Гипс негізіндегі құрғақ құрылыс қоспалары



1 Қалаулық( штукатурка) құрғақ гипсті қоспалары
2 Сылақты (штаплевные) құрғақ гипсті қоспалары
3 Монтажды құрғақ гипсті қоспалары
4 ҚГҚ өндіру үшін қолданылатын шикізаттар
Гипс құрамды сылақтар бөлменің ішкі беттерін өңдеу үшін тағайындалған. Олар гипс, әк, толтырма, уақыт ұстамдылығын баяулатқыштар, полимер және су ұстағыш қосымшалардан тұрады.
ҚГҚ құрғақ компоненттердің : гипс байланыстырғышы, фракцияланған толтырғыштар, пигменттер және тағайындалуына байланысты әртүрлі түрлендірігіш қоспалардың мұқият мөлшерленген және араласқан оңтайлы құрамыды біртекті сусымалы материал болып табылады.
Қазіргі ҚГҚ жіктелуі бойынша мынадай негізгі түрлері бар: қалаулық( штукатурка); сылақтық ; монтаждық; желімдер; едендік; плитка аралықтарын толтыратын( затирка).
Суға төзімсіз гипс байланыстырғыштары негізінде (75% ауа ылғалдылығы) ішкі құрылыстар мен жұмыстар, бөлме іші құрғақ және қалыпты режимде болатын жерлерде қолданылады, ал суға төзімді гипс байланыстырғышы ылғалды және сулы режимдегі жерлерде қолданылады (СНиП 3.04.01-87, СНиП 2.03.03-13).

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Гипс негізіндегі құрғақ құрылыс қоспалары

Гипс құрамды сылақтар бөлменің ішкі беттерін өңдеу үшін тағайындалған. Олар гипс, әк, толтырма, уақыт ұстамдылығын баяулатқыштар, полимер және су ұстағыш қосымшалардан тұрады.
ҚГҚ құрғақ компоненттердің : гипс байланыстырғышы, фракцияланған толтырғыштар, пигменттер және тағайындалуына байланысты әртүрлі түрлендірігіш қоспалардың мұқият мөлшерленген және араласқан оңтайлы құрамыды біртекті сусымалы материал болып табылады.
Қазіргі ҚГҚ жіктелуі бойынша мынадай негізгі түрлері бар: қалаулық( штукатурка); сылақтық ; монтаждық; желімдер; едендік; плитка аралықтарын толтыратын( затирка).
Суға төзімсіз гипс байланыстырғыштары негізінде (75% ауа ылғалдылығы) ішкі құрылыстар мен жұмыстар, бөлме іші құрғақ және қалыпты режимде болатын жерлерде қолданылады, ал суға төзімді гипс байланыстырғышы ылғалды және сулы режимдегі жерлерде қолданылады (СНиП 3.04.01-87, СНиП 2.03.03-13).

Қалаулық( штукатурка) құрғақ гипсті қоспалары:

Бұл ҚГҚ суға төзімсіз, α және β модификациялы гипс байланыстырғышы, ангидритті немесе оның қосапаларынан, фракциясы 2,5мм болатын ірі түйіршікті толтырғыштардан және тағайындалуы бойынша әртүрлі арнайы химиялық қоспаларынан тұратын ерітінді қоспасын айтамыз (растворная смесь). Мұндай қоспалар қабырғалар мен төбелердің (бетон,кірпішпен қаланған, ұялы бетондар және өзге де кедір-бұдырланған және біркелкі емес) беттерін дөрекі түрде бірқабатты тегістеу үшін тағайындалған.
Бұл ҚГҚ техникалық сипаттамларының көрсеткіштері төменде көрсетілген:
* Төгілмелі тығыздық, кгм3 - 700...1100;
* Қатты су қатынасы ( ерітіндінің қажетті жылжымалығын алу үшін кететін су шығыны) - 0,5...0,6;
* Ерітіндіні өңдеу уақыты, мин - 50...100;
* Қатайған ерітіндінің тығыздығы, кгм3 - 800...1000
* Сығылу кезіндегі беріктігі, МПа - 2,5..7,0
* Иілу кезіндегі созылуға беріктігі, МПа - 1,5...3,0
* Негізбен байланысу беріктігі ( өңделетін бетімен) - 0,4...0,7
* Сақтау мерзімі, ай - 3...6
Бұл көрсеткіштер ерітіндіні қолдану аймағына және оның қасиеттеріне байланысты.
Гипсті қалаулық құрғақ құрылыс қоспаларының ең негізгі аттары: Ротбанд, Гольдбанд, Гипспутц НР100, Гипсовая белая, Силин және т.б.

Сылақты (штаплевные) құрғақ гипсті қоспалары:

Бұл ҚГҚ суға төзімсіз, α және β модификациялы гипс байланыстырғышы, ангидритті немесе суға төзімді гипс байланыстырғыштарынан (ГЦП немесе композоциялық гипс байланыстырғыштары), ұсақ және майда дисперсті толтырғыштардан және тағайындалуы бойынша әртүрлі арнайы химиялық қоспаларынан тұратын дисперсті ерітіндіні айтамыз (растворная смесь).
Гипсті шпаклевка дайындау үшін қолданады: ГОСТ 125 сәйкес маркасы Г4 жоғары, қатаю жылдамдығынығы индексі - Б, В гипсті байланыстырғыш; гипсті шпаклевка дайындау үшін арнайы алынған байланыстырғыштар: гиспті қоспа мен ангидритті байланыстырғыш; кальций сульфатының түрлі фазасының белгілі қатынасымен сипатталатын гипсті байланыстырғыш: β-жартылай гидрат, дигидрат, ангидрит.
Толтырғыш және толтырма ретінде қолданады: кварцты құм, мәрмәр құмы, мәрмәр ұнтағы (омиокарб), табиғи бор, әкті ұн; ұнтақталған кварцты құм; гипсті тас (ұн). Жылуоқшаулағыш қасиеттерін жақсарту үшін перлитті қолданады.
Мұндай қоспалар төбелер мен қабырғалардың беттерін жұқа және соңғы (финишный) тегістеу үшін тағайындалған; бетонды және қаланған қабырғаларды түпкілікті аяқтау үшін, яғни әрлеу, тұсқағаздар жабыстырып және сырлау жұмыстарына дайындау; қаптау және қалпына келтіру жұмыстарында қолданылады. Бөлме ішінде әрлеу жұмыстарын жүргізген кезде көлденең және бойлық ГКЛ және ГВЛ араларындағы жіктерді бітеу үшін, оған қоса пазды гипсті тақтаталарды құрастыру кезінде қолданылады. Гипсті шпатлевкалрдың артықшылықтары олар тез қатаяды, және бірнеше сағат қатайғаннан кейін әрлеу жұмыстарын жүргізе беруге болады.

* Төгілмелі тығыздық, кгм3 - 600...700;
* Қатты су қатынасы ( ерітіндінің қажетті жылжымалығын алу үшін кететін су шығыны) - 0,48...0,6;
* Ерітіндіні өңдеу уақыты, мин - 60...120;
* Қатайған ерітіндінің тығыздығы, кгм3 - 1100...1800
* Сығылу кезіндегі беріктігі, МПа - 4...10
* Иілу кезіндегі созылуға беріктігі, МПа - 2,5...5,0
* Негізбен байланысу беріктігі ( өңделетін бетімен) - 0,3...0,5
* Сақтау мерзімі, ай - 3...6
*
Гипсті шпатлевкалрдың ең танымалдары: Унифлот, Футенфюллер, Юнис ГШ, Фугенфюллер, Монолит ГВ, Финишная және т.б.

Полимергипсті сылақтар ішкі беттерді өңдеуде цементтіге қарағанда қолданған жөн. Гипсті сылақ ерітінділерімен ішкі қабырға және төбелерді сылауда цементтімен салыстырғанда қамтамасыз етіледі:
- бояуға немесе түсқағаздармен желімдеуге дайын тегіс және жылтыр бетті алуға;
- алдын-ала бояу және левкасты операцияларды жүргізу үшін шпаклевкалық қоспаларды қолданудың қажеті болмағандықтан қаражатты үнемдеу;
- қабырғаны өңдеуге операцияларды қысқарту есебінен қаражаттарды үнемдеу, себебі арнайы тегістеу тәсілі мен жағылған сылақты тегістеуді қолдануда сылаудың бір процесінде мінсіз бет алуға қол жеткізуге болады;
- өңдеу жұмыстарын жүргізу мерзімін қысқарту: жазғы мерзімде 3-4 күнде сыланған бе кебеді, қысқы мерзімде - 6-7 күн, ал цементті сылақтардың кебуі 14-28 тәулік және одан көп аралықта жүреді;
- жарықтың пайда болмайды және сылақтың шөгінбеуі, ол қатаю (қатаю процесінде) кезінде гипстің ұлғаюына негізделген гипстің ерекше қасиетімен қамтамасыз етіледі;
- сылақтың экологиялық тазалығы;
- бөлмедегі ауа ылғалдылығын сылақпен реттеуінен тұратын оның гигиеналық тазалығы: бөлмеде ылғалдылық жоғары болғанда гипсті сылақ ылғалдың біршама бөлігін абсорбтайды, құрғақ ауада - керісінше, сылақ бөлме ауасына ылғалды береді және оның микроклиматын жақсартады.

Монтажды құрғақ гипсті қоспалары

Бұл ҚГҚ суға төзімсіз, α және β модификациялы гипс байланыстырғышы, ангидритті немесе суға төзімді гипс байланыстырғыштарынан (ГЦП немесе композоциялық гипс байланыстырғыштары), кешенді химиялық қоспаларынан тұратын ерітіндіні айтамыз (растворная смесь).
Бұл қоспаларды ішкі бөлмеаралық пазды гипсті тақталарды монтаждау кезінде қолданады; ішкі бетті гипсокартон және гипсті талшықты парақтармен қаптау кезінде, және де гипсті талшықты едендердің негізін құру кезінде.
Монтажды құрғақ гипсті қоспаларың ең танымалдары: Кнауф-Перлфикс, Волма Монад, Гипсоконтакт Боларс және т.б.

* Төгілмелі тығыздық, кгм3 - 800...950;
* Қатты су қатынасы ( ерітіндінің қажетті жылжымалығын алу үшін кететін су шығыны) - 0,4...0,6;
* Ерітіндіні өңдеу уақыты, мин - 60...120;
* Қатайған ерітіндінің тығыздығы, кгм3 - 1300...1350
* Сығылу кезіндегі беріктігі, МПа - 4...7,5
* Иілу кезіндегі созылуға беріктігі, МПа - 1,5...5,0
* Негізбен байланысу беріктігі ( өңделетін бетімен) - 0,3...0,7
* Сақтау мерзімі, ай - 3...6

Едендік құрғақ гипс қоспалары
Бұл ҚГҚ суға төзімсіз, α модификациялы гипс байланыстырғышы, ангидритті, эстрих-гипс немесе суға төзімді гипс байланыстырғыштарынан (ГЦП немесе композоциялық гипс байланыстырғыштары), кешенді химиялық қоспаларынан тұратын ерітіндіні айтамыз (растворная смесь), бір мезгілде суды төмендеткен кезде өзінің иілімділігін (пластичность) арттыратын арнайы химиялық қоспалардын тұратын ерітіндіні айтамыз.
Бұлардың ең танымалы: ATLAS SAM200, Альфа пол С және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ангидритті цементтен жасалған құрылыс қоспалары
Құрғақ құрылыс қоспалары мен құрылыс ерітінділері, жіктелуі, қасиеттері, ерекшеліктері, қолданысы
Цементтің сапасын бағалау
ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ туралы ақпарат
Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау
Байланыстырғыш заттар туралы негізгі ақпараттар
Модульді өлшемді кірпіш
Көлденең шлам бассейндері
Кұрылыста қолданылатын бетонның сапасын сараптау
Гипс байланыстырғыш материалы
Пәндер