Арыс ауданының физика - географиялық сипаттама



Мазмұны

1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3

2.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1.Арыс ауданының физика . географиялық сипаттама.
2.1.1.Арыс ауданының ішкі сулары
2.1.2. климаты
2.1.3. Арыс ауданының топырақтары, өсімдіктері мен ануарлары
2.2.Арыс ауданының экономикалық.ографиялық жағдайы.
2.2.1.Кен өндіру өнеркәсібі
2.2.2. энергетика
2.2.3. Металлургия
2.2.4.Жеңіл және тамақ өнеркәсібі
2.2.5. Химия өнеркәсібі
2.2.6. Көлік кешені
2.2.7. Машина жасау «локомотив және вагон»
2.3.Арыс ауданының ауыл шаруашылығы құрамы мен даму проблемасы.
2.3.1. Егін шаруашылығы
2.3.2.Мал шаруашылығы
2.4.Халыққа қызмет көрсету саласы
2.4.1.Денсаулық сақтауды дамыту
2.4.2 Білім беу саласы және сала бойынша білікті мамандар
даярлау
2.4.3. Рекреациялық орындары
2.5.Арыс ауданының халқы және демографиялфқ әлеуметтік дамуы
2.5.1.Жалпы халқына сипаттама
2.5.2.Тұрғындардың әлеуметтік қамсыздандырылуы
2.5.3. Демографиялық және гендерлік проблемалары

3. Қорытынды

4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
1. КІРІСПЕ.
Арыс ауданы Оңтүстік Қазақстан облысының орталық бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы – 6,3 мың км2 (облыстың аумағының 5,4 %-ы).
Бұл елді мекен Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қаратау мен Сырдария, Арыс өзендерінің өңірін алып жатыр. Мұның оңтүстігі Қазақстан алқабы Қызылқұм кеңістігімен жалғасады да, солтүстік-батысында Қаратау қыраттармен, солтүстік-шығысы Бәйдібек, Ордабасы, Отырар, Қазығұрт аудандарымен шектеседі. Аудан орталығы 1956 жылдан бастап Арыс қаласы болып аталды.
Ол қазір Оңтүстік Қазақстан облысындағы белгілі Ташкент жолы бойындағы ірі қалалардың бірі. Арыс станциясы Ташкент темір жолы салына бастаған кезден пайда болды. Тарихи деректер бойынша бұл қаланың төңірегінде халық ертеден тығыз орналасқан төрт түлікке бай ел болған. Бүгінде халқы (1970 жылғы санақ бойынша) 30 мыңнан астам, 1999 жылғы санақ бойынша ауданда халық саны 59920, қалада 34450 адам.
Қаланың ескі бөлігі I-Арыс станциясымен іргелес, II-Арыс станциясымен байланысады. Қала көлемі жағынан өте үлкен болмаса да, оның маңызы зор. Арыс станциясы Ресей мен Орта Азия, Қазақстан, Батыс Сібір аймақтарын жалғастырып жатыр. Сондықтан оны Орта Азия мен Қазақстан бағытындағы қақпа, яғни «Тоғыз жолдың торабы» деп те атайды.
Дарияның өн бойы тамаша мал жайылымдарына бай. Арыс ауданының кең алқабын жусан шөбі алып жатыр. Осы өңірдің тұрғындары сонау ертеден егістікке суды тиімділікпен пайдаланған. Арыстың Сырдарияға құяр сағасындағы Отырар алқабында ертеде пайдаланылған егістік көлемі қазіргіден көп болған. Біздің ғасырымыздың орта шенінде егістікті, жүзім алқаптарын, бақшаны Арыс өзенінен шыққан каналдар арқылы да суғарған.
Ел аузында Арыс өңірі ертеде «Қазақ қырған», ал Арыс өзені «Үржі» деп аталыпты деген деректер де бар. Арыс өзені туралы айтсақ, ел белгілі жазушы І.Есенберлиннің «Алтын Орда» атты үш томдық тарихи кітабында Арыс өзенінің бұрын «Үржі» болып аталғанын айтқан.
Арыс атауының тағы бір ұғымы бар. Ол: қазақта: «Арыс» деген ежелден келе жатқан көне ұғым бойынша білікті, қадірменді, елеулі адамдарға орай айтылып келген. Бір тайпа елді немесе жеке адамды ерекше көрсету мағынасында да қолданылады. «Арыс» ұғымы мен атауының ерте замандардан бері қарай ру мен жер, су атауларын құрап келгенін аңғартады. Арыс өңірінің алып жатқан орнының өзі де тоғыз жолдың торабына ыңғайласып жатыр. «Жібек жолының» осы өңірден өтуі де бекер емес.
Арыс қаласының басты ерекшеліктерінің бірі – оның экономикасының әртүрлі салалардан құралғандығы. Қала тарихының үлкен белесі сонау ХХ ғасырдың басында салынған Орынбор-Ташкент теміржолы мен тығыз байланысты.
Өткен ғасырдың 30-жылдарында үлкен аудан орталығы болған Арыс поселкелік типтес еді. 1956 жылғы 31шілдеде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының жарлығымен қала мәртебесін алды.
1900-1904 жылдардағы Орынбор-Ташкент теміржолының құрылысы Арыс поселкасының дамуының басты себебі болып табылады. 1904 жылы осы теміржолмен уақытша барлық бағытта поездар жүре бастады. 1906 жылы қыркүйек айында теміржолдың ашылуы болып өтті.
Патша үкіметі оңтүстікпен экономикалық байланысын нығайту үшін 1913 жылы мамырда Шымкент арқылы өтетін Жетісу теміржолын салуға шешім қабылдады. Бұл жұмыс Арыс станциясынан басталып, 3 жылдан соң Бурный станциясына жетеді. Бұл теміржолдағы алғашқы елді-мекен Арыс станциясы болған. 1900-1905 жылдар аралығында тұрғын үйлер мен өндірістік ғимараттар салына бастады. 1912 жылы жолдың оңтүстікке қарай ұзаруына байланысты поселке көлемі ұлғая түсті. Мұнда орталықтар мен кеңселер, құрылыс алаңдарының қоймалары, почта станциясы, ауруханалар мен қызметкерлерге тұрғын үйлер салына бастады. Барлық үйлер бір қабатты болған және кірпіштен салынған. Арыс станциясында кешенді құрылыс 1912-1914 жылдары жүрді. 1915 жылы бұл станцияда айналма паровоз депосы пакгауз және бірнеше тұрғын казармалар салынды. Балаларға білім беру үшін мектептер және ауруханалар ашыла бастады.
1928 жылы 17 қаңтарда аудан болып құрылды. Аудан орталығы Арыс поселкесі болды. 1932 жылы 11 наурызда Арыс поселкесі жұмысшы поселкесі болып қайта құрылды.
Арыс 1956 жылы 31 шілдеде қала статусын алған. Арыс қаласы Ресейдің еуропалық бөлігін, Сібірді Орта Азиямен және Қазақстанмен байланыстыратын үш бағыттағы ірі торабтық станция болып табылады.
Қала құрылысының негізгі факторы дамыған шаруашылығы бар теміржол станциясы болып табылады. Қазіргі таңда жеке секторда қызу құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
1. Аяпұлы Мәдіахмет «Арыс өңірінің тарихы»
Алматы 2001 жыл.
2. Әбдімәлік Садықұлы Ағыбай «Қазақстан Республикасы ОҚО Арыс қаласының 45 жылдық мерей тойына арналалады»
Арыс – Алматы 2001. -96с.
4. Б.Ш.Шайманов «ОҚО-ның әлеуметтік экономикалық дамуы 2006 жылдың қаңтар-қараша »
Шымкент 2006 жыл.
5. В.Усиков, Т. Казановская, А.Усикова, Г.Забенова «Қазақстанның экономикалық және әлеуиеттік географиясы»
Алматы «Атамұра» 2005жыл.
6.Добросмыслова А.И «Города Сыр-Дарьинской области Казалинск, Перовск-Туркестан, Аулие –Ата и Чимкент»
Ташкент 1912 год.
7. ОҚО –ның әлеуметтік экономикалық дамуы 1991-2000жыл. Статистикалық жинақ. Шымкент 2001 жыл.

8.Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы 1975 жыл.
9. М.Х.Асылбеков, К.А.Акимов,К.И.Баипаков, «Свод памятников истории и культуры Казакстана Южно-Казакстанская область»
«Қазақ энциклопедиясы»1994 жыл.
10.С.М.Нурманбетов, Қ.С. Санбетов, И.С. Қарабаев «Қазақстан темір жолдарының тарихы» 1том.
МАГМА,Чехия 1997жыл.
11. П. Салықпаев, С.Әлібекұлы «Арыстың елі-намыстың елі»

Алматы 2006 жыл.
12.Т.Өтемағамбетов «Қазақстанның Физикалық Географиясы»
Алматы 1982 жыл
13. С.Оразалыұлы , С.Жексенбаев,Е.Досымбай «Жепі шұрайлы Оңтүстік»
Оңтүстік Қазақстан газеті 19 сәуір 2008 жыл..

Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3
2.Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .
2.1.Арыс ауданының физика – географиялық сипаттама.

2.1.1.Арыс ауданының ішкі сулары
2.1.2. климаты
2.1.3. Арыс ауданының топырақтары, өсімдіктері мен ануарлары
2.2.Арыс ауданының экономикалық-ографиялық жағдайы.
2.2.1.Кен өндіру өнеркәсібі
2.2.2. энергетика
2.2.3. Металлургия
2.2.4.Жеңіл және тамақ өнеркәсібі
2.2.5. Химия өнеркәсібі
2.2.6. Көлік кешені
2.2.7. Машина жасау локомотив және вагон
2.3.Арыс ауданының ауыл шаруашылығы құрамы мен даму проблемасы.
2.3.1. Егін шаруашылығы
2.3.2.Мал шаруашылығы
2.4.Халыққа қызмет көрсету саласы
2.4.1.Денсаулық сақтауды дамыту
2.4.2 Білім беу саласы және сала бойынша білікті мамандар
даярлау
2.4.3. Рекреациялық орындары
2.5.Арыс ауданының халқы және демографиялфқ әлеуметтік дамуы
2.5.1.Жалпы халқына сипаттама
2.5.2.Тұрғындардың әлеуметтік қамсыздандырылуы
2.5.3. Демографиялық және гендерлік проблемалары
3. Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

1. КІРІСПЕ.
Арыс ауданы Оңтүстік Қазақстан облысының орталық бөлігінде орналасқан
әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы – 6,3 мың км2 (облыстың аумағының
5,4 %-ы).
Бұл елді мекен Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қаратау мен
Сырдария, Арыс өзендерінің өңірін алып жатыр. Мұның оңтүстігі Қазақстан
алқабы Қызылқұм кеңістігімен жалғасады да, солтүстік-батысында Қаратау
қыраттармен, солтүстік-шығысы Бәйдібек, Ордабасы, Отырар, Қазығұрт
аудандарымен шектеседі. Аудан орталығы 1956 жылдан бастап Арыс қаласы болып
аталды.
Ол қазір Оңтүстік Қазақстан облысындағы белгілі Ташкент жолы
бойындағы ірі қалалардың бірі. Арыс станциясы Ташкент темір жолы салына
бастаған кезден пайда болды. Тарихи деректер бойынша бұл қаланың
төңірегінде халық ертеден тығыз орналасқан төрт түлікке бай ел болған.
Бүгінде халқы (1970 жылғы санақ бойынша) 30 мыңнан астам, 1999 жылғы санақ
бойынша ауданда халық саны 59920, қалада 34450 адам.
Қаланың ескі бөлігі I-Арыс станциясымен іргелес, II-Арыс
станциясымен байланысады. Қала көлемі жағынан өте үлкен болмаса да, оның
маңызы зор. Арыс станциясы Ресей мен Орта Азия, Қазақстан, Батыс Сібір
аймақтарын жалғастырып жатыр. Сондықтан оны Орта Азия мен Қазақстан
бағытындағы қақпа, яғни Тоғыз жолдың торабы деп те атайды.
Дарияның өн бойы тамаша мал жайылымдарына бай. Арыс ауданының кең
алқабын жусан шөбі алып жатыр. Осы өңірдің тұрғындары сонау ертеден
егістікке суды тиімділікпен пайдаланған. Арыстың Сырдарияға құяр
сағасындағы Отырар алқабында ертеде пайдаланылған егістік көлемі қазіргіден
көп болған. Біздің ғасырымыздың орта шенінде егістікті, жүзім алқаптарын,
бақшаны Арыс өзенінен шыққан каналдар арқылы да суғарған.
Ел аузында Арыс өңірі ертеде Қазақ қырған, ал Арыс өзені Үржі
деп аталыпты деген деректер де бар. Арыс өзені туралы айтсақ, ел белгілі
жазушы І.Есенберлиннің Алтын Орда атты үш томдық тарихи кітабында Арыс
өзенінің бұрын Үржі болып аталғанын айтқан.
Арыс атауының тағы бір ұғымы бар. Ол: қазақта: Арыс деген
ежелден келе жатқан көне ұғым бойынша білікті, қадірменді, елеулі адамдарға
орай айтылып келген. Бір тайпа елді немесе жеке адамды ерекше көрсету
мағынасында да қолданылады. Арыс ұғымы мен атауының ерте замандардан бері
қарай ру мен жер, су атауларын құрап келгенін аңғартады. Арыс өңірінің алып
жатқан орнының өзі де тоғыз жолдың торабына ыңғайласып жатыр. Жібек
жолының осы өңірден өтуі де бекер емес.
Арыс қаласының басты ерекшеліктерінің бірі – оның экономикасының
әртүрлі салалардан құралғандығы. Қала тарихының үлкен белесі сонау ХХ
ғасырдың басында салынған Орынбор-Ташкент теміржолы мен тығыз байланысты.
Өткен ғасырдың 30-жылдарында үлкен аудан орталығы болған Арыс
поселкелік типтес еді. 1956 жылғы 31шілдеде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі
Төралқасының жарлығымен қала мәртебесін алды.
1900-1904 жылдардағы Орынбор-Ташкент теміржолының құрылысы Арыс
поселкасының дамуының басты себебі болып табылады. 1904 жылы осы
теміржолмен уақытша барлық бағытта поездар жүре бастады. 1906 жылы қыркүйек
айында теміржолдың ашылуы болып өтті.
Патша үкіметі оңтүстікпен экономикалық байланысын нығайту үшін 1913
жылы мамырда Шымкент арқылы өтетін Жетісу теміржолын салуға шешім
қабылдады. Бұл жұмыс Арыс станциясынан басталып, 3 жылдан соң Бурный
станциясына жетеді. Бұл теміржолдағы алғашқы елді-мекен Арыс станциясы
болған. 1900-1905 жылдар аралығында тұрғын үйлер мен өндірістік ғимараттар
салына бастады. 1912 жылы жолдың оңтүстікке қарай ұзаруына байланысты
поселке көлемі ұлғая түсті. Мұнда орталықтар мен кеңселер, құрылыс
алаңдарының қоймалары, почта станциясы, ауруханалар мен қызметкерлерге
тұрғын үйлер салына бастады. Барлық үйлер бір қабатты болған және кірпіштен
салынған. Арыс станциясында кешенді құрылыс 1912-1914 жылдары жүрді. 1915
жылы бұл станцияда айналма паровоз депосы пакгауз және бірнеше тұрғын
казармалар салынды. Балаларға білім беру үшін мектептер және ауруханалар
ашыла бастады.
1928 жылы 17 қаңтарда аудан болып құрылды. Аудан орталығы Арыс
поселкесі болды. 1932 жылы 11 наурызда Арыс поселкесі жұмысшы поселкесі
болып қайта құрылды.
Арыс 1956 жылы 31 шілдеде қала статусын алған. Арыс қаласы Ресейдің
еуропалық бөлігін, Сібірді Орта Азиямен және Қазақстанмен байланыстыратын
үш бағыттағы ірі торабтық станция болып табылады.
Қала құрылысының негізгі факторы дамыған шаруашылығы бар теміржол
станциясы болып табылады. Қазіргі таңда жеке секторда қызу құрылыс
жұмыстары жүргізілуде.

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Арыс ауданына физикалық-географиялық сипаттама.
2.1.1. Арыс ауданының ішкі сулары.
Оңтүстік Қазақстан облысының гидрографиялық жүйесі оның бүкіл аумағында
әрқалай орналасқан өзендер, көлдер, су қоймалары мен каналдар арқылы
анықталады. Мұнда барлығы су кадастры арқылы 297 өзен тіркелген. Олардың
алпы ұзындығы 8045 км. Құрайды. Оның ішінде 42-сі сел қаупіне жақын
саналады: 16 өзенде құм-тас аралас лайлы ағымы болуы мүмкін, ал 26 өзенде
айналасын шайып кететін сел жүруі мүмкін. Бұл өзендерден басқа көптеген
есепке алынбаған ұсақ су арналары да (жыралар, жылғалар) бар. Олар арқылы
көктем айларында су тасуы байқалады. Сел қаупін тудыратын өзендер санының
көптігіне қарамастан аудандағы төтенше жағдай қауіптілігі онша үлкен емес.
Аймақтағы барлық өзендер Арал теңізі алабына жатады. Олар бастауларын
Қаратау, Қаржантау,Өгем жоталарының баулайларынан алады. Тау өңірлерінен
шыға берісте өзен сулары егістік суаруға алынады. Бұл сулардың бір бөлігі
өзендерге қайта құяды, бірақ аз ғана бөлігі булануға және су қоймаларында,
каналдарда және суартылытын сүзілу есебінен жоғалады.
Жер беті ағыны облыс территориясы бойынша біркелкі таралмаған:
көпшілігі орталық және оңтүстігімен ағады. Ірі өзендері- сырдария.
Салалары: Келес, Құркелес, Арыс, Бөген және Шу өзені. Төменгі ағысы
тартылып қалады. Сырдария мен Келес салаларында шардара бөгені орналасқан.
Сырдария өзенінің ұзындығы- 2190 шақырым. Бұл өзен Нарын мен
Қарадария өзендерінен басталады. Нарын өзенінің ұзындығы- 700 шақырым. Осы
өзенді қоса есептегенде Сырдария өзенінің қоры Тянь-Шаньнан, Талас
Алатауынанан, Қырғыз даласынан, Теріскей Алатауынан басталады. Ауданы-422
мың шақырым. Қазақстан территориясында Сырдарияның оң жағында өзеннің
үлкен саласы шырақ өзенін, сол жағында келес өзенін, төменгі ағысында
шөлді жерлермен ағады да, 400-500 шақырым қашықтықта, сол жақ саласы жоқ.
Оң жағында тек бір ғана саласы бар. Арыс өзені мен Сырдария өзенінің
Өзбекстан мен Қазақстан үшін үлкен маңызы бар. Қызылорда облысы Сырдарияның
суын күрішке пайдаланады.
Сырдария алабы Орта Азиядағы төрт мемлекеттің (Қырғызтан,м Тәжікстан,
Өзбекстан және Қазақстан) аумағында орны тепкен. Дарияның ұзындығы 3019 км.
Алаптың ең басты ерекшелігі –оның аумағы екі айқын зонаға : ағынды
қалыптасу және пайдалану зоналарына бөлінуі. Ал, Қазақстан аумағы екінші су
пайдалану зонасында жатыр.
Сырдария алабының көп жылдық орташа су ресурстары 30,4км3жыл, суы мол
жылдарда 45,0-50 км3жыл, қуаң жылдарда 25,5 км3жыл, аралығында ауытқиды.
Негізінен мұздықтар мен еріген қар суымен қоректенуіне байланысты табиғи
жағдайда Сырдария көкткм-жаз айларында тасиды. Су тасу кезінде су өтімінің
мөлшері көкбұлақ бекетінің тұсында секундына 1000-3700 текше метр
аралығында ауытқиды. Қазақстан аумағында Сырдарияға сол жағынан келес, Арыс
өзендері құяды. Сырдың су жинау алабының ауданы 462000 км2тең.
Сырдария алабы көне суармалы егіншілік аудандардан өтетіндіктен кезінде ТМД-
ның негізіг мақта өсіретін базарларға пайдаланылады. 1913 жылдары Қазақстан
шекарасына дейін 1073 мың га, оның 743 мың га-сы Ферғана аңғарында, Шыршық-
Ангрен-Келес ирригациялық ауданында (Ташкент оазисі) – 219 мың га,
Мырзашөлде- 50 мың га, дальверзин даласында -7 мың га жер суарылатын.
Арыс өзені – Сырдарияның оң жақ саласы болып табылады. Өзеннің
ұзындығы 332 шақырым. Арыс өзені алғашқы да Қолбастау өзенінен басталады.
Қолбастау өзені Талас Алатауы мен Қаратаудың аралығында орналасқан. Бұл
жерлерде бұлақтар көп. Алатау мен қаратаудан ағып шығытын осы бұлақтар арыс
өзенін құрайды. Өзеннің суы көп айы – наурыз, сәуір, ал азаятын кезі қазан-
ақпан аралығы.
Арыс өзені 3500 м. Биіктіктегі Талас Алатауы мен қаратаудың арасындағы
ойпатта орналасқан Шақпақ жотасынын бастау алады. Бассейннің ауданы – 14530
км, оның 50% -ы таулы бөлікке кіреді. Бастаудың жоғарғы жағындағы өзен
арнасы кең, аңғардың баурайлары тегіс. Ары қарай төменгі ағыста баурайы тік
болып келеді, аңғардың ені 1 км және одан да үлкен болады. Балықшы ауылының
төменгі жағында өзенге Боралдай (оң жақ), Машат, Ақсу және бадам (сол жақ)
сияқты ірі салалары қосылады.
Аұқсу өзені- Арыс өзенінің ең ірі саласы. Мұның бассейні Талас Алатауының
батыс бөлігінде орналасқан. Ауданы 750 шақырым, ұзындығы 120 шақырым.
Бадам өзені – Арыс өзенінің ең ірі сол жақ саласы. Мұның бассейні Бадам
тауының солтүстік, солтүстік-батысында, Талас Алатауының оңтүстік бөлігінде
орналасқан. Бассейннің ауданы- 4300 шақырым, ұзындығы – 137 шақырым.
Боралдай өзені- арыс өзенінің оң жақтағы ірі саласы. Бассейні Қаратау
жотасының оң жақ бөлігінде орналасқан. Ауданы 800 шақырым, ұзындығы- 130
шақырым. Боралдай өзені – кіші Боралдай, үлкен боралдай өзендерінің
қосылуымен құралады. Негізінен қар суымен қоректенеді. Арыс өзені өзінің
барлық саларымен Оңтүстік Қазақстан облысының мақта шарруашылығында
пайдаланылады.
Машат өзені- Арыс өзенінің сол жақ саласы, бастауын 2500м. биіктіктен
алады. Өзеннің ұзындығы 75 км., су жинайтын ауданы 579 км. өзеннің жоғарғы
жақ бөлігіндегі аңғары құзды болып келеді. Бастаудан 25 км қашақтықта Y
тәріздес өзен аңғары тереңдігі 150-200 м. болатын тік жарасты каньонға
айналды. Жартастар желден мүжілген әртүрлі жыныстар мен әк тастардан
құралған. Бастаудан 45 км. Оң жақтан Дәубаба өзені қосылғаннан кейін каньон
біртіндеп кеңейе бастайды да, төменгі ағыс бөлігінде 100-150 км. болады.
Өзен аңғарының өн бойын үш террасаға бөлуге болады. Олар сарғыш-сұрғылт
түсті саздақтан, құмдықтан, малта тастар мен конгломераттардан тұрады.
Жайылма алқабын су тасыған кезеңде су басып қалады. Кейбір жылдары
судың деңгейі 1м. және де одан да жоғары биіктікке көтеріледі. Өзен
жайылмасы негізінен малта тасты, саздақты және құмайтты болып келеді.
Оңтүстік қазақстан облысы көлдерге бай емес. Олар негізінен облыстың
солтүстік бөлігінде орналасқан. Олар өте тұзды және саяз болып келеді.
Жазық аймақатарда артезиан сулары бар. Ол сулардан минералды сулар шығады,
оны емдік бағытта пайдаланады. Сарыағаш курортындағы минералды су
Республикадағы бірден- бінр асқазан, ішек құрылыстары үшін.
Облыста су қорына өзен және көлдерден басқа – жер асты сулары да
жатады. Жер асты сулары халық шаруашылығына пайдаланады. Артезиан суы
шөлдегі аймақтар үшін егін шаруашылығы мен мал шаруашылығына тиімді. Елді
мекендер ол суларды ауыз су ретінде пайдаланады.
Облыс территориясындағы ірі өзендер. Кесте
№ Өзендер ҰзындыАлабыныБиіктіОрташа Негізгі салалары
ғы ң гі, м шығыны
көлемі м3с Қоректенуі
км2
1 Арыс 378 14530 3500 40,2 Жаңбыр, Боралдай,
жерасты суы Қара-үңгір,
Машат, Ақсу,
Бадам
2 Ақсу 133 766 4042 4,02 Қар суы, Балаақсу,
жаңбыр, Бұғылтұр,
жерасты суы Жаңбырлысай
3 Бадам 138 4380 2700 4,51 Жаңбыр, Ермекбадам,
жерасты суы Ленгір,
Сай-рамсу,
Тесексу
4 Машат 75 579 2500 2,1 Қар, жерасты Дәубаба
суы

2.1.2. Климаты.
Облыстың батыс жағының климаты негізінен континентті болып келеді.
Шөлді және шөлейтті бөліктерінің жылдық орташа көрсеткіші біртектес,
әсіресе жылы кездерде су балансының өте азайып кететіндігі. Күннің беретін
жылуы ылғалданудан 12-15 есе асып түседі. Шілдедегі орташа айлық
температурасы +27;+28;С болады. Ал Қызылқұмдағы кейбір жерлердің
температурасы +48С –қа дейін жетеді. Жаз айларындағы ауаның ылғалдығы 25-
28 % , ал өте ыстық әрі құрғақ күндері ол 13% дейін кеміп кетеді.
Қыс айларында Сібір антициклоны үнемдік жасайды. Қоңыржай белдеудегі
суық ауа райы көбінесе жылымай, ұзақ сақталатын күндері көп болады. Орташа
температура -3,-4С, кейбір күндері көрсетеіш 15С-қа дейін төмендейді, ал
ауа масаларының ағымы оңтүстік бағытқа қарай өзгерген жағдайда тез жылымық
боп өзгере қалады. Л.Н Бабушкин бұл жағдайды вегетациялық қыс деп атады.
Шардара төңірегінде Қызылқұм шөлінің температурасы -3С- тан -2С-қа дейін
жетеді. Бұл төңіректе қыста кейде +15С –қа дейін көтеріліп кететін күндер
болып тұрады. Осыған орай кейде цикланды ауа массалары Оңтүстік Батыстан
келе бастайды да , қар аралас жаңбыр боп жауатыны байқалады. Шымкент
облысының шөлді аймақтарында жылына 90мм –ден 180мм-ге дейін жауын- шашын
жауады, ал булану 1000-1500мм болады. Ал Арыс ауданындағы жауын-шашын
мөлшері 250-300мм.
Климат түзуші факторлар.
Күн радиациясы. Жиынтық күн радиациясы 586152-669888 юнсм, ал
радиация балансы 167472-209340 юнс. Күннің тік түсетін радиациясы
әрдайым шашыранды радиациясы мол болатындығын көрсетеді. Кей кездерде
бұл көріністің 90 дерлік байқалады. Тәуліктің температура амплитудасы
+18 с болады.
Қазақстан жеріндегі жауын- шашын. Шымкент облысындағы шөлді
аймақтарға жылына 90-180мм дейін жауын-шашын түседі, ал булану 1000-
1500 мм болады.
Фронттар.Жел. Оңтүстік Қазақстан облысында негізінен 4 түрлі ауа
массасы үстемдік жасайды:
1.Артикалық ауа массасы
2.Монғол антицмиклоны
3.Иран ауа массасының ағымы
4. Солтүстік батысынан келетін циклонды Атлант мұхитында пайда
болатын Исландия минимумы әсер етеді.
Оңтүстік Қазақстан облысында бірнеше жел үстемдік етеді. Батыстан
шығысқа қарай Қаратау желі соғады.Алғабас, Қызылқұм, Бөген, Арыс
аудандарында Арыстанды қарабас желі Қартаудан басталып, Оңтүстік батысқа
қарай өседі. Бұл жел халық шаруашылығына өте зиянды. Жылдамдығы 10-12 мс
, кейбір жылдары ай бойы тұрады, егіншілікті кептіріп жібереді.
Иран тауларына қалыптасатын ауа массалары Керімсал желін әкеледі. Ол
жел дәнді дақылдарды күйдіріп жібереді.
Түлкібас, Сайрам, Төлеби аудандарына шығыстан есетін Шапшақ желі әсер
етеді. Бұл екпіні күшті , жылдамдығы 25-30 мсек болатын жел. Қыста қатты
аязды, жазда өте салқын боп тұрады.
Қазығұрт, Сарыағаш, Келес аудандарында шығыстан Шыршық желі соғады.
Ол кейде Бриз желін еске түсіреді онша қатты емес.
Ал өзіміздің Жетісай, Мақтаарал, Киров, Шардара өңірінде Қақан желі
үстемдік етеді. Ол әрдайым батыстан келеді. Қыс айларында осы жел қаныққан
ауа массаларын алып келеді де, бұрқасынды алай-дүлей боран болады, кейде
жаңбыр күйінде де жауады.
Өңірімізге шығыстан тұратын желді Ташкент алатауынан келетін Шамал
желі деп аталады.
Атмосфералық жауын-шашын. Облысымызда атмосфералық жауын-шашын, қар,
жаңбыр және бұршақ пен тұман түрінде түседі.Облысымыздың ең суық нүктесі
қиыр солтүстіктегі шу өзені алабындағы Тасты елщді мекенде 1969 жылы 27
қаңтарда абсалюттік төмен температура 420С –қа жетті.
Жауын-шашынның ең көп түсетін ауданы Өгем, піскем және Қаржантау
жоталарының оңтүстік батыс беткейі, ал ең аз түсетін бөлігі шөлдік
аймақтары Созақта – 151 мм, Шардарада-175 мм. Арыс пен Қапланбектің ашық
жерлерінде қар жамылғысының қалыңдығы 9см құрайды. Бұл жағдайда
территорияның әрбір гектарына қанша ылғалдан келетін есептеп шығаруға
болада.
1см қар жамылғысы гектарына 20-35 см3 ылғал береді. Демек.
9см қар жамылғысы 180см3 –тен 315см3 дейін ылғал бере алады. Бұл сандар
қардың тығыздығына да байланысты.
Алғашқы қар солтүстік ауданадрда қазанның бас кезінде, ал оңтүстігінде
қарашаның басында түседі. Тұрақты қар жамылғысы солтүстікте 130 күн, ал
оңтүстікте 45 күн жатады.

2.1.4. Арыс ауданының топырақтары,
өсімдіктері мен жануарлары.
Топырақ өте күрделі өте күрделі табиғи түзіліс.Топырақтың пайда болуы тау
жыныстарының бөлшектеніп, қопсуынан басталады.Топырақтың түзілуіне, оның
қасиетіне түрлі факторлар әсер етеді. Табиғатта жылу мен суықтың, ылғал мен
тірі жәндіктердің әрекетінен үгілген тау жыныстарының үстіне өсімдіктер өсе
бастайды. Күзге қарай қураған шөп, өсімдік, ағаш жапырықтары, шіріген
бұтақтардан топыраққа органикалық зат беріледі. Органикалық қалдық заттарды
бактериялар шірітіп, жаңа затқа- қара шірікке айналдырады. Топырақтың
түзілуіне жануарлар, топырақта тіршілік ететін әртүрлі құрт-құмырсқа мен
олардың личинкалары қатысады. Әсіресе жауын құрты логаникалық
заттардықопарластырады. Себебі, жауын-шашын аз жауып ыстық және құрғақ
климатта сирек өскен шөптесін өсімдіктерден шірінді аз түзіледі.
Топырақтағы шіріндінің жиналуына өте қолайлы жағдай көктемде және қоңыр
күзде топырақ терең шайылытын жерлерде ғана болады.
Солтүстік шөлді аймақта (Бетпақ- дала) негізінен қара шірігі 1% қоңыр
және сұр қоңыр тпырақты атырап болып келеді. Оңтүстікке қарай шөлді аймақ
тау беткей аймағына ауысады. Оларды қара шірінді 3-4% құрайды. Бұл
жерлердің топырағы сұр, қоңыр, қызыл шалғынды далалық болып келеді.
Оңтүстік Қазақстанның шөл және шөлейт зоналарында құмды және
құмдақты топырақ таралған. Көп жерлердің топырағы сортаңтопырақ қоңыр және
сұр қоңыр топырақ республиканың көп жерін алып жатыр (43,6%). Шөлді
аудандарда тегіс аймақтарда жиналған саз тоспаларынан түілген тақыр жерлер
топырағы кездеседі. Топырақтың бұл түрлері Шу, Сырдария,Іле т.б өзендердің
төменгі ағысында, қоңыр және сұр тпырақ арасында кездеседі.
Қызылқұм және Мойынқұм топырақтарында баржоғы қарашірік 1%-дан да
төмендеу келеді. Жер асты суларының минералды тұздары жоғары көтерілуіне
байланысты және су ресурстарын дұрыс пайдаланбау себебінен топырақ
құрамында тұзды аймақ пайда болады. Бұл әсіресе, Шу өзенінің төменгі
саласында айқын бөлінеді. Бұл жерлерде топырақ беті 1-1,5% көлемінде жұқа
тұз қабатттарымен көмкерілген. Сырдария, Арыс, Шу өзендерінің аңғарларында
өзендердің су режимдерінің әсерінен құралған шалғынды- аллювиальді
топырақтапр таралған. Сырдария өзенінің батыс жағалауы Шарадара даласы,
Қаратау тауы, Қызылқұм құмды шөлі алып жатыр. Байырқұм- Арыс ойпаң
жерлерінен минералды су көзі барланаған.
Оңтүстік Қазақстанда топырақ жамылғысы биіктік белдеулік бойынша жақсы
байқалады. Бұл аудандарда топырақ жамылғысының белдеулік шекарасы мұндағы
табиғат зоналарымен абсолюттік биіктікте, орограюиялық ерекшеліктеріне және
ылғал алап келетін территориясында топырақ биіктігі белдеулік бойынша
бөлінеді:
1. Тау алды және етегіндегі штті сұр топырақ белдеуі.
2. Таудың құрғақ шалғынды қоңыр топырақ белдеуі.
3. Биік тауда альпілік және субальпілік тау шалғынды топырақ белдеуі.
Адам тіршілігнде топырақтың атқаратын қызметі мен маңызы өте зор.
Топырақтың құнарлы қабаты қлттың байлығы болып табылады.
Адамзатты тамақ қорымен қамтамасыз етуде аса маңызды әрі еш нәрсемен
алмастыруға болмайтын қайнар көзі, біздің тіршілігімізді айқындайтын басты
байлық.Сондықтан топырақты үнемі күтіп, оның келешек ұрпақтарға да
ойдағыдай қызмет етуі үшін жағдай жасау керек. Топырақты табиғи күйінде
сақтау ең алдымен адамның шаруашылық әрекетіне байланысты. Топырақ тозып
кетпес үшін үнемі байытып, оның құнарлығын арттырып отыру ертеңгі ұрпағымыз
үшін өте қажет. Топырақты эрозияға ұшыраудан сақтау үшін ағаш отырғызып,
ауыспалы егін егу керек.
Өсімдігі мен жануары - Оңтүстік қазақстан облысының көпшілік жерін
шөлдер алып жатыр. Шөлді жердің ерекшелігі жауын-шашынның өте аз мөлшері
(жылына 250-300 мм-ден температурасы +270, +280 жоғары) болып келуі
өсімдіктердің өсіп жетілуіне кері әсерін тигізеді. Шөлдік зонада өсімдік
дала аймағындай қаулап шықпайды, сирек селдір өседі. Бұл судың тапашы
болуына байланысты болады. Шөлді жерлерде өсімдік алдымен құмды төбешіктің
арасындағы ойпаттарда, беткейлерде өседі. Шөлде өсетін өсімдіктер
табиғаттың қатаң жағдайына бейімделген. Олар өз бойындағы ылғалды тез
жоғалтпау үшін жапырақтары тікенді қабыршаққа айналған немесе буланудан
сақтайтын түктері болады. Шөлде өсетін өсімдіктердің барлығының тамыры ұзын
келеді. Ағаш текті өсімдіктерден ақ және қара сексеуіл өседі. Қара сексеуіл
сортаң топырақты жерде өседі. Республикамыздың оңтүстігінде Арыс өзенінің
Сырдария құяр жерінде дермене жусаны өседі. Ол өсімдік дүние жүзінің басқа
жерінде өспейді.Биіктігі 30-50см, сабағы тік,тамыз,қыркүйек айында гүлдеп,
қазан, қараша айында жеміс береді.Дермененің құрамында дәрілік сантонин
деген зат бар.
Дермене –қазақстанның Қызыл кітабына кірген өсімдік.Шөлде көктемнің аяғы
немесе жаздың бас кезінде топырақта әлі ылғал бар кезде өсіп жетіп, аз
уақытта гүлдеп,одан жеміс беріп үлгеретін өсімдіктер бар.Ондай осу дәуірі
қысқа өсімдіктерді эфемерлер деп атайды.Сабақтарының өмірі қысқа болғанымен
өзі көп жылдық өсімдіктер – эфемеройдтар да өседі. Оған жауқазын, жуа,
пиязшықты қоңырбас жатады. Эфемерлі өсімдіктерге жусан, бозжусан, боялыш,
күйреуік, мия, Сырдарияның жағалауында сирек тоғай, бұталар, құрақ өседі.
Шөл зонаның негізгі табиғи қоры мал жайылымы болып табылады.
Облыстың кең - байтақ табиғат аймақтары түрлі жануарларға өте бай.
Онда жануарлардың 1400 – ге жуық түлері кездеседі. Ал балықтардың 8 түрі,
қосмекенділердің 3 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 9 түрі, құстардың 240 –
тан астам түрі, сүтқоректілердің 8 отрядына жататын 50 – ден астам түрлері
мекендейді. Жоғарыда айтылғандай, құстардың 128 түрі облыс жерінде ұялайды,
ал 38 түрі тұрақты мекендейді., 24 түрі қыстауға келеді, 85 түрі миграция
кезінде кездеседі.
Шөлді зонаның жануарлары өзен қоршаған табиғи ортаның қатал жағдайына
бейімделген және өздеріне тән ерекшіліктері бар. Шөлді жерде өмір
сүргендіктен, жануарлар жаздың ыстық аңызағы мен сусыздығынан қорғану үшін
күндіз індеріне кіріп немесе құмда көміліп жатады. Мысалы, құм сарышұнағы
мен құм тасбақасы шілденің ыстық күндерінде жазғы ұйқыға кетеді. Шөлдің
кейбір жануарлары – құм тышқаны, жіңішке саусақты сарышұнақ, торғайдың кей
түрлері ұзақ уақыт сусыз өмір сүре береді.
Балықтар классы бойынша Оңтүстік суларында, Шардара бөгенінде
жайындар, сазан, майшабақ, табан балық, жылан балық, үкішабақ сяқты сирек
түрлері кездеседі. Таулы аймақтарда бақалар 2800м биіктікке дейінгі
ендіктерде тіршілік ете алады. Құрбақалар қызыл кітапқа енген.
Жорғалаушылардың 9 – ға жуық түрлері кездеседі: ұзынсирақ, сығыркөз,
сұркесіртке, сарлан, дала тасбақасы, жыланкөз кесіртке жыландарының 6 түрі
кездеседі:оның ішінде оқжылан, қарашұбар жылан, далалық сұр жылан түрлеріне
жатады. Сарлан, оқжылан, төртжолақты шұбар жылан, сарықарын шұбар жыландар
қызыл кітапқа енгізілген.
Жануарлардан қасқыр, түлкі, құмқоян, кірпі, саршұнақ, қосаяқ,
жорғалаушылар кездеседі.
Мұнда құстардың 240 – тан астам түрі кездеседі. Оның 14 түрі Қазақстан
қызыл кітабына енгізілген.олардың ішінде қара дегелек, сақалтай, бүркіт,
лашын, жыланжегіш, ителгі, кіші құтан сияқты жыртқыш құстар тау беткейлерін
мекендейді. Облыс жерінде сүтқоректілердің 8 отрядына жатады. 1996 жылы
Қазақстанның қызыл кітабына тіркелгендері де кездеседі.
Оның 14 түрі Қазақстан Қызыл кітабында енгізілген. Олардың ішінде қара
дөңгелек, сақалтай, бүркіт, лашын, жылнжегіш ителгі, кіші құтан, сияқты
жыртқыш құстар тау беткейлерін мекендейді. Облыс жерінде сүтқоректілірдің 8
отрядына жататын 50-ден аса түрлері мекендейді. 1996 жылы Қазақстанның
Қызыл кітабына тіркелгендері де кездеседі.

2. 2. Арыс ауданының экономикалық- географиялық жағдайы.

Өнеркәсіп кәсіпорындары болып саналатыны өзінің күрделі құрылысы және
өзіндегі өнеркәсіптік емес бөлімшелер үшін сыртқа өткізуде, еңбекақы
есебінен өзендегі қызметкерлерге беруге, сондай-ақ тапсырыс бойынша
орындалған өнеркәсіптік сипаттағы жұмыс пен қызмет көрсетуге арналған
кәсіпорындар шығарған. Барлық дайын бұйымдар (өнімдер), өздері өндірген
жартылай дайын өнімдер (өзендегі шикізаттар мен материалдардан, сондай-ақ
тапсыпыс берушілірдің шикізаттары мен материалдарынан) құны.
Өнеркәсіп бойынша өнім көлемі тұтастай және олардың жекелеген қызмет
түрлері бойынша, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар мен оқшауланған
бөлімшелер өндірген өнеркәсіп өнімдернің, өнеркәсіптік сипаттағы жұмыс пен
қызметтің көлемі туралы деректер жиынтығ ретінде, құндық анықталады.
Қаланың әлеуметтік- экономикалық жүиесінің белгілі бөлігі
өнеркәсіп секторын құрайды. Арыс қаласы 1904 жылы теміржол стансиясы
ретінде құрылған. Сондықтан Арыс қаласының негізгі кәсіпорындарын теміржол
кәсіпорындары құрайды. Өнеркәсіпті теміржол кәсіпорындарына ВЧД - Арыс
ЖШС, Арыс шпал зауыты ЖШС, Қоңырат ЖШС жатады. Бұл кәсіпорындардың
жалпы өнеркәсіп өніміндегі үлесі 55 пйызды құрайды.
2004 жылы өнеркәсіп көлемі 1399,9 млн теңгені құрап, 2003 жылға қарағанда
116,9 пайызды құрап, 202 млн теңгеге ұлғайған. Оның ішінде кен өндіру
өнеркәсібі бойынша 10,8 млн теңгені электр энергиясын, суды және жылуды
өндіру және тарату бойынша өнім көлемі 127,7 млн теңгені құраған.
2003 жылға қарағанда тиісінше электр энергиясын, суды және жылуды
өндіру және тарату бойынша өнім көлемі 5,0 пайызға артқан.
2005 жылдың қорытындысы бойынша 1436,4 млн теңгенің өнеркәсіп
өнімдері шығарылады. 2004 жылмен салыстырғанда 126,3 пайыз құрап, өнеркәсіп
өнімдері 157,0 млн теңгеге артқан. Оның ішінде кен өндіру өнеркәсібі
бойынша 1225,4 млн теңгені, электр энергиясын, суды және жылуды өндіру және
тарату бойынша өнім көлемі 187,2 млн теңгені құраған.
Өнеркәсіп көлемінің негізгі салалары: кен өндіру өнеркәсібі,
энергетика, металургия өнеркәсібі, машина жасау өнеркәсібі, жеңіл
өнеркәсібі, химия өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі. Яғни бұл аталған өнеркәсіп
көлемінің барлығы айтарлықтай теміржол мекемелеріне тиесілі.

2. 2. 1. Кен өндіру өнер кәсібі.
Арыс қаласы брйынша кен өндірумен, табиғи құм, алтын құм ЖШС – гі
айналысады. Кәсіпорынның 2005 жылғы өндірген өнім көлемі 10.8 млн.теңгеге
өнім өндіріп, 2005жылға қарағанда 1120.4 пайыз артқан. Кәсіпорынның табиғи
түрде өндірген өнім көлемі 2006 жылы 30.3 мың құб метр.
Биылғы жылдың 1 тоқсанның қорытындысы бойынша 80 мың теңгеге табиғи
құм өндірілген. 2007 жылға кәсіпорын 31.05 мың құб метрге немесе 25.3 млн.
теңгеге табиғи құм өндірді леп күтілуде. Яғни былтырғы жылға қарағанда өсім
табиғи түрде 4 пайызға ақшалай түрде 6.3 пайыз артатын болады. Кәсіпорында
қазіргі таңда 20адам жұмыс істеуде. Жұмысшылардың орташа жалақысы 12 млн.
теңгенң құрайды.

2. 2. 2. Энергетика.
Қала аумағында 168 трансформаторлар, 416 шақырым жоғары кернеулі
злектр жүйелері мен 270шақырым төменгі кетнеулі электр жүйелері бар. Оның
ішінде жоғары кернеулі 35 кв 124.6 шақырым, 10кв 291.3 шақырым төменгі
кернеулі 0.4 кв 270.5 шақырым. 5290дана темір – бетон бағаналар, 5137 ағаш
бағаналар бар.
Арыс қаласы бойынша электр энергиясын өндіружәне тарату бойынша
Оңтүстік жарық ЖШС және Оңтүстік жарық - транзит ЖШС – терінің
бөлімшелері қаланы жарықпен қамтамасыз етуде. Бұл кәсіпорынның 2006 жылғы
өнім көлемі 87.2 млн. теңгені құраған.2005 жылға қарағанда 31.5 пайыз
арқан.
Электр желілер мен су және жылу құбырларын, күзгі – қысқы жұмысқа
дайындау жүргізіледі. 22 қазадықтың 22-і 12 шағын қазандықтың 12
ағымды.жөнделуден өткізілген. Жөнделуі тиіс 4км. Су құбырының 4 шақырымы
жоғары кғернеулі элетр желісінің 6.7 шақырым бөлігі жөндеуді қажет етсе,
бұл жұмыс толығымен атқарылды. Төменгі кернеулі электр желісінің 4 шақырымы
күрделі жөндеуден, 4 шақырымы ағымды жөндеденөткізілді. Қала және қалаға
қарасты елді мекендердегі тұрғындарды электр қуатымен қамтамасыз етуші
мекеме Оңтүстік жарық ЖШС – нің арыс қалалық электр жүйелері мекемесі
болып табылады. Қала орта есеппен электр қуатына тәуліктің қажеттілігі 51
мың квт – құралды. Оның қаражаты 1 квт сағ. 4.4 теңгеден 224400теңгені
құрайды. Қала аумағында 168 трансформаторлар, 416 шақырым жоғары кернеулі
0.4 кв 270.5 шақырым. 5290дана темір – бетон бағаналар, 5137 ағаш бағаналар
бар. 1 – тоқсанда 5230 мың квт электр қуаты пайдаланымға беріліп 21705 мың
теңге төлемақы төленіп отыр. Бұл қолданылған әлектр қуатының 94.8 төлем
ақысын құрайды. Электр қуаты үшін дебитарлық қарыз 5623.6 мың теңгені
құрпйды. Оның ішінде тұрғындар 1841.8 мың теңге, республикалық бюджеттен
1769.9 мың теңге, облстық бюджеттен743.8 мың теңге желгілікті бюджетке
623.1мың теңге және басқа да қарызданушы көздері 645.1 мың теңге.
Жергілікті бюджетке қарайтын мекеме басшыларына тез арада электр қуаты
20006 жылға қарағанда 2007 жылы 104.2 пайыз. 107.1 пайыз артады деп
күтілуде. Келешекте электр қуаты үшін төлем ақы 5.80 теңгеге көтеріледі деп
күтілуде. Бұл қазіргі бағамен салыстырғанда 132% құрайды. 2007 жылы
бюджеттен бөлінетін қаржыға тұрғын – үй құрылыстары салынбағандықтан электр
желілері көзделмей отыр.
2004 жылы Оңтүстік жарық ЖШС-гі бөлімшесінің өндірген өнім көлемі
66.3 млн тенге құраған.
2006 жылдың 1- тоқсанында өндірген электр энергиясының көлемі 31.3
млн теңгені құраған. Жыл соңына дейін 108.0 млн теңгеге жететін болады деп
күтілуде.

2. 2. 3. Металлургия
2005 жылды Казарсенал ЖАҚ-ның филиалы №2 өндірістік учаскесі
жарамсыз қару – жарақтарды, оқ дәрілерін айырып балқыту цехы жұмыс істей
бастады. 2005 жылы цехта 1.7 млн теңгеге металл өндірген. 2006 жылы
өңделген өнім көлемі 1.8 млн теңгеге жетеді деп болжануда. Яғни 2005 жылға
қарағанда 5.4% артатын болады.
2005 жылға өзге де металл емес минералды өнім шығаратын зауыт
ашу жоспарланған болатын. Бірақ тиісті қаражат көздерінің болмауына
байланысты зауыт ашылған жоқ.. Сол себепті 2006 жылға бұл сала бойынша өнім
жоспарланбаған.

шешім қабылдайды. Бұл жолдағы жұмыс 1914 жылы жазында Арыс стансасы жағынан
басталып, келесі жылдың қыркүйегінде Темір жол Шымкентке жетеді, оның 75
шақырымы 10-шы қазанда ғана уақытша жүк

2. 2.4. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі.
Бұдан басқа 2006- жылдың қаңтар- қараша да облыста да үй
шаруашылығында да 21896 т (2005ж тиісті кезегіндегі деңгейіне 104,0%) ірі
қара мал, шошқа ешкі, жылқы еттері мен тағамдық ішек қарындар өндіріледі.
Бұл олардың облыс бойынша көлемінің 74,8 % құрады өңделген сүт және
келегей, тиісінше – 36,2 мың теңге (102,9 %), 72,2 % жаңа пісірілген нан
135,6 мың тенге (105%), немесе 45,2 % өндірілді.
Тоқыма және тігін өнеркәсібі өңдеу өнеркәсібінің 18,5 %құрады.2006
жылдың қаңтар қарашасында осы саладағы кәсіпорындар 18545, 7 млн теңгенің
өнімін өндіруді және нақты 16,1 есе маталар -3,3 есе өзге де жұмыс киімдері
-2,7 есе, мақта иірім жіптері -2,4 есе, машина мен немесе қолмен тоқылған
жемпер, кардигандар және тағы басқа киімдер өндіру -2,2 есе ерлер мен
балаларға арналған сыртқы киімдер, трикатаждан басқа -15,9%, әйелдер мен
қыздарға арналған сыртқы, киімдері трикатаждан басқа -0,2% шығару
деңгейінің артуынан орын алды. Сонымен қатар, 2005 жылы қаңтар,
қарашасымен салыстырғанда ерлердің жұмыс киімдері -15,8 %, мақта талшығын
өндіру -8% төмендеді.
Былғары, былғарыдан жасалған бұйымдар және аяқ киім өндірісі
кәсіпорындарға 15,8 млн теңгенің өнімі өндірілді. Бұл 2005 жылдың қаңтар-
қарашасымен салыстырғанда 24,7% кем.Үстіміздегі жылдың 11-ші айында түгі
жоқ қойдың,ешкінің және шошқаның терісінен дайындалған былғары 1414,9 мың
шаршы дцм өндірілді.
Тамақ өнеркәсібі саласында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша
өнім көлемі 2004 жылы 18,1 млн теңгені құраған. Тамақ өнеркәсібі бойынша
жеке секторда ет өнімдері, сүт және ұн өнімдері өндірілуде.
Бұл сала бойынша қалада Арыс СТК (салолық тұтыну кооперативі) ұн
өнімдерін шығару, Бәйдібек ЖШС өсімдік майын шығару, Сымбат ЖШС ұн
өнімдерін шығару кәсіпорындары жұмыс істеуде.

2. 2. 5. Химия өнеркәсібі .
Кәсіпорындарда 5521,1 млн теңгенің өнімі өндірілді және 2005 жылы
тиісті кезегімен салыстырғанда 13,0% кеміді,бұл сабын,сабын ретінде
пайдаланылатын органикалық заттар мен препараттардың -22,9% кем шығаруынан
болып отыр.
Резин мен пластмасса бұйымдарын шығару кәсіпорындарында 1768,7 млн
теңгенің өнімі өндірілді және 2005 жылы тиісті кезеңмен салыстырғанда
1,4% кемиді. Негізінен пластмассадан жасалған құбырлар, түтіктер мен
шлангілер және олардың ерітінділерін 22,0 % кем шығаруынан болып отыр.
Өзгеде металл емес минералдық өндірісінде 2005 жылдың қаңтар-
қарашасының салыстырғанда киім өндіру көлемі 11,1 % артып отыр, 7957,2 млн
теңге құрады. Бұл құрылыс қажетіне арналған бетон заттарының -72%,
цементтің -24,2%, құрылыс кірпіштерінің – 18,3 % және тауарлық бетонның –
3,7% артық өндіруден орын алады.

2.2.6. Көлік кешені.
Қатты жамылғылы автокөлік жолының қашықтығы 315,4км. Қала аумағында
облыстық маңызы бар 273,0 шақырым, жергілікті маңызы бар 42,4 шақырым, қала
және ауыл ішілік 209,1 шақырым жолдар бар. Қала және ауыл ішілік жолдардың
37,7 шақырымы асфальтты, 22,45 шақырымы тас жолды, 73,25 шақырымы қара
жолды құрайды.
Қала ішіндегі жолдарды ағымдағы жөндеуден өткізуге 6435 мың теңге
қаралып, 6389 мың теңгесі игерілді. Қаладағы Ақымбеков, Майлықожа, Әйтеке
би, Ергөбек, Салықбаев, Қазыбек би көшелері Хлопком елді мекен жолдары
ағымдағы жөндеуден толық өткізілді. Бұл жұмыстарды "ЕР-НАР" ЖШС-гі
жүргізді. Қаладағы 8 көше жолдары ағымдағы жөндеуден өткізіліп, теміржол
көпірі астындағы жол асфальтталып, жиегіне су ағатын лотоктар қойылды.
Орталықтағы бір көшедегі аяқ жолдарға 753 шаршы метрлік плиталар төселді.
Ауылдық елді мекендерді дамыту бағдарламасына сәйкес 2004-2005
жылдары облыстық бюджеттен 129,6 млн теңге бөлініп, Арыс – Шағыр -Монтайтас
бағытында 12,6 шақырым асфальт жол салынды, 8,7 шақырым тас төселді. 44
метрлік көпір салынып, 8 автобус аялдамасы, 10 адамдық 8 павильон салынды.
Жол қозғалысын реттеу құралдары бойынша қала көшелеріне 33 жол
белгілері орнатылды. Аудандық ішкі істер бөлімінің жол полиция тобының
мемлекеттік автоинспекция тарапынан 15 жол белгілері орнатылды.
Дермене мен Теміржолшы елді мекендерін жалғастыратын аспалы
көпірді толығымен күрделі жөндеуден өткізілді. 3,3 млн теңге қаржы
жұмсалып, пайдалануға берілді. ОК-8 "Бука-Бақыт-Мырзакент-Жетісай-Шарда ра-
Арыс Темірлан" автомобиль жолының Москва-Ташкент бағытындағы 3215
шақырымындағы су өткеліне арналған көпірдің теміржол астындағы жол
асфальтталып, жолдың жиегіне су ағатын лотоктар қойылды. Жөндеу жұмыстарын
Арт-Комплекс ЖШС-і атқарды.
Облыстық бюджеттен ОК-92 Арыс-Монтайтас тас жолының аяқталуына 58
млн теңге қаржы қаралып, игерілді. Жоспарланған жұмыстар толық атқарылып,
қаралған қаржы толық игеріліп, жол пайдалануға берілді. Биылғы жылы қала
ішіндегі 8-шақырым жолдарды ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.
Қалаға 12 шақырым айналмалы жол салу жұмыстары ОҚО-ның экономика және
бюджеттік жоспарлау департаменті тарапынан, республикалық бюджеттік
инвестициялық жобалар тізіміне енгізу үшін ұсыныс беріліп, қаралу үстінде.
Қазіргі таңға инвестициялық жобалар тізімі енгізілді.

Автомобиль көлігі. Қаланың транспорттық инфрақұрылымы жүк
тасымалдайтын автокөлік, темір жол транспортынан, жолаушылар тасымалдайтын
автокөлік транспортынан тұрады.
Көлік инфрақұрлымы жүк тасмалдауда жүзеге асыратын негізінен темір жол
мекемелерінен, жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік
мекемелерінен тұрады. Жолаушыларды тасымалдаушы қала іші бағытында
“Автовокзал” ӨК-і атқарып келеді. Қала аралық бағытта “Меиржан моторс ”
ЖШС-і және ТВК ЖШС-гі атқарады. Қалада жүк тасымалдау 257 автокөлігі, 111
жеңіл автокөлтері бар.
Арыс қаласы бойынша 2004 жылы автокөлік транспортымен жүк
тасымалдау көлемі 1,55 млн тоннаны, жүк айналымы 57,9 млн тоннакилометрді
құраған. Жолаушыларды тасымадау көлемі автокөлік транспортымен 19,5 млн
адамды құраған, жолаушылар айналымы 116,3 млн жолаушыкилометрді құраған.
2005 жылы Арыс қаласы бойынша автокөлік транспортымен жүк тасымалдау
көлемі 1,5 млн тоннаны, жүк айналымы 64,6 млн тоннакилометрді құраған.
2005 жылы жолаушыларды тасымадау көлемі автокөлік транспортымен 14,7 млн
адамды құраған, жолаушылар айналымы 89,3 млн жолаушы километрді құраған.
2006 жылы Арыс қаласы бойынша автокөлік транспортымен жүк тасымалдау
көлемі 1,6 млн тоннаны, жүк айналымы 68,8 млн тонна километрді құрап,
2005 жылмен салыстырғанда өсім 6,6 % деп күтілуде. Жолаушыларды тасымадау
көлемі автокөлік транспортымен 15,7 млн адамды құрап, 2005 жылмен
салыстырғанда өсім 6,8% , жолаушылар айналымы 95,1 млн жолаушы километрді
құрап, 6,5 % құрайды деп болжануда.
2002 ж 2003 ж
2004 ж 2005 ж.
Өнім өндіру (млн тенге) 1601,5 1883,7 2141,4
2517,9
Оның ішінде:
Егін шаруашылығы 845,9 844,5 853,4
1323
Мал шаруашылығы 755,6 1039,2 1288,0
1194,

2. 2. 7. Машина жасау (локоматив және вагон)
Арыс стансасының тарихы 1900 жылы салына бастаған Орынбор-Ташкент
Темр жол құрылысымен байланысты. Бұл Оңтүстік Қазақстан аймағынан өткен
бірінші темір жол құрылысы Орынбор жағынан 1900 жылдың 10 маусымында
Ташкент жағынан 9 қарашасында басталды. 1904 жылдың 1 қаңтарында Орынбор-
Ташкент Теміржолының барлық желісі іске асты. Жүк жолаушы және әскери
тасымал істері барлық желі бойынша 1906 жылы көктемде басталса да жолды
ресми түрде пайдалануға беру сол кездегі жұмысшылардың ревалюциялық
көтерілісіне байланысты 1906жылдың қыркүйегіне ғана толық ашуға мүмкіндік
берді.
Патша өкіметі Оңтүстікпен экономикалық байланысты арттырып, нығайту
үшін 1913 жылы мамыр айында Шымкент арқылы өтетін Жетісу Темір жолдың
құрылысын салуға, жолаушылар пойыздарын өткізуге мүмкіндік алды. Құрылыс
басталған соң 3 жылдан кейін жол желісі Бурное стансасына жетті.
Темір жолдардың құрылыстарында негізінен қазақтар мен өзбектер еңбек
етті. Олардың саны Орынбор-Ташкент Темір жолында 3000 жетсе, жетісу Темір
жолында 1000 адам болды. Темір жол бойына орын тепкен бірінші жаңа
елдімекен 1900 жылы Арыс стансасы мен поселкасы болды. 1902-1905 жылдар
аралығында тұрған үйлер мен өнеркәсіптік ғимараттар салына бастады.
Құрылыстар Темір жол стансалары мен жергілікті ерекшеліктер ескерілген
жобалар бойынша жүргізілді.
Алғашында шағын станса ретінде құрылған Арыс 1956 жылы қала мәртебесіне
ие болады. Осы уақыттан кейін барып қалада 1957-60 жылдары құрылысы
аяқталған ірі мекемелер мен кәсіпорындар: Шпалға май сіңіру заводы ,
Жол жөндеу құрылыс орындары т.б. жол жөндеу мен жаңа құрылыстар тұрғызу
мекемелері іске қосылды. 1950 жылдың соңына қарай паравоздың орнына
тепловоз келді. Бұл өзгеріс тағы да вагондарды сұрыптау, рельстерді
ауыстыру сияқты бірнеше жұмыс орындарының қосылуына үлес тигізді.
1975-80 жылы Темір жол жүйесіне қатысты мекемелер мен Вагон жөндеу
және Тепловоз жөндеу депо құрылыстары іске қосылды. Қала тұрғындары үшін
бұл тағы да ауқымды жұмыс орындары көзінің ашылуымен қатар қаланың көркейіп
өсуіне үлкен үлесін тигізді.
Қалада Темір жол транспортының басымдылығына байланысты Арыс
стансасын Қазақстан Темір жолы Республикалық мемлекеттік кәсіпорын
бойынша бағыттар фабрикасы деп атайды. Бұл дегеніміз, стансадан шыққан
составтардың дені белгіленген жерге дейін сұрыптаусыз баратындығын
көрсетеді.
1990 жылы өнеркәсіп орындары және ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін
кіші кәсіпорындар мен шаруа қожалықтары жұмыстарын бастады.
Алғашқы поровоз. 1904 жылы дәлірек айтқанда, қаңтардың 15 жұлдызында
Ташкент-Түркістан-Шиелі телімі бойынша ақырын жылжыған пойыз Арысқа да
келіп жетті.

Мұнай – газды машина құрылысы. Қоңырат ЖШС электровоздарды
жөндеу, 2004 жылғы қызмет көлемі 280,1 млн теңгені құраған. 2005 жылғы
кәсіпорынның қызмет көлемі 358,8 млн теңгені құрап, 28,1 пайызға, 78,7 млн
теңгеге артқан. Табиғи түрде 2004 жылы кәсіпорын 470 электровоз жөндеп
шығарса, 2005 жылы 490 электровозды жөндеп шығарған. Биылғы жылдың 1-
тоқсанның қорытындысы бойынша 115,0 млн теңгеге қызмет көрсеткен.
Кәсіпорында қазіргі таңда 425 адам жұмыс істеуде. Кәсіпорында 303002
теңгені құрайды.
ВЧД- Арыс ЖШС жүк вагондарын жөндеу, 2004 жылғы қызмет көлемі 154,9
млн теңгені құраған. 2005 жылға кәсіпорын 126,7 млн теңгеге қызмет
көрсеткен. Табиғи түрде 2004 жылы 1049 вагон жөндеп шығарса, 2005 жылы 821
вагон жөндеп шығарған. Қызмет көлемінің төмендеу себебі КТЖ ҰҚ АҚ- мы
тарапынан тапсырыстың аз болуына байланыстыү Биылғы жылдың 1-тоқсанының
қорытындысы бойынша 23,4 млн теңгеге қызмет көрсеткен. 2006 жылы кәсіпорын
140,8 млн теңгеге қызмет көрсетеді деп күтілуде. Кәсіпорында қазіргі таңда
152 адам жұмыс істеуде. Орташа жалақы 22478 теңгені құрайды.
Құрылыс материалдары саласы бойынша өңдеу өнеркәсібі бойынша
қаладағы ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының бірі Арыс шпал зауыты ЖШС шпалға
май сіңіру, 2004 жылғы өнім көлемі 461,6 млн теңгені құрады. 2005 жылы
кәсіпорын 299,3 млн теңгеге өнім шығарған. КТЖ ҰК АҚ-мы тарапынан
тапсырыстың аз болуына байланысты 2005 жылғы өнім көлемі 2004 жылға
қарағанда төмендеген. Кәсіпорын негізінен тендерлік негізде жұмыс істейді.
2006 жылы кәсіпорын 308,3 млн теңгеге қызмет көрсетеді деп күтілуде.
Кәсіпорында қазіргі таңда 60 адам жұмыс істеуде, оның ішінде негізгі
жұмысшылыр саны 50 адамды құрайды. Кәсіпорында орташа жалақы көлемі 20417
теңгені құрайды.

2.3. Арыс ауданының ауыл шаруашылығы құрамы
мен даму проблемасы.
Осы уақытқа дейін біз өндіріс құралдарын- машиналар, конструкциялық
материалдар, отын шығаратын саларды оқып үйреніп келдік. Дегенмен, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер ресурстары туралы түсінік
Оқу (топографиялық, физика-географиялық) практикасы бойынша есеп
Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттарына физикалық-географиялық сипаттама жайлы ақпарат
Қаратау жотасындағы фосфорит кен орындарының геологиялық зерттелуі және олардың өңделуі
Қазақстан аймағы туралы көне замандағы мәліметтер
Пайдалы өсімдіктердің Оңтүстік Қазақстанда зерттелген аудандарда (сарыағаш, қазығұрт, арыс) таралуы
Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасы
Оңтүстік Қазақыстаның физикалық географиясы пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Оңтүстік Қазақстан экономикалық аймағының экономикалық географиялық жағдайы
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТЕРРИТОРИЯСЫНА ФИЗИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
Пәндер