Жануарлаодың радиациялық патологиясы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Аграрлық факультеті

Ветеринариялық санитария кафедрасы

БӨЖ

Тақырып: Радиациялық патология

Орындаған: Жансолтанова А. А.

ВС - 403 тобы.

Тексерген: Оразалиева С. Б

Семей 2017 жыл

КІРІСПЕ

Картинки по запросу радиация на животных Иондаушы сәулелер өндірістің көптеген салаларында, медицинада, биологияда кеңінен қолданады. Қоршаған ортаның адам организміне теріс әсер ететін факторларының бірі радиация болып табылады. Радиация адамның клеткалары мен органдарының түрлі функцияларына зиянды әсер етеді. Радиация әсер еткенде клеткалардың шапшаң бөлінуі, құрылымы мен құрамының өзгеруі мүмкін. Радиациялық сәулелену тұқым қуалаушылық аппаратын өзгертуге, яғни мутацияға душар етуі мүмкін. Радиациялық зақымдануға душар болған малдар тек оның өнімдерін малдәрігерлік-санитарлық сараптаудан өткізу үшін, радиациялық зақымдану кезінде организмде қандай өзгерістер болатынын; ионизациялық сәулелердің түрін (Гамма- бета, альфа сәулелер мен нейтронды ағым; радиоактивті заттардың организмге өту жолдары; сәулену дозасын білу өте қажет.

Горизонтовтың тұжырымы бойынша радиоактивті заттардың әсерінен организмде жүретін құбылыстарды 3 топқа бөледі: радиосегментік, радиозақымдану және компнсаторлық (орнына келу) процесстері.

Г. Г. Воккенің тұжырымы бойынша, радиозақымдану дегеніміз - органның не болмаса бүкіл организмнің қызметін бұзып, структуралық өзгерістер тудыратын радиацияның ең аз мөлшері (дозасы) .

Ауыл шаруашылығы малдарының радиозақымдануы 150 Р дан 400 Р- ға( тауық, қоян) диапазонда болады.

Бұдан радиосезгіштік пен радиоактивтік зақымдануға мынандай факторлар әсер етеді: малдың жасы, салмағы және организмнің ерекшеліктері, сәулену санына, әсіресе сараптаудан өткізу үшін- сәуленудің түрі (сыртқы, ішкі, аралас) .

Сыртқы сәулену: дегеніміз организмге түсетін сәуленің көзі сырттан ( басқа жақтан) ауадан келіп түседі. Бұлар ядролық жарылыстың радиациясы организмді қоршаған топырақта, ауада, суда және мал терісінде болады. Бұндай сәулену кезінде өте қуіпті деп гамма- сәулелер мен нейтрон ғымы есептелінеді (бета-ыдырау альфа-сәулелер)

Ішкі сәулену: Радиактивті заттардың ионизациялық сәулелері азық, су, ауа, тері ақылы организмге өту салдарынан ішкі сәулену болады. Бұл сәулену кезінде керісінше альфа- сәулелер өте улы деп есептелінеді, үйткені салмағының ауырлығы мен энергиясын байланысты 1 см жолда 100-250 мың қос ионын түзеді, ал бета- сәулелер 50-100 қос ионын, ал гамма- квант барлығы 6 -10 қос ионын түзеді. Осыдан қортынды шығарсақ, осылардың ішінен өзіндік өте жоғары ионизацияны альфа сәулелерде болғандықтан радиоулығы да өте жоғары деп есептелінеді.

Ауыл шаруашылық малдарының радиозақымдануға шалдығу дозасы ( ішкі сәуленуде) 3-5 м Ки/кг.

Егер сәулену сыртқы болса, өнімнің сапасын анықтағанда тек органолептикалық, патологиялық, бактериологиялық, биохимиялық, гистологиялық, зерттеулер жүргізілсе, ал ішкі сәулену кезінде ветеринариялық - санитариялық көрсеткіштерге қосымша радиометриялық зерттеулер жүргізілуі керек.

Аурудың қысқаша барысы. Ионизацияның сәулелердің адамдар мен жануарларда радиозақымдануға ұшыратып, өте күрделі патологиялық процесске - сәуле ауруына ұшыратады.

Ионизцияның сәулелердің белсенділігі - сәуле дозасына, сәуле дозасының сіңу күшіне, берілу энергиясына, сәуленің биологиялық тиімділігіне, сәулелердің органдарда таралуына, малдың физиологиялық жағдайына байланысты болады.

Сәулелердің қортынды биологиялық тиімділігін зақымданған малдардың зақымданғаннан кейін 30 күн ішінде өлген малдың, процент мөлшеріне қарап есептейді. Оны ЛД 50/30 ( 30 күн ішінде зақымданған малдардың 50 процент) өлген, ЛД 100/30;

РАДИАЦИЯНЫҢ ОРГАНИЗМГЕ ӘСЕРІ

Сәулелік ауруларды иондаушы сәулелер қоздырады. Олар организмді сырттан әсерлегенде немесе радиобелсенді заттар түрінде азықпен, сумен бірге ішке енгенде белсенді радикалдар мен иондар пайда болады.

Радикалдардың өзара және оттегімен әсерлесулері нәтижесінде екінші және үшінші кезекті белсенді өнімдер туындайды да, олар өз кезегінде әртұрлң молекулалармен, ең алдымен нәруыздармен реакцияға түсіп, оларды тотықтандырады. Торшалар ферменттерінің химиялық құрылысы өзгеріп, олар белсенділігінен айырылады. ДНҚ түзілуі тежеліп, торшалардың көбеюі тұншығады. Сондай ақ белгілі бір мөлшердегі сәулелену кейбір ферменттердің белсенділігін арттырып, , фосфолипидтердің, липопротейдтердің ыдырауына әкеледі, ДНҚ шиыршықтары жыртылады, торшалар жарғақтарының өткізу қабілеті өзгеріп, иондарды жарғақтар арқылы тасымалдау бұзылады (натрийлік насостың тұншығуы) .

Мал организмінің иондаушы сәулемен (радиациямен) зақымдануы заңдылығы екі факторға тәуелді: 1) организмнің тіршілігіне өте маңызды өрмелердің, мүшелер мен жүйелердің сәулеге сезімдік деңгейіне ; 2) иондаушы сәуленің мөлшеріне және оның таратылу ретіне.

Иондаушы сәуле әсер еткеннен кейінгі мүшелердегі морфологиялық өзгерістерді белгісіне байланысты мына топтарға бөледі:

1. Радиацияға сезімтал мүшелер: лимфа тораптары, ішек-қарын лимфатикалық көпіршік клеткалары, қызыл қан кеміктері, көк бауыр, жыныс бездері, бұл мүшелердегі морфологиялық өзгерістер радиакцияның дозасы 25 Р жеткенде басталады.

2 . Радиацияға сезімталдығы орташа: тері, көз;

3. Радиацияға сезімталдығы төмен : бауыр, өкпе, бүйрек, ми, жүрек. Сүйек сіңірлеріндегі алғашқы морфологиялық өзгерістер 100 Р басталады. Жануарларға, жалпы тіршілік иелеріне аса қауіпті иондаушы сәулелердің тұтас организмі біркелкі түсуі. Егер осы жағдайда бір мүшені экранмен қорғасақ жалпы жануарлардың радиацияға деген төзімділігі жоғарылайды

Бұл факторлар жеке жеке және біріге сәулелік реакциялардың түрін (жергілікті немесе жалпы), ерекшелігі мен біліну уақытын (сәуле әсерінен кейін бірден, көп ұзамай немесе біраздан кейін) және олардың организмге маңыздылығын анықтайды.

Организмді сәулемен сырттан әсерлегенде альфа б ө л ш е к т е р т е р е ң - \ бөлшектер\ терең\ өтпей, эпидермисте кідіреді, бета - бөлшектер теріге өтеді, ал гамма сәулелер дене арқылы өтіп кетеді.

Ауыл шаруашылығы жануарлардың барлық түрлеріде радиацияға сезімді болғанымен, кейбіреулері мысалы тауықтар төзімді келеді.

Өте мол мөлшердегі сәуленің бір дүркін әсерінен жіті немесе жай түйіскендей шапшаң өтетін сәулелік ауру қозады. Мұндай ауру организмді тұтас иондаушы сәуленің мол мөлшерімен сыртынан әсерлегенде, сондай ақ радиобелсенді заттар организмнің ішіне азық пен сумен көп мөлшерде енгенде байқалады.

Өрмелер мен мүшелердің радиацияға сезісділігі әртүрлі: торшаларының бөлініп көбею деңгейі жоғары сүйек кемігінің, лимфоидтық өрменің, жыныс бездері мен ішек және тері эпителийлерінің сезімділігі жоғары, керсінше торшаларының өсіп жетілу деңгейі төмен бұлшық еттер мен сүйектің, дәнекер өрме мен нейрондардың сезімділігі төмен.

Жіті сәулелік ауру бірер күндік алғашқы реакциялармен, 9-10 күндік жасырын кезеңмен басталады да, әдетте 1-1, 5 ай ішінде сәтсіз аяқталады.

Қазіргі кезде жіті сәуле ауруының мынандай түрлерін ажыратады:

1) қан жасау ағзаларының зақымдануы басым;

2) ішек;

3) токсемиялық;

4) милық (цеберальдық) ;

Өлексені сойып зерттегенде организмде етек алған сипаттағы, көптеген мүшелерді (жүрек, өкпе, ішек- қарын, бүйрек, ми, тері, тері шелісі, кілегейлі және ылғалды қабықтар, т. б. ) зақымдаған, көлемі де, пішіні де әрқилы - дақ, жолақ, гемотомалар түрлеріндегі көп қанталаулар (қанталаулық диатез) байқалады. Қанталаулар арқаның бұлшық еттерінде де, құрсақ қуысында да, диафрагмада да, аяқтарда да болады. Лимфалық түйіндер мен миндалиналардың көлемі ұлғаяды, қанталайды, кілегей қабықта ойдымдар мен ойлымдар пайда болады. Шошқаның әсіресе соқыр және бүйен ішектерінің бүлінуі өте зілді болады. Бүйрек астауында ұйыған қан болуы, қуықтағы қан араласып қызарған несепте ұйысқан фибрин болуы мүмкін. Кқбінесе қуықта кілегейлі қабығы ойылымданады. Өкпе іркілмелі молқандылыққа, домбығуға ұшырайды, серозды қан араласа қабынады. Сүйек кемігі әдеттегі қызыл түсін жойып, сұрланады, сарғаяды, жалқыаяқтанады. Иондаушы радияциямен сырттан әсерленген жануардың терісі зақымданып, түгі түскен телімдер мен ойылымдар пайда болады.

Микроскопиялық өзгерістер қан торшаларын түзетін мүшелердегі, яғни сүйек кемігіндегі, лимфалық түйіндер мен талақтағы митозға қабілетті жоғарғы торшалар ядроларының бүлінуімен басталады да, көп ұзамай гемопоэз тұншығады. Шыңына жеткен сәулелік аурудан өлген жануардың сүйек кемігінде эритроциттерді, түйіршікті лейкоциттер мен тромбоциттерді түзетін миелоидтық торшалар түгел ыдырап кетіп, олардың орнын липоциттер басады. Сонымен қатар, әдетте стромалық рөл атқаратын ретикулоциттер, домбығу сұйығы, қанталаулар болады. Лимфалық түйіндерде лимфациттер ыдырап, жойылып кетіп, фолликулдар мен ішкі қабаттағы тартпалардың ретикулярлық торшалары жалаңаштанады, сонымен қатар, қанның молаюы, қанталаулар мен эритрофагия құбылысы байқалады. Осындай өзгерістерге лимфоидтық өрменнің басқа бөлімдері де миндалиналар да, аш ішек пен тоқ ішек қабырғаларындағы лимфоциттердің дара дара және топтаса орналасқан тұйіншіктері де сондай ақ айырша без де ұшырайды.

Азық қорыту мүшелері кілегейлі қабықтарындағы сәулелеік ойылымдардың ерекшелігі - олардың жиегінде де, түбінде де, сондай ақ маңында да қабыну процесіне тән торшалар (лейкоциттер) топырлары болмайды да, өлі қрмені көптеген микробтар жайлайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Жасушалар мен тканьдердің патологиясы
жасушалар мен хромосомалар
Радиациялық патология
Кәсіби қызмет саласы
Электр және сәуле жарақаттары кезіндегі алғашқы ветеринариялық көмек жайлы мәлімет
Адреногенитальды синдромның себептері
Антигендерден туындаған аутоиммундық патология
Гастрит
Цитология және гистология түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz