Тарының халық шаруашылығындағы маңызы
І. Халық шаруашылығындағы маңызы
ІІ. Биологиялық ерекшеліктері
ІІІ. Өсіру технологиясы
а) алғы дақылдары
ә) топырақ өңдеу жүйесі
б) себу жұмыстары
в) күтіп.баптау жұмыстары
г) Өнімді жинау жұмыстары
ІV. Ғылыми еңбектері
ІІ. Биологиялық ерекшеліктері
ІІІ. Өсіру технологиясы
а) алғы дақылдары
ә) топырақ өңдеу жүйесі
б) себу жұмыстары
в) күтіп.баптау жұмыстары
г) Өнімді жинау жұмыстары
ІV. Ғылыми еңбектері
Тары (Panіcum) - астық тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Оның дүние жүзінде 500-ге тарта түрі, Қазақстанда 1 түрі – кәдімгі не екпе Тары өседі. Тары қазақ даласында 6 ғасырдан бастап егіле бастаған. 19 ғасырдада егістік жердің 75 – 80%-ына тек Тары ғана егілген. Тары тарихы. Қазақ халқының ежелден егіп келе жатқан мәдени дақылдардың ішіндегі олардың алатыны да, тұрмыстық ерекшеліктеріне ыңғайлысы да тары болған. Өзендер мен көлдерді жағалай қоныс теуіп, жаз айларында қысқа мерзімде пісіп үлгеретін тарыны егіп, өздеріне қыстық азық жинап алуды көшіп-қонып мал баққан қазақтар да өте ерте үйренген. Қазақстан жерінде қоныс тепкен тайпалардың ежелгі мекендері мен қола дәуірінде өмір сүрген сақ тайпалары көсемдерінің обаларын, ерте және орта ғасырлық қалалар мен қорғандарды қазу кезінде тары сабанының және дәндерінің табылуы осының айғағы болып табылады. Біздің заманымызға дейінгі антикалық автор , "тарих атасы" Геродот Қосөзен бойында болған Вавилония мемлекетінің жерінде басқа дәнді дақылдармен бірге тарының да егілгенін атап кетеді. Осы Геродоттың айтуынша, сол замандарда Днепр мен Буг өзендерінің бойын мекендеген скифтер де тарыны көп өсірген. Қазба жұмыстары Франция мен Грекия жерінде қола дәуірінде, Австрия, ГДР, Польша, Югославия, ФРГ мемлекеттері территориясында темір дәуірінде немесе бұдан он мың жылдай бұрын-ақ адамдардың тары өсірумен шұғылдана бастағанын көрсетеді.
1. Қ.К.Әріпов, Қ.М.Мұсынов, А.Қ.Апушев «Өсімдік шаруашылығы» 2011ж. [1]
2. Құлжабаева Г.Ә. «Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені. –Алматы,2011. -16 бет.[2]
3. «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы»оқулық,Қ.Жаңабаев, Т.Саудабеков. «Қайнар»баспасы 1994. 220 бет. [3]
4. Жаршы.54 бет .2002 жыл.

Жоспары
І. Халық шаруашылығындағы маңызы
ІІ. Биологиялық ерекшеліктері
ІІІ. Өсіру технологиясы
а) алғы дақылдары
ә) топырақ өңдеу жүйесі
б) себу жұмыстары
в) күтіп-баптау жұмыстары
г) Өнімді жинау жұмыстары
ІV. Ғылыми еңбектері
Кіріспе
Тары (Panіcum) - астық тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Оның дүние жүзінде 500-ге тарта түрі, Қазақстанда 1 түрі - кәдімгі не екпе Тары өседі. Тары қазақ даласында 6 ғасырдан бастап егіле бастаған. 19 ғасырдада егістік жердің 75 - 80%-ына тек Тары ғана егілген. Тары тарихы. Қазақ халқының ежелден егіп келе жатқан мәдени дақылдардың ішіндегі олардың алатыны да, тұрмыстық ерекшеліктеріне ыңғайлысы да тары болған. Өзендер мен көлдерді жағалай қоныс теуіп, жаз айларында қысқа мерзімде пісіп үлгеретін тарыны егіп, өздеріне қыстық азық жинап алуды көшіп-қонып мал баққан қазақтар да өте ерте үйренген. Қазақстан жерінде қоныс тепкен тайпалардың ежелгі мекендері мен қола дәуірінде өмір сүрген сақ тайпалары көсемдерінің обаларын, ерте және орта ғасырлық қалалар мен қорғандарды қазу кезінде тары сабанының және дәндерінің табылуы осының айғағы болып табылады. Біздің заманымызға дейінгі антикалық автор , "тарих атасы" Геродот Қосөзен бойында болған Вавилония мемлекетінің жерінде басқа дәнді дақылдармен бірге тарының да егілгенін атап кетеді. Осы Геродоттың айтуынша, сол замандарда Днепр мен Буг өзендерінің бойын мекендеген скифтер де тарыны көп өсірген. Қазба жұмыстары Франция мен Грекия жерінде қола дәуірінде, Австрия, ГДР, Польша, Югославия, ФРГ мемлекеттері территориясында темір дәуірінде немесе бұдан он мың жылдай бұрын-ақ адамдардың тары өсірумен шұғылдана бастағанын көрсетеді.
Тары 400 түрді біріктіретін Panicum туыстығына жатады. Барынша кең тараған түрі - кәдімгі тары (Panicum miliaceum). Сіпсебасының құрылысына байланысты бұл түр бес түр тармағына бөлінеді (13-сурет): қомақты, тармақты, қысылған (тығыз), сопақ, тұтас. Сіпсебасы қомақты тары әдетте ерте пісетін, топыраққа талғамы жоғары емес, ылғалға көбірек талап қояды және жеңіл шашылады. Сіпсебастары тығыз түр тармақтары оларға керісінше қасиеттерімен ерекшеленеді. Екпе Тары - биікт. 70 - 100 см, сабан сабақты, шашақ тамырлы, жаздық дәнді дақыл. Жылу сүйгіш, қуаңшылыққа, аңызаққа және ыстыққа төзімді, көбіне өздігінен тозаңданады. Уақытымен суарған жағдайда жоғары өнім береді. Вегетацив кезеңі 60 - 120 күн. Тарының дәні өну үшін 8 - 10 oС жылылық қажет. Суыққа төзімсіз болғандықтан Тарыны басқа масақты дақылдарға қарағанда кеш себеді, кеш себілген күнде де жақсы өнім береді. - 2 - 3 oС-та қатты зақымданады, - 3 oС-тан төмен темп-рада өледі. Құнарлы қара және қоңыр топырақта жақсы өнім береді. Тары үшін бұршақ тұқымдас дақылдар жақсы алғы дақыл бола алады. Бір жерге
-3-
қайталап себілсе, өнімін төмендетеді. Сондықтан тек ауыспалы егіс жүйесінде ғана себу керек, бір егілген жерге тек 4 - 5 жылдан кейін ғана егілуі тиіс. Оны бір жерден екі өнім алу үшін аңыздық егіске де отырғызуға болады. Себілетін Тары тұқымы тазаланған, сортталған болуы тиіс, майда, жетілмеген тұқымды себуге болмайды. Тары 5 - 6 см ылғалы бар тереңдікке отырғызылады. Тарының дәндері бір мезгілде пісіп үлгермейді, алдымен оның сыпыртқы тәріздес басының ең ұшында тұрған дәндері, содан кейін төмендегілері пісе бастайды. Төменде орналасқан дәндері пісіп болғанша алғаш піскендері жерге төгіліп қалмауы үшін, алдымен дестеге салып алады. Дестелеу кезінде Тары сабағы 12 - 15 см биіктікте орылады. Тары сабанының азықтық сапасы бидай сабанынан екі есе артық, дала шөбімен бірдей. 1 кг Тары сабанында 0,41 азықтық өлшем, 23 г сіңімді протеин болады. Тары жармасының құрамында крахмал (81%), белок (12%), май (3,5%), қант (0,15%) бар, мұндағы ақуыздың мөлшері күріш, қара құмық жармаларынан едәуір көп. Тарының мал азығы ретінде маңызы зор, құс шаруашылығында жем ретінде пайдаланады. Тарыны өндірумен негізінен Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстары шұғылданады. Елімізде ең көп тараған сорттары - Саратов-3, Саратов-6, Орал-109. Қазақстандағы егіс көлемі 55,5 мың гектар (2002), орташа түсімі гектарынан 7 - 12 центнер. Тарының гектарынан ең жоғары өнімді (201 ц) 1943 жылы Ақтөбе облысында Ойыл ауданында, "Құрман" ұжымдық шаруашылығында Ш.Берсиевтің звеносы алған (1943).
-4-
Халық шаруашылығындағы маңызы. Халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі. Тары - өте ертеден өсіріліп келе жатқан дақылдардың бірі. Алғашқы қалыптасу орталығы мен шыққан тегі Шығыс Азияның таулы аудандары болып табылады.
Жер шарында жыл сайын тары 25,0 млн га жерге өсіріледі. Қазақстанда негізгі тары өсірілетін облыстарға Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан ж.б. жатады. Орта есеппен 10 жылда (1997-2006 ж.ж.) жыл сайын елімізде 98,6 мың га жерге тары өсірілді, оның 48,4 мың га Павлодар, 22,6 мың га Батыс Қазақстан, 12,5 мың га Актөбе облысында болды. Келешекте Республикамызда тары егістігінің аумағы өсуге тиіс, бұрындары оны 800 мың га дейін егістікте өсіргенбіз.
Тары - өте маңызды жармалық дақыл. Ақталған тары жақсы піскіштігімен және қоректілігімен сипатталады. Оның құрамында 12-13% ақуыз (белок), 81 % крахмал, 3,5-4,0 % май ж.б. бар. Тарының белок кешенінде глиадин, глютенин, глобулин, альбуминдер басым болып келеді. Крахмал амилаза мен амилопектиннен құрылады. Айырбасқа жатпайтын амин қышқылдары - лизин, метионин, триптофан - айтарлықтай көп мөлшерде кездеседі. Оның құрамындағы ферменттердің (мальтоза, амилаза, липаза ж.б.) белсенділігі өте жоғары, күлінде К, Na, Mg, P мен бірге Cu, Б, J микроэлементтері де жеткілікті, жармасында тиамин дәрумені 1,8-1,9 мг бір грамм дәнге, онда В1, В2 басқа астық дақылдарына қарағанда екі есе көп.
Тары астығынан, жармадан басқа, ұн дайындалады, оны таза күйінде және бидай, қара бидай ұндарымен араластырып тағамға пайдаланады.
Тарының мал азықтық құндылығы да жоғары. Тары астығы мен мекені де құстар үшін теңдесі жоқ азық. Олармен құстарды азықтандырғанда жұ-мыртқа өнімі мен оның қабығының беріктігі жақсарады. Астыққа өсіргенде тарының сабаны мен мекенінің өнімі астығынан 1,5-2,0 есе артық болады. 1 кг тары сабанында 0,41 кг а.ө. және 24 г протеин, басқаша айтқанда аталған көрсеткіштер, бидайға қарағанда екі есе, сұлы сабанына қарағанда 13 есе артық.
Тары тұқымының себу мөлшері аз болғандықтан оны кейде жасыл балауса мен пішен өсіруге пайдаланады, ол сапасы жағынан сұлы, шәй жүгері және итқонақ пішенінен асып түседі.
Тары жақсы сақтық дақылы болып табылады. Кешірек себіле-тіндіктен, құрғақшылыққа төзімділігінен және салыстырмалы қысқа вегетациялық кезеңі опат болған күздіктер мен жаздық дақылдардан кейін орналастырып жасыл балауса ғана емес, жекелеген жағдайларда астық өнімін жинауға да мүмкіндік береді.
-5-
Тары бірқатар дақылдарға жақсы алғы дақыл. Өзінің биологиялық мүмкіндіктеріне байланысты тары жоғары өнімді дақыл және дұрыс өсіру технологиясын қолданғанда өте жоғары өнім бере алады. Қостанай, Павлодар ж.б. облыстардың озат шаруашылықтары кезінде үлкен егістік алқаптардан қолайлы жылдары әр гектардан 17,1-22,5 ц және одан да жоғары астық өнімін жинаған. Қазақстан тары өнімі бойынша дүниежүзілік рекорд елі болып табылады. Ондай өнім ұлы Отан соғысы жылдары Социалистік Еңбек Ері Ш.Берсиевпен өсірілді. 1943 ж. Ақтөбе облысының Құрманов атындағы ұжымшарында суармалы жағдайда 4 га егістіктің әр гектарынан 201 ц тары астығы жиналды. Бұл дегеніңіз тары дақылының әлеуетті (потенциалды) мүмкіндігі зор екенін көрсетеді. Өкінішке орай соңғы жылдары елімізде тары өсірудің қыр-сырына аз мән берудің кесірінен астық өнімі төмен деңгейде - орта есеппен 4,0-6,5 цга шамасында ғана.
Биологиялық ерекшеліктері. Тары жаздық түрде ғана өсіріледі. Тары сорттары вегетациялық кезеңінің ұзақтығына қарай көптүрлілігімен ажыратылады: 50-70 тәулікте пісетін ерте сорттарымен қатар, 100-120 тәулікте кеш пісетін сорттары да бар. Қазақстанда өсірілетін сорттарының вегетациялық кезең ұзақтығы 75-85 тәулік.
Тарыда, басқа да дәнді астық дақылдары сияқты, алты өсу және даму кезеңдері бар: егін көгі, түптену, түтікке шығу, шашақтану, гүлдену және пісу. Себуден егін көгіне және көктеуден түптенуге дейінгі кезеңаралық ұзақтығы барлық экологиялық - жағрапиялық топтарында шамамен бірдей және топырақ температурасы мен ылғалдылығына байланысты өзгереді. Егін көгі сепкеннен 3-20 - тәулікте пайда болады, ал түптенуі көктеуден кейін 10-30 - тәулікте жүреді. Көктеуден шашақтануға және шашақтанудан пісуге дейінгі кезеңаралық ұзақтық тиісінше 25-80 және 25-30 тәулікті құрайды, ол ауа-райына және сорттың пісу мерзіміне (піскіштігіне) байланысты.
Тары тұқымы айқын байқалатын егін жинағаннан кейінгі пісіп жетілу кезеңімен ерекшеленеді, сақтауда 20 жылға дейін өнгіштік қабілетін сақтайды және өз массасының 25-34 % ылғалды сіңіргеннен кейін өне бастайды. Тары өсімдігі алғашқы уақытта өте баяу өсу қарқынымен ерекшеленеді, ал бұл арамшөптерге өте сезімтал етеді. Өсімдігінің биіктігі вегетациясының соңына қарай 1,0-1,5 м жетеді. Қоректену алаңының өсуіне байланысты тары күшті түптенуге бейім. Тарының тамыр жүйесі шашақты, 1 м тереңдікке бойлайды. Түп тамырларының ұзындығы 60 см-ге дейін жетеді, өсімдік тіршілігінің соңына дейін тірі болады және вегетациясының қолайсыз жағдайларында белгілі бір мөлшерде аз да болса өнім қалыптастырады.
-6-
Тарының тамыр жүйесінің қуаттылығы тұқымдық материал сапасына да байланысты. Тарының түптенуі мен түйін тамырларының өсуі ылғал жеткіліксіздігі мен топырақтың нашар жылынуынан баяу жүреді, тіпті бөгеледі.
Топырақ температурасы 6-100С тамыршалардың өсуі мүлде ақырындайды, 180С дейін жылынғанда түп және түйін тамырларының өсуі мен бұтақтануы күшейе түседі. Жоғары температурада және топырақтың беткі қабаты шапшаң кебе бастағанда түйін тамырлардың қалыптасуы тоқтап қалуы да мүмкін. Тары өсімдігіне тән сипат - алғашында тамыршалардың өсуі өскіндерге қарағанда тезірек. Тамыр жүйесінің негізгі массасы шашақтануға дейін түзіледі. Гүлдегеннен кейін тамыр жүйесінің массасы шамалы ғана артады.
Тары өздігінен тозаңданатын өсімдік. Гүлденуі шашақтанудан 2-8 тәулік соң басталады және ол таңғы 08-ден 1500-сағ. аралығында шашақтың жоғары бөлігінен бастап жүреді. Бір гүлдің гүлдену ұзақтығы 15-40 мин., ал бір өсімдіктегі шашақтың гүлденуі сорт пен ауа-райына байланысты 6-дан 20 тәулікке дейін созылады. Тарының маңызды биологиялық ерекшелігіне оның жоғары өнімділігі жатады. Жақсы шашақ (сіпсебас) жалпы массасы 8-10 г болатын 600-1200 дән қалыптастырады, салыстыру үшін - жақсы бидай массасы 1,0-1,5 г болатын 25-30 дән түзеді.
Тары өсу жағдайларын жақсартуға өте жоғары талап қояды. Ол - жылусүйгіш өсімдік. Оның тұқымдары 5-100 С жылылықта ақырындап өне бастайды, ал 15-200С-да - шапшаң көктейді (3-4 тәулікте). Вегетациясының бас кезіндегі төменгі температура тарының баяу өсуін одан сайын төмендетеді, ал ұзақ мерзімді орташа температура 6-100С және бұлыңғыр ауа-райы фотосинтезді әлсіретеді де егін көгінің опат болуына ұрындырады. Төменгі температура шашақтану мен пісу кезеңдерін ұзартып жібереді. Тары бозқырауды нашар көтереді, алғашқы 1-2 жапырақ кезеңінде төзімдірек болғанымен - 2-30С - жарақаттанады және - 3,5-40С - да опат болады; 3-жапырақ кезеңінде өсімдіктері тіпті - 1,50С-да жарақаттанады, гүлдену кезеңінде - 1,20С бозқырауға сезімтал; пісу кезеңіндегі егістік ондай бозқырауда сирек жарақаттанады. Өсіп-жетілу кезеңінде сорттарына байланысты тарының белсенді температура жиынтығы 1800-20000С аралығында өзгереді.
Тары - негізінен ыстық және құрғақшылықты климат өсімдігі. Оның өнуіне тұқым массасының 25 % ылғал жеткілікті, транспирациялық коэффициенті - 200-250, немесе бидай мен қарақұмыққа қарағанда 1,5-2 есе
-7-
төмен. Бүкіл қажетті ылғалдың 90%-ын тары түптену кезеңінен кейін шығындайды. Тары өсу және даму кезеңдерінде ылғалды әркелкі шығындай отырып тіршілігінің алғашқы үштен бірінде барлық ылғалдың 27%, екіншісінде - 41%-ын, соңғысында - 33%-ын пайдаланады. Ылғалды барынша көп қажетсінуі оның шашақтану кезеңіне сәйкес келеді.
Тары ағзасының ұзақ мерзімде ылғал тапшылығын көтеруі мен тамыр жүйесінің айтарлықтай бөлігінің топырақ бетіне таяу орналасуы оның құрғақшылықты жылдары кеш түсетін аздаған жауын-шашынның өзінде тез өсіп, жоғары өнім беру қабілетімен ерекшеленеді, ал мұндай жағдайда басқа астық дақылдары анағұрлым төмен астық өнімін береді. Ылғалға қажетсінуі шамалы болғанымен тары астықтан мол өнім қалыптастыру үшін топырақ ылғалдылығын суару немесе басқа да тәсілдермен молайтуды қалайды.
Тары - қысқа күннің өсімдігі, жарық күннің ұзақтығы оның вегетация кезеңін ұзартып жібереді. Алайда сібірлік сорттар жарық факторына онша әсер ете қоймайды және ұзақ жарық күннің өзінде жақсы пісіп жетіледі. Дегенмен тары дақылы пісу кезеңінде басқа астық дақылдарымен салыстырғанда жарық сүйгіштігімен ерекшеленеді. Әсіресе тұтас шашақты тары сорттары толысудан дәннің пісу кезеңіне дейінгі аралықта жарыққа жоғары талап қояды - жаздың екінші жартысындағы бұлтты, бұлыңғыр ауа-райы дәннің қалыптасу кезеңін кешеуілдетіп, тары вегетациясын ұзартып жібереді.
Топыраққа тары жоғары талап қоймайды, ол әртүрлі топырақтарда өсе алады және жақсы астық өнімін қамтамасыз етеді (қара, күңгірт-қоңыр, сұр, сортаңдау ж.б. топырақтар). Арамшөптерден таза, жеңіл сіңімді қоректік заттары мол, құрылымды топырақтар тарыға барынша жарамды, құрғақшылықты аудандарда айтарлықтай байланысқан, ал жеткілікті ылғалды аудандарда жақсы жылынатын жеңіл топырақ мол өнім кепілі болып табылады. Дәнді астық дақылдарының ішінде қышқыл ортаға барынша төзімді. Алайда оған дұрысы бейтарап, немесе әлсіз сілтілі орта (рН = 6,5-7,5).
Қазақстанда өсірілетін тары сорттарының сіпсебастары (шашақтары) негізінен қысыңқы, кейде тармақты келеді және Flavum, Sanguineum, Coccineum түршелеріне жатады.
Қазақстанда өсіруге рұқсат етілген сорттар:
Саратовское 3. Ресей Федерациясының Оңтүстік-Шығыс АШҒЗИ-де шығарылған. Сангвинеум түршесіне жатады. Орташа мерзімде піседі: құрғақшылыққа төзімді, жапырылмайды, шашылмайды, 1000 дәнінің
-8-
массасы 6,8-7,2 г. Біркелкі пісуімен ерекшеленеді. Технологиялық және жармалық сапалары жақсы, жарма шығымы 77 %. Жоғары өнімді, Ақмола облысының Шортанды және Целиноград сортсынау учаскелерінде 15,6-19,5-тан 20,8-22,4 цга дейін астық өнімін берген. Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Саратовское 6. Оригинаторы РФ-ның Оңтүстік-Шығыс АШҒЗИ. Сангвинеум түршесіне жатады, орташа мерзімде піседі, дәні қызыл, 1000 дәннің массасы 7,2-9,3 г. Шашылуға орташа, ал жапырылуға төзімді сорт. Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Алматы облыстарында өсіруге болады.
Шортандинское 7. Сорт ҚР АШМ-нің Бараев атындағы астық шаруашылығы Қазақ ҒЗИ РММ-де шығарылған. Ортадан кеш мерзімде піседі, жоғары өнімді технологиялық, жармалық сапасы жақсы. Ақмола сортсынау учаскелерінде көпжыл бойы 15,3-тан 22,6 цга дейін астық өнімін қамтамасыз етті. Ақмола облысында өсіруге рұқсат етілген.
Уральское 109. Бұрынғы Орал облыстық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясында шығарылған. Түршесі-сангвинеум. Ортадан кеш пісетін сорт. Дәндері ірі, 1000 санының массасы - 7,7-8,1г, дәмдік сапасы жақсы, қабықтылығы 16-17%, жармасының шығымы ортадан жоғары (83%). Батыс Қазақстанда өсіріледі.
Старт - РФ-ның Оңтүстік - Шығыс ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында шығарылған. Түршесі - Сангвинеум, орташа мерзімде піседі, шашылуға орташа төзімді, қара күйеге шалдығуға бейім. Технологиялық жармалық сапалары өте жоғары, дәндері ірі, 1000 санының массасы - 7,3-8,6г, дәнінің қабықтылығы 17%, жармасының шығымы 78% Ақтөбе облысында өсіруге болады.
Өсіру технологиясы. Алғы дақылдар. Тарыны тың және тыңайған жерлерге немесе көпжылдық шөптер қыртысына орналастырған дұрыс. Бұл жерлер жоғары құнарлығымен және арамшөптерден тазалығымен ерекшеленеді. Олардан кейін тары барынша жоғары астық өнімін қалыптастырады, сондықтан оны жер қыртысы өсімдігі деп те атайды. Тарыға отамалы және дәнді бұршақ дақылдары да жақсы алғы дақыл, сүріден кейінгі екінші дақыл болғанда да тәуір өнім береді. Вегетация кезеңінің қысқалығынан тары егістігін жинағаннан кейін күзде ерте сүдігер дайындауға мүмкіндік болады, ал мұның өзі Қазақстанның Солтүстік өңірінде тары жаздық қатты бидайға жап-жақсы алғы дақыл бола алады.
Топырақ өңдеу жүйесі. Топырақ өңдеу және қар тоқтату. Тары үшін топырақ өңдеу жүйесі танаптарды арамшөптерден тазартуды, егін көгінің
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz