Ауыл шаруашылығы жерлерінде арамшөптердің өсімдіктердің пайда болуы


Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
- Арамшөптердің түрлері
- Жалпы қорғау шаралары
- Химиялық қорғау шаралары
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Ауыл шаруашылығының егіс алқаптарында мәдени дақылдармен қатар егілмеген зиянды өсімдіктер өседі. Олар ауыл шаруашылығы дақылдарына жан-жақты теріс ықпалын тигізіп, егін шаруашылығының өнімділігін төмендетеді. Арамшөптердің тигізетін зиянды әсері өте зор болғандықтан егіншілік пайда болған кезден адам әрқашан олардан құтылуға ұмтылып, түрлі күрес әдістерін, тәсілдерін және жүйесін пайдалануда.
Арамшөптер ауыл шаруашылық егістерімен қатар жайылымдықтар, шабындықтар жағдайларында және өнеркәсіптік, көліктік және басқа да шаруашылық аумақтары мен нысандарында да кездеседі. Жайылымдықтар мен шабындықтарда арамшөптер улы, мал жеуге жарамайтын ірі сабақты болып, мал шаруашылық өнімінің сапасын төмендетеді. Ал, өнеркәсіптік жағдайда өскен арамшөптер ғимараттар мен құрылыстарды бүлдіреді, автомобильдер мен әуежай жолдарының беткі қабаттарын бұзады, су желілерін бүлдіреді.
Арамшөптердің кейбірі шаруашылық мақсаттарында пайдаланылады. Мысалы, бидайық малазығы, түйежоңышқа сидерат ретінде, қарамықша шарап қайнату үшін шикізіат ретінде пайдаланылады. Ветеринария және медицина саласында ащы жусан, меңдуана, үлкен иман жапырақ және т. б. арамшөптер өзінің мағынасы жөнінен барынша кең, сан қырлы және қарама - қайшылықта болғандықтан, олармен күрес өте күрделі болып келеді.
Арамшөптер дегеніміз өз бетімен, ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлерде өсіп-өніп, дақылдардың және басқа алынатын өнімдердің мөлшері мен сапасын төмендететін жабайы өсімдіктер.
Ауыл шаруашылығы жерлерінде арамшөптердің өсімдіктердің пайда болуы түрлі жағдайларға байланысты. Антропохорлар деп аталатын арамшөптердің көптеген түрлері адамның шаруашылық іс-қимыл үдерісінде ( тұқымдық материалмен, қимен, жинау машиналарымен және т. б. ) басқа алқаптарға тарайды. Олар егістіктен тыс кездесетін, өңделетін жерге экологиялық бейімделген арамшөптер.
Егістік жерге арамшөптер түрлерінің көпшілігі қоршаған табиғи аумақтардан келеді немесе нақты егістікті айдағаннан кейін топырақта сақталып, қалған диаспорадан өседі. Арамшөптердің мұндай тобын апофиттар деп атайды. Апофиттерге жабысқақ қызылбояу, атқұлақ, бақбақ, иман жапырақ, қырықбуын және жатаған бидайық арамшөптері жатады.
Ауыл шаруашылық аумақтарының арамшөптерін олардың тіршілік орнындағы жағдайына қарай бірнеше топтарға бөледі. Кейбір арамшөптер мәдени дақылдардың өсіру технологиясына байланысты экологиялық жағдайына бейімделгені соншалықты, оларсыз тіршілік ете алмайды. Тұрақты өңделетін жерді қалайтын және егістік дақылдарына жақсы бейімделген арамшөптер түрлері ластанапты немесе сегеталды арамшөптер тобын құрайды. Сегеталды арамшөптер егістіктен тыс кездеспейді, оларға шырмауық қарақұмығы, қарасұлы, егіс қышасы, көк қозы ошаған және т. б. жатады. Топырақты өңдеуді тоқтатқаннан кейін бұл арамшөптер өсімдік топтауынан шығып қалады.
Белгілі бір дақылды не олардың тобын ластайтын маманданған арамшөптердің даму циклдері, тұқымның ені, ұзындығы мәдени өсімдіктермен бірдей болады. Олардың кең таралуына дақылдармен биологиялық ұқсастығы себеп болады. Олар: жаздық астық дақылдарында - кәдімгі қарамықша, қарасұлы және т. б., күздік астықта - арпабас, жұмыршақ, егістік ярутка; отамалы дақылдарда - қарабас қонақ, мысыққұйрық, гүлтәжі және т. б. ; күріште - күрмек т. с. с.
Көбіне тұрғын үй және шарауашылық құрылыстарында, тұрмыстық және өндірістік қалдықтар үйінділерінде, жол жағаларында және т. с. с. жағдайларда өсетін арамшөптер қоқыстық немесе рудеральдық арамшөптер тобына жатады.
Ресей ғалымдарының деректері бойынша өсімдіктер әлемінде кездесетін 21200 өсімдіктердің 1330 түрі арамшөптер болып саналады. Ал, Қазақстан Республикасының егіншілік жағдайында 300-ден астам арамшөптер кездеседі. Алайда дақылдарға зияндылығы жөнінен бұл түрлердің әрқайсысының маңызы бірдей емес және егіншілік аймақтарының топырақ-табиғи жағдайына байланысты және егіншілікті интенсивтендіру деңгейіне қарай өзгеріп отырады.
Мысалы, оңтүстік-шығыс Қазақстан аймағының дақылдар егістігінде аталған арамшөптер мөлшері 63-106 түрге дейін кемиді, олардың нақты құрамы аймақтың тарихи және табиғат жағдайларымен, сондай-ақ өсірілетін дақылдардың дәстүрлі технологиясымен айқындалады. Жеке алқаптағы бір дақылдың егістігінде қауіпті арамшөптердің саны әдетте 8-13 түрден аспайды, олардың құрамы экологиялық жағдайларға, сондай-ақ дақылдар түрлері мен олардың агротехникасына байланысты.
Сондықтан арамшөптермен өсімдіктермен күресу шаралары олардың нақты түрлік құрамы мен сандық мөлшеріне, құрылымына, олардың биологиялық ерекшеліктері мен экологиялық ерекшеліктерінің егжей-тегжейлі жағдайларына байланысты болады.
Арамшөптер егістіктерді ластап, ең алдымен ластанған түрлі дақылдарға орасан зор зиян келтіріп, өнімін, оның сапасын және топырақ құнарлығын төмендетеді. Егістік дақылдарына жасалған оңтайлы ортада арамшөптер тез өніп, вегетативтік органдары үдемелі дамып, мәдени өсімдіктерден озып көтеріледі де ауыл шаруашылық дақылдарының өнімі өте төмен болады. Оңтүстік - шығыс ауыл шараушылық ҒЗИ мәліметтері бойынша арамшөптер жаздық бидай өнімін 32%-ға, картоп - 44%, тары - 84%, жүгері - 90%-ға төмендетеді. Арамшөптермен ластанған егістіктер өнімінің нашарлауы мәдени дақылдардың өсіп-өну жағдайының төмендеуіне байланысты.
Бұндай жағдайда арамшөптердің мәдени өсімдіктерге теріс әсері тіке және жанама болады. Арамшөптердің тікелей ықпалы мынада: олар мәдени өсімдіктердің тіршілік жағдайын нашарлатады, ең алдымен олардан ылғалды, минералдық қоректену элементтерін және жарықты тартып алады.
Арамшөптер тек топырақтағы қоректік заттарды ғана емес, сонымен қатар бірге берілген минералдық тыңайтқыштардың көпшілігін де пайдаланады. Г. А. Чесалиннің деректері бойынша арамшөптер басым алқапта тыңайтқыштарды пайдалану коэффициенті таза пармен салыстырғанда 30-35% кемиді.
Арамшөптер ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауру қоздырғыштарының тіршілік ететін және тарайтын мекені болып табылады. Мысалы, қант қызылшасының ең қауіпті зиянкесі қант қызылшасы бізтұмсығының мекені алабота болып табылады. Дала шырмауығы арамшөптерінде шабындық көбелектер дамып, ол кейіннен мәдени өсімдіктерге зиян келтіреді. Жатаған бидайық сымқұрт және сызық дат ауруларының тарауына жағдай жасайды. Кейбір арамшөптердің жемістері, тұқымдары улы болып, адамдарды немесе малдарды уландырады. Ал кейбір арамшөптердің жағымсыз иісі мал шаруашылығының өнімдерінің сапасын бүлдіреді. Мысалы, жусан сүтке ащы дәм береді. Жекелеген арамшөптердің гүл тозаңдары адамдарда аллергия ауруын тудырады.
Арамшөптер ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін ғана төмендетіп қоймай, оның сапасында нашарлатады. Егіс алқаптарындағы арамшөптерді жою ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін арттырудың және олардың сапасын жақсартудың ең басты шараларының бірі болып табылады. [1]
2. 1 Арамшөптердің түрлері
Қазақстанның егіншілік аймақтарында өсімдік қорғау саласындағы ғылыми мәліметтер бойынша 300-ден астам арамшөп түрлері кездеседі. Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын түрлі және жыртылатын жерлердегі арамшөптердің мол флорлық құрамы биологиялық ерекшелігіне және экологиялық бейімділіктеріне байланысты оларменен күресті қиындатып, кейде шешілмейтіндей мәселеге айналдырды. Өте көп мөлшерде кездесетін арамшөптер саны алуан түрлі тұқымдастықтарға жататын болғандықтан, морфологиялық белгілеріне байланысты таңдап топтау, егіншілік саласында күресу шараларын шешуді қамтамасыз ете алмайды. Арамшөптерді тұқымдастықтары бойынша әрқайсысына жекелей жою шараларын қолдану тиімсіз.
Арамшөп өсімдіктерінің биіктігінің ярустылығы бойынша да топтау жасалды. Мысалы, жоғары, үстіңгі ярусты арамшөптер, оларға қалуендер, ащы жусан с. с. ; дақылдармен бірдей биіктікте орналасқан орта ярусты арамшөптер (қарасұлы, көк кекіре т. б) ; төменгі ярусты арамшөптер (егістік ярутка, кәдімгі жұмыршақ, кәдімгі қазтабан т. б. ) . Арамшөптерді биіктігіне байланысты топтау олармен күрес жүргізу шараларын анықтауға негіз бола алмайды.
Арамшөптердің түрлерінің көптігімен қатар өздеріне тән ортақ биологиялық белгілері болады. Олардың бастылары :
- қоректену тәсілі,
- өсіп-даму мерзімі,
- көбеюінің ерекшеліктері.
Егіншілікте - А. Н. Киселев, А. И. Мальцев, С. А. Котт, А. Н. Фисюнов, соңғы кезде А. М. Туликов, Г. И. Баздырев сияқты ғалымдар арамшөптердің өніп шығу уақытына, топырақтың экологиялық жағдайына және олардың тіршілік факторларын қажет етуіне байланысты әмбебап агробиологиялық жіктеу енгізген (1-кесте) .
Арамшөптердің қоректену тәсіліне байланысты паразитті, жартылай паразитті және паразитті емес немесе жасыл арамшөптер деп үш топқа бөлінеді.
Паразитті арамшөптердің қоректену тәсілі гетеротрофты болады. Олар арнайы сорғыштар арқылы басқа өсімдікке жабысып, оның дайын заттарымен қоректенеді. Паразитті арамшөптердің фотосинтез процесі жүретін аппараты болмайды.
Паразитті емес арамшөптер өсіп-даму мерзімінің ұзақтығына байланысты екі топқа бөлінеді: аз жылдық және көп жылдық арамшөптер. Аз жылдық арамшөптер өсіп-өну кезеңіне байланысты эфемер, жаздық, қыстап қалатын, күздік және екі жылдықтар деп бес топқа бөлінеді.
Көп жылдық арамшөптер көбею ерекшеліктеріне және тамыр жүйелеріне қарай мына топтарға бөлінеді: кіндік тамырлы, шашақ тамырлы, түйнекті, жалған өрмелеуші, көген тамыр сабақтылар, атпа тамырлар және баданалылар.
1-кесте
Арамшөптердің жіктелуі
Көбінесе тұқымымен аздап вегетативті көбейетіндер:
- Шашақ тамырлар
- Кіндік тамырлар
1. Тамырлылар
2. Сабақтылар
2. Жаздықтар:
А) ерте пісетін
Б) кеш пісетін
Көбінесе вегетативтік жолмен аздап тұқымы арқылы көбейетіндер:
3. Түйнек тамырлар
4. Жатаған өрмелеушілер
5. Көген тамырсабақтылар
6. Атпатамырлар
7. Баданалылар
Барлық арамшөптер екі ботаникалық класқа: дара жарнақтылар және қос жарнақтылар болып бөлінеді. Арамшөптердің ботаникалық класына бөлінуі олармен химиялық күрес шараларының жүйесін құру үшін пайдаланылады.
Республиканың агрофитоценоздарында жүздеген арамшөптер түрлері кездеседі. Олардың әр қайсысына жеке жою шарасын қолдану мүмкін емес. Сондықтан оларды жоғарыда көрсетілген жіктеу бойынша топтап алу қажет (2-кесте) .
Паразитті емес арамшөптер вегетациясының ұзақтығына байланысты аз жылдық, екі жылдық және көпжылдық болып үш топқа бөлінеді.
Аз жылдық арамшөптер тек тұқымы арқылы өсіп-өніп, көбейеді, екі жылдан артық өмір сүрмейді және тұқымы піскеннен кейін тіршілігін тоқтатады. Аз жылдық армшөптердің ішіндегі басым көпшілігі жаздық түрлері болып келеді, олар өздерінің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты жаздық мәдени дақылдарға ұқсас болып, әсіресе соларды ластайды.
Екі жылдық арамшөптер өзінің толық вегетациялық циклі ішінде аяқтайтын өсімдіктерді айтады. Анық екі жылдықтар күзде өніп шығып, тек 2 жылдан кейін ғана тұқым береді, яғни екі рет қыстап шыққаннан соң. Дегенмен күзде өніп шыққандары күздіктер сияқты дамиды, тұқымды келесі жылы береді. Кейде екі жылдықтар тұқым бергеннен кейін тамыр мойнынан немесе тамыр кесіндісінен өскін береді. Оның өкілдеріне мына арамшөптер жатады: қара меңдуана, ақбас және сары түйежоңышқа, кәдімгі кәріқыз т. б.
Көп жылдық арамшөптер үш және одан да көп жылдар бойы өсіп, бірнеше рет дән, түйін, тұқым беретін өсімдіктер. Олар тұқыммен де, вегетативтік мүшелерімен де көбейеді, көбінесе вегетативті жолмен көбейеді. Тамыр жүйесіне қарай көп жылдық арамшөптер кіндік, атпа, шашақ, түйнек, өрмелегіш тамырлы және көген тамырлы және көген тамыр сабақты болып бөлінеді.
2-кесте
Қазақстан егіншілігінде жиі кездесетін арамшөптер тізбегі
1. Ермен жапырақты ойран шөп
2. Егістік қыша
3. Шырмауық қарақұмығы
4. Арам кенен шөп
5. Алабота
6. Қарасұлы
7. Күнбағыс арамшөбі
8. Шырмауық тараны
9. Жабысқақ қызылбояу
10. Тісті ошаған
Амброзия полыннолистная
Горчица полевая
Гречишка вьюнковая
Конопля дикая
Марь белая
Овсюг обыкновенный
Подсолнечник сорный
Горец вьюнковый
Подмаренник цепкий
Дурнишник зубовидный
Ambrosia artemisufolia
Sinapis arvensis
Polygonum convolvulus
Cannabis ruderalis
Chenopodium album
Avena fatua
Helianhus lenticularis
Gallopia convolvulus
Galium apocrine
Xanthium strumarium
1. Ісінген бөрітарақ
2. Қурай
3. Тауықтары
4. Күріш тары. Күрмек
5. Мысық құйрық
6. Кәдімгі гүлтәжі
7. Қара алқа
8. Кәдімгі сасық меңдуана
Гибускус вздутый
Курай
Просо куриное
Просо рисовое
Мышей сизый
Ширица обыкновенная
Паслен черный
Дурман обыкновенный
Hibiscus trionum
Salsola ruthenica
Panicum grus galli
Panicum oruzicola
Setaria glauca
Amaranthus retroflexus
Solanum nigrum
Datura stromonium
1. Қара бидай арпасы
2. Дала арпабас
3. Кәдімгі сіпсебас
Костер ржаной
Костер полевой
Метлица обыкновенная
Bromus secalinus
Bromus arvensis
Apera spica venti
1. Егістік ярутка
2. Жұмыршақ
Ярутка полевая
Пастушья сумка
Thlaspi arvennse
Capsella bursa pastoris
1. Сары түйе жоңышқа
2. Ақ түйе жоңышқа
3. Қара меңдуана
4. Кәдімгі кәріқыз
Донник желтый
Донник белый
Белена черная
Липучка обыкновенная
Melilotces officinalis
Melilotces albus
Hyoscyamus niger
Lappyla vulgaris
1. Кермек жусан
2. Қышқыл қымыздық
. Кәдімгі бақбақ
4. Дәрілік бақбақ
Полынь горькая
Щавель кислый
Одуванчик обыкно-венный
Одуванчик лекарственный
Artemisia absinthuim
Rumex acetosa L.
Tataraxacum
Tataraxacum officinalis
1. Жұмырсәлем шөбі
2. Түйнекті чина
Сыть круглая
Чина клубненосная
Cyperus rotandus
Lathyrus tuberosus
1. Жатаған бидайық
2. Қара ажырақ
3. Теңіз жағалауындағы түйнек қамыс
4. Кәдімгі қамыс
5. Құмай
6. Тарамбидайық
7. Егіс қырықбуыны
Пырей ползучий
Свинорой
Клубнекамыш приморский
Тростник обыкновен-ный
Гумай
Острец
Хвощ полевой
Elytrigia
Cynodon dagulon
Bolboschoenus martimus
Phragmutes communis
Andropogon repens
Agropurum repens
Eguisetum arvense
1. Түлкі құйрық, ақ мия
2. Жалаң мия
3. Қызғылт қалуен, тікен қурай
4. Егістік қалуен
5. Дала шырмауығы
6. Қызғылт укекіре
7. Кәдімгі сурепка
8. Каспий ақбас шөбі
9. Шығыс текесақалы
10. Көк қалуен
11. Жантақ, түйежантақ
Софора лисохвостная
Солодка голая
Бодяк, осот розовый
Осот полевой
Вьюнок полевой
Горчак розовый
Сурепка обыкновенная
Карелиная Каспийская
Дадарция восточная
Молокан татарский
Верблюжья колючка
Sopohra alapecurolo
Glicyrrhisa glabra
Cirsium arvense
Sonchus arvensis
Convolvulus arvensis
Acroptilon repens
Barlarea vulgaris
Carelinia caspia
Dodatria arienntalis
Mulgedium tataricum
Alhagi pseudoalhagi
1. Күйдіргі сарғалдақ
2. Үлкен бақажапырақ
Лютик едкий
Подорожник большой
Ranunculis acr
Plantaqo major
1. Кәдімгі қазтабан
2. Жатаған сарғалдақ
Лапчатка гусиная
Подорожник большой
Potentilla anserina
Ranuneulus repens
1. Егістік арамсояу
2. Күнбағыс сұңғыласы
Повилика полевая
Заразиха подсолнечная
Cuscuta campreslis
Orobanche cumana
Алабота - марь белая - Chenepodium L. Алабота тұқымдасына жатады. Барлық ауыл шаруашылық дақылдарына, әсіресе отамалы дақылдарға өте зиянды арамшөп (1-сурет) . Экономикалық зиянкестігі 1 де 10 тік, қатты бұтақталған, биіктігі құнарлы топырақта 1, 5 м кейде одан да биік болып өседі. Бір өсімдік 200 мың, кейбір өсімдік 700 мың тұқымға дейін береді.
Жануарлардың ас қорытуы органдарынан өткеннің өзінде де өнгіштік қабілетін жоймайды. Олар полиморфты. Бір өсімдіктің өзінде үш түрлі тұқымдары кездеседі:ірі жалпақ және қоңыр тұқымдар піскен жылы өседі:майдалау тұқымының қабығы қалың, қара түстілері екінші жылы өседі, ал өте майда, дөңгелек, қара тұқымы тек үшінші жылы ғана өседі.
Тұқымының өнгіштігі 8 жылға, өмір сүру ұзақтығыттт38 жылғы дейін сақталады. Алабота үсікке төзімді. Тұқымы 8-10 см тереңдіктен шығады. Көктеуі ерте көктемнен басталып, күзге дейін созылады.
Өңделмейтін жерді алаботаны гүлдегенге дейін шабады. Ауыл шаруашылық дақылдары егістіктерінде алаботаның ақ жіп фазасында тырмалау жақсы нәтиже береді.
Әр түрлі дақылдарда пайдаланатын гербицидтердің көпшілігіне сезімтал, сондықтан да оны топыраққа және көктеген кезінде шашатын гербицидтермен жоюға болады.
1-сурет. Алабота
Қарасұлы - Овсюг пустой или обыкновенный - Avena fatua L . Ерте пісетін жаздық қоңырбастар тұқымдасына жататын арамшөп (2-сурет) . Сыртқы түрі мәдени сұлыға өте ұқсас. Ол- бейімделген арамшөп ретінде жаздық бидай, сұлы, арпа үшін өте зиянды және қауіпті. Мысалы, 1 -та қарасұлының 50 өсімдігі өссе, одан өнім 20% -ға 300-4 есе, 450-4 есе және одан да көп төмендейді. Тамыры- шашақты топырақта 130-160 см тереңдікте тарайды. Сабағы - түзу, биіктігі 60-120см. Қара сұлының жапырағы - сызықты, ірі, жан-жағы кедір- бұдырлау.
Пластинкасы сирек шашақтармен қапталған, құлақшасы жоқ. Жаздық бидай толық шыққаннан кейін, оның қатараралығынан қарасұлыны анық байқауға болады.
Қарасұлы өсімдігі шашақ тастағанда жаздық дақылдар егісінде оның қылтанағы ажыратуға болады. Қылтықтары - қаралау, ұзын, тізе тәріздес иілген, төменгі жағы бұралған. Жақсы дамыған қарасұлы өсімдігі 440-600 дәнге дейіін береді, мәдени дақылдардан ертерек пісіп, дәні топыраққа шашылады. Қарасұлыны сұлы, бидай, қара бидай дәндерінен айыру өте қиын. Жаңа түскен дәні нашар өнеді, бірақ қыс бойы тыныштық кезеңін өткеннен кейін, топырақтың температурасы 3-5ºС болғанда да өніп шыға алады. Оның оптималды өну температурасы-16-20ºС. Қарасұлының дәні 20-30см тереңдіктен де өніп шыға алады, тіршілікке қабілеті 5 жылға дейін сақталады.
Қарасұлының жалпылама таралуының себебінің бірі- ауыспалы егісте жаздық масақтылардың көбірек кездесетінінде. Сыдыра жырту мен мимнималды өңдеу, қарасұлы тұқымының топырақтың беткі қабатының жиналуына себеп болады.
2-сурет. Қарасұлы
Тауықтары - Просо куриное - Echinochloa crusgalli L. Қоңырбастар тұқымдасына жатады (3-сурет) . Өсімдік барлық жерлерде де, әсіресе орталық және оңтүстік аудандарда көбірек таралған. Өте зиянкес арамшөп, барлық дақылдарды, әсіресе суармалы егіншілікте отамалы дақылдарды ластайды. Бос құнарлы топырақта күшті өседі, әсіресе тауықтары арамшөбі күріш егістігін қатты ластайды. Тамыры - шашақты. Сабағы тіп-тік өседі биіктігі 20-100см. Жапырағы- жалпақтау, ұзынша. Жапырақтың ұзындығы 20-50, ені 2-5 мм дейін барады. Тұқымы- жұмыртқа тәріздес, біржағына қарай көтеріңкі, төбе жағы үшкірленген, жылтыраған жасыл дән. 1000 дәннің салмағы-1, 5-2г. Топырақ әбден жылынғанда өсіп шығады. Оптималды өніп шығу температурасы 26-28ºС. Тұқым өнімділігі 60 мыңға дейін барады, 12-14 см тереңдіктен өніп шығады, дәнінің өнімділігі 13 жылға дейін сақталады.
Тауықтарыға қарсы күрес: агротехникалық шаралар- танапты сыдыра өңдеу және далапон, ТХА, т. б гербицидтерді пайдалану.
3-сурет. Тауық тары
Қызғылт қалуен, осот розовый - Cirsium arvense. Күрделігүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық атпатамырлы арамшөп(4-сурет) . Сабағы тік тармақталған, биіктігі 120-150см. Қызғылт қалуен тұқымы арқылы және вегетативті жолмен де көбейеді. Бір өсімдік 50 мыңға дейін тұқым береді. Жемісі сопақша келген дәнек. Оның ұзындығы 3-4мм, ал ені - 1, 0мм шамасында.
Бұл арамшөптің тұқымы өзінің өнгіштік қабілетін топырақта 6-7 жыл бойы сақтай алады. Ол топырақ 25-30 градусқа қызғанда оның 1-2см тереңдегінен жақсы көктеп шығады. Тұқымнан шыққан өсімдік бірінші жылы топыраққа тік бойлайтын тамыр түзеді, ал екінші жылы одан бірінші қатардағы көлбеу тамырлар пайда болып, олар майысып және жуандап төменгі қабатқа тереңдей түседі.
Екінші жылдың аяқ кезінде осы көлбеу тамырдың майсып жуандаған жерінен бүршік және өркен пайда болып, қызғылт қалуен вегетативтік жолмен көбею мүшесі қызғылт қалуеннің жер астындағы атпатамырлары. Қызғылт қалуеннің тамырының басым көпшілігі 20-30см тереңдікте жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz