Тары дақылын өсіру



1.Кіріспе ... ... ... .3.4
2.Негізгі бөлім
2.1. Оңтүстік Қазақстан облысының климат жағдайы ... ... ... ... ... ... ... .5.6
2.2.Тары дақылының өсіру технологиясы ... ...7.9
2.3 Тары дақылында кездесетін зиянкестер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9.13
2.4 Зиянкестермен куресу шаралары ... ... ... 14
3.Қорытынды ... ... ... ... ... .17
4.Пайдаланылған әдебиеттер
Тары- өте ертеден өсіріліп келе жатқан дақылдардың бірі. Алғашқы қалыптасу орталығы мен шыққан тегі Шығыс Азияның таулы аудандары болып табылады. Жер шарында жыл сайын 25,0 млн. га жерге өсіреді. Қазақстанда негізгі тары өсірілетін облыстарға Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан т.б. жатады. Орта есеппен 10 жылда (1996-2006ж.ж.) жыл сайын елімізде 98,6 мың га жерге тары өсірілді, оның 48,4 мың га Павлодар, 22,6 мың га Батыс Қазақстан, 12,5 мың га Ақтөбе облысында болды. Келешекте Республикамызда тары егістігінің аумағы өсуге тиіс, бұрындары оны 800 мың га дейін егістікте өсіргенбіз.
Тары – өте маңызды жармалық дақыл. Ақталған тары жақсы піскіштігімен және қоректілігімен сипатталады. Оның құрамында 12-13% ақуыз, 81% крахмал, 3,5-4% май т.б. бар. Тарының белок кешенінде глиадин, глютенин, глобулин, альбуминдер басым болып келеді. Крахмал амилаза мен амилопектиннен құралады. Айырбасқа жатпайтын амин қышқылдары- лизин, метионин, триптофан- айтарлықтай көп мөлшерде кездеседі. Оның құрамындағы ферменттердің (мальтоза, амилаза, липаза т.б.) белсенділігі өте жоғары , күлінде K, Na, Mg, P мен бірге Cu, B, I микроэлементтері де жеткілікті, жармасында тиамин дәрумені 1,8-1,9 мг бір грамм дәнге, онда B1, B2 басқа астық дақылдарына қарағанда екі есе көп.
Тары астығынан, жармадан басқа, ұн дайындалады, оны таза күйінде және бидай, қара бидай ұндарымен араластырып тағамға пайдаланады. Тарының мал азықтық құндылығы да жоғары. Тары астығы мен мекені де құстар үшін теңдесі жоқ азық. Олармен құстарды азықтандырғанда жұмыртқа өнімі мен оның қабығының беріктігі жақсарады. Астыққа өсіргенде тарының сабаны мен мекенінің өнімі астығынан 1,5-2,0 есе артық болады. 1 кг тары сабанында 0,41 кг азық өнімі мен 24 г. протеин, басқаша айтқанда аталған көрсеткіштер, бидайға қарағанда екі есе, сұлы сабанына қарағанда 1/3 есе артық.
1. Зиянды нематодалар, кенелер және кеміргіштерАлматы 2005ж А.Ж.Агибаев , С.Ысқақ, Р.Д.Карбозова .
2. Бей-Биенко. «Общая энтомология». Москва,1966

3. Агибаев А.Ж.,Тулеева А.К., Сулейменова З.Ш., «Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестер мен ауруларданқорғау».Алматы,2010
4. 3.www.google.kz
5. 4.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы”
6. 5. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру./ Қ. Ш. Жаңабаев, И. С. Сейітов, Т. С. Саудабаев :Алматы «Қайнар», 1994. 243-249

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4
2.Негізгі бөлім
2.1. Оңтүстік Қазақстан облысының климат жағдайы ... ... ... ... ... ... ... .5-6
2.2.Тары дақылының өсіру технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7-9
2.3 Тары дақылында кездесетін зиянкестер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...9-13
2.4 Зиянкестермен куресу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14-16
3.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
4.Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18

1.Кіріспе

Тары- өте ертеден өсіріліп келе жатқан дақылдардың бірі. Алғашқы қалыптасу орталығы мен шыққан тегі Шығыс Азияның таулы аудандары болып табылады. Жер шарында жыл сайын 25,0 млн. га жерге өсіреді. Қазақстанда негізгі тары өсірілетін облыстарға Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан т.б. жатады. Орта есеппен 10 жылда (1996-2006ж.ж.) жыл сайын елімізде 98,6 мың га жерге тары өсірілді, оның 48,4 мың га Павлодар, 22,6 мың га Батыс Қазақстан, 12,5 мың га Ақтөбе облысында болды. Келешекте Республикамызда тары егістігінің аумағы өсуге тиіс, бұрындары оны 800 мың га дейін егістікте өсіргенбіз.
Тары - өте маңызды жармалық дақыл. Ақталған тары жақсы піскіштігімен және қоректілігімен сипатталады. Оның құрамында 12-13% ақуыз, 81% крахмал, 3,5-4% май т.б. бар. Тарының белок кешенінде глиадин, глютенин, глобулин, альбуминдер басым болып келеді. Крахмал амилаза мен амилопектиннен құралады. Айырбасқа жатпайтын амин қышқылдары- лизин, метионин, триптофан- айтарлықтай көп мөлшерде кездеседі. Оның құрамындағы ферменттердің (мальтоза, амилаза, липаза т.б.) белсенділігі өте жоғары , күлінде K, Na, Mg, P мен бірге Cu, B, I микроэлементтері де жеткілікті, жармасында тиамин дәрумені 1,8-1,9 мг бір грамм дәнге, онда B1, B2 басқа астық дақылдарына қарағанда екі есе көп.
Тары астығынан, жармадан басқа, ұн дайындалады, оны таза күйінде және бидай, қара бидай ұндарымен араластырып тағамға пайдаланады. Тарының мал азықтық құндылығы да жоғары. Тары астығы мен мекені де құстар үшін теңдесі жоқ азық. Олармен құстарды азықтандырғанда жұмыртқа өнімі мен оның қабығының беріктігі жақсарады. Астыққа өсіргенде тарының сабаны мен мекенінің өнімі астығынан 1,5-2,0 есе артық болады. 1 кг тары сабанында 0,41 кг азық өнімі мен 24 г. протеин, басқаша айтқанда аталған көрсеткіштер, бидайға қарағанда екі есе, сұлы сабанына қарағанда 13 есе артық.
Тары тұқымының себу мөлшері аз болғандықтан оны кейде жасыл балауса мен пішен өсіруге пайдаланады, ол сапасы жағынан сұлы, шәй жүгері және итқонақ пәшенінен асып түседі. Тары жақсы сақтық дақылы болып табылады. Кешірек себілетіндіктен, құрғақшылыққа төзімділігінен және салыстырмалы қысқа вегетативтік кезеңі опат болған күздіктер мен жаздық дақылдардан кейін орналастырып жасыл балауса ғана емес, жекелеген жағдайларда астық өнімін жинауға да мүмкіндік береді.Тары бірқатар дақылдарға жақсы алғы дақыл.Өзінің биологиялық мүмкіндіктеріне байланысты тары жоғары өнімді дақыл және дұрыс өсіру технологиясын қолданғанда өте жоғары өнім бере алады. Қостанай, Павлодар т.б. облыстардың озат шаруашылықтары кезінде үлкен егістік алқаптардан қолайлы жылдары әр гектардан 17,1 -22,5 ц. Және одан да жоғары астық өнімін жинаған. Қазақстан тары өнімі бойынша дүниежүзілік рекорд елі

-3-
болып табылады. Ондай өнім ұлы Отан соғысы жылдары Социалистік Еңбек Ері Ш.Берсиевпен өсірілді. 1943 ж. Ақтөбе облысының Құрманов атындағы ұжымшарында суармалы жағдайда 4 га. егістіктің әр гектарынан 201 ц. тары астығы жиналды. Бұл дегеніңіз тары дақылының әлеуетті мүмкіндігі зор екендігін көрсетеді. Өкінішке орай соңғы жылдары елімізде тары өсірудің қыр- сырына аз мән берудің кесірінен астық өнімі төмен деңгейде - орта есеппен 4,0-6,5 цга шамасында ғана.

-4-
2.1. Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи климат жағдайы . Оңтүстік Қазақстан облысы - Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1962 - 92 жылы Шымкент облысы деп аталды. Аумағы 117,3 мың км². Тұрғыны 2 788 653 адам (2015ж). Орталығы - Шымкент қаласы Солтүстігінде Қарағанды, шығысында Жамбыл, батысында Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыс құрамында 11 әкімшілік аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар. Гидрографиясы. Оңтүстік Қазақстан облысы. Өзендері облыс аумағында біркелкі таралмаған. Оңтүстік Қазақстан облысы жерінің оңтүстігінен солтүстік-батысына қарай Сырдария өзені ағып өтеді. Сырдарияға Арыс (378 км), Келес (241 км), Құркелес (98 км) өзендері құяды. Халқы тығыз орналасқан оңтүстік-шығысында Арыс өзенінің салалары: Бадам, Сайрамсу, Ақсу, Жабағылы, Машат, Дауылбаба, Боралдай өзендерінің шаруашылық маңызы зор. Қаратау жотасынан басталатын Бөген, Шаян, Арысты , Шылбыр, Байылдыр, Көксарай, т.б. өзендер облыс орталығын сумен қамтамасыз етеді. Шу өз-нің төм. ағысында суы аз, тек көктемде қар еріген кезде ғана суы молайып, Созақ ауданының шаруашылықтарын суландырады. Шардара (ауданы 400 км², су көлемі 5200 млн м³), Бөген (су көлемі 377 млн м³), Бадам (су көлемі 61,5 млн м³), т.б. бөгендер салынған. Арыс өзенінен Арыс - Түркістан, Өзбекстан жеріндегі Сырдариядан Достық (бұрынғы Киров атындағы), Шардара ауданында Қызылқұм магистралды каналдары тартылған. Облыс көлдері негізінен таяз және тұзды, көктемде суға толып, жазда құрғап, сорға айналады. Ірі көлдері: Ақжайқын (48,2 км²), Қызылкөл (17,5 км²), одан басқа Қалдыкөл, Шүйнеккөл, Тұздықдүме, т.б. ұсақ көлдер бар. Жер асты суының қоры мол.
Ауыл шаруашылығы. Облыстың ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 10,3 млн га, оның ішінде жыртылатын жер аумағы 0,8 млн га. Ауыл шаруашылығында 63,3 мың шаруа (фермер) қожалығы, 956 ӨК, 6 АҚ, 608 ЖШС жұмыс істейді. Олар жалпы респ. ауыл шаруашылығы өнімінің 12,2%-ын береді. Ауыл шаруашылығының басты саласына стратегиялық маңызы бар мақта өсіру мен өндіру жатады. Оның егіс көлемі 170 мың га-ға (егіс көлемінің 30%-ы) жетті. Шитті мақтаны өңдеумен жылдық қуаты 650 мың тонналық 19 мақта зауыты айналысады. Олар облыстың Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара ауданында және Түркістан қалалық әкімдігі жерінде орналасқан. Облыс әкімшілігі 2003 жылдың соңында мақта иіру фабрикаларының құрылысын бастады. Егіннің орташа жылдық өнімі: бидай - 400 мың т, күріш - 10 мың т, шитті мақта - 360 мың т, көкөніс - 400 мың т, бақша өнімдері - 291 мың т, картоп - 115 мың т. 2004 ж. мал саны: ірі қара - 603 мың, қой-ешкі - 3 млн., жылқы - 119 мың, түйе - 14 мың, құс - 1,8 млн., шошқа - 22 мың басқа жетті.
Жер бедері. Оңтүстік Қазақстан облысының жер бедері негізінен жазық (орташа биіктігі 200 - 500 м).

-5-
Солтүстігінде тасты-сазды Бетпақдала шөлінің оңтүстік-батысы, Ащыкөл ойысы, Тоғызкентау жоны, Шу өзенінің төменгі ағысы және Мойынқұм құмды алқабының батыс бөлігі орналасқан. Облыстың орталық бөлігін Қаратау жотасы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай екіге бөліп жатыр. Оның ең биік жері - Бессаз (Мыңжылқы) тауы (2176 м). Қаратаудың оңтүстік-шығысында Боралдай (1400 - 1600 м) жотасы орналасқан. Облыс жерінің оңтүстік-шығысын Батыс Тянь-Шань-ның сілемдері (Өгем жотасы), Қаржантау (2800 - 2900 м), Қазығұрт тауы (1700 м), Талас Алатауының батыс сілемдері - Кіші Ақсу (2577 м), Алатау (3137 м) таулары қамтиды. Облыстың ең биік жері - Сайрам шыңы (4299 м). Оңтүстік-батысында Қызылқұм құмы, Қарақтау тауы (388 м), оңтүстігінде Шардара даласы, Ызақұдық құмы, Қауынбай молда (321 м), Белтау (592 м) жоталары, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр. Облыстың климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы солтүстігінде - 7 - 9°С, оңт-нде - 2 - 4°С. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақты. Шілде айының жылдық орташа температурасы 25 - 29°С. Шөлді аймағында жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 - 150 мм, тау алдында 300 - 500 мм, биік таулы бөлігінде 800 мм.

-6-
2.2 Тары дақылының өсіру технологиясы. Өсіп-өну жағдайын жақсартқан сайын тарының өнімі молая түседі. Интенсивті технологияны қолдану- тұрақты жоғары өнім алудың бірден- бір кепілі.
Ауыспалы егістегі орны. Тары арам шөптерден атты күйзеледі. Сондықтан оны өзінен кейін танапты арам шөптерден таза қалдыратын дақылдардан кейін сепкен жөн. Мүмкін болса тың және тыңайған жерге себілсе тары мол өнім береді. Тары үшін көп жылдық шөптер (жоңышқа, беде, эспарцет, еркекшөп) өте жақсы алғы дақыл болып есептеледі. Ауыспалы егіс жүйесінде тарыны таза парға егілген күздік не жаздық бидайдан кейін орналасырған жөн. Тары өсіруге арналған шаруашылықтарда оны таза пардан кейін себу керек. Бұл жағдайда тары құрғақшылық жылдары да тәуір өнім береді. Тары үшін бұршақ тұқымдас дақылдар да жақсы алғы дақыл болып есептеледі. Тары бір жерге қайталап себілсе өнімін төмендетеді. Сондықтан тарыны тек ауыспалы егіс жүйесінде ғана себу керек. Тары өзі егілген жерге 4-5 жылдан кейін ғана қайталап себілуі тиіс.
Тары дақылын тыңайту
Тары өзінің вегетациялық дәуірінде қоректік элементтерді біршама көп қабылдайды. Бір тонна дән және сондай мөлшерде сабан түзу үшін тары 25-30 кг азот, 8-10 кг фосфор, 26-31 кг калийді пайдаланады. Өзінің өсіп-дамуының алғашқы кезеңінде (түптенуге дейін) қоректік заттарды баяу қабылдайды. Тарының қоректік заттарды ең көп пайдаланатын кезеңі- оның түтік шығаруынан басталып, гүлденуге дейін созылады. Бұл мерзімде (30-40 күн) тары тәулігіне гектарынан орта есеппен 1,8-8,3 кг азот, 0,4-0,8 кг фосфор және 3,8-5,0 кг калий пайдаланады.
Ылғал жеткілікті топырақтарда минералдық және органикалық тыңайтқыштар тарыдан мол өнім алуды қамтамасыз етеді. Тәлімі жерде егілген тары егісіне фосфор мен минералдық тыңайтқыштар қоспасының әсері жоғары болады. Қостанай облысының қара топырағына егілген тарыға P40 бергенде гектарынан 2,9 ц, ал N40P60 ,бергенде 4.1 ц қосымша өнім алынды.
Батыс Қазақстан облысының күңгірт қара қоңыр топырағына тыңайтқыш берілмеген тары егістігінің гектарынан орта есеппен 11 центнер өнім алынса, N60P60K60 қолданған егістен 16 ц өнім алынған. Тары егістігіне органикалық тыңайтқыш қолдану да оның өнімін арттырады. Батыс Қазақстанның күңгірт қара қоңыр топырағына, жыртар алдында 20 т көң бергенде түсім 38 пайызға өсті. Сонымен, ғылыми мекемелер деректеріне қарағанда Қазақстанның қара қоңыр және күңгірт қара қоңыр топырақтарында өсірілетін тары егісіне 40-60 кг азот, 40-60 кг фосфор және 30-45 кг калий қолдануға болады. Ал суармалы жерлерге егілетін тарыға қолданылатын тыңайтқыштар мөлшері тәлімі жерлердегіден 25-30 пайыз жоғары болғаны жөн. Фосфор тыңайтқышының 10-15 килограмын тарыны себу кезінде пайдаланған дұрыс.

-7-
Тұқымды себуге дайындау. Тұқымдарының ұсақтығына байланысты тары сорттарын себуге дайындағанда сорттық сапасы, ірілігі, толықтығы жоғары және аурулармен залалданбаған тұқымдық материалды пайдаланған жөн. Тары тұқымын қиын ажыратылатын қоспаларды ажырату күрделі астықтұқым тазалағыш машиналарды қолданады. Олардан өткен тұқым біршама іріленеді, алайда толық іріктелу пневматикалық сорттағыш құрылысдардан өткізгенде ғана қол жеткізеді(ССП-1,5 т.б.) , ондай тұқымдардың меншікті салмағы жоғары болып келеді.
Себу алдында тары тұқымы құрғақ- ауада қыздырылады немесе 500 жылылықта 15 минут жылы суда ұсталады. Кейіннен дәріленеді (витавакс 200 ФФ, 34%,(2,5-3,0 кг т), фундазол, 50% (2.0 кгт), фенорам 70% (2,0 кгт) химикаттарының бірімен).
Себу мерзімі. Тарының себу мерзімі оның биологиялық ерекшелігімен анықталады. Барынша қолайлы жағдайлар топырақтың 10 cм қабатында температурасы 12-150C жеткенде және бозқырау қаупі өткеннен кейін қалыптасады.
Жинау.Тарының бір ерекшелігі дәні бір мезгілде пісіп үлгермейді, алдымен оның сыпыртқы тәріздес басының ең ұшына тұрған дәндері, содан кейін біртіндеп төмендегілері пісе бастайды. Төменде орналасқан дәндері пісіп болғанша бұрын піскендері жерге төгіліп те қалады. Осы себепті тарыны тікелей комбайнмен оруға болмайды, алдымен оны дестеге салып алу керек, содан соң 5-7 күннен кейін десте кебе бастағанда комбайнмен жинап алу керек. Дестеге салуды ең жоғарыда орналасқан дәндер пісе бастағанда бастайды. Дестелеу кезінде тары сабағы 12-15 см биіктікте орылады. Одан төмен орылса десте жер бетіне жатып қалады да жөнді кеппейді және жерде жатқан дестені комбайнның алуы қиындайды да астық төгіліп шашылады.
Жай қатарлап себілген тарыны дестеге салу үшін агрегат тары себілген бағытпен жүру керек, тары кеңаралық тәсілмен себілсе дестелеуші агрегат себу бағытына қиғаш жүруі тиіс. Сонда ғана десте жерге құламай, аңыздың үстіне түсіп тез кебеді, комбайнмен оңай жиналады. Дәннің шағылуын азайту үшін тарыны жинау кезінде комбайн үгіткішінің жылдамдығын минутына 600-700 айналым жасайтындай етіп реттеу керек. Тұқымға арналған танапты жинағанда дән көп зақымдалуы үшін комбайн үгіткішінің айналуын минутына 500-600 - дан аспайтындай етіп реттейді, дәннің 70-75% ғана түсетіндей етіп деканы да аздап түсіреді. Бұл жағдайда сабан жинағыштың түбі алынып тасталады. Сабанда қалған дән ертесіне комбайнмен екінші қайтара жүргенде толық жиналып алынады. Бұл жолы дека тартылады, комбайнның үгіткіштерінің айналу жылдамдығы көбейтіледі.
Тарыны аңызға егу. Қазақстанның мыңдаған гектар суармалы жерлерінде бидай, арпа сияқты ерте пісетін дақыл егуге болады. Аңыздық егіс егілетін шілде айы- ең ыстық сезгіл. Бұл уақытта ауаның теспературасы 400C дейін жетеді, топырақтың 5 см тереңдіктегі тмпературасы 300C,

-8-
ал топырақтың үстіңгі қабаты 550C дейін қызады. Осындай ыстыққа басқа дақылдардан гөрі тары төзімді келетінін тәжірибе көрсетіп отыр.
Жаздың екінші жартысында Қазақстанның оңтүстігінде жауын- шашын азайып, күн көбіне ашық болады. Тары күн сәулесінің көп болуын қалайтын өсімдік. Жаздың екінші жартысында күннің ұзақтығы көктемге қарағанда едәуір кемиді. Тары дәнді масақты дақылдардың ішінде күннің қысқа болуын қалайтын өсімдік. Яғни, жаздың екінші жартысында тарының қолайлы жағдай туады. Жаздың екінші жартысының табиғи жағдайы тарының биологиялық ерекшелігіне толық сай келетінін тәжірибе көрсетіп отыр.
Аталған мерзімде себілген тарының пісуі едәуір жылдамдайды, өнімі кей жағдайда көктемде себілген тарыдан жоғары болып, 40 центнерге дейін жетеді. Алматы, Талдықорған облыстарында масақты дақылдардан кейін тарының барлық сорттары пісе бермейді, Родина, Қазан- 430 сияқты ерте пісетін сорттары пісіп үлгереді. Оңтүстік Қазақстан Жамбыл облыстарында Саратов-853 сияқты көп өнім беретін орта мерзімде пісетін сорттары да толық пісе алады. Аңыздық тарының агротехникасы төмендегідей: масақты дақылдар комбайнмен орылған бойда, танаптан дереу сабан шығарылып, арық тартылып жер суарылады. Топырақ аздап дегди бастасымен картограмма бойынша тыңайтқыштар беріліп дереу жыртылады да, малаланғаннан кейін тарыны себе бастайды. Ең бастысы барлық жұмастарды өте тез жүргізу керек. Себебі, бұл жағдайда тары неғұрлым ерте себілсе оның өнімі де жоғарылай түседі. Егер тары шілде айында себілмей тамызға қалса ол суық түскенше пісіп үлгермей, үсікке ұрынуы мүмкін.
Аңызға егілген тарыны жай қатарлы әдіспен сепкен дұрыс, бұл ретте әр гектарға кететін тұқым мөлшерін 25-30 процентке көбейтеді. Бұл уақытта күн ыстық болуына байланысты топырақтың үстіңгі қабаты өте тез кеуіп кетеді. Сондықтан тары дәнін 6-8 см тереңдікке сіңіру керек. Топырақтағы жылудың молдығына байланысты бұл тереңдіктен тары 4-5 күнде жер бетіне шығып үлгереді.
2.3 Тары дақылында кездесетін зиянкестер.
Тары барылдақ қоңызы. Тары барылдақ қоңызы- Ophonus calceatus Duft. Ұзындығы 15 мм жететін едәуір ірі қара қоңыз. Мұртшалары, ауыз мүшелері және табандары қызғылт-сары түсті. Жұмыртқасы мен дернәсілінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ноқат дақылын өсіру
Ноқат дақылының биологиясы
Жоңышқаның тұқымға өсіру технологиясы
Күріш жармасының сапасын бағалау
Жарма технологиясы
Тары дақылының өсіру
Соя жылу сүйгіш өсімдік
Егіс. Егіншілік
Күріш ауыспалы егістері
Дақылдың халық шаруашылығындағы маңызы
Пәндер