Сафуан Шаймерденов-әдеби тұлға



1. Кіріспе
2. Сафуан Шаймерденов.әдеби тұлға.
2.1. Өмірбаяны
2.2. Сафуан Шаймерденов шығармалары.
2.3. Сафуан Шаймерденов шығармаларындағы образ, мінез жəне
табиғат.
2.4. Сафуан Шаймерденов аудармалары
2.5. Марапаттаулары
3. Қорытынды
Елуінші жылдары қазақ әдебиетіне, оның ішінде проза саласына бір топ талантты жазушылар шоғыры келіп қосылды. Қазақ прозасына соғыстан кейінгі жылдары келіп қосылған майталман жазушылардың бірі Сафуан Шаймерденов өз шығармаларында адамдық асыл мұраттарды жырлап, нағыз адамгершілік жыршысына айналды. Сафуан Шаймерденов әдебиет майданына араласа бастағаннан-ақ өз шығармасының тақырыбын адамды зерттеп, тануға, оның сан қилы мінез-құлқын, толғаныс-тебіренісін, адамдық қасиетін, қоғамдық орта мен жеке адамның өзара байланысын, қарым-қатынасын көрсетуге құлаш ұрды. Өз туындыларында кейіпкерлерінің адамшылық болмыс-бітіміне ден қойып, адамгершілік парасат мәселесін шынайы шеберлікпен көтере білді.
Қазақ көркем сөзiнiң жұлдызы жарық тұғырлы тұлғаларының бiрi Сафуан Шаймерденовтiң əдеби мұрасы ұлттық əдебиетімізде қайталанбайтын қолтаңбасымен, көркемсөз өрнектерінің шеберлігімен ерекшелетіні рас. Академик З. Қабдолов жазушы туралы: «Сафуан Шаймерденовтің қаламгер ретіндегі қадірі, оның қолынан шыққан бұйымдардың өнер туындысы ретіндегі қасиеті неде? Бұл сұраққа жуап беру үшін Сафуанның суреткерлік табиғатына тəн айрықша сипаттарды атап өтпеске болмайды»,-деп жазған болатын. Сафуан Шаймерденов шығармашылығын тілге мұқият адам, талғампаз адам, мəдениетті жазушы, сыршыл суреткер деп академик З. Қабдолов бағалайды. Жəне де ұлы ұстаздың жазушыға берген бағасы өте дəл, өте орынды екені оның шығармаларымен сусындаған сайын көз жеткізе түсуге болады.
Халықтың қалаулысы атану – екінің біріне бұйырмайтын бақыт. Көркем ойымен, көсем сөзімен ұлттың көкейіндегісін көксейтін күрескер адамды әлеумет әспеттеп, сүйетінінің сыры осындай тұлғаның халықтың мұңын мұңдап, сөзін сөйлеуінде. Мұндай қасиет, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Петропавл қаласының Құрметті азаматы Сафуан Шаймерденовтің тұла бойынан танылды. Сафуан ағамыздың 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі, ұлттық тіл мәртебесін нығайту, дәстүр – салттарымызды ұлықтау орайындағы күрескерлігі оның халық жүрегінен орын алған тұлғасын барша алашқа мәшһүр етті.
«Сафуан Шаймерденов айтар сөзін ешкімнен жасқанбай айта білетін, тура жүріп, тік тұратын адал азамат еді», - деп жазды досы қайтыс болған 2007 жылғы ақпанда республикалық «Айқын» газетінде Тұрсынбек Кәкішев.
Өмір шындығы мен әдеби шындық… Шындығына келгенде, өмір шындығы өнер өзегі екені рас, бірақ ол қаймағы бұзылмаған қаз-қалпында көркемдік шындыққа айнала бермейді. Жазушы өмірдің шындығын реализмнің негізгі заңы типтендіру принциптеріне сәйкес көркем шындыққа айналдырудың көркемдік тәсілін жақсы білуі керек. Типтендірілген көркем шындық, яғни реалистік шығарма – өмірде болмаған немесе болуы мүмкін беймәлім жағдайлар мен бейтаныс характерлерді нақты өмір шындығындағы таныс оқиғалар мен белгілі адамдардан әлдеқайда әсерлі әрі нанымды көрсету деген сөз. Өйткені көркем шығарма – өмір шындығының нақты көшірме көрінісі емес, қайта көркем шындық өмір шындығының типтендірілген концептуальдық көрінісі. Көркем шығармадағы таныс-бейтаныс характерлер өмірдегі беймәлім жағдайлар мен құбылыстар туралы жазушы жауабы. Көркем туынды жазушының көрген-білгенінің, естіген-жиғанының, оқыған-тоқығанының композициялық жүйеге түскен жиынтығы емес, өмір туралы философиялық ойының концепциясы болуға тиіс. Сондықтан да типтік өмір шындығын тікелей жазу бар да, беймәлім өмір шындығын типтендіріп жазу бар екендігін ұмытпаған жөн. Мұның біріншісі жалпыға мәлімді жалпылама жазу болса, екіншісі, жалқыны жалпыға айналдырып жазу, яғни жалқыдан жалпыға айналатын әлеуметтік шындықты көрсету деп білеміз.
1. Жыры-сыры жүрегінде жазылған акын /Ұсынылатын библиографиялық көрсеткіш С.Шаймерденов- 85 жылдығына/ Петропавловл , 2007

2. Шындалиева Меңдігүл. Журналистика жанрларының пішіндері мен функциясы. Оқулық. Астана, 2012

3. Сайын Шаймерден. Сафуан Шаймерденов шығармаларындағы образ, мінез жəне табиғат («Мезгіл» хикаясы мысалында) ҚАЗҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010

4. Нурекешова Гульназ Рахметбековна. С.ШАЙМЕРДЕНОВ ПОВЕСТЕРІНДЕГІ КЕЙІПКЕРЛЕРДІҢ АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРІНІҢ МӘДЕНИ СИПАТЫ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті http://group-global.org

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Кіріспе
2. Сафуан Шаймерденов-әдеби тұлға.
2.1. Өмірбаяны
2.2. Сафуан Шаймерденов шығармалары.
2.3. Сафуан Шаймерденов шығармаларындағы образ, мінез жəне
табиғат.
2.4. Сафуан Шаймерденов аудармалары
2.5. Марапаттаулары
3. Қорытынды

1. Кіріспе
Халқымыздың аяулы перзенті,
қазақ көркем сөзінің жұлдызы
жарық,тұғырлы тұлғаларының бірі
Сафуан Шаймерденовтің ардақты бейнесі
ел жүрегінде әрқашан сақталады.
Қазақстан Жазушылар одағы.

Елуінші жылдары қазақ әдебиетіне, оның ішінде проза саласына бір топ талантты жазушылар шоғыры келіп қосылды. Қазақ прозасына соғыстан кейінгі жылдары келіп қосылған майталман жазушылардың бірі Сафуан Шаймерденов өз шығармаларында адамдық асыл мұраттарды жырлап, нағыз адамгершілік жыршысына айналды. Сафуан Шаймерденов әдебиет майданына араласа бастағаннан-ақ өз шығармасының тақырыбын адамды зерттеп, тануға, оның сан қилы мінез-құлқын, толғаныс-тебіренісін, адамдық қасиетін, қоғамдық орта мен жеке адамның өзара байланысын, қарым-қатынасын көрсетуге құлаш ұрды. Өз туындыларында кейіпкерлерінің адамшылық болмыс-бітіміне ден қойып, адамгершілік парасат мәселесін шынайы шеберлікпен көтере білді.
Қазақ көркем сөзiнiң жұлдызы жарық тұғырлы тұлғаларының бiрi Сафуан Шаймерденовтiң əдеби мұрасы ұлттық əдебиетімізде қайталанбайтын қолтаңбасымен, көркемсөз өрнектерінің шеберлігімен ерекшелетіні рас. Академик З. Қабдолов жазушы туралы: Сафуан Шаймерденовтің қаламгер ретіндегі қадірі, оның қолынан шыққан бұйымдардың өнер туындысы ретіндегі қасиеті неде? Бұл сұраққа жуап беру үшін Сафуанның суреткерлік табиғатына тəн айрықша сипаттарды атап өтпеске болмайды,-деп жазған болатын. Сафуан Шаймерденов шығармашылығын тілге мұқият адам, талғампаз адам, мəдениетті жазушы, сыршыл суреткер деп академик З. Қабдолов бағалайды. Жəне де ұлы ұстаздың жазушыға берген бағасы өте дəл, өте орынды екені оның шығармаларымен сусындаған сайын көз жеткізе түсуге болады.
Халықтың қалаулысы атану - екінің біріне бұйырмайтын бақыт. Көркем ойымен, көсем сөзімен ұлттың көкейіндегісін көксейтін күрескер адамды әлеумет әспеттеп, сүйетінінің сыры осындай тұлғаның халықтың мұңын мұңдап, сөзін сөйлеуінде. Мұндай қасиет, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Петропавл қаласының Құрметті азаматы Сафуан Шаймерденовтің тұла бойынан танылды. Сафуан ағамыздың 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі, ұлттық тіл мәртебесін нығайту, дәстүр - салттарымызды ұлықтау орайындағы күрескерлігі оның халық жүрегінен орын алған тұлғасын барша алашқа мәшһүр етті.
Сафуан Шаймерденов айтар сөзін ешкімнен жасқанбай айта білетін, тура жүріп, тік тұратын адал азамат еді, - деп жазды досы қайтыс болған 2007 жылғы ақпанда республикалық Айқын газетінде Тұрсынбек Кәкішев.
Өмір шындығы мен әдеби шындық... Шындығына келгенде, өмір шындығы өнер өзегі екені рас, бірақ ол қаймағы бұзылмаған қаз-қалпында көркемдік шындыққа айнала бермейді. Жазушы өмірдің шындығын реализмнің негізгі заңы типтендіру принциптеріне сәйкес көркем шындыққа айналдырудың көркемдік тәсілін жақсы білуі керек. Типтендірілген көркем шындық, яғни реалистік шығарма - өмірде болмаған немесе болуы мүмкін беймәлім жағдайлар мен бейтаныс характерлерді нақты өмір шындығындағы таныс оқиғалар мен белгілі адамдардан әлдеқайда әсерлі әрі нанымды көрсету деген сөз. Өйткені көркем шығарма - өмір шындығының нақты көшірме көрінісі емес, қайта көркем шындық өмір шындығының типтендірілген концептуальдық көрінісі. Көркем шығармадағы таныс-бейтаныс характерлер өмірдегі беймәлім жағдайлар мен құбылыстар туралы жазушы жауабы. Көркем туынды жазушының көрген-білгенінің, естіген-жиғанының, оқыған-тоқығанының композициялық жүйеге түскен жиынтығы емес, өмір туралы философиялық ойының концепциясы болуға тиіс. Сондықтан да типтік өмір шындығын тікелей жазу бар да, беймәлім өмір шындығын типтендіріп жазу бар екендігін ұмытпаған жөн. Мұның біріншісі жалпыға мәлімді жалпылама жазу болса, екіншісі, жалқыны жалпыға айналдырып жазу, яғни жалқыдан жалпыға айналатын әлеуметтік шындықты көрсету деп білеміз.
Өз туындыларында суреткер адамгершілікке құрылған көркем тартыс арқылы замандас келбетін айқын бейнелей отырып, әрқайсысының іс-әрекеттері, өмірдің түрлі сан қилы ситуацияларына тап болған кездегі мінез даралықтары арқылы біртұтас сюжеттік желі жасайды. Сондай-ақ, жазушы повестерінде оқиғамен, характермен қатар өріліп отыратын нәзік лиризмнің шығарма шырайын әрлендіріп тұрғанын айтпасқа болмайды. Сыршыл суреткер шығармаларындағы таза да тұнық, жылы шуақ оны басқа қаламгерлерден өзгешелендіріп тұратын бір даралығы болса керек. Тұтастай алғанда адамдар арасындағы байланыстардың сыры мен бағытын бейнелеудің амалы сан алуан екенін жазушы Сафуан Шаймерденов шығармалары анық көрсетеді.
Осы бір адамгершілік атты парасатты ұғым арқылы тіршіліктің мән-мағынасын ұғамыз, заманның да, адамның да құдіреттілігін танимыз. Өйткені, адамгершілікке негізделген жерде не нәрсеге де құдірет даритындығы мәлім. Ал енді өмірдегі сорақы құбылыстарды анықтап, айғақтап беру арқылы жамандықтан сақтандырудағы әрі онымен күресуге үндеудегі әдебиеттің ролі тіпті айрықша. Бұл жалпы әдебиет атаулының адам тәрбиелеудегі және адамгершілік байлықты молайтудағы ең негізгі эстетикалық, этикалық міндеттерімен тікелей байланысты. Қысқасы, қоғамдағы орны бөлек орасан дүние адамгершілік байлықтың ортаймауына жауап беретін бірден-бір рухани күш әдебиет болып келген, солай болып қала береді де.
Ал адам бойындағы адамгершілік байлықтың - шын мәніндегі ең үлкен қоғамдық рухани байлықтың азая бастауын ешбір табиғи қазына байлықтың молдығымен алмастыруға болмайды. Бұл жердің үлкендігі халықтың рухани мәдениетінің үлкендігіне кепіл бола алмайтындығына немесе халықтың ұлылығы санының көптігімен өлшенбейтіндігіне ұқсас нәрсе.
Сафуан Шаймерденов творчествосы тарихи тақырыптардан гөрі бүгінгі өмір тіршілігін, замандастар бейнесін жасауға бейім. Алғашқы романынан бастап-ақ автор осы мәселелерге назар аударып, көкейкесті проблемаларды жазуға жиі тоқталып келеді. Жаңа адамның қалыптасу процесіне зерделі зейін қойып, көркемдік безбеніне салады.
С.Шаймерденов шығармаларында адамдар арасындағы тартыс та, кейіпкерлердің жан-дүниелеріндегі қайшылықтар да, сезім иірімдері де адамгершілікті насихаттауға құрылған. Автор повестерінің жазушының өз жүрегімен сезінген өмірлік құбылыстардан бастау алғаны сөзсіз. Кейіпкерлерін осылайша өмірдің түрлі ситуацияларында көрсетіп, оларды адамгершілік пен ар безбеніне салып, ішкі сырларын психологиялық тереңдікпен суреттеген шығармаларының қай-қайсысын да сәтті туындылар қатарына жатқызамыз. Әрқашан адамгершіліктің биік мұраттарын жырлап, өз замандастарының жан сұлулығын, рухани байлығын суреттеу тек қана азаматтық позициясы айқын, мәдениетті де сарабдал, талғампаз жазушының қолынан келетіндігі дау туғызбайды.

2. Сафуан Шаймерденов-әдеби тұлға.

2.1. Өмірбаяны
Сафуан Шаймерденов 1922 жылы 15 сәуірде Солтүстік Қазақстан облыс, Преснов ауданы (қазіргі Жамбыл ауданы), Аманкелді ауылында шаруа отбасында дүниеге келген.
Орта мектепті бітірген соң, біршама уақыт өз ауылының орталау мектебінде мұғалім болды. Армия қатарында қызмет атқарды. 1942-1943 жж. Преснов аудандық комсомол хатшысы, 1945 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне түсіп, үздік бітірген. 1943-49 жж. Солтүстік Қазақстан облыстық "Ленин туы" газетінде әдеби қызметкер, 1950 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін үздік бітірді.
1950-52 жж. "Лениншіл жас" газетінің Қарағанды облысы бойынша тілшісі, 1952-55 жж. "Жұлдыз" журналының бөлім меңгерушісі, редакторының орынбасары, 1955-56 жж. "Қазақ әдебиеті" газеті редакторының орынбасары, 1956-60 жж. "Мәдениет және тұрмыс" журналының проза секциясының меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, 1961-63 жж. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, 1971-76 жж. Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің репертуарлық коллегиясының бас редакторы болып істеді.
1976 жылдан бастап шығармашылық жұмыспен айналысты.
23 ақпанда 2007 жылы қайтыс болған.

2.2. Шығармалары
Болашаққа жол атты алғашқы романы 1953 жылы жарық көрді. Бұл туынды кейін Инеш деген атпен орыс тіліне аударылды. Өмір нұры атты повестер цикліне тақырыбы, идеясы жағынан өзекті бір желі, бір нысанға бағындырылған алты повесть- Мезгіл, Қарғаш, Өмір нұры, Ит ашуы, Мәжүнін тал кіреді. Олар шетел тілдеріне әлденеше рет аударылған. Сафуан Шаймерденов әдебиет пен өнердің астасқан жері драматургияға да өзіндік үлесін қосқан жазушы. Оның Дөкей келе жатыр, Әнім сен едің, Қайдасың, Зарина?, Қыр гүлі, Әсия жағалар, Марғау, Төрт бойдақ, бір қыз, Өкіл әке, Түйе көтерген, Аруана дүние т.б. пьесалары кезінде театр сахналарында, пьесалары көптеген қазақ театырларының сахнасында үздіксіз қойылып келеді.

Сондай-ақ, қаламгер творчествосына зер салғанда бір нәрсе айқын көрінеді. Ол - бір-біріне ұқсамайтын әйелдер образы. Мезгіл повесіндегі 20-жылдардың өзгелер үшін өзегін суырып беретін Бибігүлі, 40-жылдардағы қазақ ауыл өмірінен жазылған Қарғаш повесіндегі паңдығы мен тағдырының қызықтылығымен тартатын Қарғаш, университет өмірінен жазылған Инеш романындағы сұлулық пен еркіндіктің бейнелерін беретін, өзгеге ұқсамайтын Инеш, 60-жылдардағы ауыл өмірін суреттейтін Мәжнүн тал повесіндегі алғыр да білгір, терең ойлы Әспет бейнелері көз алдымызда тұр. Олардың қай-қайсысы да оқырманын ынтықтыратын тартымды образдар. Қазақ өмірінің 20-70-жылдардағы, яғни жарты ғасырлық өмір тіршілігін, өзгеріп, көркейе қалыптасып келе жатқан біртұтас әйел типтерін көреміз.

Біз жазушының шындықты жазудан қаймықпаған батылдығына қайран қалатынымыз анық. Сонау бет терісіне тырнақ батпайтын тоқырау заманының өзінде оның осы Мезгіл повесінде асыра сілтеу көріністерін шындықтың қамшысы осып өткендей. Ауыл белсенділерінің, оның ішінде Қаһар Жүсіптің әңгіртаяқ әрекетін автор ашына әшкерелейді. Біз бұл кейіпкер жөнінде келесі тарауда да айтатын боламыз. Қаһар Жүсіптің елді жәбірлеп, үйін тінтіп, астан-кестеңін шығарғаны, қолына түскеннің бәрін де сыпырып алып, кеңсеге қарай аттандыра беретіні, мұнымен де тынбай елді зар қақсатып, қора мен шошаласындағы азын-аулақ ұн шыққан, қарынға салған майы мен ет шыққан үйді тайлы-тұяғымен жауапқа тартқаны - нағыз шаш ал десе, бас алатын басшының қатігездік бейнесі. Ел тартатын азап пен жазада толас жоқ. Суық шошалаға қамалған талай ана мен балалардың жан тапсырғаны оны ойлантпайды да. Мезгілдің ойымен айтсақ: Өзі қонақтап отырған бұтақты аралаған Қаһар Жүсіпті не деуге болады? Қарғыстың қандайы бар оған лайық? Хайуан дермісің, мал дермісің?. Сөйтіп, аласапыран дәуірдің үрейлі дүбірі де жазушы өзі бастан кешкен оқиға ретінде шынайы суретін тапқан.
...Адамгершілік қасиет жеке адамның ғана басындағы емес, жалпы қоғамның да қордалы байлығы. Ал оның белгілі бір адамдар бойындағы аздығынан айналасындағы адамдарға ғана емес, қоғамға да тиетін кесірі көл-көсір. Олай дейтін себебіміз, бір кесірлі адамның көп адамға тиетін зиянының шексіз болатындығын еске алсақ, адамдық қасиеті тапшы бір адамнан көп адам зор зардап шегуі мүмкін. Мәселен, тарихта ойы олақ, сезімі шолақ оспадар бір адам соғыс бастап отырған да, ал қарапайым халық бостан босқа қырылып, шығынға ұшырап келген ғой. Халық еш уақытта соғыс бастамаған, тек жекелеген соғысқұмар сойқандардың кесірінен келеңсіз кесапатқа душар болып отырған. Ондайлар көктен түспеген, олар да анадан туған, тек олардың қанында адамға деген сүйіспеншіліктің орнына, керісінше, жамандылыққа бағытталған қараниеттілік сезім басым келеді екен. Міне, бұл жағдай теориялық тұжырым ғана емес, өмірдің өзі дәлелдеген, ғылым растаған тарихи нақты фактілердің негізінде айтылып отыр. Демек, бұдан шығатын қорытынды: адамға деген сүйіспеншілік сезімі жоқ, яғни бойында адамгершілігі жоқ адамның қолына билік тиюі, былайша айтқанда, қауіпті қару тиюінен асқан ақ ниетті адамдарға қатер жоқ екен! Сондықтан да ең қауіпті адам ар-ұяттан ада, адамгершіліктен жұрдай адам... Бар жаманшылық атаулыны солардан ғана күту керек.
Шығарманың идеялық мазмұны өте терең. Ұлттық трагедияны көрсетудегі автор идеясы халықтың өткені мен бүгінін сабақтастыра суреттеу барысында айқындалады. Повестегі Қойшыбай, Бибігүл, Мезгілдер - бәрі де әділетсіз қоғам құрбандары, жазықсыз жапа шеккендер. Жазушы алапат аштықты, зобалаң нәубет қасіретін айта отырып, ұлт тағдырындағы ауыр қасіретін, себеп-салдарын көрсетеді, шығармада қарапайым жанның қоңырқай тіршілігі арқылы заман шындығы мен уақыт бедері танылып, таразыланады. Әділетсіз, қуғын-сүргін жайлаған қоғамның әрбір адамға, әрбір тағдырға салар салмағы ауыр болады. Адамның адамдығы сыналар тұс осы. Адам мінезіндегі өзгеріс сапасы барлық адамдарда бірдей емес. Олар өмірде адамгершілік таразысы арқылы сыналады. Жазушы Бибігүлдің характерін ұтымды детальдармен көрсете алған. Мезгіл повесінен өмір мен өлім бетпе-бет келген алапат аштық кезінде де, сондай сорақы нәубет тұсында да ауыл тұрғындары арасында, қалың қазақ орналасқан ортада мейірімділік, ата-аналық борышқа адалдық, сын сағатта жасы үлкеннің кішіге, әлсізге жәрдем беруге даяр тұратыны сияқты айрықша қасиеттер көрінеді. Көркем сөз қуатымен бейнелеуді негізгі нысана еткен авторлық мүдде-мұрат айқын аңғарылады. Оны тек аңғартып қана қоймай, сол өзекжарды ойдың өгей шеше Бибігүл бейнесі түрінде тиянақты суреттелгеніне көз жеткіземіз.

С.Шаймерденов повестеріне, атап айтқанда, Жыл құсы, Мезгіл, Өмір нұры, Қарғаш, Ит ашуы, Мәжнүн талға отызыншы-алпысыншы жылдар арасындағы қазақ ауылындағы жаңа өзгерістер, жаңа ұғым мен сананың туу, қалыптасу процестері арқау болып тартылған. Повестер айтар идеясымен ойына сай көркемдік шешім тапқан. Образдар мен характерлер уақыттың адамға артар ауыр жүгі арасынан өрбіп, дамиды. Сол үшін де болар, өгей шешесіне туған анасындай қарап, құрақ ұшқан Мезгіл бейнесі де, алғашқы махаббаттың көз жасына іліккен Қарғаш та көңіліміздің бұлтарысы жоқ ыстық ықыласына бөлене кетеді. Тіпті күнде жұмыр жердің ақ таңын бірге қарсы алып жүрген әрбір танысымызды ұшыратқандай боламыз. Повестердің оқырманға берер әсері үлкен. Айтары: Күн барда көлеңке бар, өмір қуанышымен де, қайғысымен де әдемі, тек өмірді сүйе білу керек....
Иә, жазушының қай шығармасын алмайық, оның кейіпкерлері арасында өмірде кездесетін барлық адамдар психологиясы бар. Сол өмір шындығын, адам мінезін бейнелеуде, көркемдік тәсілді қолдануда, көркемдік шешім табуда, тақырып таңдауда жазушы қаламының даралығы аңғарылады.
Жазушы сексенші жылдары да повесть жанырын бұрынғы өрінен де биікке көтерді. Бұл жылдары қаламы жорғалаған туған тілдің жүйрігіне арналған жазушы әдебиетімізде ерекше аталатын бірнеше повестермен оқырмандарымызды тағы да сүйсіністті. Сафуан шығармашылы ғында кейінгі жылдары жазылған Ағалардың алақаны атты әңгімелер повестер жинағы өз алдына бір төбе. Жазушыға Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықты алып берген бұл кітабы қалың оқырманына бір- ақ сәтте тарап кеткені сондай жақсы кітап сөреде жатып қалмайды деген шындыққа көзіңді жеткізеді.
Жазушының 1987 жылы шағын эсселер мен естеліктерден құралған Ағалардың алақаны атты кітабы жарық көрді. Осылайша біздің әдебиетімізде роман, повесть, тамаша әңгімелерімен бірден бой көрсеткен Сафуан Шаймерденовтың зерттеуші, шығармашылыққа бағытталған терең ойлы әдебиетші екендігіне Әдеби толқындар кітабы дәлел бола алады. Бұл кітаптан әдебиетімізге деген жауапкершілікті айрықша сезінеміз. Сапалы туындылардың иесіне айналған Сафуан Шаймерденов шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі орны ерекше. Қаламгер елдегі қоғамдық мәселелерге де үн қоса білген. Айталық, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы, туған тілдің қазіргі хал-ахуалы, оның мемлекеттік жайы - жазушы қаламының ұшқырлығын дәлелдеген. Сонымен қатар Сафуан Шаймерденов - жас әдебиетшілерді тәрбиелеуге көп уақытын бөлген жазушы. Әсіресе, елуінші-алпысыншы жылдардағы оның сын-мақалаларын оқи отырып, қаншалықты әдебиетке жанашыр болғандығын байқауға болады. Әдебиетіміздің бүгінгі аға буынына айналған Қалихан Ысқақов, Әкім Тарази, Софы Сматаев, Сайын Мұратбеков сияқты танымал жазушыларымыздың алғашқы қадамынан-ақ танып, жол көрсете білген - жаны ізгілікке толы әдебиет қолдаушысы Сафуан Шаймерденов болатын. Повестеріндегі басты кейіпкерлер Қарғаш, Лезбай, Бағдан мен Әспет, Сапар - өз замандастарының мұңы мен қуанышының айнасы іспеттес. Оның Ит ашуы шығармасын оқу барысында адам жанын жетік білетін, жан сұлулығын ардақтайтын суреткер екендігіне көзіміз жетеді. Көзқарасының сергектігі, өмір құбылыстары туралы ой-тұжырымдары Сафуан Шаймерденовтың өзіндік ерекше шығармашылық қабілетін танытты, жақсы мінез-құлықты, адамгершілікті аялай білетін қаламгер екеніне сендіре білді. Дарынды жазушының шығармасында адам тағдыры, оның жеке бас ерекшелігі, азаматтық, адамгершілік тұлғасы алдыңғы қатарға шықты. Бір сөзбен айтқанда, Сафуан Шаймерденов - жақсылық пен жамандық, ізгілік пен адамгершілік тұрғысынан еңбек еткен тұлға. Оның шығармасындағы кейіпкерлер шындық пен әділдік іздеп шарқ ұрған тұлғасы арқылы өз кезеңінің сипатын аңғартады. Жазушы адам характерін ашу жолында лиризм мен психологизмді нәзік ұштастыра білген. Осы мүддеден шыға білу жазушыдан үлкен шеберлікті талап етсе керек. Оның адамгершілік мәселесіне аса ден қойып, адамның ішкі рухани әлемін психологиялық шеберлікпен суреттеуге ұмтылуы әдебиетте әлеуметтік-психологиялық повестердің бой көтеруіне игі әсер етті.
Көркем очерктегі көркем шындық жолдары әр алуан және мемуарлық очерктерде де жазушы таланты күшті болған жағдайда ғана, көркемдік шындық та сондай өреден көріне алады. Демек, Сафуан Шаймерденовтің Ағалардың алақаны атты кітабындағы естелік түрінде жазылған мемуарлық очерктері әртүрлі тақырыпқа арналған, онда өзі өмір сүрген дәуір, оның қаһармандары жанды, табиғи қалпымен көз алдымызда қалады. Кітаптың екінші тарауы Қитұрқысы жоқ бірқақпайлар деп аталып, оған жеке адамдар мен автордың басынан кешкен қызықты оқиғалар арқау болған. Қазақ халқының атақты жазушы-ақындары мен әншілері туралы қысқа-қысқа қызғылықты әңгімелер осы өнер адамдарының кейбір өмір көріністерін қадау- қадау елестеткен, өздеріне ғана тән ерекшеліктерді дөп басып, нанымды әңгімелейді.
Сафуан Шаймерденовтің Ағалардың алақаны кітабында М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Б.Момышұлы тағы басқа ақын-жазушылар туралы есте қалған оқиғаларға құрылған мемуарлық көркем очерктері қамтылған. Бұл кітапта автор өмірдегі көрген-білгендерін, естігендерін өз очерктеріне арқау ете отырып, ұтымды штрихтар, адамның ішкі сырлары, мінез-құлқындағы ерекшеліктері туралы философиялық түйіндеулерге негіздеген. Бір таба нан атты алғашқы очеркінде жазушының балалық шағы, әкесінің аралас болған адамдарымен қарым-қатынасы, өскен ортасы туралы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СӨЗ ҚОЛДАНУ МӨДЕНИЕТІ
Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті
Соғыстан кейінгі жылдары очерктерден құрастырылған жинақтар
Кемеңгер қаламның құдіреті ( Ғ. Мүсіреповтің туғанына 105 жыл толуына арналған )
Лирикалық проза
Хамза Ихсанұлы Есенжановтың өмірі мен шығармашылығы
Шығарманың образдар жүйесіне талдау
Төлеген Қажыбаевтың драмаларындағы мінез
Балалар әдебиетінің бәйтерегі: Б.Соқпақбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған әдістемелік құрал
ШАҒЫН ПРОЗАДАҒЫ АУЫЛ ӨМІРІ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МІНЕЗ
Пәндер