Күрішті бағалы жармалық дақыл ретінде өндіру



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Халық шаруашылығындағы маңызы
2.2 Биологиялық ерекшеліктері
ІІІ. Өсіру технологиясы
А) Алғы дақыл
Ә) Топырақ өңдеу
Б) Себу жұмыстары
В) Күтіп баптау жұмыстары
Г) Жинау
ІV. Ғылыми еңбектер
V. Қорытынды
VІ. Пайдаланылған әдебиеттер
Күріш (Oryza) – астық тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық өсімдік. Күріш – жылуды, ылғалды, жарықты және құнарлы топырақты сүйетін дақыл. Ол тек Қазақстанның суармалы жерлерінде өседі. Біздің елімізде Қызылорда облысында, Алматы облысында, Оңтүстік Қазақстан облысында, Бақанаста қызыл күріш егіледі. Таралуы. Қазір күріш өсіру мәдениетімен бес құрлықтың, нақтырақ айтсақ, 112 елдің диқандары жақсы таныс. Негізінен, бұл дақылдың бастапқы Отаны – Оңтүстік Шығыс Азия болып саналады. Күрішті егіп, өсіруге байланысты ең көне деректерді ғалымдар біздің заманымызға дейінгі бесінші мыңжылдықтың орта тұсынан, Тайланд жерінен тауып отыр. Дүние жүзінде Күріштің 20-дан астам түрі негізінен Оңтүстік Шығыс Азия, Африка, Америка, Австралияның тропиктік және субтропиктік аймақтарында өсіріледі. Тарихы. Күріш қолдан б.з.б. 2000 – 3000 жылдары егіле бастаған. Ал Орта Азияда ертеде Күріш өсірілгендігі жөнінде алғашқы жазба деректер Страбон, Геродот еңбектерінде бар. Б.з.б. 1 ғасырда қалыптасқан Қытайдан басталатын атақты «Жібек жолы» Қазақстандағы Сырдарияның жағасындағы ірі мәдениет және сауда орталығы – Отырар қаласына келіп тірелетін. Ол кезде Отырар қаласы маңындағы халық егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысқаны белгілі. Кезінде Орталық Азияда да күріш өсірілген. Мұны ежелгі грек географы Стробан мен тарихшы Геродоттың еңбектері айғақтайды. Жалпы, Оңтүстік Шығыс Азия халқы үшін күріш басты тағам. Буддадан қалды деп саналатын «Күріш дегеніміз - өмір» атты сөз халық көп шоғырланған осы Оңтүстік Шығыс Азияға арнап айтылған көрінеді...
1. Қ.К.Әріпов, Қ.М.Мұсынов, А.Қ.Апушев Өсімдік шаруашылығы 334-345 бет.
2. Интерне желісі
3. Жайлыбай К.Н., Күріш өсірудің сорттық технологиясы және агроэкологиялық негіздері, Қ.-о., 2001.
4. Ізденістер ҚазҰАУ, Қалиев А.Х., Әбдіқадыров Н.О
5. Жаршы ҚазҰАУ Қожабаев Ж.І

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Халық шаруашылығындағы маңызы
2.2 Биологиялық ерекшеліктері
ІІІ. Өсіру технологиясы
А) Алғы дақыл
Ә) Топырақ өңдеу
Б) Себу жұмыстары
В) Күтіп баптау жұмыстары
Г) Жинау
ІV. Ғылыми еңбектер
V. Қорытынды
VІ. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Күріш (Oryza) - астық тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық өсімдік. Күріш - жылуды, ылғалды, жарықты және құнарлы топырақты сүйетін дақыл. Ол тек Қазақстанның суармалы жерлерінде өседі. Біздің елімізде Қызылорда облысында, Алматы облысында, Оңтүстік Қазақстан облысында, Бақанаста қызыл күріш егіледі. Таралуы. Қазір күріш өсіру мәдениетімен бес құрлықтың, нақтырақ айтсақ, 112 елдің диқандары жақсы таныс. Негізінен, бұл дақылдың бастапқы Отаны - Оңтүстік Шығыс Азия болып саналады. Күрішті егіп, өсіруге байланысты ең көне деректерді ғалымдар біздің заманымызға дейінгі бесінші мыңжылдықтың орта тұсынан, Тайланд жерінен тауып отыр. Дүние жүзінде Күріштің 20-дан астам түрі негізінен Оңтүстік Шығыс Азия, Африка, Америка, Австралияның тропиктік және субтропиктік аймақтарында өсіріледі. Тарихы. Күріш қолдан б.з.б. 2000 - 3000 жылдары егіле бастаған. Ал Орта Азияда ертеде Күріш өсірілгендігі жөнінде алғашқы жазба деректер Страбон, Геродот еңбектерінде бар. Б.з.б. 1 ғасырда қалыптасқан Қытайдан басталатын атақты Жібек жолы Қазақстандағы Сырдарияның жағасындағы ірі мәдениет және сауда орталығы - Отырар қаласына келіп тірелетін. Ол кезде Отырар қаласы маңындағы халық егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысқаны белгілі. Кезінде Орталық Азияда да күріш өсірілген. Мұны ежелгі грек географы Стробан мен тарихшы Геродоттың еңбектері айғақтайды. Жалпы, Оңтүстік Шығыс Азия халқы үшін күріш басты тағам. Буддадан қалды деп саналатын Күріш дегеніміз - өмір атты сөз халық көп шоғырланған осы Оңтүстік Шығыс Азияға арнап айтылған көрінеді... Күріштің Оңтүстік Азияға жеткені жөнінде деректер әрқилы. Оңтүстік Азия диқандары күріш дәнін Қытайдан жасырын түрде алып шығып, еккен екен деген де әңгіме бар. Кейбір деректерде Еуропаға бұл дақылдарды Александр Македонскидің алып барғандығы айтылады. Басқа деректерде Еуропаға күріш дәнін апарғандар - арабтар. Еуропада күріш өсірілмейтін Англия, Финляндия, Норвегия тәрізді елдердің өзінде XVIII ғасырда бұл дақыл кең тараған. Ал, Ресейге күріштің жеткен кезі - бергі 200 жыл шамасында. Қазақстанның Сыр бойына күріш өсіру кәсібінің ерте кезден-ақ келгені Ұлы Жібек жолымен тығыз байланысты. Ол уақытта қазақ даласындағы ең ірі сауда және мәдениет орталығы - Отырар қаласы болып, Ұлы Жібек жолы сол жерді басып өткен еді. Жалпы, Қазақстанда аса маңызды азық-түліктік дақыл болып есептелетін екпе күріш (О.sativa) өсірілетін аймақ: Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарындағы Сырдария, Іле, Қаратал

-3-
өзендерінің атырабы. Қазақ жеріндегі күріштің сипаттамасы: биіктігі 60-150 сантиметр, бір жылдық, шашақты тамыры 70-80 сантиметрге дейін кетеді, онда ауа жинап өткізуші ұлпалар - аэренхима дамиды, сабағының жоғарғы буыны аралығының іші қуыс, төменгі буын аралығының ішінде паренхималық ұлпалар бар. Жылуды, суды көп қажет ететін біздегі екпе күріштердің сортына сәйкес вегетациялық кезеңі 90-130 күн. Елімізде жыл сайын жан басына шаққанда, орта есеппен 9 келі күріш жинап алынады. Бұл тұтыну көрсеткішінен төмен. Дастарқандағы орыны бойынша елімізде күріш бидайдан кейінгі екінші дақылға айналып отыр. Қазақстанға Ресейден де, Қытайдан да, басқа да мемлекеттерден күріш өнімі әкелінеді.
Күріштің қазақстандық сорттары. Кейбір Оңтүстік - Шығыс Азия елдері (Қытай, Жапония, Вьетнам) күрішті көшеттен өсіреді. Қазақстанда көбірек өсірілетін күріш түрлері - Алакөл және Үштөбе сорттары. Бұларды шығарған Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары. Олардың өсірілетін жерлері негізінен, Қаратал өзенінің бойы. Қазақ даласында өсірілетін күріштің тағы бір түрі - Маржан сорты. Оны Қазақ күріш ғылыми - зерттеу институты шығарған. Қызылорда облысындағы күріш егісінің 65-70 пайызында бұл дақылдың (өсімдіктің) осы сорты өсіріледі. Қазақстандық күріштің Алтынай деп аталатын да сорты бар. Қазақстан Ғылым Академиясының Өсімдіктер физиологиясы, генетикасы және биоинжнериясы институтында шығарылған бұл күріш сорты негізінен, Іле өзенінің бойындағы Ақдала аймағында өсіріліп, мол өнім беріп келеді. Қызылордалық екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаев 1947 жылы күріштің әр гектарынан 171 центнерден өнім алып, дүниежүзілік рекорд жасады. Қолданылуы. Күріш - негізгі азықтық дақылдардың бірі. Күріш дәнінен спирт, крахмал алынады, сыра дайындалады, сабанынан қағаз жасалады. Крахмал өндірісінде қолданылады. Кебегі - мал азығы, одан жоғары сапалы май алуға болады. Күріш - астық тұқымдастарының бірі, 20 - ға жуық түрі бар. Егістік күріш - Биіктігі 50-150 см дейін жететін бір жылдық шөптесін өсімдік. Сабақтары бұтақталған, жапырақтары таспа тәріздес, жасыл, қызғылт, күлгін түсті. Гүлдері көп масақты сыпырғы гүл шоғырына жиналған. Отаны - Оңтүстік - Шығыс Азия. Қазақстанның суармалы жерлерінде өседі. Біздің еліміздің Қызылорда облысында, Алматы облысында, Бақанаста қызыл күріш егіледі. Гүлшоғыры сыпыртқы, аталығы -6, жемісі- дәнек. Жылу сүйгіш өсімдік. В дәрумені, қағаз, крахмал, сприт, бұйым, қатырма қағаз. Мал азық, азық түрінде алынады. Күріштің дәндерін күзде жинап алады. Химиялық құрамы: Дәндерінде 3-12% белок, 65-70%

-4-
көмірсулар, 4-6% майлар болады.Масақшалары тік өседі, қысқа гүлсағақта бір ғана гүл болады.

-5-
Халық шаруашылығындағы маңызы. Күріш - негізгі азықтық дақылдардың бірі. Күріш дәнінен спирт, крахмал алынады, сыра дайындалады, сабанынан қағаз жасалады. Кебегі - мал азығы, одан жоғары сапалы май алуға болады.
Күріштің құрамында ақуыздар, көмірсулар, майлар кездеседі, Мәселен,
1 килограмм күріштің азықтық құрамында 6 - 8% ақуыз, 4 - 5 % май немесе қант бар. Сондықтан күрішті балаларды тамақтандыруда және емдік тамақтану ісінде қажетті пайдаланады. Күріш сабағы да жоғары маңызды материал, оны қағаз, крахмал, спирт, қатырма қағаз , дәрі және құрылыс материалдарын өндіруде шикізат ретінде қщолданады.Және де күріштен сабын мен шырақ дайындау үшін, күріш дәнегінен май алынады. Сонымен қатар күріш қайнатпасы - асқазан ауруына бірден-бір шипа. Күріштің дәнегі, сабаны, кебегі - малға азық. Алғаш рет, күрішті Қытай, Үнді елдерінде мәдени өсімдікке айналдыған. Ал, негізгі отаны - Оңтүстік Шығыс Азия .
Күріштен өнеркәсіптік өңдеу нәтижесінде алынатын тек жарма, ұн, крахмал және сусын ғана емес. Күріш ұнтағы косметикада қолданылады. Күріш кебебінен ұнға қоректік қоспалар өндіріледі және азықтық май айырып алынады. Топанды көп жағдайларда топырақты жақсарту және жабу үшін пайдаланады, ал сабан мал астына төсеніш ретінде қолданылады, ал кейде өру бұйымдарын дайындау материалы ретінде пайдаланылады. Сонымен қатар ол қағаз өндіру үшін жақсы шикізат болып табылады. Күріштің пайдасы. Күріш адам ағзасын жақсы тазалайтын күшті қасиетке ие. Оның түрлі сұрыптарынан тағам дайындалады. Негізгі азықтық дақылдардың бірі саналатын күріш дәнінен - спирт, крахмал алынады, сыра қайнатылады, сабанынан қағаз жасалады. Кебегі - мал азығы, одан жоғары сапалы май алуға да болады. Мамандардың айтуынша, күріш-калориясы төмен азық. Азиялықтардың мүсінінің әсем, өздерінің ұзақ өмір сүретінінің сырын зерттеушілер, ол күрішті көп тұтынатындықтан, деп түсіндіреді. Күріштің құрамында көмірсулар 80, жасұнық 3 пайызды құрайды. Сол себепті, көкөністерден дайындалған тағамға күрішті де гарнир ретінде ұсынады.
Күріш құрамындағы ауыр көмірсулар тағаммен адам ағзасына еніп, оның бұлшық етіне жинақталады да, күш-қуатты керегінше шығарып отырады. Күріштің құрамында магний, темір, В тобының дәрумендері бар. Ақуызға бай күріш ағзаны қажетті амин қышқылдарымен қамтамасыз етеді. Күріш құрамындағы ауыр көмірсулардың көмегімен адам ағзасында күніне қант пен майлар құрамы өз мөлшерінде реттеліп отырады. Ағзаға өзге тағамдармен түскен зиянды заттарды да күріш өз бойына сіңіріп алып,

-6-
залалсыздандырады. Сол себепті күріш арқылы ем-дәм (диета) ұстанғандаағзадан тұз бен қалдықтар (шлактар) сыртқа шығады. Соның нәтижесінде, жүйке жүйесі жақсы жұмыс атқарып, ұйқы дұрысталады, бет терісінің түсі әдеміленеді, ауыздан жағымсыз иіс шықпайтын болады. Бұл, әрине, күріш тағамдарын тұтынудың басты-басты пайдасы.
Бес құрлықты жаулаған дақыл - күріштің құрамындағы калий жүрек қан-тамырының жұмысына, дертіне шипалы. Өйткені, ол жүректің бұлшық еттерін нығайтады, жұмысын жақсартады. Тағам болып ағзаға түскенінде, күріш ең алдымен тұзды (натрий) жояды, сол тұздық зияндылығы ағзадағы судың сіңімділігі кедергі келтіруі. Яғни, күріш ағзаны тұз бен артық судан арылтып, зат алмасу үдерісін жандандырады. Дұрыс дайындалған күріш - өмірді ұзартып, ағзаны қажетті заттектермен қамтамасыз етіп отыратын, өте пайдалы тағам. Күріш жеп отырған кезде, ағзаңыздағы токсиндер сыртқа шығады. Асқазан мен ішек жұмысын ретке келтіреді.
Күріштің ең пайдалы қызметтерінің бірі - бүркегіштік әрекеті. Дәнді дақыл ас қорыту жүйесі арқылы ішке енгенінде оның қабырғаларын, (жақтаушаларын) асқазанды жұмсақ түрде бүркеп өтеді, әрі күріштен жасалған тағам асқазан сөлінің қышқылдығы жоғары, гастрит, жарасы бар науқастарға емдік әсерін тигізеді. Күріш ежелден бері ағзадағы шлактарды кетіріп, артық салмақтан арылуға көмектесетін әмбебап тағам ретінде қолданылады. Бұрындары Азия елдерінде үлкен сұранысқа ие болған күріш енді Ресейде де үлкен танымалдыққа ие. Күріш диетасының мақсаты. Артық салмақтан арылуға арналған заманауи диеталардың барлығы бір мақсат бойынша жұмыс істейді: сіз белгілі бір уақытта калориясы төмен, бірақ көлемі әлдеқайда үлкен тағамдарды пайдалана бастайсыз. Ал сіз жейтін тағамда қажетті калория жетіспеген соң, ағза өзіндегі артық майлармен қоректене бастайды. Яғни, сіздің диетаңызға орай, бел мен жамбастағы артық майлар осылай кете бастайды. Бұл жағдайда сіз қабылдаған диеталық тағамдар тойымды болған соң, қарын ашушылық сезілмейді. Осындай көлемі үлкен әрі калориясы төмен саналатын күріштің тағы бір қосымша пайдасы бар: суға салынған соң, ол борпылдақ күйге көшеді. Ал бұл өз кезегінде ағзада жылдар бойы жиналған зиянды заттардың бәрін шығаруға көмектеседі (буынға жиналып, олардың қозғалысын төмендететін әртүрлі тұздар мен шлактар).Алайда, күріш диетасын ұзақ уақыт бойы қолдансаңыз, ағзадағы зиянды заттардан бөлек, калий секілді қажетті заттар да азая бастайды. Міне, осыған орай, күріш диетасын қолдану мерзімі әртүрлі болып келеді.

-7-
Күріштің пішімі де әртүрлі болады:
Ұзын дәнді күріш - күріштің бұл түрін Азия елдері мен Оңтүстік және Солтүстік Америкада, сондай-ақ, Австралияда өсіреді. Мұндай күріш пісірген кезде бір-біріне жабыспайды. Сол себепті, еуропалық және азиялық тағамдарды дайындағанда көп қолданылады.
Орта дәнді күріш - АҚШ, Бирма, Испания, Италия және Австралияда өсіріледі. Тамақ дайындаған кезде күріштің бұл түрі аздап жабысып қалуы м.мкін. Алайда, ол басқа азық-түліктердің хош иісін өзіне жақсы сіңіреді.
Дөңгелек дәнді күріш - бұл күрішті көп жағдайда отандық деп айтуға болады. Бірақ, Италия, Украина, Қытай және Жапониядан да әкелінуі мүмкін. Тағам дайындаған кезде ол өте жұмсақ болады, көп сұйықтықты сіңіретіндіктен, жиі жабысып қалады.
Күрішке қарағанда оның суының пайдасы мол. Егер бұрын-соңды күріш суының пайдасы туралы естімеген болсаңыз, дәл қазір салауатты өмірге жаңа қадам басасыз. Мінсіз келбет, күш-қуат, сау тері - күріш суын тұтынатын адамдардың серігі. Күріш суы ағзаны көмірсулармен қамтамасыз етіп, асқазан ауруын емдейді, артериялық қысымды ретке келтіреді, оба ауруын алдын алады. Мұнымен қатар, оның косметикалық қасиеті бар: саңылаулардың аузын бітеп, тері түсін біркелкі етіп, майлылық деңгейін азайтады. Арнайы тағамдар шықпаған кезде, ата-аналар балаларын осы сусынмен тамақтандырған. Күріш суының арқасында дисбактериоз, дерматит сынды аурулар өте сирек кездесетін болған.
Биологиялық ерекшеліктері. Күріштің биіктігі 60 - 150 см, бір жылдық өсімдік. Шашақты тамыры болады (70 - 80 см тереңдікке дейін кетеді). Осы тамырларында ауа жинап өткізуші ұлпалар - аэренхима дамиды. Сабақтың жоғарғы буын аралығының іші қуыс, төменгі буын аралығының ішінде паренхималық ұлпалар бар. Жапырақ саны сабақ буындары санына сәйкес келеді, бұл Күріштің сорттық қасиетін көрсетеді. Гүлшоғыры - сыпыртқы тәрізді, масағы бір гүлді. Гүлдері екі қабат - жоғарғы жағында аналық, төменгі жағында аталық гүл орналасады. Оңтүстік Қазақстан облысында аса маңызды азық-түліктік дақыл - екпе күріш (лат. Oryza satіva) егіледі. Күріш өздігінен, кейде айқас тозаңданады. Сортына байланысты вегетациялық кезеңі 90 - 130 күн, жылуды, суды көп қажет етеді. Күрішті егуден 5 - 6 күн бұрын тұқымын күнге қыздырып, 2 тәулік жылы суда жібітеді, тұқымды себу алдында кептіреді. Күріш сорттары. Күрішті кейбір Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде (Қытай, Жапония, Вьетнам) көшеттен өсіреді. Күріштің бірнеше сорттары бар. Қазақстанда көбірек таралғаны -

-8-
Алакөл және Үштөбе сорттары. Оларды Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары шығарған, негізінен, Қаратал өзенібойында өсіріледі. Маржан сорты - Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты (қазіргі Арал өңірі агроэкология және ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институты) шығарған. Қызылорда облысының күріш егісінің 65 - 70%-ын осы сорт алады. Алтынай сорты - Қазақстан Ғылым Академиясының Өсімдіктер физиологиясы, генетикасы және биоинженериясы институтында шығарылған. Бұл сорт Алматы облысында аудандастырылған, негізінен, Іле өзені бойындағы Ақдала аймағында өсіріледі. Күріштің сабақтары түптеніп, бұтақталған, жапырақтары таспа тәрізді, жасыл, күлгін немесе қызғылтым болып келеді. Жапырағының ұзындығы 50 сантиметр, ені 1 сантиметр болады.Гүлдері көп масақты. Гүлшоғыры сыпыртқы, оның ұзындығы 10 - 40 сантиметр көп масақты. Масақшалары тік өседі, бір ғана гүлі болады. Гүл қабыршағы қатқыл қабықшалы, ұзын қырлы болып келеді. Оның төменгі бөлігінде көбінесе қылтанақ байқалады. Күріштің аталығы алтау. Гүлінің формуласы: Гс2А3+3Ж(3) . Жемісі - дәнек деп аталады. Дәнегі - жұқа қабықшалы.
Өсіру технологиясы. Күріш - гүлдері көп масақты, сыпырғы гүл шоғырына жатады. Ол 90-165 күде өседі. Тұқымы +10+15 градуста өне бастайды. Күріш суда өседі. Күрішті өсіру үшін: тұқымын суға 2-3 күнге салып, тұқымдар суға бататындай етіп бетін ашық қалдырып, жарық жерге қояды. Тұқымды 2-3 күннен артық суда ұстаса тұқымға ауа жетпей ашып, шіри бастайды. Өнуі баяулап өнбей шіріп кетеді. Күріш суық түссе, тіршілігін жояды.
Тұқымнан өнуі - ұрықтан тамырдың дамуы. Суға салынған тұқымның тыныс алуы жылдамдайды. Сыртындағы қабығы жарылып, ең бірінші тамыршасы шығады. Оны отырғызамыз. Ол топыраққа еніп, су мен ондағы минералды заттарды өзіне сіңіріп, өсе бастайды. Алдымен негізгі тамыр өсіп шығады. Тамырдан соң өскіні жер бетіне шығып, жасыл түске енеді. Осылайша өсімдіктер әрі қарай өсе береді. Кейбір өсімдіктерді біртіндеп тұқымынан өсіру арқылы көбейту жолын осылайша тапқан.
Көбею - барлық тірі табиғатқа тән қасиет. Өсімдіктер - үнемі өсіп өзгеріп отырады: өседі, жапырақ жаяды, гүлдейді, түйіндейді, жеміс береді. Өсімдіктің өсуіне өлі табиғаттағы заттар тікелей әсер етеді.
Егер осылардың бірі жетіспесе өсімдік баяу өседі. Соның бірі - су.
Сусыз адам да, жануарларда, өсімдіктерде тіршілік ете алмайды. Өсімдіктің құрамының көп бөлігі судан тұрады. Өсімдік өсу үшін жарық, жылу, ауа және қоректік заттар қажет.
-9-
Күріштің өсу мерзімі 90-165 күн. Өнім құрылымының барлық көрсеткіштері дәстүрлі технологияға қарағанда орташа екі есеге дейін жоғары. Күрішті көшеттеп отырғызу әдісінде өсімдіктің бойының ұзындығы 104-113см аралығында болса, сабақтану саны 7-10 дананы көрсетті. Негізгі масақ дәнінің саны 94-140 дана аралығында болды. Осыған орай негізгі масақ дәнінің салмағы да жоғарылап 4,2-13,2 г болды. Ал дәстүрлі технологиядағы мәліметтерге қарасақ, өсімдіктің барлық көрсеткіші бойынша салыстырмалы түрде екі есе төмен. Күрішті көшеттік әдіспен отырғызған кезде оның вегетациялық кезеңі Солнечный сортында 26 күнге, ал Мадина, Бақанас сортында 15 күнге қысқарған. Топырақты алдын ала суға бастыру технологиясы кезіндегі күрішті көшет арқылы егу астық дақылынан мол өнім жинауға әсерін тигізді. Күріштті көшеттеп отырғызу әдісіне байланысты өнім құрылымын анықтағанда, өсімдіктің биіктігі, өнімді сабақ санын есепке алғанда, масақтағы дәннің санын санағанда, бір сабан салмағын есептегенде ерекшеленіп, дәстүрлі технологиямен салыстырғанда мөлшері жағынан жоғары көрсеткіштер көрсетті. Топырақты егін еккенге дейін екі апта бұрын суға бастырып, күрішті көшеттеп отырғызу тәсілі бойынша өнім құрылымының көрсеткіштері күріштен мол өнім алуға тікелей септігін тигізіп, егінді жинағанда да осы тәсілде мол өнім жиналғаны байқалды.
Күріш алқаптарында топырақтың тозуына, оның құнарлылығының төмендеуіне соңғы жылдары оған берілетін минералды тыңайтқыштар көлемінің мүлдем азайып кетуі де үлкен себеп болып отыр. Қазіргі кезде тек қана күріш алқаптарында ғана емес, Қазақстанның жалпы суармалы жерлерінде қоректік элементтердің теріс балансы байқалып отыр [3]. Осындай күрделі жағдайда топырақ құрамындағы өсімдікке қажетті болып саналатын қоректік элементтердің жылжымалылығын арттыруға арналған топырақты алдын ала суға бастырып күрішті көшет арқылы өсіру шаруашылыққа өте тиімді технология болып табылады.
Алғы дақыл. Күріш алқаптары үш типке бөлінеді: атыздар, құрғақ алқапты, көлтабанды. Атыздарда күрішті егіннің пісуі жақындаған мерзімге дейін ұдайы су астында өсіреді, ал жинау науқаны алдында су алқаптан жіберіледі. Осындай жолмен әлемдік күріш өнімінің шамамен 90% алынады. Ауыл шаруашылық дақылдарын күріш ауыспалы егісінде алмастыру тек негізгі ауыспалы егіс дақылы - күріштен ғана емес, оған ілеспелі көпжылдық шөптерден, сүрі жерге себілетін дақылдардан және аралық дақылдардан жоғары түсім алуға мүмкіндік береді. Құрғақ алқапты күріш жауын-шашын көп түсетін облыстарда өсіріледі. Көлтабанды күріш өзен жайылмаларында өсіріледі.
-10-
Күріш пен ауыспалы күріш егісі дақылдарының жаңа, өнімділігі жоғары сорттарын өсіру жөніндегі селекциялық процесті жеделдету үшін институттың кадрлық құрамын нығайту, міндетті түрде жылыжай кешенін салу, жыл бойы үздіксіз зерттеу жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи фитотрон кешендерін құру қажет. Шет елдердің тәжірибесі көрсеткендей, тіпті, Оңтүстік Корея, Индия, Филипин аралдары сияқты табиғи-климаттық жағдайы күріш селекциясына барынша қолайлы жерлерде де селекциялық жылыжайлардың немесе фитотрондардың болуы селекциялық процестің маңызды бөлігі болып табылады. Тәуелсіздік жылдарында жақсы дамыған бағыттардың бірі Қазақстанның күріш ауыспалы егістеріне арналған жаздық арпа мен көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптердің құрғаққа төзімді сорттарын шығару бойынша селекциялық жұмыстар. Нәтижесінде жаздық арпаның Сыр Аруы және Іңкәр сорттары, жоңышқаның Түркістан 15 сорты, түйежоңышқаның Приаральский 19 сорты шығарылды.
Ауыл шаруашылығы айналымынан шыққан, күріш жүйелерінің тұзды жерлерін тиімді пайдалану бойынша зерттеулер қарқынды жүргізілуде, Арал өңірінің тұзды топырақтарында көкөніс дақылдарын өсірудің оңтайлы технологиялық параметрлері дайындалды, аймақтың экстремальды жағдайында өсіруге бейімделген, тұтынушылар қажет ететін көкөніс дақылдарының тұзға төзімді түрлері анықталды.
Топырақ өңдеу жұмыстары. Күріш - дақылының өнімділігі үшін топырақ құнарлылығы ең бір шешуші фактор болып табылады. Оның себебі Қазақстанда күріш дақылдарын егу үшін Сырдария өзенінің ежелгі және қазіргі заманғы атырауларының тұз құрамы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жарма дақылдарын қайта өңдеу технологиясы
Күріш жармасының сапасын бағалау
Астық түйірі және дәнді дақылдар
Астық дақылдарының бірінші және екінші топтарын ажырату белгілері жайлы мәлімет
Жармалық дақылдардың технологиялық қасиеттері
Күріш
Температура өткізгіштік
Тары дақылының биологиялық ерекшеліктері
Глютиноздық күріштің Отандық формалары мен линияларын жасау үшін қазақстандық және ресейлік күріш сорттарын белоктық паспортизациялау
Жарма дақылдары және олардың сапасын анықтау жолдары
Пәндер