Жасымықты өсіру технологиясы


Жоспары
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Халық шаруашылығындағы маңызы
2. 2 Биологиялық ерекшеліктері
ІІІ. Өсіру технологиясы
А) Алғы дақыл
Ә) Топырақ өңдеу
Б) Себу жұмыстары
В) Күтіп баптау жұмыстары
Г) Жинау
ІV. Ғылыми еңбектер
V. Қорытынды
VІ. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жасымық (Lens) - бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. 10-ға жуық түрі бар. Қазақстанда шығыс жасымығы(L. prіentalі») және тағамдық немесе кәдімгі Жасымық ( L. culіnarі ) өседі. Кәдімгі Жасымық суыққа төзімді, ылғалды көп қажет етеді. Өсіп-өну кезеңі 75 - 115 тәулік. Өздігінен тозаңданады. Қара топырақта жақсы өседі. Жасымық дәнінде 35% белок, 60% крахмал, 2, 5% май болады. Дәнінен жарма, ұн, т. б. жасайды. 1 га-дан 15 - 25 ц дән жиналады. Жапырағы мен сабағын және ұсақ дәнді сортының дәнін малға азық ретінде пайдаланады. Жасымыққа отамалы және күздік дәнді дақылдар алғы дақыл болып табылады. Дәнін қатарлап (тұқым себу нормасы 0, 7 - 1, 7 ц/га), 3 - 5 см тереңдікте егеді. Бөлектеп жинайды. Зиянкестері: жасымық қоңызы, шалғын көбелек; аурулары: ақ зең аскохитоз, тат, т. б.
Жасымық - бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. 10-ға жуық түрі бар. Қазақстанда шығыс Жасымығы және тағамдық немесе кәдімгі Жасымық өседі. Кәдімгі Жасымық суыққа төзімді, ылғалды көп қажет етеді. Өсіп-өну кезеңі 75 - 115 тәулік. Жасымық бұршағының құрамында бізге күш пен энергия беретін көмірсулар көп болады. Соның арқасында жасымықтан жасалынған тағамдар өте тойымды. Оның құрамында ағзамызды құрайтын бөлшектер - ақуыздар өте көп. Жасымықтың 60 пайызы осы ақуыздарға тиесілі. Сол себепті жасымық ет сияқты ақуызы мол тағамға балама бола алады. Сонымен қатар жасымықтың ақуызы ағзамен жеңілірек қабылданады. Жасымық бұршағы әйел денсаулығына өте қажетті темірге де өте бай. Жасымық ботқасының бір тәрелкесінде адамға бір күнде қажетті фоли қышқылының 90 пайызы бар. Ол әсіресе аяғы ауыр болашақ аналарға керек. Сонымен қатар жасымық бұрышы басқа да макро және микроэлементтерге, оның ішінде: мырыш, марганец, селен, йод, фтор, фосфорға бай. Жасымықтағы кездесетін дәрумендер де аз емес: А, Е, РР және В тобының дәрумендері. Атап өткен фоли қышқылының жасымықта көп болуы жүкті әйелдерге өте пайдалы, ол іштегі нәрестенің дұрыс қалыптануына септігін тигізіеді.
Жасымық - мықты антиоксидант. Оның құрамындағы изофлавон атты заттар қатерлі ісік сынды өте ауыр дерттердің алдын ала алады. Бұл бұршақтың түріндегі клетчатканың молдығы ас қорыту жүйесіне көмектесіп, асқазан мен ішекте бола алатын аурулардың алдын алады. Атап өткен дәрумендер мен минералдар жалпы иммунитетті берік қылып, денсаулыққа жақсы әсерін береді. Жасымық жүрек-тамыр жүйесімен қиындықтары бар, диабетке шалдыққандарға да пайдалы: оның кейбір қасиеттері қандағы қант мөлшерін азайта алады. Ал жасымық ұнын косметикалық дауаларда, теріні түрлі кемшіліктерден емдеу үшін қолданады.
Ноғаттық- ауыспалы егісте астыққа өсіргенде ноғаттықты дәнді дақылдардан кейін орналастырады, жаздық дақылдарға оның өзі жақсы алғы дақыл. Алғы дақылдарға ноғаттықтың талғамы зор. Көк балаусаға немесе пішенге өсіргенде ноғаттықты ферма маңы ауыспалы егістігінде орналастырады. Қатардағы әдіспен гектарына 0, 7-0, 8 млн. өнгіш тұқым сепкенде барынша мол өнім жиналады.
Халық шаруашылығындағы маңызы. Жасымық . Жасымық бағалы тағамдық және малазықтық дақыл. Оның тұқымында 36%-ға дейін ақуыз (орташа 30, 4%), 2% май, 60% азотсыз экстрактивті заттар, 2, 5-4, 5 % күл, 2, 5-4, 9% жасұнық бар. Жасымық дәні өте өте жоғары сіңімділігімен ерекшеленеді. Оның әсіресе ірі дәнді тәрелке тәрізді сорттарының маңызы зор. Қоректілігі, пісу және дәмдік сапасы асбұршақтан асып түседі. Ұсақ дәнді жасымық - мал мен құстарға тамаша құнарландырылған жем. Жасымық сабаны ұсақ, жұмсақ және малазықтық сапасы бойынша шалғындық шөппен тең, онда 14%-ға дейін шикі ақуыз болады. Жасымықтың топаны да жақсы жем., онда ақуыздың мөлшері 18% жетеді. 100 кг пішенге 18, 5-22, 3 малазықтық өлшемнен және 4, 4-4, 9 кг қорытылатын протеиннен келеді. 12-15% ылғалдылықтағы пішенінде 16-20% протеин, 10, 2-16, 2% - ақуыз, 2, 1-3, 1% май болады.
Жасымықтың агротехникалық маңызы да көп көңіл бөлуді қажет етеді. Ол басқа бұршақ дақылдарындай күздік және жаздық астықтарға жақсы алғы дақыл. Өнімділігі асбұршақтан төмен, бірақ жоғары агротехникада жақсы өнім бере алады.
Тараған аймақтары, өнімі . Жасымық біздің жыл санауымыздан 2 мың жыл бұрын екпе дақыл есебінде танылған. Оны гректер, римдіктер, египеттіктер, славяндар ертеден қолда өсірген. Ірі тұқымды жасымықтың шыққан ортасы Жерорта теңізі, ұсақ тұқымды түрі- Ауғанстан мен Иран елдері, солардан дүние жүзіне тараған болып саналады.
Қазір жасымық Европа, Азия, Африка, Латин Америкасы елдерінің көбінде өсіріледі. Егіс көлемі көп елдерге - Ресей, Египет, Испания, Румыния, Чехославакия және Чили мемлекеттері жатады. Әлемдегі егіс көлемі 1 млн гектар болса, соңғы жылдары оның көлемі ұлғая түсуде. Біздің еліміздегі егіс көлемі 70 мың гектар шамасы, орташа әр гектардан алынатын астық өнімі 13 ц, бірақ алдыңғы қатарлы шаруашылықтар, тәжірибе мекемелері 20-25 ц өнім алуда.
Жасымықтың бағалылығына қарамастан кең тарамауының басты себебі- сабағының аласалығынан өнімін механикалық әдіспен жинау қиын, әрі өсіру технологиясының жетілдірілмегенінен.
Ноғаттық. Халық шаруашылығындағы маңызы . Ноғатықты азық-түліктік, мал азықтық және техникалық дақыл ретінде өсіреді. Ол асбұршаққа қарағанда ақуызға (белок) бай, бірақ оған пісірілуі мен дәмдік сапасынан аздап жол береді. Ноғатықтың тұқымдары жоғары қоректілігімен бағаланады: белоктық заттар - 23-34 %, көмірсулары - 24-45%, май - 0, 5-0, 7%, күл - 2, 5-3%, және клетчатка - 4, 0-4, 5%; олардан жарма, консерві, ұн, крахмал дайындалады. Ноғатық жоғары ақуызды мал азықтық дақыл: одан құрама жемазық, жасыл балауса, сүрлем, пішен, пішендеме дайындалады. Мал азықтық мақсатқа сұлы, асбұршақ, күнбағыс және басқа дақылдармен қоспа түрінде өсіріледі; оның пішенінде 10-11% қорытылатын протеин (ақуыз) болады. Ноғатық тұқымынан өсімдік казеині (желімдік материал) өндіріледі, ал ол өз кезегінде фанера, пластмасса, мата өндірісінде қолданылады. Оның үстіне ноғатық бал әкелетін өсімдік және көптеген дақылдарға жақсы жақсы алғы дақыл. Оны сидерат ретінде де өсіруге болады. Ноғатық дақылы аурулар мен зиянкестерден аз зардап шегетіндіктен оның шаруашылық құндылығы арта түседі. Ноғатықтың тағы бір ерекшелігі- ол астық жемірлерімен мүлде жарақаттанбайды десе де болады- улы химикаттармен егістік өңделмейді, оның үстіне астығын газациялаудың қажеті жоқ, өйткені онда зиянкестер болмайды.
Ноғатықтың шыққан жері - Оңтүстік Батыс Азия, ал ірі тұқымдылары - Жерорта теңізі орталығы.
Биологиялық ерекшеліктері. Жасымық Мәдени жасымық (Ervum lens L. Ytvtct Lens esculenta Moench) - біржылдық бұршақты өсімдік. Ол кіндік тамырла, сабағы төртқырлы, бұтақтанады, биіктігі 60 см жуық, жатып қалуға бейім. Қосқауырсын жапырақты, ұшы мұртшамен аяқталады. Гүл шоғыры - 1-4 гүлді шашақгүл. Гүлдері - ақ, ашық - көк, ашық- көгілдір түсті. Жемісі - 1-3 дәнді ромб тәріздес бұршаққап. Дәні- линза тәрізді, диаметрі 3-9 мм (Сурет 27) . Жасымықтың екі түр тармағы бар:
-ірі тұқымды немесе тәрелке тәрізді (ssp. macrosperma Bar) ;
-ұсақ тұқымды (ssp. microsperma) .
Ірі тұқымды жасымықтың сабағының ұзындығы 70 см дейін, бұршаққабы үлкен, тұқымының диаметрі 6-9 мм, жасыл немесе теңбіл түсті, 1000 санының массасы 50-65 г. (вегетациялық кезеңі 80-120 күн) . Ұсақ тұқымдарының сабағы -35-40 см, бұршаққабы кішірек, тұқымының диаметрі 3-6 мм, әртүсті, 1000 тұқымының массасы 25-30 г (вегетациялық кезеңі 65-70 күн) . Ұсақ тұқымды түр тармағы құрғақшылыққа төзімдірек. Ірі тұқымды жасымық негізінен тағамдық, ал ұсақ тұқымдылары - малазықтық мақсатқа пайдаланылады.
Жасымық - өздігінен тозаңданатын ұзақ күннің өсімдігі. Жылуды асбұршақтан көп қажет етеді. 4-5ºC өнеді, егін көгі - 3ºC дейінгі үсікке шыдайды. Тұқымның пісу кезеіндегі оңтайлы температура - 19-20 ºC. Ылғалды көп қажет етеді, бірақ оның құрғақшылық пен ыстыққа төзімділігі асбұршақтан асып түседі. Жасымық құнарлығы жеткілікті, әрі мол, құмбалшықты және құмдауытты қара топырақтарда мол өнім береді. Батпақты, қышқыл және сортаңдау топырақтар оған жарамсыз.
Жасымықтың Петровская 4/105, Днепровская 3 және Таджикская 95 сорттары белгілі.
Ноғатық бұрышты асбұршақ деп те аталады. Дақылда егістік ноғатық (Lathyrus sativus) кездеседі. Негізгі сабақтары төрт қырлы, көпшілігі жапырылмалы, шырмалмалы, кейде тік өседі, биіктігі 1, 5 м дейін. Бүйір бұтақтары өскенде негізгі сабақты басып озады. Жапырақтары бір жұпты, қос қауырсынды, кейде 2-4 жұпты, ұзынша ланцетті. Көгілдір күлгін, сары, көкшіл немесе қызғылт гүлді. Ноғатық әдетте өздігінен тозаңданады. Жемісі -қосқанатты бұршаққап, 2-5 тұқымды. 1000 тұқымның массасы 160-230г .
Ноғаттық. Биологиялық ерекшеліктері. Ноғатық жылуға талапты, бірақ - 8ºC-ға дейінгі бозқырауды (аязды) көтере алады. Тұқымдары 1-2ºC температурада өне бастайды, алайда оңтайлы көктеуге 6-12ºC қажет, вегетативті мүшелерінің қалыптасуына 12-16ºC жылулық оңтайлы деп есептеледі, ал генеративті мүшелеріне - 17-21ºC. Жалпы өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы сорттарына, өсіру ерекшеліктеріне қарай көктегеннен кейін - 70-110 тәулік, белсенді температура жиынтығы орташа мерзімде пісетіндерінде - 1700ºC. Құрғақшылыққа төзімділігі жөнінен ноқаттан ғана қалысады және Қазақстанның қуаңшылықты аудандарында астыққа, жасыл балаусаға, пішенге өсіріледі. Транспирациялық коэффициенті - 400-500. Салқын әрі жаңбырлы жылдары ол тот, аскохитоз ауруларымен залалданады. Гүлдену кезеңі созылыңқы. Ноғатық асбұршақпен салыстырғанда топыраққа аз талап қояды, ол сортаңдау, қоңыр, жеңіл құмдақ және саздақ топырақтарда өсе алады, бірақ өте ылғалданғанды көтере алмайды, ең жақсылары- қара топырақтар. Ноғатық - ұзақ күннің өсімдігі. Солтүстік Қазақстан аймағы мен Ақтөбе облыстарында ноғатықтың Степная 287 және Кинельская 7 сорттарын өсіруге болады.
Өсіру технологиясы. Алғы дақыл. Жасымық . Жасымықтың ауыспалы егістегі ең жақсы алғы дақылдары тыңайтылған күздік астықтар мен отамалы дақылдар. Олар өздерінен кейін танапты арамшөптерден таза қалдырады. Жасымық көгі алғашқы кезде өте баяу өсіп, арамшөптерге қарсы тұру қасиеті нашар болғандықтан, күздіктер мен отамалы дақылдардан кейін танаптың таза болуы оған қолайлы. Кей жағдайда екпе қарақұмықтан кейін де себуге болады.
Жасымық тамырының нематод ауруымен күшті зақымдануына байланысты оны бір себілген жеріне тек 5-6 жылдан кейін ғана қайта себуге болады. Жасымықтан кейін жүгеріні, жаздық және күздік дақылдарды орналастырады.
Ноғаттық . Ауыспалы егісте ноғатыққа жақсы алғы дақылдарға сүріден кейінгі бидай, отамалы дақылдар жатады. Ноғатық тыңайтқышты жақсы қажетсінеді: фосфор тыңайтқышын енгізгенде оның астық өнімі 3, 0 ц/га дейін, ал толық тыңайтқыштар (NPK) кешенін қолданғанда өнімі 5, 0-6, 0 ц/га дейін артады. Ол себу алдында тұқымды нитрагин бактериалық тыңайтқышымен өңдегенді қажетсінеді. Топырақты негізгі өңдегенде 60 кг/га ә. е. з. мөлшерінде фосфор, ал себу алдында ноғатық тез өсіп даму үшін 30 кг/га ә. е. з. мөлшерінде азот тыңайтқышы енгізіледі. кг/га) немесе оның бак қоспасымен егістік бүркіледі.
Топырақ өңдеу. Жасымық . Жасымықтан мол өнім алу үшін оны жеңіл, саздақ, қара топырақты танапқа себу керек. Жасымыққа батпақтанған, құрамы ауыр, қышқыл топырақтар жарамсыз.
Тыңайтқыш қолдану, негізгі және тұқым себу алдындағы топырақ өңдеу жүйесі асбұршаққа ұқсас. Сепкенге дейін танапты арамшөптерден жақсылап тазарту қажет. Оған аңызды ерте сыдырта өңдеу, терең және уақытында сүдігер жырту жатады. Жасымықтың «семіріп» кетуіне жол бермеу үшін, ол өсірілетін танап топырағына берілетін көңді алғы дақылға немесе жасымық себуден 2-3 жыл бұрын берген жөн. Сүдігер жыртудың алдында, әр гектарға 40-60 кг фосфор және 30-40 кг калий минералды тыңайтқыштарын қолдану тиімді, қышқыл топырақты қопсытумен қатар, оған әк берілуі қажет.
Жасымыққа алғашқы даму кезеңінде, тамырындағы түйнектерінің ауа азотын байланыстыратын бактериалары дамып жетілгенше ғана азотты тыңайтқышты қолданған дұрыс.
Ноғаттық. Ноғатыққа топырақ өңдеу жүйесі асбұршаққа ұқсас. Топырақ өңдеудегі негізгі мақсат - борпас топырақ қабатын жасау, ылғал жинау, арамшөптерді құрту. Топырақ өңдеу жүйесі алғы дақылға, танаптардың арамшөптермен ластану дәрежесіне және алғы дақылдың жинау мерзіміне байланысты өзгереді. Ерте көктемде топырақ бетін тегістеу, ылғал жабу және арамшөп тұқымдарын арандату мақсатында тырмалау жүргізіледі.
Себу жұмыстары. Жасымық . Тұқымды себуге дайындау, себу . Себілетін тұқымды, яғни, тұқымдық материалды жоғары өнімді танаптардан дайындайды. Оларды ірілігі бойынша сорттайды: диаметрі орташа және орташадан жоғары тұқымды себуге пайдаланады. Тұқымды себуден 30 күн бұрын 80%-дық ТМТД препаратымен (3-5 кг/га), ал себер күні нитрагинмен өңдейді.
Ерте себілген жасымық жоғары өнім берумен қатар, зиянкестерге және ауруларға жақсы қарсы тұрады. Жасымықты ерте мерзімде жаппай қатардағы немесе тарқатарлы тәсілдермен себеді. Ірі тұқымды жасымықтың 1 га себу мөлшері 2-2, 5 млн (120-130 кг), ұсақ тұқымдарда -2, 5-3, 0 млн (80-100 кг) өнгіш тұқым.
Тұқым сіңіру тереңдігі- жеңіл топырақта- 4-5 см, ол топырақтың жоғарғы қабатында ылғал жеткіліксіз жағдайда 7 см-ге дейін жеткізіледі.
Ноғаттық. Ерте көктемде топырақ бетін тегістеу, ылғал жабу және арамшөп тұқымдарын арандату мақсатында тырмалау жүргізіледі. Себу алдында арамшөптерді құртуға тұқым сіңіру тереңдігіне (5-8см) танап культивацияланады. Тұқымды себуге дайындағанда оны дәрілеу маңызды агрошара: 80%-ды ТМТД (3-4 кг/га), 50%-ды фундазол (3кг/га) ж. б. улы химикаттардың бірімен ылғалдандыра дәрілейді. Ноғатықты ерте жаздық астық дақылдарымен бір мерзімде жаппай қатардағы тәсілмен сепкен дұрыс. Себу мөлшері - өсірілу аймағына қарай 0, 8-1, 5 млн/га өнгіш тұқым ылғалды қабатқа (3-8 см), жеңіл топырақтарда 10 см дейін тереңдетіледі.
Күтіп баптау жұмыстары. Жасымық . Тұқым себілгеннен кейін танапты тығыздайды. Жасымық көгі шыққанға дейін және көктеп шыққаннан соң өсімдік биіктігі 6-7 см болғанда, себу бағытына көлденең егістікті тырмалайды. Арамшөптермен күресуде гезагард 50 (3-4 кг/га) гербицидін қолданған жақсы нәтиже береді. Құрғақшылық жылдары гербицидті себер алдында енгізген жөн, ал ылғалды жылдары дақылдың көктеуіне 2-3 күн қалғанда. Қолданылатын құралға байланысты гербицидтің гектарлық мөлшері 100-400 л суға ерітіліп шашылады.
Сиыржоңышқа жасымық астығының сапасын түсіріп жібереді, сондықтан оны отап алып тастау маңызды шара болып есептеледі. Дақыл гүлдеген кезде жалпақ дәнді сиыржоңышқа гүлдері күлгін түсімен жасымықтан жақсы ажыратылады, оны сол кезде жою керек.
Жасымық егістігінде зиянкестер (бізтұмсық, кенелер ж. т. т. ) пайда болса хлорофос, фосфомид инсектицидтерімен өңделеді.
Ноғаттық . Егістікті күтіп-баптау-себуден соң тығыздау, егін көктегенге дейін және көктеуден кейін жеңіл тырмалармен тырмалау жұмыстарын қарастырады. Соңынан қажеттілігіне қарай егістік гербицидтерімен өңделеді. Қатты ластанған танаптарға арамшөп көгін құрту үшін ноғатыққа сепкенге дейін немесе сепкеннен кейін 50%-дық Прометрин (3-5 кг/га) немесе оның бак қоспасымен егістік бүркіледі. Ноғатық асбұршақпен жасымыққа қарағанда біркелкілеу піседі, бұршаққаптары жарылмайды, ал мұның өзі оны екі кезеңді жинау тәсілімен көпшілік жемістері піскен мерзімде жинауға мүмкіндік береді. Дестеге шапқаннан кейін 2-3 тәуліктен соң қайта реттелген астық комбайндарымен бастырылады. Егер ноғаттықты дер кезінде жинамаса, онда ол жапырылып қалады.
Жинау. Жасымық . Жасымықты екі кезеңді тәсілмен бөлектеп жинайды. Дестелеп ору- өсімдіктің төменгі жағындағы бұршаққаптың тез піскенде өнім ысырабы көп болмау және тұқымдары қарайып, тауарлық сапасы төмендемеу үшін дестені тездетіп бастыру керек. Тұқымды сақтауға қоймас бұрын оны тазалайды және қажет болса кептіреді.
Ноғаттық . Ноғатық асбұршақпен жасымыққа қарағанда біркелкілеу піседі, бұршаққаптары жарылмайды, ал мұның өзі оны екі кезеңді жинау тәсілімен көпшілік жемістері піскен мерзімде жинауға мүмкіндік береді. Дестеге шапқаннан кейін 2-3 тәуліктен соң қайта реттелген астық комбайндарымен бастырылады. Егер ноғаттықты дер кезінде жинамаса, онда ол жапырылып қалады.
Ғылыми зерттеулер. Жасымықтың әртүрлі сорттарының дәнінің құрамындағы ақуызға себу мөлшерінің әсері. Тлеулина З. Т, Қ. М. Мұсынов., а. ш. - ғ. докторы, профессор, А. А. Қыпшақбаева., а. ш. - ғ. Кандидатының зерттеу жұмыстары бойынша. Қазақстанның ауыл шаруашылығы қазіргі уақытта көп өңірлерінде әртүрліліктің жоқшылығымен сипатталынады. Жыртынды жерлердің астық өндіру үлесіне 60 %-дан астам, ал кейбір аймақтарда 80 % дейін келеді. Кейбір дақылдар әлемнің әр түкпірінде кеңінен өсіріледі, ал біздің елімізде бұл дақылдардың өндірілуге мүмкіндігі болса да қазіргі уақытта қолданысын таппай жүр. Оның ішінде: майлы дақылдар, майбұршақ, ноқат, жасымық және майлы зығыр. Бұл баламалы дақылдар бірқатар артықшылықтардың арқасында Қазақстанның ауыл шаруашылығының диверсификациясы үшін жаңа мүмкіндіктер бере алады. Бұл артықшылықтардың жетістігі біріктірілген өндіріс пен маркетингке байланысты. Дәнді бұршақ дақылдары егіншілікте үш басты мәселелерді шешуге көмектеседі: астық өндірісін арттыруда белгілі рөл атқарады, өсімдіктегі ақуызы мен топырақтың құнарлылығын арттырады. Олардың негізгі ерекшелігі - түйнек бактерияларының көмегімен күн сәулесінің энергиясымен атмосфералық азотқа айналдырады да, көп мөлшерде тұқымдары мен бүкіл өсімдігінде ақуыз жинақтайды. Жасымық бағалы дәнді бұршақ дақылдар қатарына жатады және әлемде жетекші орындардың бірін алып жатыр. Көптеген елдерде жасымық толыққұнды қоректенуді қамтамасыз ететін маңызды факторы болып отыр. Жасымық астық бұршақ дақылдарының ішінде құндылығы бойынша бірінші орында. Ақуыз мөлшері бойынша майбұршақтан кейін екінші орында және бұл көрсеткіш бойынша асбұршақ, ноқат, үрмебұршақтан асып түседі. Барлық әлем елдерінде азықтық, сонымен бірге азық-түліктік ақуыздың жетіспеуі сезіліп тұр, ал оның негізгі көзі астық бұршақ дақылдары, соның ішінде кәдімгі жасымық, ол ақуыздың жоғары мөлшерімен, жақсы дәмдік сапасымен, құнарлығымен және сіңімділігімен ерекшеленеді. Бұршақ дақылдары адам рационында маңыздылығы бойынша дәнді дақылдардан кейін екінші орында. Ақуыздылығы бойынша ет өнімдерінен асып түседі, сондықтан олар етті алмастыра алады. Басқа астық бұршақ дақылдары сияқты, жасымық белсенді азотфиксатор және түйнек бактериялары арқылы 40-90 кг/га азот сіңіре алады, ал бұл оны ауыспалы егісте жақсы алғы дақыл етеді, ал тұқымдары азықтанудың экологиялық таза өнімі болып табылады. Бұршақ дақылдарының агротехникалық маңызы: басқа дақылдарға қарағанда өсімдік ақуыздың көп жиналуын қамтамасызетеді, топырақты азотпен аз тауысады. Жасымық астығының қайта өңдеудің қалдықтары, сабаны мен топаны бағалы азық болып табылады жәнеқоректілігі бойынша беде, жоңышқа және сиыр жоңышқа шөбінен асып түседі.
Зерттеудің мақсаты -Ақмола облысының қара-қоңыр топырақтары үшін әртүрлі қоректендіру алаңдарында жасымықтың жаңа, болашағы бар
сорттарының өнімділігін салыстырмалы зерттеу, солардың негізінде өнімділіктің жоғарлауын және жоғары сапалы астықты тұрақты өндіруді қамтамасыз ететін, жасымықтың астыққа және тұқымға өндірудің кейбір
агрошараларын зерттеу болып табылды.
Зертттеудің негізгі міндеті: Әртүрлі қоректендіру алаңдарында жасымықтың жаңа, болашағы бар сорттарының дәнінің құрамында ақуыз
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz