Күнбағысты өсіру технологиясы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

1. Кіріспе . . . 3

2. Негізгі бөлім

2. 1. Жамбыл облысының климат жағдайы . . . 4-5

2. 2. Күнбағысты өсіру технологиясы . . . 5-7

2. 3 Күнбағыста кездесетін зиянкестер . . . 7-

2. 4 Зиянкестермен куресу шаралары . . .

3. Қорытынды . . .

4. Пайдаланылған әдебиеттер . . .

Кіріспе

Аграрлық ғылымның, оның ішінде гендік жаңғыртылған дақылдар әзірлеудің арқасында Қазақстан өңірлік ірі ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушылардың біріне айналады. Болашақ - аграрлық секторда, әсіресе, шағын және отра бизнес түріндегі жаңа өңдеу кәсіпорындары желісін құруда. Бұл тұста біз бизнесті несие арқылы қолдауға тиіспіз. Фермерлер ұзақ мерзімді қаржыландыру мен өткізу нарықтарына делдалсыз, тікелей шыға алатын болуға тиіс. Ауыл өндірушілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандырудың тиімді жүйесін құруда өзекті мәселе. Қазақстан аграрлық мемлекет болғандықтан көптеген аграрлық секторда жұмыстар атқарылып жатыр. Қазақстан қазіргі таңда өзінің даму сатысының жаңа қадамында тұр. Ауыл шаруашылығы ел экономикасындағы өз ерекшеліктері бар негізгі салалардың бірі. Ол халықты азық - түлікпен, өндірісті шикізатпен, ауыл адамдардың жұмыспен қамтамасыз етеді. Еліміздің азық - түлік қауіпсіздігі мен ішкі қоғамдық саяси тұрақтылығы осы саланың дамуымен тікелей байланысты. Соңғы жылдары әлемдік азық - түлік нарығында туындаған дағдарыспен оның салдары халықты азық - түлікпен қамтамасыз ету мәселесінің өзектілігін айқындап, оны жалпы экономикалық саясаттың алдыңғы қатарына шығады.

-3-

2. 1 Жамбыл облысының климат жағдайы . Жамбыл облысы - Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарымен және Қырғызстанның Талас пен Шу облыстарымен көршілес болып табылады. Облыстың аты қазақ және кеңес ақыны Жамбыл Жабайұлының құрметіне қойылған. Жамбыл облысының территориясы Бетпақдаладан Тянь-Шаньға, Шудан Қаратауға дейін созылып жатыр. Жер аумағы - 144, 2 мың км². Облыс орталығы, әрі ең үлкен қаласы - Тараз. Облыста барлығы 10 аудан, 4 қала, 153 кенттік және ауылдық округтерде 379 ауыл бар. Табиғаты. Облыстың айтарлықтай аумағын Бетпақдала және Мойынқұм алады, тек оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс шеті таулармен шектелген (Қаратау, Қырғыз және Шу-Іле Алатау таулары) . Рельефтің бұл ерекшелігі облыс климатына әртүрлілік ендіреді. Табиғи ландшафтардың флорасы мен фаунасы кең және әртүрлі. Облыста өсімдіктердің 3 мыңнан астам түрі бар. Аң аулайтын өңірдің жалпы алаңы 13, 9 мың га құрайды, онда жануарлардың 40-тан астам түрі мекендейді. 27, 8 мың га алаңды құрайтын балық шаруашылық қоры 74 су айдынынан тұрады, оның ішінде 73 су айдыны балық шаруашылығына жарамды. Ірі бөгендерден Тасөткел және Теріс-Ащыбұлақ бар. Балық аулау кәсібінде толстолобик, ақмарқа, карп, сазан, көк серке, тыран балық, краль, торта балықтарын аулау кең таралған. Облыс аумағында 3 мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумалы бар: Географиясы. Аудан жері таулы (Қаратау мен Қырғыз Алатауының түйіскен жері), қыратты (орт. ), солтүстікке қарай жазық келеді. Климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық. Ауаның орташа температурасы қаңтарда -6 - 7°С, шілдеде 22 - 26°С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 250 - 400 мм. Аудан жерімен Талас, Аса өзендері ағып өтеді; Бөгеткөл, Сұлукөл, Сеңгірбай, Көкіш көлдері бар. Жері таулы-шалғынды, шалғынды-сұр, шалғынды-батпақты келеді. Онда жусан, жантақ, сораң шөп, қамыс, құрақ, бұталы өсімдіктер, т. б. өседі. Ақ бөкен, арқар, қоян, түлкі, қасқыр, шиебөрі, қырғауыл, т. б. мекендейді. Жер қойнауынан құрылыс материалдары (гипс, әктас, т. б. ) өндіріледі. Ауыл шаруашылығына жарамды жері 412 мың га, оның ішінде жыртылған жері 156, 4 мың га, шабындығы 7, 2 мың га, жайылымы 325, 5 мың га. Аудан жерімен Шымкент - Тараз, Тараз - Қаратау - Жаңатас т. ж., Шымкент - Тараз, Тараз - Ақкөл - Саудакент автомобиль жолдары өтеді. Ауыл шаруашылығы. Жамбыл ауданы әу бастан-ақ мал және егін, бау-бақша дақылдарын өсіруге мамандандырылған. Ауданның өндірістік-экономикалық даму қарқынының артықшылықтарына оның қалаға таяу орналасуы игі әсер етіп келген. Мұнда 1930 жылдың өзінде бірден-бір ең үлкен машина-трактор (МТС) станциясы ашылып, ауыл шаруашылығына жұмыс істей бастаған. 1930 жылғы санақ деректері бойынша ауданда 33 012 бас ірі қара мал, 298 067 қой, 267 шошқа болған екен. Алғашында аудандағы он сегіз ұсақ ұжымшардың мүшесі 258 адамға жеткен. 1930 жылы ұжымшар саны 94-ке жетіп, колхозшылардың саны 7905 адамға артқан. Ал қазір аудан көлемі 41 500 кв. км, халқының саны 86 411, 45

-4-

елді мекен, 10 өндірістік кооператив, 4 ЖШС, 1772 шаруа қожалығы, 751 жеке кәсіпкерлік, 117 шағын кәсіпкерлік, 13 өнеркәсіп орындары еңбек етуде. Геополитикалық жағдайы: Жамбыл облысы Қазақстанның оңтүстік-шығыс жағында орналасқан және батыс пен шығысында Оңтүстік-Қазақстан және Алматы облыстарымен, солтүстігінде Қарағанды облысымен, оңтүстігінде - Қырғыстанмен шекаралас жатыр. Жазықты территорияның басым болуына қарамастан, Жамбыл облысын табиғи зоналардың әртүрлілігі ерекшелендіреді. Облыстың басым территориясын Бетпақ-Дала және Мойынкум құмдары алып жатыр, оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысаумақтарын таулар (Қаратау, Қырғыз және Шу-Іле Алатауы) алып жатыр. Облыс территориясында едәуір су ресурстары орналасқан, олар негізгі өзендерімен: Шу өзені тарауларымен (жалпы ұзындығы 1 186 км), Талас өзені (жалпы ұзындығы 661 км), Аса өзені (жалпыұзындығы 253 км) және ірі тұщы көлдерімен көрсетілген: Балқаш көлі (батыс бөлігі, 18, 2 мың кв. км. ), Билікөл көлі (33 кв. км), Ақкөл көлі (15, 5 кв. км. ), Үлкен Қамқалы (4, 6 кв. км. ) . Облыс Республикада барланған су асты қоры бойынша 3 орын алады. Бекітілген эксплуатациялық қоры 4 520, 9 мың м3/тәулігіне 40 кен орны анықталған. Табиғи-климат жағдайы астық, техникалық, бақша, азық дақылдарын, көкөністі, жемісті өсіруге мүмкіндік береді. Табиғи жайылымдардың кең алқабы (3 308, 7 мың га) мал шаруашылығын, қой шаруашылығын, жылқы табының дамуына қолайлы. Ауылшаруашылық алқаптар 10 489, 6 мың га немесе облыстың жалпы жер алқабының 72, 7% алып жатыр. Егін құрылымында негізгі алқаптарды астық және мал азықтық дақылдар (егінді алқаптың 80%) алып жатыр. Транзиттік әлеует: Жамбыл облысының географиялық жағдайы жоғары транзиттік әлеуетке ие.

2. 2 Күнбағысты өсіру технологиясы. Күнбағыс (лат. Helianthus - күрделі гүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық мәдени өсімдік. Шыққан жері - Солтүстік Америка. Қазақстанда 2 түрі бар: жер алмұрты және бір жылдық К. (Н. annuus) . Биологиялық сипаттамасы. Күнбағыстың биіктігі 2 м-дей, сабағы тік, жуан өзегі қуыс, сырты қалың түкті, кіндік тамыры тармақты, 2 - 3 м тереңдікке бойлайды. Үлкен жалпақ жапырағы сабақта кезектесіп орналасады. Күнбағыс - күрделі гүлдесін тұқымдасына жататын өсімдік. Оның шамамен 90‑ға тарта біржылдық және көпжылдық түрлері кездеседі. Үлкен гүлшоғырлары бар күнбағыстың ашық сәулелі жапырақшалары бір қарағаннан-ақ күнді еске түсіреді. Бұдан бөлек, бұл өсімдік басын үнемі күнге қаратып, шығыстан батысқа дейінгі күн ізімен оның соңынан еретін ерекше қабілетке ие. Гүл шоғыры көп гүлді себет. Оның сыртын бір немесе бірнеше қатарға орналасқан гүл жапырақтары қоршаған. Бұлар өсімдік гүлін сыртқы қолайсыз жағдайдан сақтайды. Себеттерінің диам. 10 - 60 см-ге дейін жетеді. Себеті күн көзі бойымен бұрылып отырады. Жемісі - тұқымша, онда 22 - 27% май болады.

-5-

Қолданылуы. Күнбағыс майы Дәнінен сұйық күнбағыс майы алынады. Өсімдік майының 90%-ы осы өсімдіктің дәнінен алынады, сыққаннан кейінгі дәніне қант қосып, сығымдап, тамаққа қолданылатын тәтті тағам жасалынады. Сары желегін медицинада пайдаланады. Күлінен сахар алады, онда 30 - 36% калий тотығы бар. Күнбағыс күнжарасында - құнарлы мал азығы, онда 38%-дан астам ақуыздық зат, 20 - 22% көмірсу және 6%-дай май бар. Күнбағысты бұршақ өсімдіктерге қосып сүрлемдік дақыл ретінде өсіреді. 100 кг көктей орылған Күнбағыс құрамында 18 азық өлшемі, 1, 4 кг сіңімді протеин бар. Көктей шабылған Күнбағыс га-нан 400 - 500 ц балауса азық алынады. Қазақстанның солт., шығыс аудандарында ерте және тез пісетін саратовтық 10; 169, шортандылық - 41, қостанайлық - 91, т. б. сорттары аудандастырылған. Осы сорттардың 1 га-нан 10 - 12 ц күнбағыс майы алынады. Күнбағыстың негізгі зиянкестері: сым-құрт, күнбағыс қан көбелегі, т. б. ; аурулары: боз шірік, сұңғыла, т. б. Тарихы. Еуропалықтар тұңғыш рет күнбағысты Американы ашқан кезде Мексиканың кең байтақ жазықтарынан көрген. Олар күнбағысты Еуропаға бұдан төрт жүз жыл бұрын алып келді. Оны «күн гүлі» деп атады. Қазір күнбағыс - біздегі ең кең тараған майлы дақыл. Әрине, ол өзінің жабайы арғы тегіне аздап қана ұқсайды. Мәдени күнбағыстың себеті ірі. Онда 7 мыңға тарта дән болады. Сонымен бірге мәдени күнбағыстың сабағы 4 метрге дейін жетіп, оның жуандығы білектей болып өседі. Өсіру әдістемесі және технологиясы. Күнбағыс өсіру қиын емес. Ол кез келген бақша топырағында жақсы өседі, алайда жеңіл және құнарлы топырақты ұнатады. Оның өсетін орнын күн жақсы түсетін жерден таңдау керек. Күнбағыс көктемде топыраққа тұқымын себу арқылы көбейеді, ал көпжылдық түрлері - көктемде немесе күзде түптерінің бөлінуі арқылы өседі. Тұқымды сәуір‑мамыр айларында тікелей ашық топыраққа 30 х 40 см тәсілі бойынша 2-3 дәннен 2-5 см. тереңдікке себеді. Тұқым +5С температурада өне бастайды. Күнбағыстың гүлдеуі көктесін пайда болғаннан кейін 75-80 күн өткен соң ғана басталады. Өсімдік ерекше күтімді қажет етпейді. Тұқым 3-4 жыл өнгіштікті сақтайды. Күнбағысты 3-4 жыл өтпей бұрынғы егілген орнына қайта өсіруге болмайды. Оған тағайындалған учаскені күзден бастап 20 см-ден кем болмайтындай етіп аудару керек. Күнбағыстың күтімі өте қарапайым: қатарлар арасы арамшөп өсімдіктерінен еркін, ал топырағы борпылдақ болуы керек. Күнбағысты уақытылы егу оны қыркүйек айының басында жинауға мүмкіндік береді. Осы уақытта көбінесе қажетті ылғал деңгейіндегі жоғары сапалы пісте алуды қамтамасыз ететін қолайлы ауа райы болады. Өнімді жинауға шамамен бір жарым ай уақыт кетеді. Күнбағысты басын өткір пышақпен қесу арқылы қолмен жинайды. Өте ылғалды пістелерді 8-10 күн бойы сабағының түбіріне кесілген себеттерді кигізу арқылы кептіреді. Егістіктен жиналған күнбағыстар қырманға - қоймадағы арнайы орынға жеткізіледі, ол тек екі қабырғаға орналастырылады, өйткені қойманың алдыңғы жағындағы қабырғаның

-6-

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Себу жұмыстары
Күнбағысты өсіру агротехникасы
Жамбылобылысы шу ауданы жағдайында күнбағысты негізгі зиянкестері мен ауруларынан қорғау шараларын ұйымдастыру
Күнбағыстың өсіру технологиясы
Сүрлемдік дақылдар
Тұқымды себуге дайындау
Май алынатын күнбағыс
Күнбағыс дақылын өсіру технологиясы
Күнбағыстың морфологиялық сипаттамасы және оны өсіру жолдары
Күнбағыс аурулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz