Қызанақты өсіру технологиясы


Мазмұны
1. Кіріспе . . .2. Негізгі бөлім
2. 1. Қызылорда облысының климат жағдайы . . .
2. 2. Қызанақты өсіру технологиясы . . .
2. 3 Қызаната кездесетін зиянкестер . . .
2. 4 Зиянкестермен куресу шаралары . . .
3. Қорытынды . . .
4. Пайдаланылған әдебиеттер . . .
Кіріспе
Ауыл шаруашылығына зиян келтіретін организмдер тобына зиянды нематодалар, кенелер және кеміргіштер жатады. Аталған организмдер морфологиялық құрылысы, жүйелік орны, тіршілік әрекеттеріне, өсімдікке бейімделуіне байланысты жануарлар әлемі жүйесінде әртүрлі топтарға топтастырылған және олармен күресу шаралары да өзіндік ерекшеліктерімен ажыратылады. Соған байланысты жоғары оқу орындарында өсімдік қорғау мамандары дайындайтын бөлімдерде студенттер « Зиянды нематодалар, кенелер, кеміргіштер » атты арнайы пән өтеді.
Жануарлар әлемінде - бұл зиянкестер әр түрлі орын алады, олар үш типтерге - жатады: нематодалар жұмыр құрттарға, кенелер буынаяқтарға, ал кеміргіштер хордалыларға жатады. Осыған орай курс үш жеке бөлімнен және арнайы тараулардан тұрады.
Жалпы бөлімде зиянкестерге жалпы сипаттама, олардың жануарлар әлеміндегі орны, экономикалық маңызы беріледі. Сонымен қатар бұл бөлімде зиянды организмдер морфологиясы, анатомиясы, физиологиясы, тіршілік ерекшеліктері мен көбеюі, экологиясы және жіктелуі туралы мәліметтер келтірілген.
Зиянкестердің біразы дақылдардың көптеген түрлерін зақымдайды. Сонымен қатар, аздаған түрлерімен қоректенетіндері де кездеседі. Олардың өсімдіктерді зақымдау сипаты мен зақымдайтын ағзалары да әр түрлі болады. Мәселен, кейбір түрлері тамырлармен қоректенсе, басқалары өсімдіктің жер үстіндегі ағзаларын қорек етеді. Ал енді біреулері белгілі бір ағзаны зақымдайды.
Nematoda, немесе жұмыр құрттар класы Nemathelminthes типіне жатады. Нематода класы өкілдеріне тән ерекше қасиеттер бар.
Нематодалар кеңінен таралған организмдер. Олар теңізді, тұщы суды және топырақты мекендейді. Көптеген нематодалар эволюциялық дамуында басқа организмдерге, облигатты немесе факультативті паразиттер болып бейімделген. Ғылыми деректер бойынша қазіргі кезде нематодалардың 500 мыңға жуық түрлері белгілі.
Кенелер Acari класс тармағына, өрмекші тәріздес Arachnida класына, хелицера - Chelicerata тип тармағына және буынаяқтылар - Arthropoda типіне жатады. Кенелердің өсімдіктермен қоректенетін көптеген түрлері ауыл шаруашылығы дақылдарының қауіпті зиянкестері.
Кеміргіштер сүтқоректілер класының ерекше тобын құрайды. Соңғы классиффикацияға сәйкес олар екі отрядқа - кеміргіштер мен қоянтәрізділерге бөлінеді. Қазақстанда кеміргіштер отрядының 15 тұқымдасына енетін 82 түрі кездеседі, ал қоянтәрізділер отрядының 2 тұқымдасына қояндар мен шақылдақтар жататын өкілдер мекендейді.
Кеміргіштердің көптеген түрлері ауыл шаруашылығы дақылдарына, жеміс және орман ағаштарына, жайылымдықтарға және қоймадағы жем қоры мен азық-түліктерге үлкен зиян келтіреді.
Арнайы бөлімде ауыл шаруашылық дақылдардың вегетациялық кезеңі мен сақталу мерзімін зиян келтіретін зиянкес түрлері сипатталады. Сондай-ақ бұл бөлімде жекеленген түрлер мен зиянды организмдердің жеке түрлері мен оларға жақын топтарының таралуы мен зиян келтіру ареалы, арнайы өзіндік белгілері, даму циклі, зияндылығы және олармен күресу шаралары келтіріледі.
2. 1. Қызылорда облысының табиғи климат жағдайы .
Сырдарияның сол жақ жағалауында - Жаңадария мен Қуаңдария өзендірінің құрғақ арналары кесіп өтетін Қызылқұм топырағының төбелері мен кең жазықтығы, оң жақ жағалауында үстірттері (Егізқара, 288 м. ), құм учаскелері (Арысқұм және өзгелері), сорға толы таяз шұңқырлар кездеседі. Солтүстігінде - құм төбелері массивтері (Кішкентай Барсұқ және Қарақұм топырағы) бар. Оңтүстік-шығыс бөлігінде Қызылорда облысының аумағына Қаратау тауының жоталары кіреді (биіктігі 1419 м-ге дейін) .
Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа дейін облыс орталығы арқылы ағып өтетін, ұзындығы 1 мың км. созылған, көптеген арналар мен ағыстарға тараған үлкен иреңді арнасы бар Сырдария өзені-ең ірі жалғыз өзен болып табылады. Тасқындардан қорғану мақсатында өзен жағалауының бойымен қорғаныс бөгеттері салынған; 1956 жылы Сырдария өзеніне Қызылорда плотинасы салынды; 1958 жылы Жаңадария арнасымен жайылымдар мен егістікті суландыруға өзен суы жіберілді. Жазды күндері кеуіп кететін көптеген тұзды көлдер бар (Жақсықылыш, Қамыслыбас, Арыс және т, б. ) ; Көпек және Терескен көлдерінде - емдік қасиетке ие батпақтары бар. Қызылорда облысының шегінде солтүстік-шығысында Сарысу өзенінің сағасы кіреді. Аумақтың біршама бөлігі өсімдігі аз топырақтары орналасқан; яғни қатайған жерлерінде жусанды бетегелер, тұзға бейімделген өсімдіктер, көктемде құмдақ және сортаң жерлерде тұрақсыз өсімдіктер сорты; құмдардың арасында дүзгіндер өседі. Құм төбешіктері сексеуіл, жыңғылдар, теріскен, бұйырғандар, жусандармен бекіген. Шөл далада көптеген жыртқыш аңдар (түлкі, қарсақ, қасқыр және т, б. ) және тұяқтылар (киік), сонымен қатар кеміргіштер мен құстар (бұлдырлар және өзгелер) кездеседі, Сырдария өзенінің атырабында ондатра бейімделген.
Облыс аумағының негізгі бөлігі Тұран ойпатында, шығысында Қаратау тауының жоталары, солтүстік-батысында Арал маңы Қарақұмы, оңтүстік-батысында Қызылқұм орналасқан. Қызылорда облысының климаты жазы ұзақ мерзімді ыстық және қары аз қысқа мерзімді суық, күрт өзгермелі континентті. Мұндай климаттық режим еуроазиялық материгінің ішінде орналысуымен, оңтүстік аймаққа жақындығымен, атмосфераның ауысымдылығының ерекшелігімен және өзге де факторлармен сипатталады. Климаттың континенталдығы көптеген метеорологиялық элементтердің тәуліктік, айлық және жылдық өзгеруімен байқалады. Жазы ыстық және ұзақ мерзімді.
Бұл кезеңде температурадағы күрт өзгеру сипаты байқалмайды. Кейбір жерлерде шілде айының орташа температурасы 36-39 0С. Облыс аумағының басым бөлігінде температураның абсолютты максимумы 44-48 0С құрайды. Қыс мезгілінде облыстың солтүстік және оңтүстік аймақтарынының арасында температурада айтарлықтай айырмашылықтары бар. Мысалы, ең салқын ай-қаңтардағы орташа температура 35-360 С градусты құрайды.
Солтүстікке ашықтылық қасиеті облыс аумағына кедергісіз салқын ауа массасыынң енуіне мүмкіндік береді және нәтижесінде қыс айларында күрт салқындайды. Ауа температурасының абсолютты минимумы 420 С градусқа дейін жетеді. Құрғақшылық - облыс климатының ерекшелектерінің бірі. Жауын-шашын өте аз жауады. Орташа жылдық мөлшері 100-190 мм аспайды және жыл маусымдарында оның түсімі біркелкі емес: барлық жауын-шашынның 60 пайызы көктемгі-қысқы кезеңдерге тиесілі. Облыс аумағының барлық бөлігінде солтүстік-шығыс бағытындағы күшті және жиі желдер болып тұрады. Оның орташа жылдық жылдамдығы секундына 3, 1 метрден 6 метрге дейін ауытқып отырады. Қыс мезгілдеріндегі күшті желдер төменгі температура жағдайында жер бедерлерінің биік беткейлеріндегі қар жамылғыларын ұшырып кетеді, нәтижесінде топырақтың беткі қабаттарының терең қатуына және жарылуына әкеліп соғады. Жазғы уақытта шаңды дауылдар байқалады.
2. 2. Қызанақты өсіру технологиясы. Қызанақ (Lycopersіcon), томат, помидор - алқа тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер(кейде жартылай бұта) . Оңтүстік Америкадан таралған. Оның 3 түрі бар (кейбір деректерде 7) . Қазақстанда 1 түрі: кәдімгі (ас) Қызанақ (T. esculentum) барлық жерде өсіріледі. Сабағының биіктігі 30 - 40 см-ден жоғары. Жапырағы қауырсын тәрізді. Гүлінің түсі сары, жемісі - екі не көп ұялы жидек, пішіні әртүрлі. Салмағы 25 - 500 г, кейде 800 - 900 г-ға дейін жетеді. Қызыл, сарғыш жемісінің құрамында 4, 5 - 8, 1% құрғақ зат, 3, 5 - 8, 5% органикалық қышқыл, минералдық тұздар, С витамині, В, РР тобының витаминдері, каротин бар. Жемісін тамаққа пайдаланады, тұздайды, шырын алады. Қызанақ жылу сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді. Өсуіне қолайлы температура 20 - 25С, температура 15С-қа дейін төмендегенде гүлдеуін, ал 10С-та өсуін тоқтатады. 1 - 2С-та үсікке шалдығады. Жартылай түйіршікті, қарашірігі мол топырақта жақсы өседі. Әр га-нан ашық жерде өсіргенде 150 - 200 ц, ал жылыжайларда 1 м2-нен 12 - 15 кг өнім алуға болады. Қазақстанның әр аймақтарында Қызанақтың әр мезгілде пісетін бірнеше сұрыптары бар. Ерте пісетін сұрыптары: Белый налив 241, Ранний 80, Ақтөбелік 85, Глория, т. б. сорттары Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, т. б. облыстарда аудандастырылған. Негізгі зиянкестері: картоп қоңыр көбелегі, ызылдауық қоңыз, колорадо қоңызы, т. б. Ең көп тараған аурулары: бактериялық теңбілділік, фитофториоз, макроскориоз, т. б. Қызанақ жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шұғылданады. Қызанақ жемісі жеуге жарамды, бір жылдық немесе екі жылдық шөптесін өсімдік. Орыс тілінде 'помидор' атауы итальян тіліндегі 'pomodoro - алтын алма' дегеннен шыққан. Ал 'томат' атауы француздардың 'tomate' сөзінен аударылған. Отаны Оңтүстік Америка, бұл жерде қызанақтың жабайы және жартылай мәдени түрін кездестіруге болады. Ең алғаш Еуропаға XVI ғасырдың ортасында Испания, Португалия, кейін Италия мен Францияға да жеткен. Басында барлығы қызанақты жеуге жарамсыз және улы деп санап, бақша өсімдігі ретінде ғана өсірген. Осыдан 200 жыл бұрын құмыраға егілген бұл өсімдікті Англияда үйлердің терезесінен, бақтан кездестіруге болатын еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz