Алматы обылысы жағдайында күздік бидайдың қатты қаракүйе ауруымен күресу шараларын жетілдіру


ЕСЕП

5В081100-«Өсімдік қорғау және карантин» мамандығының 4-курс студенті Саденова Айназымның «Өсімдік қорғау және карантин иниститутнда»өткізген өндірістік практикасы

Тақырыбы: Алматы обылысы жағдайында күздік бидайдың қатты қаракүйе ауруымен күресу шараларын жетілдіру

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе . . . 4

І. Қазақ өсімдік қорғау және карантин иниституты туралы кысқаша мәліметтер . . . 5

1. 1. . Алматы облысыныңауыл шаруашылық метерологиялық жағдайы . . . 6

1. 2 Зерттеу жұмыстарын жүргізетін орынның топырақтың - климаттық жағдайы . . . 7-9 II. ЗЕРТТЕУЛЕР НӘТИЖЕЛЕРІ. . . . 15-23

2. 1Күздік бидайдың қатты қаракүйесі . . . 12-17

2. 3. Зиянды организмдердің түр құрамы . . . 18-19

Ш. Астық дақылдарын қорғау шараларының кешенді жүйесі . . . 20-21

Қорытынды . . . 22 Пайдаланған әдебиеттер . . . 23

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«АГРОБИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ФИТОСАНИТАРИЯ» факультеті

ЗР-411 тобының студенті Саденова Айназым

Т а п с ы р м а

Тәжірибені өту орны: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы».

Өндірістік тәжірибе өту барысында тәжірибеші-студенттің міндеттері:

- тәжірибе өтетін ұйымның кәсіпорынның немесе мекеменің құрылымдық жүйесімен және жұмыс бағытымен танысу;

- тәжірибе өтетін аймақтың және шаруашылықтың топырақ климат жағдайын білу оған бақылау жургізуге дағдылану;

- зерттеу бағытына және дипломдық жұмыс тақырыбына байланысты арнайы әдебиет көздерімен танысып, пайдалану;

- теориялық білімді өндіріспен ұштастыру, іс тәжірибеде пайдалану тәсілдерін үйрену;

- эксперименттік және басқа да ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданылатын әдістемелерді меңгеру, зерттеу туралы күнделік жүргізу;

- өндірістік тәжірибе кезінде объектілерге бақылау жүргізуге машықтану, бақылау деректерін күнделікке енгізу;

- тәжірибе барысында жиналған материалдарды, экономикалық деректерді талдау және өңдеу;

- еңбек қорғау және әртүрлі техникамен, улы заттармен, реактивтермен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасына, экологиялық талаптарға байланысты нормативтік талаптарды игеру;

- өндірістік тәжірибе жөнінде талапқа сай есеп дайындау, оны мерзімінде кафедраға өткізу.

Кафедра меңгерушісі: С. Ысқақ

Кіріспе

Дәнді дақылдардың халық шаруашылығында аса жоғары маңызды олардың өнімнің жоғары құндылығы мен жан жақты пайдалану мүмкіндігімен анықталады. Астық адамзатқа азық-түліктің көзі, ауыл шаруашылық малдарынан мал азығы, өнеркәсіпке шикізат болып табылады. Адамзат тіршілігі үшін астық дақылдарының ішіндегі бидайдың алатын орны ерекше . Республикамыздың оңтүстік және оңтүстік -шығыс аймақтарының климаттық жағайының қолайлығы мен жауын-шашының молдылығына байланысты күздік бйдай өсіру қолға алынған және осы аймақта астық дақылдарының егістік құрылымнда күздік бйдай дақылдардың бірі болып саналады. Оған көбінесе зиян келтіретін тұқымдық инфексия арулары қатты қара күйе (Tilletia caries (DC) Tul. және T. tritici Wint) . Еістіке дәріленбеген тұқым себілгенде ауру бидай тұқымның 3-4- 62% дейін залалдайды. Қазіргі таңда агроценоздарға пестицитік жүктемені төмендету жолдарын іздестіру мен экологиялық жағдайларды жақсартуға, өсіьдіктердің қатты қаракүйеге төзімді жаңа сорттарын шығару және агротехнологиялық күес шараларын жетілдіруге басым назар аударылуда. Тұқымдар микроэлементтер (марганец және мырыш ) өңдеуде препараттардың үйлесімділігі Алматы облысының шөлді - далалық жағдайында күздік бидайдың өнімділін 2, 9- 4, 6 \га дейін жогарылатады. Қаракүйе ауруларының дамуына белгілі фитосанитарлық ролді тұқымдарды себу мерзімі, тұқымды себу тереңдігі, фосфорлы тыңайтқыштарды енгізу және олардың биопрепараттармен қоспасы атқарады. Қазақстанда алғашқы ескертулер бидай сорттарының түрлі залалдануы жайында Ж. Т Джиембаевтың жұмыстарында кездеседі (1955) . Сонымен қатар оларға қатты және жұмсақ бидайда мамандандырылған потогеннің тұқымдары бар болуы анықталады. Бидай селекциясының иммунитетке тиімділі осындай облигатты паразиттермен туындайтын және потогендердің популяциялық динамикасын санағанда және өз уақытында жаңа тимді гендердің үдірісін қатыстырғанда қатты қаракүйеге жақсы әсер етеді. Tilletia. triticiWint. Саңырауқұлағы Т. Caries пен салыстырғанда вирулентті. Ол барлық дақылдар түрін және жабайы бидайды залалдайды, мамандандырылған тұқымдары болады, белгілі бір сорттарда мамандагады.

