Экономикалық ақпараттық жүйелердегі жаңа технологиялар


Кіріспе

«Экономикалық ақпараттық жүйелердегі жаңа технологиялар» пәнінің мақсаты экономикалық мамандықтарда оқитын студенттерді экономикалық және басқару мәселелерін компьютердің көмегімен шешуге әртүрлі әдістерді пайдалануға, компьютер жүйелерін жақсы игеруге, информациялық технологияларды болашақта өз кәсіпкерлік істерінде қолдануға үйрету болып табылады. Бұл жерде экономика саласына қолдануға ыңғайлы универсалды сайман ретінде ең бірінші электрондық кестенің мүмкіншіліктеріне көп көңіл бөлінген дұрыс. Әр түрлі қарапайым экономикалық, бухгалтерлік есептерді, оптимизация есептерін шығару бұл программаның мүмкіншіліктерін аша түседі.

«Экономикалық ақпараттық жүйелердегі жаңа технологиялар» курсының мақсаттары мен міндеттері

- студенттерді экономикалық және басқарудағы есептерді шешуге, информациялық жүйелерде жұмыс істеу негіздеріне оқытып үйрету;

- жаңа информациялық технологиялардың мүмкіндіктерін және болашақтағы олардың өркендеуін көрсету;

- ЭЕМ-нің, информациялық жүйелердің, компьютерлік жүйелердің және олардың программалық қамтамаларының даму қалпы мен келешегін зерделеу;

- теориялық білімдерді белсенді практикаға пайдалануға дағдыландыру. Аталған курсты оқу нәтижесінде студенттер келесіні меңгеруі керек:

- компьютерді экономикалық және басқару мәселелерін шешуге жан-жақты қолдану, ұтымды жақтарын іздестіру;

- экономикалық ақпаратты талдау әдістерін, құрылымдауын, өңдеуін көрсете білу;

- арнайы экономикалық және басқару есептерді шешуге қолданбалы программалық қамтамаларды қолданып үйрену;

- компьютерлік жүйелердің және информациялық технологиялардың жиі кездесетін өзгерістерін қадағалау.

Excel - дегі формулалар мен функциялар.

Excel электорндық кестесінің негізгі абзалдығы онда күшті формула және функциялар аппартының барлығы. Excel - де барлық мәліметтерды өңдеу сол аппарат көмегі арқылы жүзеге асырылады. Сіздер сандарды қосуыңыз, азайтуыңыз, бөлуіңіз, көбейтуіңіз, синусты, косинусты, лагорифмді, экспонентаны есептеулеріңіз мүмкін.

Excel электорндық кестесі арифметикалық амалдарды, функциялармен біріктірілген сандар тізбегін немесе ұяшықтар адрестерінен тұратын арифметикалық өрнектерды формула ретінде қабылдайды.

Формула - бұл Excel бағдарламасы орындайтын жазылған есептеулер. Сіз ұяшыққа өрнекті енгізген кезде бағдарлама оны есте сақтап қалады, бірақ ұяшықтың өзінде есептеу нәтижесі ғана көрініс табады.

Формулаларды міндетті түрде “=” теңдік немесе “+” қосу белгісінен бастап жазу керек.

Формуланы көру үшін осы орнек орналасқан ұяшықты шерту керек. Формула формулалар жолағында көрініс табады. Формуланы енгізу аяқталған кезде ұяшықта оның өзі емес, осы формула бойынша жүргізілген есептеу нәтижесі көрінеді.

Excel - де өрнектерді есептеу кезінде амалдар мынадай ретпен орындалады:

Жақша ішіндегі өрнектер.

Теріс таңба (мысалы: -2) .

Дәрежеге шығару (мысалы: 2^3) .

Процентті есептеу.

Көбейту немесе бөлу.

Қосу немесе алу.

А1 ұяшығындағы деректі В1 ұяшығындағы дерекке бөлу формуласы

Excel бағдарламасында былайша көрініс табады: А1/В1.

Формуланы енгізу:

Формуланы кірістіру қажет ететін ұяшықты белсенді етіңіз.

“=” белгісін қойып, формуланы енгізіңіз (мысалы: А5*С5) . Енгізу

барысында формула екі орында : ағымдағы ұяшықта және өрнектер жолағында көрініс табады.

Деректерді енгізгеннен кейін <Enter> перенсін немесе өрнектер

жолағындағы Енгізу http://s1.ipicture.ru/uploads/20130501/HFb2k5T2.jpg пернесін басыңыз. (1. 1-сурет)

http://s1.ipicture.ru/uploads/20130501/jSw55VtN.jpg

1. 1 сурет

Cандың процентін есептеу формуласы төмендегіше орындалады .

1. 2-сурет

http://s1.ipicture.ru/uploads/20130501/xwGpTrWW.jpg

Бетте орындалатын есептеулерден ең көп таралғандарынан бірі-ұяшықтар ауқымдарын қосу болып табылады. Ұяшықтар ауқымын ағымдағы қосу (+) амалдағыштарымен бөлінген барлық ұяшықтардың мекен жайларын қамтитын өрнек жасап қосуға болады.

Дәл осындай нәтиже алудың оңайырақ тәсілі - «ҚОСЫНДЫ» жетесін пайдалану.

Excel бағдарламасында ұяшықтар ауқымының жалпы қосындысын есептеп шығаруға мүмкіндік беретін «ҚОСЫНДЫ» жетесін жылдам шығаруға арналған Өзқосынды (Автосумма) батырмасы http://s1.ipicture.ru/uploads/20130501/6LVSxR9u.jpg бар.

Бір жолдың бойында немесе бір бағанада орналасқан ұяшықтар қосындысын есептеу үшін, ұяшықтардың барлығын бөлектеп алыңыз да, Стандартты құралдар үстеліндегі http://s1.ipicture.ru/uploads/20130501/6LVSxR9u.jpg Автосумма батырмасын басыңыз. http://s1.ipicture.ru/uploads/20130501/6LVSxR9u.jpg

батырмасы тек ұяшықтардың қосындысын есептеуге ғана емес, олардың ішінде орташа арифметикалық, ең кіші және ең үлкен мәндерін және т. б. табуға мүмкіндік береді. (1. 2 сурет) .

Ұяшықтардың қосындысын есептеу үшін:

Қосындысын шығару қажет ұяшықтардың барлығын бөлектеп алыңыз.

2. Стандартты құралдар үстеліндегі http://s1.ipicture.ru/uploads/20130501/6LVSxR9u.jpg батырмасын басыңыз.

3. Нәтижесі осы жолдағы немесе бағанадағы ең жақын тұрған бос ұяшықта

жазылады. (1. 3 - сурет) .

http://s1.ipicture.ru/uploads/20130501/UZ15K4O6.jpg

Басқа амалдарды таңдау үшін:

Амал жүргізілетін ұяшықтардың барлығын бөлектеп алыңыз.

Стандартты құралдар үстеліндегі http://s1.ipicture.ru/uploads/20130501/6LVSxR9u.jpg батырмасының тұсындағы таңбашасын шертіңіз.

Қажет амалды таңдаңыз.

Нәтижесі ең жақын тұрған бос ұяшықта орналасады

http://s1.ipicture.ru/uploads/20130501/53CEb8Dl.jpg

1. 4-сурет

Формулаларда ұяшықтар атауы тек латын әріптері арқылы берілуі шарт.

Excel бағдарламасында формулаларды өңдеуге болады. Мысалы, өрнектегі қатені түзету үшін формуланы шертіп, формулалар жолағында түзетулер енгізу керек.

Ұяшыққа кірітілетін формулаларда төмендегі элементтер бөлуі мүмкін:

Арифметикалық амалдар, мысалы + (қосу), *(көбейту) .

Ұяшық немесе аудан адресі немесе олардың аты.

Сандар

Жұмыс кестесі функциялары, мысалы, СУММ.

Егер бір ұяшыққа формула кірітілген болса, бұл формула бойынша

есептелген өрнек сол ұяшықта пайда болады.

Формулалардағы амалдардың орындалу реті операторлардың көмегімен жазылады. Операторлар дегеніміз - іс-әрекеттің орындалу ретін анықтайтын шартты белгілер . Көбейту, бөлу, қосу, азайту операторлары, яғни әртүрлі амалдарды орындау шартты белгілеулер түрінде өте қысқа болып жазылады. Excel электорндық кестесінде мұндай операторлардың бірнеше түрлері бар.

Формулаларда пайдаланылатын операторлар (амалдар) .

Таңбалар
Амалдар
Таңбалар: ^
Амалдар: Дәрежелеу
Таңбалар: *
Амалдар: Көбейту
Таңбалар: /
Амалдар: Бөлу
Таңбалар: +
Амалдар: Қосу
Таңбалар: -
Амалдар: Азайту
Таңбалар: &
Амалдар: Конкатенация
Таңбалар: =
Амалдар: Теңдік
Таңбалар: >
Амалдар: Үлкен
Таңбалар: <
Амалдар: Кіші
Таңбалар: >=
Амалдар: Үлкен немесе тең
Таңбалар: <=
Амалдар: Кіші немесе тең
Таңбалар: #
Амалдар: Тең емес

Формулаларда кез келген амалдардан пайдаланылуы мүмкін (күрделі формулалар да болуы мүмкін) .

Мысалдар:

=“Алма” - & “23А”

Екі мәтінді бір біріне улайды . Нәтіжеде

Алма - 23А мәтіні пайда болады.

=“Алма” - & “23А”: =А1&А21
Екі мәтінді бір біріне улайды . НәтіжедеАлма - 23А мәтіні пайда болады.: А1 және А2 ұяшықтардағы мәліметтерді үлайды.
=“Алма” - & “23А”: =6^3
Екі мәтінді бір біріне улайды . НәтіжедеАлма - 23А мәтіні пайда болады.: 6 ні 3-дәрежеге көтереді (нәтиже 216)
=“Алма” - & “23А”: =A1>A2
Екі мәтінді бір біріне улайды . НәтіжедеАлма - 23А мәтіні пайда болады.: Егер А1 ұяшықтағы мәні А2 ұяшықтағы мәнден кіші болса “Истина”, керісінше “Лож” пайда болады

Амалдардың орындалу тізбегі

Таңбалар
Амалдар
Приоритет
Таңбалар: ^
Амалдар: Дәрежелеу
Приоритет: 1
Таңбалар: *
Амалдар: Көбейту
Приоритет: 2
Таңбалар: /
Амалдар: Бөлу
Приоритет: 2
Таңбалар: +
Амалдар: Қосу
Приоритет: 3
Таңбалар: -
Амалдар: Азайту
Приоритет: 3
Таңбалар: &
Амалдар: Конкатенация
Приоритет: 4
Таңбалар: =
Амалдар: Теңдік
Приоритет: 5
Таңбалар: >
Амалдар: Үлкен
Приоритет: 5
Таңбалар: <
Амалдар: Кіші
Приоритет: 5

Excel бағдарламасында математикалық, финанстық, статистикалық және

логикалық функцияларды ауықымды жиыны ендірілген. Егер кестеге бірнеше сандар енгізілетін болса, Excel бағдарламасы оларды қарапайым арифметикалық ортасын табудан бастап, күрделі тригонометриялық есептеулерді жасауға дейін 300-ден аса тәсілмен өңдей өңдей алады. Excel - де функциялар - бағдарлама жадында сақталып тұрған арнайы формулалар болып табылады. Әрбір функция функцияның аты (мысалы, СУММ т. с. с) мен оның аргументі арқылы өрнектеледі. Аргументтер дегеніміз -нәтиже алу үшін қолданылатын мәліметтер. Функцияның аргументі сілтемелер немесе атау, мәтін немесе сан, уақыт немесе мерзім бола алады. Аргуметтер функция атының оң жағында жай жақшаның ішінде жазылады.

Функциялар есептеулерді ықшамдық күйде жазу үшін қолданылады және

мынадай түрде жазылады:

у=f(x), мұндағы у - функцияны есептеудегі нәтиже, х-аргумент,

f - функция.

Мысалы:

=sin(C7) мұндағы sin - функцияның аты, С7-аргумент (ол сан, мәтін және

т. б. ) , сан тұрған ұяшыққа сылтеме болып тұр.

Ұяшықтардың диапазонын қосқан кезде формулаларды өзіміз құраумызға

да болады. , мысалы, сіздің кестеңізде жалпы бағанды есептеу қажет . Ол үшін сіз = D1+D2+D3D+D4+D5+D6+D7 формуласын енгізесіз, тіпті Excel-де дайын функцияларды қолдануға болады. Мысалы, мұнадай үзін формулпның орнына =CУММ (D1:D7) енгізуге болады.

Формуланы есептеу кезінде құрылатын формулаға функцияны енгізуге

көмектесетін Мастер функции ны қолдануға болады. Функциялар деректерді енгізуді жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар есептелуі қиын арнайы есептеулерді орындайды.

Мастер функции ны шақыру үшін құралдар тақтасындағы Вставить

функцию http://s1.ipicture.ru/uploads/20130501/74T4mlfd.jpg батырмасын басу немесе формула жолағындағы http://s1.ipicture.ru/uploads/20130501/74T4mlfd.jpg Вставить функцию батырмасын басу керек. Сол кезде терезеде Мастер функции диалог терезесі шығады

http://s1.ipicture.ru/uploads/20130501/n47S7MV4.jpg

Функция шеберін қолдану . Функция шеберінің Категория тізімінен қажетті функцияны категориясы бойынша таңдап алуға болады. Функциялар тізімінен берілген категория бойынша нақты функция алынады. ОК пернесін шерткеннен кейін, қажетті функцияның аты формулалар жолына енгізіледі. Ал мәтіндік меңзер сол функцияның параметрлері көрсетілген жақшалардың арасына орналасады.

Формулаларды автолтыру . Бұл амал сандарды автотолтыру сияқты жүзеге асырылады. Автоттолтыру кезінде формулалардың басқа ұяшықтарға сілтеменің ерекшеліктері ескеріледі: салыстырмалы сілтемелер сәйкесінше көшірменің салыстырмалы орналасуына байланысты өзгереді. Ал абсолют сілтемелер өзгермей сол қалпында қалады. Мысалы: үшінші С Бағанында мәні А және В бағандарының сәйкес ұяшықтардағы мәндерінің қосындысына тең формула есептелсін. С1 ұяшығында =A1+B1 формуласын енгіземіз, осы формаланы автотолтыру әдісімен үшінші бағанның барллық ұяшықтарына көшіреміз.

Автотолтыру кезіндегі сілтемелердің жаңару ережелері келесі кестеде көрсетілген:

Бастапқы ұяшықтардағы

сілтеме

Келесі ұяшықтағы сілтеме
Оңға толтыру кезінде
Төмен толтыру кезінде
Бастапқы ұяшықтардағысілтеме: А1 (салыстырмалы)
Келесі ұяшықтағы сілтеме: В1
А2
Бастапқы ұяшықтардағысілтеме: $А1 (бағана бойынша абсоллют)
Келесі ұяшықтағы сілтеме: $А1
$А2
Бастапқы ұяшықтардағысілтеме: А$1 (жол бойынша абсолют)
Келесі ұяшықтағы сілтеме: В$1
А$1
Бастапқы ұяшықтардағысілтеме: $А$1 (абсолют)
Келесі ұяшықтағы сілтеме: $А$1
$А$1

Excel программасында стандарт функциялар тек формулаларда ғана қолданылады. Функцияны шақыру ішін формулада функцияның атын көрсету қажет. Функция егізілгеннен кейін жақшада оның параметрлері көрсетіледі. Параметр ретінде сан, ұяшықтар немесе басқа да бір өрнектер алынады.

Формулалар . Егер формулаларды Функцияларды өзгерту ( Изменить функций ) батырмасын басу арқылы немесе Кірістіру > Функция командасын жүзеге асыратын болса, онда формулалар жолының астында Функцялар шебері (Мастер функций) аты сұхбат терезе ашылады. Ал оның анелінде функциялар тізімі ашылады. Оның Категория бөлімінде ең соңғы пайдалынылған он функция және төменірек басқа функциялар бөлімі бейнеленеді.

Функцияның парамерлерін енгізу . Функияның параметрлерін енгізі кезінде формулалар терезесінің түрі өзгереді. Мұнда параметрлерді енгізуге арналған өріс бейнеленеді. Егер параметрдің аты жартылай майлы қаріппен көрсетілсе, онда бұл параметрді мүндетті түрде енгізу қажет. Ал егер параметрдің аты жәй қаріппен көрсетілетін болса, ол параметрді тастап кетуге болады. Формулалар терезесінің төменгі жағында функцияның қысқаша көшірмесі сиппатамасы мен параметірлерінің өзгеру аралықтары беріледі.

Қорытынды есептеулер . Шебердің көмегімен алынатын көптеген функциялардың көп бөлігі ғылыми есптеулерге арналған. Қаржымен байланысты есептерді орындауға арналған қаржы функциясы өз алдына бір категорияны құрайды. Экономикалық және бухгалтерлік есептеулерде негізінен қорытындылау функциялары қолданылады. Бұл функцияларға ортақ қасиет, олардың параметрлерінің тізіміне енетін параметрлер саны алдын-ала белгісіз болуы мүмкін, өйткені олар әр жағдайда әр қалай, ал нәтижесінде барлық параметрлерді сипаттайтын ортақбір сан алынады. Осы типтес нақты функциялар әр түрлі категорияларда орналасқан, соның ішінде көп бөлігі Математикалық және Статистикалық категорияларында орналасқан.

Қосындылау функциясы . Қортындылау функцияларының ішіндегі ең көп қолданылатыны қосындылау функциясы - СУММ. Стандартты аспаптар панелінде осы функцияда ғана жеке батырма бар - Автоқосынды (Автосумма) батырмасы. Автоматты түрде қосындылау ағымдағы ұяшықтың немесе сол жағындағы ауқымды қамтиды. Автоматты түрде таңдалынып алынған ауқымды қайтадан өзгертіп, функцияның қосымша параметрлерін беруге болады.

Қортындылау есептеулеріне арналған басқа функциялар Функцияларды өзгерту батырмасы немесе Функциялар шеңбері арқылы алынады. Бұл функциялардың қатарына ДИСП (дисперсия), МАКС (ауқымдағы ең үлкен сан), МИН (ауқымдағы ең кіші сан), СРЗНАЧ (ауқымдағы сандардың арифметикалық ортасы), СЧЕТ (ауқымдағы мәндері бар ұяшықтар саны) және т. б. жатады.

Көптеген экономикалық есптерді жеңілдету үшін функциялар қолданылады. Функциялар y = f(x) түрінде жазылады, мұндағы х - функцияның аргументі, ал у - функцияның мәні, f - функция.

Функцияларды қолдануға мысалы қарастырайық: С7 ұяшығында АВС(А7) + LOG(В7( формуласын есептейік) . Мұндағы А7, В7 - ұяшықтарға салыстырмалы сілтемелер; АВС(А7) - А7 ұяшығындағы мәннің абсалютті шамасын есептейтін функция; LOG(В7) - В7ұяшығындағы мәннің логарифімін есептейтін функция.

Excel програмысында қолданылатын стандарт функциялар тізімі:

SIN, COS, TAN - тригонометриялық функциялар;

ASIN, ACOS, ATAN - кері тригонометриялық функциялар;

МАКС, МИН, СРЗНАЧ - массивтерге қолданылатын функция;

LN, LOG, LOG10 - натурал, жай ондық логарифмдер;

КОРЕНЬ - кватрад он түбірді анықтайтын функция;

ЕСЛИ, И, НЕ, ИЛИ, ЛОЖЬ - логикалық функциялар;

ЗАМЕНИТЬ, НАЙТИ, КОДСИМВ, ЛЕВСИМВ, ПОВТОР- мәтіндік функциялар.

Бұл тізімді әрі қарай жалғастыра беруге болады, өйткені олардың саны өте

Негізгі функциялар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық жүйе мысалдары
Информатика мұғалімінің автоматтан-дырылған жұмыс орнын құрудың теориялық және методологиялық негізі
Корпоративті ақпараттық жүйелер үшін желілік технологиялардың сенімділігін арттыру әдісі
Өндірісті механикаландыру және автоматтандыру кезіндегі жаңаүлгілерге қойылатын еңбек қауіпсіздігі
Операциялық жүйелерде рұқсат етілмеген қолжетімділіктен ақпаратты қорғау
Элементтердің қасиеттері мен құрылымы
Информатика және ЭЕМ
Қол жеткізуді басқару жүйесін жобалау
Ақпараттық қауіпсіздікке қауіптер
Педагог мамандарды даярлауда ақпараттық құзырлықты қалыптастырудың дидактикалық мүмкіндіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz