Mapinfo бағдарламасы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
Картография және геоинформатика кафедрасы
СӨЖ
Mapinfo бағдарламасы
Орындаған: Оспанова Ә. Ғ.
Тексерген: Тумажанова. С. О
Алматы, 2015
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі
1 Mapinfo жүйесінің тақырыптық карталарды құруы
2 Mapinfo жүйесінің мүмкіндіктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі уақытта информация (қоғамдық қызмет салаларында есептеу
техникасының енгізілуі) қолданылмайтын қызмет түрінің қандай да бір саласын атау қиын. Ақпараттық технология кез келген ғылымның ажырамас бөлігі болып келеді. Оны түрлендіре отырып, шексіз жетілдіруге ұмтылуда. Жер жөніндегі ғылымда ақпараттық технологияның арқасында геоақпараттану және географиялық ақпараттық жүйелер - ГАЖ деген сияқты ұғымдар пайда болды. ГАЖ 5 құрамдас бөліктерден тұрады. Олар:
- Мәліметтер;
- Аппараттық құрал;
- Программалық өнім;
- Орындаушы немесе тұтынушы;
- Əдістер.
ГАЖ-дың 3-ші құрамдас бөлігі, программалық өнімдерге ArcGIS, ArcMap, ENVI, MapInfo жатады. Бүгінгі қарастыратын бағдарламамыз MapInfo, оның жұмыс істеуі, оқитын форматтары.
Гаж-да Mapinfo жұмысының тәжірибиесі векторландыру дайындығында электрондық карталар құрылымын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Mapinfo -«Жоба» бағдарламада картамен жұмыс істеу кеңістігі деп атасақ болады. Бағдарлама жоба сызуға лайықты картадан (Map), таблициялық кестелерден (Browzer), сызба графиктеден (Graph), және компановкалардан, яғни безендірулерден (Loyot) тұрады. Карта бір-бірінің үстіне қойылған бірнеше әртүрлі қабаттардан тұрады. Кесте бұл DBF форматындағы мәлімееттер базасы.
1 Mapinfo жүйесінің тақырыптық карталарды құру
Тақырыптық қабаттарды жасау кезеңінің ең маңыздысы болып, олардың жасалуын Mapinfo жүйесінің мысалында қарастырамыз.
Mapinfo ерекшелігі - оның әмбебаптығы, себебі ол үлкен жүйе:
- графикалық бейнелерді қарастыра және өңдей алады;
- сұраныс бойынша іздеу;
- картографиялық символдарды, диаграммаларды құрып, деректер қорымен жұмыс істей алады;
- картаны басып шығаруға даярлап, басып шығара алады.
Үш мүмкін жүйеде деректерді қарастыру үшін терезенің үш типі бар: мәтіндік (текстік), картогрфиялық және графикалық. Монитор экранына бір мезгілде әртүрлі типтегі терезелер көріне алады. Мысалы, пайдаланушы қала көшелерінің бейнесі көрсетілген картографиялық терезені, сонымен және бір мезгілде оған жататын кестелі деректерді мәтіндік терезеде бақылай алады. Экрандағы терезе активті болады. Егер терезе бірден көп болса, онда олар «жұмыс терезелер» деп аталатын байланысты деп жарияланады. Бұл мәтіндік терезеде таңдап алынған кестелі жазба сәйккес келетін графикалық объект картографиялықта және керісінше көрсетілетінін білдіреді.
Мәтіндік терезе жолдары мен бағандары бар электрондық кесте сияқты болады. Әрбір жол өзінше жазбаны, әрбір баған жазба өрісін анықтайды. Жүйе жазбаларды қосуға, редакциялауға және жоюға мүмкіндік береді. Пайдаланушы терезеде көру үшін қажетті бағандарды іріктей және олардың өлшемін өзгерте алады. Картографиялық терезе көрсету кезінде қабатты бейнелерді пайдаланады.
Әрбір қабаттың сипаттамалары іріктеліп көрсетілуі, редакциялануы пайдаланушы орнатқан ретпен көрсетілуі мүмкін. Картографиялық терезелер сырттай мәтіндік сияқты рәсімделіп, ол көршілес аудандарды көрсету үшін көлденең және тік айналдыру мүмкіндіктерімен жабдықталған.
Графикалық терезе нүкте, сызық, полигон және т. б типті объектілермен жұмыс істеген кезде қолданылады.
Mapinfo- да есептеулерді қорытындылау, графиктермен диаграммаларды құру, статистикалық карталарды құрудың дамытылған құралдары бар. Жүйе иллюстрациялы тақырыптық карталарды жасауға мүмкіндік береді, шартты белгілер, шрифтер мен толықтырулар кітапханасы бар, деректер қоры өрісінде жазылған сапалы және сандық тәуелділіктерді бейнелеу шкалаларын пайдалануғағ сонымен қатар, карта легендасын құруға, оны қолтаңбалармен жабдықтауға бейнелерді редакциялауға мүмкіндік береді.
Mapinfo - интерфейстердің көп таралған типтерін енгізу үшін қолданылатын векторлық жүйе; ол көптеген қазіргі заманғы енгізу құралдарын (дигитайзер мен сканерлер) пайдалануға мүмкіндік береді [1] .
2 Mapinfo жүйесінің мүмкіндіктері
Mapinfo Professional -карта немесе план ретінде қарастырылатын, кез келген жердің картасын құру және талдау мүмкіндігін беретін геоақпарттық жүйе. Оның көмегімен құрылған электронды карта жоғары сапалы картографиялық өнім ретінде - әртүрлі тәсілдермен бейнеленеді. Мұнымен қатар, Mapinfo әртүрлі тематикалық карталарды құру және сұраныстарды жүзеге асыру негізінде географиялық талдаудың күрделі есептерін шығаруға, географиялық объектілерді басқа бағдарламаларда қолдану үшін экспорттау мүмкіндігін береді [2] .
Mapinfo бағдарламасының негізгі мүмкіндіктері: Векторлық деректермен және олармен байланысты тематикалық ақпаратпен жұмыс істеу; Картографиялық ақпартты, атап айтсақ, түсірістерді (суреттерді) растрлы төменіш орталығы ретінде редакциялау мүмкіндігін береді; Әр түрде берілген деректерд іүш түрлі терезеде қарастыруға болады: Карта, тізім, график; Тематикалық карта құру көмегімен ақпаратты өңдеу үшін қолданатын құрылғыларды қолдану; Карта проекциясын өзгерту; Күрделі сұраныстарды құру; dBase немесе графикалық файлдарда құрылған файлдарға тікелей қатынас жасау.
Mapinfo бағдарламасын әртүрлі тематикалық карталарды құру кезінде қолдануға болады. Онда деректер базасында сақталатын материалдарды өңдеу және талдау нәтижелері тіркеледі.
Mapinfo келесі форматтармен жұмыс істеу мүмкіндігін береді: файл аты. GIF (Graphics Interchange Format), файл аты. JPG (JPEG format), файл аты. TIF (Tagged Image File Format), файл аты. PCX (Soft Paintbrush), файл аты. BMP (Windows Bitmap), файл аты. TGA (Targa), файл аты. BIL (Spot спутник суреттері) .
Mapinfo бағдарламасында барлық ақпарат ( мәтіндік және графикалық) кестелерде (tables) сақталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz