Мәліметтер базасын басқару жүйелері


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
Картография және геоинформатика кафедрасы
СӨЖ
Мәліметтер базасын басқару жүйелері
Орындаған: Ерболқызы. С.
Тексерген: Таукебаев. Ө. Ж
Алматы, 2015
Мазмұны:
Кіріспе
- Мәліметтер базасы туралы жалпы ақпарат
- Мәліметтер базасының нысандары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Мәліметтер базасы бұл ақпараттарды сақтау үшін арналған ұйымдастырылған құрылым. Алғашқы кезде, яғни, мәліметтер базасы түсінігі қалыптаса бастаған жылдары, бұл базаларда тек қана мәліметтер сақталып жүрді. Мәліметтер базасын басқару жүйесі - мәліметтер базасымен жұмыс істеуге арналған бағдарлама. Олардың қатарына MC Acces, Dbase, Foxpro, т. б. бағдарламалар бар.
Microsoft Access бағдарламасы кеңінен қолданылатын бағдарлама болып табылады. Ол өнідіріс орындарында, баспа-кітап шығару салаларында, оқулықтар жасауда, сауда-саттық айналымында есептік жүйелерді орындауда және т. б. салаларда ерекше рөл атқарады.
Бұл жұмысымда, Microsoft Access бағдарламасы және мәліметтерді көрсету мен сақтау үшін қолданылатын компоненттері туралы толығырақ қарастырдым.
Мәліметтер базасы бұл ақпараттарды сақтау үшін арналған ұйымдастырылған құрылым.
Нысан -деп мағлұматтары мәліметтер базасында сақталатын ақпарттық жүйенің элементтерін айтамыз. Microsoft Access 2000 мәліметтер базасын басқару жүйесі жеті түрлі нысандарды құруға және қолдануға мүмкіндік береді.
- Мәліметтер базасы туралы жалпы ақпарат
Мәліметтер базасын басқару жүйесі дегеніміз - жаңа мәліметтер базасын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге, безендіруге және баспа құрылғыларына шығаруға немесе байланыс арналарына жөнелтуге арналған бағдарламалық құралдар кешені.
Мәліметтер базасы түсінігімен мәліметтер базасын басқару жүйесі түсінігі тығыз байланысты. Бұл жаңа базасының құрылымын құру, оны мәліметтермен толтыру, мәліметтерді редактрлеу мен ақпараттарды визуалдау үшін арналған программалық жабдықтар кешені. Базаның ақпаратын визуализациялау деп берілген көріністегі мәліметтерді іріктеуді, толықтыру және шығару құрылғысына беру немесе байланыс каналдары бойынша жіберуді, түсінуге болады
Дүние жүзінде мәліметтер базасын басқару жүйелерінің түрлері өте көп. Олардың әрбіреуінің түрлі объектілермен жұмыс істеу ерекшеліктеріне, қолданушыға ұсынатын қызмет түрінің өзгешелігіне қарамастан, оларда ортақ ұғымдар кешені қалыптасқан. Сондықтан бізге бір ғана мәліметтер базасын басқару жүйесін қарастырсақ жеткілікті. Солардың ішінен Microsoft Office бағдарламасының құрамына енетін Microsoft Access 2000 мәліметтер базасын басқару жүйесін таңдап алдық.
Мәліметтер базасы бұл ақпараттарды сақтау үшін арналған ұйымдастырылған құрылым. Алғашқы кезде, яғни, мәліметтер базасы түсінігі қалыптаса бастаған жылдары, бұл базаларда тек қана мәліметтер сақталып жүрді. Бірақ бүгінгі күнгі мәліметтер базасын басқару жүйелері (МББЖ) өз құрылымында тек қана мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар тұтынушылармен немесе басқа да бағдарламалық-ақпараттық кешендермен қарым-қатынас жүзеге асырылатын әдістерді (яғни, программалық код) де орналастыруға мүмкіндік береді. Осылайша біз қазіргі заманғы мәліметтер базасында тек қана мәліметтер ғана емес, сонымен бірге ақпарат та сақталатындығын айта аламыз. [1] .
- Мәліметтер базасының нысандары
Microsoft Access 2000 мәліметтер базасын басқару жүйесі жеті түрлі нысандарды құруға және қолдануға мүмкіндік береді.
Кестелер. Бұл кез-келген мәліметтер базасының негізгі объектісі болып табылады. Біріншіден, кестелерде мәліметтер базасындағы барлық ақпарат сақталады, екіншіден кестелер мәліметтер базасының құрылымын анықтайды.
Сұраныс . Бұл объекті кестедегі мәліметтерді қолданушыға ыңғайлы түрде шығарып береді. Сұраныстың көмегімен мәліметтерді сұрыптау, сүзгілеу амалдары орындалады. Сұраныстың көмегімен бұрыннан бар кестенің негізінде жаңа кесте құрылады, басқа мәліметтер көзінен импортталады, кестелерде қарапайым есептеулер жүргізіледі.
Жаңадан қолданушылар сұраныстың рөлін аса терең түсінбейді, өйткені сол операцияларды кестемен де жүргізуге болады деп ойлайды. Бірақ жай кестелермен жұмыс істегенде кез-келген уақытта ондағы мәліметтерді байқаусызда жоғалтып алуымыз мүмкін. Ал сұраныстың көмегімен ол кестелерге қатынау шектелінеді. Мысалы, банкілерде қызметкерлердің біреуі клиенттер туралы мәліметі бар кестеге, ал екіншісі олардың есеп-шотына, үшіншілері банктегі активтер кестесіне қатынай алады.
Сұраныстың ерекшелігі - олар негізгі кестелердегі мәліметтердің негізінде уақытша қорытынды кесте құрады. Негізгі кестемен жұмыс істегенде біз қатқыл дискімен жұмыс істейміз, ал оған кез-келген кезде қатынау көп уақытты алады. Ал сұраныстың көмегімен алынған уақытша кестеде біз тек экрандағы бейнемен жұмыс істейміз, ал оған қатынау тез уақытта жүзеге асырылады.
Реттелген кестелік құрылымдардың ең басты кемшіліктері - оны жаңарту, яғни оған қосымша жаңа жазбалар енгізу болып табылады. Себебі ол кезде бүкіл кестенің реті бұзылады, оны қайта құру қажет болады. Бұл мәселе (СУБД) Мәліметтер базасын басқару жүйесінде өз шешімін тапқан.
Мұндағы негізгі кестеден ешқандай реттілік талап етілмейді. Жазбалар негізгі кестеге түсу ретімен енгізіле береді. Егер қолданушы қандай да бір шарттармен сұрыпталған, сүзгіленген мәліметтер алғысы келсе, онда ол сәйкес сұранысты пайдаланады. Егер қажетті сұраныс болмаса, онда ол жобалаушыға тапсырыс береді.
Қалыптар. Егер сұраныстар мәліметтерді сұрыптау мен анализдеудің арнаулы құралдары болса, ал қалыптар мәліметтерді енгізу құралы болып табылады. Оның мәні мынада - ол қолданушыға тек толтыруға рұқсат етілген өрістерді толтыру құралдарын ұсынады.
Қалыптардың көмегімен мәліметтерді экранға бейнелеп беруге болады. Сұраныстың көмегімен де мәліметтерді бейнелеуге болады, бірақ қалыптың көмегімен экранға шығарылған мәліметтерді безендіруге болады. Ол үшін мәліметтерді енгізу кезінде арнаулы безендіру құралдарын қолдану қажет.
Есептер. Өзінің қасиеттері мен құрылымы жағынан есептер қалыпқа өте ұқсас келеді, бірақ ол мәліметтерді тек баспаға шығаруға арналған. Сондықтан есептерде баспа құжаттарына арналған арнаулы безендіру элементтері бар (жоғарғы және төменгі колонтитулдар, беттердің көшірмелері, есептің құрылуы жайындағы мәліметтер) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz