Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрының құқықтық мәселелері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Диссертациялық зерттеуде Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрының құқықтық мәселелері кешенді түрде зерттелген, яғни мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі мен шарттары, оның мемлекеттік реттеуде алатын орны мен маңыздылығы қарастырылды, мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ұйымдық - құқықтық қызметі және олардың қызметін жетілдіру мәселелері, мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді реттейтін қолданыстағы заңдарды жетілдіруге бағытталған ұсыныстар жасалынған.
Диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Қазақстан аса бай жер-ресурстық әлеуетті иелене отырып, оларды пайдалануға ерекше көңіл бөліп, әлемдік тәжірибеге сүйене отырып жер ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау стратегиясын бекітіп, елдің нарықтық экономика жағдайларына байланысты жер қатынастарын жетілдіру қажет. Нарық жағдайында жер ресурстарын басқару жер қатынастар жүйесінің социалистік түрімен ерекшеленеді. Алғашқы кезде жер мемлекеттің айрықша меншік құқығында болып, жер қатынастарының тек бір түрі - жер пайдалану ғана танылған. Жер жер пайдаланушыларға ақысыз беріліп, салық салынбайтын, жер учаскесі жылжымайтын мүлік мәртебесіне ие болмаған, жерді жалға алуға тыйым салынған. Демек, жерге жеке меншік құқығы, жер пайдаланудың ақылылығы, азаматтық және нарықтық айналымға жер учаскесін енгізу сияқты мәселелер заңдарда көрініс таппаған. Жоғарыда көрсетілген объективті факторлар жер ресурстарын басқару әдістері мен қағидаларын өзгерту және осы салада зерттеу жүргізу қажеттілігін негіздейді.
Нарықтық қатынастардың дамуы және нарық айналымына жер учаскелерін енгізу, экономиканы мемлекеттік басқарудың дамуы жердің физикалық, экономикалық, құқықтық сипаттамасына негізделген фискалдық құралдардың дамуын (салық салу, жалға алудың төлемі), жерді есепке алу саласындағы қызметті жетілдіруді талап етіп отыр. Мұндай есепті жүргізуді мемлекеттік жер кадастры жүзеге асырады. Бүгінгі күнде қазіргі талаптарға сай кадастрлық жүйенің және заңдылығының қалыптасу процесі, табиғи ресурстар кадастрларының құрылуын жүргізуді реттейтін қоғамдық қатынастар қалыптасу үстінде.
Жер туралы, жер учаскесінің меншік иелері және жер пайдаланушылар туралы толық, нақты және жедел ақпарат жер саясатын жүзеге асыруға көмектесіп, жер және өзге де реформалардың жүзеге асуын бақылауға, жерді пайдалану және қорғауды реттеу және қадағалауға мүмкіндік береді,
Жер қатынастарындағы болып жатқан өзгерістер жер кадастрының функционалдық міндеттерін өзгерту қажеттілігін тудырады. Бұл мәселе жердің аумақтық кеңістік, табиғи ресурс және негізгі өндіріс құралы қызметін сақтай отырып жылжымайтын мүлік мәртебесіне ие болуына байланысты. Бұл жағдайда әрбір жер учаскесі заңды түрде жылжымайтын мүлік мәртебесіне иеленіп жеке және заңды тұлғалардың мүліктерінің құрамына енуі керек.
Сондықтан, жер нарығының дамуына үлесін қосатын, фискалдық саясатты (салық салу және өзге де жер төлемдерін алу) және жер ресурстарын басқаруды жүзеге асыруға негіз болатын қазіргі заманға сай жер кадастры қажет. Яғни, нарықтық қатынастар жағдайында мемлекеттік жер кадастры жүйесіне және бірінші кезекте жер учаскелерін тіркеу және олардың кадастрлық бағасын анықтауға қойылатын талаптар қатаңдылығы. Сондықтан, мемлекеттік жер кадастры жаңа жер құрылысына, және жер қатынастарына негізделіп құрылуы керек. Демек, әлемдік талаптарға сай келетін мемлекеттік жер кадастрын қалыптастыру өзекті мәселе болып табылады.
Мемлекеттік жер кадастры мемлекеттік тіркеу, жердің кадастрлық құнын анықтау, бағалау қызметінде маңызды рөл атқарады.
Зерттеудің өзектілігі Қазақстан Республикасының жер кадастрлық қатынастарын құқықтық реттеу бүгінгі жер құқығы теориясында кешенді және толық зерттелмеумен түсіндіріледі. Ішкі мемлекеттік заңдылықтың ақтаңдақтары, қарастырылған мәселе бойынша кешенді ғылыми зерттеулердің болмауы, зерттеу тақырыбын таңдауды негіздеді, жұмыстың мазмұнын және құрылымын, міндеттерін, мақсаттарын анықтады.
Жұмыстың теориялық негізіне құқық теориясы, экологиялық, табиғи ресурстық, азаматтық және жер құқығы мәселесі бойынша жүргізілген заңгер-ғалымдардың еңбектері пайдаланылды: С. Б. Байсалов, А. Е. Бектұрғанов, Д. Л. Байдельдинов, Б. Ж. Әбдірайымов, Н. Б. Мұхитдинов, И. В. Амирханова, А. Е. Еренов, Ж. Х. Қосанов, А. Х. Хаджиев, С. Т. Культелеев, Ш. Б. Серикбаева және т. б.
Зерттеу жүргізу барысында табиғи ресурстар кадастры және жер кадастры мәселесіне арналған ғылыми зерттеулер қарастырылды. Ресей ғалымдары Е. Н. Колотинская, И. В. Дегтярев, Л. И. Осипов, Т. П. Магазинщиковтың еңбектері қаралды. Бірақ, жоғарыда көрсетілген зерттеулер кеңес уақытындағы заңдылық негізінде, яғни табиғи ресурстарға айрықша мемлекеттік меншік және ақысыз пайдалану жағдайларында жүргізілген. Зерттеу жүргізу аясында қазақстандық ғалым А. Н. Алчинбаеваның табиғи ресурстар кадастрына арналған зерттеуі қолданылды, бірақ аталған еңбек жалпы табиғи ресурстарға арналған және жер кадастрының мәселелерін жете зерттемеген. Демек, жер кадастры қызметі аясындағы құқықтық мәселелерді зерттеуге арналған кешенді зерттеу жүргізуді қажет етеді.
Диссертациялық зерттеудің мақсаты кадастрлық қызметті жүзеге асыру, жалпы теориялық сұрақтарды талдау, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласындағы әрекет етуші заңдылықты анық білу, оның кемшіліктерін анықтау, ұсыныстар мен тұжырымдар дайындау, қоршаған ортаны қорғау мен табиғат қорларын пайдалану саласындағы кадастрлық қызметті қалыптастыруға бағытталған зерттеу жүргізу болып табылады.
Зерттеудің міндеттерін қойылған мақсатқа сәйкес мыналар құрайды:
· жер кадастрлық құқықтық қатынастардың түсінігін, мазмұнын және жер құқықтық қатынастарымен ара-қатынасын анықтау;
· мемлекеттік жер кадастрлық құқықтық қатынастардың объектілері мен субъектілерін жіктеу және сипаттама беру;
· қазіргі құқық жүйесіндегі мемлекеттік жер кадастры құқық нормаларының алатын орнын анықтау;
· мемлекеттік жер кадастрын жүргізу және ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік уәкілетті органдардың қызметін зерттеу және оларды жетілдіру жолдарын ұсыну;
· мемлекеттік жер кадастры қызмет саласындағы халықаралық әріптестікті құқықтық қамтамасыз ету мәселесін талдау.
Зерттеу объектісі жер пайдалану мен қорғау саласында кадастрлық қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастар болып табылады.
Зерттеу пәні ретінде мемлекеттік жер кадастрын жүзеге асырудың құқықтық механизмі танылады.
Диссертациялық зерттеудің әдістемелік негізіне мемлекет пен құқық туралы ілімдер, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережелері, жер қатынастары саласындағы конституциялық ережелер қызмет етеді. Диссертация нәтижелеріне қол жеткізу үшін ғылыми-танымдық сипаттағы салыстырмалы-құқықтық, қисындық, жүйелілік, тарихи және басқа да әдістер қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Диссертацияның ғылыми жаңалығы зерттеудің мақсаты және міндеттерімен тығыз байланысты. Ұсынылып отырған жұмыс Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастар жағдайында, отандық және шетелдік тәжірибесін ескере отырып жер кадастрлық қатынастарды құқықтық реттеу мәселелерін кешенді түрде, монографиялық деңгейде алғаш рет зерттелген еңбек болып табылады.
Жұмыстың жаңалығы жер кадастры жер қатынастарын реттеудің тәсілі, жер құқығының институты, табиғи ресурстар кадастрының құрамдас бөлігі ретінде танылып отырғандығымен көрінеді. Жер кадастры нормалары, жер кадастрлық құқықтық қатынастары, мемлекеттік кадастрлық қызмет және басқа да терминдердің мазмұны ашылып, жер кадастрын жүргізу қызметін реттейтін заңдарға жаңа қағидалар мен нақты өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар берілген.
Қорғауға ұсынылып отырған тұжырымдар.
1. Жер кадастрлық құқықтық қатынастар дегеніміз - жер құқығының нормаларымен реттелген, жер кадастрын жүргізу, яғни жер туралы кадастрлық мәліметтерді жинау, өңдеу, сақтау және оларды мүдделі тұлғаларға беру кезінде туындайтын қоғамдық қатынастардың ерекше құқықтық нысаны. Бұл қатынастардың объектісі жер болғандықтан мемлекеттік жер кадастрын жүргізу қатынастары жер құқық қатынастары тобына жатады. Демек, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу қатынастары жер кадастрлық қатынастар тобын құрайды. Жер кадастрлық құқықтық қатынастар өздеріне тән объектісі, субъектісі, қағидаларымен, мазмұнымен, жүзеге асыру механизмімен ерекшеленеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрының объектісіне, жер құқық қатынастарының субъектілері атына бекітілген, оқшауланған шекарадағы жер мен жекелеген жер учаскелері жатады.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастры - бұл жүйеленген, тұрақты түрде толықтырылып отыратын Қазақстан Республикасының жер қорының сандық және сапалық жағдайы туралы мәліметтер жүйесінің негізінде қалыптасатын, жер учаскелерін бағалау, тіркелетін жер учаскелер тізілімін жасау, мемлекеттік жер кадастрлары туралы мәліметтер жеткізу, кадастрлар туралы мәліметтерді пайдалану және басқа да қажетті мәліметтерді енгізу жүйесі болып табылады.
3. Мемлекеттік жер кадастры табиғи ресурстар кадастрының құрамдас бөлігі бола отырып, құқықтық кадастр, мемлекеттік қала құрылысы кадастрымен тығыз байланыста болады. Егер құқықтық кадастр жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеудiң бiрыңғай мемлекеттiк тiзбесi ретінде түсіндірілсе, нарық жағдайына енуге байланысты жер жылжымайтын мүлік объектісінің мәртебесіне ие болды. Мемлекеттік қала құрылысының кадастры аумақтардың, ғимараттардың және құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының және абаттандыру бөліктерінің жай-күйi туралы, сондай-ақ аумақтар мен елдi мекендердi дамыту мен құрылысын салудың қала құрылысын жоспарлау туралы мәлiметтердi, аумақтар мен объектiлердiң тиiстi функционалдық аймақтарға тиесiлiлiгi, олардың қазiргi және болашақтағы мақсаттары, экологиялық, инженерлiк-геологиялық, гидрогеологиялық, геотехникалық және сейсмикалық жағдайлары, инженерлiк қамтамасыз етiлуi туралы деректердi қамтиды.
Ал, біртұтастық қағидасына сәйкес жер және онда орналасқан жылжымайтын мүлік біртұтас, бұдан мемлекеттік қала құрылысы кадастры мен мемлекеттік жер кадастрының тығыз байланысы байқалады.
4. Қазақстан Республикасының Жер кодексінде жердің мелиорациялық кадастры жер кадастрының құрамдас бөлігі болып табылады деп көрсетілген және суармалы жердің мелиорациялық кадастрының түсінігі берілген. Жердің мелиорациялық кадастрының жер кадастрымен қатар су кадастрына да қатысы бар, яғни жер және су кадастрларының құрамдас бөлігі болып табылады. Бірақ, Қазақстан Республикасының Су кодексінде заң шығарушы су кадастрына анықтама беріп, мелиорациялық кадастрды қарастырмаған. Демек, Қазақстан Республикасының заңнамасында мелиорациялық кадастрдың анықтамасы бекітілмеген.
5. Қазіргі таңда, жер учаскесіне құқықтарды мемлекет тарапынан табыстау кезінде көптеген түсініспеушіліктер, заңсыздықтар орын алады. Мысалы, бір жер учаскесіне екі жеке меншікке мемлекеттік құқықтық акт беріліп, дау туындап жатады. Мемлекеттік жер кадастрына жер учаскелеріне құқықты субъектілер туралы ақпарат та енгізіледі. Осы мәселені шешу жолының бірі ретінде, жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік жер кадастрын жүргізуші уәкілетті органдардың арасында тығыз байланыс орнату, яғни жергілікті атқарушы органдарды өздерінің әкімшілік- аумақтық бірлігінің шегінде орналасқан жер учаскелер туралы кадастрлық мәліметтермен мерзімді қамтамасыз ету.
Жерді жеке меншікке мемлекеттен табыстау кезінде шығарылатын құжаттардың заңдылығын қамтамасыз ету мақсатында, сол құжатқа міндетті қосымша ретінде жер учаскесі туралы кадастрлық мәліметтері туралы анықтама қағазын беру.
6. Мүдделі тұлғалардың жер учаскесіне қатысты кадастрлық мәліметтерге қол жетімділігін қамтамасыз ету. Жер кодексіне сәйкес, белгілі бір жер учаскесі туралы мемлекеттік жер кадастрының мәліметтері осы жер учаскесі есепке алынған орын бойынша үзінді түрінде беріледі. Жер кадастрының мемлекеттік құпия мен өзге де шектеулерді қамтымайтын мәліметтері баршаға қолжетімді болып табылады, ол мүдделі жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде беріледі.
Мүдделі тұлғалардың осы мәліметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, кадастрлық мәліметтерді тұрғындарға «бір терезе» арқылы қызмет көрсету орталығында алу тәртібін енгізу. Тұрғындарға «бір терезе» қағидасына сәйкес қызмет көрсету орталығында жер ресурстарын басқару органдары мынадай қызмет түрлерін көрсетеді: жер учаскесіне жеке меншік құқығы актісін, тұрақты жер пайдалану құқығы актісін, уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығы актісін, уақытша жер пайдалану құқығы актісін, жер учаскесінің бар жоқтығы туралы ақпараттық анықтама беруді жүзеге асырады. Демек, осы қызмет түрлеріне жер учаскесі туралы кадастрлық мәліметтерді беруді енгізу қажет.
Д иссертациялық зерттеудің теориялық және тәжірибелік құндылығы. Диссертацияның қорытындылары табиғи ресурстар құқығы, жер құқығы, экологиялық құқық оқу пәндерін оқыту, сондай-ақ осы саладағы оқулықтардың, ғылыми басылымдардың тиісті тарауларын дайындау кезінде қолдануға болады.
Зерттеу барысында алынған нәтижелер және оларға негізделген автордың тұжырымдары мен ұсынымдары қоршаған ортаны қорғау және жер заңнамаларын жетілдіруде пайдаланылуы мүмкін.
Жер ресурстарын басқару және жергілікті атқарушы органдардың тәжірибелік қызметін жетілдіруге ықпал ете алады.
Диссертациялық жұмыстың қайнар көздерін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Респуюликасының жер ресурстарын басқару агенттігінің, жергілікті атқарушы органдардың және сот органдарының тәжірибелік материалдары құрайды.
Зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі. Диссертацияның нәтижелері, негізгі теориялық, әдістемелік және тәжірибелік ережелері, қорытындылары мен ұсыныстары қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану мәселелері бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Д. А. Қонаев атындағы гуманитарлық университеттерінде өткізілген халықаралық және республикалық ғылыми конференция материалдарына және жарық көрген ғылыми мақалаларда баяндалды.
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Ұсынылып отырғанзерттеу негізінен теориялық сипатта. Жұмыстың құрылымы алдына қойған мақсаттардың ерекшелігімен сипатымен және жер кадастрлық құқықтық қатынастарды жүйелі және кешенді талдаумен байланысты.
Кіріспеде таңдалып алынған тақырыптың өзектілігі, оның теориялық негіздері мен қайнар көздері, зерттеу объектісі мен пәні, мақсаттары мен міндеттері, зерттеудің әдістемелік негізі, ғылыми жаңалығы және қорғауға шығарылатын негізгі ережелер, сонымен қатар зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы қарастырылған.
«Жер кадастрлық құқықтық қатынастарының жалпы сипаттамасы» деп аталатын бірінші бөлім үш бөлімшеден тұрады.
«Жер құқықтық қатынастарының түсінігі жер кадастрлық құқықтық қатынастарымен байланысы мен айырмашылықтары» деп аталатын бірінші бөлімшеде жалпы жер кадастрының анықтамасы беріліп, жер кадастрлық құқықтық қатынастардың түсінігі ашылып, мазмұны толық қарастырылып, жер құқық қатынастармен байланысы зерттелген.
Құқықтық қатынастардың ғылыми түсінігі нарықтық экономиканың өтпелі кезеңінде, ондағы қоғамдық қатынастарды, соның ішінде жер құқық қатынастарын, ғылыми түрде жүзеге асыруда негізгі құралдардың қатарына жатады. Себебі, ол ғылымның жетістіктері мен ұжымдық тәжірибелерге арқа сүйейді. Сонымен бірге, ол құқық нормаларын қолдану ауқымын белгілеп берумен қатар, нарық экономикасы өтпелі кезеңіндегі қатынастардың реттелу өрісін кеңейтеді және жетілдіруге де қызмет етеді.
Жер құқық қатынастары дегеніміз - жер заңдарының нормалары негізінде пайда болатын және реттелетін жерге жеке меншік немесе жер пайдалану мен жерді қорғауға байланысты туындайтын құқықтық қатынастар. Жер кадастрын жүргізу қатынастары жер құқықтық қатынастарының құрамдас бөлігі. Жер кадастрлық құқықтық қатынастарын қарастырмас бұрын кадастрдың түсінігін анықтап алуымыз керек.
«Кадастр» сөзі «берілетін зат» деген мағынаға келетін «caput» латын тіліндегі сөзінен және «берілетін заттардың тізімі» дегенді білдіретін «capitastrum» сөзінен шыққан. Осыған орай алғашқыда кадастр алынатын заттардың тізімін қамтитын кітапты білдірді. Қазіргі кадастр - объектілер мен құбылыстардың сапалық және сандық тізімін қамтитын, ресми мекеме тарапынан жасалатын мәліметтер жиынтығы болып табылады. Кадастр физико-географиялық сипаттама, жіктеу, динамика туралы мәліметтер, зерттелу дәрежесі, картографиялық және статистикалық материалдар қосымшасымен бірге экономикалық бағалауды қамтиды. Ол объектілер мен құбылыстарды қолдану бойынша ұсыныстар мен олардың қорғау шараларды қамтуы мүмкін.
Біздің диссертациялық зерттеуіміздің тақырыбы мемлекеттік жер кадастрын құқықтық реттеу мәселесіне арналған, яғни мемлекеттік жер кадастрының мазмұнын толық ашу үшін біз жер кадастрымен қатар онымен тығыз байланысты табиғи ресурстық кадастр, құқықтық кадастр, мелиорациялық кадастр, қала құрылысы кадастрларын қарастырамыз.
Табиғи ресурстық кадастр - табиғи ресурстардың сапалық және мөлшерлік жағдайы, олардың экономикалық сипаттамалары, олардың табиғи пайдаланушылары, олардың құқықтық режимі туралы мәліметтердің жүйеленген, әрдайым толықтырылатын және нақтыланатын жиынтығы болып табылады.
Құқықтық кадастр - жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеудiң бiрыңғай мемлекеттiк тiзбесi.
Мемлекеттiк қала құрылысының кадастры Қазақстан Республикасы кадастрларының мемлекеттiк ақпараттық-құқықтық жүйесiне кiредi және аумақтардың, ғимараттардың және құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының және абаттандыру бөліктерінің жай-күйi туралы, сондай-ақ аумақтар мен елдi мекендердi дамыту мен құрылысын салудың қала құрылысын жоспарлау туралы мәлiметтердi, аумақтар мен объектiлердiң тиiстi функционалдық аймақтарға тиесiлiлiгi, олардың қазiргi және болашақтағы мақсаттары, экологиялық, инженерлiк-геологиялық, гидрогеологиялық, геотехникалық және сейсмикалық жағдайлары, инженерлiк қамтамасыз етiлуi туралы деректерді қамтиды.
Мемлекеттік жер кадастры табиғи ресурс кадастрлары арасында маңызды орын алады. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 152-бабына сәйкес, мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналасқан жері, нысаналы пайдаланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық құны туралы мәліметтердің жүйесі болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрына жер учаскелеріне құқықты субъектілер туралы ақпарат та енгізіледі.
Жердің мелиорациялық кадастры мемлекеттік жер кадастрының құрамдас бөлігі болып табылады. Суармалы жер учаскелерінің мелиорациялық жай-күйі, олардың табиғи және ирригациялық-шаруашылық жағдайлары бойынша сапалық сипаттамаларын бағалау туралы, оларды пайдаланудың есебі туралы мәліметтер жүйесін құрайтын суармалы жердің мелиорациялық кадастры деп аталады.
Шаруашылық-ұйымдастырушылық қызметтің құралы ретінде қолданылатын, жер туралы мәліметтердің жиынтығын көрсететін мемлекеттік жер кадастрының түсінігімен қатар, жер кадастры оған қатысты туындайтын қоғамдық қатынастар және оларды құқықтық реттеу қатынастарының мазмұнын ашумен тығыз байланысты.
Жер кадастрлық құқықтық қатынастар дегеніміз - жер құқығының нормаларымен реттелген, жер кадастрын жүргізу, яғни жер туралы кадастрлық мәліметтерді жинау, өңдеу, сақтау және оларды мүдделі тұлғаларға беру кезінде туындайтын қоғамдық қатынастардың ерекше құқықтық нысаны.
Бұл қатынастардың объектісі жер болғандықтан мемлекеттік жер кадастрын жүргізу қатынастары жер құқық қатынастары тобына жатады. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу қатынастары жер кадастрлық қатынастар тобын құрайды. Жер кадастрлық қатынастары жер кадастрын жүргізу әрекеттерімен байланысты, яғни жер пайдалану құқығын құқықтық рәсімдеу; жер есептерін құрастыру, қарау және бекіту; жердің кадастрлық құнын бекіту; жердің кадастрлық құнына қатысты мүдделі тұлғалардың арыздарын қарау және т. б. Демек, жер кадастрлық құқықтық қатынастар, жалпы құқықтық қатынастарға тән объектісі, субъектісі, мазмұны бар жер құқықтық қатынастардың жеке тобы болып табылады.
«Жер кадастрлық құқықтық қатынастарының объектілері мен субъектілері» атты бөлімшеде жер кадастрлық қатынастарының объектісі анықталынып, жіктелінген және мемлекеттік жер кадастрын жүргізуші органдар және олардың қызметінің бағыттары зерттелген.
Құқықтың әдебиетте құқықтың қатынас объектісі деп - осы құқықтық қатынастың пайда болу себебі, яғни құқықтық қатынастың неге бағытталғандығын атайды. Жер кадастрлық құқықтық қатынастар объектілерінің түрлеріне және мақсатына байланысты екі топқа бөлінеді. Алғашқылары - мемлекеттік жер кадастрын жүргізумен тікелей байланысты қатынастар, яғни мәліметтерді жинау, жүйелеу, жаңарту т. б. Екіншілері, мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін қолдануға байланысты туындайтын қатынастар.
Мысалы, Е. Н. Колотинская да кеңестік жер кадастрының құқықтың негіздеріне арналған өз еңбегінде, жер кадастрлық қатынастарының мазмұнын зерттей келе, оларды екі топқа бөледі: жер кадастрын жүргізудің жер кадастрлық қатынастары және жер кадастры мәліметтерін қолданудың жер кадастрлық қатынастары.
Жер кадастрын жүргізудің мазмұны мен әдістемесі төменде аталған негізгі объектісінің ерекшеліктеріне байланысты:
- жер - қоғамдық өмірде еңбектің негізгі құралы, яғни өндіруші өнеркәсіп пен құрылыстан бастап, өндірістің басты құралы болып табылады;
- ауылшаруашылығындағы кез-келген өндіріс процесінің қажетті шарты болып табылады;
- жер - ауданы бойынша шектеулі және оның орнын өзге ешнәрсе баса алмайды;
- жерді игеру бір орында тұрақтаумен байланысты;
- жердің негізгі ерекшелігі - дұрыс қолдануда оның өнімділігі артады, яғни өнімнің мол болуын қамтамасыз етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz