй жүгері және итқонақ пәшенінен асып түседі.
-2-
Тары жақсы сақтық дақылы болып табылады. Кешірек себілетіндіктен, құрғақшылыққа төзімділігінен және салыстырмалы қысқа вегетативтік кезеңі опат болған күздіктер мен жаздық дақылдардан кейін орналастырып жасыл балауса ғана емес, жекелеген жағдайларда астық өнімін жинауға да мүмкіндік береді. Тары бірқатар дақылдарға жақсы алғы дақыл. Өзінің биологиялық мүмкіндіктеріне байланысты тары жоғары өнімді дақыл және дұрыс өсіру технологиясын қолданғанда өте жоғары өнім бере алады. Қостанай, Павлодар т. б. облыстардың озат шаруашылықтары кезінде үлкен егістік алқаптардан қолайлы жылдары әр гектардан 17, 1 -22, 5 ц. Және одан да жоғары астық өнімін жинаған. Қазақстан тары өнімі бойынша дүниежүзілік рекорд елі болып табылады. Ондай өнім ұлы Отан соғысы жылдары Социалистік Еңбек Ері Ш. Берсиевпен өсірілді. 1943 ж. Ақтөбе облысының Құрманов атындағы ұжымшарында суармалы жағдайда 4 га. егістіктің әр гектарынан 201 ц. тары астығы жиналды. Бұл дегеніңіз тары дақылының әлеуетті мүмкіндігі зор екендігін көрсетеді. Өкінішке орай соңғы жылдары елімізде тары өсірудің қыр- сырына аз мән берудің кесірінен астық өнімі төмен деңгейде - орта есеппен 4, 0-6, 5 ц/га шамасында ғана.
-3-
1. 1. Қызылорда облысының табиғи климат жағдайы
Сырдарияның сол жақ жағалауында - Жаңадария мен Қуаңдария өзендірінің құрғақ арналары кесіп өтетітн Қызылқұм топырағының төбелері мен кең жазықтығы, оң жақ жағалауында үстірттері (Егізқара, 288 м. ), құм учаскелері (Арысқұм және өзгелері), сорға толы таяз шұңқырлар кездеседі. Солтүстігінде - құм төбелері массивтері (Кішкентай Барсұқ және Қарақұм топырағы) бар. Оңтүстік-шығыс бөлігінде Қызылорда облысының аумағына Қаратау тауының жоталары кіреді (биіктігі 1419 м-ге дейін) .
Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа дейін облыс орталығы арқылы ағып өтетін, ұзындығы 1 мың км. созылған, көптеген арналар мен ағыстарға тараған үлкен иреңді арнасы бар Сырдария өзені-ең ірі жалғыз өзен болып табылады. Тасқындардан қорғану мақсатында өзен жағалауының бойымен қорғаныс бөгеттері салынған; 1956 жылы Сырдария өзеніне Қызылорда плотинасы салынды; 1958 жылы Жаңадария арнасымен жайылымдар мен егістікті суландыруға өзен суы жіберілді. Жазды күндері кеуіп кететін көптеген тұзды көлдер бар (Жақсықылыш, Қамыслыбас, Арыс және т, б. ) ; Көпек және Терескен көлдерінде - емдік қасиетке ие батпақтары бар. Қызылорда облысының шегінде солтүстік-шығысында Сарысу өзенінің сағасы кіреді. Аумақтың біршама бөлігі өсімдігі аз топырақтары орналасқан; яғни қатайған жерлерінде жусанды бетегелер, тұзға бейімделген өсімдіктер, көктемде құмдақ және сортаң жерлерде тұрақсыз өсімдіктер сорты; құмдардың арасында дүзгіндер өседі. Құм төбешіктері сексеуіл, жыңғылдар, теріскен, бұйырғандар, жусандармен бекіген. Шөл далада көптеген жыртқыш аңдар (түлкі, қарсақ, қасқыр және т, б. ) және тұяқтылар (киік), сонымен қатар кеміргіштер мен құстар (бұлдырлар және өзгелер) кездеседі, Сырдария өзенінің атырабында ондатра бейімделген.
Облыс аумағының негізгі бөлігі Тұран ойпатында, шығысында Қаратау тауының жоталары, солтүстік-батысында Арал маңы Қарақұмы, оңтүстік-батысында Қызылқұм орналасқан. Қызылорда облысының климаты жазы ұзақ мерзімді ыстық және қары аз қысқа мерзімді суық, күрт өзгермелі континентті. Мұндай климаттық режим еуроазиялық материгінің ішінде орналысуымен, оңтүстік аймаққа жақындығымен, атмосфераның ауысымдылығының ерекшелігімен және өзге де факторлармен сипатталады. Климаттың континенталдығы көптеген метеорологиялық элементтердің тәуліктік, айлық және жылдық өзгеруімен байқалады. Жазы ыстық және ұзақ мерзімді.
-4-
Бұл кезеңде температурадағы күрт өзгеру сипаты байқалмайды. Кейбір жерлерде шілде айының орташа температурасы 36-39 0С. Облыс аумағының басым бөлігінде температураның абсолютты максимумы 44-48 0С құрайды. Қыс мезгілінде облыстың солтүстік және оңтүстік аймақтарынының арасында температурада айтарлықтай айырмашылықтары бар. Мысалы, ең салқын ай-қаңтардағы орташа температура 35-360 С градусты құрайды.
Солтүстікке ашықтылық қасиеті облыс аумағына кедергісіз салқын ауа массасыынң енуіне мүмкіндік береді және нәтижесінде қыс айларында күрт салқындайды. Ауа температурасының абсолютты минимумы 420 С градусқа дейін жетеді. Құрғақшылық - облыс климатының ерекшелектерінің бірі. Жауын-шашын өте аз жауады. Орташа жылдық мөлшері 100-190 мм аспайды және жыл маусымдарында оның түсімі біркелкі емес: барлық жауын-шашынның 60 пайызы көктемгі-қысқы кезеңдерге тиесілі. Облыс аумағының барлық бөлігінде солтүстік-шығыс бағытындағы күшті және жиі желдер болып тұрады. Оның орташа жылдық жылдамдығы секундына 3, 1 метрден 6 метрге дейін ауытқып отырады. Қыс мезгілдеріндегі күшті желдер төменгі температура жағдайында жер бедерлерінің биік беткейлеріндегі қар жамылғыларын ұшырып кетеді, нәтижесінде топырақтың беткі қабаттарының терең қатуына және жарылуына әкеліп соғады. Жазғы уақытта шаңды дауылдар байқалады.
-5-
1. 2 Тары дақылының өсіру технологиясы
Өсіп-өну жағдайын жақсартқан сайын тарының өнімі молая түседі. Интенсивті технологияны қолдану- тұрақты жоғары өнім алудың бірден- бір кепілі.
Ауыспалы егістегі орны. Тары арам шөптерден атты күйзеледі. Сондықтан оны өзінен кейін танапты арам шөптерден таза қалдыратын дақылдардан кейін сепкен жөн. Мүмкін болса тың және тыңайған жерге себілсе тары мол өнім береді. Тары үшін көп жылдық шөптер (жоңышқа, беде, эспарцет, еркекшөп) өте жақсы алғы дақыл болып есептеледі. Ауыспалы егіс жүйесінде тарыны таза парға егілген күздік не жаздық бидайдан кейін орналасырған жөн.
Тары өсіруге арналған шаруашылықтарда оны таза пардан кейін себу керек. Бұл жағдайда тары құрғақшылық жылдары да тәуір өнім береді. Тары үшін бұршақ тұқымдас дақылдар да жақсы алғы дақыл болып есептеледі.
Тары бір жерге қайталап себілсе өнімін төмендетеді. Сондықтан тарыны тек ауыспалы егіс жүйесінде ғана себу керек. Тары өзі егілген жерге 4-5 жылдан кейін ғана қайталап себілуі тиіс.
Тары дақылын тыңайту
Тары өзінің вегетациялық дәуірінде қоректік элементтерді біршама көп қабылдайды. Бір тонна дән және сондай мөлшерде сабан түзу үшін тары 25-30 кг азот, 8-10 кг фосфор, 26-31 кг калийді пайдаланады. Өзінің өсіп-дамуының алғашқы кезеңінде (түптенуге дейін) қоректік заттарды баяу қабылдайды. Тарының қоректік заттарды ең көп пайдаланатын кезеңі- оның түтік шығаруынан басталып, гүлденуге дейін созылады. Бұл мерзімде (30-40 күн) тары тәулігіне гектарынан орта есеппен 1, 8-8, 3 кг азот, 0, 4-0, 8 кг фосфор және 3, 8-5, 0 кг калий пайдаланады.
Ылғал жеткілікті топырақтарда минералдық және органикалық тыңайтқыштар тарыдан мол өнім алуды қамтамасыз етеді. Тәлімі жерде егілген тары егісіне фосфор мен минералдық тыңайтқыштар қоспасының әсері жоғары болады. Қостанай облысының қара топырағына егілген тарыға P40 бергенде гектарынан 2, 9 ц, ал N40P60, бергенде 4. 1 ц қосымша өнім алынды.
Батыс Қазақстан облысының күңгірт қара қоңыр топырағына тыңайтқыш берілмеген тары егістігінің гектарынан орта есеппен 11 центнер өнім алынса, N60P60K60 қолданған егістен 16 ц өнім алынған. Тары егістігіне органикалық тыңайтқыш қолдану да оның өнімін арттырады. Батыс Қазақстанның күңгірт қара қоңыр топырағына, жыртар алдында 20 т көң бергенде түсім 38 пайызға өсті.
-6-
Сонымен, ғылыми мекемелер деректеріне қарағанда Қазақстанның қара қоңыр және күңгірт қара қоңыр топырақтарында өсірілетін тары егісіне 40-60 кг азот, 40-60 кг фосфор және 30-45 кг калий қолдануға болады. Ал суармалы жерлерге егілетін тарыға қолданылатын тыңайтқыштар мөлшері тәлімі жерлердегіден 25-30 пайыз жоғары болғаны жөн. Фосфор тыңайтқышының 10-15 килограмын тарыны себу кезінде пайдаланған дұрыс.
Тұқымды себуге дайындау
Тұқымдарының ұсақтығына байланысты тары сорттарын себуге дайындағанда сорттық сапасы, ірілігі, толықтығы жоғары және аурулармен залалданбаған тұқымдық материалды пайдаланған жөн. Тары тұқымын қиын ажыратылатын қоспаларды ажырату күрделі астықтұқым тазалағыш машиналарды қолданады. Олардан өткен тұқым біршама іріленеді, алайда толық іріктелу пневматикалық сорттағыш құрылысдардан өткізгенде ғана қол жеткізеді(ССП-1, 5 т. б. ) , ондай тұқымдардың меншікті салмағы жоғары болып келеді.
Себу алдында тары тұқымы құрғақ- ауада қыздырылады немесе 500 жылылықта 15 минут жылы суда ұсталады. Кейіннен дәріленеді (витавакс 200 ФФ, 34%, (2, 5-3, 0 кг/ т), фундазол, 50% (2. 0 кг/т), фенорам 70% (2, 0 кг/т) химикаттарының бірімен) .
Себу мерзімі. Тарының себу мерзімі оның биологиялық ерекшелігімен анықталады. Барынша қолайлы жағдайлар топырақтың 10 cм қабатында температурасы 12-150C жеткенде және бозқырау қаупі өткеннен кейін қалыптасады.
Жинау. Тарының бір ерекшелігі дәні бір мезгілде пісіп үлгермейді, алдымен оның сыпыртқы тәріздес басының ең ұшына тұрған дәндері, содан кейін біртіндеп төмендегілері пісе бастайды. Төменде орналасқан дәндері пісіп болғанша бұрын піскендері жерге төгіліп те қалады. Осы себепті тарыны тікелей комбайнмен оруға болмайды, алдымен оны дестеге салып алу керек, содан соң 5-7 күннен кейін десте кебе бастағанда комбайнмен жинап алу керек. Дестеге салуды ең жоғарыда орналасқан дәндер пісе бастағанда бастайды. Дестелеу кезінде тары сабағы 12-15 см биіктікте орылады. Одан төмен орылса десте жер бетіне жатып қалады да жөнді кеппейді және жерде жатқан дестені комбайнның алуы қиындайды да астық төгіліп шашылады.
Жай қатарлап себілген тарыны дестеге салу үшін агрегат тары себілген бағытпен жүру керек, тары кеңаралық тәсілмен себілсе дестелеуші агрегат себу бағытына қиғаш жүруі тиіс. Сонда ғана десте жерге құламай, аңыздың үстіне түсіп тез кебеді, комбайнмен оңай жиналады. Дәннің шағылуын азайту үшін тарыны жинау кезінде комбайн үгіткішінің жылдамдығын минутына 600-700 айналым жасайтындай етіп реттеу керек.
-7-
Тұқымға арналған танапты жинағанда дән көп зақымдалуы үшін комбайн үгіткішінің айналуын минутына 500-600 -дан аспайтындай етіп реттейді, дәннің 70-75% ғана түсетіндей етіп деканы да аздап түсіреді. Бұл жағдайда сабан жинағыштың түбі алынып тасталады. Сабанда қалған дән ертесіне комбайнмен екінші қайтара жүргенде толық жиналып алынады. Бұл жолы дека тартылады, комбайнның үгіткіштерінің айналу жылдамдығы көбейтіледі.
Тарыны аңызға егу
Қазақстанның мыңдаған гектар суармалы жерлерінде бидай, арпа сияқты ерте пісетін дақыл егуге болады. Аңыздық егіс егілетін шілде айы- ең ыстық сезгіл. Бұл уақытта ауаның теспературасы 400C дейін жетеді, топырақтың 5 см тереңдіктегі тмпературасы 300C, ал топырақтың үстіңгі қабаты 550C дейін қызады. Осындай ыстыққа басқа дақылдардан гөрі тары төзімді келетінін тәжірибе көрсетіп отыр.
Жаздың екінші жартысында Қазақстанның оңтүстігінде жауын- шашын азайып, күн көбіне ашық болады. Тары күн сәулесінің көп болуын қалайтын өсімдік. Жаздың екінші жартысында күннің ұзақтығы көктемге қарағанда едәуір кемиді. Тары дәнді масақты дақылдардың ішінде күннің қысқа болуын қалайтын өсімдік. Яғни, жаздың екінші жартысында тарының қолайлы жағдай туады. Жаздың екінші жартысының табиғи жағдайы тарының биологиялық ерекшелігіне толық сай келетінін тәжірибе көрсетіп отыр.
Аталған мерзімде себілген тарының пісуі едәуір жылдамдайды, өнімі кей жағдайда көктемде себілген тарыдан жоғары болып, 40 центнерге дейін жетеді.
Алматы, Талдықорған облыстарында масақты дақылдардан кейін тарының барлық сорттары пісе бермейді, «Родина», «Қазан- 430» сияқты ерте пісетін сорттары пісіп үлгереді. Оңтүстік Қазақстан Жамбыл облыстарында «Саратов-853» сияқты көп өнім беретін орта мерзімде пісетін сорттары да толық пісе алады. Аңыздық тарының агротехникасы төмендегідей: масақты дақылдар комбайнмен орылған бойда, танаптан дереу сабан шығарылып, арық тартылып жер суарылады. Топырақ аздап дегди бастасымен картограмма бойынша тыңайтқыштар беріліп дереу жыртылады да, малаланғаннан кейін тарыны себе бастайды. Ең бастысы барлық жұмастарды өте тез жүргізу керек. Себебі, бұл жағдайда тары неғұрлым ерте себілсе оның өнімі де жоғарылай түседі. Егер тары шілде айында себілмей тамызға қалса ол суық түскенше пісіп үлгермей, үсікке ұрынуы мүмкін.
Аңызға егілген тарыны жай қатарлы әдіспен сепкен дұрыс, бұл ретте әр гектарға кететін тұқым мөлшерін 25-30 процентке көбейтеді. Бұл уақытта күн ыстық болуына байланысты топырақтың үстіңгі қабаты өте тез кеуіп кетеді. Сондықтан тары дәнін 6-8 см тереңдікке сіңіру керек. Топырақтағы жылудың молдығына байланысты бұл тереңдіктен тары 4-5 күнде жер бетіне шығып үлгереді.
-8-
2. 1Тары дақылында кездесетін зиянкестер
Тары барылдақ қоңызы
Тары барылдақ қоңызы - Ophonus calceatus Duft. Ұзындығы 15 мм жететін едәуір ірі қара қоңыз. Мұртшалары, ауыз мүшелері және табандары қызғылт-сары түсті. Жұмыртқасы мен дернәсілінің түсі және жалпы құрылысы жағынан астық барылдағына өте ұқсас.
Тары барылдақ қоңызы- Ophonus calceatus Duft.
(1-сурет)
Биологиясы . Зиянкестің дернәсілі тереңдігі 10 см топырақ арасында қыстайды. Ересек қоңыздар жер бетіне шілде айының орта кезінде шығып, бір айдай өмір сүреді. Олар күндіз көбінесе топырақ кесектері мен өсімдік қалдықтарының астын паналып жатады да, қоректенуге және басқа тіршілік әрекеттерін жасауға кешкі сағаттарда және түнде шығады. Жұмыртқаларын топтап дымқыл топыраққа (10 см тереңдікке дейін) салады. Сондықтан олар борпылдақ топырақты жерлерді, парға себілген егінді, жартылай тасталған егін жағалауын, терең жыртылған танаптарды және отамалы дақылдар егісін ұнатады. Қоңыздардың барлығы бірдей бір мерзімде шықпайтындығына байланысты жұмыртқылыу кезеңі ұзаққа созылады. Сондықтан топырақ арасына жаңа салынған жұмыртқаларды шілденің аяғынан тамыздың аяғына дейін кездестіруге болады.
Бұл түрдің тек ересек қоңыздары ғана өсімдікті зақымдайды. Дернәсілдері жыртқыш болады. Қоңыздар пісіп келе жатқан тары дәндерімен қоректенеді. Әсіресе олар дестеде жатқан тарыны қатты зақымдайды. Олар тары дәнін зақымдап қана қоймай, оның шашақбасында ермелеп жүріп, дәннің бір қатарын жерге түсіріп ысырап етеді. Қоңыздар тарыдан басқа пісіп келе жатқан бидай мен қара бидайды да зақымдайды. Арамшөптерден оның көбірек ұнататын мысыққұйрық. (1-суретте)
-9-
Курес шаралары. Бұлармен күрес негізі агротехникалық болып табылады. Өйткені олар дернәсілін топырақ арасына салады. Ерте көктемде жерді сүдігер жырту, терең қопсыту сонымен қатар химиялық шарадан гербицидтің мына түрін ГД-2, 4 эфир мен тұз қолданылады.
,
Тары құмыты
Тары құмыты-(Stenodiplosis panici Rodd) . Қос қанаттылар (diptera) отрядының галлица (Cecidomyiidae) тұқымдасына жатады. Денесінің ұзындығы 1-3 мм. Көкірек және құрсақ бөлімдерінің үстіңгі жақтары қоңырқай, мұртшалары ұзын және қызыл түсті, ұрғашыларының ұзын жұмыртқа салғыш қынабы болады. Дернәсілінің түсі қызыл, денесінің екі жағы бірдей сүйірленген. Қуыршағының да түсі қызыл, ұзындығы 2 мм шамасындай.
Тары құмыты - Stenodiplosis panici Rodd.
(2-сурет)
Тары құмытының ареалы тары және арам шөп-күрмектің (тауықтары) таралуымен тығыз байланысты. Қазақстанда батыс және оңтүстік облыстарда, сонымен қатар Семей облысының оңтүстік аудандарында егінге зиян келтіреді. Қазақстанна басқа Украина далаларында. Қара теңіз жағалауындағы аймақтарда, Кубанда және Орта Азияда таралған. Биологиясы. Қазақстан жағдайында тары құмыты жылына 4, ал күз айлары жылы және құрғақ болған жылдары 5 генерация беріп дамиды. Оңтүстікте толығымен 5 генерация береді, ол дернәсіл фазасында егін далаларындағы төгілген немесе жиналмай қалған тары дәндерінің ішінде, топан және сабан арасында, сонымен қатар күрмек дәндерінің ішінде қыстайды. Қуыршақтану процессі де сонда өтеді. Ересек құмытыларда маусым айынан бастап, қыркүйек айына дейін кездестіруге болады. Олар қоректенбейді, 2-4 күн ғана өмір сүреді, тек ертеңгі және кешкі сағаттарда ғана ұшады да, күндіз тарының шашақ гүлдерінің арасын паналап жатады.
-10-
Жұмыртқаларын ашылмаған тары гүлдерінің масақша қайыздарының астына орналастырады. кейде олар шашақ гүлге және түтікшесінен толық шыға қоймаған жапыраққа да жұмыртқалайды. (2-суретте)
Бірнеше ұрпақтарының ересек құмытылары әдетте тарының масақтану кзеңінен бұрынырақ шығады. Сондықтан олардың көпшілігі жұмыртқаларын ертерек масақтанатын күрмектің шашақ басына салады. Зиянкестің екінші және үшінші генерацияларының ұрпақтары тары егісінде қоректеніп дамиды. Ал төртінші генерацияның ұрпақтары өнімді жинау кезінде немесе одан кейін шығады. Сондықтан олардың дернәсілі негізінен күрмекте қоректеніп жетіледі. Құмытының бір генерациясының дамуы үшін 12-15 күн керек.
Зиянкестің дернәсілі тұқым түйінінде және гүлдің үлпегі мен оның сабағында қоректенеді. Нәтижесінде гүлдің аталық және аналық мүшелері дамымайды, зақымданған шашақ баста дәнсіз ақ масақшалар пайда болады. Зиянкес жаппай өсіп-өніп көбейген жылдары тарының шашақ басындағы дәнсіз масақшалар 30-40 дейін жетеді. Көктем және жаз айлары жылы және ылғалды болған жылдары зиянкестің өсіп-өніп көбейуіне қолайлы жағдайлар туады.
Күресу шаралары. 1. Ауыспалы егісті енгізу және дақылдардың кезектілік тәртібін сақтау зиянкестердің таралуын тежейді.
2. Зиянкестердің даму ерекшеліктерін еске ала отырып, тұқымды дер кезінде және қысқа мерзім аралығында себу. 3Сонымен қатар тары құмытын және дернәсілдерін жоюүшін. Оларға метафос, карбофоси және басқада химиялық препараттар жатады.
Дәннің сұр көбелегі
Дәнніңсұркөбелегі -Apameaanceps Schift. (Noctuidae- , Lepidoptera- )
Дәнніңсұркөбелегі - Apameaanceps Schift. (Noctuidae - , Lepidoptera - )
(3-сурет)
-11-
Биологиясы. не болмаса күңгіртсұр, . , . Денеұзындығы 25-35 мм. . . . . , 2000-3000 дейінжұмыртқасалады. Жылына 1 ұрпақберіпдамиды. Жұлдызқұрттарбидайды, қарабидайды, кейдеарпанызақымдайды. (3-сурктте) , қабығынғанақалдырады. . . . , -.
Күресушаралары. Күзгі . 8-16 үлгіліалаңдарда (әр үлгі 0, 25м 2 ) топырақтереңдігі 15 см дейінқазып, тығыздығынанықтайды. 2-3 жұлдызқұрттар/м 2 табылса, топырақтыөңдеуқажет. Культиватор не 6-8 см тереңдіккеөңдейді.
Жаздықбидайдыоңтайлы-кешуақыттасепсе, (синхрондығын) бұзады. Жұлдызқұрттардың 1-2 10 жерінен 20-25 масақтаналып (барлығы 200-250 масақ), қапшыққасалады. Қапшықтыбуып, оны 1-2 тәуліккептіреді. . ЭЗШ саны 100 масаққа 7-10-15 жұлдызқұрт, тауарлықегістікте 15-20-30 жұлдызқұрттанкөпболса, «Тізімде…» көрсетілген регламент . .
-12-
Астыққоңызы
Астыққоңыздары: кресті-AnisopliaagricolaPoda., кузька-A. AustriacaHbs., красун - A. Segetum Zoubkovi Kryn. (Scarabaeidea-, Coleoptera -қоңыздаротряды) .
4 1-сурет
Астыққоңыздары: кресті (AnisopliaagricolaPoda) .
(4-сурет)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz