Толтырғыштар


Толтырғыштар деп - табиғи немесе жасанды минералдық түиіршіктер араласын айтады. Түйіршіктер мөлшері ГОСТ бекітілген аралықта болады. Бетон құрамында бұл түйіршіктер байланыстырушы затпен біріктіріліп тас тәрізді мықты дене құрайды.
Толтырғыштар түпкі тегі бойынша табиғи, жасанды, өнеркәсіп қалдықтарынан алынғандар болып топқа бөлінеді.
Табиғи толтырғыштарды тау жыныстарын (гранитті, диабазды, диоритті, ізбест тасын, жанартаулық туфты, гравийді, кварцитті, мраморды т. б. ) механикалық қайта өңлеумен алады.
Жасанды толтырғыштар ретінде - шикізаттардан және өнеркәсіп қалдықтарынан термиялық немесе басқаша өңдеу тәсілімен алынатын арнаулы дайындалған материалдарды қолданады. Бұларға жататындар керамзит және оның түр-түрлері, термозит, шлактық пемза және т. б. Өнеркәсіп қалдықтарынан толтырғыштарды шикізаттың химиялық және фазалық құрамдарын өзгертусіз алады. Бұл топқа металлургиялық және отын шлагынан алынатын тығыз және кеуекті щебень мен құм, кесек дисперстелінген ТЭС күлі кіреді.
Бетонда майда және ірі толтырғыштарды қолданады. Майда толтырғыштар ретінде түиіршіктер мөлшері 0, 16- 5мм аралығында табиғи немесе жасанды құмды пайдаланады. Ірі толтырғыштар түйіршіктері 5-70 мм аралығында болатын ұсақ тас және шағал тас болып екі топқа жіктеледі.
МСТ 8267-82 талабына сәйкес ірі толтырғыш сапасы мынандай көрсеткіштермен - тығыздығымен, түйіршіктік және минеральдық құрамымен, түйіршік пішінімен, беріктігімен, мықтылығы нашар түйіршік мөлшерімен, аязға тұрақтылығымен, қуыстылығымен, кеуектілігімен анықталады. Тығыздығына байланысты 1. тығыз (Pm > 2000кг\м3), 2. кеуекті ( Pm < 2000кг\ м3) толтырғыштарға жіктеледі .
Кеуекті толтырғыштар негізіндегі бетондарды, басқаша айтқанда, жеңіл бетондарды тығыз толтырғыштармен жасалынған бетондар, яғни ауыр бетондар орнына қолдану үйлер мен ғимараттардың массасын төмендетуге және соған сәйкес көліктік және жинақтау операцияларының құндарын төмендетуіне, жылу қоршауын жақсаруына және де, үйді пайдалану барысындағы энергия шығынын азайтуға (жеңіл бетондарды пайдалануға байланысты жылу жоғалтуын 20-50 % ға азайту, демек үйді жылытуға кететін энергия шығынын 10-25% ға қысқарту) ықпалын тигізіп, үйлер мен ғимараттардың отқа, аязға, және жер сілкінуге төзімділігін асырады.
Кеуекті толтырғыштар негізіндегі жеңіл бетондардан жасалған қабырға конструкциялары қалыңдығы кірпіштен көтерілген сондай конструкцияларымен салыстырғанда 2 есе жұқа және энергия сыйымдылығы шамамен 1, 3 рет кем. Жеңіл бетондар көптеп жасалынатын конструкциялар ( қабырға панельдері, жабын плиталар, арқалықтар және т. б. ) жасауға және гидротехникалық ғимараттарда пайдаланады.
Жеңіл бетондар үшін қолданылатын толтырушылар өндіру тәсілдері бойынша жанартаулық табиғи және минералдық шикі қордан және өнеркәсіп өндіріс қалдықтарынан алынатын жасанды толтырушылары болып екі топқа жіктелінеді . Кәдімгі қатардағы толтырғыштар өндірісімен салыстырғанда жасанды толтырғыштар өндірісі қоршаған ортаны айтарлықтай ыластайтынын атап кеткен жөн. Онымен қатар, өнеркәсіптік қалдықтар ( металлургиялық шлактар, күлдер және жылулық электр станцияларының шлактары, көмірбайытудағы қалдықтар ағаш өңдеу қалдықтары т. с. с. ) кеуектік толтырушылар алуға жарамды да және тиімді де болатын бастапқы материалдар. Егер өндіріс қалдықтарына ұқыптылықпен қарайтын болсақ, олар әрі бағалы және әрі жартылай дайын материалдар болып саналады. Мұндай қалдықтарды жеңіл толтырушылар алуға пайдалану қоршаған ортаны сауықтыруға, толтырушылар шығаруға және үйлерді пайдалануға жұмсалынатын отын және энергетикалық шығындарды төмендетуге ықпалын тигізеді, жергілікті материалды пайдалану арқасында тасымалдау көлемі азайып, көлік саны едәуір қысқарылады, осының нәтижесінде, құрылыстық жұмыстар құны айтарлықтай төмендейді. Айталық күл және құмшлактық қалдықты бетондар араласпасын дайындағанда біршама цемент орнына қоспа ретінде пайдалануға жарамды. Оларды автомобиль жол құрылысында және ауыл шаруашылығында қолдану тиімді екені дәлелді. Бетон технологиясында, әсіресе, құрғақтай алынған күл тиімділеу. Көптеген зерттеулер нәтижелері және өндіріс практикасы бойынша құрғақтай алынған күлді 100-150кг\м3 мөлшерінде қолдану ауыр бетондарда 30-40 кг\м3 цемент үнемдеуге, бетон араласпасының технологиялық қасиетін жақсартуға, тығыздығын, су өткізбейтіндігін, сульфат тұрақтылығын асыруға және басқа да қасиетін жақсартуға әсерін тигізетіндігі, майда түйіршікті бетонда- мөлшері 50-70 кг\м3 цемент үнемдеуді, жеңіл бетондарда майда толтырушылар орнына қолдануды және біраз цемент үнемдеуді, ұялы бетондарда - ұнтақталған
кремнеземдік компонентінің орнына қолдануға және байланыстырушыларды үнемдеуге мүмкіндік болатыны дәлелденген. Бұдан былайғы зерттеу жұмыстарының міндеті - күл түйіршігінің және гранулометриясының, оның химиялық активтігінің және химиялық құрамының (әсіресе, сілтілер мен органикалық қалдықтардың) бетон қасиеттеріне тигізетін әсерлерін тексеру болып табылады; күл қосылған бетон мәнгілігін бақылау.
Ұсақ толықтырғыш ретінде табиғи немесе жасанды кұм пайдаланылады. Түйіршік өлшемі 0, 14-5 мм, тығыздығы р>1800 кг/м 3 . Жасанды құмды тығыз, ауыр тау тілімдерін ұсақтау арқылы алады. Құмның сапасын бағалауды оның тығыздығын, түйіршік арасының бостығын, ылғалдылығын, түйіршік құрамы мен ірілік модулін анықтайды. Сонымен қатар құмның басқа да сапалық көрсеткіштерін түйіршік пішінін, кедір-бұдырлығын зерттейді. Құмның түйіршіктік немесе гранулометриялық құрамы ГОСТ 8736-77 талаптарына сай болуы керек. Құмның гранулометриялық кұрамын кептірілген кұмды тесігінің өлшемі 5; 2, 5; 1, 25; 0, 63; 0, 315; 0, 14 мм болатын ситадан өткізу арқылы аныктайды. Ситадан өткізу нәтижесінде әрбір ситада а 1 қалдық қалады. Оны ситадағы қалдық массасын m i кұмның толық массасы m қатынасымен анықтайды.
А i толық қалдықты анықтаймыз
мұндағы, А - ситадағы толық қалдық.
Ірілік модулі бойынша құмды ірі (М к >2, 5), орташа (М к =2, 5-2), майда М к =2-1, 5), өте майда (М к =1, 5-1) .
Бетон қоспалары стационарлы бетон зауыттарында немесе қозғалмалы бетон араластырғыш қондырғыларда дайындалады. Бетон қоспасының сапасына, дайындау процесіндегі оның араласу сапасы әсер етеді, Араластыру ұзақтығы бірнеше минутқа созылады. Қажет болған жағдайда бетон қоспасын 5 сағаттан кейін қайтадан араластыруға болады. Бетон қоспасын даярлауда құрамындағы материалдың өлшемі маңызды роль атқарады. Цемент пен су массасы бойынша мөлшерлеу ауытқуы ±1%, ал толықтырғыштар үшін ±2 аспауы тиіс. Дайын бетон қоспасын, кұю орнына арнайы транспорт кұралдарымен жеткізеді. Дайын бетон қоспасын құю орнына дейін тасымалдау ұзақтығы 1 сағаттан аспауы тиіс. Қазіргі кезде бетон механизациялайтын бетон құйғыш көмегімен жүргізеді, құю кезінде бетон қоспасын тығыздау барлық аралықтарды сапалы толтыруды қамтамасыз етеді. Бетон қоспасын тығыздаудың кең тараған әдісі - вибрациялау. Бетон қоспасын вибрациялағанда ондағы үйкеліс төмендейді, аққыштығы жоғарылайды, қоспа ауыр тұтқыр сұйықтық түріне өтеді және өз салмағымен тығыздалады. Тығыздалу процесінде бетон қоспадан ауа шығарылып бетонның беріктігі артады. Бетонның беріктігін, суыққа төзімділігін, су өткізбейтіндігін жоғарылату үшін бірінші вибрациялаудан кейін 1, 5-2 сағаттаи кейін қайта вибрациялайды.
Толтырғыштарға қойылатын талаптар.
Ірі толтырғыштар ретінде бетон үшін ГОСТ 8267 талабына сай түйіршіктері (бөлшектері) 5мм-ден жоғары ﴾ қиыршықтас, шағылтас ( . ГОСТ 5578 талабына сай қара металлургияды қожды ферроқорытпалар және түсті металлургияда никельді және мысбалқыту негізінде алынатын қиыршық тастар, және де ГОСТ 26644 талабына сай ТЭЦ қалдықтарынан алынатын қиыршық тастар.
Ірі толтырғыштардың орташа тығыздықтары 2000-нан 3000 кг/м-ға дейінгі аралықта болу керек.
Ұсақ толтырғыштар негізенде түйіршіктері 5мм-ге дейін - табиғи құм немесе ГОСТ 8736 және ГОСТ 31424 талапары бойынша шынайы тығыздығы 2000-нан 2800 кг/м-ге дейін болатын тау жыныстарының ұнтақтап елеу арқылы алынған құм. ГОСТ 5578 талабына сай қара металлургияды қожды ферроқорытпалар және түсті металлургияда никельді және мысбалқыту негізінде алынатын құм, және де ГОСТ 25592 бойынша күл-қоқыс қспасы(золошлаковые), ГОСТ 25818 бойынша кул-қоқыс.
Бетон қоспасын дайындаған кезде ірі толтырғыштарды бөлек мөлшерленген фракция түрінде қолдану керек. Толтырғыштардың ең үлкен ірілігін стандарттарға, техникалық талаптарға сай орындалуы керек немесе бетон сызба жұмыстарында және темірбетон конструкциялары мен бұйымдарына сай орнатылуы тиіс.
Ірі толтырғыштардың тйіршіктерінің ірілігіне байланысты стандарттық фракциялары
1кестеде көрсетілген.
Кесте -1 - Ірі толтырғыштардың стандартты фракциясы.
Ірі толтырғыштардың аралас фракциялары қоспа түрінде қолданылуы 2 кестеде көрсетілген талаптарға сай қолдануға рұқсат етіледі.
Кесте - 2 - Бетон құрамына ұсынылатын ірі толтырғыштардың жеке фракциялары
Қиыршық тастың құрамында метаморфты тау жыныстарының атқылама әсерінен пайда болған шаңды және сазды түйіршіктерінің мөлшері массасы бойынша 1% аспау керек.
Қиыршық тастың құрамында шөгінді тау жыныстарынан пайда болған шаңды және сазды түйіршіктерінің мөлшері массасы бойынша 3% аспау керек.
Ірі толтырғыштардың құрамында пластикалық және инелі формадағы түйіршіктердің мөлшері массасы бойынша 35% аспау керек.
Таблица 4 - Толтырғыштардың құрамында зиянды қоспалардың рұқсат етілген мөлшері 3-кестеде келтірілген.
Бетон құрамына әсер ететін зиянды қоспаларға сипаттама
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz