Операциялық жүйе туралы ақпараттар


Мазмұны:

  1. Жұмыс тақырыбы
  2. Жұмыстың мақсаты
  3. Кіріспе
  4. Даму тарихы
  5. Қызметі
  6. Негізгі бөлім:

Операциялық жүйе дегеніміз?

Операциялық жүйелер топтамасы

Операциялық жүйелерді баптау

  1. Жұмыстың нәтижесі
  2. Қортынды
  3. Пайдаланылған әдебиеттер

Жұмыстың тақырыбы : Операциялық жүйе

Жұмыстың мақсаты: Операциялық жүйе туралы ақпараттар беру. Операциялық жүйелердің бір-бірінен айырмашылығын түсіндіру. Операциялық жүйе түрлерімен таныстыру.

Кіріспе

Осы заманғы жалпы тапсырмаларды атқаруға арналған компьютерлер, соның ішінде жеке компьютерлерде, бағдарламаларын жегу үшін Операциялық жүйені қажетсінеді. Жеке компьютерлерге арналған Операциялық жүйе мысалдары ретінде келесілерін келтіруге болады: Microsoft Windows, Linux, Mac OS(Darwin) және Unix.

Операциялық жүйенің айырмашылықтарының бірі:

  1. Бірнеше бағдарламаны бір уақытта жегуге мүмкін етеді.
  2. Бағдарлама жазуды оңайлатады, себебі бағдарламаның жабдықтарды басқару қажеті пайда болмайды. Бұкіл жабдық пен бағдарламалардың өзара әрекеттесуін Операциялық жүйе басқарады. Бұған қоса бағдарламаға жабдық пен басқа бағдарламалармен әрекеттесуге жоғары деңгейлі тілдесудіқамтамасыз етеді.

Даму тарихы

ОЖ тарихы жарты ғасырдай уақытты қамтиды. Ол көбінесе есептеуіш аппаратураның және элементтік базасының дамуымен байланысты анықталады. Бірінші сандық есептеуіш машиналар 40ж. басында пайда болып, операциялық жүйелерсіз жұмыс істеді, ұйымдардың есептеу процессіндегі барлық есептері бағдарламалаушымен басқару пультінен қолмен істелінді. 50ж. ортасынан мониторлық жүйелер пайда болды, олар тапсырмалар пакетін орындауда операторлар жұмысын автоматтандырды. 1965-1975ж. интегральным микросхемаларға өту компьютерлердің келесі ұрпағына жол ашты, олардың өкілі IBM/360. Осы кезеңде қазіргі ОЖ - лерге қатысты барлық коцепциялар: мультипрограммалау, мультипроцесстеу, көптерминалды іс-тәртіп, виртуальды жад, файлдық жүйелер, қол жетуді шектеу және желілік жұмыстар жасалды. 60-ж. аяғында ARPANET глобальды желісін жасау жұмыстары басталды, ол Интернет желісінің аттану нүктесі болды. 70-ж. ортасына қарай мини-компьютерлер кең тарала басталды. Мини-компьютерлердің архитектурасы мэйнфреймдармен салыстырғанда қарапайым болды, бұл олардың Операциялық жүйелерінде де кескінделді. 70-ж. ортасынан бастап UNIX ОЖ-ні қолдану компьютерлердің әртүрлі типтеріне жеңіл түрде көше бастады. ОЖ Unix алдымен мини-компьютерлерге жасалған болса да, оның икемділігі, элеганттылығы, қуатты функционалдық мүмкіндіктері және ашықтығы компьютерлердің барлық класстарында орнықты позицияда болуына жағдай туғызды. 80ж. басы операциялық жүйе тарихында дербес компьютерлердің пайда болуымен айрықша мәнді болды. 80 жылдарда коммуникациялық технологияларға локальдық желілер үшін негізгі стандарттар: 1980 жылы - Ethernet, 1985 - Token Ring, 80ж. аяғында - FDDI қабылданды. Бұл төменгі деңгейдегі желілік ОЖ үйлесімділігін, сондай-ақ желілік адаптер драйверлерімен ОЖ интерфейсін стандарттауды қамтамасыз етті. 90ж. басында барлық ОЖ-лар әртекті клиенттер және серверлермен жұмысты қолдай алатын қабілеті бар желілік ОЖ айналды. Тек қана коммуникациялық есептерді (Cisco Systems компаниясының IOS жүйесі) орындауға арналған мамандандырылған желілік ОЖ-лер пайда болды. . Соңғы онжылдықтар ішінде корпоративтік желілік ОЖ-лерге ерекше көңіл бөлінді, олар үшін масштабтаудың жоғарғы дәрежесі, желілік жұмысты қолдау, қауіпсіздіктің дамыған құралдары, гетерогендік орталықта жұмыс істеу мүмкіндігі, орталықтан әкімшілік ету және басқару құралдарының болуы сипатты.

Қызметі

Компьютерде орын алатын әр әрекет, артта өтетін қызмет болсын, бағдарлама болсын, үдіріс ретінде өтеді. Компьютер фон Нейман құрылымына негізделген жағдайда, процессор бір мезетте тек бір процесті өндей алады. MS-DOS секілді ескі жүйелерде бұл тосқауылды айналып өту үшін еш амал жоқ болғандығынан, бұларда бір мезгілде тек бір үдіріс қана өте алатын.

Ал осы заманғы Операциялық жүйелер болса, тіпті жалғыз процессорде де бір мезетте бірнеше үдіріс (бірнеше тапсырманы) орындауды мүмкін етеді.

Негізгі бөлім:

1. Операциялық жүйе дегеніміз?

«Компьютерде командалар қалай өңделеді?», «Біздің әртүрлі әрекетіміз неге осындай немесе басқа нәтиже береді?», «Адамдар немесе компьютер арасындағы байланыс қалай іске асырылады?» деген сұрақтарға жауап іздейміз.

Біз компьютерді қосқан кезде аппараттық компоненттермен бір мезгілде ОЖ де жүктеледі. Компьютерге орнатылған және онымен байланысты барлық программаларды және жабдықтарды басқару үшін компьютер ОЖ-ге сүйенедібіз ОЖ жоқ деген жағдайды қарастырайық. Онда пайдаланушы компьютерменқалай жұмыс істер еді? Операциялық жүйесіз аксессуарларды (диск, тышқан, принтер) және қолданбалы программаларды (графикалық, мәтіндік редактор, ойындар) басқару қиын. Пайдаланушының компьютермен байланысы қазақсыз және зеріктіретін болар еді.

Операциялық жүйе - ол есептеу процестері мен компьютерді басқару және пайдаланушы мен аппаратураны байланыстыратын жинақталған программа

ОЖ мынадай қызмет атқарады:

  • Компьютер ресурстарын және есептеу процестерін (диск, тышқан, принтер және т. б. ) басқарады.
  • Пайдаланушы мен компьютерді байланыстырады
  • Пайдаланушыға компьютерді басқару жеңіл болу үшін пайдаланушы интерфейсін (немесе оны графикалық интерфейс деп атайды) қолдайды.

Жүйелік бағдарламаларды байланыстыратын жиыны, оның мағынасы- компьютерді қолданушымен байланысын ұйымдастырады және барлық басқа бағдарламаларды қамтамасыз етеді. Операциялық жүйе көбінесе компьютердің сыртқы жадында- дискіде сақталады. Компьютерді қосқан кезде, ол дисктік жадтан тексеріледі де, ОЕС -да (ОЗУ) орналасады. Осы процесті операциялық жүйенің жіктелуі деп атайды. Операциялық жүйенің функциясына кіреді: Қолданушымен сұқбатты жүзеге асыру; Еңгізу-шығару және деректермен басқару; Бағдарламалардың өндеу процесін жоспарлау және ұйымдастыру; Ресурстарды орналастыру (оперативтік жадпен кэш жадты, процессорді, сыртқы құрылымды) ; Бағдарламаларды орындалуға еңгізу; Бірнеше көмекші операцияларды қамтамасыз ету; Әр түрлі сыртқы құрылымдар арасында ақпараттарды беру; Перифериялық құрылымдарды бағдарламалық қолдау жұмыстары (дисплей, пернетақта, диск жинақтауыш, принтержәне т. б. ) .

Операциялық жүйені компьютердің құрылымдарың басқару бағдарламасының жалғасы дейміз. ОЖ төрт негізгі түрі бар: Бір пайдаланушылық бір есептік, олар бір пернетақтаны қолдайды және тек бір есеппен жұмыс істей алады; Бір пайдаланушылық бір есептік фондық мөрімен, негізгі есеппен бірге қосымша есепті еңгізе алады және ақпаратты мөрге бағыттайды. Бұл көп көлемді ақпараттарды мөрге жіберу жұмысың тездетеді. ; Бір пайдаланушылық көп есептік, бір қолданушыға көп есептермен жұмыс жасап, өндей алады. Мысалы, бір компьютерге бірнеше принтерлер қосуға болады және әр қайсысы өз жұмысын атқарады; Көп пайдаланушылық көп есептік, бір компьютерде бірнеше қолданушылармен бірнеше есептер еңгізе алады.

Осы ОЖ өте күрделі және бірталай машиналық ресурстарды керек етеді. Компьютердің әр түрлі моделінде әр түрлі архитектуралық және мүмкіншілдік операциялық жүйелерді қолданады. Олармен жұмыс істеу үшін әртүрлі ресурстар қажет. Олар әр түрлі бағдарламалау сервис дәрежесін және дайын жұмыс бағдарламасын береді. Дербес компьютерлер үшін операциялық жүйе, профессионалдық қолдану іске асыру үшін келесі негізгі компоненттердең түру керек: Еңгізу/ шығару бағдарламаларын басқару; Файлдық жүйемен және компьютер үшін жоспарланған тапсырмалармен басқаратың бағдарламалар; Командалық тіл процессоры, ол ОЖ бағытталған камандаларды қабылдайды, талдау жасайды және орындайды. Әр бір ОЖ өз командалық тілі болады, пайдаланушы ол арқылы бірнеше әрекеттер орындай алады: Каталогтарды қарау; Сыртқы жетек таңбаларды орындау; Бағдарламаларды еңгізу; басқа әрекеттер. Талдау және пайдаланушы командаларының орындалуы, оған операциялық жадта файлдағы дайын бағдарламалардың еңгізуі және қосуы ОЖ-де командалық процессор арқылы жүзеге асырылады. Компьютердің сыртқы құрылғылардың басқару үшін арнайы жүйелік бағдарлама қолданады - драйверлер. Стандарттық құрылғы драйверлер еңгізу-шығару базалық жүйе жиының құрайды. (BIOS) .

2. Операциялық жүйелер топтамасы

Дербес компьютер үшін ОЖ-дің бірнеше әртүрлі жұптары даярланған:

Microsoft MS DOS фирмасының ОЖ Windows (95, 98 ME, NT, 2000, XP, Vista) , Linex Apple фирмасының дербес компьютерлерінде Мас OS операциялық NT/XP және UNIX операциялық жүйелері пайдаланылады.

Операциялық жүйе топтамасының маңызды белгілерінің бірі ЭЕМ ресурстарын басқару ерекшілігі болып табылады. Бір мезгілде орныдалатын процестердің санына байланысты операциялық жүйелер екі топқа бөлінеді:

  1. Біртапсырмалы(мысалы, MS DOS) -операциялық жүйелер пайдаланушыға бір программаны жүктеуге мүмкіндік береді.
  2. Көптапсырмалы«мысалы, UNIX, Windows) -операциялық жүйелер пайдаланушыға бір мезгілде бірнеше программаны жүктеуге мүмкіндік береді.

Көптапсырмалы операциялық жүйелердің біртапсырмалы жүйеден негізгі айырмашылығы, программалар бір-біріне кедергі жасамай паралелль жұмыс істей береді.

Топтаманың келесі белгісіне копқолданушы режимді қолдау жатады. Оның екі түрі белгілі:

  1. Бірпайдаланушы- операциялық жүйелер компьютерде бір ғана пайдаланушыға жұмыс жасауға мүмкіндік береді
  2. Көппайдаланушы- операциялық жүйелер компьютердің көмегімен бір мезгілде бірнеше пайдаланушының жұмыс істеуі қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар операциялық жүйелердің командалық және/немесе графикалық интерфейсі бар.

Графикалық интерфейсті опреациялық жүйелерді командалаларды пайдалануш тышқанның көмегімен енгізе аламыз, ал командалық жол режимі командаларды пернетақтананың көмегімен енгізеді.

Windows - графикалық (терезелі) ОЖ. Экранда график түрінде (таңбаша терезе түрінде бейнеленген) ОЖ-ні басқару элементтері бейнеленген жеке пайдаланушы оның қосымшаларындағы қажетті элементті тыщқанның көмегімен таңдай ала

3 . Операциялық жүйелерді баптау

Операциялық жүйе - ол есептеу процестері мен компьютерді басқару және пайдаланушы мен аппаратураны байланыстыратын жинақталған программа.
• Операциялық жүйенің құрамына мына компоненттер кіреді: аксесуарлар (диск, тышқан, принтер) және қолданбалы программалар (графикалық, мәтіндік редактор, кестелік редактор, ойындар) .
Драйвер - компьютер құрамына кіретін әр түрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программалар.
Интерфейс - пайдаланушы компьютермен байланысып, қарым - қатынаста болатын ыңғайлы қабық.
Ядро - командалық интерпретатор, программалық тілден «темір» тіліне ауыстырғанда аударатын аудармашы, машина кодасының тілі.
• Бір тапсырмалы операциялық жүйелер пайдаланушыға бір программаны жүктеуге мүмкіндік береді.
• Көптапсырмалы операциялық жүйелер пайдаланушыға бір мезгілде бірнеше программаны жүктеуге мүмкіндік береді.
• Бір пайдаланушы ОЖ - компьютерде бір ғана пайдаланушыға жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
• Көп пайдаланушы ОЖ - қуатты компьютердің көмегімен бір мезгілде бірнеше пайдаланушының жұмыс істеуін қамтамассыз етеді.

Жұмыстың нәтижесі:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арнайы компьютерлердің құрылғылары
Информатикадан берілетін дәрістер курсы
Компьютерлік жүйелердің теориялық негіздері
Windows server атты операциялық жүйелер тобы
Желілік операциялық жүйе
Операциялық жүйелердің қауіпсіздік моделі
Ақпараттық логистика
Информатика пәнінен ДӘРІСТЕР ЖИЫНТЫҒЫ (оқу-әдістемелік құрал)
Қонақ үйінің жұмысын автоматттандыр
Желілерде компьютерлік ақпараттарды қорғау мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz