Инновациялық оқыту технологиясының оқыту процесінде қолданылу ерекшеліктері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1 бөлім. Инновациялық оқыту технологиясының ғылыми. теориялық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.1 Инновациялық оқыту технологиясының оқыту процесінде қолданылу ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Арттерапия . жаңа оқыту технологиясының озық үлгісі ретінде ... ... ... 19
1.3 “Өзін.өзі тану” . арқылы адамның жеке басының өсуін, жетілуін дамытудың психологиялық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

1 бөлім бойынша тұжырымдама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39

2 бөлім. Арттерапияны білім беру процесінде қолданудың
эксперименталды бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 40
2.1 Арттерапия . оқыту процесінің тиімділігін арттыру шарасы ... ... ... ... .. 40
2.2. Эксперименталды зерттеу бөлімінің мақсат.міндеті, болжамы, әдістемелер мен дамыту.түзету жаттығуларының кешені ... ... ... ... ... ... ... . 52
2.3. Арттерапия арқылы адамның жан.жақты дамуының әдістемелік.практикалық нұсқаулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 69

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 71

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 73

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 77
КІРІСПЕ

Дипломдық зерттеу жұмысының өзектілігі қазіргі таңда шығармашыл, яғни креативті жеке тұлғаны қажетсінудің өсуімен анықталады. Қазіргі жағдайда білім рөлінің өскендігі соншалық, ол қоғамның дамуына әсер ететін басты конструктивті фактор болып отыр. Бұл сөзсіз, оқытудың тиімді технологияларын жасаудың, жетілдірудің мықты стимулы қызметін атқарады.
Жоғарғы оқу орындарында жеке адамдардың шығармашыл, креативтілік жағынан дамуы үшін жағдай жасау Қазақстандағы білім беру жүйесінде маңызды міндеттердің бірі әрі негізгісі болып отыр.
Дәстүрлі оқыту, білім беруді реформалаудың екі баламалы көзқарасы бар: технологиялық және ізденістік. Бірінші көзқарас жоғары тиімді оқытуға негізделген (білімді игеру, үлгі бойынша дағдыларды қалыптастыру және т.б.); екіншісі – шығармашылық іс-әрекет пен құндылық бағдарларды жинақтау тәжірибесін қалыптастыруға бағытталған. Екінші көзқараста салмақ оқыту (білім беру) процесінен дараланған оқытуға ауысады. Соның мақсатына орай, адамды қазіргі қоғамдық кәсіби және әлеуметтік іс-әрекетке сол адамның өз қажеттілігі мен қызығушылығын, бейімділіктерін ескере отырып даярлайды.
Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін әрбір оқытушының инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық, психологиялық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан әрбір оқытушының біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық, психологиялық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттың мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару әрбір оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылығының жемісімен келмек. Сондықтанда әрбір білім алушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені, мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу процесін ұйымдастыру жаңа иновациялық педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Тәжірибе көрсеткендей-ақ, оқытудың интерактивті режимінде арттерапия элементтерін қолдану креативті жеке тұлғаны дамытудың тиімді жолдары мен шараларын жасаудың алғы шарты болады. Сонымен қатар, оқып, білім алушылардың шығармашылық ойлауын дамытуда негізгі рөл атқарады.
Шығармашылығы жоғары, ойлауы терең адамзатты тәрбиелеу, өзін-өзі тану сияқты өзекті мәселелер қазіргі күннің басты міндеттері болып отыр.
Еліміздің алғашқы ханымы С.А.Назарбаева өзінің “Өзін-өзі тану” бағдарламасын ұсынудың өзі өмір талабына сай, дер кезінде жазылған құнды еңбек. Себебі, қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында адамның өзін-өзі тануы, өзін-өзі тәрбиелеуі деген мәселелер өте маңызды.
Дипломдық зерттеу жұмысының мақсаты. Арттерапияның оқыту процесіндегі инновациялық технологияның озық үлгісі екендігін психологиялық жолмен анықтау.
Зерттеу жұмысы келесі міндеттердің орындалуын қажет етеді:
- отандық, шет елдік, Ресейлік арттерапия жөніндегі теориялық-әдістемелік материалдарға терең талдау жасау ;
- инновациялық тұрғыдан арттерапия үлгілерін қолдану тәжірибесін кеңінен басшылыққа алу;
- өзін-өзі тану бағдарламасына сәйкес арттерапия элементтерін оқыту процесінде қолдану;
- жоғарыда аталған проблемаларға байланысты әдістемелер кешенін іріктеп талдау және оларды қазақ тобына арнап аударып, бейімдеу;
- анықтаушы және дамытушы эксперимент нәтижелерін өңдеп, салыстыру;
Зерттеу жұмысының объектісі. Озық психотехнология үлгісі ретінде – арттерапияның жоғарғы оқу орындарында өтілу процесі.
Зерттеу жұмысының пәні. Психологиялық пәндер бойынша студенттердің шығармашылық тұрғыда өзіндік дамуын жетілдірудің тиімді тәсілі ретінде – арттерапия және оның элементтері.
Зерттеу жұмысының болжамы. Инновациялық оқыту технологиясының озық үлгісі ретінде арттерапияны оқыту процесінде тиімді және орынды қолданған жағдайда жеке бастың жан-жақты әрі үйлесімді дамуына қол жеткізуге болады.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі болып Л.С.Выготскийдің жоғары психикалық функциялардың мәдени-тарихи даму туралы теориясы; А.Н.Леонтьевтің іс-әрекет теориясы; профессор С.М.Жақыповтың бірлескен-диалогты іс-әрекеті; жеке адам дамуының гуманистік теориясының негізгі тұжырымдамалыры; З.Фрейд пен К.Г.Юнгтің бейсаналық туралы психоаналитикалық теориясы; С.А.Назарбаеваның “Өзін-өзі тану”бағдарламасы сияқты құнды еңбектер табылады.
Зерттеу жұмысының әдістері мен әдістемелері. Зерттеу жұмысымыздың мақсаты мен ондағы қойылған болжамды дәлелдеп тексеруіміз үшін бірін-бірі толықтырушы арттерапия элементері, дамытушы-түзетуші жаттығулар және ҰЕҰБЭ (ұжымшылдық, еңбексүйгіштік, ұйымдастырушылық, білуге құштарлық, эстетикалық талғам) сауалнамасы қолданылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы. Инновациялық оқыту технологиясының тиімді үлгілерінің бірі - арттерапия элементтерін жоғарғы оқу орындарының оқыту процесінде қазақ тілінде тұңғыш рет әрі нәтижелі орындалуына қол жеткізілді. Психотехниканың үлгісі ретіндегі арттерапияның мән-мағынасы, мазмұн-ерекшелігі, өтілу барысы қазақ тілінде ғылыми әрі әдістемелік тұрғыдан сауатты баяндалып, теориялық әрі әдістемелік базасы кеңейтілді.
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы:
- оқыту процесінің тиімділігін арттыруға қол жеткіздіреді;
- адамның жеке басының қадыр-қасиетін сезініп, бағалауға әрі тұлғааралық қарым-қатынасты жақсартуда көмекші құрал қызметін атқарады;
- шығармашылық қабілетті (креативтілікті) дамытуға септігін тигізе отырып, адамның өзін-өзі тануына жол ашады;
- арттерапия көмегімен психосауықтыру, емдеу шараларын толық жүзеге асыруға болады;
Зерттеу жұмысының базасы. Зерттеу жұмысының тәжірибелік базасы ретінде М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің “Педагогика және психология” мамандығы бойынша IV курс, ФК-03-3к1 тобының студенттері алынды.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған 88 әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Сонымен қатар, зерттеу жұмысында сызбалар, кестелер, диаграммалар көрсетілген. Жұмыстың жалпы көлемі 87бет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Бұзаубақова К. “Жаңа ПЕД-технологияны меңгеру - міндет”.
// Қазақстан мектебі. № 9-10. 2005 ж. 25-26 б.
2. Байғазиева Г. “Жаңа Педтехнология”. // Қазақстан мектебі. № 8. 2005 ж. 53-54 б.
3. Бұзаубақова К. “Жаңа педагогикалық технологиялар”. // Қазақстан мектебі. № 4. 2005 ж. 5-8 б.
4. Арысбаева З. “Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану ерекшеліктері”. // Қазақстан мектебі. № 1. 2007 ж. 69-70 б.
5. Әмір Шарапат. “Педагогикалық инновацияны іске асырудың жолдары” // Қазақстан мектебі. № 6. 2001 ж. 32-34 б.
6. Бейсембаева А. “Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендірудің мүмкіндіктері”. // Қазақстан мектебі. № 4. 2001 ж. 12-13 б.
7. Көшімбетова С. “Оқыту тиімділігі – озық технологияларда”. // Қазақстан мектебі. № 7. 2005 ж. 16-17 б.
8. Б.М. Камзина. “Жаңа инновациялық технологияларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің педагогикалық шарттары”. //
Валеология. № 3. 2006 ж. 4-5 б.
9. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. / Егемен Қазақстан. 2 наурыз, 2006 ж.
10. Қазақстан -2030. / Егемен Қазақстан. 11 қазан, 1997 ж.
11. Карвасарский Б.Д. Психотерапия. Питер, 2001
12. Карвасарский Б.Д. Психотерапевтическая энциклопедия – Питер, 2000.
13. Копытин А. И. Основы арт-терапии. – СПб.: Лань, 1999
14. Кузовкин В.В. Теоретико-методологические проблемы личностного роста студентов.// Инновации в образовании 2001, № 1 С.103-121
15. Практикум по арт-терапии/ Под ред. А.И.Копытина. – СПб: Питер,2000. – 448 с.
16. Рудестам Н. Групповая психотерапия. Психокоррекционные группы: теория и практика. – М.: Прогресс,1990
17. Гнездилов А.В. Авторская сказкотерапия. Дым старинного камина (сказки доктора Балу). – СПб.: Речь, 2003. –292с.
18. Баркер Ф. Использование метафор в психотерапии. Эффективное использование метафор и анекдотов в психотерапии. Воонеж, 1995
19. Богоявленская Д.Б. О предмете исследования творческих способностей.// Психологический журнал, 1995. – Т. 16.- № 5 С.25-49
20. Божович Л.И. Проблемы формирования личности. М., Воронеж, 1995
21. Вербицкий А.А. Активное обучение в высшей школе: контекстный подход. – М.: Высшая школа, 1991
22. Грин А.А. Зоопарк творческих задач.//Школьные технологии 2000 г № 5, С.218-226
23. Групповая психотерапия. Психокоррекционные группы: теория и практика/Пер. с англ. - М.: Прогресс, 1990. –368 с.
24. Гузеев В.В. Образовательная технология: от приема до философии. М.: Сентябрь, 1996. С.112.
25. Джакупов М.С.Управление познавательной деятельностью студентов в процессе обучения. – Алматы, 2002
26. Защиринская О.В. Сказка в гостях у психологии. Психологические техники: сказкотерапия. – СПб.: Издательство ДНК, 2001 –152с.
27. Зинкевич-Евстигнеева Т.Д. Как помочь особенному ребенку. СПб.: 2001
28. Зинкевич-Евстигнеева Т.Д., Грабенко Т.М. Практикум по креативной терапии. СПб, 1998
29. Изюмова С.А, Чмыхова Е.А. Влияние индивидуально-психологических особенностей на обучаемость студентов.// Инновации в образовании. 2001, №3
30. Калошина И.П. Структура и механизмы творческой деятельноси. - М.: МГУ, 1990.
31. Калошина Т.Ю., Тимошенко Г.В. Марионетки в психотерапии. – М.: Изд-во Института Психотерапии, 2001. – 192 с.
32. Квинн В. Прикладная психология – СПб.: Питер, 2001.
33. Кларин М.В. Интерактивное обучение – инструмент освоения нового опыта// Магистр. 1999. С.85-95
34. Красило А. Желанные берега.//Школьный психолог, июнь 2001, №23 С.7
35. Копытин А.И. Системная арт-терапия. – СПб.: Питер, 2001. –224с.
36. Лебедева Л.Д. Арт-терапевтические занятия в начальной школе.// Школьные технологии
37. Лебедева Л. Лечение с увлечением.//Школьный психолог, январь 2000г., №4 С.12-13
38. Лебедева Л., Лебедева О. Жила-была рябина.// Школьный психолог, август 2001, № 32, С.4-5
39. Маджуга А.Г., Маджуга Л.Г. Арт-терапия как одно из приоритетных направлений современной коррекционной психологии и педагогики.// Вопросы ментальной медицины и экологии. -Том IX .-2003.-№3.- Москва – Павлодар С.21-24
40. Маджуга А.Г., Шоманбаева А.О., Кабылбекова З.Б. Теория и практика инновационных технологий. Шымкент, 2004
41. Маслоу А. Мотивация и личость. – СПб, 1999
42. Немов Р.С. Психология. Т. 2 – М.: Владос, 2000
43. Немов Р.С. Психология. Т. 3 – М.: Владос, 2000
44. Нестеренко А.А Страна загадок //Школьные технологии, 2000г №5, С.208-214
45. Никитин В.А. Энциклопедия тела: психология, психотерапия, педагогика, театр, танец, спорт, менеджмент. М.: Алетейа, 2000
46. Обухова Л.Ф. Возрастная психология, М., 1996
47. Осухова Н. Между войной и миром.//Школьный психолог, март 2002,№12
48. Подласый И.П. Педагогика: Учебное пособие для студентов высших учебных заведений, - М.:, 1996
49. Полянский В.С.Теоретические основы психолого-педагогического сопровождения обучаемых.// Инновации в образовании. 2001, № 3
50. Практикум по психодиагностике/ Сост. Э.В. Маруга – Балашов, 1997
51. Практическая психология образования. М., 1997
52. Психотерапевтическая энциклопедия / Под ред. Б.Д. Карвасарского. – СПб.: Издательство «Питер», 2000. –1024с.
53. Столяренко Л.Д. Основы общей психологии. 4-е изд., перераб. и доп. (Серия «Учебники, учебные пособия».) – Ростов н/Д: Феникс, 2001. –672с.
54. Смирнов А.Г. Практикум по общей психологии: Учебное пособие. – М.: Изд-во института Психотерапии, 2001. –224с.
55. Степнова Л.А. О некоторых подходах к психотерапии смысложизненных ориентаций личности.//Мир психологии 2001 № 2(26) С.89-93.
56. Теоретические и прикладные проблемы практической психологии. Часть 2/ Под ред. С.М. Джакупова – Алматы, 2002 –157с.
57. Смолкин А.М. Методы активного обучения. – М.: Высшая школа, 1997
58. Словарь-справочник про психодиагностике./ под ред. Бурлачук А.Г. – СПб, 2003
59. Теоретические и прикладные проблемы практической психологии. Часть 2/ Под ред. С.М. Джакупова – Алматы, 2002 –157с.
60. Формирование учебной деятельности студентов./ под ред. В.Я. Ляудис – М.: МГУ, 1986
61. Цукерман Г.А., Мастеров Б.И. Психология саморазвития. М.: Интерпракс, 1995. –288с.
62. Хайкин Р. Художественное творчество глазами врача. СПб.: Наука, 1992
63. Ялом И. Групповая психотерапия. – СПб.: Питер,2000
64. Психология. Словарь. Под общей редакцией А.В.Петровского, М.Г.Ярошевского. М., 1990
65. Никитин В.Н. Энциклопедия тела; психология, психотерапия
66. Автономова Н.С. Современная западная философия: Словарь – М., 1991.
67. Болл Б. Интеграция научных исследований, практики и теории в арт-терапий // Исцеляющее искусство: журнал арт-терапий – 2000. – Т.3., N 4 – С. 10-32.
68. Глаттхорн Т. Игра “Метафора терминаций”// Практикум по игровой психотерапийй / Под ред. Х.Кэдьюсон и Ч.Шефер – Питер, 2000.
69. Гудман Р. Обсуждение и создание детских рисунков // Практикум по арт-терапий / Под ред. А.И.Копытина. – Питер, 2000.
70. Кейз К. Об эстетическом моменте переноса // Исцелляющее искусство: журнал арт-терапий -–1998. Том 1.
71. Яком И. Групповая психотерапия. Питер, 2000.
72. Сьюзан Хоган. Феминистские подходы в арт-терапии. Лондон: Рутледж, 1997
73. Копытин А.И. Арт-терапия на русском языке. Питер, 1994.
74. Журнал “Няня”, Арттерапия – лечение игрой. N 2,2002
75. Медведева Е.А., Левченко И.Ю., Комиссарова Л.Н. Артпедагогика и арттерапия в специальном образовании.
76. Арттерапия. Артметоды как психологический инструмент исследования и развития личности. Психологическая газета. N 6. 1997. Статья 7.
77. Крыжановская Л.И. Артпсихология как направление психолого-педагогической реабилитации подростков. Питер, 2004.
78. Диагностика в арттерапии. Метод “Мандала”- http://science-education-books.
79. Молодежная газета. Teenager (Газета). Психология/ Арттерапия: 2004 г. Октябрь. http: // www.almateer. freenet kz.
80. Курск. Душевные болезни – лечать арттерапией – Regions. Ru. www. 46
81. PSYLIB r. К.Рудестам. Психокоррекционные группы. www.psylib. ord.ua
82. Архангельские педагоги и психологии изучают методы арттерапии для работ с детьми и взрослыми. www.atrmedia.ru
83. Gestalt.ru: События “Арттерапия в группе и частной практике” www. gestalt.ru.
84. Детский психолог – Мероприятия. Семинар. Арттерапия: основы теории и практик метода. www.childpsg.ru.
85. Арттерапия в работе с детьми. webshops.ru. EUP. RU – экономика и управление на предприятиях.
86. Арттерапия – это творчество под наблюдением психолога. http: // bd.ru
87. Видео-арттерапия – Психологический словарь. http: // psi.webzone.ru
88. Артпедагогика и арттерапия в спецальном образовании - …tttp:// gbg.ru

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1 бөлім. Инновациялық оқыту технологиясының ғылыми-
теориялық
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .. 7
1.1 Инновациялық оқыту технологиясының оқыту процесінде қолданылу
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7
1.2 Арттерапия – жаңа оқыту технологиясының озық үлгісі ретінде ... ... ...
19
1.3 “Өзін-өзі тану” – арқылы адамның жеке басының өсуін, жетілуін дамытудың
психологиялық
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 30

1 бөлім бойынша
тұжырымдама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 39

2 бөлім. Арттерапияны білім беру процесінде қолданудың
эксперименталды
бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... 40
2.1 Арттерапия – оқыту процесінің тиімділігін арттыру
шарасы ... ... ... ... .. 40
2.2. Эксперименталды зерттеу бөлімінің мақсат-міндеті, болжамы, әдістемелер
мен дамыту-түзету жаттығуларының кешені ... ... ... ... ... ... ... . 52
2.3. Арттерапия арқылы адамның жан-жақты дамуының әдістемелік-практикалық
нұсқаулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... . 69

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 71

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 73

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 77

КІРІСПЕ

Дипломдық зерттеу жұмысының өзектілігі қазіргі таңда шығармашыл, яғни
креативті жеке тұлғаны қажетсінудің өсуімен анықталады. Қазіргі жағдайда
білім рөлінің өскендігі соншалық, ол қоғамның дамуына әсер ететін басты
конструктивті фактор болып отыр. Бұл сөзсіз, оқытудың тиімді
технологияларын жасаудың, жетілдірудің мықты стимулы қызметін атқарады.
Жоғарғы оқу орындарында жеке адамдардың шығармашыл, креативтілік
жағынан дамуы үшін жағдай жасау Қазақстандағы білім беру жүйесінде маңызды
міндеттердің бірі әрі негізгісі болып отыр.
Дәстүрлі оқыту, білім беруді реформалаудың екі баламалы көзқарасы бар:
технологиялық және ізденістік. Бірінші көзқарас жоғары тиімді оқытуға
негізделген (білімді игеру, үлгі бойынша дағдыларды қалыптастыру және
т.б.); екіншісі – шығармашылық іс-әрекет пен құндылық бағдарларды жинақтау
тәжірибесін қалыптастыруға бағытталған. Екінші көзқараста салмақ оқыту
(білім беру) процесінен дараланған оқытуға ауысады. Соның мақсатына орай,
адамды қазіргі қоғамдық кәсіби және әлеуметтік іс-әрекетке сол адамның өз
қажеттілігі мен қызығушылығын, бейімділіктерін ескере отырып даярлайды.
Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер
түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан
алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік, педагогикалық,
психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру
қажеттігі туындайды. Бұл үшін әрбір оқытушының инновациялық іс-әрекеттің
ғылыми-педагогикалық, психологиялық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал
жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра
отырып, мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан әрбір оқытушының
біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық, психологиялық әрекетін
ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттың мәліметтер ағыны
күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін,
талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол
бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару әрбір оқытушының қажымас
ізденімпаздығы мен шығармашылығының жемісімен келмек. Сондықтанда әрбір
білім алушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке,
ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған
педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені,
мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу процесін ұйымдастыру жаңа
иновациялық педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Тәжірибе көрсеткендей-ақ, оқытудың интерактивті режимінде арттерапия
элементтерін қолдану креативті жеке тұлғаны дамытудың тиімді жолдары мен
шараларын жасаудың алғы шарты болады. Сонымен қатар, оқып, білім
алушылардың шығармашылық ойлауын дамытуда негізгі рөл атқарады.
Шығармашылығы жоғары, ойлауы терең адамзатты тәрбиелеу, өзін-өзі тану
сияқты өзекті мәселелер қазіргі күннің басты міндеттері болып отыр.
Еліміздің алғашқы ханымы С.А.Назарбаева өзінің “Өзін-өзі тану”
бағдарламасын ұсынудың өзі өмір талабына сай, дер кезінде жазылған құнды
еңбек. Себебі, қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында адамның өзін-өзі
тануы, өзін-өзі тәрбиелеуі деген мәселелер өте маңызды.
Дипломдық зерттеу жұмысының мақсаты. Арттерапияның оқыту процесіндегі
инновациялық технологияның озық үлгісі екендігін психологиялық жолмен
анықтау.
Зерттеу жұмысы келесі міндеттердің орындалуын қажет етеді:
- отандық, шет елдік, Ресейлік арттерапия жөніндегі теориялық-
әдістемелік материалдарға терең талдау жасау ;
- инновациялық тұрғыдан арттерапия үлгілерін қолдану тәжірибесін
кеңінен басшылыққа алу;
- өзін-өзі тану бағдарламасына сәйкес арттерапия элементтерін оқыту
процесінде қолдану;
- жоғарыда аталған проблемаларға байланысты әдістемелер кешенін
іріктеп талдау және оларды қазақ тобына арнап аударып, бейімдеу;
- анықтаушы және дамытушы эксперимент нәтижелерін өңдеп, салыстыру;
Зерттеу жұмысының объектісі. Озық психотехнология үлгісі ретінде –
арттерапияның жоғарғы оқу орындарында өтілу процесі.
Зерттеу жұмысының пәні. Психологиялық пәндер бойынша студенттердің
шығармашылық тұрғыда өзіндік дамуын жетілдірудің тиімді тәсілі ретінде –
арттерапия және оның элементтері.
Зерттеу жұмысының болжамы. Инновациялық оқыту технологиясының озық
үлгісі ретінде арттерапияны оқыту процесінде тиімді және орынды қолданған
жағдайда жеке бастың жан-жақты әрі үйлесімді дамуына қол жеткізуге болады.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі болып
Л.С.Выготскийдің жоғары психикалық функциялардың мәдени-тарихи даму туралы
теориясы; А.Н.Леонтьевтің іс-әрекет теориясы; профессор С.М.Жақыповтың
бірлескен-диалогты іс-әрекеті; жеке адам дамуының гуманистік теориясының
негізгі тұжырымдамалыры; З.Фрейд пен К.Г.Юнгтің бейсаналық туралы
психоаналитикалық теориясы; С.А.Назарбаеваның “Өзін-өзі тану”бағдарламасы
сияқты құнды еңбектер табылады.
Зерттеу жұмысының әдістері мен әдістемелері. Зерттеу жұмысымыздың
мақсаты мен ондағы қойылған болжамды дәлелдеп тексеруіміз үшін бірін-бірі
толықтырушы арттерапия элементері, дамытушы-түзетуші жаттығулар және ҰЕҰБЭ
(ұжымшылдық, еңбексүйгіштік, ұйымдастырушылық, білуге құштарлық,
эстетикалық талғам) сауалнамасы қолданылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы.
Инновациялық оқыту технологиясының тиімді үлгілерінің бірі - арттерапия
элементтерін жоғарғы оқу орындарының оқыту процесінде қазақ тілінде тұңғыш
рет әрі нәтижелі орындалуына қол жеткізілді. Психотехниканың үлгісі
ретіндегі арттерапияның мән-мағынасы, мазмұн-ерекшелігі, өтілу барысы қазақ
тілінде ғылыми әрі әдістемелік тұрғыдан сауатты баяндалып, теориялық әрі
әдістемелік базасы кеңейтілді.
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы:
- оқыту процесінің тиімділігін арттыруға қол жеткіздіреді;
- адамның жеке басының қадыр-қасиетін сезініп, бағалауға әрі
тұлғааралық қарым-қатынасты жақсартуда көмекші құрал қызметін
атқарады;
- шығармашылық қабілетті (креативтілікті) дамытуға септігін тигізе
отырып, адамның өзін-өзі тануына жол ашады;
- арттерапия көмегімен психосауықтыру, емдеу шараларын толық жүзеге
асыруға болады;
Зерттеу жұмысының базасы. Зерттеу жұмысының тәжірибелік базасы ретінде
М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің
“Педагогика және психология” мамандығы бойынша IV курс, ФК-03-3к1 тобының
студенттері алынды.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық зерттеу жұмысы
кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған 88 әдебиеттер
тізімінен және қосымшалардан тұрады. Сонымен қатар, зерттеу жұмысында
сызбалар, кестелер, диаграммалар көрсетілген. Жұмыстың жалпы көлемі 87бет.

1 бөлім. Инновациялық оқыту технологиясының
ғылыми-теориялық аспектілері

1.1 Инновациялық оқыту технологиясының оқыту процесінде қолданылу
ерекшеліктері

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып,
әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие
үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру
парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша
қарым-қатынас пайда болуда.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің
инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды
мәселелердің бірі. Өйткені, жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге
оқытушыларды даярлау – оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің
бірі және педагогтың жеке тұлғасын қалыптастырудың үрдісіндегі іс-әрекеттің
нәтижесі болып табылады.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны
күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін,
талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол
бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас
ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір
студенттің қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа,
шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық
технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік
білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық
технологияны ендіруді міндеттейді. 1 .
XXI ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз делінген
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың 18 ақпан 2005 жылғы Қазақстан халқына
Жолдауында. Бұл мәселе жалпы білім беретін оқу орындарына байланысты
айтылып тұрғандығы белгілі. Сол оқу орындарына толыққанды сапалы білім
алған, оның бағдарламасын толық меңгерген ұрпағымыздан, болашақта жақсы
маман, білімді азамат шығары анық.
Себебі, біз қадам басқан ХХI ғасыр жан-жақты дамыған, білімді, өз ісіне
және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын, өзіне сенімді, Отанының
әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қоса алатын азамат тәрбиелеуді
талап етіп отыр. 2 .
Оқу-тәрбие процесінде жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің
алғы шарты: оқытушылардың инновациялық іс-әрекетін қалыптастыру болып
табылады. Жаңа педагогикалық технологияны меңгерген әрбір оқытушы өз
сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.
Оқытушы алғаш педагогикалық технологияларды оқып үйренеді, екіншіден,
меңгереді, үшіншіден, жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде
қолданады, төртіншіден, оны дамытып, нәтижесін тексереді.
Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы жүзеге
асырылады:
1 кезең – оқып үйрену; 2 кезең – меңгеру; 3 кезең - өмірге ендіру; 4
кезең – дамыту.
Педагогикалық технология – оқытушының кәсіби қызметін жаңартушы және
сатыланып жоспарлаған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер
жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет – студенттердің оқу-
танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал
бұдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады. Оқыту үрдісін
жаңашаландыру студенттердің оқу материалын теориялық мазмұнын игеру
жөніндегі еңбегін тиімді ұйымдастыру және олардың тәжірибелік іскерлігі мен
дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасы
оқытушының әдістемелік дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен
әдістеріне, жаңа педагогикалық технологиялар игерулеріне тікелей байланысты
болады.
Педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады.
Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын меңгеру оқытушыдан орасан зор
іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай
мақсат көздеген жүйелі ізденістер оқытушының жаңа технологияны меңгеріп,
инновациялық жетілуіне әкеледі.
Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің
жоғарылығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің
технологиялық даму деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа
технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға
қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Ал
білім беру саласындағы технологиялық идеялар бұдан 400 жыл бұрын пайда
болған. Бұл күнде оқыту технологиясы үлкен өзгеріске ұшырап отыр.
Оқытушылар мен студенттерге әртүрлі дидактикалық материалдармен қоса
оқытудың техникалық құралдары жәрдемге келеді.
Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер
түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы
тұрғыдан алғанда ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік-педагогикалық
қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі
туындайды. Бұл үшін оқытушылардың инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-
педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны
пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қадыптастыра отырып мүмкіндік
деңгейге жеткізеді. Сондықтан оқытушының біліктілігін көтеру мен
шығармашылық педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық
технологияларды меңгерудің маңызы зор.
Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген. 1960 жылдарда
шет ел зерттеушілері “Педагогикалық технология” терминін енгізді.
В.Беспалько “Педагогикалық технология дегеніміз –тәжірибеде жүзеге
асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық
жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер – оның құрамды бөлігі ғана” –
деген тұжырымдама берді. 3 .
Педагогикалық технология оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және оны
өткізудің формасымен анықталады. Педагогикалық технологияның өзіндік
ерекшелігі: қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту
үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру. Оқытылатын пән мазмұны оқытушы мен
студенттің өзара байланыс іс-әрекеті, студенттің ішкі даму үрдісі негізінде
анықталған нақты мақсат ғана педагогикалық технология құрылымын түсіну
кілті бола алады.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің
бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы
педагогикалық технологияларды меңгеру.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық
технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін
емес. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру оқытушының зейін-зерделік,
кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық
келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие
үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Қандай сабақтың болмасын қызықты
өтуі оқытушының үнемі іздену, ұтымды әдіс – тәсілдерді қолдану, оқыту
әдістемесін жаңартып отыруына байланысты.
Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін
сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын
тигізуде.
“Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі
анықтамалар берген. Мысалы, Э.Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді:
“Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс “Инновация
– арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын,
шешімдерін күтеміз” дейді. 4 .
Ендеше инновация ұғымы – педагогикалық сөздік қорына ежелден енген
термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде “жаңа”, “жаңалық енгізу”, деп
көрсетілсе, кейбіреулер оны “өзгеріс” деген терминмен анықтайды.
“Инновация” деген сөз – латынның “novus” жаңалық және “in” енгізу
деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы “жаңару, жаңалық, өзгеру”
деген мағынаны білдіреді.
Т.И.Шамова, П.И.Третьяковалардың еңбегінде “Инновация дегеніміз – жаңа
мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз – тек қана жаңалық
енгізу, қалыптастыру, яғни, инновация үрдісі мазмұнды дамытуды, жаңаны
ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал “жаңаша” деп жаңаның мазмұны,
оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз”
делінген. Энциклопедиялық сөздіктерде “инновация”әр түрлі анықталады. Үлкен
энциклопедиялық сөздікте бұл ұғым “жаңаша білім беру” деп түсіндіріледі.
Ал А.И.Кочетов “инновация” ұғымына төмендегідей анықтама береді:
“Көрсетілген деңгейге апаруды қамтамасыз ететін теориялық, технологиялық
және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы”. Алайда Р.Масырова
мен Т.Линчевская мұндай анықтамамен келіспейтіндігін білдіреді. Олардың
тұжырымдамасында, “Егер баратын деңгей” алдын-ала көрсетілген болса, ол
қандай инновация” делінген. В.Кваша мен В.Латинаның пікірлері бойынша
“инновация”- бұл жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, мөлшердің
шегінен шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі болып
табылады. 5 .
Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші
жылдары кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті
мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты
шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді.
” Масырова Р., Линчевская Т - “Жаңару” (новшество) дегенімізді былай деп
түсіндіреді: “Жаңару – белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі
ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен
анықталатын жаңа идея.
Инновациялық үрдіске түскен ұжым даму барысының бірнеше кезеңін бастан
кешірді: 1) жалтақтап күдіктену; 2) даңғазашылдық; 3) тұрақтану; 4)
ынтымақтастық қалыптасу. Соңғы екі кезең – инновациялық үрдісті ұжымның
шығармашылықпен сезінген, түсінген кезеңдері. Олар әрбір адамның аталған
кезеңдерді басынан өткізуімен сәйкестеледі.
Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен тәжірибесінде
кеңінен қолданылып жүр. Бірақ, ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы
белгілі бір категория ретінде берілмеген. Берілетін анықтамалардың
көпшілігі бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмайды. Инновацияны “Білім беру
жүйесіндегі жаңалық енгізу” деп айтсақ, оның мағынасын тарылтқан болар
едік.
“Инновация” ұғымы ең бірінші XIX ғасырда мәдениеттанушылардың
зерттеуінен пайда болды, яғни, бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне
енгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін
сақталған.
Инновация аударғанда жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді дедік.
Яғни, С.Ожегов сөздігіне сүйенсек, инновация бірінші рет шыққан, жасалған,
жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан
таныс емес енгізілген жаңалық болып шығады. Инновация ұғымын әр елде
әртүрлі түсінген. Кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең
тараған. Ал, Арабия, Жапония тәріздес мемлекеттерде кезіктіру мүмкін
емес.Сондықтан әр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау
мақсатымен ғылыми-педагогикалық, техникалық, саяси әдебиеттер мен баспа
беттерін зерттей келе, Ресейде, шет елдерде, ТМД елдерінде, Қазақстанда
“Инновация” ұғымына көптеген анықтамалар берілгенін көреміз. 4 .
Ресейде “Инновация” ұғымына өте күдікпен қарағаны мәлім. Мәселен, XIX-
XX ғасырдың басындағы бірде-бір білім реформаларында бұл термин
кездеспейді.Негізінде реформа жүзеге асқан, яғни, инновациялық үрдіс өткен,
бірақ инновация термині еш жерде аталмайды. Ал Америка ғалымдары Биль және
Болен педагогикалық инновацияны “Құрамына материалдық өзгеруіне ғана емес,
сол материалды қолданудағы көзқарастардың кешенді өзгеруін білдіретін үлкен
өзгеріс” деп түсінеді.
Найхос инновацияны процесс деп есептейді де, “Инновация қандай да бір
идеялардан басталатын өзгерістерге әсерін, тұтынушылардың не қолдауы, не
бас тартуымен аяқталатын үрдіс” дейді.
Қазақстан мемлекетінде “Инновация” ұғымын пайдалану соңғы бес жылдың
еншісінде. Ең алғаш “Инновация” ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым
Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз –
білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға
байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады.
Н.Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде,
технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда
көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта
жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-
бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен
байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын) .
“Инновация” сөзі – қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина, техника
салаларында өте жиі қолданып жүрген термин. Қазір бұл сөз “Жаңа, өзгеру,
жаңаша” деген мағынаны білдіреді және дәл қазіргі жаңа заманға да “Жаңа,
жаңаша өзгерудің” мазмұны терең және анық екендігі белгілі. Бұл әдістеменің
негізінде үйренушінің дербес қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқыту
материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға
шығады.
Инновациялық әдіс – тәсілдерді қолдануда оқытушы сабақты дайын күйінде
бағалайды, әрбір білім алушының өзі ізденіп, ғылыми негіздерін өз бетінше
игеріп, ғылыми зерттеуді көздейді, ал оқытушының негізгі міндетіне білім
алушының іс-әрекетін бақылау жатады.
Әдіскер С.Көшімбетова өзінің зерттеінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың
инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап
көрсеткен:

- ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми
жаңалықтарды тәжірибеде “бала -субъект”, “бала-объект” тұрғысынан
енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер оның тұрмысының әлеуметтік
жағдайы мен іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде
қарастырады;
- ақпараттық бағдарламалап оқыту – оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс
тұрғысынан ұйымдастыру;
- қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;
- иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда “адам-қоғам-табиғат” үйлесімдік
бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;
- саралап деңгейлеп оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістері
шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық
қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады;
- оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа
қабілет;
- дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін
игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке
тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жауапкершілігн арттырады;

Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш
түрге бөлуге болады. 6 .
Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін
өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек
конспектісі және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлық модификация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме
элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі
әдістемесі дәлел.
Радикалдық инновация – білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады.
Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді,
деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.
Қазір республика оқу орындары ұсынып отырған көп нұсқалыққа байланысты
өздерінің қалауына сәйкес кез-келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік
алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы,
ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.
Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны әрбір білім алушының
жас және жеке дара психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде
сынап қараудың маңызы зор.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту
үрдісінің нәтижесін көретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбіне жаңашыл,
инновациялық болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында: “Жоғарғы білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар
даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен
ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, білім беру мен ақпараттық
технологияларды жетілдіру болып табылады”,- деп атап көрсетілген.
Қазіргі күні инновация деп көбінесе жаңа технологияларды, әдістер мен
құралдарды жасау және қолдануды айтса, сонымен бірге жаңа идеяларды,
процестерді бірлкте жетілдірудің де жүйесі.Сондықтан оқыту мен тәрбиедегі
жаңа технология инновациялық идеяларды енгізу, жаңарту нысаны болып
табылады.
Инновация өзінің даму барысында белгілі бір өмірлік даму сатыларынан
тұрады:
- жаңа идеяның пайда болуы;
- мақсат қоюшылық;
- тарату және жойылу.

Инновациялық процестерді ендіру үш өзара байланысты күштер анықталады:
- енгізілген технологияның ерекшеліктерімен;
- жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен;
- жаңалықты енгізу жолдарымен.
Сондықтан бұл уақыт ағымына байланысты дамиды, бірқалыпты өзгеріске
ұшырайды, жағдайына байланысты тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара
байланысы болып саналады. Ағылшын ғалымдарының пайымдауынша, жаңалық көзі
арнайы қолданған деректерде, дамушы идеяларда, кітаптарда, педагогтардың,
білімді көтеру ұйымдастырушыларда т.с.с. “Әр жоғары сатыдағы мұғалім
әрдайым жаңалықты бастаушы ретінде іс-әрекет жасауы тиіс”, - дейді. 5 .
Инновациялық технологияның негізі болып саналатын жаңа педагогикалық
технологиялар көптеп саналады: Эрдниевтің ірі блокпен оқыту технологиясы,
М.Монтессори мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Шаталовтың ірі
блоктік жүйесі және т.б.
Инновациялық технологияларды енгізудің жөні осы деп түрлі технологиялар
мен халықаралық бағдарламаларды сабақта қолдану көпшілігімізге тән құбылыс
болып кетті. Кейбір әріптестеріміз жаңа технологиялардың философиялық
мазмұнын, тұтастығы мен жүйелілігін меңгеріп алмай, таза еліктеушілікпен
сыртқы формасын ғана қолдануда. Кез-келген педагогикалық технология
философиялық негізде қаралады. Міне сондықтан, бірінші кезекте, білім
әлеміне еніп жатқан сан алуан инновациялық технологияларды реттеу, жүйелеу,
сұрыптау, нәтижелерін талдау үшін арнайы ақпараттық-әдістемелік орталық
құрылуы қажет.
Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі
болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық
аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен
қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін
жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру
барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады.
Жаңа инновациялық технология жасаудың теориялық негіздерін зерттеп
дайындауды оқу процесі жөніндегі әртүрлі ойлар жүйесінің принциптері
негіздерін сын көзқараспен ұсынып, мәнін түсіндіруден бастаған жөн.
В.И.Андреевтің “Педагогикалық технология” туралы анықтамасында:
“Педагогикалық технология, соның ішінде оқыту технологиясы – бұл жобалау,
оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық заңдылықтары, мақсаты, принциптері,
мазмұны, формасы, әдісі мен құралдарын тәжірибеде қолдану, оның
тиімділігінің жоғары деңгейіне кепілдік беретін, соның ішінде келешекте оны
шығаруға, басылымға беруге ықпал ететін жүйе”.

В.И.Андреев бойынша педагогикалық жаңа технологияны төмендегі
көрсеткіштер анықтайды: 8 .
1. Мақсаттылық (анықтылық, нақтылық мақсатты дидактикалық жүйеге
ауыстырылуы).
2. Тұжырымдылық (терең мазмұнды теорияға негіздеу).
3. Жүйелілік (оқытудың мақсаты, мазмұны, формасы, әдісі жағдайын жобалау
және бүтіндей жүйеде қолдану).
4. Диагностикалық (оқушының оқу іс-әрекеті нәтижесінің алғашқы аралық және
қорытынды бағасын сандық түрде емес, терең сапалы диагностикалық
мінездемесі).
5. Оқыту сапасының кепілдігі (оқу материалын қабылдау коэффициенті 0,7-ден
төмен болмау керек).
6. Жаңалығы ( педагогика, психология, дидактиканың жетістіктерін, қазіргі
заманның идеяларын, бейне құралдарды, компьютерлік техниканы қолдану).
В.П.Беспалько педагогикалық технологияның келесі элементтерін атап
көрсетті:
1. Оқыту мен тәрбиелеудің анық, бірізді педагогикалық, дидактикалық
мақсатын жасау.
2. Меңгеруге тиісті ақпараттың мазмұнын құрылымдау, кеңейту, тәртіпке
келтіру.
3. Оқыту мен тәрбиелеудің диагностикалық функциясын мүмкіндігінше күшейту.
4. Дидактикалық технологиялық, соның ішінде оқыту мен бақылаудың
компьютерлік құралдарын кешенді пайдалану.
5. Оқыту сапасының жоғары деңгейінің кепілдігі.

Осыған байланысты педаогикалық технологияларды қолдану, жаңа білім
мазмұнын, инновациялық әдіс-тәсілдерді, жаңа оқу жоспары мен оқу
бағдарламаларын ендірудің тиімді құралы болып отыр
Педагогикалық технологияларды енгізуде оқытушы іс-әрекетінің маңызы
зор. “Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру
оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және
де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-
өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі”, – деп
көрсетеді С.В.Селевко. 8 .
ХХІ ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін
қалыптастыру мәселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Сондықтан
біз болашақ педагог-психологтардың жаңа педагогикалық инновациялық
технологияларды қолдануға даярлығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық
моделін жасадық. Болашақ мамандардың жаңа инновациялық педагогикалық
технологияларды қолдануға даярлықты қалыптастыру мына көрсеткіштерді
қамтиды: 10 .
Мотивациялық өлшемдеріне танымдыққызығуды қалыптастыру бейнесі жатады.
Оған болашақ мамандарды қалыптастыру, құндылық қарым-қатынас, болашақ
маманның өзінің кәсіби шеберлігін дамытуға талпынуы, болашақ мамандығын
ерекше жақсы көруі, ұрпақ тәрбиесінде ұстаздың жетекші орнын сезінуі,
кәсіби жеке біліктілік деңгейін көтеруге бағыттылығы, инновациялық іс-
әрекетке ұмтылыу әрекеттері кіреді.
Мазмұндық өлшемдеріне болашақ маманның жалпы мәдениеттілік дайындығы
мен пәндік әдіснамалық дайындығының деңгейі, мамандығы бойынша білімі,
педагогикалық біртұтас білім жүйесі, біртұтас педагогикалық үрдістің
заңдылықтары, мен қозғаушы күштерінің жалпы теориялық білім негіздерімен
қарулануы кіреді. Оған біртұтас педагогикалық үрдістің теориялық негіздерін
және жеке тұлға териясының ғылыми негіздерін меңгеруі, педагогикалық іс-
әрекет теориясының негіздерін білуі, білім алушылардың барлық
мүмкіндіктерін пайдаланғанда инновациялық іс-әрекеттің көбіне нәтижелі
болатындығын сезіне алуы жатады.
Бейімділік өлшемдеріне болашақ маманның барлық жағдайға бейімделе алу
қабілеті жатады: бейімділік жағдаятына бағдарлана алуы, микроорта
өзгерістеріне сай қолайлы инновациялық педагогикалық технологияларды таңдай
алуы. Бейімділік өлшемдері болашақ маманның білімгер мәртебесінен оқытушы,
ұстаз мәртебесіне ауысуының ерекшелігін сезіне білуімен, бейімділік іс-
әрекетті жүзеге асырудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана алуларымен
ерекшеленеді.
Танымдық өлшемдері болашақ маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны
жедел тани алуымен, өзін кәсіби жүзеге асырудың нәтижелі әдіс-тәсілдерн
пайдалануымен, инновациялық педагогикалық технологияларға қызығу танытумен
ерекшеленеді. Оған болашақ маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны біліп
тануы, кәсіптік білімін өз әжірибесінде қолдана білуі, инновациялық
педагогикалық технологияларды оқып меңгеруі, үйренуі жатады.
Іс-әрекеттік өлшемдері болашақ маманның өзінің кәсіби іс-әрекетінің
мақсаты мен міндетін анықтай алуы және педагогикалық қарым-қатынастық
үрдісті тиімді жүзеге асыра алуымен өлшенеді. Оған болашақ маманның өз
пәнін жете меңгеруі, біртұтас оқу-тәрбие үрдісінің психологиялық,
педагогикалық негіздерін білуі, педагогикалық үрдісті жоспарлап, жүзеге
асыра алуымен өлшенеді.
Технологиялық өлшемдері оқытудың әдістемелік мақсаттары, оқыту үрдісі,
оның міндеттерін анықтай алуы, оқытудың нәтижесін болжай алуы және
психологиялық-педагогикалық білімдерді меңгерумен анықталады. Оған болашақ
маманның біртұтас оқу-тәрбие үрдісінде сабақты тиімді ұйымдастыра білуі,
оқушылармен ынтымақтастық қарым-қатынасты жүзеге асыра алуы, біртұтас
педагогикалық үрдісті диагностикалай алуы және сабақтың нәтижесі жоғары
болатындай ең тиімді педагогикалық технологияны таңдай алуы қажет.
Шығармашылық өлшемдеріне шығармашылық ептілікті, шығармашылық
белсенділікті, болашақ маманның шығармашылық-ізденушілік дамыту кіреді.
Оған болашақ маманның ғылыми-зерртеу жұмыстарына өзіндік талдау жасай алуы,
өз білімін көтеруге, жетілдіруге талпыныстың болуы мен иннновациялық әдіс-
тәсілдерді қолдануға өзіндік (авторлық) жаңалықтар, өзгерістер енгізумен
және жаңалықты шығармашылықпен қолдана алуымен сипатталады.
Осы аталған көрсеткіштердің әсерінен білім, кәсіп, іскерлік, іс-әрекет,
игеру, нәтиже құралады. Білім жалпы, кәсіби, техникалық, арнайы білім болып
бөлініп кәсіппен ұштасады. Ал кәсіп – мамандық таңдау, мамандықты меңгеру.
Білім алып кәсіп иесі болу үшін іскерлік қажет. Іскерлік – оқу, білім,
кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, іс-шаралар, дағдыдын
туындайды. Іскер болу үшін іс-әрекетті меңгеру қажет. Іс-әрекет әрекеттен,
операция, қимыл-қозғалыстан тұрады. Барлық үрдіс байланыса орындалғаннан
соң нәтиже көрсеткіші пайда болады.

Әрбір педагогтың инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық
шарттары:

- инновация туралы білімі;
- инновацияны жан-жақты меңгеру;
- инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру;
- инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары;
- инновацияны практикада дұрыс қолдану.
Әрбір білім беру ордаларында бүгінгі таңда белең алып отырған
кемшіліктері баршылық, атап айтатын болсақ:
- білім сапасының төмендігі;
- білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен оқудың
нәтижесінің болмауы;
- құжаттар көптеп шығарылғанымен мардымсыздығы;
- білім алушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы;
- білім алушылар мен оқытушылардың бірлескен шығармашылық еңбектерінің
болмауы.
Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы оқу-тәрбие процесінде
инновациялық әдіс-тәсілдерін енгізу, әрбір білім алушылардың білімге деген
қызығушылықтарын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық
еңбек етуге жол ашу.

Оқу-тәрбие процесінде инновациялық педагогикалық жаңалықтарды
енгізудің IY кезеңін бөліп көрсетуге болады:

І кезең; Жаңа идеяны іздеу
Ақпараттандыру және инновациялрды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру.

ІІ кезең: Жаңалықтарды ұйымдастыру
Оқу-тәрбие үрдісінде жаңалық енгізулерді алғашқы байқаудан өткізу.

ІІІ кезең: Жаңалықтарды енгізу
Оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.

ІY кезең: Жаңалықтарды бекіту
Оқу-тәрбие үрдісінде енгізілген жаңалықтардың нәтижесін баағалау.

Оқу-тәрбие үрдісіне жаңалықтар енгізуді төмендегідей жолмен көрсетуге
болады:


Білім беру Ақпараттандыру

А
Мақсаты Диагностикалық Психотерапиялық
Диагностикалық
Коммуникативті
Диагностикалық Суреттер Суреттер
құрал-жабдықтары Суреттен кейін қойылатын Шығармашылық туындылары
сұрақтар тізімі Вербальды қатынас
Вербальды емес қатынас
Тапсырма тақырыбы Шектеулі Еркін
Тапсырманың тақырыбы мен Арттерапия логикасына
мазмұны өтілетін тестке қатысты анықталады
сәйкес келуі
Психологиялық Проекция Проекция
механизмдер Тасымал жасау
Нәтижені Стандартталған Қатаң түрде
интерпритациялау критерий-лерге сәйкес интерпретация жүргізу
сандық және сапалық өңделуіміндеттелмейді
Маманның қатысуы Тест өту барысында маманныңАрттерапевттің қатысуы
қатыспауы жіберіле береді міндетті

Кейбiр авторлар арттерапияны профилактикалық қажеттiлiк ретiнде, яғни
өзiндiк эмоциональды дискомфортты әңгiмелеу үшiн қолданады. Клумбиес
ұйқының бұзылуында еркiн сурет салумен айналысуға кеңес бередi, ал
Порембески – Грау краскамен сурет салу және ойындарды
психопрофилактикалық әдiс ретiнде қолданды. Мұндай ойындар стресстiк
жағдайды азайтады және өзiндiк қабiлеттiктерiне күмәндануынан айырады,
өзiнiң бағалы екенiн сезiндiредi.

Арттерапияны оқыту процесінде қолданудың мәні

Әртүрлi ұлт өкілдері мен әр жастағы адамдармен жұмыс жасау барысында,
жеке адамның саналы әрi бейсаналы iс-әрекеттерiне творчествоның әмбебап
түрдегi мiнезде әсер ететiнi анықталған.
Творчествоның формасы мен мiнездемесiнiң адамға әсерiн зерттеу жолы,
өнердiң функциональды теориясы деп аталады. Болжам ретiнде шығармашылық
функцияларының әлеуметтiлiгi, жалпы өнердiң байланыстылығын ашады. өнер
функцияларының типологиясына жеке адамның жекелiк типологиясының
сәйкестiлiгiн құруға болжам жасалады. Жалпы жекелiк қасиеттер өнердiң
сәйкестiлiк көрiнiсiн анықтайтын, сурет шығармашылығына қарама-қарсылы
функциональды полюс болып табылады.
Балалық шақта, әсiресе когнитивтi қабiлеттiң сензитивтi даму
кезеңiнде, творчестволық процестер ересектiк кезеңдерге творчествоның
әсерiнiң этаптарымен салыстырғанда жүзеге асуы кем болмайды.
Арттерапияның психотерапиялық сеансында адам қандай жаста болмасын,
iшкi жан-дүниесiндегi жағдайларды проекциялайды және рольдiк ойындарда
немесе творчестволық формада өзiнiң жеке өзiндiк тәжiрибесiнiң көрiнiсiн
көрсетедi. Ол өз тәжiрибелерiн жүзеге асырып отыруға ауысады, сонымен қатар
жасап шығарушы да бұзушы да өзi болатын ситуациялық проблемаларды, яғни
өзiне еш зияны жоқ әрi қызықты iс-әрекеттердi елестетедi. Олардың қиялы
аффектiнiң разрядты механизмi ретiнде көрiнiс бередi, соған сәйкес
сезiмдерi қимыл-қозғалыстарынан көрiнiп отырады. “Жүйке жүйелiк энергияның
разрядтарын көрсетуде шығармашылық өте күштi мүмкiндiктiң бiрi”
(Л.С.Выготский, 1986).
Жоғарыда айтып кеткендей арт-терапияны жүргізу барысында суреттiң
берер көмегi өте зор. Суреттiң алдына қойған мақсаты –жеке тұлғаға өзiн
тани бiлуiне көмектесу және бұл өмiрде өзiнiң бiр жеке тiршiлiк иесi
екендiгiне көзiн жеткiзу. Суреттердi әртүрлi мақсаттарда және әртүрлi
әдiстерде, сонымен қатар әр жағдайдағы психотерапиялық коррекциялауда
қолданады. Суреттiң өзiндiк актi –жеке тұлғаның анық көрiнiсi, ол адамның
қорқыныш сезiмдерiн, конфликтiлi жағдайларын, арман – тiлектерiн санасыз
бейнелейтiн алғашқы бастама болып табылады. 16 .

Суретпен терапия жүргiзу бiрнеше этаптардан түрады :

1. Арттерапияға қатысушы клиенттің берiлген тапсырмаға деген қарым-қатынасы
анықталады, оның терапияға деген қатынасының өзгеруiнiң анализiнен
суретке деген мотивациясы көрiнедi.
2. Жеке тұлғаның өзiн суретте сипаттап беру ұсынылады.
3. Клиенттің кейiнгi өзiн-өзi толықтай ашып беруi, оның картинадағы әрбiр
бөлiмiне сипаттама беруiне тiкелей байланысты болады.
4. “Мен” деген сөздi қолдану арқылы, клиент картинаның атынан бастап,
суреттiң шығу тарихын айтып беруi тапсырылады. Мысалы: “Мен – картина.
Менде әртүрлi сызықтар бар. Олар менi қиып өтедi... ” .
5. Терапевт суреттiң бiрнеше бөлiмдерiн бөлiп қарайды, себебi клиент
соларға қарап олармен байланысуы керек. Мысалы: “Аппақ бұлт болып өзiңдi
елестетшi және де өзiңдi сол ақ бұлт арқылы сипаттауға тырыс. Сен неге
ұқсайсың? өзiңдi қазiр қалай сезiнiп тұрсың?”.
6. Егер де қажет болып жатса, клиентке арнайы сұрақтар қойылады. Ол
клиенттің ұқсастыру, теңестiру процесстерiне толығымен қосыла алуына
көмек бередi.
7. Клиентің зейiнiн фокустеу жолы келесi объектiлердiң белгiлi бiр жақтарын
сызып көрсетумен жүзеге асады. Клиенттің қызығушылығының көрсетiлген
жағдайларға жоғарылауы және мүлдем болмауы, психотерапевттiң сипатталған
ситуацияларға деген субъективтi қатынасын дәлелдеген болып табылады.
8. Картинада берiлген достық немесе бiр-бiрiне қарама-қайшылы қатынасты
көрсетiп тұрған екi предметке клиенттің диалог құруы ұсынылады.
9. Негiзгi зейiн түске бөлiнедi. Клиент сурет салуға кiрiсер алдын, ол
көзiн жұмады және оған сұрақтар қойылады: “Сіз қандай түстердi
қолданатындығың жөнiнде ойланыңыз. Сіз үшiн ашық және қара түстер ненi
бiлдiредi ?” Терапевт клиент зейiнiн түстердiң түрлерiне аударып, сонымен
қатар картинадағы түстердiң орын алысында қолдануларды сипаттайды.
10. Терапияның жүру процесiнде клиенттің көңiл-күйiндегi өзгерiстер
бақыланады. Оның денесiнiң қозғалысы, бетiнiң көрiнiсi, дем алысы, дауыс
ырғағы, үнсiздiгi де бақыланып отырады. өйткенi үнсiздiк, ойланып
отырғандықты бiлдiруi мүмкiн. Еске түсiрулерi, толқулары – олар жаңаны
сезiнуiнiң бiр белгiсi болуы да мүмкiн.
11. Картинадағы суреттермен клиенттің теңесуi, өзiн ұқсату арқылы, оның сол
объектiлермен қатынасы арқылы ненi көрсетiп бiлдiргiсi келгенiн анықтауға
болады. Одан кейiнгi мына анализ, оған өзiнiң суретте ненi ашып
көрсеткендiгiн сезiнуiне жол бередi.Терапевт клиентке мынадай сұрақтар
қою арқылы, интерпретация жасай алады: “Бүл сіздің өмiрiңізбен қандай да
бiр байланысы бар ма? Сіз осы бөлiктiң атымен айтқандарыңыз ненi
бiлдiредi? Сіз өзіңіз туралы осы суретті өз атыңызбен байланыстырып айтып
бере аласыз ба?” Сұрақтар әртүрлi образда ауысып берiлуi мүмкiн, өйткенi
әрқашанда клиенттің мiнезiн тез ашып көру мүмкiн емес.
12. Келесі кезекте психотерапевт жеке суреттерді қоя салады да, картинада
берiлген, көрiнген өмiрлiк ситуацияларды қарастырады. Кей кездерi
клиентте бiрдестен картинадағы объектiлер бiрлестiгi көрiнедi, ол өз
еркiмен өзiнiң өмiрiнiң фрагменттерiн айтып бере бастайды. Ол кейде
суреттегi образдармен тiкелей немесе жанама түрде өз өмiрiн
байланыстырып айтып отырады. Шындығында да клиенттің өмiрi сондай бейнеде
болып келедi.
13. Зейiн сурет композициясына көбiрек аударылады. Соның iшiнде бос
жерлерiне.
14. Терапевт бiрiншiден, клиенттің талқылауының алғашқы жоспарымен жұмыс
жасайды. Алғашқы жоспардың көрiнiстерiмен ары қарай жұмысты жалғастыра
беруге де болады, бiрақ кейбiр жағдайларда қарама-қарсылы планмен жұмыс
жасағанда дұрыс болып отырады. Мысалы, ертегiлер әлемiн салған клиент,
сол жердiң тартымдылығын ашқысы келедi, бiз оған оның өз өмiрiнде бұл
ертегi әлемiндегi қызығушылықтардан алған қанағаттану сезiмi
болмағандығын айтамыз. Бiрақта бiз алғашқыда клиентте жеңiлдiк сезiмiн
және жайлылық сезiмiн туындататын жұмыстармен айналысамыз. Содан кейiн
күрделiлеу тақырыптарға ауысамыз. Мысалы, бiз клиенттен бiр жағынан уайым-
қайғы сезiмдерiн, ал екiншi жағынан қуаныш, бақыт сезiмдерiн суреттеп
берулерiн сұраймыз. Көптеген клиенттер, әсiресе төменгi сынып оқушылары
уайым-қайғыны көрсететiн бейнелердi жасауда әбден қиналады. Олар қуаныш
сезiмiн бейнелегенде, өздерiн еркiн ұстайды. Бiрақ, бұл жағдай ылғи да
осылай бола бермейдi. Кейбiр клиенттер бiрiншi жинақталып қалған
негативтi әсерлерден пайда болған эмоцияларды, ашу-ызаларды бiрден ашып
шығаруға деген қажеттiлiктерi көрiнiп тұрады. Кейiннен барып, олар
өздерінің позитивтi әсерден алған сезiмдерiн бейнелей бастайды.

Суреттiң мәнi мен стилi көбiнесе дамудың деңгейi мен көру арқылы
қабылдаудың адекваттылығымен қабылданады. Көру арқылы қабылдау, ол
клиенттің әлемдi танып бiлуiне өз үлесiн қосатын ең бiр қажеттi каналдардың
бiрi болып табылады. Бiз есейген кезiмiзде, өзiмiзге, сыртқы ортаға өзге
адамдардың көздерiмен қарауға тырысамыз.
Осы себептен, ересек кейбiр адамдар өз балаларын да осындай
қабылдауларға итермелеп отырады. өзiмiздi қоршаған ортаны көре және тани
бiлу қабiлеттiлiгiмiз, өзгелермен контактiге түсуi қажеттiлiгiмiздi
кеңейтедi екен. Қоршаған ортаны қабылдау арқылы бiз өзiмiз туралы
бiлiмiмiздi кеңейтемiз және де сыртқы ортаның элементтерiнiң бiздiң iшкi
жан-дүниемiзге ұқсастықтарын көре бiлетiн боламыз. Бiрақ, бiздiң
қабылдауымыз бар заттарды көруiмiз бен олардың мәндерiн түсiнуiмiзден
қалыптасып, дамып отырады. Осыған сәйкес бiз өз қабылдауларымызды алғаш
қате алған сезiмдерiмiздiң нәтижесiнен бұзып отырады екенбiз.
Фредерик Фрэнк бiз әлемдi көрiп, танып бiлуiмiз үшiн өте көп қосымша
мәлiметтерге иемiз деп жазады. Бiз көру арқылы қабылдауымыз күннен-күнге
дами түсуде, бiрақ бiз сонда да күннен-күнге аз көрудемiз. Бiз көрген
нәрселерiмiз үшiн – объектi ролiндемiз, бiрақ субъект ролiнде болып шыға
келемiз. Бiз көрген нәрселерiмiздiң бәрiне де “Тез жарлық” құрып қоямыз.
Осы жарлықтар бойынша бiз бәрiн бiлiп тұрамыз, бiрақ шындықты ашып көре
алмаймыз. Фрэнктiң кiтабында жазылған мысалдар, заттарды сыртқы бағалаулар
және ұстанымдар жүйесiмен байланыстырмай сурет салу қабiлетiнен алынған.
Бiз балаларға үнаған заттарды таңдап ұсынамыз. Оларды белгiлi уақыт
аралығында қарап, түстi, сызықтарды, формаларды пайдалана отырып, ойында
сақтау арқылы бiраз уақыт өткеннен кейiн жұмысын жалғастыру ұсынылады.
Экологиялық жағынан әсер етудiң келесi бiр варианты, ол объектiнi ұстап,
сезiнiп көруi арқылы қабылдау болып табылады. Бұл жерде затты әртүрлi
позицияда көрiп, оның әр жағдайдағы орын алысы да есепке алынады. Сонымен
қатар өзге заттармен қатынастағы құрылымы да, клиенттің визуальды
мүмкiншiлiктерi де қарастырылады.
Сезiм, интеллект және сенсорикалық дамудың тибиғилығы жеке тұлғаның
өзiн-өзi дұрыс түсiне бiлуiнiң негiзi болады. Жеке тұлғаның өзiне деген
позитивтi көзқарасы ғана қоршаған ортамен эффективті контактта болуын
жүзеге асыруына мүмкiндiк бередi. Сенсорлық қабылдауында проблемалары бар
клиенттер, өздерiнiң қоршаған ортамен қарым-қатынасын эффективті түрде
бағдарлай алмайды және әлеуметпен өз қатынастарын дұрыс жүзеге асыра
алмайды. Әрбiр осындай клиенттердің көбiсi өздерi туралы жалпы мүлде жақсы
ойламайды, бiрақ бұл фактiлердi жасыруға тырысады.
Сонымен қатар мұндай клиенттер өз проблемаларында ата-аналарын немесе
қоршаған ортаны кiнәлаудан бас тартады. Олар өз проблемаларында өздерiн
кiнәлап, өздерiнiң бiр нәрсенi дұрыс iстей алмайтындықтарын айтады. Олар
iштей өздерi жасап алған әлемге енiп кетедi, әрi өте аз сөйлеулерi де
мүмкiн. Кейде мүлдем сөйлемейтiнде болып қалады. өзiн-өзi бағалауы өте
төмен адамдар көбiне өздеріне сенімсіз болып қалады, белгiсiз бiр
сәттердегi жағдайларда өзiнен өзi шошынып қала бередi. Мұндай адамдар
астма, аллергия, бас ауруы, iшкi құрылыстарының ауруы, энурез ауруларының
белгiлерi көрiне бастайды.
Кей уақыттары адамдар өз өмiрiнде өзiнiң ойына сай емес идеяларымен
өмiр сүрiп те жатады. Ол әрқашанда өзi туралы не естiсе, соған бейiмделе
салады. Терапевттiң мақсат-мiндетi клиентке шындық пен жабысқақ мiнездегi
әсерлердiң айырмасын ашып көрсету болып саналады. Сондықтан клиентпен жұмыс
жүргiзгенде олардың ересектену процесiнде бекерге жұмсаған ерік, күш-
жігерлерін анықтап, оларды қайта қалпына келтiруге көмектесу.
Адам өз дене пiшiнiн жақсы сезiнсе әрi оның сенсорикасы акутальданған
сайын, ол өз сезiмiн адекватты түрде түсiне бастайды. Ол өзiн-өзi қандай
болса, сол күйiнде қабылдауды үйренсе, ол қоршаған ортаға деген қатынасын
да адекватты түрде жүргiзедi.Терапиялық процесс сенсориканың дамуын
коммуникативтi функцияларды, жекелiк интеграцияларды орнына келтiруiн
мiндеттейдi.
Арттерапия жүргiзген кезде, терапевттiң әрқашандағы мiндетi –клиентке
өздерiн сенiмдiрек сезiнуге, қоршаған ортаны шындықтағы өз тұрғысынан
көруiне көмектесу. Адам бұл қоршаған ортада қалай өмiр сүру қажет жолдарын
таңдап алу мүмкiндiктерiнiң бар екенiн көрсете бiлу және ол таңдауларына
сай жауап беретiндiктерiн де түсiндiрiп отыруы қажет.
Жалпы алғанда, арттерапияның алдына қойған мақсаты бiреу ғана, ол
–жеке тұлғаның гармониялық дамуы, әлеуметке адаптациялануының кеңеюiне
мүмкiндiктерiн жоғарылату. Яғни, бұның барлығын творчестволық іс-әрекет
арқылы жүзеге асыру болып табылады. Сонымен қатар микро және макроорталарда
қоғамдық әрi мәдени iс-шараларға белсендi қатысуларын кеңейту.
Арттерапияның әрбiр нұсқаулары жеке тұлғаның өз шынайы келбетiн ашып көре
алуына, өзiн тани бiлуiне, iшкi “Менiн” айқын көруiне мүмкiндiктер бередi.
Сонымен қатар, олар өзiнiң жекелiк дамуында жоғарғы жетістікке жетуiне жол
табады.

Арттерапияның төмендегідей функциялары келесі нәтижелерге

қол жеткiзедi:

1. Арттерапияның катарсистi функциясы (негативтi әсер етуші хал-
жағдайлардан босату және тазартушы ).
2. Арттерапияның реттеуші функциясы (жүйке жүйесін босаңсыту және
жеңілдету, психикалық қысымдарды төмендету, психосоматикалық процестердi
реттеу, позитивтi хал-ахуалдарды модельдеуге көмек көрсетедi).
3. Арттерапияның коммуникативтi - рефлекстi функциясы (қарым-қатынасқа
түсудiң бұзылысын коррекциялау, өзiн-өзi бағалауын қалыпқа келтiру ).

1.3 “ Өзін-өзі тану ” арқылы адамның жеке басының өсуін,
жетілуін дамытудың психологиялық аспектілері

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы жас суверенді мемлекет ретінде
өзін дамытудың тиімді жолдарын қарастыру үстінде. КСРО-ның ыдырауынан кейін
Қазақстан халықтың ұлттық-мәдени сұраныстарын, даму қажеттіліктерін есепке
ала отырып, білім беру саласына қатысты талаптар мен сұрақтарды өздігінен
шешуге мүмкіндік алды.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы “Білім туралы” Заңының 8-
статьясында көрсетілген білім беру саласының маңызды міндеттерінің бірі
оқытудың жаңа технологиясын ендіру, білім беруді ақпараттандыру,
халықаралық коммуникациялық глобальды жүйеге шығу болып табылады.
Нәтижесінде, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зерттеу жұмысының әдістері мен әдістемелері
Тілдік-кешенді талдау технологиясы
1991-2005 жылдарындағы қазақ этнопедагогикасының білімдік мазмұнының қалыптасуы және дамуы
Инновациялық технологиялармен оқыту
Бастауыш сынып ана тілін оқытуда қазіргі технологияларды қолдануға болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру
Оқыту технологиясы мен әдістері
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамаларын талдау
Ақпараттық жаңа технологияларды шетел тілдерін үйрету жүйесінде қолданудың негізгі проблемалары
Бастауыш мектеп дидактикасының оқыту принциптерін қолдану жұмыстарын жетілдіру
Компьтерлік окыту технологиясы
Пәндер