Астық немесе дән кенесінің таралуы, морфологиясы, биологиясы және онымен күрес шаралары


Астық немесе дән кенесінің таралуы, морфологиясы, биологиясы және онымен күрес шаралары. Siteroptes graminum Reut. Түйе кенелер (Pyemotidae) тұқымдасына жатады. Қазақстанның солтүстік облыстарында кездеседі. Аналық кене сарғылт немесе қызғылт сары түсті, ұзындығы 0, 2-0, 25 мм. Аталығы кішірек, ауыз мүшелері жетілмеген, ішектің артқы бөлігі мен анальдық тесігі жоқ. Астық кенесі арпа, бидай, қара бидай, сұлы, жүгері және астық тұқымдас жабайы өсімдіктермен де қоректене алады. Кенелердің зақымдауы салдарынан жас өсімдіктердің орталық жапырағы немесе өркені тұтасымен солып қалады. Ал жетілген өсімдіктердің сабағының ең жоғары бөлігі бұралып қалады және масағы жартылай немесе тұтас ағарып кетеді. Ұрықтанған аналық кенелер күздік дақылдардың тамыр мойнына жақын бөлігінде, көп жылдық астық тұқымдас өсімдіктердің жапырақ қынабында және аңыздықтарда, өсімдік қалдықтарының астында қыстап шығады. Жаңадан көктеп шыққан астық дақылдарының өскіндеріне көшеді де, алғашқы кезде өсімдік сабақтарында, жапырақтарында, одан соң сабақтану фазасында жоғарғы жапырақтың астында қоректенеді. Астық кенесі тірі туу жолымен өсіп дамиды. Ұрықтарының дамуы аналықтың ішінде өтеді. Осы кезде аналық кененің денесі алмұрт тәрізді болып, үлкейіп кетеді. Даму аяқталған кезде аналық кененің іші жарылады да, одан жаңа особьтің ұрпақтары шығады. Олардың ішінде аталық кенелер, нимфалар, тіпті ұрықтанған аналық кенелер де кездеседі. Бұл кене жылына 4-5 ұрпақ береді. Күрес шаралары . Ауыспалы егіс жүйесін дұрыс сақтау, зиянкес жайлаған егіннің шетіне таяу өскен астық тұқымдас шөптерді шауып тастау немесе гербицидтермен өңдеу. Кенемен залалданған шөптерді тұқымдыққа қалдыруға болмайды.
Бақтың жазық денелі және Шлехтедаль кенелердің таралуы, морфологиясы, биологиясы және онымен күресу шаралары. Бақтың жазық денелі кенесі- жалпақ денелі кенелер тұқымдасына жатады. Қазақстанның оңтүстік облыстарында кең таралған. Аналық кене сопақша келеді, арқа жағы жазық, ал құрсағы дөңес, ұзындығы 0, 34мм. Терісі қатты, сыртында әр түрлі суреттер бар, аяғы қысқа. Аталығы аналығына ұқсайды, бірақ ұсақтау-0, 26мм, түсі мөлдір. Жұмыртқалары сопақ, қызыл түсті, ұзындығы 0, 11мм. Дернәсілдері қызыл түсті, ұзындығы 0, 16мм, сопақ, 3жұп аяғы бар. Көп қоректі зиянкес. Алма мен алмұртқа көп зиян келтіреді. Ұрықтанған аналық кенелер кішірек колония құрып, жеміс бүршіктерінің сыртқы қабыршағы астында, ағаш сүңгегінің ескі қабықтарының ішінде қыстайды. Көктемде ауаның орташа температурасы10-12°С көтерілгенде зиянкестер ашылған бүршіктерге еніп, кейінірек жапырақтың астыңғы бетінде тіршілік етеді. Бірінші ұрпақтың аналық кенелері 60 күн өмір сүреді, осы мерзім аралығында олар 35 жұмыртқа салады. Кене жылына 2ұрпақ беріп өсіп дамиды. Күрес шаралары. Күзде жеміс ағаштарының діңін және бұтақтарын өлі қабықтардан, сонымен қатар ағаш түбінің айналасын жапырақтар мен арам шөптерден тазартып, үйінді қалдықтарды өртеу қажет. Жеміс салатын бақтарды кенелердің қыстайтын стадиялары мекендеген жағдайда ағаштарды, олардың түбіндегі топырақ бетін мына препараттардың бірімен бүрку ұсынылады: 40% ДНОК-тың 1% ерітіндісі, 60% нитафен пастасының 2% ерітіндісі. Бұл шараны 2-3 жылда 1рет жүзеге асырып отыру керек. Жұмсалатын сұйықтық мөлшері-2000л/га. Жаз айларында аймақтың климаттық жағдайына және кенелердің түр құрамына байланысты 2-4рет бүрку жұмыстары мынындай нисектоакарицидтерді пайдалану арқылы жүргізуге болады: аполо, 50% с. к., демитан к. с. 200г/л, талстар, 10% к. э. бүрку жұмыстары жүргізілгенде препараттар түрлері ауыстырылып отыру қажет. Шлехтедаль кенесі - 4 аяқтылар тұқымдастарының тобы, эриофиид тұқымдасына жатады. Ересек кененің түсі сарғыш, дернәсіл мен нимфанікі мөлдір, жұмыртқасы ақ, дөңгелек, жылтыр келеді. Шлехтедалькенесі олигофак. Зиянкес алма, алмұрт шие және алхорыда кездеседі. Кенелер сорып, зақымдалған жапырақтардың түсі алғашқыда жасыл-сұр болса, кейінірек қоңырқай тартады, мерзімінен ерте түсіп қалады. Ересек кенелер жеміс бүршіктерінің сыртқы қабықтарының астында, ағаш сүрегі қабықтарының ішінде де қыстайды. Алма ағашы гүлдеген мерзімде немесе жапырақтар пайда болғанда аналық кенелер шығып жұмыртқасын сала бастайды. Олардың көпшілік бөлігі жапырақтың астыңғы, пл біраз бөлігі үстіңгі бетінде тіршілік етеді. Бір жапырақта бірнеше жүз кенелер жиналуы мүмкін. Бір маусым ішінде 3-4ұрпақ беріп дамиды. тамыз айының ортасына қарай жұмыртқа салу тоқталып, кнелер қыстауға кетеді. Күресу шаралары. Жеміс кенелеріне қолданатын инсектоакарацидтерді Шлехтедаль кенесіне де қарсы пайдалануға болады.
Бақтың өрмекші кенесінің таралуы, морфологиясы, биологиясы және онымен күресу шаралары. Бақтың өрмекші кенесі- өрмекші кенелер тұқымдасына жатады. Әсіресе республиканың оңтүстік-шығысында жеміс ағаштарына қатты зиян келтіреді. Ұзындығы 0, 5мм шамасындай ғана өте ұсақ кене. Пішіні дөңестеу, сопақша келген денесін жіңішке ұзын қылшықтар жауып тұрады. Түсі көктем және жаз айларында сарғылт-жасыл, ал күзге қарай сарғаяды. Жұмыртқаларының түсі мөлдірлеу, соңынан сұр түске боялады, дияметрі-0, 11мм. Бұл кене-полифаг, көп қоректі зиянкес. Өсімдіктің көптеген түрлерімен қоректенеді. Кенелер алдымен жапырақтың астында жүріп қоректенеді, зиянкетің әсерінен жапырақ ағарады артынан қоңыр түске айналып, мерзімінен бұрын түсіп қалады. Ұрықтанған аналық кенелер ағаштардың жапырақтарында, өлі қабықтардың астында, жерге түскен жапырақтар мен ағаштың айналасындағы өсімдік қалдықтарының арасында қыстайды. Көктемде олар ашылып келе жатқан бүршіктерге өрмелеп барып, оларды сорып қоректенуге кіріседі. Кейінірек олар алма және басқа жеміс ағаштары жапырақтарының астыңғы бетін мекендейді. Сол жерде аналық кенелер жапырақ шырынын сорып, өсіп дамиды. Әрбір аналық кене 60 дана жұмыртқа салады. Кенелер өте тез көбейеді, бір маусым ішінде 10ұрпақ беріп дамиды. Күрес шаралары. Күзде жеміс ағаштарының діңін және бұтақтарын өлі қабықтардан, сонымен қатар ағаш түбінің айналасын жапырақтар мен арам шөптерден тазартып, үйінді қалдықтарды өртеу қажет. Жеміс салатын бақтарды кенелердің қыстайтын стадиялары мекендеген жағдайда ағаштарды, олардың түбіндегі топырақ бетін мына препараттардың бірімен бүрку ұсынылады: 40% ДНОК-тың 1% ерітіндісі, 60% нитафен пастасының 2% ерітіндісі. Бұл шараны 2-3 жылда 1рет жүзеге асырып отыру керек. Жұмсалатын сұйықтық мөлшері-2000л/га. Жаз айларында аймақтың климаттық жағдайына және кенелердің түр құрамына байланысты 2-4рет бүрку жұмыстары мынындай нисектоакарицидтерді пайдалану арқылы жүргізуге болады: аполо, 50% с. к., демитан к. с. 200г/л, талстар, 10% к. э. бүрку жұмыстары жүргізілгенде препараттар түрлері ауыстырылып отыру қажет.
Балпақ және ұзынқұйрық сарышұнақтардың таралуы, морфологиясы, биологиясы және онымен күресу шаралары. Балпақ -дене түрқы 25, 0-34, 0см. Арқасының түсі сары сұрлау, сұр-қоңырлау келеді. Көзінің ұстінде және астында қоңыр теңбілдері бар. Ресей және Қазақстанда кең таралған. Бұл кеміргіш Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай және Ақмола облыстарын мекендейді. Бұл кеміргіш көбінесе шөптесін қазып, жеке жеке тіршілік етеді. Негізгі азықтары- өсімдіктердің сабағы, жапырағы, тұқымы, жемісі. Көктемде шағылысқаннан кейін 25-26 күн өткен соң ұрғашылыры 6-17 дейін бала тышқандар туады. Ал 35-40 күннен кейін олар індерінен шығады. Негізіг жауы- сасық күзен, түлкі, қасқыр, дала қыраны, қарақұс. Ұзын құйрық - дене тұрқы 220-280мм, құйрығының ұзындығы 110-130мм, салмағы 200-420г болатын кеміргіш. Әр маусымға байланысты жүнінің түсі әр түрлі. Қысқы жүні ақшыл сұр болса, жазғы жүні көгілдір күрең, ақшыл түсті болады. Тянь-Шанның қыраттарынан және оңтүстік Сібірдің тауларынан бастап Монголияға, Солтүстік және солтүстік шығыс Қытайға дейін таралған. Қазақстандағы мекендері- биік тау беткейлері, тас қуыстары, өзен жағалауларындағы ойпаң жазықтар. Қоныстарында өсімдіктердің 34 түрімен қоректенеді. Шөптердің жапырағын, бүршігін, тұқымын, дәнін жейді. Күрес шаралары. Механикалық тәсіл- көктемде саршұнақтар оянғаннан соң олардың тік індеріне төңіректегі қарсын құйып, оларды құртуға болады. Қар суы таусыла бастағанда арнаулы қақпандар және тұзақпен ұстаған тиімді. Агротехникалық тәсіл- саршұнақтар мекендейтін егістіктердегі жолдардың екі жағындағы бос жерлерді жыртып, содан соң сол жерлерді қайта нірнеше рет тырмалау қажет. Жол бойындағы арамшөптер жойылғаннан соң бұл жерледі қоныстай алмайды. Биологиялық тәсіл- жыртқыш аңдар мен құстардың көптеген түрлері саршұнақтармен қоректенеді. Олар кеміргіштерді мүлдем жойып жібермеседе, олардың әрекеті кеміргіштер санының шамадан тыс көбеюіне кері әсерін тигізеді. Химиялық тәсіл- бродифакум- ұнтақ препарат. Саршұнаққа қарсы шара үшін бродифакум қосылған сұлы дәні пайдаланылады. Ойлы-қырлы, кедір-бұдірлы жерлерде және егістіктерде улы жемді шашу, жұмысшылар саны 20 адамнан аспайтын бригада атқара алады. Бригада мұшелері ара қашықтықты 5-12 м өлшеп алып, қатар түзеп алға қарай жүреді де жол жөнекей әр төмпешікке немесе ұяға 20г улы жем шашады. 1гектарға жұмсалатын фосфит мырыштың мөлшері 2кг, глифторлы және бродифакум қосылған жем-1, 4-1, 6кг.
Бидай гүл кенесінің таралуы, морфологиясы, биологиясы және онымен күрес шаралары. Steneotarsonemus panshini Wainst. et. Begl. Түрлі тырнақшалылар (Tarsonemidae) тұқымдасына жатады. Ол Батыс Қазакстан, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында таралған. Аналығы сарғылт түсті, сопақша, аталығы кішірек, жұмыртқа тәрізді. Жұмыртқасы эллипс тәрізді. Кене олигофаг. Ұрықтанған аналық кене топырақтың беткі қабатында, астық тұқымдас шөптерде қыстап шығады. Көктемде олар бидай сабағының буынаралықтарының үстіңгі бетіне еніп, сол жерге жұмыртқасын салады. Кенелер гүл ішіне еніп, оның шырынымен қоректенеді. Өсімдік аталықтары мен аналықтары деформацияға ұшырап, ал гүлдер ұрықтанбай қалады. Күрес шаралары . Ауыспалы егіс. Бидайдың қатты сорттарын себу. Арамшөптерді жою.
Бидай нематодасының немесе угрицаның таралуы, морфологиясы, биологиясы және онымен күресу шаралары. Anguina tritici Steinb, тиленхид (Tylenchidae) тұқымдасы, угрица туысына жатады, бидайдың барлық жұмсақ және қатты сорттарын залалдайды. Угрица әмерінен өсімдіктің жер бетіндегі мүшесінде (дәнде) беріш (галла) пайда болады. Бидай нематодасы Европа, солтүстік Америка, Азия, Австралия және Солтүстік Африка елдерінде, сондай-ақ бұрынғы Совет Одағы мемлекеттері-Прибалтика, Украина, Қырым, Кавказ, Краснодар аймағында және Орта Азия Республикаларында кеңінен таралған. Фитогельминттердің ішінде ең ірісі бидай нематодасы. Аталық нематоданың денесі жұмыр құрт тәрізді, екі жағы жіңішкерген, басы жапырылған, құйрығы үшкір келеді. Аналық особьтарының ұзындығы 5 мм, өңеші жақсы дамыған, ас қорыту бездері ісінген, стилеті кішкене. Аналық ұрық безі жақсы дамыған және оның алдыңғы жағы екі рет бүгілген, жатыры тар, бір мерзімде 20-дан артық жұмыртқа симайды. Аталығының пішіні жіңішке келеді, ұзындығы 1, 9-2, 5 мм, жақсы қозғалады. Аталықтарында үлкен спикула, рулек және бурса болады. Бидайдың алғашқы даму фазасында нематодалармен залалданса, онда өсімдіктің өсуі бәсеңдеп, жапырақтары бұралып қалады, осы мерзімде дернәсілдер өсімдіктің бетінде эктопаразитттер сияқты тіршілік етеді. Артынан бидай масақтанған кезде угрицаның дернәсілдері гүл түйінінің ішіне еніп, онымен қоректенеді. Соның нәтижесінде бидай дәнінің орнына галла пайда болады. Дернәсілдер галла ішінде дамуын аяқтапр, ересе бидай нематодасына айналады. Өткен циклдің дамуы 5-6 аптаға созылады. Әрбір беріш ішінде 1-6 аналық және 2-7 аталық особьтар тіршілік етеді. Бір галла ішінде 40 дейін ересек бидай нематодасы кездесуі мүмкін. Ұрықтанған аналық нематода 2000 2500 жұмыртқа салады, жұмыртқадан дернәсілдер шығып, галла қабығының шырышты тканімен қоректенеді. Түлегеннен кейін дернәсілдер тері қабатын тастамай, тыныштық қалыпқа көшеді. Сырттай қарағанда бидай дәніне ұқсас кепкен галла ішінде орасан көп 17 мыңға дейін дернәсіл болады. Галла түсі қара-қоңыр, қабығы тығыз, қатты, іші ақ ұнтақ заттарға толы. Су тамшысында, микроскоп арқылы мыңдаған дернәсілдерді көруге болады. Беріш ішінде 2 жастағы дернәсілдер қыстап шығады. Угрицамен залалданған масақтар сауларынан өзгеше көрінеді. Ауруға шалдыққан өсімдік бойы ергежейлі болып, масақтарынан ұзындығы 2-3 рет қысқарып сабақтары қисайып өседі. Галла ішінде дернәсілдер анабиоз кезеңінде беріштермен бірге құрғайды. Галлаларға қолайлы жағдайда дернәсілдер қозғала бастайды. Бидайда анабиоз 27-28, ал қара бидайда-39 жылға созылады. Күрес шаралары . Тек таза тұқымдарды пайдалану . Бидай нематодасынан тұқымды арнайы машиналармен тазалау. Ауыспалы егіс жүйесі. 1-2 жылдан кейін дақылдарды себу.
Бидайдың британдық галла нематодасының таралуы, морфологиясы, биологиясы және онымен күрес шаралары. Британдық галла түзушінематода - Meloidogyne britanika Goel . Түрлі терілі нематодалар гетеродерид (Heteroderidae) тұқымдасына жатады. Қазақстанда британдық галла нематодасы алғаш 1983 жылы Павлодар және Шығыс қазақстан облыстарында кездеседі. Бұл нематодада жыныс диформизі жақсы байқалады. Аналық особьтары пішіні бөтелке немесе алмұрт тәрізді, ұзындығы 0, 4-19 мм. Мойны ұзын, осы бөлікте ауыз тесігі орналасады. Денесі қалың кутикуламен жабылған, түсі ашық. Аталықтары құрт тәріздес, ұзындығы 1, 0-2, 0 мм, түсі реңсіз, жақсы қозғалады. Денесінің бас жағы таралып, құйрығы бүгілген. Британдық галла нематодасының аналықтары ұсақ беріштер түзеді. Олар бидайдың тамырына бас жағымен еніп, денесі сыртқы ортада- топырақта орналасады. Аналықтары 400 ден 2500 дейін жұмыртқа салады. 1-ші жастағы дернәсілдер жұмыртқа ішінде дамиды. Топырақтың 15 см тереңдігінде температура 13-16 градусқа жеткенде 2-ші жастағы дернәсілдер активтеніп, жас тамырға еніп қоректенеді. Беріш нематодасы өсімдіктің өскін кезеңінде жас тамырларымен қоректеніп үлкен зиян келтіреді. Дернәсілдер ферментіәсерінен олардың бас жағында тамырда 4-6 үлкен клеткалар пайда болады. Осы клеткалармен олар кезектесіп қоректенеді. 2-ші жастағы дернәсілдердің дамуы 3 аптаға созылады да кейін олар екінші рет түлеп, 3-ші жастағы дернәсілге айналады. Шығыс-Қазақстан облысы жағдайында беріш нематодасы жылына 1 ұрпақ беріп, дамуы 90-96 күнге созылады. Нематодамен залалданған дәнді дақылдар жапырақтары уақытынан бұрын сарғайып солады, өсімдіктің бойы қысқа, сабақтары жіңішкеріп, дәндері семіп, тамыр жүйесі нашар дамып, көптеген жіңішке және қысқа тамыршадан тұрады. Күрес шаралары. Ауыспалы егіс жүйесі. Егістікті өсімдік қалдықтарынан тазарту. Астық дақылдарын органикалық және минералды тыңайтқыштарға микроэлементтерді (мыс, марганец, бор) қосып қоректендіру. Тұқым себу алдында топыраққа нематицидтерді енгізу.
Бүлдірген және хризантема нематодаларының таралуы, морфологиясы, биологиясы және онымен күрес шаралары. Бүлдірген нематодасы- Aphelenchoides fragariae Rit-Bos, афеленхоид (Aphelenchoididae) тұқымдасына жатады. Қазақстанда карантинді. Дене құрылысы күріш афеленхасына ұқсас. Аналығы 0, 65-1мм, аталығы-0, 6-0, 8 мм. Бүлдірген өзекшесінде қыстайды. Бір ұрпақ дамуы 2 аптаға созылады. Жауынды күндері жақсы қозғалалып, зияндылығы артады. Залалданған бүлдірген бойы қысқа, сабақшалары жіңішкеріп, жапырақтары бұралып, түсі сарғыш-жасыл болады. Күрес шаралары. Ауыспалы егіс. Бүлдірген плантациясында нематодамен залалданған өсімдіктерді жою. Бүлдірген көшеттерін отырғызу алдында температурасы 47 градус суда 10-15 минут өңдеу. Хризантема нематодасы- Aphelenchoides rizemabosi Schw, (Aphelenchoididae) тұқымдасына жатады. Дене пішіні таяқша тәрізді, алдыңғы және артқы бөліктері жіңішкерген. Нематоданың барлық даму фазалары залалданған өсімдік тканінде өтіп, қолайлы жағдайда 2 аптада 1 генерация береді. Нематода жақсы қозғалады. Залалданған өсімдіктің жапырақтары сарғайып, тканьдері қоңырланып, жансызданады. Жапырақтар солып, өсімдік түсі өзгеріп, гүлдер деформацияға ұшырайды, қурайды. Күрес шаралары. Ауыспалы егіс. Залалданған өсімдікті және оның бөліктерін жою, суаруды азайту. Отырғызуға арналған таза материалдарды пайдалану. Хризантема отырғызудан 2 апта бұрын жылыжай топырағын 3 % формалинмен (3л/м 3 ) 2-3 сағат аралығын өңдеу.
Бүлдірген кенесінің таралуы, морфологиясы, биологиясы және онымен күресу шаралары. Өсімдік қоректі кенелердің түрліше тырнақтылар тұқымдасына жатады. Қазақстанның оңтүстік-шығысында суармалы жерлерде өсірілетін бүлдіргеннің аса қауіпті зиянкесі. Аналық кененің түсі ақшыл-сары, кейде қоңыр. ұзындығы 0, 2-0, 24мм. Сопақша келген денесі айқын көрінетін көлденең айғызбен протеросома және гистеросома деп аталатын 2 бөлікке бөлінген. Бүйірінде бірінші және екінші жұп аятарының жамбас аралығында түйреуші басы тәрізді псевдостигмалдық мүшелер орналасқан. Алдыңғы 3жұп аяғының тырнақтары бір қалыпты жетілген, ал 4ші жұп аяғы басқаларына қарағанда жіңішке және тырнақтың орнында 2 қылшық болады, олрдың біреуі өте ұзын. Аталықтары аналықтарына қарағанда кішілеу, ұзындығы 0, 15мм, пішіні жұмыртқа әрізді сопақша болады. Жұмыртқасы элипс тәрізді, ұзындығы 0, 12мм. Дернәсілдер ақ түсті, алты аяқты, терісі әжімді. Нифалары болмайды. Бүлдірген кенесі полифаг, ашық жерлерде тек қана бүлдіргенге зиян келтіреді, ал жабық жерлерде көптеген мәдени гүлдер түрлерімен қоректенеді. Кенелер сорып зақымдалған өсімдіктердің жапырақтары сарғайып, қалыпты көлемге жетпей солып қалады. Қатты зақымдалған өсімдіктердің өсуі нашарлап, олардың өнімі күрт төмендейді, жидектері ұсақталып, жемістерінің қанттылығы азаяды. Кенелердің жұмыртқалауы және даму үшін ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 80-85%, орташа тәулік температурасы 17-22 °С ең қолайлы жағдай болады. қазақстанның оңтүстік-шығысында ол жылына 4-5 ұрпақ беріп дамиды. Күресу шаралары. Ауыспалы егіс жүйесін дұрыс сақтау, плантацияларды дер кезінде арам шөптермен тазалап тұру, көшеттерді сұрыптау. Жаңа плантациялар үшін көшеттерді термикалық тәсілмен 13-15мин. Бойы 45-46°С суда ұстап артынан суық суға салады немесе метилброммидпен фумигациялау арқылы залалсыздандыралады. Вегетация кезінде зақымданған өсімдіктерге қарсы мынадай инсектоакарацидтерді: аполло, 50%с. к. , каратэ, 050 к. э., маликс, 35% к. э., омайт, 57%к. э. қолдануға болады.
Бүлдіргеннің сабақ нематодасының таралуы, морфологиясы, биологиясы және онымен күрес шаралары. Бүлдіргеннің сабақ нематодасы- Ditylenchus dipsaci Kuhn- фитонематодалардың тиленхид (Tylenchidae) тұқымдасына жатады. Қазақстанда кең таралған. Бұл нематода өсімдіктің жақсы өсетін жер бетіндегібөліктерінде көбейеді. Өнім пісетін мерзімде фитогельминттер өсімдіктің гүл сабағында көп жиналып, ал жемісінде аз кездеседі. Қатты залалданған өсімдікте 17 мыңға дейін нематода жинақталады. Көктемде фитогельминттер популяциясы өсе бастайды. Бүлдірген гүлдеген және оның өнімі піскен мерзімде олардың саны шегіне жетеді. Кейін саны азайып, бірақ жаңбыр жауу маусымында қатты көбейіп кетеді. Себебі олар ылғал сүйгіш болып келеді. Нематоданың өсіп-өнуіне, дамуына 15-24 0 С . Әртүрлі даму кезеңіндегі фитогельминттер өсімдік тканінде қыстап шығады, бірақ көктемде тек 4 жастағы дернәсілдер тірі қалады. Бұл нематода мекендеген өсімдіктердің өсуі бәсеңдеп, әлсірейді, сабағында, жапырақ сағағында және жүйкелерінде ісік тәрізді қабынған бұлтықтар пайда болады. Жапырақ сағағы мен гүлсидамы қысқа және бұралып өседі, жапырақ тақтасы кеңірдектеніп, оның эпидермисі жарылады. Нематода мекендеген жапырақ тканьдері жансызданып, залалданған бөлік күреңденеді. Жапырақ сағағы мен гүлсидамы ісінген бөліктен алғаш морт сынғыш келіп, кейін жұмсарып шірікке айналады. Сол уақытта тамырымен және өзек жолымен сәбіздің ішкі өн бойына оңай енеді. Паразит өсімдіктің залалданған бөлігінде жиналады. Басқа сабақ нематодалар сияқты бұл түрдің көбеюі мен дамуы сыртқы ортаға шықпай, өсімдік тканінде өтеді. Күрес шаралары. Ерте көктемде бүлдірген плантациясын өсімдік қалдықтарынан тазарту, оның қатар аралықтарын қопсыту және мүмкіндігінше жиі орналасқан өсімдіктерді сирету. Нематоданы жою үшін танапты 6 ай қара сүрі жерде ұстау немесе көшеттерді отырғызудан бұрын температурасы 48 градус суда 15 минут ұстау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz