Бөрібұршақ және атбасбұршақтың халықтық - шаруашылық маңызы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

1. Бөрібұршақ және атбасбұршақтың халықтық - шаруашылық маңызы.

2. Биологиялық ерекшеліктері.

3. Өсіру технологиясы

Негізгі бөлім

а) алғы дақыл

ә) топырақты өңдеу жүйесі

б) себу жұмыстары

г) күтіп баптау жұмыстары

д) жинау

4) Ғылыми еңбектері

5) Қорытынды

Кіріспе

Дәнді бұршақ дақылдары (асбұршақ, ноқат, ноғатық, бөрібұршақ, т. б. ) дәнді дақылдардың үшінші биологиялық тобын құрайды да, бұршақ тұқымдасына жатады. Бұл дақылдардың тұқымдарында 20-30% және одан да жоғары мөлшерде ақуыз болады, ал бұл дәнді астық дақылдарынан 1, 5-3, 0 есе артық. Оның үстіне ақуызды заттар амин қышқылдарының құрамы бойынша (лизин, триптофан, т. б. ) толыққұнды, жеңіл ериді, адам мен жануарлар ағзаларымен жеңіл қорытылады. Тұқымдар мен жемістерінде ағзаның қалыпты қызмет істеуіне қажетті көп мөлшерде көмірсулары (крахмал) және әр түрлі дәрумендер (А, В, С, т. б. ) де шоғырланған. Дәнді бұршақ дақылдары мал шаруашылығындағы ақуыз мәселесін шешуге мүмкіндік жасайды. Таза және аралас егістіктерде олардан қоректілігі жақсы жасыл балауса, пішен және сүрлем дайындалады. Олардың сабағы мен мекені де мал азықтық құндылығымен ерекшеленеді. Дәнді бұршақ дақылдарының тұқымдары өңдеу өнеркәсібінде де пайдаланылады. Айта кеткен жөн, ақуыздың көп бөлігін бұршақ тұқымдас өсімдіктер ауадағы азотты сіңірудің нәтижесінде қалыптастырады. Олардың агротехникалық маңызы да зор: тамырларында орналасқан түйнек бактерияларының азотты байлау қабілетінің арқасында топырақ органикалық заттармен және биологиялық азотпен байытылады. Жапырақтары қүрылысына қарай үш топқа бөлінеді: біріншісі - қауырсын жапырақты өсімдіктер (асбұршақ, атбас бұршақ, ноғатық, т. б. ), екіншісі -үштік жапырақтылар (майбұршақ, үрме бұршақ) және үшіншісі - саусақ-салалы жапырақтылар (бөрі бұршақ) . Гүлдері бұрыс пішінді, бестік түрде болады. Жемісі - әр түрлі көлемді және пішінді бұршаққап. Бұршақ дақылдарының кейбіреулерінің (асбұршақ, жасымық, т. б. ) жемістері піскен кезде жарылады да, тұқымдары шашылып, астық өнімін темендетеді. Тұқымның көлемі мен түсі де әр түрлі. Өсіп-даму кезеңінің ұзақтығы бойынша дәнді бұршақ дақылдары екі топқа бөлінеді: қысқа (асбұршақ, жасымық, т. б. ) және біраз ұзақтау (ноқат, үрме бұршақ, т. б. ) . Жылуға талабы бойынша дәнді бұршақ дақылдарынан суыққа төзімділеу (асбұршақ, жасымық), жылу сүйгіштеу (бөрі бұршақ, атбас бұршақ, ноқат) және жылу сүйгіш (майбұршақ, үрме бұршақ) деп ажыратылады. Бұл дақылдардың ылғалға да талаптары бірдей емес: ең ылғал сүйгіштерге май бұршақ, бөрі бұршақ, атбас бұршақ жатады, сондықтан оларды ылғалы молырақ аудандарда немесе тек суару жағдайында өсіреді: құрғақшылыққа төзімді деп ноқат, асбұршақ, ноғатық саналатындықтан, оларды Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында үлкен табыспен өсіруге болады. Қазақстанда егістік көлемі бойынша дәнді бұршақ дақылдарының ішінде бірінші орынды асбұршақ, одан кейін ноқат, ноғатық, т. б. орналасқан. [1]

Бөрібұршақ және атбасбұршақтың халықтық - шаруашылық маңызы

Бөрібұршақ және Атбасбұршақ. Халық шаруашылығындағы маңызы. Дәнді бұршақ дақылдары егіншілікте үш басты мәселелерді шешуге көмектеседі: астық өндірісін арттыруда белгілі бір рөл атқарады, өсімдік белогі мен топырақтың құнарлылығын арттырады. Барлық дәнді бұршақ дақылдарының тұқымдары мен вегетативтік массасында жоғары мөлшерде белок болатындақтан тағамдық және мал азықтық құндылығымен сипатталады (Кесте 29) . Белоктың барынша көп мөлшерімен майбұршақ пен бөрібұршақ ерекшеленеді. Оның мөлшері әртүрлі түрлерінде ғана емес, бір дақылдың деңгейінде өсіру жағдайларына байланысты өзгереді. Дәнді бұршақ өсімдіктерінің белоктары басқа өсімдік белоктарына қарағанда суда жақсы ериді, сондықтан олар жеңіл қорытылады.

Кесте 29. Дәнді бұршақ тұқымдарының химиялық құрамы (%)

Дақыл
Ақуыз (белок)

Азотсыз

экстрактивті

заттар

Май
Клетчатка
Күл
Дақыл: Асбұршақ
Ақуыз (белок): 28
Азотсызэкстрактивтізаттар: 52
Май: 1, 5
Клетчатка: 3, 5
Күл: 2, 5
Дақыл: Атбас бұршақ
Ақуыз (белок): Гзо
Азотсызэкстрактивтізаттар: 45
Май: 1. 5
Клетчатка: 6. 0
Күл: 3, 5
Дақыл: Жасымық
Ақуыз (белок): 30
Азотсызэкстрактивтізаттар: 50
Май: 2. 0
Клетчатка: 3. 0
Күл: 3. 0
Дақыл: Ноғатық
Ақуыз (белок): 29
Азотсызэкстрактивтізаттар: 48
Май: 2. 0
Клетчатка: 6. 0
Күл: 3. 0
Дақыл: Ноқат
Ақуыз (белок): 25
Азотсызэкстрактивтізаттар: 49
Май: 4, 5
Клетчатка: 4, 0
Күл: 3, 5
Дақыл: Бадана
Ақуыз (белок): 24
Азотсызэкстрактивтізаттар: 49
Май: 2. 0
Клетчатка: 4, 0
Күл: 3, 0
Дақыл: Майбұршақ
Ақуыз (белок): 39
Азотсызэкстрактивтізаттар: 24
Май: 20. 0
Клетчатка: 4. 0
Күл: 5, 0
Дақыл: Бөрібұршақ (жіңішке жапырақты)
Ақуыз (белок): 38
Азотсызэкстрактивтізаттар: 24
Май: 5, 0
Клетчатка: 12, 5
Күл: 4, 5

Өсімдік белогінің сапасы оның кұрамында айырбаска жатпайтын амин қышқылдарының барлығымен де сипатталады, оның үстіне олардың мөлшері адам мен жануарлардың қажетсінуін канағаттандыруға толық жетеді. Бұршақ дақылдарының астық белогінің биологиялық құндылығы өте жоғары. Егер сүт белогінің құндылығын 100% деп есептесек, онда көптеген дәнді бұршақ дақылдарының биологиялық құндылығы 75-85%, ал майбұршақта ол 100%-ға жақындайды. Біздің елімізде өсімдік белогі мәселесі (проблемасы) өте өткір тұр. Қазіргі кезеңде жануарлар үшін мал азығының бір азықтық өлшемінде 85-86 г-нан ғана сіңімді протеин бар, ал ол 105-110 г-нан кем болмауға тиіс. Протеиннің жетімсіздігі мал азығының айтарлықтай көп шығынына жетелейді және малдың өнімділігін арттыруға басты кедергілердің бірі болып табылады. ҚР өкіметі мал шаруашылығын өсімдік белогі мен толық қамтамасыз ету қажеттілігін алға тартып отыр. Ол үшін асбұршақ, ноқат, майбұршақ және жоғары белокті басқа дақылдар егістігін барынша арттырған дұрыс. Кезінде Д. Н. Прянишников көрсеткендей, белок проблемасы негізінен бұршақ тұқымдас өсімдіктердің есебінен шешілуге тиіс. Мәселе мынада: дәнді бұршақ дақылдары жоғары қоректілігімен бірге бір азықтық өлшемде 160-тан 250-г-ға дейін сіңімді протеин қалыптастырады (Кесте 30) . Малды көп мөлшерде ірі сабақты, шырынды мал азықтарымен және сүрлеммен қоректендіргенде белокты мал азығының қажеттілігі арта түседі. Дәнді бұршақтарының астығы - жануарлар үшін құнарландырылған мал азығының құнды құрам бөлігі. Бұршақ дақылдарынан қоректілігі жақсы пішен, сүрлем және жасыл балауса дайындалады. Сондықтан белок теңдестігін жақсарту үшін оларды басқа дақылдармен аралас егістікте кеңінен қолданылады.

Кесте 30. Дәнді бұршақ дақылдарының қоректілігі

Дақыл
100 кг мал азығындағы азықтың өлшем мөлшері
1 азықтық өлшемге келетін сіңімді протеин мөлшері, г
Дақыл:
100 кг мал азығындағы азықтың өлшем мөлшері: Жасыл балауса
1 азықтық өлшемге келетін сіңімді протеин мөлшері, г: Сүрлем
Астық
Жасыл балауса
Сүрлем
Астык
Дақыл: Майбұршақ
100 кг мал азығындағы азықтың өлшем мөлшері: 20, 7
1 азықтық өлшемге келетін сіңімді протеин мөлшері, г: 20, 2
130, 7
21 7
174
223
Дақыл: Асбұршақ
100 кг мал азығындағы азықтың өлшем мөлшері: 16, 0
1 азықтық өлшемге келетін сіңімді протеин мөлшері, г: 15, 0
114, 0
175
133
158
Дақыл: Бөрібұршақ - мал азықтық
100 кг мал азығындағы азықтың өлшем мөлшері: 14, 7
1 азықтық өлшемге келетін сіңімді протеин мөлшері, г: 17, 7
110, 7
184
163
245
Дақыл: Атбас бұршақ
100 кг мал азығындағы азықтың өлшем мөлшері: 16, 0
1 азықтық өлшемге келетін сіңімді протеин мөлшері, г: 18, 0
155, 0
1 63
144
211
Дақыл: Сиыржоңышқа
100 кг мал азығындағы азықтың өлшем мөлшері: 17, 0
1 азықтық өлшемге келетін сіңімді протеин мөлшері, г: 13, 8
119, 2
218
167
189
Дақыл: Ноғатық
100 кг мал азығындағы азықтың өлшем мөлшері: 21, 9
1 азықтық өлшемге келетін сіңімді протеин мөлшері, г: 15, 0
109, 3
201
І67
198

Дәнді бұршақ дақылдарының сабаны мен мекенінде 8-14% белок болады, ал дәнді астық дақылдарының сабанында ол 3-4%-ды ғана құрайды. Кейбір дәнді бұршақ дақылдары өсімдіктерінің тұқымдарында одан адам және жануарлар ағзасына қажетті барлық амин қышқылдары, оның ішінде айырбасқа жатпайтындары да (лизин, метионин, триптофан) бар. Олар жеткіліксіз болғанда белоктың бір бөлігі ғана ағзамен сіңіріледі, ал калған мөлшері энергетикалық материал ретінде жұмсалады. Мәселен, бидай құрамындағы 12% белоктың және лизинмен қамтамасыз етілуі 60% болғанда белоктың тек қана 7% сіңіріледі, арпадан - 6% ғана. Метионин жеткіліксіз болғанда баданадағы 25% белоктың 11% ғана асбұршақтың 23%, белоктың 10% ғана сіңіріледі, майбұршақтағы дерлік барлық белок сіңірілмейді. Тұқымдардағы амин қышқылдарының мөлшері және олардың теңдестігі бойынша бірінші орынды майбұршақ иеленеді. (1 кг құрғақ затқа 170 мг), одан кейінгілері бөрібұршақ (156 мг), атбас бұршақ (150 мг), олардан айтарлықтай асбұршақ (87 мг) қалысады. Белок мөлшері сортқа, топырақ-климат жағдайларына және өсіру технологиясының ерекшеліктеріне байланысты қатты өзгереді. Солтүстіктен оңтүстікке және батыстан шығысқа қарай жылжығанда дәнді бұршақ дақылдарының тұқымдарында белок мөлшері арта түседі. Майбұршақ, ноқат және бөрібұршақтың түқымдарында май да айтарлықтай мөлшерде көп, бұл аталған өсімдіктердің құндылығын арттыра түседі.

Сурет 28. Атбас бұршақ: 1, 2 - егін көгі және гүлдену кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3 - сабақтың жоғарғы бөлігі; 4 - жемістері; 5 - тұқымдары.

Дәнді бұршақ өсімдіктерінің вегетативтік мүшелерінде және тұқымдарында А, В 1 , В 2 , С дәрумендері де болады. Дәнді бұршақ дақылдарының өнеркәсіптік-шикізаттық маңызы да айтарлықтай: олардың тұқымдарынан жарма мен ұн, кондитер бұйымдары, консервілер, тағамдық және мал азықтық концентраттар дайындалады. Олардың көпшілігінің шала піскен тұқымдары мен жемістерінен көкөністік консервілер өндіріледі. Майбұршақтың тұқымынан өндірілген майдың тағамдық және техникалық маңызы зор. Ал оның уреаза ферменті бадана белогі сияқты, медицинада қолданылады. Кейбір дәнді бұршақ тұқымдары (майбұршак, ноғатық) казеин, желім және пластмасса өндірісінде шикізат ретінде пайдаланылады. Атбас бұршақтың астығы пісірілген күйінде, көжесі мен ботқасы қоректілігімен және дәмділігімен ерекшеленеді. Оның құрамында орта есеппен 26-34% ақуыз (белок), 0, 8-1, 5% май, 50-55% көмірсулары бар. Тағамға толық піспеген бұршаққаптары немесе шала піскен тұқымдары да пайдаланылады. Атбас бұршақты мал азығына (астығы, жасыл балауса, сүрлем) және жасыл тыңайтқышқа қолданады. Оның бір кг жасыл балаусасында 21 г қорытылатын протеин, 2 г кальций, 0, 5г фосфор және 20 мг каротин, ал 1кг тұқымында 1, 16-1, 30 азықтық өлшем болады. Атбас бұршақ дәнді бұршақ дақылдарының ішінде барынша өнімділерінің бірі. Оның әлеуетті (потенциялды) астық өнімі 25-45 ц/га, ал жасыл балаусасы 400-500 ц/га жетеді. Экологиялық егіншілік жүйесінде атбас бұршақ өсімдік шаруашылығының маңызды құрам бөлігі болып табылады. Басқа бұршақ тұқымдастар сияқты атбас бұршақта азотфиксациясы нәтижесінде топырақтың потенциалды құнарлығын сақтауда маңызы зор. Ол өсіп-даму кезеңінде түйнек бактериялар симбмозымен 300 кг /га дейін атмосфералық азотты сіңіреді де оның жартысына жуығын топырақта кейінгі дақылға қалдырады. Атбас бұршақ - ертеден өсіріліп келе жатқан дақыл, Мысыр елінде, Грекия мен Римде кең тараған. Оның отаны Жерорта теңізі елдері, Батыс Европада кеңінен өсіріледі. Алайда Қазақстанда оның ауданы шамалы. [2]

Биологиялық ерекшеліктері.

Биологиялық ерекшеліктері. Дәнді бұршақ дақылдары әртүрлі өсіп-даму кезеңдерінде температураға біркелкі талап қоймайды. В. Н. Степановтың деректеріне қарағанда (Кесте 32), олар төмендегідей көрсеткіштермен сипатталады (алымында биологиялық минимум, бөлімінде - температуралық оптимум) . Температураға қоятын талаптарына қарай дәнді бұршақ дақылдарын 3
топқа бөледі: шамалы талапты (асбұршақ, жасымық, ноғатық),
түқымдарының бастапқы өне бастауына 2°С қажет, егін көгін 3-4°С
қалыптастырады, ерте себу мерзімінің дақылдары; орташа талапты (жіңішке жапырақты бөрі бұршақ, атбас бұршақ, ноқат), тұқымдарының бастапқы өну температурасы 3-4°С, көктеуіне 5-6°С қажет, орташа себу мерзімінің дақылдары; жоғары талапты (майбүршақ, бадана), түқымдарының бастапқы өну температурасы 8-10°С, көктеуі 10-13°С-да, кеш себу мерзімінің дақылдары.

Кесте 32. Дәнді бұршақ дақылдарының әртүрлі өсіп-даму кезеңдерінде температураға талаптары (°С)

Дақыл
Кезеңдер
көктеу
вегетативтік мүшелерін қалыптастыру
генеративтік мүшелерін қалыптастыру
жеміс салу
Дақыл: Асбұршақ
Кезеңдер:

4-5

6-12

4-5

12-16

10-12

16-20

12-10

22-16

Дақыл: Жасымық
Кезеңдер:

4-5

6-12

4-5

12-16

12-15

17-21

12-10

22-17

Дақыл: Ноғатық
Кезеңдер:

4-5

6-12

4-5

12-16

10-12

17-21

12-10

23-19

Дақыл: Жіңішке жапырақты бөрібұршақтар
Кезеңдер:

5-6

9-12

5-6

14-16

8-10

16-20

10

20-16

Дақыл: Атбас бұршақ
Кезеңдер:

5-6

9-12

5-6

12-16

8-10

16-20

10

22-16

Дақыл: Ноқат
Кезеңдер:

5-6

9-12

5-6

17-18

12-15

17-21

15-22

24-20

Дақыл: Майбұршақ
Кезеңдер:

10-12

15-18

10-11

15-18

15-18

18-22

12-10

22-18

Дақыл: Бадана
Кезеңдер:

12-13

15-18

12-13

16-26

15-18

18-25

15-12

23-20

Мынадай заңдылық байқалады: тұқымның өну температурасы неғұрлым төмен болса, соғұрлым егін көгінің үсу температурасы да төмен. Айталық, асбұршақ пен жасымық көктеу кезеңінде - 8°С бозқырауды (аязды, үсікті) көтереді, бөрібұршақ пен атбас бұршақ - 6°С дейін, ал майбұршақ - 3-4°С дейін аязды көтереді. Бозқырауға барынша сезімтал дақыл - бадана, оның егін көгі - 1°С температурада үсіп кетеді. Әртүрлі дәнді бұршақ дақылдарында өсіп-даму кезеңдеріне байланысты қиын-қыстау температуралары бірдей емес (Кесте 33) . Кесте 33. Дәнді бұршақ дақылдарының әртүрлі өсіп-даму кезеңдеріндегі ауадан зақымдану температурасы, °С (В. Н. Степанов деректерінен)

Дақыл
Егін көгі
Гүлдену
Пісу
Дақыл: Бозқырауға барынша төзімді
Дақыл: Асбұршақ
Егін көгі: -7, -8
Гүлдену: -2. -3
Пісу: 3, -4
Дақыл: Бозқырауға төзімді
Дақыл: Көкшіл бөрібұршақ
Егін көгі: -6, -8
Гүлдену: -3
Пісу: -3
Дақыл: Атбас бұршақ
Егін көгі: -5, -6
Гүлдену: -2, -3
Пісу: -3
Дақыл: Бозқырауға орташа төзімді
Дақыл: Сары бөрібұршақ
Егін көгі: -4, -5
Гүлдену: -2, -3
Пісу: -
Дақыл: Бозқырауға төзімсіз
Дақыл: Бадана
Егін көгі: -1, -1, 5
Гүлдену: -0, 5, -1
Пісу: -2

Бозқыраудан болатын астық өнімінің шығынын азайтудың тиімді тәсілі - суыққа төзімді сорттарды шығару және дәнді бұршақ дақылдарын жекелеген танаптардың микроклиматын ескеріп орналастыру. Дәнді бұршақ дақылдары өсімдіктеріне тұқымның толысу және пісу кезеңдерінде жоғары температураның маңызы ерекше, ал бұл ерекшелік себу жұмыстарын кешеуілдетуге мүмкіндік бермейді және олардың кейбірін солтүстік аудандарға қарай жылжытуға кедергі келтіреді. Биологиялық ерекшеліктері. Атбас бұршақ жылуға жоғары талап қоймайды: төменгі көктеу температурасы +3-4ºC, -5-6ºC бозқырауды жеңіл көтереді; орташа тәуліктік температурасы 10ºC-да көктейді; оңтайлы өсіп-даму температурасы -18-20ºC. Орташа мерзімде пісетін сорттары үшін 1900ºC шамасында белсенді температура жиынтығы қажет. [1] Атбас бұршақ көктегеннен кейін бір айдан кейін гүлдене бастайды да сабақтың төменгі жағынан жоғары қарай ұзақ уақыт бойы гүлдейді және төменгі бұршаққаптар толысып болғанға дейін созылады. Ұзақ гүлденудің нәтижесінде оның пісуі де созылыңқы, ал мұның өзі дақылды жинауда қиыншылық келтіреді. Атбас бұршақ ылғал сүйгіш дақылдар қатарына жатады. Тұқымдары өз массасының 120%-дай ылғал сіңіргеннен кейін өне бастайды. Оның ылғалға барынша жоғары қажетсінуі - көктеуден төменгі қабаттағы бұршаққаптардың толық толысуына дейінгі кезең аралығы. Транспирациялық коэффициенті 700-800, ылғал жеткіліксіз болғанда бұршаққаптары мен тұқымдары нашар өседі де төмен астық өнімін қалыптастырады. Осыған байланысты бұл дақыл Қазақстанда ылғалды аудандарда немесе суармалы жағдайда ғана өсіріледі. Атбас бұршақ ылғалды жақсы ұстайтын органикалық заттарға бай, құнарлы, топырақ ерітіндісінің реакциясы бейтарап немесе әлсіз қышқыл (рН = 6-7, 0) танаптарда жақсы өседі, ауыр саздақ, батпақтанған және сортаң жерлер оған жарамсыз. [2]

Өсіру технологиясы

Өсіру технологиясы. Атбас бұршақтың өсіру технологиясы айтарлықтай күрделі емес, Ол ауыспалы егісте алғы дақылға жоғары талап қоймайды, ол көптеген дақылдарға жақсы алғы дақыл болып табылады. Жапырағы. Жапырақтардың құрылысы бойынша дәнді бұршақ дақылдары үш топқа бөлінеді (Сурет 23) : біріншісі - қауырсын жапырақты өсімдіктер (асбұршақ, жасымық, ноғатық, ноқат, атбас бұршақ), екіншісі - үштік жапырақты өсімдіктер (бадана, майбұршак) және үшіншісі - саусақ-салалы жапырақты өсімдіктер (бөрібұршақ) . Бұл топтардың өсімдіктері бастапқы өсу сипаты бойынша ажыратылады, осыған байланысты агротехника ережелерімен де. Бірінші топтың өсімдіктері эпикотил есебінен өнеді де жер бетіне түқым жарнақтарын шығармайды, топырақта қалдырады. Олардың тұқымдарын топыраққа тереңірек сіңіреді, көктегенге дейін және көктегеннен кейінгі тырмалауды көтереді. [2]

Сурет 23. Дәнді бұршақ дақылдарының егін көктері: 1 - кәдімгі бадана (үштік жапырақтар) ; 2 - бөрі бұршақ (саусақ-салалы жапырақтар) ; 3 - ноқат (қауырсын жапырақтылар) .

Екінші және үшінші топтың өсімдіктері әуелі гипокотилдің есебінен өседі де топырақ бетіне түқым жарнақтарын алып шығады. Олар тұқымдарын саяз сіңіруді талап етеді, оларды көктегенге дейін тырмалауға болмайды және көктегеннен кейін өте сақ тырмалау қажет. Дәнді бұршақ дақылдарының тамыр жүйесі кіндікті, топырақта 2 метр тереңдікке дейін бойлайды, бүйір тамыршалары топырақтың беткі қабатын жайлап кетеді. Тамырларының қуатты дамуына олар терең және борпас топырақты қажетсінеді (оңтайлы тығыздық 1, 1-1, 2 г/см 3 ) . Сондықтан дәнді бұршақ дақылдары терең өңдеуді және топырақтың жыртылатын қабатын тереңдетуді қажетсінеді. Дәнді бұршақ дақылдарының сабақтары әр түрлі механикалық беріктілікте және себу тәсілі осыған тәуелді. Атбас бұршақта, бөрі бұршақта, бадананың бұталы түрлерінде ноқат және майбұршақта сабақтары тік өседі, вертикал жағдайын сақтайды (жиі түрде кең қатарлы тәсіл пайдаланылады) . Асбұршақ, сиыржоңышқа, ноғатық, жасымық пен баданада олар пісу кезеңіне қарай жапырылады (тек жаппай қатардағы себу тәсілі қолданылады) . Дәнді бұршақ дақылдарын жиі түрде сабақтары берік басқа дақылдармен аралас себеді, алдыңғылары мұртшаларымен кейінгілеріне оратылып өседі. [3]

Негізгі бөлім

а) Алғы дақыл

Ауыспалы егісте атбас бұршақты сүрі жерде өсірілген бидайдан, күздік және жаздық дақылдардан кейін орналастырады, сонымен қатар отамалы дақылдардан соң (картоп, жүгері сүрлемге, тамыржемістілер) да өсіруге болады.

ә) Топырақты өңдеу жүйесі

Атбас бұршаққа топырақ терең өңделеді. Шаруашылықтарда қыс айларында қар тоқтату, көктемде тырмалау, ал себу алдында топырақты культивациялау ұсынылады (танаптардың арамшөптермен ластану деңгейіне қарай) . Атбас бұршақ әрбір тонна тұқымы және соған сәйкес жер үсті массасын қалыптастыруға топырақтан 60-70 кг азот, 15-20 кг фосфор, 40-45 кг калий, 23-28 кг кальций және 18-22 кг магний шығындайды. Әр гектар егістікке фосфор калий тыңайтқыштар мөлшерін атбас бұршақтың бағдарламаланған өніміне есептеп енгізеді: ол үшін топырақтағы сіңімді қоректік заттардың мөлшерін және олардың өсімдіктермен пайдалану коэффициентін, тыңайтқыш түрі мен ондағы қоректік заттардың мөлшері мен өсімдіктердің сіңіру пайызын, бір өлшем өніммен шығындалатын қоректік заттардың мөлшерін білген абзал. Симбиотикалық азотфиксациясына қолайлы жағдайлар жасалған болса, онда атбас бұршаққа азот тыңайтқышын енгізудің қажеті жоқ. Дәнді бұршақ дақылдарына барынша қолайлысы орташа байланысқан, әлсіз қышқыл немесе бейтарап, фосфор, калий және кальцийдің жеткілікті мөлшері бар саздақ және орташа құмдақ топырақтар болып табылады. Олар қышқыл топырақтарда нашар өседі және кальций қоректік затын көп шығындайтындықтан ондай топырақты известеуді қажет етеді. Бөрібұршақта басқаша, ол қышқыл және құмдақ топырақтарда жақсы өседі, алайда топырақтағы известің артық мөлшерін көтере алмайды. Құмдақ (жеңіл) топырақтарда далалық асбұршақты мал азықтық мақсаттарға өсіруге болады. Дәнді бұршақ дакылдары үшін фосфор тыңайтқыштарының рөлі зор. Дегенмен топырақ құнарлылығы мен өсімдіктердің фосфаттармен қамтамасыз етілуі жоғарылаған сайын фосфордың маңызы біршама төмендейді де, есесіне калий тыңайтқыштарының рөлі артады. Азот тыңайтқыштарымен жағдай басқаша. Бұрын дәнді бұршақ дақылдарына оны енгізуге болмайды, өйткені олардың өздері азотты ауадан алады, ал азотты тыңайтқыштар азот фиксациясын әлсіретеді деп есептеген. Соңғы уақытта көптеген зерттеушілер (М. В. Федоров, В. В. Бернард, Г. Шмидт, Л. М. Доросинский, Н. М. Лазарева) көрсеткендей, азот фиксациясын жасау қабілеті болғанымен тамырларында түйнектер түзілгенше бастапқы өсу кезеңінде дәнді бұршақ дақылдары азот тыңайтқыштарының шамалы мөлшеріне (30 кг/га э. е. з) мұқтаждық танытады. Алайда дәнді бұршақ дақылдарының өсіру жағдайлары мен топырақ құнарлығына байланысты мүны нақтылаған дұрыс. Бұл дақылдар құнарсыз қышқылдығы жоғары, ылғалдылығы төмен (топырақтың оңтайлы ылғалдылығы ТЫС-тың 40-60% шамасында) топырақтарда және қолайсыз температуралар жағдайында (24°С-дан жоғары немесе 4°С-дан төмен) азотты қажетсінеді. Аталған барлық қолайсыз жағдайлар түйнек бактерияларының дамуын әлсіретеді, осыдан азот тыңайтқыштары жақсы тиімділік көрсетеді. Дәнді бұршақ дақылдарына айтарлықтай қолайлы жағдай жасай отырып (известеу, аэрация, су және қоректену ережелерін жақсарту, инокуляция, микротыңайткыштар ж. б. ) бактериялар мен өсімдіктер симбиозының тиімділігін әжептәуір арттыруға және азот тыңайтқыштарын қолданбай-ақ қоюға болады. Мұндай жағдайда азот тыңайтқыштарын енгізу түйнек бактерияларының азот фиксациялау қызметін әлсіретеді. [3]

в) Себу жұмыстары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атбас бұршақ және бөрібұршақ дақылдарын өсіру технологиясы
Алғы дақыл
Күздік бидай және қара бидай
Дәнді бұршақ дақылдары зиянкестерінің энтомофагтары
Асбұршақтың тұқым шаруашылығы
Бұршақты көкөністер
Бұршақ тұқымдасы жайлы жалпы түсінік
Бұршақ тұқымдас дақылдар
Үрмебұршақ дақылының өсіру технологиясы
Алматы облысы, Іле ауданының табиғи-климат жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz