Иммунопатология



Кіріспе
1. Иммунопатология
2. Иммунды реакциялар
3. Гуморальдық иммунитеттің тапшылығы (В . лимфоциттер жүйесі )
4. Жүре пайда болған иммунды реакциялары тапшылығы ( Т. лимфоциттер жүйесі )
5. Жергілікті аллергиялық реакциялар
6. Транспалнтацияға байланысты иммунитет
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Адам мен жануарлар организмінде иммундық бақылауды жүзеге асыратын, жеке дербес иммунокомпонентті жүйе барлығы анықталды. Тимус осы иммундық реакцияларды басқаратын орта екені анықталды. Адам мен сүтқоректілердің иммунитеттік орталық ағзаларына тимустан басқа сүйек кемігі, ал құстарда фабрициус қалтасы жатады. Иммунды жүйенің қосалқы ағзаларына көкбауыр, шеткі лимфа бездері, ішек қарын жолындағы, өкпедегі топтаса орналасқан лимфоидты тоқыма және қандағы лимфоидты торшалар жатады. Тимусқа тәуелді лимфоциттерді Т-лимфоциттер, ал фабрициус қалтасына тәуелді лимфациттер В-лимфоциттер деп аталады.
Т-лимфоциттер организмдегі торшалы иммунитетке жауап береді. Олар тимуста пайда болып, шеттегі лимфоидты ағзалардың тимуске тәуелді аймақтарында орналасады, бірақ сол жерде тоқтап қалмай қанда үздіксіз айнала жүріп, бірінші болып антигендермен қақтығысады. Ұзақ тіршілік ететін торшалар қатарына жатады.
В-лимфоциттер тіршілігі қысқа, тұрақты торшалар қатарына кіреді. Негізгі қызметі антиген әсеріне жауап ретінде иммуноглобулиндер бөлу болып саналады.
Организмде иммундық реакциялар қалыпты болуы үшін иммундық жүйенің осы негізгі екі торшасы Т- және В-лимфоциттер, үшінші торша – макрофагтармен (А торшамен) бірлесіп қызмет етуі керек.
1. Нурмухамбетов Э., Даленов Е. Патологиялык физиология. // Алматы. 1995 ж. – 562 с.
2. Нурмухамбетов Э. Патофизиология. // Алматы. - 2000 ж. – 568 с.
3. Тель Л.З., Серебровская И.А. Избранные лекции по патологической
физиологии// Алматы.- 1995. - 420 с.
4. Тель Л.З., Серебровская И.А. Физиология человека и общие механизмы болезней. //Алматы»Казахстан».- 1994. - Ч.1-2. – 344 с, 167с.
5. Х.С. Жұмабеков, К.Ю.Дербышев «Жануарлардың патологиялық

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Аграрлық факультеті
Ветеринариялық санитария кафедрасы

БӨЖ
Тақырып: Иммунопатология

Орындаған: Жансолтанова А.А.
ВС - 403 тобы.
Тексерген: Оразалиева С.Б

Семей 2017 жыл
Жоспар
+ Кіріспе
+ Иммунопатология
+ Иммунды реакциялар
* Гуморальдық иммунитеттің тапшылығы (В - лимфоциттер жүйесі )
* Жүре пайда болған иммунды реакциялары тапшылығы ( Т- лимфоциттер жүйесі )
+ Жергілікті аллергиялық реакциялар
+ Транспалнтацияға байланысты иммунитет
+ Қорытынды
+ Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Адам мен жануарлар организмінде иммундық бақылауды жүзеге асыратын, жеке дербес иммунокомпонентті жүйе барлығы анықталды. Тимус осы иммундық реакцияларды басқаратын орта екені анықталды. Адам мен сүтқоректілердің иммунитеттік орталық ағзаларына тимустан басқа сүйек кемігі, ал құстарда фабрициус қалтасы жатады. Иммунды жүйенің қосалқы ағзаларына көкбауыр, шеткі лимфа бездері, ішек қарын жолындағы, өкпедегі топтаса орналасқан лимфоидты тоқыма және қандағы лимфоидты торшалар жатады. Тимусқа тәуелді лимфоциттерді Т-лимфоциттер, ал фабрициус қалтасына тәуелді лимфациттер В-лимфоциттер деп аталады.
Т-лимфоциттер организмдегі торшалы иммунитетке жауап береді. Олар тимуста пайда болып, шеттегі лимфоидты ағзалардың тимуске тәуелді аймақтарында орналасады, бірақ сол жерде тоқтап қалмай қанда үздіксіз айнала жүріп, бірінші болып антигендермен қақтығысады. Ұзақ тіршілік ететін торшалар қатарына жатады.
В-лимфоциттер тіршілігі қысқа, тұрақты торшалар қатарына кіреді. Негізгі қызметі антиген әсеріне жауап ретінде иммуноглобулиндер бөлу болып саналады.
Организмде иммундық реакциялар қалыпты болуы үшін иммундық жүйенің осы негізгі екі торшасы Т- және В-лимфоциттер, үшінші торша - макрофагтармен (А торшамен) бірлесіп қызмет етуі керек.

Иммунопатология
ИММУНОПАТОЛОГИЯ - (иммунологияның клиникалық иммунологиясы) иммунология бөлімінің сапалы немесе сандық өзгертілген иммунитетті жауаптарынан туындайтын патологиялық процестерді зерттейтін бөлімі. Иммунды жүйе -- барлық лимфоидты ағзалар мен организмдегі торшалар жинағы. Ерекше иммундық қорғаныс механизмдеріне жауапты. Иммунды жүйе сүйектік қызыл кемігі, лимфа безі, айыршық безі (тимус), кұстардық фабрициев қапшығы, көкбауыр, сондай-ақ тыныс алу және ас қорыту жолдарындағы топталған лимфоидты тканьдар кіреді. Иммунды жүйе ең басты мүшесінің қызметін әртүрлі лимфоциттердің субпоппуляциялары және лимфоциттердің кейбір тармақтары атқарады, олар макрофагтармен қосылып, иммунологиялық жауаптың негізі -- антиденелер түзу және сезімталдығы күшейтілген лимфоциттердің жиналуын қамтамасыз етеді, ал бұлар бөтен антигендерді таниды, қорытады және жояды.
Кемік майы кабырғаларда, омыртқаларда, жіліктердің шеміршекті ұштарында және т. б. сүйектерде кездеседі. Ол ағзада өмір бойы сақталады да, одан үнемі қан жасушалары түзіліп отырады. Ересек адамның сүйектерінде кемік майының мөлшері шамамен 2,5-3 кг. Кемік майы екі түрлі. Оның біріншісі - қысқа және жалпақ сүйектердің кемікті қуыстарындағы қызыл түсті кемік майы. Екіншісі - түтік пішінді сүйектердің (жіліктердің) ішкі қуысындағы сарытүсті жілік майы.
Иммундық жүйенің шеткі мушелеріне - бадамша бездер, лимфа түйіндері, көкбауыр, соқырішек және т. б. жатады. Жұтқыншақтың сілемейлі қабығында 6 бадамша без шоғырланған. Оларды жұтқыншақ лимфа сақинасы деп те атайды. Ол арада жұп таңдай, жұп түтікті, сыңар жұтқыншақ және сыңар тіл, бадамша бездері орналаскан. Бұл бадамша бездер ағзаға тамақпен түскен зиянды микробтарды жоюға қатысады. Лимфа түйіндері көбіне ірі қантамырлардың маңында болады. Адам ағзасында 460-қа жуық лимфа түйіндері бар.
Иммунопатологиялық үрдістердің типтері:
- Иммунды тапшылықтар
- Аллергия
-Аутоиммунды аурулар

Иммунды реакциялар
Гумаралды иммунды реакция организмде бірнеше сатылардан өтеді:
1. Антигендерді макрофагтардың жұтуы.
2. Макрофагтарға өңделіп шыққан антиген детерминанттарын Т-лимфоциттердің тануы.
3. Антиген жөніндегі хабардың тимусқа берілуі.
4. Тимустың бұл хабарды жанында сақтап әрі қарай В - лимфоциттерге жеткізуі.
5. В-лимфоциттерінің көбейе бастауы.
6. В-лимфоциттердің бласты түрлерге өтіп, кейін плазмалы торшаларға айналып кетуі.
7. Плазмалық торшаларда антиденелердің түзілуі және осы реакция нәтижесінде пайда болағн антиденелердің антигендермен қосылып, иммундық кешен түзуі.
8. Осы кешендердің макрофагтарға еніп, түрлі жолдармен организмнен шығарылуы.

Торшалы иммунды реакциялар мына түрде өтеді:
1. Т - лимфоциттердің антигенмен ұштасуы.
2. Сенсибилизацияланған Т- лимфоциттерінің пайда болуы.
3. Антиген жөніндегі хабарды тимусқа берілуі
4. Т-лимфоциттерінің көбейіп бласты түрге өтуі.
5. Сенсибилизацияланған лимфоциттердің (Т- лимфоцит-киллерлер) антигендермен реакцияға түсуі.

Осы реакция нәтижесінде антигендік құрамы өзгерген торшалар жойылады. Цитофилді антиденелер антигендермен кездескенде сенсибилизацияға ұшыраған лимфоциттерден антигендерді ыдыратушы лизосома ферменттері бөлінеді. Осы торшалардан бөлініп шыққан торшалы иммунитет медиаторлары антигенді жою процесіне макрофаг торшаларын іске қосады. Сонымен Т - лимфоциттер макрофагтар жәрдемімен антигендік құрамы өзгерген торшалардан организмді тазартады.

Гуморальдық иммунитеттің тапшылығы (В - лимфоциттер жүйесі )
Агаммаглобулинемия, Брутон ауруы-бұл дерт Х- хромосомасымен тіркесіп ұрпаққа беріледі. Сондықтан көбінесе тек ұл балалар ауырады.Оның даму жолдары әлі белгісіз. Болжам бойынша В-лимфоциттерінің аналық жасушасы деңгейінде гендік мутациядан дамиды. Бұл дерттің ерте дамитын түрінде балалар бір жасқа толмай шейіт болады.Бұл кезде қанда В- лимфоциттер қатты азаяды, жұқпаларға қарсы антиденелердің ( гамма- глобулиндердің ) түзілуі болмайды.Аурудың кеш дамитын түрінде балалардың 2-3 жасқа дейін дені сау болады.Оның дамуы баланы емшектен айырған соң байқалады.Ауырған балаларда лимфалық түйіндердің гипоплазиясы , бадамша бездердің , ішектердің лимфоидтық тіндердің атрофиясы байқалады.Қанда В-лимфоциттері қатты азаяды,плазмалық жасушалар толығынан болмайды,иммуноглобулиндердің барлық түрлерінің өндірілуі қатты төмендейді.
Бұл кезде иммунитеттің жасушалық көрсеткіштері өзгермейді.Сондықтан вирустық жұқпаларға организмнің төзімділігі сақталып қалады,бірақ бактериялық жұқпаларға төзімділік қатты төмендейді.Осыдан мұндай балаларда жұқпала жиі қайталанып өтеді.
Жүре пайда болған иммунды реакциялары тапшылығы ( Т- лимфоциттер жүйесі )
Алимфоцитоз (Незелоф синдромы) тұқым қуалайтын иммунитеттің тапшылығына жатады және иммунитеттің жасушалық факторларының болмауымен сипатталады.Бұл кезде қанда иммундық глобулиндер шамалы азайғанына немесе тіпті қалыпты мөлшерде болуына қарамай,лимфоциттердің сандық және сапалық өзгерістері болады. Негізінен Т-лимфоциттер бүлініп,В-лимфоциттердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иммуннопатология
Аллергологиядағы молекулалық зерттеу әдісі
Иммунды тапшылықтар
Иммунопатология. Постинфекционды иммунодефициттер
Ауру түрі
Микробиология пәні және тапсырмалары. Медициналық микробиологияның даму кезеңдері. Микроорганизмдерді жүйелеу принциптері. Бактериальды клетканың морфологиясы, қүрылысы және химиялық қүрамы
Антигендерден туындаған аутоиммундық патология
Қабынудың этиологиясы, морфологиясы мен патогенезі
“Иммунология” пәні бойынша практикалық сабақтар жоспары
Иммунопатологиялық үрдістер
Пәндер