Қазіргі кезде бидайдың ергежейлі және қатты қаракүйесінің төзімді Bt -гендердің он түрі белгілі . Бұл гендердің шығу бойынша бидай линияларына маркерлермен қолдану зерттеулері селекция үшін актуалды

Қазақ Өсімдік Қорғау Ғылыми-Зерттеу Институты - ғылыми-тәжірибелік мекеме. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы мин-нің қарамағында. Респ. өсімдік қорғау ст. негізінде 1958 ж. Алматы . 2002 жылдан институт -. Институт құрамында: энтомология, фитопатология, экотоксикология, ; биотехнология ; сондай-ақҚостанай (Қостанайоблысы) бөлімшесі бар. 1958 жылдан аспирантура жұмысістейді. : өсімдіктерді, мен аурулардан, , өндіріскеенгізу; жаңашаруашылыққа лайықтыинтегралдық . Институт дәнді, техника дақылдарды, қантқызылшасын, жүгеріні, жоңышқа мен эспарцетті, еркекшөпті, т. б. ., биологиялық, химиялық , биоагенттер мен микроорганизмдер, . Зиянкестерден (әсіресешегірткелерден) арылудыңжаңаәдістері (химия жолменжәне , пайдалыжәндіктерді интродукциялау іздестірілуде. . модельдер, , . Институт 25 томдық ғылымижұмыстар жинағын, , .

1-1 Алматы облысының зерттеу жүргізу жылдарындағы ауа-райы климаттық жағдайлар. Әр аймақтың климаттықжағдайы белгілі бір мөлшерде ауытқып, әрдайым орташа көрсеткіштен ауытқуы мүмкін. Сондықтан ауыл шаруашылығы климаттық жағдайлармен тығыз байланысты, әсіресе ауа райымен.

Liatukas Z. и Rugas V. Пікірі бойынша күздік бидайдың қатты қара күйесі инфекциясының деңгейінің төмендеуі қыстың суық және қар аз түскен жылдары белгіленген, ал қыстың қатты суық және қардың көп түскен жылдары ауру 4-6 есе жоғарылайды екен. Ауа температурасының көрсеткішітері бойынша күзгі кезеңде ( қыркүйек- қазан) ауа райы біршама жылы болуымен ерекшеленеді. Қыркүйек- қазан айларында орташа айлық температура өз шамасында болады. Осы айларда түскен жауын-шашын мөлшері шамадан 15, 3-20, 2мм төмен болады және бұл көрсеткіш күздік дақылдардың бастапқы өсу мен дамуына қолайсыз болады. Бірақ қараша айында жауын- шашын мөлшері шамадан 28, 2 мм жоғары болады. Қысқы мерзім қарлы болуымен ерекшеленеді. Желтоқсан мен қаңтар айларында жауын-шашын мөлшері 43-81 мм шамадан жоғары болып және күзде себілген дақылдар үшін қалың қар астында жақсы сақталуына қолайлы болады. Көктемнің (2013ж. наурыз) температура жағдайлары шамадан тыс айырмашылық болған жоқ. .

Ауа температурасының және жауын- шашын мөлшерінің ауытқу

Көрсеткіштер (Алматыт облысы, Рахат ауылы 2012-2013)

1-кесте

Айлар
Ауарайының орташа температурасы
Жауын- шашын мөлшері, мм
Нақты
Орташа көпжылдық
Шамадан ауытқуы
Нақты
Орташа көпжылдық
Шамадан ауытқуы
Айлар: 1
Ауарайының орташа температурасы: 2
Жауын- шашын мөлшері, мм: 3
4
5
6
7
Айлар: Қыркүйек
Ауарайының орташа температурасы: 16, 0
Жауын- шашын мөлшері, мм: 16, 0
0
0, 6
15, 9
-15, 3
Айлар: Қазан
Ауарайының орташа температурасы: 11, 6
Жауын- шашын мөлшері, мм: 8, 3
3, 3
8, 9
29, 1
-20, 2
Айлар: Қараша
Ауарайының орташа температурасы: 0, 1
Жауын- шашын мөлшері, мм: -0, 9
-0, 8
58, 3
30, 1
28, 2
Айлар: Желтоқсан
Ауарайының орташа температурасы: -13, 8
Жауын- шашын мөлшері, мм: -7, 8
6, 0
110, 3
29, 1
81, 2
Айлар: Қаңтар
Ауарайының орташа температурасы: -9, 6
Жауын- шашын мөлшері, мм: -10, 8
-6, 0
63, 3
19, 8
43, 5
Айлар: Аққпан
Ауарайының орташа температурасы: -8, 8
Жауын- шашын мөлшері, мм: -8, 5
-1, 2
15, 2
21, 9
-6, 7
Айлар: Нарыз
Ауарайының орташа температурасы: 3, 8
Жауын- шашын мөлшері, мм: 0, 7
0, 3
56, 5
48, 8
7, 3
Айлар: Сәуір
Ауарайының орташа температурасы: 12, 3
Жауын- шашын мөлшері, мм: 10, 4
3, 1
80, 7
56, 5
107, 8
Айлар: Мамыр
Ауарайының орташа температурасы: 16, 9
Жауын- шашын мөлшері, мм: 16, 4
1, 9
82, 0
61, 6
19, 1
Айлар: Маусым
Ауарайының орташа температурасы: 21, 3
Жауын- шашын мөлшері, мм: 21, 2
0, 5
164, 3
53, 9
28, 1
Айлар: Шілде
Ауарайының орташа температурасы: 24, 9
Жауын- шашын мөлшері, мм: 24, 1
0, 8
42, 4
26, 6
15, 8

Осылайша 2012-2013 жж . Алматы облысының ауа райы жағдайлары қаракүйенің дамуына қолайлы мүмкіндік туғызады.

1. 2 Зерттеу жұмыстарын жүргізетін орынның топырақтың - климаттық жағдайы.

Қазақ өсімдік шаруашылығы және карантин ғылми- зерттеу иниститутының метерологиялық орталығының мәліметтері бойынша теңіз беткейінен 730м биіктікте орналасқан, топырағы сұр, ашық қоңыр, топырақтың жоғары қабатындағы қарашірігі 2, 0% . Жер асты суының минералдық құрамы ( гидрокарбанатты тектес) - 0, 3- 0, 8 г/л мөлшерінде, жердің беткі қабатынан 5-10м тереңдікте жатыр. Жырту қабатында 1, 9% қарашірінді, жалпы азот 0, 15%, жалпы фосфор 0, 21%% болып келеді. Топырақ жамылғысы . Негізгі топырақ жамылғысы ашық қара қоңыр. Топырақ түйіртпектілігі ірі болып келеді. Гранулометриялық құрамына сәйкес 50 пайыз ірі, 12-35 пайыз орташа және қалған бөлігі ұқсас шаң тозаңдардан тұрады. Ашық қара- қоңыр топырақтарда қара шірінді қабаты жақсы дамыған, сондықтан оларда суармалы егіншілік жағдайын көптеген ауылшаруашылық дақылдары, оның ішінде күдік астық дақыдары жақсы өсіп, мол өнім береді. Бұл жердің ьқысы өте суық, жазы өте ыстық болып келеді., ауа - райының ең төменгі температурасы -40 0 С, ал ең жоғарғы ауа-райының температурасы жаз айларында +42 0 С жетеді, көп жылдық орташа ауа -райының температурасы 7, 60 0 С. Жаздық ауа -райының орташа айлық көрсеткіші, ең ыстық айларда (маусым- тамыз) 22, 1 0 Сжәне 24, 0С- ты құрайды, ал ең төменгі ауа-райының температурасы көп жылдық деректер бойынша қаңтар айында орташа көрсеткіші-10, 80С көрсетеді.

Ауданың климаты континенталды, жылы- қуаңшыл болып, орташа жылдық жауын шашын түсімі орташа көп жылдық деректер бойынша 341, 9мм. Жауын -шашын мөлшерінің түсімі жылдық мерзімдерде біркелкі емес, ең көп жауын-шашын түсімі мерзімдерін жеке алып қарағанда көктем айларына 166, 9мм түсіп, жылдық жауын- шашын мөлшерінің 40, 3% -ын құрайды. Құрғақшылықты тамыз- қыркүек айларында байқауға болады. Бұл айларда жауын- шашын түсімі 21, 2мм және 15, 9мм және айдың температурасы 22, 1 0 С және 16, 0 0 С құрайды. Метерологиялық көрсеткіштердің ішінде ең негізгісі болып ауаның ылғалдылығы болып саналады.

Бидайдың өсіру технологиясы, зиянкестері мен ауруларына сипаттама

Қазақстанда күздік бидай ретінде негізінен жұмсақ бидай өсіріледі. Осыған байланысты төменде аталған түрдің өсу, даму және өсіру технологиясының ерекшеліктері қарастырылады.

Биологиясындағы ерекшеліктер . Күздік бидай биологиясы бойынша жаздық бидайдан ерекшеленеді. Жаздық бидайдан айырмашылығы - оның вегетациялық кезеңі күзде басталады да, келесі жылы жазда аяқталады. Тіршілік үрдісінде күздік бидай өну, көктеу, түптену, түтікке шығу, масақтану, гүлдену және пісу (сүттене пісу, балауыздана және толық пісу) кезеңдерінен өтеді. Алғашқы үш кезеңдері күзде, қалғандары - келесі жылы көтемде және жазда өтеді. Осы кезеңдері бойынша оның биологиялық ерекшеліктерін қарастырайық.

Тұқымның өнуі - бұл тыныштық күйдегі тұқымның белсенді әрекетке көшуі, ол үшін жылу, ылғал және ауа қажет. Тұқымы өз массасының 45-50 % су сіңіргеннен кейін өне бастайды, топырақтың оңтайлы ылғалдылығы ТЫС-тың 60-70 % мөлшерінде болғаны дұрыс. Құрғақ-далалы аймақта алғы дақылды таңдағанда және дайындағанда бұл өте маңызды. Тұқымның суды сіңіруіне температура көп әсер етеді. Күздік бидай тұқмы 0 о С-да суды сіңіре алады, бірақ мұндай жағдайда тұқым бөрткенімен физиологиялық өсу үрдісі тоқтап қалады. Топырақ ылғалдылығы ТЫС-тың 60 %-да және температура 4 о С-да тұқым ылғалдылығы 50 %-ға жетінші тәулікте, ал температура 10 о С-да - 3, 5 тәулікте жетеді. Тұқымның өнуі үшін оңтайлы ауа температурасы 14-16 о С. топырақ ылғалдылығы өте жоғары, қатты тығыздалып қалғанда немесе топырақ қабыршағы пайда болғанда анаэробты жағдайларда тұқым өнбейді немесе нашар өнеді.

Тұқымның өнуінің алғашқы күндерінде органогенездің бірінші кезеңі жалғасады - өсу конусының әртүрлі ткандерге дифференциясы (оқшаулануы) жүреді, ұрықтық тамыршалармен жапырақшалардың ұзара өсуі күшейеді, ұрықтық сабақ оқшауланады, жаңа жапырақтар ұрықтары қалыптасады. Тұқымның өну мерзімі топырақтың тығыздығы мен оны өңдеу түріне, тұқымның сіңіру тереңдігі мен топырақпен түйісуіне байланысты өзгереді. Құрғақ ірі кесекті нашар өңделген, арамшөптермен ластанған топырақтар күздік бидай тұқымының жаппай өнуіне жағдай жасамайды, мұны өсіру технологиясын жасағанда ескеру қажет.

Егін көгі (көктеу) кезеңі . Топырақ бетіне әуелі колеоптиле шығады, ол жарылады да бірінші нағыз жапырақ пайда болады, осы сәтті егін көктеді деп есептейді. Себуден өсімдіктердің көктеу кезеңінің ұзақтығы температураға, ылғалға ж. б. байланысты. Қостанай облысы жағдайында жақсы дайындалған ықтырмалы сүрі танабында 12-17 о С жылылықта күздік бидай 6-9 - тәулікте, ал қуаңшылықты жылдары және сүрі танабы нашар өңделгенде - 10-16 - тәулікте көктеген. Ақмола облысының бұрынғы «Красный флаг» кеңшарында ылғалы бойынша қолайлы 1990 жылы орташа тәуліктік ауа температурасы 18, 6 о С болғанда күздік бидай 5-тәулікте көктеді, ал температура 15, 9 о С және 12, 8 о С болғанда (себу мерзіміне байланысты) тиісінше күздік бидай 6 және 8 - тәулікте егін көгін берді (Аринов К. К., Мусынов К. М., 1996) .

Ассимиляция мүшелерінің қалыптасуы 4-тен 30 о С-ға дейінгі аралықта жүреді, алайда оңтайлы мөлшері - 12-15 о С. көктеу кезеңі жапырақтың пайда болуынан алғашқы үш жапырақтың өсу аралығын қамтиды және органогенездің екінші кезеңіне сәйкес келеді - ұрықтық түйіндер, сабақтар мен олардың буынаралықтары, негізгі гүл шоғырының бас бөлігі оқшауланады, масақ негізі түзіледі. Күздік бидайдың көктеу кезеңінің ұзақтығы өнімді ылғал қоры жеткілікті болғанда және температура ережесі қолайлы қалыптасқанда, әрі қалыпты себу мерзімінде 15 тәулікке дейін өзгереді.

А. И. Носатовский (1965) деректері бойынша қалыпты жағдайларда көктеу кезеңінің өтуіне қажетті оң температура жиынтығы 200 о С шамасында.

Күздік бидайды сепкенде топырақтың 0-10 см қабатындағы сіңімді ылғал қорын ескерген дұрыс: егер ол 10 мм-ден жоғары болса - бұл өсімдік вегетациясының қолайлы жағдайларда басталуының сенімді көрсеткіші; 10мм-ден кем болса - егіннің көктеуі жауын-шашынға өте тәуелді; 5 мм-де - егін көгі сирек шығады және оның бастапқы даму кезеңінде өсімдіктердің опат болуы мүмкін.

Жапырақтарының өсуімен бір мезгілде тамыр жүйесінің дамуы жүреді. Үшінші және төртінші жапырақтардың қалыптасу уақытында ұрықтық тамырлар 27-28 см-ге дейін топыраққа бойлайды, бұл уақытта түптену түйіні қалыптаса бастайды.

Түптену кезеңі . Түптену кезеңінің басын әдетте төменгі жапырақ қолтығына бірінші бүйір өркенінің пайда болуымен анықтайды. Бірінші бүйір өркенінің жапырағының өсуіне қарай негізгі өркеннің екінші жапырақ негізінде орналасқан бүршіктен екінші бүйір өркен қалыптасады ж. б. Орта есеппен 5-7 өркен түзіледі, егістік сирек болғанда олардың саны жоғары болуы мүмкін. Осы кезеңде негізгі өркендердің түзілуі және өсуімен қатар түптену түйінінен екіншілік немесе түйін тамырлары (әрбір өркенге 2-ден) қалыптаса бастайды. Күздік бидайда күзгі және көктемгі түптену кезеңдері ажыратылады. Күздік бидайға түйін тамыр жүйесі жаздық бидайға қарағанда қуатты дамиды.

Күздік бидайдың түптенуі 2-4 о С-да жүре алады, алайда оңтайлы түптену температурасы 12-14 о С. Солтүстік Қазақстан аймағы жағдайында оңтайлы себу мерзімінде себілген күздік бидай негізгі сабаққа қосымша 2-3 бүйір өркендерін (сабақтарын) қалыптастырады және түптену кезеңі 30-35 тәулікке дейін созылады. Жекелеген жағдайларда, топырақта ылғал жеткіліксіз болғанда, өсімдіктер түптеніп үлгермей қыстап шығуға кетеді.

Көктемде, топырақ температурасы 2-3 о С жетісімен, өсу үрдісі басталады. Өркендерде күзде қалыптасқан күздік бидайды жапырақтарымен қатар, қыстап шыққан өркендердің төмен жапырақтарының қолтығында орналасқан бүршіктерден жаңа бүйір өркендер түзіледі. Күздік бидайдың көктемгі түптену кезеңінің ұзақтығы мен пәрменділігі топырақтың температурасы, ылғал және қоректік заттар қорына, оттегінің сіңірілуіне, қыстап шыққан өсімдіктер күйіне байланысты өзгереді және орта есеппен 30-35 тәулікті құрайды.

Түптенудің күзгі кезеңін (20-40 тәулік) және көктемгі бұл кезеңнің бір бөлігін (15-20 тәулік) органогенездің екінші кезеңі қамтиды. Органогенездің екінші кезеңінің соңында өсу конусы ұзарады да 0, 5-0, 8 мм жетеді. Көктемгі түптену кезеңі органогенездің үшінші кезеңіне сәйкес келеді - өсу конусы ұзарады, оның төменгі бөлігі оқшауланады, масақ білігінің тұғырлары түзіледі және дамиды. Түптену кезеңінің соңы деп алғашқы буынаралығының өсу кезеңін атайды.

Түтікке шығу (сабақтану) кезеңі . Бұл кезең бірінші буынаралығының 5-6 см-ге ұзаруынан басталады. Өсімдік сабағының шапшаң өсуі мен масақтың дамуы осы кезеңнен басталады, жапырақтардың негізгі массасының түзілуі аяқталады. Бұл кезеңде барлық буынаралықтар қалыптасады, тамыр жүйесі жайылып өседі. Аймақ жағдайында кезең сәуірдің соңы - мамырдың бірінші онкүндігіне дәл келеді де 20-30 тәулікке созылады. Бұл кезеңде топырақта ылғал жеткілікті, ал оңтайлы температура 10-22 о С деңгейінде болады. Масақтың қалыптасуына азоттың өте көп мөлшері де, жетімсіздігі де теріс әсерін тигізеді. Фосформен жеткілікті қамтамасыз етілуі масақтың түзілуін тездетеді және генеративтік мүшелерінің дамуына, ал кейіннен масақтың дәнділігіне ықпал етеді, жоғары температура мен төмен салыстырмалы ауа ылғалдылығы масақ пен оның мүшелерінің (органдарының) қалыптасуына теріс әсерін тигізеді, бұл кезеңдегі ылғал мен қоректік заттардың жетімсіздігі өсімдіктердің кейінгі өсуі мен өнім шамасына теріс әсерін байқатады. Бұл кезең органогенездің IV-VII - кезеңдерін қамтиды: масақ төмпешіктерінің салынуы - IV-кезең; сабақтың бірінші буынаралығының жер үстінде пайда болуы мен бірінші және екінші буынаралықтарының ұзара өсуі - V-кезең; үшінші-бесінші буынаралықтарының өсуі мен генеративтік органдарының оқшаулануы - VI-кезең; сабақтың бесінші-жетінші буынаралықтарының өсуі және масақтың барлық мүшелерінің қарқынды өсуі - VII-кезең.

Масақтану кезеңі . Кезең масақтың жоғарғы жапырақ қынабы бөлігінен сыртқа шығуымен сипатталады және түтікке шыққаннан кейін 20-25 тәуліктен соң басталады, аймақ жағдайында бұл кезең мамырдың ортасы мен аяғына дәл келеді. Кезеңнің өтуі үшін оңтайлы ауа температурасы 18-20 о С. Өсімдіктердің жеке дамуына бұл органогенездің сегізінші кезеңіне сәйкес келеді: ең жоғарғы буынаралықтың өсуі жалғасады, масақтың барлық мүшелерінің қалыптасуы мен тозаңдық дәндер мен ұрық қабының пісуі аяқталады. Жекелеген өсімдіктердің масақтануы 4 тәулікте тәмамдалады, ал танап түгелдей - 5-7 тәулікте. Бұл кезеңдегі ылғал жетімсіздігі, ауа мен топырақтың тым жоғары температурасы масақтағы гүлдердің жеміссіз қалуына, түптеп келгенде астық өнімінің күрт төмендеуіне ұрындырады.

Гүлдену кезеңі . Қолайлы жағдайларда күздік бидайдың гүлденуі масақтанудан соң іле-шала басталады. Оның ұзақтығы температураға, ауа мен топырақ ылғалдылығына тәуелді. Гүлдену мен тозаңдану жүретін ең төменгі температура 6-7 о С, ал барынша қолайлы ауа температурасы - 20-25 о С. Оңтайлы жағдайлар гүлдену мен тозаңдану уақытында топырақ ылғалдылығы ТЫС-тың 75-80 % деңгейінде қалыптасады. Солтүстік Қазақстанда бір масақтың гүлденуіне 3-5 тәулік, ал бүкіл танап үшін - 5-7 тәулік қажет. Барынша жақсы гүлдену мен тозаңдану тәуліктің таңғы және кешкі сағаттарында өтеді. Гүлдену, тозаңдану, ұрықтану, зиготаның түзілуі мен эндоспермнің қалыптасуы органогенездің 9 - кезеңін қамтиды.

Бидайдың қатты қара күйесі-Tilletia caries Tul., T. levis Kuehn

Кесел республиканың барлық аудандарында кездеседі, әсіресе шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарында жаздық бидайды қатты залалдап, оның өнімін төмендетеді.

Аурудың белгісі дәннің сүттене бастаған кезеңінде білінеді. Залалданған масақтар иілмей тік тұрады, қабығы мен мұртшалары тікірейіп, масақ жуандау болып көрінеді, түсі сұрғылт күлгін. Егер осындай дәнді жаншыса, одан сұрғылт иісті сұйық ағады. Ауру масақта дән орнында қара спора массасына толған қалташықтар түзіледі.

Ауру қоздырғышы - Tilletia caries Tul., T. levis Kuehn. саңырауқұлақтары. қоздырғыштардың өзара морфоло-гиялық айырмашылықтары бар. Қазақстанның оңтүстік облыстарында

T. сaries саңырауқұлағы кең таралған, ал екіншісі - солтүстікте кездеседі. Телиоспоралар бір-бірінен морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты ажыратылады. T. Сaries саңырауқұлағының споралары шар тәрізді, қабығы торлы, түсі қара-қоңыр, диаметрі 14-22 мкм. T. levis саңырауқұлағының споралары бұрыс пішінді, қабығы тегіс, ашық қоңыр түсті, диаметрі 15-23 мкм.

Егінді бастыру кезінде залалданған дәндер жарылып, телиоспоралары шашылып, сау дәндердің бетіне түседі. Сол дәндермен бірге топыраққа түскен телиоспоралар көктемде базидияға өніп, одан бүршіктенген 4-12 базидиоспоралар түзіледі. Соңғылар бір-бірімен қосылып, инфекциялық жіпшеге айналып, өскінді залалдайды. Жіпшумақ өсімдікте диффузды таралып өсу нүктесіне жетіп, өсімдіктің барлық мүшелеріне (жапырақ, сабақ, масақ) тарайды. Сырттай бұл үрдіс білінбейді. Өсімдіктің дәні түзіле бастағанда жіпшумақ қарқынды дамып дәнді бұзады. Жіпшумақ кейін қара спора массасына айналады.

Саңырауқұлақ споралары дән бетінде, өсімдік қалдықтарында, топырақта қыстайды, бірақ топырақтағы споралар түрлі микроорганизм әсерінен ыдырап, ұзақ сақталмайды. Сондықтан да телиоспоралар жаздық бидайдың артынша себілген күздікті залалдайды. Сонымен қатар тұқым себетін машиналар, қолданылған құралдар және т. б. инфекция қоры болуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күздік бидай сорттары
Экологияның техникалық дақылдарға (қант қызылшасы, қартоп) тигізетін әсері
Күздік бидайдың биологиялық және морфологиялық ерекшелігі
Аурулардың өсімдікті залалдауы
Арпа дақылының зиянкестері
Ауыл шаруашылығы дақылдарының аурулары мен зиянкестерімен күрес
Республиканың оңтүстік-шығыс аймағында күздік бидайдың ақ ұнтақ ауруының таралуын және зияндылығын анықтау
Жамбыл обылысы Жуалы ауданы жағдайында күздік бидай дақылының сары тат ауруы
Арпа аурулары
Өсімдік ауруларының белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz