Әшекей бетондары


Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда құрылыс саласында жаңа технологиялар қолданылады, жаңа технологиялар таңқаларлық дизайнерлік кескін алуға мүмкіндік беріп отыр. Мамандар қазіргі кезде декоративті әсем бұйымдарды қарапайым құрылыс материалдарынан жасауда. Мұндай әсемдік декоративті бұйымды қарапайым бетоннан да алуға болады. Әшекей бетондар бүгінгі таңда құрылыс материалы ретінде кең таралған. Араласпа дайындау үшін толтырғыштардың түрі көбірек болады. Әр толтырғыш нәтижелі әсем бұйым алуға өз септігін тигізеді.

Тәжірибелердің көрсеткіші бойынша кейде бірінші орынғы бұйымның сыртқы көрінісі және эстетикалық жағы қойлады. Осы мәселелерге байланысты қажеттіліктерді өтеу үшін әшекейлі бетон ойлап табылды. Әшекейлі бетон қолжетімді бағада сатылады. Араласпаны өздігінен немесе зауытта дайындалады. Құрамды зауытта шығару сапалы, берік бұйым алуға өте қатты әсер етеді. Әшекей бетонның араласпасының құрамындағы компоненттер мұқият мөлшерленуі керек. Бұл процесс жақсы нәтиже алуға және жоғары техникалық талаптарды қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Араласпаны үй жағдайында дайындаған да қарапайым ережелерді сақтаған жөн. Зауытта дайындалған араласпаға қарағанда сипаттамасы біршама төмен болады.


1 Технологиялық бөлім

1. 1 Өндірілетін онім номенклатурасы

Әшекей бетон бірнеше түрде шығарылады. Әрбір әшекей бетонның құрамы мен тағайындалуы әр түрлі болып табылады.

  1. Түсті. Материалдың баспалы түрін өндіруде қолданылатын пигменттердің саны 10-ға жуық. Пигменттредің құрамы, қоршаған ортаның жағымсыз әсерлері кезінде өзінің түсін ұзақ уақыт аралығында жоғалтпайтындай етіп жасалынған. Көбінесе, мамандар декоративті бетонның сыртқы бетін белгілі бір түспен бояу үшін тотықты бояғыштар мен металл тұздары негізіндегі бояғыш заттарды қолданады. Мысалға, хром тотығы араласпаға жасыл түс береді.
  2. Тасқа ұқсатылу. Қазіргі заманғы өңдеу технологиялары өндірушілерге сыртқы көрінісі тасқа ұқсайтын бұйымдарды өндіруге мүмкіндік береді. Әшекей бетонның сыртқы көрінісіне қараған кезде табиғи тастан айыру мүмкін болмайды.
  3. Беткі қабаты бедерлі (рельефті) құрылымды декоративті бетон. Мұндай декоративті бетон түрін алу үшін бетон құрамына арнайы толтырғыштарды қосу керек. Кейіннен құрылысшылар арнайы ерітінді немесе арнайы құралдардың көмегімен беткі қабатын алып тастайды. Декоратитівті әрлеу ұнтақталған мрамор немесе басқа материалдардың көмегімен жүзеге асыпылады. Сұр және қызыл түсті бояғыш зат негізінде дайындалған декоративті бетон өте әсерлі көрінеді.

Әшекей бетонды ақ және түрлі түсті цементтерді және арнайы толтырғыштарды қоса отырып дайындайды. Құрамына және тағайындалуына байланысты декоративті бетондарды түрлі - түсті бетондар және жай бетондар, табиғи тастар немесе өздігінен ерекше құрылымға ие тастар болып бөлінеді. Қажетті жағдайда декоративті құрылым алу үшін бетонның беткі жағына арнайы өңдеу жүргізеді. Бетон араласпасының иілімділігі бетон бұйымдарына әр түрлі конфигурация береді, бұйымды бедерлі бетпен қалыптау керек, ғимараттар мен құрылыс нысандарында әр түрлі декоративті элементтер дайындайды.

Жұмыс орнына жобаланған әшекей бетон, маркасы М300, КТ=2 - 4 см болатын ауыр бетоннан жасалады.

1-кесте - Шығарылатын өнімнің номенклатурасы

Бетон түрлері (ерітінді)
Бетон классы, маркасы
Жылжымалық, см
Ірі толтырғыштардың ең үлкен ірілігі, мм
Мөлшері, м 3 /год
Бетон түрлері (ерітінді): Гранит негізіндегі әшекей бетон
Бетон классы, маркасы: М300
Жылжымалық, см: 2-4
Ірі толтырғыштардың ең үлкен ірілігі, мм: 20
Мөлшері, м3/год: 70
Бетон түрлері (ерітінді): Әктас (мраморлы) негізіндегі әшекей бетон
Бетон классы, маркасы: М200
Жылжымалық, см: 4-6
Ірі толтырғыштардың ең үлкен ірілігі, мм: 40
Мөлшері, м3/год: 50
Бетон түрлері (ерітінді):

Ұсақтүйіршікті әшекей бетон

(гранит негізіндегі мраморлы ұнтақ бетон)

Бетон классы, маркасы: М100
Жылжымалық, см: 4-6
Ірі толтырғыштардың ең үлкен ірілігі, мм: -
Мөлшері, м3/год: 20

1. 2 Бастапқы шикізаттар

1. 2. 1 Байланыстырғыш заттар

Түсті бетон алу үшін ақ, түрлі түсті цементтер және әр түрлі минералды немесе органикалық пигменттер қолданылады. Ақ цементті ағарту үшін оған титанның екіоттегін TiO 2 қосады. Түрлі түсті бетондарда қолданылатын пигменттер жоғары түсті және сілтіге тұрақты қасиетке ие болуы керек.

Әшекей бетонды дайындау үшін байланыстырғыш негізінде - TOO «SERILIK-M» компаниясынан арнайы тапсырыспен, қоспасыз - 400-Д0 - ГОСТ 965 болатын ақ портлантцемент қолданылады. Қожы бар портланцементтің минералдық құрамы 2-кестеде көрсетілген.

2-кесте - ГОСТ 10178-85 талаптарына сәйкес цементінің минералдық құрамы, Массасы бойынша %,

Құрамындағы минералдар: Құрамындағы минералдар
Құрамындағы минералдар: C 3 S
C 2 S
C 3 A
C 4 AF
Құрамындағы минералдар: 53, 16
21, 38
8, 93
16, 53

Ақ порталанцементтің минералдық құрамы 3-кестеде көрсетілген.

Құрамындағы минералдар: Құрамындағы минералдар
Құрамындағы минералдар: C 3 S
C 2 S
СзА
C 4 AF
Құрамындағы минералдар: 46, 67
36, 34
16, 01
0, 98

3-кесте- ГОСТ 965-89 талаптары бойынша ақ портланцементтің минералдық құрамы. Массасы бойынша %

Қожы бар портланцементтің сипаттамасы 4-кестеде көрсетілген.

4-кесте - ГОСТ 965-89 цементінің сипаттамасы

Көрсеткіштердің аталуы: Көрсеткіштердің аталуы
Мәні: Мәні
Көрсеткіштердің аталуы: ГОСТ
Мәні: Берілген ПЦ
Көрсеткіштердің аталуы: Електегі қалдығы, 008, %, көп емес
Мәні: 15
10
Көрсеткіштердің аталуы: Цемент қамырының қалыпты қоюлуғы, %
Мәні: 24-29
27, 5
Көрсеткіштердің аталуы:

Байланысу мерзімдері, мин. :

басталуы, ерте емес

-соңына кеш емес

Мәні:

45

600

150

480

Көрсеткіштердің аталуы: Қопсытылған күйіндегі төгілмелі тығыздығы, кг/м 3
Мәні: 1100-1200
1100
Көрсеткіштердің аталуы: Шынайы тығыздығы, кг/ м 3
Мәні: 2900-3100
3000

ГОСТ 965 талаптары бойынша 1-400-Д0 болатын ақ портланцементтің сипаттамасы 5-кестеде көрсетілген.

5-кесте - ГОСТ 965 талаптары бойынша 1-400-Д0 болатын ақ портланцементтің сипаттамалары

Көрсеткіштердің аталуы: Көрсеткіштердің аталуы
Мәні: Мәні
Көрсеткіштердің аталуы: ГОСТ
Мәні: Берілген ПЦ
Көрсеткіштердің аталуы: Електегі қалдығы, 008, %, көп емес
Мәні: 15
3, 4
Көрсеткіштердің аталуы: Цемент қамырының қалыпты қоюлуғы, %
Мәні: 24-29
25, 5
Көрсеткіштердің аталуы:

Байланысу мерзімдері, мин. :

басталуы, ерте емес

-соңына кеш емес

Мәні:

45

600

120

280

Көрсеткіштердің аталуы: Қопсытылған күйіндегі төгілмелі тығыздығы, кг/м 3
Мәні: 1100-1200
1150
Көрсеткіштердің аталуы: Шынайы тығыздығы, кг/ м 3
Мәні: 2900-3100
3100

1. 2. 2 Толтырғыштар

Толтырғыштардың ірілігі 10 мм-ге дейінгі аралықта болғанда цемент шығыны 450 . . . 500 кг/ м 3 м^{3} құрайды. Түсті бетон ретінде майда түйіршікті толтырғышты бетондар қолданылады. Декоративті бетондарға таза кварцты құмдар қолданылады. Ірі толтырғыш ретінде ашық түсті әктас және доломит қолданылады. Сонымен қатар тасты ұнтақтар, ұнтақталған құм, мрамор тастары, гранит, туф кеңінен қолданылады. Ірі толтырғыш бетонның түсіне айтарлықтай әсер етпейді. Бетонның түсіне майда толтырғыштар әсер етеді, өлшемі 0, 3 мм ден аспайтын толтырғыштар жатады.

Гранит негізіндегі декоративті бетон үшін ауыр толтырғыш ретінде түйіршіктерінің ірілігі 20 мм болатын гранитты қиыршық тастар қолданылады. Декоративті бетон жеткілікті берік, жоғары аязға төзімді болу керек, бетон маркасы М300, сондықтан ауыр толтырғыш ретінде «Жельтауское» (Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы) кен орнынан жеткізілетін гранитты қиыршық тасын қоладанады. Дкоративтік көрсеткіші 33 балл.

Мраморлы қиыршық тас негізіндегі декоративті бетон үшін мраморлы әктәс қолданылады. Өйткені тауарлы бетон мен тауарлы ерітіндінің маркасы М200 аспайды. Мраморлы әктас «Акбастау-Кызылсайское» (Жамбыл облысы, Қордай ауданы) кен орнынан жеткізеледі.

Ауыр толтырғыштардың беріктігі классы В22, 5 болатын бетонның беріктігінен 2 есе жоғары болу керек.

Толтырғыштардың құрамында пластинкалы және инелі бөлшектердің мөлшері 35 % аспау керек. Атқылама тау жыныстары үшін қиыршық тастың маркасы 600 төмен болмау керек. Қиыршық тастың құрамында әлсіз түйіршітердің және үгітілетін тау жыныстарының болуы 10% кем болмауы керек. Саздардың кесектелген түрде 0, 25% аспайды немесе толтырғыштардың бетінде қабық сияқты болуына жол берілмейді. Ластаушы қоспалардың болуына жол берілмейді. Сазды, қоймалжың және шаңды заттардың мөлшері 3% аспауы керек.

Мраморлы әкті қиыршық тастың физико-техникалық көрсеткіштері 6-кестеде көрсетілген.

6-кесте - Мраморлы әктастың физико-техникалық көрсеткіштері

Кен орнының атауы
Физико-технические показатели
R сж , МПа
ρ, кг/м 3
ρ н, кг/м 3
F, цикл
Кен орнының атауы: «Акбастау-Кызылсайское»
Физико-технические показатели: 60
2650
1450
150

7-кесте - Граниттің физико-техникалық көрсеткіштері

Кен орнының атауы
Физико-техникалық көрсеткіштер
R сж , Мпа
ρ, кг/м 3
ρ н, кг/м 3
F, цикл
Кен орнының атауы: «Жельтауское»
Физико-техникалық көрсеткіштер: 215
2700
1400
200

Ұсақ толтырғыш ретінде тау жыныстарынан ұсақталған табиғи да, жасанды құмдар да қолданылады. Құмдардың сапасы құрамындағы қосапалардың мөлшері және түрімен, түйіршіктерінің формасы және түйіршіктік және минералдық құрамы мен ірілігімен анықталады.

Бетондарды дайындау іс жүзінде көбіне кварц құмдары, сондай-ақ аязға төзімді тау жыныстарынан ұсақталған құмды қолданады. Түйіршіктердің жоғары беріктігінің арқасында бетонның қажетті маркасы қамтасыз етіледі.

Әшекей бетон үшін ең жақсы құм ретінде ірілік модулі (Мі) 1 және 3, 5 аралығында болатын құмдарды пайдаланады. Бетон араласпасын дайындау үшін табиғи, кварцты немесе далашпатты құмдар немесе қоспалармен дайындалады. Қоспа ретінде жасанды құмдар- ұнтақталған берік, аязға төзімді жыныстар қолданылады. Құмдар мына стандарттарға сай болуы керек МЕСТ 8736-85, МЕСТ 10268-80. Құмдардың ірілік модулі 2, 1 ден жоғары болуы керек. Құмның құрамындағы сазды, шаңды бөлшектердің мөлшері құмның массасынан 3% кем болуы керек.

Ұсақ толтыорғыш ретінде орташа ірілікті құм қолданылады. (Мк=2, 3)

Құмның физикалық сипаттамалары 8-кестеде көрсетілген.

8-кесте - Құмның физико-теханикалық көрсеткіштері

Кен орнының атауы
Тығыздық, кг/м 3
Төгілмелі тығыздығы, кг/м 3
Ірілік модулі
Қуыстылық, %
Сазды қоспалардың мөлшері, %
Кен орнының атауы: «Джусалинское»
Тығыздық, кг/м3: 2600
Төгілмелі тығыздығы, кг/м3: 1600
Ірілік модулі: 2, 3
Қуыстылық, %: 38, 5
Сазды қоспалардың мөлшері, %: 1, 42

1. 2. 3 Су

Оптималды тұрғыдан қарағанда сапалы декоративті бетон алу үшін с/ц қатынасы 1/2 . . . 1/3 болу керек.

Қоспаны араластыруға кететін су ГОСТ 23732-79 талаптарын қанағаттандыруы тиіс. Судың құрамында органикалық, беттік белсенді заттардың, қант немесе фенолдардың мөлшері 10 мг/л асапу керек, және судың құрамында мұнай өнімдерінің қабықтары және май болмауы керек. Судың тотықсыөдануы 15 мг/л көп болмауы керек. Судың құрамында еритін тұздар, SO 4 -2 , Сl -1 иондары және өлшенген бөлшектердің мөлшері белгіленген мәндердің асып кетпеуі керек. Судың сутектік көрсеткіші (рН) 4 кем емес және 12, 5 жоғары болмауы керек. Сондай судың құрамында цементтің ұстасу және қатаю мерзімдеріне әсерін тигізетін және бетонның бетонның беріктігі мен аязға төзімділігін төмендетеін қоспалар болмауы керек.

Ағындармен ластанған техникалық және табиғи суларды көрсетілген мәндері бойынша асып кетуге мүмкіншілік беріледі, бірақ тек хлор ионынан басқа және де олар берілген жоба бойынша бетонның сапасын қажетті мөлшерде қамтамасыз еткен жағдайда ғана қолданылады.

Түсті бетондағы судың шығынын алдын ала сынақтар жүргізіп анықтайды және әрдайым қадағалап отырады, суды қадағалау барысында ауытқулар болатын болса онда бетонның түсі бұзылуы мүмкін. Бұйымды қалыптау үшін иілімді, майлы бетон араласпасын қолданады, себебі ол жақсы қалыпталып қатпарлануға жол бермейді. Бұйымның құрамындағы судың, цементтің шығынын азайтып ұзақ мерзімділігін арттыру үшін пластификаторлар және суперпластификаторлар, сонымен қатар кешенді қоспалар қосылады.

1. 2. 4 Қоспалар

Бетон қоспасы және бетонның қасиеттерін реттеу мақсатында және компоненнттердің құрамына экономикалық эффект беру үшін қоспалардың екі түрі қолданылады: химиялық және майда ұнтақталған минералды қоспалар.

Неғұрлым тиімді қоспаларға бірінші түрі жатқызылады, олар аз мөлшерде қосылады (цемент массасының 0, 1-ден 2% - ға дейінгі аралығында болады) . Майда ұнтақтлған қоспалар цемент массасына 5-тен 20 % шығынмен қосылады. Жобаланып отырған жұмысорнында цемент массасынан 0, 5% мөлшерде С-3 пластификаторы қолданылады, ол бетон қоспасының ыңғайлықалыптануы мен жылжымалығын жақсартады.

Бұйымның ұзақ мерзімділігін арттыру үшін және түсті бетондардың беттік тұздарымен күресу үшін гидрофобтар, майда ұнтақты қоспалар немесе бетонды полимерлермен қанықтырады. Бетонның бірқалыпты түстілігін алу үшін арнайы қоспалар пайдаланылады (ОП-7 және т. б. ) . Жақсы нәтиже алу үшін алдын ала араластырғышта дайындалған түсті араласпаны дайындап алады, оған арнайы пигменттер, су және қоспалар қосады. Соңғы кездері араласпа дайындау үшін ротационды-пульсационды апараттар пайдаланады, онда араласпа динамикалық әсерлерге ие болады. Түсті бетонның қатпарлануын төмендету үшін және бояудың біркелкілігіне жету үшін ауа тартқыш қоспалар пайдаланылады.

1. 2. 5 Пигменттер

Минералды пигмент ретінде жиі қолданылатындары металдың оксидтері немесе тұздары пайдаланылады. Бұл пигменттер цемент массасының 1-5 % көлемінде қосылады, тығыздығына және басқа да қасиеттеріне байланысты қосылады. Пигменттер кең гамма түстерін алуға мүмкіндік береді: қызыл түс алу үшін- темір оксиді, жасыл түс алуға- хром оксиді, күлгін түс алуға- марганец оксиді және қара түс алу үшін- марганец пероксиді пайдаланылады. Пигменттерді араластыру арқылы әр түрлі түсті бетон алуға болады.

Соңғы уақытта әр түрлі органикалық пигменттер және бояғыштар пайда болды, олар бетонға интенсивті әрлену береді және бетонға қосқанда цемент массасының бар болғаны 0, 1 . . . 0, 2% ғана алатын көлемде қосады және жоғары түсті және сілтіге төзімді болып келеді. Керекті тығыздықта және жақсы түсті бетті бетонды алу үшін қарапайым бетонға қарағанда цемент шығыны көбірек болады.

Түсті бетон араласпасына қосылатын пигменттер мына талаптарды қанағаттандыруы қажет:

- жоғары дисперсті болу керек: меншікті беті цементтің меншікті бетіне жақын болу керек, себебі араласпаның гомогендігін қамтамасыз еті үшін;

- жоғары бояғыштық қасиетке ие болу керек;

- сілтіге төзімді болу керек;

- күн сәулесіне және атмосфералық әсерлерге тұрақты болу қажет;

- суда еріткіш болмау керек, цемент қатайғанда оның ұстасу мерзіміне әсер етеді;

- жеңіл ерітінді тұздар болмау керек;

2-кесте -Түсті бетон алу үшін қолданылатын пигменттер және олардың құрамы

Тағайындалған пигменттер
Тағайындалған пигменттер: Түс
Пигменттер
Пигменттердің бетон араласпасындағы цемент массасына байланысты мөлшері, %
Тағайындалған пигменттер: бейорганикалық (минералды)
Органикалық
Тағайындалған пигменттер: Қызыл
Темір оксиді ТУ 6-10-667 бойынша
-
3
Тағайындалған пигменттер: Көк
Кобальт оксиді ТУ МХП 1911 бойынша
-
0, 4
Тағайындалған пигменттер: Жасыл
Хром оксиді ТУ МХП 1927 бойынша
Фталоцианды МЕСТ 6220 бойынша
0, 5

1. 3 Өндіру әдісін таңдау және негіздеу

Бетон араласпасын дайындау үрдісі келесідей операциялардан тұрады:

  • құрама материалдарды (цемент, толтырғыш, қоспа) қабылдау;
  • сақтау қоймасына жөнелту;
  • мөлшерлеу;
  • сумен араластыру;
  • дайын болған бетон араласпасын тасымалдағыш құралдарға жөнелту.

Технологиялық жабдықтардың құрастырылуна байланысты бетон араластырғыштарының тік (вертикальды, мұнаралы) және партерлі (екі сатылы) болып бөлінеді.

Мұнаралы үлгідегі бетон араластырғыш қондырғыларының технологиялық жабдықтары тік жағдайда орналатырылады. Осылайша, бетон араласпасының барлық компоненттері мұнаралы үлгідегі араластырғыш қондырғысының пайдаланылатын бункерлеріне конвейер немесе элеваторлардың көмегімен жоғарыға қарай көтеріледі. Материалдар пайдаланылатын бункердің төменгі жағымен қозғалып, мөлшерлегішке келіп түседі, кейін ауырлық күшінің әсерінен бетон араластырғышына түседі. Дайын болған араласпа үлестіруші бункерге түсірілгеннен кейін ауырлық күшінің әсерінен көлікке келіп түседі. Мұндай қондырғылардың биіктігі әдетте айтарлықтай биік болмайды және өндіріс алаңындағы көлемі шағын болады.

Мұнаралы үлгідегі циклді (кезеңді) бетон араластырғыш қондырғысын партерлі бетон араластырғыш қондырғысымен салыстырғандағы артықшылықтары келседей болады:

-қондырғыны өндіріс жағдайында орнату, орналастыру жеңіл;

-өндірістің өнімділігін жоғарлатуға өз септігін тигізеді.

Циклді бетон араластырғыш қондырғыларының жоғарыда аталған артықшылықтарға ие болу себебі, материал тасымалдаудың аралық операциялары кезінде технологиялық кезең (цикл) бойынша өтетін толық уақыттың қысқартылыуына байланысты болады.

Партерлі үйлестіру, құрастыру кезінде төгілмелі материалдар технологиялық циклді өтуде жоғарыға қарай екі рет көтеріледі. Алдымен конвейер және элеватордың көмегімен расходные бункерлерге көтеріліп, кейіннен конвейермен бетон араластырғышына салу үшін жоғарыға қарай көтеріледі. Бұл кезде қондырғының биіктігі айтарлықтай биік емес және өндіріс алаңындағы көлемі шағын.

Партерлі типті циклді бетон араластырғыш қондырғылары негізінен құрылыстың бастапқы кезңінде бетон араластырғыш қондырғысын тез арада пайдалану қажет болған жағдайда, құрылыс нысандарында, бетон өндіретін зауытты қайта орналастыруда қолданылады.

Партерлі схема бойынша құрастырылған бетон араластыру цехы тік схемада өндіретін бетон араласпасын дайындау цехына қарағанда көп еңбекті қажет етеді және дайындалатын бетон араласпасы негізінде жасалынған бұйым бағасы қымбатқа шығуы мүмкін.

Осылайша, аталған өндіру схемаларының артықшылықтары мен кемшіліктеріне, сонымен қатар өнеркәсіптің шығаратын бұйым номенклатурасына сүйенсек, бетон аралстырғышы ретінде тік құрастырылған технологиялық жабдық ең тиімді болып саналады.

Негізгі шикізат материалдары өнеркәсіпке теміржол және автокөлік транспорттары арқылы жеткізіледі, кейіннен келіп түскен шикізат сапасын бақылап бетон араласпасын жасауға дайындайды. Тексерілген және дайындалған шикізат материалдары пайдаланылатын бункерлерге тасымалданады, ол жерден белгілі бір мөлшерлік қатынаста (мөлшерлеу) бетон араластырғышына келіп түседі.

Массасы бойынша мөлшерленген бетон құрамдарын араластыруға ұшыратылады. Араластыру үрдісі бетон араласпасын құрайтын құрамдардың біртекті таралуын қамтамасыз етеді. Мұқият араластыру жеткіліксіз болған кезде - бетон өзінің қажетті беріткік көрсеткіштерін жинай алмайды. Материал бетон араластырғышта араластырылады. Жылжымалы бетон араласпасын дайындайтын өндірістерде гравитациялық бетон араластырғыш жабдықтарын қолданған жөн. Сонымен қатар, ол жабдықтардың, энергия, металды қажет етуі, мәжбүрлі бетон араластырғышына қарағанда төмен. Дайын болған бетон араласпасы бетон араластырғыштан үлестіру бункеріне (жинақтағыш) түсіп, кейіннен бетон араласпасы автобетонтасығышқа беріліп құрылыс нысанына тасымалданады.

1. 4. Өндірістің жұмыс тәртібі

Әшекей бетон шығаратын өндірістің технологиялық есебі кезінде таңдалынатын зауыттың жұмыс істеу тәртібі «Қазақстан Республикасының еңбек қорғау» нормаларында көрсетілгендей өндірістегі жұмысшының бір апта ішінде жұмыс істеген уақыты 40 сағаттан, ал күнінне 8 сағаттан аспауы тиіс. Осыған сәйкес:

- жұмыс ауысымдарының саны, тәулігіне - 1;

- жұмыс ауысымдарының саны тәулігіне шикізатты, материалдарды тиеп жөнелту бойынша

Дайын өнімнің т/ж көлігімен, n = 3;

- сол автокөлікпен, n = 2;

- т/ж транспортынан 1 жылда жұмыс тәулігінен алынатын шикізат саныТн 1 = 365;

- автокөлік транспортынан 1 жылда жұмыс тәулігінен алынатын шикізат саны Тн 2 = 260;

- технологиялық жабдықтарды пайдалану коэффициенті: кассетті құрылғы К и =0, 92;

- жұмыс ауысымдарының ұзақтығы, t=8 ч;

Жұмыс уақытының жылдық қоры мына формула бойынша есептеледі (1) .

Тф= Т н ·n·t·К и , (1)

Мұндағы n -тәулігіне ауысым саны;

t -ауысым ұзақтығы; сағ

К и -жабдықты пайдалану коэффициенті;

Т н -1 жылдағы тәулік саны, тәулікпен;

Өндірістің жұмыс кестесі 8-кестеде көрсетілген

8 - кесте - Өндірістің жұмыс кестесі

Цехтың аты, бөлімшелері: Цехтың аты, бөлімшелері
1жылдағы жұмыс күндері, Tн: 1жылдағы жұмыс күндері, T н
Жұмыс ауысым сандары, n: Жұмыс ауысым сандары, n
Жұмыс ұзақтығы, t: Жұмыс ұзақтығы, t
Жабдықты пайдалану коэффициенті, Ки: Жабдықты пайдалану коэффициенті, К и
Жылдық есептік қордағы жұмыс уақыты, Тф: Жылдық есептік қордағы жұмыс уақыты, Т ф
Цехтың аты, бөлімшелері: БАТ
1жылдағы жұмыс күндері, Tн: 260
Жұмыс ауысым сандары, n: 1
Жұмыс ұзақтығы, t: 8
Жабдықты пайдалану коэффициенті, Ки: 0, 92
Жылдық есептік қордағы жұмыс уақыты, Тф: 3827, 2
Цехтың аты, бөлімшелері: Цемент қоймасы
1жылдағы жұмыс күндері, Tн: 260
Жұмыс ауысым сандары, n: 2
Жұмыс ұзақтығы, t: 8
Жабдықты пайдалану коэффициенті, Ки: 0, 92
Жылдық есептік қордағы жұмыс уақыты, Тф: 3827, 2
Цехтың аты, бөлімшелері: Ірі толтырғыш қоймасы
1жылдағы жұмыс күндері, Tн: 365
Жұмыс ауысым сандары, n: 3
Жұмыс ұзақтығы, t: 8
Жабдықты пайдалану коэффициенті, Ки: 0, 92
Жылдық есептік қордағы жұмыс уақыты, Тф: 8059, 2
Цехтың аты, бөлімшелері: Ұсақ толтырғыш қоймасы
1жылдағы жұмыс күндері, Tн: 260
Жұмыс ауысым сандары, n: 2
Жұмыс ұзақтығы, t: 8
Жабдықты пайдалану коэффициенті, Ки: 0, 92
Жылдық есептік қордағы жұмыс уақыты, Тф: 3827, 2

1-Кесте- Осыған сәйкес бетонараластырғыш цехының тәуліктік, ауысымдық, сағаттық өнімділігі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Полимербетондар ерекшелігі, техологиясы
Байланыстырғыш заттар
БЕТОН ҚАЛДЫҚТАРЫН КЕШЕНДІ ЖОЛМЕН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ АЗҚИЫРШЫҚТАСТЫ БЕТОННЫҢ ТИІМДІЛІГІН ЖОҒАРЫЛАТУ
Төменгі жанақорған учаскесіндегі доломитті ашық әдіспен өндірудің қоршаған ортаға әсерін бағалау
Қосалқы ғимараттар мен құрылыстар
Бетондық араласпаның қасиеттері
Керамиқалық кірпіштерді сынау
Кассеталық технология бойынша жылына 20 мың м3 ішкі қабырға панельдерін өндіретін цех
Конвейерлі әдіс бойынша сыртқы қабырға панельдерін өндіретін цех, жылдық өнімділігі 30 мың м3
Зергерлік әшекей бұйымдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz