Цитрус дақылдары



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Цитрус дақылдары
2.2. Цитрус дақылдарының карантинді зиянкестері және олармен күресу шаралары
2.3. Цитрус дақылдарының карантинді аурулары және олармен күресу шаралары
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Карантин — ауру ошағын толық оңашалау және ондағы ауруды толық жоюды қарастыратын шаралар жүйесі. Карантин (итал. quarantena, quaranta gіornі – қырық күн), уақытша тыйым салу – жұқпалы ауруларға шалдыққан немесе сол індеттер бойынша күдікті адамдар мен жануарларды жұқпалы аурулардан сақтауға, сол аурулардың жан-жаққа таралмауы үшін алдын ала жүргізілетін әкімшілік, медициналық-санитариялық, ветеринариялық-санитариялық кешенді шаралар жүйесі. Өсімдік карантині, мемлекет аумағын немесе оның жеке бір бөлігін карантинді аурулар мен зиянкестер және арамшөптердің таралуынан сақтау үшін ұйымдастырылады. Осыған байланысты ол сыртқы және ішкі карантин болып екіге бөлінеді. Сыртқы карантиннің негізгі мақсаты – еліміздің аумағын карантиндік маңызы бар нысандардан қорғау. Осы мақсат үшін шет елдермен шекаралардағы арнайы бекеттерде елімізге әкелініп жатқан өсімдік өнімдерінің (дән, жеміс-жидек, орман және жеміс ағаштары, сәндік дақылдардың көшеттері мен тұқымдары, т.б.) барлығы карантиндік тексеруден өтеді. Оларды басқа елге тасымалдау үшін арнайы карантиндік сертификат болуы қажет. Карантиндік нысандардың бірі байқалған жағдайда барлық жүк зарарсыздандырылады немесе жойылып жіберіледі, жіберілген елге кері қайтарылады. Әр мемлекет үшін карантиндік нысандардың тізімдері жасалынып, бекітіледі. Қазақстанда оларға бунақ денелілерденколорадо және капр қоңыздары, комсток құрты, қан-қызыл біте, американың ақ көбелегі; аурулардан – үнді қаракүйесі, күріштің бактериоздары, жүгерінің гельминтоспориоздары, арпаның сарғыш қуыршақтануы, қашқаргүлдің бұйралануы; ал арамшөптерден – сары шырмауық, кекіре, жабайы күнбағыс, т.б. жатады. Ішкі карантиннің негізгі мақсаты – республика аумағында кездесетін, бірақ та әлі аса кең тарала қоймаған зиянды нысандарды жою және әрі қарай таралуын шектеу.
1. Х.К. Торыбаев, Н.Ж. Ашықбаев /Өсімдік карантині/ - Алматы, 2007 ж.
2. Интернет желісі.
3. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011ж
4. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998ж

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Цитрус дақылдары
2.2. Цитрус дақылдарының карантинді зиянкестері және олармен күресу шаралары
2.3. Цитрус дақылдарының карантинді аурулары және олармен күресу шаралары
2. Қорытынды
3. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Карантин -- ауру ошағын толық оңашалау және ондағы ауруды толық жоюды қарастыратын шаралар жүйесі. Карантин (итал. quarantena, quaranta gіornі - қырық күн), уақытша тыйым салу - жұқпалы ауруларға шалдыққан немесе сол індеттер бойынша күдікті адамдар мен жануарларды жұқпалы аурулардан сақтауға, сол аурулардың жан-жаққа таралмауы үшін алдын ала жүргізілетін әкімшілік, медициналық-санитариялық, ветеринариялық-санитариялық кешенді шаралар жүйесі. Өсімдік карантині, мемлекет аумағын немесе оның жеке бір бөлігін карантинді аурулар мен зиянкестер және арамшөптердің таралуынан сақтау үшін ұйымдастырылады. Осыған байланысты ол сыртқы және ішкі карантин болып екіге бөлінеді. Сыртқы карантиннің негізгі мақсаты - еліміздің аумағын карантиндік маңызы бар нысандардан қорғау. Осы мақсат үшін шет елдермен шекаралардағы арнайы бекеттерде елімізге әкелініп жатқан өсімдік өнімдерінің (дән, жеміс-жидек, орман және жеміс ағаштары, сәндік дақылдардың көшеттері мен тұқымдары, т.б.) барлығы карантиндік тексеруден өтеді. Оларды басқа елге тасымалдау үшін арнайы карантиндік сертификат болуы қажет. Карантиндік нысандардың бірі байқалған жағдайда барлық жүк зарарсыздандырылады немесе жойылып жіберіледі, жіберілген елге кері қайтарылады. Әр мемлекет үшін карантиндік нысандардың тізімдері жасалынып, бекітіледі. Қазақстанда оларға бунақ денелілерденколорадо және капр қоңыздары, комсток құрты, қан-қызыл біте, американың ақ көбелегі; аурулардан - үнді қаракүйесі, күріштің бактериоздары, жүгерінің гельминтоспориоздары, арпаның сарғыш қуыршақтануы, қашқаргүлдің бұйралануы; ал арамшөптерден - сары шырмауық, кекіре, жабайы күнбағыс, т.б. жатады. Ішкі карантиннің негізгі мақсаты - республика аумағында кездесетін, бірақ та әлі аса кең тарала қоймаған зиянды нысандарды жою және әрі қарай таралуын шектеу. Карантин шараларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің өсімдіктерді қорғау және карантин департаменті "Өсімдіктер карантині туралы" заңды басшылыққа ала отырып жүргізеді.

3.1. Цитрус дақылдары
Цитрус (ағылш. Citrus) -- рута тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаштар, кейде бұта; шырынды жемістер беретін мәңгі жасыл өсімдіктердің үлкен тобы.
60-тан астам түрі, түр тармағы бар. Апельсин, грейпфрут, мандарин, лимон көбірек тараған, ал басқалары цитрон, бигарадия, помпельмус, шеддок және т.б аз тараған. Цитрус дақылдарында витамин көп. Жемістерінен сусын, тосап, джем, компот, цукат жасалады, лимонад, ликерге қосылады. Жеміс қабығынан алынатын эфир майы әтірге, иіссулар қосылады.
Цитрустың көптеген түрі ылғалы мол тропиктік және субтропиктік аймақтарда өседі. Негізгі шыққан жері -- Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия. Жабайы түрінен сақталып қалған -- нағыз лайм (Citrus aurantifolia), тек Гималайда өседі және танкан (Сitrus tankan) тек Тайванның ормандарында кездеседі. 15-тен астам түрі мәдени өсіріледі. Соның ішінде көп өсірілетіндері -- апельсин, лимон, мандарин, грейпфрут және бұл түрлер ертеден белгілі. Мыс., Қытайда апельсин б.з.д. 1 -- 2 ғ-лардан белгілі. Цитрусдің биіктігі 4 -- 12 кейде 20 м-дей болады. Барлық түрінің бұтақтары тікенді, жапырақтары қандауыр тәрізді, қалың. Гүлдері қосжынысты, жапырақ қолтығында дара не кішкене гүл шоғырына топталған, ақ түсті (тек лимон мен цитронда қызғылттау), хош иісті. Жәндіктермен тозаңданады, кейде өздігінен де тозаңдана алады. Жемісі -- көп ұялы жидек. Тұқымы көп, әдетте 32, кейде одан көп болады. Цитрустің жемісінде витамин көп, бұлардың жемісінен сусын, варенье, джем, цукат жасалады, тәтті сусындарға (ликер, лимонад, т.б.) қосады. Жеміс қабығындағы, гүліндегі, жапырағындағы эфир майы парфюмерияда пайдаланылады.

3.2. Цитрус дақылдарының карантинді зиянкестері және олармен күресу шаралары
Жерорта теңіздік жеміс шыбыны (Ceratitis capitata wied) - қосқанаттылар (Diptera) отрядының Tephritidea тұқымдасына жатады.
Ортатеңіздік жеміс шыбыны Еуропа мен Азияның көптеген елдерінде, АҚШ, Африка және Австралияда таралған.
Қазақстанда сырқы карантиндік нысанға жатады.
Жеміс шыбынының үлкендігі үй шыбынына қарағанда аздап кіші, ұзындығы 4-5 мм, ерекше түсті болады. Ұрғашы шыбынның басы ақшыл - сұр, тұмсығында күңгірт жолағы бар. Мұртшалары аз бунақты және қылшықтары болады: бірінші және екінші бунақтары қоңырлау - сұр, үшіншісі сұрғыш - сары, қылшықтары қоңырлау сұр. Еркектерінің қылшықтары ромбы тәрізді қоңыр ұшты болады. Көзі қызыл түсті, тірі шыбындар жасыл реңді болады. Көкірегі жылтыр қара, сары- ақ дақты, иықтарының ақ сақиналары бар. Қанаттарының күл түсті сұр, сарғыш реңді көлденең жолақтары болады. Қанаттарының алдыңғы жиектері және түбі күңгірттенген. Тыныштықта қрғашы шыбынның қанаттары салбыраңқы болады. Аяқтары қою - сары, құрсағының қорғасын - сұр түсті көлденең жолақтары үстіңгі жағынан байқалады (1- сурет).
Жұмыртқасының ұзындығы 0,5- 0,9 мм, ақшыл, үшкір.
Дернәсілдері ақшыл - сарғыш немесе қызғылт, ұзындығы 7-10 мм, 12 бунақтан тұрады. Жалған пілләсінің ұзындығы 4-5 мм, сопақ , сарғыш, күңгірт - қоңыр түсті, сегменттері жасы байқалады.
Жеміс шыбыны жұмыртқаларын пісіп келе жатқан жемісінесалады. Ұрғашы шыбын жұмыртқа салғыш қынабының үшкір ұшымен жемістің қабығын тесіп 1-20 жұмыртқа салады. Өсімталдығы 1000 жұмытқаға дейін, ал орташа 300 жұмыртқа.
Жұмыртқадан 1-2 күнде шыққан дернәсілдер жеміс жұмсағына енеді. Жеміс шіріген сайын олар жеміс ішіне қарай ене береді. Қоректену үрдісі 2-3 аптаға созылады. Зақымдалған жеміс ертерек піседі және жерге түседі. Жерге түсіп әбден бұзылған жемістен дернәсілдер шығып, топырақтың ішінде қуыршаққа айналады. Жерорта теңіздік жеміс шыбынының дернәсілдері секіруге қабілетті, сондықтан жерге түскен жемістерден 2-3 м радиустық қашықтықтан табуға болады. Қуршақтардың дамуы температураға байланысты18-20 күннен 100күнге дейін созылады. Зиянке Гавай ормандарында үзілместен көбейе береді де, жылына 15-16 ұрпақ береді. Кипр, Бразилияда 8-9, Израилда 6-7, Батыс Германияда 2 ұрпақ береді.
Жаздық өрік, шабдалы тағы басқа жемістері зақымдалады, олар сары - қызыл, ашық - сары түсті болады. Шыбын өте қауіпті зиянкес қатарына жатады.

1-сурет. Жерорта теңіздік жеміс шыбыны (Ceratitis capitata wied)

Жерорта теңіздік жеміс шыбынымен күресу жолдары;
1. Цитрус өнімдерін ортатеңіздік жеміс шыбыны таралған елдерден тасымалдауға тиым салынады (әсіресе сәуір-қазан айлары аралығында). Басқа уақытта жемістер зарарсызданған соң тасымалдауға рұқсат етіледі.
2. Зиянкес табылған жағдайда төгілген және зақымдалған жемістер жиналып қойылуға тиіс.
3. Зиянкес алғаш табылған жерде ұстағыштар атрактивті заттармен (тримедлюр, ашыған жеміс шырыны) сары желімді ұстағыштар жерорта теңіздік жеміс шыбыныныңсан мөлшерін бақылауға және таралуын тоқтатуға қолданылады.
4. Зиянкес таралған елдердің барлығында шыбынды құрту үшін БИ- 58, синтетикалық пиретроидтар қолданылады.
5. АҚШ - та Мексикамен көршілес аймақты жерорта теңіздік жеміс шыбынының стерилді аталықтарымен қанықтару үшін "Mosamed" бағдарламасы ататқарады.

Цитрус аққанаты - Dialeurodes citri ashm. Теңқанаттылар (Homoptera) отрядының аққанаттылар (Aleyrodidae) тұқымдасына жатады.
Денесінің ұзындығы 1,6-2 мм. Мұртшалары 7 бунақты, табаны екі бунақты. Денесі ашық-сары түсті болады. Екі жұп қанаттары ақ түсті, тыныштықта денесін жауып тұрады. Ұрғашыларының құрсағы қанаттарынан едәуір қысқа: еркектері ұрғашыларынан бір шама кіші, құрсағының ұшы жіңішке және ұзын.
Жұмыртқасының ұзындығы 0,24-0,32 мм, эллипс пішінді, алғашында құлпырған көкшіл түсті, кейін сарғыштанады. Жұмыртқасы сағағымен субстратқа орнығады(2-сурет).
Бір жастағы дернәсілі-кезбе, ұзындығы 0,21-0,34 мм, ашық-сарғыш, сопақ, денесі ұсақ түкті келеді. Көздері ашық-қызыл, мұртшалары екі бунақты, аяқтары үш жұп. Екі жастағы дернәсілдің ұзындығы 0,57-0,66 мм, сопақ жіңішке, жалпақ, жапырақтың жасыл реңінде мөлдір болып анық байқалмайды.Аяқтары жоқ. Үш жастағы дернәсілдің ұзындығы 0,91-1,1 мм,екі жастағы дернәсілге ұқсас. Төрт жастағы дернәсіл дөңгелек пішінді, сары немесе ашық-қоңыр, субстратқа жақсы бекіген, үстін бөлінген балауызды зат қаптаған. Осыған орай кейде төрт жастағы дернәсілді жалған піллө немесе қуыршақ деп дұрыс атамайды.
Цирус аққанатының отаны оңтүстік-шығыс Азия (Қытай және Үндістан), Еуропа, Америкада кең таралған.
Цитрус аққанаты Қазақстанда сыртқы карантиндік нысанға жатады. Бірақ көрщілес ТМД елдерінде кездеседі (Ресей, Азербайджан, Гүрстан).
Әсіресе көшеттік өсімдіктермен барлық даму фазасында таралады. Карантиндік бақылауда жапырақтарда, жемістерде, цитрус көшеттерінде кездеседі.
Дернәсілдері мәңгі жасыл өсімдіктер жапырақтарында қыстайды.
Жазғы ұрпақтары 3-4 апта бойы ұшады.
Жұмыртқаларын жас жапырақтардың астыңғы бетіне салады. Әрбір жапырақта бірнеше мыңдаған жұмыртқа кездесуі мүмкін. Эмбриональды дамуы 10-15 күнге созылады. Дернесілдер жаз кезінде бір айда дамып жетіледі. Ресейде 3, Қытайда 6 ұрпақ береді.
Зиянкестің дамуына жоғары температура және ауаның ылғалдылығы 80-85 пайыз болуы қажет.
Цитрус аққанаты көп қоректі. Ол мандарин, лимон, апельсин, алмұрт т.б. зақымдайды. Дернәсілдері жапырақты сорады, нәтижесінде жапырақ сарғайып, ширатылады және оларды бөлінген қантты заттар қаптайды. Мұндай жапырақтар саңырауқұлақ ауруларына шалдығады.
а
б
с

2 - сурет. Цитрус аққанаты - Dialeurodes citri ashm

Цитрус аққанатымен күресу жолдары;
1. Цитрус аққанаты таралған аудандар мен шаруашылықтардан отырғызылатын материалдарды тасымалдауды тоқтату.
2. Импорттық отырғызылғын материалдарды интродукциялық карантиндік питомниктерде отырғызу.
3. Мәңгі жасыл сәндікке қолданылатын зиянкес қыстайтын ағаштарды күзде және көктемде шырпу.
4. Көшеттерді, қалемшелерді және өсімдікті нүсқауға сай бромды метилмен фумигациялау.
5. Зиянкестің екінші және үшінші ұрпақтарының дернәсіліне қарсы энтомопотогенді ашерсония саңырауқұлағының споралар суспензиясын қолдану.
6. Алмұрт және басқа сәндік ағаштарды бірінші ұрпақ дернәсілдеріне қарсы золон, актеллик, дурсбан және басқа инсектицидтермен өңдеу.

Комсток сымыры - Pseudococcus comstocki KUW. Теңқанаттылар (Homoptera) отрядының ұнтақты сымырлар Pseudoccidae тұқымдасына жатады.
Ұрғашы сымырдың ұзындығы 2,2-2,5 мм, қызғылт түсті қанатсыз, сопақ, аздап жалпайған (қысыңқы) денелі, үстін ақ ұнтақты өңез басқан. Бүйір жақтары мен денесінің соңғы бөлігінде 17 жұп жіңшке балауызды жіп тәрізді өсінділері болады. Мұртшалары 8 - бунақты, ұзындығы 5 мм дейін жетеді. Еркектерінің ұзындығы 1,5 мм,қызғылт қоңыр түсті, бір жұп қанаты болады. Ауыз мүшелері жетілмеген. Құрсағының ұшында екі ақ, балауызды ұзын жіпшелері болады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Цитрус өсіру талаптары
Қазақстан мен Грузия арасындағы қарым – қатынастар
Жеміс дақылдары
Оңтүстік Азия
Кипр
Шетелдің банктер мен қор биржалары
Бангладеш
Жеміс ағаштарын қалыптастыру және шырпу
ДӘНДІ ДАҚЫЛДАРДЫҢ АУРУЛАРЫ БИДАЙДЫҢ ҮНДІ ҚАРА КҮЙЕСІ
Көкөніс шаруашылығының қорғаулы жерлердегі жайлары
Пәндер