Ұзақ өмір сүрудің негіздері


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

logo_fin
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С. Д. АСФЕНДИЯРОВА
С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ:

Валеология

Реферат

Реферат

Тақырыбы: Ұзақ өмір сүрудің негіздері ”

Алматы 2016

Жоспар:

Кіріспе

1. Ұзақ өмір сүрудің құпиялары.

2. Салауатты өмір сүрудің мақсаты.

3. Ұзақ өмір сүру жолдары .

4. Жаяу жүрудің пайдасы .

5. Адам ғұмырының ұзарту жолдары.

6. Геронтология және гериатрия.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер.

Ұзақ өмір сүрудің құиялары

Бүгінде әлем ғалымдарының басын қатырып отырған ең басты мәселенің бірі - адамзаттың неғұрлым ұзақ өмір сүруі болып отыр. Осыған орай, әлемдегі барлық ел халқының орташа өмір сүру жасын ұзартуға тырысуда. Айта кетер жайт, біздің еліміз халқының орташа өмір сүру ұзақтығынан басқа елдермен салыстырғанда «ұяттылау». ҚР Статистика агенттігінің мәліметіне сүйенсек, 2009 жылы қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы бойынша күтілген көрсеткіш 68, 6 жас болса, 2010 жылы 68, 41 жас болған. Алайда, шындығында, бұл көрсеткіш 67, 87 жасты құраған. Нәтижесінде еліміз өмір сүру ұзақтығының деңгейі бойынша әлем елдері арасында 152-орында тұр.

Ал әлем елдерінің арасында орташа өмір сүру жасының ұзақтығы бойынша Жапония 82, 12 жаспен алдыңғы орында келеді. Мамандар өмір сүру ұзақтығының төмен болуының негізгі себептерін ерте өлім-жітімге, мүгедектікке әкеліп соқтыратын аурулардың пайда болуымен түсіндіреді. Осы орайда жыл өткен сайын түрлі аурудың «жасарып» бара жатқаны да мамандарды алаңдатып отыр. Өйткені қай ауру түрі болсын адамдар өмірін қысқартуға елеулі әсерін тигізеді. Бүгінгі күні халқымыздың өмір сүру жасының төмен болуына елеулі әсерін тигізіп отырған аурулардың бірі - остеопороз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, аталмыш ауру таралуы жағынан жүрек-қан тамырлар жүйесі, онкология, қант диабетінен кейінгі төртінші орынға ие көрінеді. Мамандар «халықтың өмір сүру жасының төмен болуына көбінесе остеопороз ауруы әсер етеді» дейді.
Дүние жүзін жаулап аламын деген Шыңғысхан Әмударияның жағасында ауырып қалып, қытайдың атақты Ган Чун Цзи деген емшісін алдыртады. Жарық дүниені қимаған Шыңғысхан, мәңгілік өмір сүруді жүзеге асыратын қандай дәрің бар деп сұрапты. Сонда емші: «Өмірде уақытша ғана болуға арналған дәрі бар, ал мәңгілік өмір сүретін дәрі жоқ», - депті.
Демек, тұжырымдамамыздың мақсаты - бойына қабылдап алған дертін адам өзі шығарады дегендей-ақ, ұзақ өмір сүрудің кілті әр адамның өзінің қолында екенін айтпақпыз.
Сонау ықылым заманнан бері, адам баласы ұзақ өмір сүрудің жолын қарастыруда. Кезінде осы қағиданың негізі болған Аристотельдің іліміне сүйенсек: «Жанды дене қозғалмаса өледі» деген тұжырымдамасы сол дәуірден бері адамзаттың ұзақ жасауының, яғни, салауатты өмір сүрудің негізгі ілімі болып табылады. Мысалы, қара қарға әр нәрсені бір шоңып жүріп 300 жыл жасайды екен. Сағатына 10 м қозғалатын тасбақа да 200 жыл өмір сүреді. Сонда, Аллаһтың әмірімен табиғат заңына бақылау жасасаң, сол Жаратқан Иеміздің іліміне жүгінсек, бізге, яғни, адамзатқа қанша өмір сүрудің жолын қанша іздесек те жетістіктің шыңы көрінбейді. Енді саналы түрде табиғаттың табиғи болмысын өз қолымызбен бұзып, бүгінгі таңда адамзат өзін-өзі жоюға өрекеттенуде.
Осылайша, адамзаттың жер бетінен жойылып кетуге қаупі бар тарихи кезеңде тұрғанда не істеу керек? Адам баласы қалай өмір сүру керек?
Яғни, болашақ өмірді жалғастыру үшін бүкіл әлем бойынша әр халың өзінің ұлттың бейнесін және денсаулығын сақтауды қарастыруда.
Демек, бүгінгі таңда Қазақстанда күн тәртібінде тұрған әлеуметтік маңызы зор мәселенің бірі - халың денсаулығы. Республика көлемінде халықтың 80% -ы әр түрлі ауруға шалдыққан. Егеменді ел болғаннан бері қарай білім беру жүйесіне реформа жүргізудің салдарынан, оқушы-жастардың тәрбиеден сырт қалуы келеңсіз жағдайда соғып отыр. Яғни, ата-аналардың, оқытушы-мұғалімнің ішімдікке, есірткі, шылым шегуге бейімделіп, саналы түрде уақытынан бұрын денсаулықтарын өз қолдарымен жоюда.
Келесі бір мәселе, адам баласының өз қолымен жасаған табиғат апаты. Бір мысал алайық, атом радиациясының кеселінен су кепті, жер тозаңға, тас күлге айналды, өсімдік өсуін тоқтатты. Ауа қозғалысы өзгергендіктен, жер бетіндегі тіршілік күн өткен сайын апатқа ұшырауда. Міне, тіршіліктің, болашақ жанды заттардың жер бетінен жойылу қаупінің негізі осында. Бұл қағиданың негізінде, енді адамзат тіршілікті сақтап қалудың жолын іздеуде. Демек, денсаулықты сақтап, ұзақ өмір сүрудің бір-ақ жолы бар. Ол - салауатты өмір сүру салты.
Осындай қағидалардың негізіне сүйене отырып, жеке бастың салауатты өмір сүру бағытының негізгі мәселесі ретінде осы тұжырымдаманы ұсынып отырмыз.

Салауатты өмір сүрудің мақсаты

Қазіргі кезеңдегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында орын алып отырған қиындықтарға қарамастан, салауатты өмір сүрудің мемлекеттік жүйесі түпкілікті, жалпы адамзаттық рухани байлықтарға негізделуі тиіс. Ол жеке бастың үйлесімді дамуына, денсаулықты нығайтуға, адамдардың тіршілік үшін белсенділігін арттыруға ықпал жасауды өзінің басты мақсаты етіп алуы керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың салауатты өмір сүру қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің құрылымы мен жүйесі
Салауатты өмір салты туралы мәлімет
Балаларды салауатылыққа тәрбиелеу жолдары
Тіршіліктің қауіпсіздік негіздері туралы мәлімет
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен ұйымдық - әдістемелік негіздері
Салауатты өмір салтының гигиенасы
Валеологиялық білім беру
Орта мектепте биология курсында салауатты өмір салтын қалыптастыру
Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz