Бүлдірген зиянкестері


Жоспар:
1. Кіріспе . . . 2
2. Негізгі бөлім . . . 3
2. 1. Бүлдірген кенесі-Tarsonomus pallidus Banus . . . 3
2. 2. Бүлдіргеннің сабақ- Ditylenchus dipsaci Kuhn . . . 4
2. 3. Бүлдірген бізтұмсығы-Anthonomus rubi Hrbst . . . 5
2. 4. Бүлдіргеннің жапырақ жемірі- Pyrrhalta tenella L . . . 7
2. 5. Күресу шаралары . . . 9
3. Қорытынды . . . 10
4. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 11
Кіріспе
Бүлдірген дақылының зиянкестері, яғни өсімдік зиянкестері - мәдени және жабайы өсімдіктерді зақымдайтын не мүлде құртып жіберетін жәндіктер. А. ш. өсімдіктерінің негізгі зиянкестеріне омыртқалы жануарлардан - сүтқоректілер, әсіресе кемірушілер (саршұнақ, қарақас, тышқан, қосаяқ, аламан, т. б. ) ; омыртқасыздардан - бауыр аяқты былқылдақ денелілердің кейбір түрлері, бунақденелілер, өрмекші тәрізділер, көп аяқтылар, жұмыр құрттар, құстар(қарға, қараторғай), кенелер, моллюскілер жатады. Ең көп зиян келтіретіндері - бунақденелілер, олардың түр құрамы көп, өсімтал және жылдам өсіп жетіледі. Өсімдікқоректі жәндіктер мен кенелер қоректі талғап алу дәрежесіне қарай полифагтар (әр түрлі тұқымдасқа жататын өсімдіктермен қоректенушілер), олифагтар (бір тұқымдасқа жататындармен қоректенушілер), монофагтар (бір ғана өсімдік түрімен қоректенушілер, жалаңқоректілер) болып бөлінеді. А. ш. дақылдарына, жайылым мен шабындыққа үлкен зиян келтіретін көпқоректілер: тікқанаттылардан - шегірткелер, бұзаубастар; қаттықанаттылардан - шыртылдақтар, қара денелілер, жапырақ жемірлері; қабыршаққанаттылардан - күздік көбелек, мақта түн көбелектері, шалғын көбелегі, т. б. Шектеулі қоректілердің де астық тұқымдас өсімдіктермен қоректенетін көптеген түрлері (астық қоңызы, швед шыбыны, т. б. ) кездеседі. Бұршақ тұқымдас өсімдіктерге аса зиян келтіретіндер - түйнек бізтұмсықтары, асбұршақ биті. Көкөніс дақылдарын қырыққабат ақ көбелегі, қырыққабат қоңыр көбелегі, қырыққабат күйесі, т. б. зақымдайды. Жалаңқоректілердің ішінде аса зияндылары жаздық бидайды зақымдайтын - астық сұр көбелегі, асбұршақ дән қоңызы, алманы зақымдайтын - алма жемірі.
Негізгі бөлім
Бүлдірген кенесі-Tarsonomus pallidus Banus.
Бүлдірген кенесі-Tarsonomus pallidus Banus - Arachnoidea класы, Acariformes отряды. Қазақстанның оңтүстік -шығысында суармалы жерлерде өсірілетін бүлдіргеннің аса қауіпті зиянкесі . Аналық кененің түсі ақшыл-сары, кейде қоңыр, ұзындығы 0, 2-2, 4 мм, сопақша келген денесі айқын көрінетін көлденең айғызбен протеросома және гистеросома деп аталатын екі бөлікке бөлінген, бүйірінде бірінші және екінші жұп аяқтардың жамбасы аралығында түйреуіш басы тәрізді псевдостигмалдық мүшелер орналасқан, алдыңғы 3жұп аяғының тырнақтары бірқалыпты жетілген, ал төртінші жұп аяғы басқаларына қарағанда жіңішке және тырнақтың орнында екі қылшық болады, олардың біреуі өте ұзын . Еркектері ұрғашыларына қарағанда кішкене, ұзындығы 0, 15 мм, пішіні жұмыртқа тәрізді сопақша болады. Ұрықтанған ұрғашы кенелер бүлдірген өсімдігінің түбіндегі қосалқы жапырақтарды, кейде бүктелген жарырақша тақталарының арасында қыстайды. Көктемде өсімдіктің өсуі басталған кезде, ауаның температурасы 13 0 С асқанда, кенелер жұмыртқаларын әлі ашыла қоймаған жас жапырақтарға сала бастайды . Бұл жұмыртқалардан шыққан личинкалар бір рет түлеп, нимфа фазасына өтпей, бірден ұрғашы және еркек кенелерге айналады. (1-сурет)
1-сурет. Бүлдірген кенесі-Tarsonomus pallidus Banus.
Кенелердің жұмыртқалауы және дамуы үшін ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 80-85%, орташа тәулік температурасы 17-22 0 С ең қолайлы жағдай болады . Кененің бұл түрінің бір ұрпағының дамуы орта есеппен 32 күнге созылады . Қазақстанның оңтүстік -шығысында ол жылына 4-5 ұрпақ беріп өсіп-өнеді. Кенелер көбінесе өсімдіктің көлеңкелеу жағындағы жас жапырақтарын мекендейді . Ал жаппай өсіп-өніп көбейген жағдайда олар өсімдіктің гүл сабақшаларын, бітеу гүлдерін, гүлдерін, мұртшаларын мекендеп, қатты зиян келтіреді . Кенелер сорып зақымдаған өсімдіктердің жапырақтары сарғайып, қалыпты көлемге жетпей өліп қалады . Қатты зақымданған өсімдіктердің өсуі нашарлап, беретін өнімі кілт төмендейді, жидектері ұсақ болады . Олар шағын ғана қашықтыққа қозғалып бара алады. Сондықтан зиянкес негізінен көшет өсімдіктерменг бірге таралады .
Бүлдіргеннің кенесімен күресу үшін: бүлдіргеннің сау көшетін отырғызу. Екпе материалды 45-46 0 С температурадағы суға 15 минут салу арқылы залалсыздандырады. Өсімдіктерді мұқият қарау. Жидектерді жинап алған соң зақымданған ауданда дегелектерді зақымдамай, жапырақтарды қырқамыз, одан кейін рұқсат етілген преператтармен өңдейміз.
Бүлдіргеннің сабақ- Ditylenchus dipsaci Kuhn.
Фитонематодтардың тиленхиде тұқымдасына жатады . Қазақстанда тегіс таралған . Дене құрылысы жағынан картоптың және пияз бен сарымсақтың сабақ нематодаларына өте ұқсас . Бүлдіргеннің сабақ нематодасы мекендеген өсімдіктердің өсуі бәсеңдеп, әлсірейді, сабағында жапырақтарының сағағы мен жүйкелерінде ісік тәрізді көмпиген буылтықтар пайда болады . Жапырақ сағағы мен гүлсидамы қысқа және бұралып өседі, жапырақ тақтасы кеңірдектеніп, оның эпидермисі жарылып кетеді. Жапырақтың нематода мекендеген жеріндегі тканьдер өліп, зақымданған учаске күреңденеді . (2-сурет)
2-сурет. Бүлдіргеннің сабақ- Ditylenchus dipsaci Kuhn.
Жапырақ сағағы мен гүлсидамының бұлтиған жерлері алғашында морт сынғыш келеді де одан соң жұмсарып, шірікке айналады. Паразиттің өздері өсімдіктің зақымданған бөлігінде болады . Сабақ нематодаларының басқа түрлері сияқты бұл түрдің де көбеюі мен дамуы сыртқы ортаға шықпай өсімдіктердің өздеріне өтеді . Нематода бүлдірген өсімдігінің өзекшесінде, кейде жапырағында қыстайды . Сәуір -мамыр айларында бірінші генерация өсіп- өніп дамиды . Одан кейінгі даму жылдамдығы ауа райы жағдайларына байланысты . Оның өсіп-өніп, дамуы үшін үйлесімді температура 15-24 0 С аралығында болады. Нематоданың бұл түрі бүлдірген плантациясына қатты зиян келтіреді . Кейбір мәліметтер бойынша ол өсімдіктерді орташа дәрежеде зақымдағанда плантацияның өнімін 2-3 есе, ал қатты зақымдаса 6-7 есе төмендетеді .
Бүлдірген бізтұмсығы-Anthonomus rubi Hrbst.
Coleoptera отряды, Curculionidae тұқымдасына жатады. Бүлдірген жапырақтары мен шанақтарын, сондай-ақ қожақатты, итмұрынды және басқа өсімдіктерді зақымдайды. Насекомның дене пішіні жұмыртқа тәрізді, арқа жағы дөңес, түсі қара қоңыр, ұзындығы 2, 5-3, 2 мм болады . Ересек қоңыздар бүлдірген немесе итмұрын өскен учаскелерде өсімдік қалдықтарының астында қыстайды. Олар қысқы мекендерінен ауа райының жағдайларына байланысты сәуірдің аяғы- мамырдың бас кезінде шығады да алғашында итмұрын өсімдігін, одан соң бітеу гүлдері пайда болысымен бүлдірген өсімдігін мекендеп, гүлдің тозаңдықтарын жартылай немесе түгелдей жеп қояды. Өсімдіктің зақымданған жерлерінде түстері қара кішкентай шұңқырлар пайда болады .
Қоңыздардың көктемгі қоректенуі 10-15 күнге созылады . Одан соң жұмыртқалауға кіріседі . Бұл кезең мамырдың екінші онкүндігіне дейін созылады. Жұмыртқалау үшін ұрғашы қоңыз бүлдіргеннің бітеу гүлінің бүйір жағын кеміріп үңгиді де жұмыртқасын соның ішіне, тозаңдыққа жабыстыра салады . Одан соң тесікті экскременттерімен тығындап тастайды. Бұдан кейін ол гүл сағағын кеміре бастайды, нәтижесінде 3-4 күн өткен соң бітеу гүл түсіп қалады. Эмбрионалдық даму 7 күнге созылады. (3-сурет)
3-сурет. Бүлдірген бізтұмсығы-Anthonomus rubi Hrbst.
Жұмыртқадан шыққан личинкалар бітеу гүлдің ішінде 20-шақты күн дамиды да сонда қуыршаққа айналады . Жаңа ұрпақтың қоңыздары шілденің орта кезінде шығып, көп кешікпей қысқы ұйқыға кетеді. Генерациясы бір жылдық .
Бүлдіргеннің жапырақ жемірі- Pyrrhalta tenella L.
Қатты қанаттылар Coleoptera отрядының жапырақ жемірлері Chrysomelidae тұқымдасына жатады. Ұзындығы 3-4, 2 мм сопақша келген, ақшыл -қоңыр немесе қоңыр түсті жылтыр қоңыз . (4-сурет)
4-сурет. Бүлдіргеннің жапырақ жемірі- Pyrrhalta tenella L.
Бүлдірген плантациясында және бақта өсімдік қалдықтарының астында қыстайды . Көктемде, ауа райы жағдайларына байланысты көкектің 2-3 онкүндігінде қоңыздар қысқы мекендерінен шығып, өсімдіктің жас жапырақтарымен қоректенеді . Олар жапырақ тақтасын ойып- ойып жеп, ірі жүйкелерін ғана қалдырады . Қоңыздар жұмыртқаларын 5-6 данадан топтап, жапырақ тақтасының астыңғы жағына салады . Алматы облысы жағдайында көктемгі ұрпақтың личинкалары көкектің аяғы мен мамырдың 1-онкүндігінде шығады да бүлдіргеннің жас жапырақтарымен қоректеніп, дамуы 20-23 күнге созылады . Одан соң олар өсімдік шоғының түбіне таяу 2-3см тереңдікте қуыршаққа айналады . Қуыршақ стадиясы 10-15 күн дамиды да жас қоңыздар маусымның екінші онкүндігінің басында шығады . Олардың салған жұмыртқаларынан шілденің 10-20 кездерінде жазғы ұрпақтың личинкалары шығады . Ал бұл ұрпақтың қоңыздары тамыздың 2- онкүндігінің басында шығады да, көп кешікпей қысқы ұйқыға кетеді. Сөйтіп, Қазақстанның оңтүстік -шығысында бүлдіргеннің жапырақ жемірі жылына 2 ұрпақ беріп өсіп- өнеді .
Бүлдірген жапырақ жемірімен күресу үшін : Ерте көктемде бүлдірген плантациясын өсімдік қалдықтарынан ұқыпты түрде тазалау, оның қатар аралықтарын қопсыту және мүмкіншілігіне қарай өсімдігі қалың жерлерін сирету . Бүлдірген нематодасын құрту үшін учаскені 6 ай бойы қара парда ұстау, немесе күзде, болмаса көшет өсімдіктерді отырғызудан 30 күн бұрын топырақты карбатионның 40% (1500-2000 л/га ) ерітіндісімен фумигациялау . Карбатионның орнына көшетті отыпғызудан 20 күн бұрын 50 % ДД-ны пайдалануға болады . Бүлдірген кенесін құрту үшін өнімді жинап алғаннан кейін өсімдіктерді орып алып, басқа жаққа әкету, одан кейін плантацияны акарицидтердің біреуімен өңдеу керек . Бізтұмсықтылар мен жапырақ жемірлеріне қарсы күресте плантацияны өсімдіктерді бітеу гүлін шығарған кезде карбофостың 50% бүркуге болады .
Күресу шаралары:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz