Техникалық дақылдар



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Техникалық дақылдар
2.2. Техникалық дақылдарының карантинді зиянкестері және олармен күресу шаралары
2.3. Техникалық дақылдарының карантинді аурулары және олармен күресу шаралары
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Карантин — ауру ошағын толық оңашалау және ондағы ауруды толық жоюды қарастыратын шаралар жүйесі. Карантин (итал. quarantena, quaranta gіornі – қырық күн), уақытша тыйым салу – жұқпалы ауруларға шалдыққан немесе сол індеттер бойынша күдікті адамдар мен жануарларды жұқпалы аурулардан сақтауға, сол аурулардың жан-жаққа таралмауы үшін алдын ала жүргізілетін әкімшілік, медициналық-санитариялық, ветеринариялық-санитариялық кешенді шаралар жүйесі.
Өсімдік карантині, мемлекет аумағын немесе оның жеке бір бөлігін карантинді аурулар мен зиянкестер және арамшөптердің таралуынан сақтау үшін ұйымдастырылады. Осыған байланысты ол сыртқы және ішкі карантин болып екіге бөлінеді. Сыртқы карантиннің негізгі мақсаты – еліміздің аумағын карантиндік маңызы бар нысандардан қорғау. Осы мақсат үшін шет елдермен шекаралардағы арнайы бекеттерде елімізге әкелініп жатқан өсімдік өнімдерінің (дән, жеміс-жидек, орман және жеміс ағаштары, сәндік дақылдардың көшеттері мен тұқымдары, т.б.) барлығы карантиндік тексеруден өтеді. Оларды басқа елге тасымалдау үшін арнайы карантиндік сертификат болуы қажет. Карантиндік нысандардың бірі байқалған жағдайда барлық жүк зарарсыздандырылады немесе жойылып жіберіледі, жіберілген елге кері қайтарылады. Әр мемлекет үшін карантиндік нысандардың тізімдері жасалынып, бекітіледі. Қазақстанда оларға бунақ денелілерденколорадо және капр қоңыздары, комсток құрты, қан-қызыл біте, американың ақ көбелегі; аурулардан – үнді қаракүйесі, күріштің бактериоздары, жүгерінің гельминтоспориоздары, арпаның сарғыш қуыршақтануы, қашқаргүлдің бұйралануы; ал арамшөптерден – сары шырмауық, кекіре, жабайы күнбағыс, т.б. жатады. Ішкі карантиннің негізгі мақсаты – республика аумағында кездесетін, бірақ та әлі аса кең тарала қоймаған зиянды нысандарды жою және әрі қарай таралуын шектеу. Карантин шараларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің өсімдіктерді қорғау және карантин департаменті “Өсімдіктер карантині туралы” заңды басшылыққа ала отырып жүргізеді.
1. Х.К. Торыбаев, Н.Ж. Ашықбаев /Өсімдік карантині/ - Алматы, 2007 ж.
2. Интернет желісі.
3. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011ж
4. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998ж

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Техникалық дақылдар
2.2. Техникалық дақылдарының карантинді зиянкестері және олармен күресу шаралары
2.3. Техникалық дақылдарының карантинді аурулары және олармен күресу шаралары
2. Қорытынды
3. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Карантин -- ауру ошағын толық оңашалау және ондағы ауруды толық жоюды қарастыратын шаралар жүйесі. Карантин (итал. quarantena, quaranta gіornі - қырық күн), уақытша тыйым салу - жұқпалы ауруларға шалдыққан немесе сол індеттер бойынша күдікті адамдар мен жануарларды жұқпалы аурулардан сақтауға, сол аурулардың жан-жаққа таралмауы үшін алдын ала жүргізілетін әкімшілік, медициналық-санитариялық, ветеринариялық-санитариялық кешенді шаралар жүйесі.
Өсімдік карантині, мемлекет аумағын немесе оның жеке бір бөлігін карантинді аурулар мен зиянкестер және арамшөптердің таралуынан сақтау үшін ұйымдастырылады. Осыған байланысты ол сыртқы және ішкі карантин болып екіге бөлінеді. Сыртқы карантиннің негізгі мақсаты - еліміздің аумағын карантиндік маңызы бар нысандардан қорғау. Осы мақсат үшін шет елдермен шекаралардағы арнайы бекеттерде елімізге әкелініп жатқан өсімдік өнімдерінің (дән, жеміс-жидек, орман және жеміс ағаштары, сәндік дақылдардың көшеттері мен тұқымдары, т.б.) барлығы карантиндік тексеруден өтеді. Оларды басқа елге тасымалдау үшін арнайы карантиндік сертификат болуы қажет. Карантиндік нысандардың бірі байқалған жағдайда барлық жүк зарарсыздандырылады немесе жойылып жіберіледі, жіберілген елге кері қайтарылады. Әр мемлекет үшін карантиндік нысандардың тізімдері жасалынып, бекітіледі. Қазақстанда оларға бунақ денелілерденколорадо және капр қоңыздары, комсток құрты, қан-қызыл біте, американың ақ көбелегі; аурулардан - үнді қаракүйесі, күріштің бактериоздары, жүгерінің гельминтоспориоздары, арпаның сарғыш қуыршақтануы, қашқаргүлдің бұйралануы; ал арамшөптерден - сары шырмауық, кекіре, жабайы күнбағыс, т.б. жатады. Ішкі карантиннің негізгі мақсаты - республика аумағында кездесетін, бірақ та әлі аса кең тарала қоймаған зиянды нысандарды жою және әрі қарай таралуын шектеу. Карантин шараларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің өсімдіктерді қорғау және карантин департаменті "Өсімдіктер карантині туралы" заңды басшылыққа ала отырып жүргізеді.

2.1. Техникалық дақылдар
Картоп алқа тұқымдасына жатады және егістіктегі негізгі түрі Solanum tuberosum. Табиғи тегі бойынша картоп сабағы жыл сайын өліп отыратын көпжылдық шөптесін өсімдік, бірақ жер шарының көптеген елдерінде бір жылдық өсімдік түрінде өсіріледі .
Оны вегетативті түрде (түйнек, көз-ше, бүршіктерімен) және тұқымымен көбейтуге болады. Өндіріс жағдайында картоп негізінен түйнегімен - қысқарған жер асты өркенінің өзгерген түрі - көбейтіледі. Тұқыммен көбейтіл-генде картопта күндік тамыр мен жалғыз сабақ, ал түйнегімен көбей-тілгенде шашақ тамырлар жүйесі мен бұта пайда болады. Картоп бұтасы бірнеше сабақтардан құра-лады. Өсімдігі қосжарнақты, әлсіз дамыған тамыр жүйесін қалыптас-тырады (бүкіл картоп өсімдігі массасының 6-7 %, ал астық дақылдарында ол көрсеткіш - 20-25%) және топырақтың 60 см қабатында орналасқан.
Картоп - жан-жақты пайдаланылатын маңызды ауыл шаруашылығы дақылы. Картоптың түйнегі, ең алдымен, тағамға кеңінен және әртүрде қолданылады. Бір килограмм түйнек 840 калорияға дейін және адамның тәуліктік рационында айтарлықтай орын алады, сондықтан оны заңды түрде екінші нан деп атайды.
Картоп түйнегінде 25%-ға таяу құрғақ зат болады, оның ішінде 14-22% крахмал, 1,4-3% белок, 1%-ға таяу клетчатка, 0,2-0,3% май, 0,8-1% күл болады. Картоп белогі өзінің құндылығы жағынан дәнді дақылдар белогінен анағұрлым жоғары бағаланады, өйткені оның құрамында адам және жануарлар ағзасында (организмінде) синтезделмейтін амин қышқылдары - ванилин, лизин, триптофан, лейцин ж.б. бар,
Қант қызылшасы бағалы техникалық дақыл. Республикада қантты негізінен қант қызылшасынан алады, өйткені оның тамыржемісі көмірсуларға бай, құрамында 13-20% сахароза болады, сондықтан ол қант өнеркәсібінде шикізат болып саналады.
Қантты сонымен қатар қант қамысынан (балқурай) өндіреді. Балқурай - тропикалық және субтропикалық белдеулердің көпжылдық өсімдігі, оны жер шарының 70-тен аса елдері өсіреді. Балқурай қантының үлесі әлем өндірісінің 60%-дан астамын құрайды. Балқурай қантының шығымдылығы қант қызылшасынан екі есеге жуықтай төмен.
Қанттың тамаша дәмдік қасиеті бар, ол кең таралған және ағза тез сіңіретін қуат көзі. Қатты шаршағанда қан құрамында қант мөлшері азаятыны белгілі. Қантты тағамдарды пайдалану - адам ағзасының жұмыс қабілетін, физикалық күш пен ой қуатын сақтау мен оны тез қалпына келтіретін негізгі факторлардың бірі.
Қант қызылшасын өнеркәсіптік өңдеудегі қосымша өнімдер- жапырақтар, сығынды және сірнелердің құндылығы жоғары. Қант қызылшасының жапырақтары, тамыр салмағының үштен бірінен- жартысына дейінгі бөлігін құрайды және малазықтық құндылығы бойынша екпе шөптер көк балаусасынан кем түспейді: 5 кг ақуызбен жақсы қамтамасыз етілген (110г) жапырақтары бір малазықтық өлшемге тең. Қант қызылшасының 1 гектардағы 250-300 цга жемісі тамыр өнімінде, оның тек жапырақтары шамамен 2000 малазықтық өлшем береді.

2.2.Техникалық дақылдарының карантинді зиянкестері және олармен күресу шаралары
Картоптың алтын түсті нематодасы. Ауру қоздырғышы - Globodera rostochiensis Behrens нематодасы. Қоздырғыш нематода (Nematoda) класы тиленхид (Tylenchidae) отрядының тиленхида (Tylenchidae Heteroderidae) тұқымдасына жатады.
Нематода өзінің даму кезеңінде жұмыртқа, дәрнәсіл, имаго стадияларынан өтеді. Ұрғашы даралардың циста деп аталатын стадиясы болады. Әр цистада 50-ден 600-ге дейін дәрнәсілдерібар жұмыртқалар болады. Алтын түсті нематоданың цистасының пішіні шар тәрізді, кейде бас бөлімі созылыңқы алмұрт тәрізді болады. Денесінің артқы жағы дөңгеленген жыныстық, конусты мүшесі болмайды. Цистаның орташа көлемі 0,5-0,8 мм.(1 мм дейін) жетілген ұрғашы (ересек) денесінің артқы бөлігінде жыныс мүшесімен анусы болады. Олардың айналасында анальды - жыныстық немесе перинальды деп аталатын аймағы, циста түзуші нематодтардың қай түрге жататындығын анықтауға қолданылады. Анус ұсақ саңылаулы болып,одан көбінесе екі кутикула қатпары римдық V әрпісияқты түзіледі. Әдетте жұмыртқа ішіндегі дернәсіл 4 рет бүктелген болады. Жұмыртқаның орташа ұзындығы 0,1мм, ені0,045 мм. Түлеуден кейін жұмыртқадан екіншіжастағы ұзындығы 0,4-0,5 мм дернәсіл шығады.Еркектері түссіз, қозғалғыш, құрт тәрізді, ұзындығы 0,9-1,2 мм және ені 0,031-0,046 мм. Ауру Азия, Америка, Мексика және Еуропада кең тараған. Картоптыңалтын түсті нематодасы Қазақстанда сыртқыкарантиндік нысанға жатады.
Картоп нематодасының даму циклі ие-өсімдік тамырында өседі. Топырақ арасында циста түрінде сақталады. Олар ие-өсімдік болмаған жағдайларда тіршілікқабілетін 10 жылғадейін сақтауы мүмкін.Нематода жылына 1-2 ұрпақ береді.
Картоп нематодасы картоп көп жыл бойы өндірілгентанаптарда қатты зиян келтіреді. Тамырға енген дернәсілдер қозғалғыштығынан айрылып, жасуша заттарымен қоректенеді. Өсімдіктің картоп нематодасымен залалданғандығын картоп көгінің шыққан кезеңінен байқауға болады. Ауру өсімдіктерде әлсіз сабақтар түзіледі де, олар алдын-ала сарғаябастайды. Қатты зақымдалған өсімдіктер өте ұсақ тамыржүйесін құрады.Қолайсыз ауа райы жағдайында өсімдіктерөлуі де мүмкін.
Нематоданың цисталары картоп түйнектері залалданған топырақ түйіршіктері, ауылшаруашылық құрал саймандарына жабысқан топырақ түйіршіктерімен, адам және малдарменде таралады.

Колорад қоңызы - leptinotarsadecemilineata say. Қаттықанаттылар (Coleoptera) отрядының жапырақ жемірлері (Chrysomelidae) тұқымдасына жатады, Қоңыздың ұзындығы 9-12 мм, дене пішіні сопақша, арқа жағы дөңес, түсі қызғылт-сары, қанаттарының әрқайсысының үстінде бойлай орналасқан 5 қара жолақ болады. Алдыңғы арқасында 12-14 қара дақтар бар, олардың ортаңғы орналасқанының пішіні римдік цифрі "V"- на ұқсас. Мұртшалары 12 бунақтан тұрады, олардың түп бөлігі ақшыл, ұшы қара болады.
Жұмыртқалары сопақша келген сары немесе қызғылт-сары түсті жылтыр, ұзындығы 0,8-1,8 мм.
Дернәсілдері қызғылт-сары, алмұрт пішінді, басы және алдыңғы арқа сақинасы және аяқтары қара, бүйір жақтарында 2 қатар болып орналасқан қара меңді нүктелері бар, ұзындығы 15-16 мм жетеді (10-сурет).
Қуыршағы кірпіш реңді қызыл немесе қызғылт-сары, ұзындығы 12 мм дейін болады.
Картоптың колорад қоңызы Еуропаның көптеген елдерінде Азия, Америка және Африкада таралған. Ресей, Белорус, Украина және Қазақстанда да кездеседі,
Колорад қонызы Қазақстаңда ішкі карантиндік нысанға жатады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы облыстарында кездеседі.
Зиянкес имаго фазасында көбінесе картоп өсірілетін жерлерде 20-50 смтереңдікте топырақ арасында қыстайды.
Батыс Қазақстан жағдайында жылына 2 ұрпақ, Оңтүстік Қазақстанда 3, ал Солтүстік Қазақстанда бір ұрпақ беріп көбейеді.
Колорад қоңызы картоптан басқа баклажанды, қызанақты, бұрышты, темекіні закымдайды, сонымен қатар алқа тұқымдасына жататын басқа өсімдіктермен де қоректенеді. Қоңыздардың және олардың дернәсілдері өте қомағай келеді, картоптың жапырағы мен сабағын күні-түні бірдей кеміріп жеп, қатты зиян келтіреді.
Қоңыз желмен, картоп таситын құрал-жабдықтармен де таралады.
Картоп күйесі - phthorimaea operculellazell. Қабыршаққанаттылар (Lepidoptera) отрядының ойыққанатты күйелер (Gelechiidae) тұқымдасына жатады. Күйе көбелектің қанаттары сұр түсті болады. Тыныштықта арқасына жиналады. Алдыңғы қанаттарының өрісі 12-15мм, еркектерінің қанаттары ұрғашыларынікіне қарағанда 2-2,5 мм кіші келеді. Ашық-сұр түсті қанаттарының бетінде әр түрлі жолақтар мен нүктелері байқалады(11-сурет).
Алдыңғы қанаттарының шашақтары ашық-сұр түсті, іш жақ бетінде күңгірттеу қабыршақтары бар. Артқы қанаттарының шашақтары сарғыштау қылшықты. Шашақтары қанаттарынан ұзындау болады. Ішкі жақ беттері бір келкі сұр түсті келеді.
Мұртшалары сұр түсті, ішкі жағы ақшылдау, бунақтары анық байқалады.
Алдыңғы және ортаңғы аяқтары солғын-сұр түсті, сирақтарының аздаған түктері болады. Құрсағының үстіңгі жағы сарғыш-сұр түсті, ал төменгі беті сарғыш-ақ түсті болады.
Құрсағының соңғы бунағының ұзындығы еркегінде оның 13 ұзындығындай болады. Ұрғашысының аналь бунағы қалыпты ұзындықта болып, жұмыртқа салғыш қынабы аздап алға қарай шығыңқы келеді. Картоп күйесінің еркегі ұрғашысынан құрсағының соңғы бөлігіндегі бүйір жақтарындағы жақсы жетілген тоғыз түкті шоқ қылшықтарымен ажыратылады.
Жұмыртқасы ақ немесе солғын сарғыштау, сопақша пішінді, ұзындығы 0,4-0,55 мм, ені 0,4 мм болады.
Ересек жұлдызқұрттарының ұзындығы 10-13 мм, ені 1,5 мм сарғыш- қызғылт немесе сарғыш-жасыл түсті, бойлық солғын түсті жолағы болады. Картоп түйнегімен қоректенген жұлдызқұраттырының түсі картоп, баклажан, темекі және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қантты дақылдар
Нарық жағдайында агроөнеркәсiп саласында майлы дақылдар iшкi кешенiн қалыптастыру және дамыту (Оңтүстік Қазақстан облысы агроөнеркісібі мысалында)
Дәнді дақылдарды өңдеу
Ауыспалы егіншілік,ауыстырылмайтын егіс, қайталап себу,монокультура
Оңтүстік Қазақстын Облысының агроөнеркәсіпті дамытудағы инновацияның рөлі немесе оның қызметін жетілдіру жолдары
Ауыспалы егістердің жіктелуі
Өсімдік шаруашылығының негіздері
Дүние жүзінің ауыл шаруашылығы
Топырақ құрамында азотты тыңайтқыштар
Ұн технологиясы
Пәндер