Күздік бидайдың биологиялық және морфологиялық ерекшелігі


Мазмұны
Кіріспе . . . 2
- Ғылыми әдебиеттер деректеріне шолуКүздік бидайдың биологиялық және морфологиялық ерекшелігі . . . 3Күздік бидайдың қара күйе ауруларына сипаттама . . . 12-15Күздік бидайдың қатты қара күйе ауруының ерекшеліктері . . . 16-19Күздік бидайдың қара күйе ауруларымен күресу шараларын ұйымдастыру . . . 20-25
- Зерттеу жүргізілген аймақтың топырақ-климат жағдайларыЗерттеу жүргізілген аймақтың топырақ жағдайлары . . . 22-27Зерттеу жүргізілген аймақтың климаты . . . 28-32
- Зерттеу жұмысының нәтижелері
3. 11Тұқым өңдеу препараттарының тиімділігі . . . 33-37
3. 2Төзімді сорттарды пайдалану . . . 38-46
3. 3Экономикалық тиімділігі . . . 47-60
4Еңбек қорғау . . . 61
Қорытынды. . . . 62
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 63
1
Кіріспе
Дәнді дақылдардың халық шаруашылығында аса жоғары маңызды олардың өнімнің жоғары құндылығы мен жан жақты пайдалану мүмкіндігімен анықталады. Астық адамзатқа азық-түліктің көзі, ауыл шаруашылық малдарынан мал азығы, өнеркәсіпке шикізат болып табылады. Адамзат тіршілігі үшін астық дақылдарының ішіндегі бидайдың алатын орны ерекше. Республикамыздың оңтүстік және оңтүстік -шығыс аймақтарының климаттық жағайының қолайлығы мен жауын-шашының молдылығына байланысты күздік бйдай өсіру қолға алынған және осы аймақта астық дақылдарының егістік құрылымнда күздік бйдай дақылдардың бірі болып саналады. Оған көбінесе зиян келтіретін тұқымдық инфекция аурулары қатты қара күйе (Tilletia caries (DC) Tul. және T. tritici Wint) . Егістікке дәріленбеген тұқым себілгенде ауру бидай тұқымның 3-4- 62% дейін залалдайды. Қазіргі таңда агроценоздарға пестицитік жүктемені төмендету жолдарын іздестіру мен экологиялық жағдайларды жақсартуға, өсімдіктердің қатты қаракүйеге төзімді жаңа сорттарын шығару және агротехнологиялық күрес шараларын жетілдіруге басым назар аударылуда. Тұқымдар микроэлементтер (марганец және мырыш ) өңдеуде препараттардың үйлесімділігі Алматы облысының шөлді - далалық жағдайында күздік бидайдың өнімділін 2, 9- 4, 6 \га дейін жоғарылатады. Қаракүйе ауруларының дамуына белгілі фитосанитарлық ролді тұқымдарды себу мерзімі, тұқымды себу тереңдігі, фосфорлы тыңайтқыштарды енгізу және олардың биопрепараттармен қоспасы атқарады. Қазақстанда алғашқы ескертулер бидай сорттарының түрлі залалдануы жайында Ж. Т Джиембаевтың жұмыстарында кездеседі (1955) . Сонымен қатар оларға қатты және жұмсақ бидайда мамандандырылған потогеннің тұқымдары бар болуы анықталады. Бидай селекциясының иммунитетке тиімділі осындай облигатты паразиттермен туындайтын және потогендердің популяциялық динамикасын санағанда және өз уақытында жаңа тимді гендердің үдірісін қатыстырғанда қатты қаракүйеге жақсы әсер етеді. Tilletia. triticiWint. Саңырауқұлағы Т. Caries пен салыстырғанда вирулентті. Ол барлық дақылдар түрін және жабайы бидайды залалдайды, мамандандырылған тұқымдары болады, белгілі бір сорттарда мамандагады.
Қазіргі кезде бидайдың ергежейлі және қатты қаракүйесінің төзімді Bt -гендердің он түрі белгілі . Бұл гендердің шығу бойынша бидай линияларына маркерлермен қолдану зерттеулері селекция үшін актуалды.
2
1. Ғылыми әдебиеттер деректеріне шолу
- Күздік бидайдың биологиялық және морфологиялық ерекшелігі
Қазіргі уақытта Қазақстанда астық өндіруді тұрақтандыру ауыл шаруашылығы ғылымдары мен өндірістің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Әіресе бұл мәселе нарықтық экономикаға көшуге байланысты өткір қойылып отыр, бір жағынан Республикамыздың дүниежүзіндегі дамыған 50 елдің құрамына кіру мақсатында және қуатты бидай астығын арттырудың, оның экономикалық әлеуетін тұрақтандырудың, әрі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің айтарлықтай шарты.
Мұндай қосымша астық алу көздерінің бірі - Қазақстанда күздік дәнді дақылдарды өсіру. Астық дақылдарының ішінде барынша өнімдісі күздік бидай екендігі белгілі. Ол барлық астық дақылдарынан өнімі бойынша 4, 0-тен 10-12 ц/га дейін асып түседі. Осыған қоса жаздық бидайға қарағанда азық-түліктік құндылығы кем болмаса да одан бірқатар артықшылықтарымен ерекшеленеді: ол топырақтан, күзгі, қысқы, ерте көктемгі ылғалды және қоректік заттарды жақсы пайдаланады; топырақты су және жел эрозиясынан сенімді қорғайды; арамшөптерге қарсы күресте ерекше маңызы бар; аурулармен аз залалданады және астық зиянкесі - астық сұр көбелегі жарақаттануынан «өтіп кетеді», әрі 7-10-нан 15-30 тәулікке дейін вегетациясын ерте аяқтайды. Күздік бидайдың ерте пісуі нәтижесінде егін жылы, құрғақ уақытта жиналады, ауыл шаруашылық техникалары тиімді пайдаланылады, көктемгі-күзгі себу және жаздық дақылдарды жинау кезеңіндегі қаурыттылықты төмендетеді. Оның ерте жиналуына байланысты тамыз айының бас кезінде сүдігер дайындауды ерте жүргізуге мүмкіндік береді, ал мұның өзі аңыз қалдықтарының жақсы миерализациясын қамтамасыз етеді, топырақта ылғал жинауға және арамшөптер мен зиянкестерге қарсы ерекше маңызды. Күздік бидай алғы дақыл ретінде жартылай сүрі танабы болып табылады да кейінгі дақылдардың өнімін арттырады[1] .
Дәнді астық дақылдары ішінде бидай өте құнды тағамдық өсімдіктердің бірі ретінде дүниежүзінде 230 млн. га егіс алқабын алып жатыр, оның ішінде күздік бидай егістіктері 35%-ын құрайды, ал оның астық өнімі орта есеппен 25, 4 ц/га.
2009 жылы Қазақстанда күздік бидай 465, 1 мың га егістікте өсірілді және орташа астық өнімі 19, 4 ц/га құрады. Ал жаздық бидайдың астық өнімі 11, 7 ц/га болды. Елімізде күздік бидайдың негізгі егістік ауданы Батыс Қазақстан (133 мың га), Оңтүстік Қазақстан (137 мың га), Жамбыл (113 мың га) облыстарының үлесіне тиеді. Бұл жылы солтүстік Қазақстан облыстарында күздік бидай 29, 9 мың га алқапқа өсірілді.
3
Солтүсік Қазақстанда ұзақ уақыт бойы күздік бидайға жеткілікті көңіл бөлінбеді: аймақтық қатал климат жағдайлары оның биологиясына сәйкес келмейді, нашар қыстайды, маусым айының құрғақшылығын көтере алмайды да астық өнімін төмендетеді, - деп түсіндірілді. Соған қарамай Қостанай облыстық ауылшаруашылық тәжірибе стансасы мен басқа да мекемелер аталған дақылды осы аймақта өсіруге болатындығын және жаздық бидайдың артық астық өнімін беретінін көрсетті [2] .
Кезінде (бұрынғы ССРО-ның ыдырау қарсаңында) егіншілік мәдениетінің өсуі, дақылдарды өсірудің қарқынды (пәрменді) технологияларын игерудің ж. б. нәтижесінде Солтүстік Қазақстанның жекелеген облыстары, шаруашылықтар күздік бидайды кеңінен өсіре бастады. Атап айтқанда, 1989 жылы оның егістігі Солтүстік Қазақстан облысында - 20, 1 мың га, бұрынғы Көкшетау облысында - 10, 3, Қостанай облысында - 8, 0 және Целиноград (қазіргі Ақмола) облысында - 0, 7 мың га болды, ал астық өнімі тиісінше - 14, 0; 14, 3; 15, 9 және 15, 0 ц/га жетті, ал осы жылы жаздық бидай өнімі оларда - 7, 3; 6, 5; 6, 1 және 9, 1 ц/га ғана болған. Көпжылғы деректер де күздік бидай астық өнімі жаздықтан жоғары екенін көрсетті: орта есеппен 1986-1989 жылдары Қостанай облысында 2, 9 мың/га егістіктің әр гектарынан күздік бидай 15, 7 ц астық берсе, жаздық бидай (3, 3 млн/га) - 9, 0 ц астық берді; Солтүстік Қазақстан облысында жыл сайын өсірілген 6, 1 мың га күздік бидай егістігінен 19, 5 ц/га астық жиналды, ал жаздық бидайда бұл көрсеткіш (1, 0 млн га егістіктен) - 11, 6 ц/га болды. С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-нің өсімдік шаруашылығы кафедрасының зерттеулерінде орта есеппен 3 жылда (2001-2003 ж. ж. ) Ақмола облысының қара-қоңыр топырақтарында астық күздік бидайда 23, 3 ц/га болғанда, бақылау варианты жаздық бидайда ол 13, 4 ц/га тең болды. (Қ. М. Мұсынов, 2007) . ҚР-ның АШМ-нің деректеріне қарағанда 2009 жылы елімізде күздік бидайдың астық өнімі 19, 4 ц/га, ал жаздық бидайда ол 11, 7 ц/га болғанда бұл көрсеткіштер тиісінше Ақмола облысында - 13, 6 және 13, 4, Қостанай облысында - 15, 6 және 14, 4 ц/га болды. Басқаша айтқанда, Солтүстік Қазақстан аймағында күздік бидай жаздыққа қарағанда әр гектар егістіктен 1, 2-7, 9 центнерге дейін қосымша астық өнімін берген. Келтірілген мысалдар Қазақстанның Солтүстігінде күздік бидай өсіру мүмкіндігін көрсетеді және оған тиісті көңіл аудару қажет.
Қазақстанда күздік бидай ретінде негізінен жұмсақ бидай өсіріледі. Осыған байланысты төменде аталған түрдің өсу, даму және өсіру технологиясының ерекшеліктері қарастырылады.
Биологиясындағы ерекшеліктер . Күздік бидай биологиясы бойынша жаздық бидайдан ерекшеленеді. Жаздық бидайдан айырмашылығы - оның вегетациялық кезеңі күзде басталады да, келесі жылы жазда аяқталады. Тіршілік үрдісінде күздік бидай өну, көктеу, түптену, түтікке шығу, масақтану, гүлдену және пісу (сүттене пісу, балауыздана және толық пісу) кезеңдерінен өтеді.
4
Алғашқы үш кезеңдері күзде, қалғандары - келесі жылы көтемде және жазда өтеді. Осы кезеңдері бойынша оның биологиялық ерекшеліктерін қарастырайық[3] .
Тұқымның өнуі - бұл тыныштық күйдегі тұқымның белсенді әрекетке көшуі, ол үшін жылу, ылғал және ауа қажет. Тұқымы өз массасының 45-50 % су сіңіргеннен кейін өне бастайды, топырақтың оңтайлы ылғалдылығы ТЫС-тың 60-70 % мөлшерінде болғаны дұрыс. Құрғақ-далалы аймақта алғы дақылды таңдағанда және дайындағанда бұл өте маңызды. Тұқымның суды сіңіруіне температура көп әсер етеді. Күздік бидай тұқмы 0 о С-да суды сіңіре алады, бірақ мұндай жағдайда тұқым бөрткенімен физиологиялық өсу үрдісі тоқтап қалады. Топырақ ылғалдылығы ТЫС-тың 60 %-да және температура 4 о С-да тұқым ылғалдылығы 50 %-ға жетінші тәулікте, ал температура 10 о С-да - 3, 5 тәулікте жетеді. Тұқымның өнуі үшін оңтайлы ауа температурасы 14-16 о С. топырақ ылғалдылығы өте жоғары, қатты тығыздалып қалғанда немесе топырақ қабыршағы пайда болғанда анаэробты жағдайларда тұқым өнбейді немесе нашар өнеді.
Тұқымның өнуінің алғашқы күндерінде органогенездің бірінші кезеңі жалғасады - өсу конусының әртүрлі ткандерге дифференциясы (оқшаулануы) жүреді, ұрықтық тамыршалармен жапырақшалардың ұзара өсуі күшейеді, ұрықтық сабақ оқшауланады, жаңа жапырақтар ұрықтары қалыптасады. Тұқымның өну мерзімі топырақтың тығыздығы мен оны өңдеу түріне, тұқымның сіңіру тереңдігі мен топырақпен түйісуіне байланысты өзгереді. Құрғақ ірі кесекті нашар өңделген, арамшөптермен ластанған топырақтар күздік бидай тұқымының жаппай өнуіне жағдай жасамайды, мұны өсіру технологиясын жасағанда ескеру қажет[4] .
Егін көгі (көктеу) кезеңі . Топырақ бетіне әуелі колеоптиле шығады, ол жарылады да бірінші нағыз жапырақ пайда болады, осы сәтті егін көктеді деп есептейді. Себуден өсімдіктердің көктеу кезеңінің ұзақтығы температураға, ылғалға ж. б. байланысты. Қостанай облысы жағдайында жақсы дайындалған ықтырмалы сүрі танабында 12-17 о С жылылықта күздік бидай 6-9 - тәулікте, ал қуаңшылықты жылдары және сүрі танабы нашар өңделгенде - 10-16 - тәулікте көктеген. Ақмола облысының бұрынғы «Красный флаг» кеңшарында ылғалы бойынша қолайлы 1990 жылы орташа тәуліктік ауа температурасы 18, 6 о С болғанда күздік бидай 5-тәулікте көктеді, ал температура 15, 9 о С және 12, 8 о С болғанда (себу мерзіміне байланысты) тиісінше күздік бидай 6 және 8 - тәулікте егін көгін берді (Аринов К. К., Мусынов К. М., 1996) .
Ассимиляция мүшелерінің қалыптасуы 4-тен 30 о С-ға дейінгі аралықта жүреді, алайда оңтайлы мөлшері - 12-15 о С. көктеу кезеңі жапырақтың пайда болуынан алғашқы үш жапырақтың өсу аралығын қамтиды және органогенездің екінші кезеңіне сәйкес келеді - ұрықтық түйіндер, сабақтар мен олардың буынаралықтары, негізгі гүл шоғырының бас бөлігі оқшауланады, масақ негізі түзіледі.
5
Күздік бидайдың көктеу кезеңінің ұзақтығы өнімді ылғал қоры жеткілікті болғанда және температура ережесі қолайлы қалыптасқанда, әрі қалыпты себу мерзімінде 15 тәулікке дейін өзгереді.
А. И. Носатовский (1965) деректері бойынша қалыпты жағдайларда көктеу кезеңінің өтуіне қажетті оң температура жиынтығы 200 о С шамасында.
Күздік бидайды сепкенде топырақтың 0-10 см қабатындағы сіңімді ылғал қорын ескерген дұрыс: егер ол 10 мм-ден жоғары болса - бұл өсімдік вегетациясының қолайлы жағдайларда басталуының сенімді көрсеткіші; 10мм-ден кем болса - егіннің көктеуі жауын-шашынға өте тәуелді; 5 мм-де - егін көгі сирек шығады және оның бастапқы даму кезеңінде өсімдіктердің опат болуы мүмкін.
Жапырақтарының өсуімен бір мезгілде тамыр жүйесінің дамуы жүреді. Үшінші және төртінші жапырақтардың қалыптасу уақытында ұрықтық тамырлар 27-28 см-ге дейін топыраққа бойлайды, бұл уақытта түптену түйіні қалыптаса бастайды.
Түптену кезеңі . Түптену кезеңінің басын әдетте төменгі жапырақ қолтығына бірінші бүйір өркенінің пайда болуымен анықтайды. Бірінші бүйір өркенінің жапырағының өсуіне қарай негізгі өркеннің екінші жапырақ негізінде орналасқан бүршіктен екінші бүйір өркен қалыптасады ж. б. Орта есеппен 5-7 өркен түзіледі, егістік сирек болғанда олардың саны жоғары болуы мүмкін. Осы кезеңде негізгі өркендердің түзілуі және өсуімен қатар түптену түйінінен екіншілік немесе түйін тамырлары (әрбір өркенге 2-ден) қалыптаса бастайды. Күздік бидайда күзгі және көктемгі түптену кезеңдері ажыратылады. Күздік бидайға түйін тамыр жүйесі жаздық бидайға қарағанда қуатты дамиды.
Күздік бидайдың түптенуі 2-4 о С-да жүре алады, алайда оңтайлы түптену температурасы 12-14 о С. Солтүстік Қазақстан аймағы жағдайында оңтайлы себу мерзімінде себілген күздік бидай негізгі сабаққа қосымша 2-3 бүйір өркендерін (сабақтарын) қалыптастырады және түптену кезеңі 30-35 тәулікке дейін созылады. Жекелеген жағдайларда, топырақта ылғал жеткіліксіз болғанда, өсімдіктер түптеніп үлгермей қыстап шығуға кетеді.
Көктемде, топырақ температурасы 2-3 о С жетісімен, өсу үрдісі басталады. Өркендерде күзде қалыптасқан күздік бидайды жапырақтарымен қатар, қыстап шыққан өркендердің төмен жапырақтарының қолтығында орналасқан бүршіктерден жаңа бүйір өркендер түзіледі. Күздік бидайдың көктемгі түптену кезеңінің ұзақтығы мен пәрменділігі топырақтың температурасы, ылғал және қоректік заттар қорына, оттегінің сіңірілуіне, қыстап шыққан өсімдіктер күйіне байланысты өзгереді және орта есеппен 30-35 тәулікті құрайды.
Түптенудің күзгі кезеңін (20-40 тәулік) және көктемгі бұл кезеңнің бір бөлігін (15-20 тәулік) органогенездің екінші кезеңі қамтиды. Органогенездің екінші кезеңінің соңында өсу конусы ұзарады да 0, 5-0, 8 мм жетеді.
6
Көктемгі түптену кезеңі органогенездің үшінші кезеңіне сәйкес келеді - өсу конусы ұзарады, оның төменгі бөлігі оқшауланады, масақ білігінің тұғырлары
түзіледі және дамиды. Түптену кезеңінің соңы деп алғашқы буынаралығының өсу кезеңін атайды.
Түтікке шығу (сабақтану) кезеңі . Бұл кезең бірінші буынаралығының 5-6 см-ге ұзаруынан басталады. Өсімдік сабағының шапшаң өсуі мен масақтың дамуы осы кезеңнен басталады, жапырақтардың негізгі массасының түзілуі аяқталады. Бұл кезеңде барлық буынаралықтар қалыптасады, тамыр жүйесі жайылып өседі. Аймақ жағдайында кезең сәуірдің соңы - мамырдың бірінші онкүндігіне дәл келеді де 20-30 тәулікке созылады. Бұл кезеңде топырақта ылғал жеткілікті, ал оңтайлы температура 10-22 о С деңгейінде болады. Масақтың қалыптасуына азоттың өте көп мөлшері де, жетімсіздігі де теріс әсерін тигізеді. Фосформен жеткілікті қамтамасыз етілуі масақтың түзілуін тездетеді және генеративтік мүшелерінің дамуына, ал кейіннен масақтың дәнділігіне ықпал етеді, жоғары температура мен төмен салыстырмалы ауа ылғалдылығы масақ пен оның мүшелерінің (органдарының) қалыптасуына теріс әсерін тигізеді, бұл кезеңдегі ылғал мен қоректік заттардың жетімсіздігі өсімдіктердің кейінгі өсуі мен өнім шамасына теріс әсерін байқатады. Бұл кезең органогенездің IV-VII - кезеңдерін қамтиды: масақ төмпешіктерінің салынуы - IV-кезең; сабақтың бірінші буынаралығының жер үстінде пайда болуы мен бірінші және екінші буынаралықтарының ұзара өсуі - V-кезең; үшінші-бесінші буынаралықтарының өсуі мен генеративтік органдарының оқшаулануы - VI-кезең; сабақтың бесінші-жетінші буынаралықтарының өсуі және масақтың барлық мүшелерінің қарқынды өсуі - VII-кезең.
Масақтану кезеңі . Кезең масақтың жоғарғы жапырақ қынабы бөлігінен сыртқа шығуымен сипатталады және түтікке шыққаннан кейін 20-25 тәуліктен соң басталады, аймақ жағдайында бұл кезең мамырдың ортасы мен аяғына дәл келеді. Кезеңнің өтуі үшін оңтайлы ауа температурасы 18-20 о С. Өсімдіктердің жеке дамуына бұл органогенездің сегізінші кезеңіне сәйкес келеді: ең жоғарғы буынаралықтың өсуі жалғасады, масақтың барлық мүшелерінің қалыптасуы мен тозаңдық дәндер мен ұрық қабының пісуі аяқталады. Жекелеген өсімдіктердің масақтануы 4 тәулікте тәмамдалады, ал танап түгелдей - 5-7 тәулікте. Бұл кезеңдегі ылғал жетімсіздігі, ауа мен топырақтың тым жоғары температурасы масақтағы гүлдердің жеміссіз қалуына, түптеп келгенде астық өнімінің күрт төмендеуіне ұрындырады.
Гүлдену кезеңі . Қолайлы жағдайларда күздік бидайдың гүлденуі масақтанудан соң іле-шала басталады. Оның ұзақтығы температураға, ауа мен топырақ ылғалдылығына тәуелді. Гүлдену мен тозаңдану жүретін ең төменгі температура 6-7 о С, ал барынша қолайлы ауа температурасы - 20-25 о С. Оңтайлы жағдайлар гүлдену мен тозаңдану уақытында топырақ ылғалдылығы ТЫС-тың 75-80 % деңгейінде қалыптасады.
7
Солтүстік Қазақстанда бір масақтың гүлденуіне 3-5 тәулік, ал бүкіл танап үшін - 5-7 тәулік қажет. Барынша жақсы гүлдену мен тозаңдану тәуліктің таңғы және кешкі сағаттарында өтеді. Гүлдену, тозаңдану, ұрықтану, зиготаның түзілуі мен эндоспермнің қалыптасуы органогенездің 9 - кезеңін қамтиды.
Пісу кезеңі. Ұрықтанған ұрық бүршігінде эндосперм қалыптасады, ұрық өсіп-дамиды, жатын қабырғасынан қабық түзіледі де тұқыммен бірігіп өседі, соңынан дәнге айналады.
Күздік бидайдың қоршаған орта факторларына қажетсінуін қорытындылай келе мынаны көрсеткен жөн:
- барлық өсіп-даму кезеңдерінде топыраққа жоғары талап қояды - қара топырақтарда жақсы өседі, алайда күңгірт-қоңыр топырақтарда да өсіруге болады;
- вегетация кезеңінде күздік бидай жаздық бидайға қарағанда ылғалды көбірек шығындайды, бұл оның аталған кезеңнің ұзақтығына байланысты; барынша оңтайлы топырақ ылғалдылығы ТЫС-тың (төменгі ылғалсиымдылықтың) 70-75 % мөлшерінде деп есептеледі; ылғалды өсу және даму кезеңдерінде пайдалану заңдылығы жаздық бидайға ұқсас;
- күздік бидайдың температуралық байқалатын өсу шекарасы 2-3-тен 37-40 о С аралығы, алайда өсімдіктердің пәрменді өсу мен дамуына барынша қолайлысы - 20-25 о С; танаптық жағдайда күздік бидайдың күзгі вегетациясы, түптенуді қоса есептегенде, 15 о С-дан 3 о С аралығында өтеді, басқаша айтқанда, оңтайлы шамадан төмен деген сөз; дегенмен төменгі температура өсімдіктердің дамуына оң әсер етеді; 2-10 о С температурада күздік бидай түптену түйінінде бүкіл құрғақ затқа есептегенде 20-30 %-ға дейін қант жинақтайды, ал мұның өзі жасуша шырынының концентрациясын арттырады және жақсы қыстап шығуға мүмкіндік жасайды. Ашық күндер және қысқа кетерде температураның бірте-берте төмендеуі күздік бидайдың шынығуын жақсартады. Қысқы жылымық дақылдың аязға төзімділігін азайтады. Жақсы шыныққан күздік бидай өсімдіктері түптену түйіні орналасқан топырақ қабатының теріс 30 о С температураны (аязды) көтере алады. Қыста қар қалың түскен жылдары (25 см және одан жоғары) күздік бидай 35 о С дейінгі аязға шыдайды, өйткені қардың астындағы температура үстіндегіге қарағанда 10-15 о С жоғары, әрі қар қабаты күздік бидайды көктемгі үсіп және кеуіп кетуден сақтайды. Қар қабаты болмағанда күздік бидай түптену түйініндегі - 16-18 о С аяздың өзінен үсіп кетеді.
- Қазақстан Республикасында, әсіресе Солтүстік Қазақстан жағдайында күздік бидай негізінен көктемгі қардың еру кезеңінде, әсіресе қары аз қыста, опат болады; бұл уақытта өсімдіктердің жапырақтары тіршілігін бастап, ылғалды буландыра бастайды, бірақ тамыр жүйесі топырақтың тоң қабатында әлі тыныштық күйде болатындықтан жапырақтарға ешқандай көмек жасай алмайды; өсімдіктер тез әлсірейді де түнгі 12-14 о С аяздан опат болады;
8
күздік бидай қолайлы қыстап шығу жағдайында көктемгі тіршілігінің басынан масақтануға дейін барлық қажетті ылғалдың 70 %, гүлденуден балауызданып пісуге дейін - 20 % шығындайды; топырақтың 60
см қабатындағы оңтайлы ылғал мөлшері ТЫС-тың 70-75 %, дақылдың транспирациялық коэффициенті - 460-500.
- Күздік астық дақылдарының ішінде күздік бидай топырақтарға барынша жоғары талап қояды; ол жоғары астық өнімін құнарлы, арамшөптерден таза, ылғалды қара және күңгірт-қоңыр топырақтарда қамтамасыз етеді; оған батпақтанған топырақтар жарамсыз; оған тегіс бетті, шұңқырларсыз танаптарды таңдайды - көктемде су жиналмайтын және өсімдіктердің тұншықпауы қаперге алынады. Күздік бидайдың вегетациялық кезеңінің ұзақтығы (қысқы тыныштық күйін қоса есептегенде) 180-310 күн аралығында өзгереді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz